Қазақ тілінен ағылышын тіліне машиналық аудару жүйесін жетілдіру


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ3

1 АНАЛИТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ6

1. 1 Машиналық аударудың тарихы6

1. 2 Машиналық аударудың проблемалары мен перспективалары8

1. 3 Машиналық аудару программаларын салыстыру11

1. 4 Машиналық аударудың экономикалық эффектісі14

2 ӨТКЕН ШАҚ ЖАЙ СӨЙЛЕМДЕРІНІҢ ЛЕКСИКАЛЫҚ ТАЛДАУДЫҢ МОДЕЛІН ҚҰРУ16

2. 1 Өткен шақ жай сөйлемдердің грамматикалық сипаттамасы16

2. 2 Формальды грамматика20

3 ӨТКЕН ШАҚ ЖАЙ СӨЙЛЕМДЕРІНІҢ ЛЕКСИКАЛЫҚ ТАЛДАУДЫҢ АЛГОРИТМІН ҚҰРУ22

3. 1 Статистикалық машиналық аударма22

3. 2 Жалпы құрылымдық схеманы құру24

4 АҚПАРАТТЫҚ ЖАБДЫҚТАУ27

5 ПРОГРАММАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАУ31

5. 1 Қолданылатын программалық тілі33

5. 2 Қолданылған жұрнақ-жалғаулар36

5. 3 Қолданылатын программалық процедура42

6 ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫҚ ЕСЕПТЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ44

7 ЖОБАНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМІДІЛІГІНІҢ БАҒАЛАНУЫ47

ҚОРЫТЫНДЫ49

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ50

ҚОСЫМША А51

КІРІСПЕ

Бұл дипломдық жұмыс қазақ тілінен ағылышын тіліне машиналық аудару мәселесіне арналған. Бұл аумақтағы зерттеулер жұмыс нөлдік деңгейде тұр.

Бұл проблеманы шешу үшін, біз екі тілдің грамматикасын терең зерттедік және оны негізгі бөліктерге келесі түрде бөлуге шештік:

• Сөздің бастапқы формасынан мәліметтер базасын құру;

• Қазақ тілінің лексикалық (морфологиялық) талдауы;

• Қазақ тілінің синтаксистік талдауы;

• Машиналық аударма көмегімен өнім тілінде мәтіндерді өндіру;

• Ағылшын тілінің лексикалық және синтаксистік талдауы.

Терең зерттеулер жүргізгеннен кейін біз әр бөлік үшін программалық жабдықтау жасауды ұйғардық, себебі бұл нақты болып, және грамматиканың көптеген ерекшеліктеріне назар аудар керек. Содан кейін, біз олардың барлығын бір толық программалық жабдықтауға біріктіреміз.

Егер жұмысымыз сәтті шықса, онда оны көптеген салаларда қолдануға болады. Әсіресе, біздің мемлекет Еуропа Одағы Үштігінің құрамына және ВТО құрамына енейін деп жатқан уақытта өте маңызды болып отыр. Онда бүкіл әлем бойынша ғылыми -техникалық құжаттардың аудармасына қойылатын талаптар зор. Заңда көрсетілгеннен басқа, барлық құжаттар Қазақ тілінде жазылған болу керек. Ағылшын тілі әрқашанда халықаралық тіл болып саналған, және жоғарғы мақсаттарға жетемін деген адамдардың барлығы ол тілді үйренуде. Мемлекеттер арасындағы кездесулердің, талқылаулардың, конференциялардың және т. с. с. көпшілігі осы тілде өтеді. Бұрынғы Кеңес Одағының құрамында болған мемлекеттердің көпшілігі орыс тілін қолданатыны барлығына мәлім, сонлықтан біздің программалық жабыдқтау, тілді үйрену кезінде уақыт пен ақшаны зая кетірмей барлығына да көмектеседі.

