Екінші деңгейлі банктердің несиелеу әдістері мен формаларының дамуын қарастыру



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ..4

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ НЕСИЕНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1.1 Несиенің формалары, түрлері және олардың жіктелуі... ... ... ... ... 6
1.2 Несиелеу механизмі және несиелік процесс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
1.3 1.3 Екінші деңгейлі банктердің несиелеуінің шетелдік тәжірибесі ... ... 19

2 ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕЛЕНДІРУ ӘДІСТЕРІНІҢ КӨРСЕТКІШТЕРІН ТАЛДАУ

2.1 Екінші деңгейлі банктердің несие динамикасын талдау ... ... ... ... ... ... ... ..23
2.2 Ипотекалық несиелеу нарығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..38
2.3 Шағын кәсіпкерліктің субьектілерін несиелеу барысы және оларды талдау ... ... ... ... .51

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ НЕСИЕНІҢ ФОРМАЛАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

3.1 Ипотекалық несиенің дамуына ықпал ететін факторлар ... ... 56
3.2 Тұрғындардың әлеуметтік.экономикалық жағдайының екінші деңгейлі банктердің несиелендіруіне тигізетін әсерін жетілдіру бағыттары ... ... ... ... ...61

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .65

ПАЙДАЛЫНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Әлемнің кез келген мемлекетінің экономикасының қызмет етуі және дамуы адамзат өмірінің көптеген факторларының өзара байланысының күрделі де, көп қызметті механизмі болып табылады. Бұл механизм жөніндегі қазіргі ғылым терең және де толық емес, кей тұсында жалпылама, сондай- ақ, күрделі де қарапайым.
Қазіргі кездегі экономиканың шындылығы, өзгерме ортада өтуде және өзгеру жылдамдығы оның зерттелуінен озық. Ендеше, экономикалық теорияның қазіргі жағдайы ғылыми экономистердің қанағаттанбаушылығына негіз бола отырып, көптеген өзекті проблемалардың шешілмеуіне және күрделі шындықтың барлық талаптарына жауап бере алмауда.
Нарық механизмінің қызметі жөнінде, нарықты зерттеу әдістері мен принцптері, экономикалық конъюктура жөнінде, еркін нарықтық экономикада кәсіпорынның бәсекелік позициясына әсер ету шараларының жиынтығы жөнінде терең білімді нарықтық басқару концепциясы ретінде маркетинг береді.
Өндіріс, ұдайы өндіріс процесінің бастапқы пункті, шешүші жағдайы бола отырып, басқа фазалармен тығыз байланыста. Ұдайы өндіріс процесі материалдық игіліктердің қоғамдық өндірісі процесінің үздіксіз жаңаруы ретінде, оның әр түрлі сатыларының біртіндеп ауысуын ұлғайтады. Әрбір саты-өндіріс, үлестіру, айырбас және тұтыну белгілі бір мағынаға ие.
Ұдайы өндіріс фазаларының бірлігі мен өзара әсері тауар-ақша қатынастарының, құнның тауарлық және ақшалай формаларының бар болуымен қамтамасыз етіледі.
Ұдайы өндіріс процесі фазаларының өзара әсері тауарлық шаруашылықтағы несиенің орнын айқындауға және оның мәнін ашуда елеулі мәнге ие. Өндірісте несиелік қатынас жүргізілмейді. Өндірістік процеске несиелік қатынастардың тек бірінші жағы-алынған несиені өндірістік мақсатқа пайдаланушы қарыз алушы ғана қатынаса алады. Екінші жақ - кредитор өндірістік процестің сыртында қалады. Демек, несие бірегей ұдайы өндіріс процесінің субьектілері арасындағы экономикалық байланысты білдіреді. Сондықтан несиенің мәнін ұдайы өндіріс процесінің бір сатысымен ғана байланыстыруға болмайды.
Несие құнның белгіленіп үлгерген қызметіне байланысты болатын қатынастарды білдіреді. Несие тек өндірісте ғана пайда бола алмайды, өйткені мұндай өнім әлі жасалған жоқ, ал оның бөліктері ұдайы өндіріс процесінің сәйкес қатынасушыларының иелігіне түскен жоқ. Несие айырбас сатысында пайда бола отырып, қарыз мәмілесінің формасы ретінде құн қозғалысының үздіксіздігін қамтамасыз етуге тиіс. Құн қозғалысы несие қозғалысының ядросы болып табылады.
1. Н.А. Назарбаев “Концепция внешней политики требует адаптации к современным условиям”/ Казахстанская правда, 03.10.2002
2. NN 1-12.2002, NN 1-12.2003, NN 1-12. 2004 ҚР ұлттық Банкiнiң статистикалық бюллетендерi
3. Интернет жүйесiндегi ҚР ұлттық банкiнiң сайты:
http // www.nationalbank.kz
1. ҚР Президентiнiң 31.08.1998 ж. “ҚР банктер және банк қызметi туралы” Жарлығы, 68, 68-1, 69, 70, 71, 72, 73, 74, 75, 76 және т.б баптары
2. Аллахвердян Д.А. Финансово-кредитный механизм развитого социализма- М.: Финансы, 1976
3. Ачкасов А.И. Активные операции коммерческих банков – М.: Консолтбанкир, 1996
4. Банки на развиваюùихся рынках. Укрепление руководства и повышение чувствительности к переменам. 2 том/ Д.Мак Нотон и др. – М.: Финансы и статистика, 1996
5. Лаврушин О.И. Банковские операции- М.: Инфро,1998
6. Банковский портфель – 1. Книга банкира. Книга клиента. Книга инвестора/ О.Н. Антипова және басқалары – М.: Соминтэк,1996
7. Банковский портфель – 1. Книга менеджера. Книга банковского финансиста. Книга банковского юриста/ О.Н. Антипова, Г.М. Антонов және басқалары – М.: Соминтэк,1996
8. Лаврушин О.И. Банковское дело– М.: БиБНКЦ,1998
9. Колесникова В.И, Кроливецкая Л..П. Банковское дело– М.: Финансы и статистика, 1998
10. Белоглазова Г.Н. Коммерческие банки в условиях формирования рынка- Л.: ЛФЭИ, 1991
11. Белугин М.И. Сберегательное дело. Есептiк-несие техникумдарына арналған оқулық - М.: Финансы и статистика, 1985
12. Бор М.З., Пятелко В.В. Стратегическое управление банковской деятельностью.-М.: Приор,1998
13. Бухвальд Б.Р. Техника банковского дела-М.: ДИС,1993
14. Валравен К.Д. Управление рисками коммерческого банка/М.Э. Ворд редакциясымен жазылған оқу құралы- Дұниежүзiлiк банктiң экономикалық даму институты.-Вашингтон,1998
15. Василишен Н.И. Регулирование деятельности коммерческого банка-М.: Финансист информ,1998
16. Гамидов Г.М. Банковское и кредитное дело – М.: ЮНИТИ,1996
17. Деятельность банков: современный опыт США – М.:Экономист,1992
18. Долан Э.Дж., Кэмпбел К.Дж. Деньги, банковское дело и денежно-кредитная политика, ағылшын тiлiнен аудармасы.- СПб,1998
19. Кейнс Дж.М. Обùая теория занятости, процента и денег-М.: 1978
20. Котлер Ф. Основы маркетинга- М.: Прогресс, 1996
21. Льюис К.Ф. методы прогнозирования экономических показателей. – М.: Финансы и статистика,1993
22. Мамонова И.Д. Банк и платежная дисциплина. – М.. финансы и статистика, 1998
23. Маркова О.М. Коммерческие банки и их операции. – М.: Банки и биржи:ЮНИТИ,1998
24. Нуреев Р.М. Деньги, банки и денежно-кредитная политика. – М.: Финстат информ,2002
25. Лаврушин О.И. Основы банковского менеджмента-М.: Инфра- М, 2002
26. Озиус М.П. Пужном Б.Б. Банковское дело и финансовое управление рисками-Вашингтон,1998
27. Рид Э, Коттер Р, Гилл Э. Смит Р. Коммерческие банки-М.: Космополис,1991
28. Лаврушин О.И. Российская банковская энциклопедия-М.: Инфра- М, 1998
29. Тосупян Г.А. Банк для клиента – М.: Златоцвет,1993
30. Усоскин В.М. Современный коммерческий банк. Управление и операции. –М.: Все для Вас,1993
31. Қаржы-несие сөздiгi. –Алматы,2003
32. Хейне П. Экономический образ мышления в банковской практике-М.: Новости,1996
33. Ширинская Е.Б. Операции коммерческих банков и зарубежный опыт-М.: Финансы и статистика,1998
34. С.И. Ожегов. Словарь русского языка. – М.: Советская энциклопедия, 1970
35. К.Маркс, Ф.Энгельс. Таң. шығ. 23 т. 188 б.
36. Қазақстанның тәуелсiздiк алған он жыл iшiндегi банк жүйесi, ҚР ұлттық банкi, 2003
37. А..Г. Мельников “О необходимости целостной системы гарантирования вкладов ”/ Деньги и кредит, 2004
38. ОҚО ұлттық банк филиалының дайындаған статистикалық мәлiметтерi, 2002,2003,2004.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... 4