Бұл программалық жабдықтау барлық сөйлемдерді тек тура аудармай, семантикалық түрде де аудару қажет. Біз техникалық сөздерден бастадық және тек қарапайым өйлемдерді қолдандық. Бірақ өте қажет болған жағдайда, біз мәліметтер базасын кеңейтіп, көркем әдебиет сөздерін де қолдана аламыз. Менің ойымша, бірінші деңгейде жетістікке жетсек, біз одан да жоғары деңгейлерде, күрделі сөйлемдерді аудара алатындай деңгейге жетеміз.

Менің бітіру жұмысымның негізі, техникалық мәтіндерді қазақ тілінен ағылшын тіліне аударылуын тексерген машиналық аудару жүйесін зерттеу. Менің бітіру жұмысымның мақсаты, ағылшын тіліндегі схемаларға сәйкес келетін, қазақ тіліндегі схемасы бар болатын программалық жабдықтау құру. «Аудармалық эквиваленттік» түсінігі, бір бірінің нақты аудармасы ретінде қабылданған кіріс пен шығыс тілі мағынасы арасындағы қатынас. Аудармалық эквиваленттік қалыпты уақыт аралығындағы эквиваленттік қатынасы емес: арнайы мамандандырылған тұтас тұжырымды негізігі тіліне аударсақ та, бұл аударманың бастапқы мағынасы қажетті нәтижеге әкелмейді. Схема жасамастан бұрын біз қазақ тілі мен ағылшын тілін жетік меңгерген болуымыз керек. Біріншіі қадамым, алтыншы сыныптан осы уақытқа дейінгі грамматиканы қайталадым және оқыдым. Екінші қадам, бір- біріне семантикалық әдіспен тең екі тілдегі барлық мүмкін схемаларды біліп алдым.

Машиналық аударма - мәтінді бір тілден екінші тілге аударуға қажетті программалық жабыдқтауды қолданатын компьютерлік лингвистиканың астыртын жағы. Оның бастапқы деңгейінде МА тек сөздерді бір тілден екінші тілге алмастырып отырады. Ертеден информатикадағы қол жетпей келе жатқан мақсаттардың бірі машиналық аудару болған, бірақ көптеген белгілі бір салаларда пайдалы, жеткілікті сапаға ие өнімді шығаратын жүйелер қолдану мүмкін болып отыр.

Егер біз сөйлемнің жақсы аударылғанын қалайтын болсақ, біз оны алдымен орыс тіліне, кейіннен ағылышын тіліне аударуымыз қажет. Оған бізідің көп уақытымыз кетеді және біз орыс тілін өте жақсы білмейтін адамдарды ескерген жоқпыз. Ендігі бір қиындық құжаттарды толтыруда болып тұр, себебі белгілі бір сөздерді, терминдерді халықтың көп бөлігі түсінбейді. Бірақ үкімет ол құжаттардың ұлттық тілде болған талап етеді. Бұл мәселелердің барлығы, бұл саланы өте терең зерттеп, қазақ тілінен ағылшын тіліне аудару мәселесін шешуге алып келіп отыр. Егер біз алдыға қойған мақсаттарымыздың негізіг бөлігін өтетін болсақ, онда бізідің мемлекеттегі екі тілдің алдыға дамуы деп есептеуге әбден болады. Қазіргі уақытта қазақ тілін үйрену мәселесі Қазақстанда өзекті болып тұр. Біздің үкімет ұлттық тілді дамыту үшін көптеген шаралар ұйымдастырды және олар бұл аумақта басқа да бағдарламалар ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Қазіргі заманғы жүйелерді дұрыс қолдану үшін, машина сөйлемді қалай аударатынын түбегейлі білу секілді машиналық аударманы бағалау үшін өзінің бір стандарты қажет. Мұндай стандартты орнату туралы негізгі талқылаулар тек қазіргі уақытта басталды, бірақ келісімді қабыладу үшін көп уақыт кетпейді, себебі оларды қарастыратын болсақ, әсер ететін көптеген факторлар бар. Бағалау факторлары қолдану мақсатына қарай бөлінеді. Бағалауда қарастырылуы қажет факторлар:

1. Өнім, операция және қызмет көрсету бағасы; үйрету, мәтіндік енгізу, қарапайым сөздер және арнайы терминология үшін сөздікті жаңарту; өңдеу, қорытынды мәтіндік дайындық, аударма сапасы мен бағасы арасындағы қатынас.

2. Мәтінді енгізу жылдамдығы, алдын ала өңдеу (жұмыс үстелі мен сандарды, және т. с. с. өңдеулерді қоса алғанда), машиналық аударма, қорытынды мәтінді өңдеу келсімді форматтайды (жұмыс үстелі мен сандарды, және т. с. с. өңдеулерді қоса алғанда), алдын ала өңдеу мен кейінгі өңдеу қатынасы.

3. Дұрыстығы, түсініктілігі, және қарапайымдылығы көз қарасы бойынша алынған сапалылығы.

4. Сөздікті өзгертудің жетілідірілгендігі, жүйенің негізгі сөздігі мен тұтынушылық сөздігі деңгейін жоғарылату, әсіресе белгілі бір аумақтағы әлеуметтік диалект үшін грамматиканы жетілідіру, тұтынушыларға сөздік пен грамматиканы жақсартудың рұқсат етілген деңгейі, және жетілідірілгеннен кейін әдісті тексеруге болатын жүйе мүмкіндігі.

5. Жүйені бір мәтіндік аумақтан екіншісіне және бір тілден екінші тілге кеңейту мүмкіндігі.

6. Операциялық штат саны, алдын ала өңдеу, кейін өңдеу, және сөздікке қызмет көрсететін адамдар көзқарасы жағынан тұтынушымен қойылатын күш салу деңгейі, құжаттар жүйесі құрылымын машианлық аударуға бейімдеу үшін және авторлар негізіг мәтінді дайындау кезінде бастапқы тілдің тұжырымдарын басқаруға қажетті сынақтан өткізу мен ретке келтіру уақыты.

7. Грамматика, семантикамен, анафора мен ellipsis қоса алғандағы сөздік ақпараты- әңгімелесу, программалық жабдықтаудың жылдамдығы, мүмкіндігін зерттеу, интерактивтік аударма немесе кейіннен өңдеу, ауыспалы мағыналылық шешімі, тек ең жақсы аударма өнімін немесе сөйлемдер үшін барлық мүмкін құрылымдар жасау үшін жүйенің қуаттылығы мен шектеулері.

Бұл мәселе әрқашанда өзекті қазіргі заман талабына сай, және қажетті екенін білдіреді.

1 АНАЛИТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ

1. 1 Машиналық аударудың тарихы

Соңғы кездері шет тілін білу тек саяхаттау немесе шет елден келген қонақтарды күтіп алу кезінде ғана емес, өз үйіңнің ішінде де, мысалы, танымал голливуд киноларын көргенде, теңіздің арғы жағынан келген өнімдердің қолдануға арналған нұсқауларын немесе шаршамайтын браузер бүкіл әлемнен іздеп шығатын Web-беттерін оқыған кезде қажет болады. Осылайша, үйімізден шықпай жатып-ақ бізге аудармашылар көмегі қажет екенін түсінеміз. Алайда бізге қажетті көмекті үйде тұрған компьютер көрсете алады.

Машиналық аудару (МА) жүйелері таң қаларлық нәрсе болудан қалған. Олар өзінің балалық кезеңінен біртіндеп шығып, және де байланыспаған бала былдыры орнына жеткілікті түрде түсінікті «адамзат» тілінде сөйлеуде. Аяққы кезге дейін мұндай бағдарламалар, бағасы жағынан қуатты графикалық және баспалық жүйлермен бірдей қымбат болып қана қоймай, олармен жұмыс істеу өте қиын және күрделі болатын. Міне, үйдегі жеке компьтерлерде қолдануға жарамды алғашұқы аудармашылар пайда болды. Олармен жақынырақ танысып, мүмкіндіктерін бағалайық. Бірақ, әрине алдымен МА тарихынан бастаймыз.