1 Қазақстан Республикасының экономикасының Қазіргі жағдайындағы
несиенің теориялық аспектілері

1.1 НЕСИЕНІҢ ФОРМАЛАРЫ, ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ...
... ... ... ... ... ... ... ..6
2. Несиелеу механизмі және несиелік
процесс ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... 14
3. 1.3 Екінші деңгейлі банктердің несиелеуінің шетелдік тәжірибесі
... ... ... ... .19

2 Екінші деңгейлі банктердің несиелендіру Әдістерінің кӨрсеткіштерін
талдау

2.1 Екінші деңгейлі банктердің несие динамикасын
талдау ... ... ... ... ... ... ... ..23
2.2 Ипотекалық несиелеу нарығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3 8
3. Шағын кәсіпкерліктің субьектілерін несиелеу барысы
және оларды талдау
... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .51

3 Қазақстан республикасының несиенің формалары мен Әдістерін жетілдіру
жолдары

3.1 ИПОТЕКАЛЫҚ НЕСИЕНІҢ ДАМУЫНА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН ФАКТОРЛАР ... ... ... ... ... ... ... ..56
2. Тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық жағдайының екінші деңгейлі
банктердің несиелендіруіне тигізетін әсерін жетілдіру
бағыттары ... ... ... ... ...61

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...65

ПАЙДАЛЫНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 67

КІРІСПЕ

Әлемнің кез келген мемлекетінің экономикасының қызмет етуі және дамуы
адамзат өмірінің көптеген факторларының өзара байланысының күрделі де, көп
қызметті механизмі болып табылады. Бұл механизм жөніндегі қазіргі ғылым
терең және де толық емес, кей тұсында жалпылама, сондай- ақ, күрделі де
қарапайым.
Қазіргі кездегі экономиканың шындылығы, өзгерме ортада өтуде және
өзгеру жылдамдығы оның зерттелуінен озық. Ендеше, экономикалық теорияның
қазіргі жағдайы ғылыми экономистердің қанағаттанбаушылығына негіз бола
отырып, көптеген өзекті проблемалардың шешілмеуіне және күрделі шындықтың
барлық талаптарына жауап бере алмауда.
Нарық механизмінің қызметі жөнінде, нарықты зерттеу әдістері мен
принцптері, экономикалық конъюктура жөнінде, еркін нарықтық экономикада
кәсіпорынның бәсекелік позициясына әсер ету шараларының жиынтығы жөнінде
терең білімді нарықтық басқару концепциясы ретінде маркетинг береді.
Өндіріс, ұдайы өндіріс процесінің бастапқы пункті, шешүші жағдайы бола
отырып, басқа фазалармен тығыз байланыста. Ұдайы өндіріс процесі
материалдық игіліктердің қоғамдық өндірісі процесінің үздіксіз жаңаруы
ретінде, оның әр түрлі сатыларының біртіндеп ауысуын ұлғайтады. Әрбір саты-
өндіріс, үлестіру, айырбас және тұтыну белгілі бір мағынаға ие.
Ұдайы өндіріс фазаларының бірлігі мен өзара әсері тауар-ақша
қатынастарының, құнның тауарлық және ақшалай формаларының бар болуымен
қамтамасыз етіледі.
Ұдайы өндіріс процесі фазаларының өзара әсері тауарлық шаруашылықтағы
несиенің орнын айқындауға және оның мәнін ашуда елеулі мәнге ие. Өндірісте
несиелік қатынас жүргізілмейді. Өндірістік процеске несиелік қатынастардың
тек бірінші жағы-алынған несиені өндірістік мақсатқа пайдаланушы қарыз
алушы ғана қатынаса алады. Екінші жақ - кредитор өндірістік процестің
сыртында қалады. Демек, несие бірегей ұдайы өндіріс процесінің субьектілері
арасындағы экономикалық байланысты білдіреді. Сондықтан несиенің мәнін
ұдайы өндіріс процесінің бір сатысымен ғана байланыстыруға болмайды.
Несие құнның белгіленіп үлгерген қызметіне байланысты болатын
қатынастарды білдіреді. Несие тек өндірісте ғана пайда бола алмайды,
өйткені мұндай өнім әлі жасалған жоқ, ал оның бөліктері ұдайы өндіріс
процесінің сәйкес қатынасушыларының иелігіне түскен жоқ. Несие айырбас
сатысында пайда бола отырып, қарыз мәмілесінің формасы ретінде құн
қозғалысының үздіксіздігін қамтамасыз етуге тиіс. Құн қозғалысы несие
қозғалысының ядросы болып табылады.
Несиенің мәнін ашу - бұл несиені экономикалық қатынастардың біртұтас
жүйенің элементі ретінде көрсететін, оның мәнді анықтығын білдіретін
сапаларын тану болып табылады. Несиенің құрылымы белгілі бір мәнге айналған
және несиелік қатынастар танымының сатысы ретінде көрінеді. Ол несие
тұрақты, өзгеріссіз қалады. Құрылымдық талдау тұрғысынан алғанда несие
зерттеу обьектісі ретінде, бәрінен бұрын оның субьектілері болып табылатын
элементтерден тұрады. Несиелік мәміледе қатынас субьектілері қарыз беруші
және қарыз алушы болады. Кредитор мен қарыз алушының қалыптасуы тауар
айналысы негізінде жүреді.
Несие бәрінен бұрын тауар өндірісі процесінде пайда болатын оның негізгі
өндірістік қатынастармен анықталатын қоғамның әлеуметтік байланыстарының
белгілі бір типі. Сондықтан несие экономикалық категория ретінде тек
өндірістік қатынастар шеңберінде ғана сипатталуы мүмкін. Бұл несиені
экономикалық мазмұны, көзқарасы тұрғысынан қарастыруға қатысты. Несие
әлеуметтік байланыстың белгілі бір типі бола отырып, өндірістік қатынастар
тобына жатады.
Екінші деңгейлі және банктік емес ұйымдармен несиенің екі формасы
беріледі: банктік және коммерциялық. Сонымен бірге несиенің келесідей
түрлері бар: тұтыну, ипотекалық, мемлекеттік, халықаралық, банкаралық
несиелер. Оның ішінде мен дипломдық жұмысымда жылжымайтын мүлікті
кепілдікке ала отырып берілетін ипотекалық несиені, шағын және орта
бизнесті дамытуға берілетін несие, халық тұтынатын тауарларды сатып алуға
берілетін бөлшек несие және микронесиені қарастырдым.
Дипломдық жұмысымның мақсаты екінші деңгейлі банктердің несиелеу
әдістері мен формаларының дамуын қарастыру. Негізгі обьектісі Қазақстан
Республикасының банк жүйесі болып табылады.