Биографтар айтуы бойынша, XIX ғасырдың өзінде атақты математик Чарльз Бэббидж британдық үкіметті оның «есептеуіш машинаны» жасау бойынша зерттеулерін қаражаттандыру керек екендігіне көз жеткізуге тырысқан. Басқа да жақсы жақтарының ішнде, ол әйтеу бір кезде бұл машина автоматты түрде сөздерді аударады деп уәде еткен. Қазіргі кезде Бэббидж компьютер жұмысының негізінде жатқан көптеген идеялар авторы болып саналғанмен, ол өзінің машинасын да, уәде еткен МА іске асыра алмай қалды. Ал бұл идея қазіргі күнге дейін айтарлықтай деңгейде жүзеге асырылмаған болып тұр. Алайда бүкіләлемдік байланыс негізі болып тұрған Интернеттің пайда болуына байланысты бұл идея қайтадан инвестициялар тарту мен қызығушылық тудыруда.

Жалпы, МА-ның алғашқы бағдарламалары, компьютер паайда болғаннан кейін бірнеше ғана жылдар өткен соң, 50-ші жылдары шықты, бірақ ПК кең таралуына дейін МА есептеуіш техниканы қолданудың маңызды саласынан гөрі ғылыми зерттеулердің қызықты объектісі ғана болды, оның негізгі екі себебі бар: компьютердің жұмыс істеу уақытының қымбаттығынан және оның ресурстарымен ұжымды түрде қолдану. Соңғы жағдай, МА-ның оның қарапайым, оперативтілігінен маңызды артықшылықтарын жойып электронды көмекшіні бірден қолдануға мұрсат бермеді.

МА-ның туылған күні болып (зерттеу саласы ретіндегі) 1947 ж саналады, оның бәрі Уоррен Уивердің, Рокфеллеров фондының жаратылыстану ғылымы бөлімінің директоры, Норберт Винерге сол жылдың наурыз айында жазған хатынан басталды. Онда аудару мәселесі мәтінді дешифровка мәселесімен салыстырылған. Соңғысы сол кездің өзінде ақ электромеханикалық құрылғыларда орындалатын. Бұл хаттың артынан көптеген талқылаулар жүргізілді, және зерттеу жұмыстарына қаражат бөлінді.

1952 ж атақты математик Бар Хиллелмен ұйымдастырылған бірінші конференция өтті. Онда зерттеушілер тілдің көптеген синтаксистік ережелерін ұймдастыруға, семантиканы, морфологиялық құрылымды, аудару жүйесі үшін сөздіктер құрылымын сипаттау әдістеріне қатысты өз ойларымен бөлісті. Академиялық зерттеулердегі жетістіктер МА-на мәселесіне коммерсиялық қызығушылық тудырды, және IBM фирмасы АҚШ-тағы Джорджтаундық университетпен бірге 1954 жылы 250 сөзден тұратын сөздік пен 6 синтаксистік ережеге негізделген және 49 алдын ала таңдалған сөйлемнің аудармасын қамтамасыз ететін бірінші жүйені көрсете алды. Бұл тәжірибе зерттеулер тізімін көбейтті: келесі он жылда АҚШ үкіметі және әскери мекемесі МА саласын зерттеуге 40млн долларға жуық қаражат жұмсады.

Бірінші нәтижеден алынған эйфориядан МА іске аспауын толығымен жойылуы арасында ек сегіз жыл өтті. Мұндай шешімге АҚШ ғыллымының Ұлттық Академисының қолданбалы лингвистика бойынша арнайы комитетінің (ALPAC) шолуына сүйеніп келді. Онда автоматты аудару жүйесі болашақта қажетті сапаны қаматамасыз ете алмайды деп жазылды. Бұл есеп беру МА дамуына кері әсерін тигізді, соның салдарынан АҚШ пен Европада қаражат болмағандықтан қандай болмасын зерттеу жұмыстары тоқтатылды. Тек 70 жылдардың соңында, ақпаратты компьютерлік іздеу мен жасанды интеллекттің лингвистикалық мәселесін проектілеушілер мен зерттеушілердің қызығушылығы артуына байланысты МА зерттеулері қайта жандандырылды.

Тек 80 жылдардың басынан, ПК сенімді және қуатты түрде әлемді жаулап ала бастағаннан кейін, олардың жұмыс істеу уақыты арзандады және оны кез келген уақытта қолдану мүмкін бола бастады. Демек, МА әйтеуір экономикалық жағынан пайдалы бола бастады. Сол жылдары және одан кейін де бағдарламлардың жетілдірілуі мәтіндердің көптеген түрін тура аударуға мүмкін бере бастады, алайда МА проблемалары осы күнге дейін шешілмей тұр.

90 жылдарды МА-ның дамуының қайта жандануының негізігі кезеңі деп санауға болады, ол ПК мүмкіндігінің жоғары деңгейімен, сканерлер мен OCR программасының пайда болуымен ғана емес, Интернет/интранет (Internet/intranet) де пайда болуымен байланысты. Ол жеке инвесторлар мен мемлекеттік құрылым үшін қаражат салудың ең тартымды түрі бола бастады.

МА технологиясының көптеген кемшіліктері болғанымен, көптеген ұйымдар Бэббидждің берген уәдесін еске түсіре бастады. «Машиналық аудару жетілдірулерден әлі алыс, бірақ кез-келген оның көмегімен құжаттың негізгі мағынасын түсіне алады», - МА-мен экспериментті онлайн режимде бастаған. ірі Web-узелдің Alta Vista технологиялық директоры Луи Монье солй деп санайды.

Европалық Бірлестіктің Мемлекеттері соңғы 15 жылда осы мәселе бойынша зерттеулерге 70 млн. доллардан артық қаражат жұмсады, ал жапон мемлекеттік ұйымдары -200млн. доллардан артық. MT SUMMIT VI де МАның өз елі үшін стратегиялық маңыздылығы туралы қызықты баяндама жасаған Т. Р. Педтке айтуы бойынша бұл бағыттың дамуындағы маңызды рөлді үкімет атқарады. МА проблемасы жоғарғы технологиялардың дамуындағы және АҚШтың бүкіләлемдік ақпараттық кеңістікте бәсекелестікке жарамдылығын қамтамасыз ету үшін негізгі қарастырылатын мәселе болып тұр.

1. 2 Машиналық аударудың проблемалары мен перспективалары

Берілген электрондық аудармашы түріндегі программалық өнімдермен жұмыс істеу кезінде мәтінді аудару кезінде қателіктер көрінеді. Аударылған мәтіндердің лексикалық талдануы электрондық аудармашылар көбінесе сөйлемнің қарапайым бөлігін жақсы аударатынын, бірақ септіктерді, сын есімдерді, сөйлемді құруға байланысты қателіктер жібереді.

Кейбір аудармашылардың кемшілігі бірнеше мағынасы бар сөздерді тура аудармауы болып табылады. Дұрыс аударылу үшін, сөйлемнің әр түрлі мүшелері және олардың грамматикалық сипаттамалары үшін аударма сапасын жақсартып, және арнайы мәтіндерді аудару кезінде сөздіктердің қарама қайшы болуына жол бермей сөйлемнің грамматикалық тұрғызылуының өте терең эвристикалық талдауын ұсынуға болады.