1 Қазақстан республикасының экономикасының қазіргі жағдайындағы несиенің
теориялық аспектілері

1.1 НЕСИЕНІҢ ФОРМАЛАРЫ, ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ

Несиенің экономикалық категория ретінде формаларға ие. Форма әр уақытта
қандай да бір обьектілерге тән тұрақты, қажетті байланыстардың жиынтығын
білдіреді. Несиеге қатыстысты оның формасы бұл несиелік қатынастар
құрылымының, олардың әр түрлі сыртқы және ішкі өзгерістер кезінде
сақталатын негізгі қасиеттерінің көрінісі. Қарызға берілген құнға қатысты
кредитор мен қарыз алушы арасындағы байланыс қалай өзгерсе де, несиенің
формасы оның бүтін ретіндегі мазмұнын білдіреді.
Экономикалық әдебиетте, әдетте несиенің екі формасы қарастырылады:
коммерциялық және банктік. Сонымен қатар несие формаларына: тұтыну,
мемелекеттік, халықаралық, фирмалық және т.б жатқызады.
Несиенің формасы - бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі
қызметтерінің, яғни әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық
сақталатын көрінісін білдіреді.
Несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы байланыстар қалай
өзгергенімен де, несиенің формасы сол күйінде сақталады.
Коммерциялық несие - бұл жеткізушінің сатып алушыға ұсынған тауары немесе
көрсетілген қызметі үшін төлемді кейінге қалдыруы. Несиенің осы формасының
обьектісі ретінде тауарлық капитал қызмет атқарады. Коммерциялық несиенің
ерекшелігі мынада: қарыз кпиталы өнеркәсіптік капиталмен біріккен, ал оның
мақсаты - тауарларды өткізуді жылдамдату.
Мұнда қарыз алушы да және оны берушілер ретінде кәсіпкерлер мен
бизнеспен айналысатындар бола алады. Коммерциялық несие көбіне тауарды
сатып алушыда нақты ақшаның болмай қалуы барысында туындайды. Мұндай
жағдайда айналыс құралы ретінде қарыз алушының көрсетілген сомманы
уақытында төлейтіндігін күәландыратын арнайы қарыздық міндеттеме - вексель
қолданылады.
Коммерциялық несиенің ерекшелігі мынада: қарыз келісімі аясы тар мақсат
емес, ол сатып алу-сату келісіміне қосақталып жүреді. Қарыз келісімі
тауарлардың өткізілуін жеңілдетеді. Төлемді кейінге қалдыру мерзімі
жабдықтаушы мен сатып алушы арасындағы сауда келісімі жасалған уақытта жеке
анықталады. Әдетте төлеуді кейінге қалдырудың ең жоғары мерзімі 90 күнге
белгіленеді. Төлемді кейінге қалдыру тауарлардың түріне және басқа
факторларға байланысты. Төлемді кейінге қалдыру кезеңін ұзарту сатып алушы
мүддесіне сай келеді, оны өткізілген тауарлар бағаларының төлемдерімен
салыстыруға болады.
Несиенің бұл формасын таңдаудың басқа факторы бәсекелестік кезінде мәнді
роль атқаратын оның құны болып табылады. Коммерциялық несие бойынша
мөлшерлеме ақша нарығының мөлшерлемелеріне ілесіп отырады, бірақ әдетте
анағұрлым жоғары деңгейде белгіленеді. Коммерциялық несие қазіргі уақытта
несиенің басқа формаларынан жеке өмір сүрмейді. Коммерциялық несие көбіне
бағынышты роль атқаруда, өйткені онда банктік мекемелердің қызмет ету
ережелерінің өзгерістері көрінеді.
Коммерциялық несиенің артықшылықтарымен қатар, кемшіліктері де бар.
Уақыт шектеулігі, өлшемдері, қозғылыс бағыты тәрізді белгілі кемшіліктерден
басқа төлемді белгілі бір дәрежеде кейінге қалдыру мәжбүрлік сипатына ие
болады; тауарларды төлеу мерзімі жиі бұзылады; жабдықтаушылар сатып
алушылардың қаржылық жағдайы туралы әр уақытта жақсы хабардар болмайды, ал
бұл олардың шаруашылық қызметі үшін белгілі бір тәуекел туғызады. Төлеуді
кейінге қалдыру - банктік сфераның ықпалынан күшті әсер көреді. Көрсетілген
кемшіліктер коммерциялық несиенің ролін төмендетеді.
– Коммерциялық несиенің банктік несиеден айырмашылығы мынадай:
– қарыз беруші рөлінде банктік мекемелер емес, яғни тауар немесе
қызметті сатумен айналысатын кез келген заңды тұлға бола алады;
– коммерциялық несие тек қана тауар формасында беріледі;
– қарыз капиталы өнеркәсіптік немесе сауда капиталымен байланысты;
– коммерциялық несиенің орташа құны сол кезеңдегі банктік пайыз
мөлшерімен салыстырғанда төмен болады;
– қарыз беруші мен қарыз алушы арасындағы несиелік мәміленің заңды түрде
рәсімделуі барысында, бұл енсие үшін төленетін ақы тауар бағасының
құнына қосылады.
Банктік несие - бұл банктік мекемелерден қарыз алушыларға ақшалай түрде
берілетін несиені білдіреді.
Банктік несие - бұл экономикадағы кеңінен тараған несиелік қатынастардың
формасы болып табылады. Банктік бойынша несиелік қатынастардың құралына
несиелік шарт немесе несиелік келісім жатады. Банктік несиеде несие
беруші:банк және арнайы қаржы мекемелері болса,ал қарыз алушылар ретінде:
кәсіпкерлікпен немесе бизнеспен айналысатын қаржы ресурстарына деген
сұранысы бар кез келген заңды ұйым болып табылады. Мұндағы қарыз берушінің
басты мақсаты - бұл пайыз түрінде табыс алу.
Банктік несие сферасы коммерциялық несие сферасына қарағанда несиені
қолдану өрісі кең. Коммерциялық несие тек тауар айналысында қызмет етеді,
ал банктік несие қоғамның барлық топтарының ақшалай табыстарынан және
жинақтарын капиталға айналдыра отырып, капиталдың қорлануына қызмет етеді.
Банктік несие әмбебеп болып келеді, өйткені банк арқылы қайта бөлінген
қарыз капиталы экономиканың барлық салаларында қолданыс табады. Бұл
ерекшелік оның жедел даму себебі қызметін атқарады. Қарыз мәмілесінің
дербес сипаты бар, онда ақшалай капитал өнеркәсіптік капиталдан
бөлектенген. Кредитордың мақсаты - пайыз түрінде табыс алу. Қарыз алушыға
қайтарымдылық, мерзімділік және пайыз төлеу жағдайларында қарыз капиталын
ұсынушы банктік мекеме кредитор ретінде көрінеді.
Банктік несие өзінің маңызды ерекшеліктерін сақтай отырып, едәуір сандық
және сапалық өзгерістерге ұшырайды. Олардың біреуі қарыз мәмілесінің
қатысушыларымен байланысты. Қазіргі уақытта ол мәміленің екі
қатысушыларымен банкирлер және жұмыс істеп жүрген капиталисттермен шектеліп
қалмайды. Бір жағынан, қарыз капиталын беруді банктерден басқа әр түрлі
мекемелер жүзеге асырады. Екінші жағынан, қарыз алушылардың құрамы
өзгереді. Банктік мекемелерде қарыз алушыларға ақшалай қаражаттарды берудің
әр түрлі мүмкіндіктері бар.
Несиелік мүмкіндіктер ғана емес, сонымен қатар берілген қарыздардың
көлемдері де өзгереді. Несиелік операциялардың көлеміне ішкі және сыртқы
факторлар әсер етеді. Біріншіге банктің қолында бар ресурстардың көлемі
жатады. Ресурстардың өсуіне сәйкес оның несиелік мүмкіндіктеріне әсер етеді
және активтік операциялардың ұлғаюына жағдай жасайды.
Банктің белгілі бір шетке капитал шығару және оны қарыз алушыларға беру
мүмкіндігі бар. Қазіргі жағдайда депозиттер банктік ресурстардың бірден бір
көзі болып табылмайды. Несиелік мекемелер ақшалай қаражаттарды банк аралық
нарықтан қарызға алады, сонымен қатар көрсетілген мақсатқа облигациялық
қарыздарды да белсенді пайдаланады.
Банктік несиенің шамасына да белсенді ақшалай - чектік эмиссиямен
толтырылған нақтылы ресурстардың көлемі ғана емес, оған өнеркәсіптік
компаниялар, жеке тұлғалар және мемлекеттік мекемелер тарапынан қарыз
қаражаттарына деген сұраныс та әсер етеді. Осылайша экономикалық төмендеу
кезінде қарыз капиталы нарығының коньюктурасын айқындаушы негізгі фактор
болып, банктердің ресурстары емес, несиеге деген әлсіз сұраныс болып
табылады.
Кредитор ретінде банктердің рөлі біршама төмендеуіне қарамастан, ол
едәуір шамада қысқаруы мүмкін деп айтуға негіз жоқ. Өйткені көптеген
кәсіпорынның қосымша қаражаттарға деген қажеттіліктері, бірінші
кезекте,банктік несие есебінен қанағаттандырылуы мүмкін, ол өнеркәсіптік
компаниялар үшін, жеке тұлғалар үшін де қарыз қаражаттарын алудың анағұрлым
ыңғайлы формасы болып келеді. Осылайша, несиелік жүйенің негізін ірі
банктер құрайды, ал банктік несие өзінің басымдық жағдайында қалады.
Тұтыну несиесі - бұл тұрғындарға тұтыну тауарларын сатып алу және
тұрмыстық қызметтерді төлеу үшін коммерциялық және банктік формада
берілетін несие. Тұтыну несиесінің негізгі міндеті - тұрғындарға тауарларды
сатуға қолдау көрсету. Бұл несие бөлшек саудамен тығыз байланысты: бір
жағынан - тауар айналымының ұлғаюымен несиенің көлемі де өседі, өйткені
тауарларға болған сұраныс несиеге де сұраныс тудырады; екінші жағынан-
тұрғындарды несиелеудің өсуі төлем қабілеттіне сұранысты күшейтеді. Бұл
тәуелділік, әсіресе қазіргі нарықтың тауарлармен толығу жағдайында
көрінеді.
Несиенің бұл түрін әр түрлі елдерде салыстыру оның дамуының әр түрлі
деңгейін көрсетеді. Италия мен Жапонияда тұрғындардың жалпы қарыз сомасының
қатынасы, осы елдердің жалпы ішкі өнімдеріне 10% деңгейінде, ГФР және
Францияда -30%, ал Ұлыбритания мен АҚШ-та - 60%-дан жоғары. Тұтыну несиесі
негізінен қымбат тұратын тауарларды сатып алу кезінде: автомобильдерді,
электр тұрмыстық құрал-жабдықтарды және т.б пайдаланылады. Тауар қымбат
болған сайын, несие де жиі қолданылады. Капиталистік елдерде несие
көлемінің жартысынан көбі автомобильдерді сатудың үлесіне тиеді. Қалған
тауарлар көбінесе қолма қол түрде сатып алынады.
Қазіргі уақытта дербес несиені пайдалану ережелері анағұрлым біркелкі
бағытталынған. Бұған несиелік карточкаларды жаппай қолдану жағдай жасады.
Олардың барлығын ортақ сипат біріктіреді, яғни тауарды болашақта төлемін
төлеу бойынша сатып алу мүмкіндігі туады.
Тұтыну көптеген елдердің экономикасында үлкен роль атқарады, сондықтан
ол мемлекеттік органдар тарапынан белсенді реттеуге ұшырайды. Бұл реттеуді
екі түрге бөлуге болады: беру деңгейі және пайдалану деңгейі бойынша. Беру
сатысында мемлекет тұтынушыларды несиелеуді кейде қолдап, кей кезде
тежейді. Банктер және қаржылық компаниялар қызметтерінің бұл түріне
несиелік шектеу әрекеті таралады.
Экономикалық құлдырау және әлсіз сұраныс жағдайында мемлекеттің саясаты
елде іскерлік белсенділікті ынталандыруға болады. Бұл үшін тұтыну несиесіне
жеңілдік жағдайлар енгізілген: тауар бағасының қолма-қол түрде төленетін
бөлігін қысқарту,несиенің мерзімін ұзарту, оның құнының төмендетілуі.
Дамыған елдерде тұтыну несиесінің маңызы өте зор. Ол тұрғындардың
тауарларға сұранысын ынталандырады және олардың өндірісі мен өткізілуінің
ұлғаюына жағдай жасайды. Тұтыну несиесін көбінесе табыс деңгейі орташа
жұмысшылар мен қызметкерлер пайдаланады, бірақ ұзақ пайдаланыстағы
тауарларды несиеге алу жеке тұлғаларға қолма-қол мәміле арқылы алғанға
қарағанда едәуір қымбатқа түседі.
Тұтыну несиесі жеке тұлғаларға ұзақ мерзімді банктік қарыз формасында
тұрғын үй алуға және салуға берілуі мүмкін. Қазақстанда осы үшін
мамандырылған Мемлекеттік тұрғын үй құрылыс банкі құрылған.
Жаңа тұрғын үй саясатының Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес азаматтарға
қызмет көрсету үшін Тұрғын үй құрылыс банкінде қарыз-жинақ шоттары ашылады.
Қарыз-жинақ шоттарын құрылысты бастауға, аяқталмаған құрылысты
жалғастыруға, жарналарды жинау мен, тұрғын үй сатып алуға және осы
мақсаттарға жеңілдік несиелерін беру үшін пайдаланады.
Мемлекеттік несие - азаматтарға және заңды тұлғаларға қатысты қарыз
алушы немесе кредитор ретінде және жергілікті билік органдары болатын
несиелік қатынастар жиынтығы. Мемлекеттік несиенің негізгі формасы-
мемлекеттік займдар, сонымен қатар қысқа мерзімді қазыналық міндеттемелер,
тұрғындардың жинақ кассасындағы салымдар болып табылады. Қысқа мерзімді
қазыналық міндеттемелер ресми түрде бюджетті уақытша кассалық үлесті жабу
үшін шығарылады, бірақ іс жүзінде бюджет тапшылығына байланысты шығарылады.
Халықаралық несие-валюталық және тауарлық ресурстарды қайтарымдылық және
пайыздар төлеу шарттарымен беру бойынша байланысты экономикалық қатынастар
сферасындағы қарыз капиталының қозғалыс формасы. Кредиторлар мен қарыз
алушылар ретінде банктер, жеке тұлғалар, кәсіпорындар, мемлекеттік
мекемелер, сонымен қатар халықаралық және аймақтық ұйымдар қатынасады.
Қазақстан Республикасының жетекші халықаралық қаржылық ұйымдарға мүше
болуы, экономикалық реформалар жүргізу үшін қосымша қаржылық көздерге қол
жеткізіге мүмкіндік берді.
Ипотекалық несие-жылжымайтын мүдіктерді: жерді, тұрғын үй және
өндірістік ғимараттарды кепілдікке ала отырып берілетін несие.
Несиенің түрлері бұл белгілі бір түрдегі экономикалық қатынас ретінде
несиеден келіп шығатын белгілі бір қасиеттерге ие оның бір түрі.
Түрдің формадан айырмашылығы - диалектика категориясы болып табылмайды,
ол несиені ерекше түрдегі экономикалық қатынастар ретінде түсінуді
анықтайтын жіктеудің категориясы болады.
Осыған байланысты несие түрлері төмендегідей жіктеледі:
1) мерзімдері бойынша:
а\қысқа мерзімді(1 жылға дейін);
ә\орта мерзімді(1 жылдан 3-5 жылға дейін);
б\ұзақ мерзімді(3-5 жылдан жоғары);
2) несиелеу обьектілері бойынша:
а\негізгі қорларға берілетін несие;
ә\айналым қорларына берілетін несие;
3) несиелеу әдістері бойынша:
а\қалдық бойынша несиелеу.
Айналым бойынша сауда және жабдықтаушы өткізуші ұйымдар несиеленеді, ал
қалғандарында айналым бойынша да, қалдық бойынша да несиелеудің элементтері
бар.
Мысалы, тұтыну несиенің түрлері тауарлы және ақшалай болуы мүмкін, ал
халықаралық несиені төмендегідей жіктеуге болады:
1) несиелеу обьектісі бойынша: тауарлы және қаржылық несиелер;
2) эконом калық мазмұны бойынша:сыртқы сауда операцияларымен байланысты
коммерциялық және қаржылық кез келген мақсат үшін пайдаланылады;
3) несие субьектілері бойынша:жеке, үкіметтік және халықаралық қаржылық
ұйымдар беретін;
4) мерзімдері бойынша:қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді.
Несиелеу әдістері - несиенің берілу және қайтарылу ерекшеліктерімен
байланысты болатын, банктік несиенің кәсіпорындардың қаражат айналымының
шеңберіне қатынасу тәсілдері.
Реформалауға дейінгі кезеңдегі отандық банктік тәжірибеде несиелеудің екі
әдісі қолданылған:
- қалдық бойынша;
- айналым бойынша.
Қалдық бойынша несиелеу барысында несие қозғалысы (яғни, несиені беру
және қайтару) несиеленетін құндылықтар қалдықтарымен тығыз байланысты
болды. Ондай құндылықтарға: әр түрлі тауарлы - материалды құндылықтар
(шикізат, негізгі және қосымша материалдар, қосалқы бөлшектер, тауарлар
және т.б.), аяқталмаған өндіріс, алдағы кезеңдегі шығыстар, дайын өнімдер
және жөнелтілген тауарлар жатады. Қорлардың нормативтен жоғары өсуі несиеге
деген сұраныс тудырып, ал олардың азаюы несиенің сол мөлшерде қайтарылуын
талап етті. Мұндай несиелеу әдісінде несие компенсациялық сипатта болды,
өйткені, несие шаруашылық органдардың құндылықтары мен шығындар қорларының
нормативтен жоғары бөлігіне жұмсалған меншікті қаражаттарының
орнын жабуға бағытталды. Компенсациялық несиелер жай несиелік шоттар
бойынша берілді. Сондай-ақ бұл несиенің қайтарылуы есеп айырысу шотынан
шегеру жолымен жүзеге асырылды.
Айналым бойынша несиелеу (тауар айналымы) әдісінің ерекшелігі ондағы
несие қозгалысы материалдың құндылықтар айналымымен, яғни олардың түсу және
жұмсалуына байланысты анықталады. Бұл несиелеу әдісінде жаңа несиенің
берілуі мен бұрын берілген несие бойынша қарыздың қайтарылуы уакыт бойынша
ұштасып қалып отырды. Мұнда несие төлемдік сипатқа ие болды, себебі
несиенің берілуі тікелей төлемге қатысты және ең бастысы, заемдық
қаражаттарға деген қажеттілік туындаған кезде жүзеге асырылды. Сөйтіп,
айналым бойынша несиелеу әдісі төлемдік сипаттағы несиелердің көмегімен
жүргізіліп, арнайы несиелік шоттар бойынша беріліп отырылған.
Бұл жерде несиенің қайтарылуы өнімді сатудан түскен ақшалай түсімдер
есебінен банктік несиелік шотқа түсу арқылы жүзеге асқан.
Демек, бірінші әдіс бір-ақ рет пайдалануға жараса, ал екіншісі, банктік
несиелерді үнемі беріп отыру үшін қызмет етумен қатар, халық шаруашылығының
қорларының айналым шеңберін және төлем айналымын ұйымдастыруда оның рөлі
арта түсті.
Қалдық бойынша несиелеу әдісі нарықтық жағдайға өтуімен байланысты өзінің
тәжірибелік маңызын жоғалтты, өйткені 80-ші жылдардағы банкті реформалаудың
бірінші кезеңінің жүрісінде саны көп ауқымды объектілерді несиелеуден
(қалдық бойынша, сол сияқты айналым бойынша да) біртұтас несиелеу механизмі
бойынша ірі объектілерді тек айналым бойынша несиелеуге өтудің объективті
процесі аяқталды. Мұнда айналым бойынша несиелеу жиынтық қорлар мен өндіріс
шығындары бойынша несиелеу формасын қабылдады, сондай-ақ мұндай формаға іс
жүзінде шаруашылықтың барлық салалары өткізілді. Қазіргі жағдайда мұндай
тәртіпте өнеркәсіптік, көлік, құрылыс, ауыл шаруашылық, сауда және
жабдықтау-сату ұйымдары несиеленеді.
Сонымен, қазіргі банктік тәжірибеде несиелеу әдісінің үш түрі
қарастырылады:
1. айналым бойынша несиелеу әдістері;
2. қалдық бойынша нссислеу әдістсрі;
3. айналым - қалдықтық
Айналым бойынша несиелеу барысында несие несиелеу объектісінің
айналымындағы қозғалысын -жалғастырып отырды. Несие қарыз алушының
шығындарын оның ресурсы босағанға дейін аванстайды. Несиеге деген
объективтік қажеттілікті ұлғайту шараларына байланысты несие мөлшері өсіп,
бұл қажеттіліктің азаюына байланысты несие қайтарылады.
Қалдық бойынша несиелеу бларысында несие несиеге деген қажеттілік
тауарлы - материалды құндылықтар және шығындар құндылықтарымен өзара
байланысты. Мысалы, кәсіпорын өзіне қажетті құндылықтарды өзінің қаржылай
көздері есебінен сатып алуы мүмкін және содан соң оларды қамтамасыз ете
отырып, банктен несие алуға өтініш жасайды, сондай-ақ шығарылған шығындарды
өтейді. Несие бұл жағдайда тауарлы --материалды құндылықтардың қалдықтарын
есепке ала отырып, компенсациялау тәжірибесінде беріледі, ал қажетті
материалдарды сатып алу шығындары авансылау үшін берілмейді. Қалдық бойынша
несиелеуде несиелеу обьектісі толығымен қамтылады.
Айналым және қалдық бойынша несиелеудің іс жүзінде ұштасуының
нәтижесінде айналым - қалдықтық әдісі түзіледі. Мұндағы бірінші кезеңде,
несиеге деген қажеттіліктің туындауына байланысты несие берілсе, ал екінші
кезеңде, берілген несие қатаң түрде өтеледі. Бірінші кезеңде несие тауарлы
- материалды құндылықтарды кепілге алып, шығындар айналымының бастапқы
кезеңінде берілсе, ал екінші кезеңде, несие клиенттің банк алдындағы
мерзімді міндеттемелері негізінде өтеледі.
Шетелдік банктік тәжірибеде несиелеудің мынандай екі әдісі белгілі:
бірінші әдіс бойынша несиені беру туралы мәселе әр алған сайын қарапайым
тәртіппен шешіледі. Несие қаражатқа деген белгілі бір мақсатқа қажеттілікті
қанағаттандыруға беріледі. Бұл әдіс несиелерді беру барысында қолданылады.
Екінші әдіс барысында несиелер қарыз алушы банктің алдын ала белгіленген
несиелеу шегі көлемінде беріледі. Бұл несиелеу шегі оларға белгілі бір
мерзім аралығында төлем құжаттарын банкке төлеуге көрсету жолымен
қажеттілік шараларына байланысты пайдаланылады.
Несие берудің мұндай формасын несиелік желіні ашу деп атайды.
Несиелік желі - келісілген лимит негізінде белгілі бір мерзім ішінде
қарыз алушыға несие беріп отыратындығы заңдастырылған, яғни банктің қарыз
алушы алдындағы мідеттемесі.
Ашылған несиелік желі арқылы несиенің есебінен банк пен қарыз алушының
арасында жасалынған несиелік кілісім - шартқа сәйкес, кез келген есеп
айырысу құжаттарын төлеуге болады. Несиелік желі көбіне бір жылға ғана
ашылады, бірақ кейде одан да қысқа мерзімге ашылуы мүмкін. Клиент банктен
несиелік желі мерзімінің кез келген уақытында қосымша келіссөздер жүргізбей-
ақ және ешқандай бланк толтырусыз несие ала алады. Бірақ банк қарыз
алушының қаржылық жағдайының нашарлағанын байқап қойса, бекітілген шек
көлемінде несие беруге келіспеу құқығы сақталады. Белгіленген тәртіп
бойынша, несиелік желі тұрақты қаржылық жағдайы және жақсы ресурстары бар
клиенттерге ашылады. Клиенттің өтініші бойынша несиелеу шегі қайта қаралуы
да мүмкін.
Несиелік желінің жаңартылған және жаңартылмайтын түрлері болады.
Жаңартылмайтын несиелік желі ашқан жағдайда несиені беріп және оны
өтегеннен кейін банк пен клиент арасындағы қарым қатынас аяқталады.
Жаңартылған несиелік желі барысында (револьверлік) несие автоматты түрде
қарыздың белгіленген лимит шегінде беріледі және өтеледі. Несиелік желі,
сол сияқты мақсаты да болуы мүмкін. Мұндай мақсатты несиелі желі клиенттің
бір келісім - шарт төңірегінде белгілі бір тауарларды жабдықтауды төлеуі
үшін ашылады.
Жаңартылған несиелік желі әдісінің сыртқы көрінісі жағынан отандық, яғни
ірі обьектінің айналымы бойынша несиелеу әдісіне көбірек ұқсастығы да
болады. Бірақ та олардың арасында айырмашылықтары да бар. Сөйтіп, шетелдік
банктер несиелік желіні тек бірінші кластық қарыз алушыларға ғана ашылады,
ал біздің коммерциялық банктерде ондай клиенттерді бөліп жатпайды. Сонымен
қатар, несиелеу шегін анықтау тәсілдері де әр түрлі, сол сияқты өлшенбейтін
төлемдер көлеміне байланысты ажыратады. Бізде ол біршама маңызды. Мұндай
кемшіліктер жаңа коммерциялық құрылымдарға несиелік желі ашуға болмайды.
Бірақ та, мұндай клиенттерді несиелеудің басты әдісі - әр жекелеген
несиелерді беру барысында қарапайым көзқараста болу болып табылады.
Қазақстанда несиелердің келесі түрлері дамыған.
1. Ұлттық банктің несиелері:
– аукциондық - Ұлттық банктің ақша несие саясатының уақытша құралы
болып табылатын және екінші деңгейдегі банктерге аукциондық негізде,
республика банктерінің 1 айдан 3 айға берілетін қысқа мерзімді
несиелерге деген қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатындағы берілетін
несие;
– ломардтық - Ұлттық банктің мемлекеттік бағалы қағаздарды кепілге ала
отырып, жоғары пайызбен берілетін қысқа мерзімді несиенің түрі;
– бюджеттік - Ұлттық банк Қазақстан Республикасы министірлігіне
қайтарымдылық шартымен беретін несиесі.
2. Екінші деңгейдегі банктердің несиелері:
- өз айналым қаражаттарының жеткіліксіздігін уақытша толықтыруға;
- күрделі жұмсалымдарды қаржыландыруға;
- импорттық бойынша контрактілерді төлеу үшін берілетін импорт;
- ипотекалық;
- несиелік желі негізінде - қарыз алушының бірінші талап етуі бойынша
және белгілі бір кезең бойында келісілген лимит шегінде оған несие беру
туралы банктің заңдық рәсімделген міндеттемесі;
- тұтыну мақсаттарына;
- банкаралық;

1.2 Несиелеу механизмі және несиелік процесс

Несиелеу механизмінің кеңес экономисттері жалпы несиелік механизмінің
“техникалық қабаты” ретінде бөліп қарастырады.
Несиелеу мезанизмі - несиенің берілу және қайтарылу әдіс тәсілдерін және
несиелеу процесін, сондай-ақ несиенің қозғалысына бақылауды қамтитын
несиелік механизмнің құрамдас бөлігі.
Басқаша айтқанда несиелеу механизмі бұл несиені пайдалану механизмін
білдіреді. Несиелеу мезанизмі - бұл несиені ғылыми тұрғыда тану механизмін
сипаттайды. Бұл мезанизм практикада нақты әрекет ететін, өзінің
субьективтік сипаты бар механизм. Несиелеу механизмі өзінің мәні жағынан
несиелік процесс технологиясын бейнелейді.
Несиелеу процесі мынадай кезеңдерді қамтиды:
– несиеге деген өтінішті қарау.
– несиелік қабілетін талдау.
– несиелік келісім шарт жасасу.
– несие беру.
– несиелік мәміленің орындалуына бақылау жасау.
1 кезең. Банкке келіп түскен несиеге деген өтінішті қарау. Кез келген
несиелік операциялар осыдан басталады. Мұндай құжаттарда қарыз алушы мен
сұралатын несие туралы негізгі мәліметтер: мақсатты мөлшері, түрі, мерзімі
мүмкін болар қамтамасыз ету мүлкі көрсетіледі. Банктің қоятын талаптарына
байланысты өтінішке қосымша, яғни несиелік операциялар сипатына байланысты
құжаттар беріледі. Клиенттердің әр түрлі топтары үшін әр түрлі құжаттар
пакеті әзірленуі мүмкін. Мысал ретіндегі құжаттар пакетінің құрамына
жататындар:
1) құрылтайшылық құжаттардың, жарғының, жалға алу шарттарының, тіркелген
куәліктерінің немесе патенттерінің; нотариалды түрде куәландырылған жерді
пайдалану құқығын куәландыратын құжаттар; азаматтардың төл құжаттары және
клиенттің несие алуға құқығын растайтын басқа да құжаттардың көшірмелері;
2) соңғы екі жылдық қарыз алушылардың балансы және оған қосымша беттер;
3) несиеленетін шаралардың рентабельдік деңгейі және оның қайтарылу
мерзімін сипаттайтын техникалық - экономикалық есебі;
4) несиеленетін мәмілелерді растайтын келісім шарттар көшірмелері
(материалдық құндылықтарды жабдықтауға және сатуға арналған шарттар,
тауарлы-материалдық құндылықтар шотының көшірмелері және т.с.с);
5) басқа банктерден алған несиелер туралы мәліметтер (шоттар бойынша
көшірме);
6) қамтамасыз ету мақсатында кепілге берілген мүлікке қарыз алушының
меншік құқығын растайтын құжаттар;
7) несиені қайтаруға байланысты міндеттемені куәландыратын құжаттар;
8) қызметін жаңадан бастаған, яғни қажылық есептер және басқа да
құжаттары жоқ кәсіпорынның бизнес жоспары.
Қажет жағдайларда банк қарыз алушыдан несиені қайтаруын қамтамасыз
ететін басқа да құжаттар мен мәліметтерді талап ете алады. Сонымен қатар,
банкпен тұрақты несиелік қатынаста болатын қарыз алушылар үшін кейбір
құжаттар тізімі қысқаруы мүмкін. Онда: фирманың жетекші мен қарыз алушының
аты-жөні; қызметі және меншік түрі; клиенттің заңды мекен-жайы және
реквизиттері; негізгі құрылтайшылары; ол сұрайтын несиенің мақсаты, соммасы
және мерзімі, соңғы есептік күнге берілген баланс құрылымы және басқа да
көрсеткіштер.
Тапсырылған құжаттарды оқып үйрену барысында банк қарыз алушының алған
несиесін қайтару қабілетін бағалаудың шешім қабылдау үшін аса маңызы бар.
Бағалау тезникалық - экономикалық есеп негізінде жасалады.
2 кезең. Қарыз алушының несиелік қабілетін талдау кезеңі.
Қарыз алушының несиелік қабілеті - қарыз алушының алған несиесі бойынша
қарызды уақытылы және толық көлемде қайтару қабілетін бағалаумен
сипатталады. Несиені қайтара алмау тәуекелі көптеген факторлардың әсерінен
болуы мүмүкін, сондықтан да банк клиетке несие беруге шешім қабылдаудан
бұрын оның несиелік қабілетін талдайды. Бұл көрсеткіш банктің өтімділігіне
ықпал етеді.
Қарыз алушының несиелік қабілетіне талдау жасау барысында мынандай
факторлар есепке алынады:
1) Несиеге қатысыты қабілеттілігі.Қарыз алушыға несиені бере отырып,
қарыз алушының атынан шығатын тұлғаның құқықтық қуатын анықтайтын Жарғысы
және нұсқауымен танысуға тиіс;
2) Қарыз алушының іскерлік беделі. Несиелік мәмілеге тиісті беделі деп
қарыз алушының қарызды қайтаруға дайындығын ғана түсінбейді, сондай-ақ
келісім шартқа байланысты барлық міндеттемелерді орындауы түсіндіріледі.
3) Табыс алу қабілеті. Банк қарыз алушының несиені қайтаруға жеткілікті
қаражатты табу қабілетіне баға беруі қажет.
Қарыз алушының табыс алу қабілетін анықтау барысында сату көлеміне, баға
шығындарына, шығыстарға әсер ететін факторлар есепке алынады. Бұл
факторларға: қарыз алушы кәсіпорынның орналасқан жері, оның тауарлары мен
қызметтерінің сапасы, шикізат құны, қызметкерлерінің біліктілігі жатады.
Несиелеудегі шетелдік тәжірибеде бұл факторларға қоса жарналау тиімділігі,
бәсеке сияқты факторлар ескеріледі.
3 кезең. Несиелік және кепіл туралы келісім шарт жасасу. Қазіргі
несиелеудің басты ерекшелігі бойынша банк қарыз алушының несиелік қабілетін
тексеріп болғаннан кейін, несиелік шарт жасасу үшін несиелеу субьектісімен
қатынасқа түседі. Несиелеуге байланысты барлық сұрақтарға банк пен қарыз
алушы келісім шарт негізінде шешеді.
Несиелік келісім шарт екі жақтың өзара міндеттемелерін және
жауапкершіліктерін анықтайды. Онда мыналар көрсетіледі:
– несиелеу мақсаты және обьектісі;
– несиенің мөлшері;
– несиені беру мерзімі және қайтару шарттары;
– несие үшін төленетін сыйақы мөлшерлемесі;
– несиенің қозғалысын және клиенттің қаржылық жағдайын бақылау үшін
қарыз алушының беретін құжаттарының тізімі;
– несиелеу процесіндегі банктің бақылау қызметі.
Несиелік келісім шарттың мазмұнын келісуші жақтардың өздері анықтайды.
Несиелік қатынастарды ұйымдастыру тәжірибесінде кепіл туралы келісім
шарттың орны ерекше. Кепіл туралы шарт кепіл затына байланысты ажыратылады.
Кепіл затына: заттар, бағалы қағаздар, басқа да мүліктер және мүліктік
құқықтар жатады.
Материалдық - заттық мазмұнына қарай кепіл заттары мынадай топтарға
бөлінеді:
1. Клиенттерінің мүліктерінің кепілі:
а) шикізаттар,материалдар,жартылай өнімдер кепілі;
ә) тауарлар және дайын өнімдер кепілі;
б) валюталық бағалылар,алтыннан жасаоған бұйымдар кепілі;
в) басқа да тауарлы-материалды құндылықтар кепілі;
– бағалы қағаздар кепілі;
– сол банктегі депозиттер кепілі;
– жылжымайтын мүлік кепілі;
2. Мүліктік құқықтар кепілі:
а) жалгерлік құқық кепілі;
б) авторлық құқық кепілі;
в) жерге құқық кепілі.
Кепіл туралы келісім шартта мынадай мәселелер қарастырылады:
– келісім шарт жасасушы тараптар туралы мәліметтер;
– келісім шарт заты;
– кепіл берушінің құқықтары мен міндеттері;
– талап ету құқықтары;
– кепілге қойған қайта рәсімдеу, басқа мүлік есебінен;
– кепілге қойған мүліктің бұзылуына байланысты тәуекел мен затын
ауыстыру;
– тараптардың жауапкершілігі;
– дауларды шешу;
– басқа шарттар;
– кепіл туралы келісім шарт жасасулардың заңды мекен жайы мен өзге де
мәліметтері.
4 кезең. Несие беру кезеңі. Бұл кезең ағымдық шот ашу, несиені беруді
құжаттау тәртібін, несиені беру тәсілін анықтайтын несиелеуді ұйымдастыру
және техникалық шарттарын қамтиды.
Несиенің көлеміне байланысты әр түрлі берілу тәсілдері болады. Біріншісі
- несие клиенттің шотына толығымен аударылып, қажет болған жағдайларда
жасалынады. Екіншісі - несие алу құқығы қосымша қаражаттарға деген
қажеттіліктің туындауына байланысты біртіндеп іске асады. Үшінші - белгілі
бір соманы алуға клиеттің құқығы бола отырып, ол оны алудан бас тартады.
Несиенің мөлшері оны беру барысында несиелеу ережелеріне сәйкес
анықталады.
5 кезең. Несиені қайтару және оған сыйақы төлеуіне бақылау жасау -
несиелік операцияның маңызды кезеңі. Несиелер бойынша қарызды қайтару
тәсілі банк қаражаттарының пайдалану ұзақтығына және олардың төлем
айналымын құраудағы рөліне байланысты.
Несиенің берілуі сияқты несиені қайтарудың бірегей жасалған үлгісі жоқ.
Іс жүзінде несиені қайтарудың төмендегідей көптеген варианттары болады:
1) мерзімі міндеттемелер негізінде эпизодтық қайтару;
2) меншікті қаражаттардың жинақталуының және несиеге деген есеп айырысу
шотына қажеттіліктің азаюы шамасына қарай қайтару;
3) алдын ала белгіленген сома негізінде жүйелі түрде қайтару;
4) түскен түсімді бірден несиелік қарызды жабуға есептеу;
5) несиенің қайтарылу мерзімін созу;
6) мерзімі өткен қарызды “Мерзімі өткен несиелер” шотына аудару;
7) банк резерві есебінен мерзімі өткен несиелерді шегеру;
Несиелік қарызды қайтару туралы қарастырылған варианттар бұл процесті
мынадай белгілеріне байланысты жіктейді:
Қайтаруына қарай:
1) несиені толық қайтару;
2) несиені жартылай қайтару.
Қайтару жиілігіне қарай:
1) несиені бірден қайтару;
2) несиені бөліп қайтару.
Қайтарылудың жүзеге асырылу уақытына қарай:
1) несиені жүйелі түрде қайтару;
2) несиені эпизодтық қайтару.
Қайтару мерзіміне қарай:
1) несиені мерзімді қайтару;
2) несиенің ұзақтығын созып қайтару;
3) несиенің мерзімін өткізіп барып қайтару;
4) несиені мерзімінен бұрын қайтару.
Қайтару көздеріне қарай:
1) клиенттің меншікті қаражаттары;
2) жаңа несиені пайдалану;
3) кепіл берушінің шотынан шегеру;
4) басқа кәсіпорын шотынан түскен қаражаттар;
5) бюджеттік түсім және т.б
Несиенің қайтарылуын арнайы құжат арқылы жасауға да,жасамауға да болады.
Несиенің қайтарылуын негіздейтін құжаттарға:клиенттің жазбаша үкімі,
банктің өзінің үкімі, соттың бұйрықтары жатады. Клиенттің өзінің шотынан
ақшалай қаражаттарды шегеру туралы берген үкімі жазбаша да және ауызша да
болады. Несиенің қайтарылуы арқылы да жүзеге асырылады.
Несиенің қайтарылуына бақылау жасау үшін банкте несиелер бойынша
мерзімді міндеттемелердің картотекасын жүргізеді. Банк қызметкерлері
күнделікті қайтарылатын мерзімі жеткен несиелерді қарай отырып, қарыз
алушының есеп айырысу шотынан қаражаттарды шегеруге үкім - орден береді.
Жартылай қайтаруға байланысты төлемдер уақыты жеткен кезде мерзімді
міндеттеменің келесі беттеріне тиісті белгілерін жасайды. Егер де қарыз
алушының ағымдық шоты басқа банкте ашылған болса, несие бойынша қарызды
және сыйақыны қайтару қарыз алушының төлем тапсырмасы негізінде
жүргізіледі. Жекелеген жағдайларда, қарыз алушының уақытша қаржылық
қиындықтарға кезігуіне байланысты банк қайтару мерзімін кейінге қалдыруға
рұқсат етуі мүмкін, бірақ бұл қарыз жоғарғы сыйақымен құжатталады.
Сыйақы мөлшері оны төлеу мерзімі және тәртібі, сондай-ақ оларды
іздестіру механизмі несиелік келісімшартта анықталады. Сыйақы ай сайын,
тоқсан сайын және т.б есептелуі және қайтару кестесіне сәйкес іздестірілуі
мүмкін.
Пайызды есептеу барысында шартты түрде айдағы күндер саны-30, ал жылдағы
360 күнмен алынады.
Банк несиелік келісім шарттың орындалуына, қарыз алушының алған несиені
пайдалануына және оны толық қайтаруына бақылау жасайды.

1.3 Екінші деңгейлі банктердің несиелеуінің шетелдік тәжірибесі

Халықаралық несие нарығы - бұл қайтарымдылық және сыйақы төлеу шарттары
негізінде мемлекеттер арасындағы ссудалық капиталдың қозғалысы жүзеге
асырылатын және сұраныс пен ұсыныс пайда болатын нарықтық қатынастар
аймағы.
Қазіргі заманғы ссудалық капитал нарығы 20-ші ғасырдың 60 жылдары пайда
болған. Бұған дейін 40 жыл аралығында 1929 - 1933ж.ж әлемдік экономикалық
дағдарыстың, екінші дүние жүзілік соғыстың, валюталық шектеулер нәтижесінде
қатты құлдырады. Бастапқы кезеңде бұл нарық баяу дамыды. 60 жылдары
нарықтың даму қарқыны ұлғайды, ал 70 - 90 жылдары ссудалық капитал
нарығының масштабы өте үлкен болды. Әлемдік ссудалық капиталдың негізгі
құралы ұлттық ссудалық капиталдың шетел банктерінің басқаруына бағытталуы
болып табылады.
Классикалық шетел несиелері валюта бірлігі мен қарызды алу орнының
бірдей болу шарттары негізінде пайда болды. Мәселен француздық фирма
несиені Лондоннан фунт - стерлингте алады. 50 жылдардың аяғынан бастап
біртіндеп евронарық құрылды және ол үздіксіз ұлғайып отырды. Евронарық -
әлемдік ссудалық капиталдың бір бөлігі. Оның негізінде банктер евровалютада
депозиттік - ссудалық операцияларды жүзеге асырады. Евровалюта - шетел
банктерінің шоттарына аударылған және оларды барлық елдерде операцияларды
жүзеге асыруға қолданылатын валюта.
Әлемдік ссудалық капитал нарығындағы несиенің құнына сыйақы ставкалары
және әр түрлі комиссиялар кіреді. Егер мәселен Германия Француз банкісінде
депозитті доллармен (яғни несиені АҚШ долларында береді) орналастырады,
онда ол бойынша сыйақы ставкасы АҚШ, Германия, Францияның сыйақы
ставкаларынан ажыратылады. Халықаралық сыйақы ставкалары несиелік лимит
ашылған кезде консорциялдық несие ұсынылған және еврооблигациялық қарыз
шығарылған кезде алынады. Евронарықтағы сыйақы ставкасы өзіне ауыстырмалы
рөлінде ЛИБОР қысқа мерзімді банкаралық евровалютадағы операциялар бойынша
ұсыныстарды лондондық банкаралық ставкасын қосады. Ал тұрақты элемент
ретінде банктік сыйақыға қосымша “спрэд”, яғни банктік қызмет үшін премия
(маржа). Маржа деңгейі 34 %-дан 3 %-ға дейін құбылып тұрады және несиеге
деген сұраныс пен ұсыныс қатынасына, ссуда мерзіміне, клиенттің несиелік
қабілеттілігіне және несиелік тәуекелге байланысты. Банкаралық қысқа
мерзімді операциялар бойынша сұраныстың сыйақы ставкасы Лондондағы
евронарықта ЛИБИД деп аталады.
Евробанктер жергілікті заң ұйымдардан тәуелсіз және табыс салығын
төлемегендіктен несие бойынша сыйақы ставкасын жоғары табыстылықты сақтай
отырып төмендете алады.
Евронесиелердің формалары. Евробанктер несиені алдын-ала клиенттің төлем
қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін анализдеп, нәтижесінде ссуданың
шарттары жөнінде келісім - шартты рәсімдей отырып береді. Ең қарапайым
келісім - шарт түрі бұл - евронесиені тұрақты сыйақы ставкасымен бүкіл
мерзімге толық соммамен ұсыну болып табылады. Сыйақы ставка өзгерістерінің
әсерінен шығындарды болдырмау үшін банктер осындай мерзімге қысқа мерзімді
евронесие нарығында қайта қаржыландыруға барады. Сондықтан да
евранесиелердің мерзімі тұрақты сыйақы ставка бойынша бір жылдан аспайды.
Орта және ұзақ мерзімді евронесиелер “стэнд-бай” және жаңару шарты бойынша
беріледі. Бірінші жағдайда банк қарыз алушыға қысқа мерзімдерге бөлінетін
(3,6,9,12 ай) бүкіл несиені қолдану мерзіміне келісілген несие соммасын
беруге міндеттеледі. Олардың әр қайсысы үшін ағымды сыйақы ставкасы
орнатылады және бұл евровалюта нарығында ЛИБОР динамикасының есебімен қайта
қарастырылады. Бұл қысқа мерзімді ресурстарды қолдана отырып, орта және
ұзақ мерзімді несие беруге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР-ның экономикасының қазіргі жағдайындағы несиенің теориялық аспектілері
Несие жүйесі
Несиелік механизмнің экономикалық мағынасы
НЕСИЕЛІК РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУ КӨЗДЕРІ
Банктің несиелік операциялары мен маңызы
Ипотекалық несиелеудің Қазақстандық үлгісі
Қазақстан банкілерінің тұрғын үй несиелеу саласындағы тәжірибесі
Қазақстан Республикасындағы банктердің ипотекалық несиелеуі
НЕСИЕ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
Екшінші деңгейлі банктердің халықаралық қарым-қатынасын дамыту
Пәндер