Мәтіндердің грамматикалық талдануы электрондық аудармашы көпше және жекеше түрде тұрған сөздерді жақсы аударатынын, ал септікті және етістіктерді қажетті санға қойуда қиындықтар туындайтынын көрсетті. Бұл қазақ және ағылшын тілдері септіктері арасындағы әр түрлі интерпретацияға байланысты: қазақ тілінде - жалғау арқылы, ағылшын тілінде -предлог арқылы.

Сонымен, компьютер әлі көп нәрселерде аудармашыны алмастыра алмайды. Онда машиналық аударма жүйесін қолдаып қажет пе? Әрине, қажет. Егер компьютер көркем әдеби шығармаларды аударуға қолданылса, онда аударманың алғашқы ретке келтірілмеген түрі алынады, оны тілді жақсы меңгермеген, бірақ жақсы редактор болып табылатын адам баласы артынан өнер туындысына айналдырады. Егер техникалық мәтіндерді аудару мәселесі болса, мұнда мәтін жазылған мамандану бойынша сөздік дұрыс таңдалса, қанағаттандырарлықтай, кей кезде өңдеуді қажет етпейтін нәтиже алынады. Жалпы компьютерлік аударманы жөндеу көбінесе жоғарыда айтылған мәселелерге байланысты. Ол үшін машиналық аудару жүйесі міндетті түрде мәтіндерді редакциялау құралына ие болады.

Кейбір тапсырушылар үшін аударманың мұндай деңгейі мүлдем келмейді. «Машиналық аудару -бұл миф- деп Electronic Data Systems (Плейно, шт. Техас) корпарциясы қызметінің консультанты, компанияның бүкіләлемдік интражелісін құрастыруға қатысқан Линн Сешедри санайды - Ол техникалық құжаттар үшін ғана жарайтын шығар, бірақ басқа жағдайдарда сіз 15% мағына ал 85% түсініксіз сөздерді аласыз». Өзінің EDS интражелісінің мазмұнын аудару үшін контракттік негізде мамандандырылған аудармашылар қызметін қолданады. Алайда басқаларын машиналық аударма қанағаттандырады, себебі көбінесе оған нақты альтернатива жоқ. «Гуманизмнің дамуы үшін» Париждік қоры (FPH) өз кезінде өздеірінң бюджеттерінің көлемді бөлігін аудармашыларға беру немесе машиналық аудару құралын қолданып көру деген таңдау алдында тұрған. Бұл ұйым, жеке көздердн қаражаттандырылатын, экология, экономика эәне басқа салалардағы баяндамаларды шығаратын, оларды жасау үшін ғалымдардың интернационалдық топтарын тартатын. Оның таңдауы машиналық аудару технологиясына түсті, дәлірек айтсақ ПК үшін жеткілікті түрде сапалы және қымбат емес қосымшасы бар Globalink фирмасының өнімін таңдады. FPH оны, әр түрлі тілде сөйлейтін мамандардың араласуы жеңіл және тиімді болсын деп электрондық почтаның серверіне орнатты.

«Бұл жақсы шешім -деп санайды FPH консультанты Марина Урквиди- Көптеген адамдар ағылшын тілінде емес, өз тілінде жұмыс істегенді қалайды. Ал енді оларда ондай мүмкіндік бар. » Ол машиналық аударудың өзінің кемшіліктері бар екенін мойындайды, бірақ егер адам керек қылса машиналық аударманың мағынасын түсініп алады деп сенеді. «Егер сіз біраз ойлансаңыз, не туралы сөз қозғалып жатқанын түсінесіз». Осылайша, егер МА-дан көп нәрсе т алап етпесеңіз, мүмкін Бэббидждің машиналық аудару жайлы берген уәдесі орындалатын шығыр.

Машиналық аударма - бұл құрал. Бәрімізге мәлім, мәтінді аудару -бұл тек творчествалық қана емес, еңбекті көп қажет ететін жұмыс. Тіптен ең жақсы аударманың өзі, редактрлік өңдеуді қажет етеді. Творчествалық бөлігіне келсек, онда болашақта компьютер - адам жарысында әрқашанда «тірі» аудармашы жеңіп кетеді. Алайда аудару процесінің көп еңбекті қажет ететіндігіне байланысты мәселені шешу үшін МА жүйесі жақсы көмекші бола алады. Оны жақсы түсіну үшін, машиналық аудару программасыынң артықшылықтарын тізіп шығайық (МА жүйесінің барлығы үшін бірдей және PROMT жүйелері үшін жеке) :

1. Жоғары жылдамдық. Тек бірнеше секунд, содан кейін Сіз көп жолды мәтіннің аудармасын аласыз. Бұл мәтін мағынасын тез түсінуге мүмкіндік береді, ал егер жүйе сол тематикадағы мәтіндерді аударуға келтірілген болса, онда минимум редактрлік жөндеу қажет болады.

2. Арзан баға. Оны бағалау өте оңай: егер сіз мамандандырылған аудармашылар көмегіне жүгінетін болсаңыз, әр аударалған сөздердің бетіне төлеуіне тура келеді ( аймаққа және аудармашының мамандану деңгейіне байланысты 5доллардан 20 долларға дейін жетеді), немесе сіз тұрақты қызметтегі аудармашыны жалдайсыз, оған жалақы төлеу қажет. Машиналық аудару жағдайында, сіз тек программаны сатып аларда ғана төлейсіз. Сіз -бір рет қаражат шығару ма, әлде ұдайы шығын шығаруды қалайсыз ба? ПРОМТ компаниясының тұтынушылары мәліметтері бойынша айына 50 беттен жоғары мәтінді аудару кезінде PROMT 98 аудармашы программасы бір ай ішінде өзін-өзі ақтайды.

3. Қызметтерді қолдану мүмкіндігі. МА жүйесін сөгетіндер ескере бермейтін маңызды фактор. Аудармашы программасы әрқашан қол астында, ал аудару қызметі бюросына бару уақыт пен күшті зая кетірумен байланысты.

4. Құпиялылық. МА жүйесіне сіз кез-келген ақпаратты сеніп тапсыра аласыз. Сізге жеке бас хаттамаларын аударуға беру қолайлы ма? Сіз өзіңіздің финанстық жұмыстарыңызға бөтен біреуді енгізуге даярсыз ба? Аудару бюросына эротикалық тақырыптағы әдебиетті аударуға апарасыз ба? Егер бұл сұрақтың бәріне ия деп жауап берсеңіз, онда ешқандай қиындықтар жоқ. Бірақ, көп тұтынушылар бұған келісе бермейді. Біз көптеген тұтынушылар біздің аудару жүйесін жеке бас хаттарын аударуға қолданатынын білеміз, себебі осы жүйені қоладанатын көп адамдардан бізге өз жеке өмірін орналастыруға көмектескені үшін алғыс хаттары келеді. Аударма программасы, сіз сеніп тапсырған кез-келген мәтінді құпия сақтайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағылшын тілінен қазақ тіліне эпитеттерді аудару ерекшеліктері
Қазақтың тұрмыстық болмыстарының аудармасы
Ырықсыз етістің топтастырылуы
«қазақ тілінен ағылшын тіліне машиналық аударудың лингвистикалық сөздіктерін apertium платформасының негізінде жасау»
Қазақша ымдау тілінің лексикалық ерекшеліктері
Ғылыми-техникалық мәтінді аудару амалдары
Қазақ тілінен орыс тіліне машиналық аударудың лингвистикалық сөздіктерін Apertium платформасының негізінде жасау
Ағылшын тілі сабағында оқушыларды дамыту мақсатында ойын техналогиясын қолдану
Бір тілде сөйлейтін адамдар белгілі бір мәдениеттің өкілдері
Қазақ тілінен ағылшын тіліне машиналық аударудағы лексикалық таңдауды шешу жолдарының моделдері мен әдістерін жасау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz