Қазақстанда ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы білім беруге қойылатын талаптар
Жоспар
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Қазақстанда ХІХ ғасырдың басынан Ұлы Қазан революциясына дейін білім беру жүйесінің ахуалы
2. ХІХ ғасырдың екінші жартысында білім беруге қойылатын талаптар
3. Қазақстанда педагогикалық ой.пікірлердің қалыптасуы
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ

Кіріспе
ХІХ ғасырдың 60-жылдары Россияда үлкен қоғамдық қозғалыс кезеңі болды. Ол өндіргіш күштердің дамуы мен бұл дамуды тежейтін крепостнойлық қатынастардың арасындағы күннен-күнге өршіп келе жатқан қайшылықтардың негізінде пайда болды. 1853-1855 жылдарындағы Қырым соғысы Россиядағы крепостнойлық жағдайдың әлсіздігін айқын ашып берді. В.И.Ленин 60-жылдарды сипаттай келіп, былай деп жазды: «Еуропада демократиялық қозғалыстың жандануы, Польшадағы толқу, Финляндиядағы наразылық, бүкіл баспасөздің, бүкіл дворян тобының саяси реформалар жазуды талап етуі, бүкіл Россияда «Колоколдың» таралуы, цензурадағы байқауындағы мақалалармен де нағыз революционерлерді тәрбиелей білген Чернышевскийдің күшті уағызы, үндеу хаттардың шығуы, шаруалардың бас көтеруі, өздерін тірідей тонайтын «Ережені» оларға «екінің бірінде» соғыс күшімен, қан төгіспен қабылдауға тура келу, дворяндардың – келістіруші билердің мұндай «ережені» қолданудан ауыз біріктіріп бас тартуы, студенттердің тәртіпке бағынбауы – осындай жағдайда ең сақ, ақыл-ойлы саясатшы адам революциялық дүипудің өзін толық ықтимал деп тануға тиіс еді».
ХІХ ғасырдың 60-жылдарындағы Россиядағы революциялық қозғалыс саяси, экономикалық және мәдени өмірдің барлық салаларын қамтыды. Орыс философиясы мен әдебиеті (Чернышевский, Добролюбов, Писарев, Некрасов, Толстой, Тургенев, Салтыков-Щедрин және т.б.), орыс музыкасы (бір топ композиторлар), орыс бейнелеу өнері («Передвижники»), орыс ғылымы (Сеченов, т.б.) бұл кезеңде дамудың доғарғы сатысына көтерілді.
60-жылдардағы орыс мәдениетінің барлық саласында да материалистік идеяның сыншыл реализмнің, халықтық идеяның дамығандығын байқауға болды. ХІХ ғасырдың 60-жылдарындағы педагогикалық қозғаоыс сол кездегі қоғамдық қозғалыстың бір бөлігі болып табылады. Крепостнойлық тәрбиені қатты сынау, сословиелік мектеп пен ерте мамандыруға күрес, жалпы білім беру үшін, азаматты тәрбиелеу үшін, әйелдерге білім беру үшін күрес, ескі діни оқуға, құрғақ жаттау мен жазалау қарсы күрес, баланың жеке басын сыйлау, халық мектептерін көптеп ашуды талап ету, жоғарғы мектеп автономиясы – міне, осылар ХІХ ғаысрдың 60-жылдарындағы орыстың прогресшіл педагогикасының көтерген негізгі мәселелері болды.
Бұл кезеңде бірінші қоғамдық ұйымдар ашылып, олар өз алдарына педагогика теориясы мен практикасының өзекті проблемасын шешу мақсатын көздеді. 1859 жылы қазанда Петербургте педагогикалық жиналыс құрылды. Кейіннен ол Петербург педагогикалық қоғамы болып аталды. Оның жұмысына К.Д.Ушинский, В.Я.Стоюнин, В.И.Водовозов, Д.Д.Семенов, Я.Я.Герд т.б. көптеген педагогтар мен методистер қатысты. Көптеген қалаларда қоғамдық педагогикалық ұйымдар пайда бола бастады.
ХІХ ғасырдың 60-жылдарында орыс педагогикалық ғылымының даму тарихында әр түрлі бағыттар орын алып келді. Педагогикалық қозғалыс бір бағытта болған жоқ. Әр түрлі педагогикалық топтар мен сол топтарды жақтаушы педагогтар педагогикалық мәселелерді өз топтарының тұрғысынан түсіндірмек болды.
Еңбекші бұқараның мүддесін жақтайтын педагогиканың өкілдері ең прогресшіл революцияшыл демократиялық бағытта болды. Бұл бағыттың ең көрнекті өкілдері Н.Г.Чернышевский мен Н.А.Добролюбов еді. Бұл бағыт мынаны: жалпыға бірдей оқу, мектепті демократизациялау, қоғамдық өмірдің барлық саласында бірдей әйелдер мен ерлердің тең құқылығы, оның ішінде халық ағарту саласындағы теңқұқылығы, тәрбиенің мақсаты революционерді, крепостнойлық қалдықтары мен самодержавиеге қарсы күрескерді даярлауды талап етті. Белгілі революцияшыл-демократиялық бағыттан буржуазияшыл-либералды педагогикалық бағыттың айырмашылығы бар. Бұл бағыттың ең көрнекті өкілдерінің бірі Н.И.Пирогов, В.Я.Стоюнин, И.А.Корф т.б. Крепостниктік тәрбиеге қарсы шығып, мектептің реформаларын талап ете отырып, «адам тәрбиесі» үшін, балаға адамгершілік тұрғысынан қарау туралы пікір айтуымен қатар, бұл бағыттың өкілдері өздерінің педагогикалық көзқарастарында либералдарға тән екі жүзділік көрсетті. Олар патша үкіметіне қанағаттарлықтай жәрежеде мектеп реформаларын жүргізуге толық мүмкіншілігі келеді деп түсінді. Әелдерге білім беруді жақтай отырып, бірақ олардың тең құқылығына қарсы шықты. Халық мектептерін көбірек ашуды ұсына отырып, жалпыға бірдей оқыту мәселесін ескермеді. Ескі оқуға қарсы шыға отырып, ол ұрып-соғу арқылы жазалауды жоққа шығарған жоқ, оны белгілі дәрежеде шектеу керектігін айтты. Тәрбиенің мақсатын буржуазияшыл-либералдық бағыттың педагогтары мәдени және адамгершілік жағынан дамыған адамды дайындау екендігін түсіндіріп берді, бірақ та олар мұндай сапалар деп нені түсінетінін ашып берген жоқ. Бұл мәселе туралы екі ұшты пікірде болды. Революцияшыл-демократиялық бағыттың өкілдері ұсынған тәрбиенің мақсаттары мен идеялық саяси принциптеріне либерал-педагогтар көп жағдайларда сенімсіз қрады. Олардың көз-қарастарына қарсы болды.
Бұл екі бағыттың арасында аралық жағдайды ұстаған, бірақ буржуазияшыл-либералшыл бағытқа біршама жақын көзқарастағы педагогтарға буржуазиялық демократияшыл бағыттың өкілдері жатады. Бұл бағыттың өкілдерінің қатарына К.Д.Ушинский және оның жолын ұстаушы педагогтарды (В.И.Водовозов, Н.Ф.Бузнаков, т.б.) атауға болды. Бұл топқа жататын педагогтар, буржуазиялшыл-либералшыл бағытқа жататын педагогтар сияқты, белгілі қоғамдық құрылыстың көлемінде мектептің жағдайын жақсартуға, мәдени және адамгершілік жағынан адамдарды тәрбиелеуге болатындығын түсіндірді.
Сондықтан менің курстық жұмыста мақсатым – осы жоғары аталған тұлғалардың Қазақстанда ХІХ ғасырдың 60-жылдарындағы білім беру ісіне қосқан үлестін талдай отырып, К.Д.Ушинскийдің ойларына сүйеніп білім беруге қойылатын талаптарды талдау болып табылады.

Пайдаланған әдебиет тізімі
1. Қ. Бержанов «Педагогика тарихы: қысқаша курс» екінші басылым. ЖО орындар студенттеріне арналған оқулық. Алматы «Мектеп» 1984 жыл.
2. Қ. Бержанов «Оқу-ағартудағы халықтар достығы» Алматы «Мектеп» 1976жыл.
3. Ә.І. Сембаев «Қазақ совет мектептерінің тарихы» оқу құралы, Алматы «Мектеп» 1967 жыл.
4. Т.Т. Тажибаев «Развитие просвещения и педагогической мысли в Казахстане во второй половине ХІХ века», Издательство АН КазССР 1958 год.
5. Т.Т. Тажибаев «Педагогическая мысль в Казахстане во второй половине ХІХ века», Алматы «Казахтан» 1965 год.
6. Т.Т. Тажибаев «Просвещение и школы Казахстана во второй половине ХІХ века», Алматы «Казполитиздат» 1967 год.
7. Ғ. Ниязова «ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының хабарлары. Тіл, әдебиет сериясы» 2002 жыл №2.

Қазақстан Республикасының Білім мен ғылым министрлігі
Педагогика кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Қазақстанда ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы білім беруге
қойылатын талаптар
Орындаған:
Тексерген:
Жоспар
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Қазақстанда ХІХ ғасырдың басынан Ұлы Қазан революциясына дейін
білім беру жүйесінің ахуалы
2. ХІХ ғасырдың екінші жартысында білім беруге қойылатын талаптар
3. Қазақстанда педагогикалық ой-пікірлердің қалыптасуы
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ
Кіріспе
ХІХ ғасырдың 60-жылдары Россияда үлкен қоғамдық қозғалыс кезеңі
болды. Ол өндіргіш күштердің дамуы мен бұл дамуды тежейтін крепостнойлық
қатынастардың арасындағы күннен-күнге өршіп келе жатқан қайшылықтардың
негізінде пайда болды. 1853-1855 жылдарындағы Қырым соғысы Россиядағы
крепостнойлық жағдайдың әлсіздігін айқын ашып берді. В.И.Ленин 60-жылдарды
сипаттай келіп, былай деп жазды: Еуропада демократиялық қозғалыстың
жандануы, Польшадағы толқу, Финляндиядағы наразылық, бүкіл баспасөздің,
бүкіл дворян тобының саяси реформалар жазуды талап етуі, бүкіл Россияда
Колоколдың таралуы, цензурадағы байқауындағы мақалалармен де нағыз
революционерлерді тәрбиелей білген Чернышевскийдің күшті уағызы, үндеу
хаттардың шығуы, шаруалардың бас көтеруі, өздерін тірідей тонайтын
Ережені оларға екінің бірінде соғыс күшімен, қан төгіспен қабылдауға
тура келу, дворяндардың – келістіруші билердің мұндай ережені қолданудан
ауыз біріктіріп бас тартуы, студенттердің тәртіпке бағынбауы – осындай
жағдайда ең сақ, ақыл-ойлы саясатшы адам революциялық дүипудің өзін толық
ықтимал деп тануға тиіс еді.
ХІХ ғасырдың 60-жылдарындағы Россиядағы революциялық қозғалыс саяси,
экономикалық және мәдени өмірдің барлық салаларын қамтыды. Орыс философиясы
мен әдебиеті (Чернышевский, Добролюбов, Писарев, Некрасов, Толстой,
Тургенев, Салтыков-Щедрин және т.б.), орыс музыкасы (бір топ
композиторлар), орыс бейнелеу өнері (Передвижники), орыс ғылымы (Сеченов,
т.б.) бұл кезеңде дамудың доғарғы сатысына көтерілді.
60-жылдардағы орыс мәдениетінің барлық саласында да материалистік
идеяның сыншыл реализмнің, халықтық идеяның дамығандығын байқауға болды.
ХІХ ғасырдың 60-жылдарындағы педагогикалық қозғаоыс сол кездегі қоғамдық
қозғалыстың бір бөлігі болып табылады. Крепостнойлық тәрбиені қатты сынау,
сословиелік мектеп пен ерте мамандыруға күрес, жалпы білім беру үшін,
азаматты тәрбиелеу үшін, әйелдерге білім беру үшін күрес, ескі діни оқуға,
құрғақ жаттау мен жазалау қарсы күрес, баланың жеке басын сыйлау, халық
мектептерін көптеп ашуды талап ету, жоғарғы мектеп автономиясы – міне,
осылар ХІХ ғаысрдың 60-жылдарындағы орыстың прогресшіл педагогикасының
көтерген негізгі мәселелері болды.
Бұл кезеңде бірінші қоғамдық ұйымдар ашылып, олар өз алдарына
педагогика теориясы мен практикасының өзекті проблемасын шешу мақсатын
көздеді. 1859 жылы қазанда Петербургте педагогикалық жиналыс құрылды.
Кейіннен ол Петербург педагогикалық қоғамы болып аталды. Оның жұмысына
К.Д.Ушинский, В.Я.Стоюнин, В.И.Водовозов, Д.Д.Семенов, Я.Я.Герд т.б.
көптеген педагогтар мен методистер қатысты. Көптеген қалаларда қоғамдық
педагогикалық ұйымдар пайда бола бастады.
ХІХ ғасырдың 60-жылдарында орыс педагогикалық ғылымының даму
тарихында әр түрлі бағыттар орын алып келді. Педагогикалық қозғалыс бір
бағытта болған жоқ. Әр түрлі педагогикалық топтар мен сол топтарды жақтаушы
педагогтар педагогикалық мәселелерді өз топтарының тұрғысынан түсіндірмек
болды.
Еңбекші бұқараның мүддесін жақтайтын педагогиканың өкілдері ең
прогресшіл революцияшыл демократиялық бағытта болды. Бұл бағыттың ең
көрнекті өкілдері Н.Г.Чернышевский мен Н.А.Добролюбов еді. Бұл бағыт
мынаны: жалпыға бірдей оқу, мектепті демократизациялау, қоғамдық өмірдің
барлық саласында бірдей әйелдер мен ерлердің тең құқылығы, оның ішінде
халық ағарту саласындағы теңқұқылығы, тәрбиенің мақсаты революционерді,
крепостнойлық қалдықтары мен самодержавиеге қарсы күрескерді даярлауды
талап етті. Белгілі революцияшыл-демократиялық бағыттан буржуазияшыл-
либералды педагогикалық бағыттың айырмашылығы бар. Бұл бағыттың ең көрнекті
өкілдерінің бірі Н.И.Пирогов, В.Я.Стоюнин, И.А.Корф т.б. Крепостниктік
тәрбиеге қарсы шығып, мектептің реформаларын талап ете отырып, адам
тәрбиесі үшін, балаға адамгершілік тұрғысынан қарау туралы пікір айтуымен
қатар, бұл бағыттың өкілдері өздерінің педагогикалық көзқарастарында
либералдарға тән екі жүзділік көрсетті. Олар патша үкіметіне
қанағаттарлықтай жәрежеде мектеп реформаларын жүргізуге толық мүмкіншілігі
келеді деп түсінді. Әелдерге білім беруді жақтай отырып, бірақ олардың тең
құқылығына қарсы шықты. Халық мектептерін көбірек ашуды ұсына отырып,
жалпыға бірдей оқыту мәселесін ескермеді. Ескі оқуға қарсы шыға отырып, ол
ұрып-соғу арқылы жазалауды жоққа шығарған жоқ, оны белгілі дәрежеде шектеу
керектігін айтты. Тәрбиенің мақсатын буржуазияшыл-либералдық бағыттың
педагогтары мәдени және адамгершілік жағынан дамыған адамды дайындау
екендігін түсіндіріп берді, бірақ та олар мұндай сапалар деп нені
түсінетінін ашып берген жоқ. Бұл мәселе туралы екі ұшты пікірде болды.
Революцияшыл-демократиялық бағыттың өкілдері ұсынған тәрбиенің мақсаттары
мен идеялық саяси принциптеріне либерал-педагогтар көп жағдайларда сенімсіз
қрады. Олардың көз-қарастарына қарсы болды.
Бұл екі бағыттың арасында аралық жағдайды ұстаған, бірақ буржуазияшыл-
либералшыл бағытқа біршама жақын көзқарастағы педагогтарға буржуазиялық
демократияшыл бағыттың өкілдері жатады. Бұл бағыттың өкілдерінің қатарына
К.Д.Ушинский және оның жолын ұстаушы педагогтарды (В.И.Водовозов,
Н.Ф.Бузнаков, т.б.) атауға болды. Бұл топқа жататын педагогтар,
буржуазиялшыл-либералшыл бағытқа жататын педагогтар сияқты, белгілі
қоғамдық құрылыстың көлемінде мектептің жағдайын жақсартуға, мәдени және
адамгершілік жағынан адамдарды тәрбиелеуге болатындығын түсіндірді.
Сондықтан менің курстық жұмыста мақсатым – осы жоғары аталған
тұлғалардың Қазақстанда ХІХ ғасырдың 60-жылдарындағы білім беру ісіне
қосқан үлестін талдай отырып, К.Д.Ушинскийдің ойларына сүйеніп білім беруге
қойылатын талаптарды талдау болып табылады.
1 Қазақстанда ХІХ ғасырдың басынан Ұлы Қазан революциясына дейін
білім беру жүйесінің ахуалы
Қазақ халқының қолы жететін бақыт алдағы
уақытта оның орысша-қазақша білім алу
арқылы рухани және экономикалық тұрғыда
өсіп-өркендеуінде деп білемін.
Ы.Алтынсарин.
Тарихи қалыптасқан жағдайларға байланысты Қазақстан бірнеше ғасырлар
бойы саяси және экономика жағынан бөлшектелген ел болып келді.
Бір орталықтан басқарылатын мемлекеттің болмауы, феодалдардың өз ара
жаугершілігі сыртқы дұшпандардың Қазақстанға басып кіруіне жол ашты. Мұның
өзі қазақ халқының тәуелсіздігіне ғана емес, ел болып өмір сүруіне де қатер
туғызды.
Қазақ халқының халі әсіресе XVІІ ғасырдың аяғында, XVІІІ ғасырдың
басында өте ауыр болды. Бұл кезде Қазақстанды Жоңғар қалмақтарының жаулап
алу қаупі төнді. Қазақ халқына әрдайым достықпен қараған бірден-бір
мемлекет Россия болды.
XVІ ғасырдың өзінде басталған орыс және қазақ қарым-қатынасының бүкіл
тарихы осы достықты дәлелдейді. Сондықтан да қазақ феодалдарының неғұрлым
қырағы өкілдері, мәселен Әбілхайыр хан, бұл қиын-қыстау кезеңде, басқадан
емес, осы Россиядан көмек сұрады. Халық Әбілхайырды қолдады. Сөйтіп,
Қазақстанның Россияға қосылуы 1731 жылы басталды. Ал Қазақстанның Россияға
түгелдей қосылуы XІX ғасырдың орта шенінде аяқталды.
Патша өкіметі Қазақстанда отаршылдық саясат жүргізді. Ол Қазақстанның
шаруашылық және мәдениет саласындағы мешеулігін сол күйінде сақтап, қазақ
халқын надандықта ұстауға тырысты. Орынбор шекара комиссиясының
председателі Ладыженский 1847 жылы Орынбордың әскери губернаторы генерал
Обручевке жазған қағазында бұл саясаттың негізгі принциптерін сипаттай
келіп, Сыртқы істер министрлігінің Азия комитеті председателі қазақтар
жөніндегі саясатта ...орда (қазақ даласы) патша үкіметінің қамқорлығынан
тысқары тұратындай, сөйтіп даланы басқан надандық түнегінде селт етпей
үнсіз жатып, алым-салық төлейтін мылқау, меңіреу күйінде қалатындай ету
керек деген пікір басым болуға тиіс деген көзқарасты қолдайтынын айтқан
болатын.
Екінші бір документте – жоғары дәрежелі бір чиновниктің 1830 жылы
Орынбор әскери губернаторы граф Сухтеленге жазған хаты да осы саясатты
дәлелдейді: Мен қырғыздардың (қазақтардың) қамын жеп, олардың көзін ашып,
оларды европалық халықтардың дәрежесіне жеткізбек болатын филантроптардың
осындай әсіре тілектеріне әуес емеспін. Қырғыздардың мәңгі-бақи көшіп
жүретін малшылар болып қалуын, олардың еш уақытта егін екпеуін, ғылымды
ғана емес, қолөнерін де білмеуін шын ниетпен тілеймін.
Патша өкіметінің Қазақстанда отаршылдық саясат жүргізуіне қарамастан,
оның Россияға қосылуының аса зор прогрестік маңызы болды. Қазақстанның
Россияға қосылуы Орта Азияның артта қалған хандықтарының қазақ халқын
құлдыққа түсіріп, оны бөлшектеп әкету қаупін біржолата жойды. Россияға
қосылудың нәтижесінде Қазақстанның феодалдық бөлшектенуі жойылып, оған
капитализмнің енуіне, сауданың дамуына, рушылдық-феодалдық қатынастың
күйреуіне қолайлы жағдайлар жасалды. Қазақстанның Россияға қосылуы қазақ
халқының отырықшылыққа көшіп, егін кәсібімен айналысуына көмектесті.
Қазақстанның экономикасы неғұрлым шапшаң дами бастады. Мұның өзі қазақ
қоғамындағы тап жігінің айрылуын күшейтті, ондағы тап күресін
шиеленістірді.
Ақырында, озық орыс мәдениетінің Қазақстан мәдениетіне әсері кү-шейіп,
қазақ халқын бірте-бірте бұл озық мәдениетке тартудың, қазақ халқы мен орыс
халқы арасындағы ежелгі достықты нығайтудың ерекше зор маңызы болды. Бұл
достық олардың патша өкіметіне қарсы, қазақ феодалдары мен орыс
капиталистерінің, помещиктердің және патшаның отаршыл чиновник-терінің
озбырлығына қарсы күш біріктірген күресінде айқын көрінді.
Орыс-қазақ мектептерінің ашылуы, бұл мектептерде империалистік
державалардың бүкіл отарлық системасына тән басқа нәсілді кемсітушіліктің
жоқтығы Қазақстанның Россияға қосылуының прогрестік нәтижелерінің бірі
болды.
Россияға қосылғанға дейін Қазақстанға қараған жерде молдаларды және
басқа діни қызметкерлерді даярлайтын діни мектептер мен медреселер ғана
болды. Ондағы сабақ ескі араб тілінде оқытылды, көп уақытта оқығанының
мағынасын оқытушы молданың өзі де түсінбейтін. Мектептер мен медреселердегі
оқу мен тәрбиенің ерекше діншілдік, өмірден қашық дерексіздік сипаты болды.
Жоғары кластарда араб-парсы аралас тілде және түрік тілінде діни мистикалық
мазмұнды әдебиет оқытылды.
Қазақстанның Россияға қосылуынан кейін, патша өкіметінің Қазақстандағы
саясатын жүргізіп, қазақ даласын билеу ісінде өкімет орындарына көмектесе
алатын білімді қазақ чиновниктері жергілікті жердегі ел билейтін аппаратқа
керек болды. Сондықтан патша өкіметі амалсыздан қазақ ақсүйектері мен
байларының балаларына біраз білім беріп, олар үшін орыс-қазақ мектептерін
ашуға тиісті болды.
Қазақстандағы алғашқы мұндай оқу орны Қазақстанның солтүстік
облыстарын басқару орталығы Омскіде 1789 жылы ашылған Азиялық училище
болды. 1841 жылы хан ордасында (Батыс Қазақстан облысындағы қазіргі Орда
қаласы) Жәңгір хан өзінің жақын нөкерлерінің, достарының (әр түрлі руларды
басқаратын султандардың, старшиндардың, билердің) балалары үшін алғашқы
орыс мектеп-пансионын ашты. Білімді оқытушылар болмағандықтан, бұл мектепте
балаларды мал дәрігері мен тілмаш оқытты. Мал дәрігері балаларға орыс
тілін, арифметиканы, географияны, ал тілмаш шығыс тілдері мен мұсылман діні
сабағын оқытатын.
1825 жылы Орынборда татар мектебі негізінде Неплюев әскери училищесі
ашылды, ол 1844 жылы кадеттер корпусы болып қайта құрылды. 1846 жылы
Сібірдің қазақ-орыстар әскери училищесі негізінде Омскіде кадеттер корпусы
ашылды.
1850 жылы Орынбордың шекара комиссия жанында жеті жылдық мектеп
ашылды. Мұнда сабақ орыс тілінде оқытылды, мұнымен бірге татар тілі де
үйретілді. Бұл оқу орындарының бәрі сословиелік мектеп, үстем тапқа
арналған мектептер еді. Бұларға дворяндардың, офицерлердің, чиновниктердің
және патша үкіметінің қызметіндегі қазақ шонжарларының балалары
қабылданатын.
Кадет корпустарының шығыны қазақ халқынан жиналған қаржы есебінен
өтелетін, алайда бұл мектептерге қазақ кедейлерінің балалары
қабылданбайтын. Бірақ патша үкіметі қазақ шонжарлары балаларының да әскери
білім алу мүмкіндігіне мейлінше шек қойып отырды. Мысалы, 1866-1868
жылдарда қазақ балаларын кадет корпустарына оқуға алу тоқтатылды.
Орынбордың кадет корпусында оқып жүрген қазақ балалары онан шығарылды
немесе басқа жай халық мектептеріне ауыстырылды.
Қазақ шонжарларының балаларына арнап ашылған барлық мектептердің
ішінде Омскідегі Сібір кадет корпусында оқу жақсырақ жолға қойылған еді.
Қазақ халқының тамаша ағартушы ғалымы Шоқан Уәлиханов осы корпустың алғашқы
оқушыларының бірі болды. Мұнан қала берді Орынбордың шекара комиссиясы
жанында қазақ балалары үшін ашылған мектепте де оқу бірқос жақсы жолға
қойылды, кейіннен қазақ халқының аса көрнекті педагогы және ағартушы
қайраткері болған Ыбырай Алтынсарин осы мектепте оқыды. Рас, Орынбор
мектебінде алғашқы кездерде мұсылман дін сабағын оқыту басым болды, бірақ
кейіннен дін оқуы бәсеңдетілді, ал 1859 жылы орыс тарихы, математика, жалпы
география және орыс географиясы, геометрия пәндері енгізіліп, оқыту едәуір
кеңейтілді.
1857 жылы Орынбор мектебінің үлгісімен Омскіде облыстық басқарма
жанында қазақ балаларына арналған мектеп ашылды. Бұл мектеп көбінесе
тілмаштар даярлады. Ол ширек ғасырдай уақыт бойына өмір сүріп, 1881 жылы
діни қауым (приход) жанындағы мектептерде, Омскінің мұғалімдер
семинариясында және уездік училищеде оқитын он қазақ және он орыс баласына
арналған пансион болды. Пансионда тәрбиеленетін оқушылар кейіннен қазақ
даласында ашылатын мектептерде педагогтық қызмет атқаруға тиісті болатын.
1865 жылы Омскіде қазақ балалары үшін тағы бір мектеп ашылды, ал 1869
жылы Орынбор гимназиясы жанында шығыс тілдерінің тілмаштары және әскери
округтардың писарьларын (хатшыларын) даярлайтын бөлімше құрылды.
1880 жылдарда Омскіде қазақтың ер балалары мен қыз балаларының бөлек
интернаттары болды. Олардың шығыны қазақ қауымдарының қаржысы есебінен
өтелді. 1885 жылы бұл интернаттар ауыл шаруашылығы мектептері болып қайта
құрылды.
Сөйтіп, орыс мектептерінде қазақ балалары көбінесе осы Батыс Сібір
және Орынбор оқу округтарында оқытылды.
Қазақ балаларын оқытудың көлемі қандай шағын болғанын мынадай бір
мысалдың өзінен көруге болады: қазақ балаларына арналған Орынбор мектебі 19
жылдың ішінде не бары 48 азды-көпті сауатты адам – қазақ интеллигенциясының
алғашқы өкілдерін даярлап шығарды.
Патша өкіметінің халық ағарту саласында да оташылдық саясат жүргізуіне
қарамастан, қазақ және орыс жастарын бірге тәрбиелеп, бірге оқытқан
мектептер өте пайдалы, прогрестік қызмет атқарды. Укіметтің ниеті басқа
бола тұрса да, бұл мектептердің ашылуы орыс және қазақ халықтарының өз ара
жақындасуына жеңілдік келтіріп, қазақ халқының орыс ғылымы мен мәдениетіне
араласуын тездетті, қазак халқына өзінің ұлттық демократиялық мәдениетін
дамытуға мүмкіндік берді. Орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеленген жастардан
көп адамдар кейін осы жаңа мәдениет үшін күресуші қайраткерлердің қатарына
қосылды.
XІX ғасырдың 60-жылдарының өзінде Россияда крепостниктік тәрбие мен
сословиелік мектепке қарсы бағытталған қоғамдық-педагогикалық қозғалыс кең
өріс алды. Н.Г. Чернышевскийдің, Н.А. Добролюбовтың, К.Д.Ушинскийдің, Л. Н.
Толстойдың, И.Н. Ульяновтың жүргізген қызметінің нәтижесінде 70-80-жылдарда
орыс халық мектебі кеңінен қанат жайды.
В.Г.Белинскийдің, Н.Г.Чернышевскийдің, Н.А.Добролюбовтың рево-люциялық-
демократиялық идеялары, сондай-ақ орыс педагогикасының классигі
К.Д.Ушинскийдің және басқа прогресшіл орыс қайраткерлерінің идеялары қазақ
халқының ағартушы қайраткерлері Шоқан Уәлихановтың (1835-1865), Ыбырай
Алтынсариннің (1841-1889) және Абай Құнанбаевтың (1845-1904) дүниеге
көзқарасының қалыптасуына әсерін тигізді.
Шоқан Уәлиханов талантты және жан-жақты ғалым, терең ойшыл болды. Аса
көрнекті тарихшы, лингвист және этнограф, геолог, ботаник, тамаша саяхатшы
еді. Шоқан көптеген қоғам қайраткерлерімен, оның ішінде ұлы революцияшыл-
демократ Н. Г. Чернышевскиймен жүзбе-жүз таныс болды. Орыс революцияшыл
демократиясының көсемімен кездесу Шоқанға аса күшті әсер етті.
Экономикалық және әлеуметтік реформалардың жүргізілуіне ұмтылған Шоқан
Уәлиханов халық мұқтаждарын орындауға, ең алдымен халыктың көзін ашып,
білім алуға ұмтылған тілектерін орындауға шақырды. Шоқанның феодал-
байлардың озбырлығын, дінді сынауы, исламшылдық идеологиясына қарсы күресуі
оның дүниеге көзқарасының күшті жағы болды. Діни жауыздық, - деп көрсетті
Уәлиханов, - халықтың көзін ашып ағартудың және қандай да болсын жаңалықтар
енгізудің қас жауы. Діни рухтың басымдылығы халықтың дамып жетілуіне
мейлінше апатты зардабын тигізеді.
Ғылымның, халық ағартудың дінмен тіпті де сыйыспайтынын түсінген Шоқан
орыстың дүниелік білім мектебін жақтады, діни оқудың зияндылығын
әшкереледі.
Шоқан Уәлиханов мұсылман мектептері орнына, ой мен сезімнің өсуіне
бөгет жасаудан басқа түк пайдасы жоқ жансыз схоластика болмайтын мектептер
ашуды талап етті.
Шоқанның қайтыс болуына байланысты жарияланған қазанаманың авторы
Уәлихановтың ...тілмаштардың және басқа әкімшілік қызметке керекті
адамдардың мектептері түрінде емес, европалық ғылым мен адамгершілікті
тарататын органдардың тұтас жүйесі түрінде елеулі халық тәрбиесін құруға
қамқорлық жасау... керек деп есептегенін жазды. Қазақ халқын орыс халқының
ұлы мәдениетіне, ғылымына және біліміне жақында-туды көздеп Шоқан
Уәлихановтың жасаған кең жоспары осындай еді.
Көптеген тарихи мысалдар мен өзінің Жонғарияға саяхаты кезінде жинаған
материалдары негізінде Шоқан Уәлиханов дінді тарату, зорлықпен енгізу
әрдайым мәдениеттің, әлеуметтіқэкономикалық және саяси қарымқатынастың кері
кетуіне әкеп соқтырып, халықтар арасында талас-тартыс туғызатынын дәлелдеп
көрсетті.
Шоқанның дүние танудағы прогресшілдік көзқарасы, оның ағартушылық
қызметі қазақ халқы мәдениетінің дамуына игілікті әсерін тигізіп,
Қазақстанда жаңа, озық идеялардың тарауына ат салысты.
Қазақ әдебиетінің классигі, тамаша аудармашы, орыс тілі мен
мәдениетінің насихатшысы Абай Құнанбаевтың демократиялық идеялары,
ағартушылық көзқарасы, қызметі де Қазақстандағы материалдық және рухани
прогреске зор үлес қосты.
Абайдың өзінің шығармаларында аянбай насихатталған негізгі идеяларының
бірі еңбек болды. Ол – еңбекті елдің экономикасы мен мәдениетін өрге
бастырудың ең бірінші шарты, адамдардың мінез-құлқын түзетіп, рухани
қазынасын молайтудың негізі деп таныды. Абай көркемөнер-дің қарапайым
адамдарға қызмет көрсетуін талап етті, өмірден тыс таза өнерді жақтаған
эстетикалық теорияларға қарсы шықты. Ғылым мен білім ғана, - деп жазды ол
өзінің Ғақылия сөздерінде, орыс үлгісімен жолға қойылған өнеркәсіп пен
сауда ғана қазақ халқын мешеуліктен құтқара алады. Абай надандықты
өрбітетін дін оқуын жек көріп келекеледі:
Оқытарсың молдаға оны,
Үйретерсің әрнені,
Медеу етіп ойы соны,
Жаны тыныштық көрмеді.
Жасында күтті,
Дәме етті,
Босқа кетті.
Қазақ халқының ұлы ағартушылары орыс халқы мен қазақ халқының достығын
күшейтуге бағалы үлес қосты. Олар өз халқына: орыс еңбекшілері де
помещиктерден, капиталистерден, патша үкіметінен қатты қысым көріп
отырғанын, орыс халқы патша үкіметінің отаршылдық саясатын еш уақытта
қолдамағанын, қайта оған күшті қарсылық көрсеткенін, ұлттық және әлеуметтік
қысымға түскен қазақ халқына, басқа да сондай халықтарға шын тілектестікпен
қарайтынын жете түсіндірді.
Ыбырай Алтынсарин, Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбаев көп азап көрген
қазақ халқы екі бірдей қысымнан орыс халқының көмегі арқасында ғана құтыла
алады деп білді. Сондықтан, деді олар, қазақ халқы орыс халқымен
жақындасып, оның тілін, мәдениетін, тұрмыс жайын үйренуі керек.
Орыс тілін үйрену қазақ халқына өмірлік қажет болды, өйткені ол
қазақты орыстармен онан сайын жақындастырып, екі халықтың достығын күшейту
үстіне, қазақ халқына орыс және дүние жүзі ғылымы мен мәдениетінің
сарқылмас қазынасынан пайдалануға кең жол ашты. Орысша оқу керек, - деп
жазды Абай. - Хикмет те, мал да, өнер де, ғылым да – бәрі орыста тұр.
Залалынан қашық болу, пайдасына ортақ болуға тілін, оқуын, ғылымын білмек
керек. Оның себебі: олар дүниенің тілін білді... Сен оның тілін білсең,
көкірек көзің ашылады... Орыстың ғылымы, өнері – дүниенің кілті, оны
білгенге дүние арзанырақ түседі.
Казақ халқының ағартушылары орыстың озық мәдениеті мен прогрестік
қоғамдық ойын өз халқы арасында өмір бойы насихаттауы, қазақ арасында
кертартпа мұсылман дінін таратуға әрдайым қарсы шықты. Үкіметтің білім
атаулыға қас дінге қамқорлық жасамауын біз өтінеміз әрі талап етеміз,- деп
жазды Шоқан.
Казақ халқының ағартушы қайраткерлерінің бірі Ыбырай Алтынсарин еді.
Орыстың революцияшыл демократияның ағартушылық идеяларының ықпалымен, сод
кездегі атақты ғалым, Шығысты зерттеуші, В.В.Григорьевтің ұсынысы бойынша,
Казақстанда 1860 жылы барлық далалық бекіністер жанында орыс-қазақ
мектептерін ашуды ұйғарғанда, бұл іске ең алдымен кіріскен адам Алтынсарин
болды. Бірақ патша үкіметі ауылда орыс-қазақ мектептерін ашуға ақша
бермеді. Сондықтан Алтынсарин халықтан жәрдем сұрады, оған мектептің
пайдасын түсіндірді, жатпай-тұрмай ақша жинады.
1864 жылы Торғайда, халықтан жиналған қаржымен тұңғыш орыс-қазақ
бастауыш мектебі ашылды. Бұл мектепке мұғалім болып Ыбырайдың өзі
тағайындалды. Көп ұзамай мұндай мектептер Ырғыз бен Тройцкіде де ашылды.
Казақ балалары мен орыс балаларының бірге оқытылуын әрдайым жақтап,
соны жүзеге асыруға тырысқан, Ы. Алтынсариннің талап етуі бойынша, 1879
жылы Торғай облысының халықағарту комиссиясы әрбір уездік қалада екі класты
орыс-қазақ училищесін ашу керек, оның қасында 50 қазақ баласы тұрарлық
интернат болу керек деп ұйғарды.
1879 жылы Ыбырай Алтынсарин Торғай облысының халық училищелерінің
инспекторы болып тағайындалды.
Жаңа мектептер ашу мәселесін зерттей келіп, мынадай ұсыныс енгізді:
Біздің пікірімізше, ең алдымен қырғыз даласына жалпы отандық орыс тілі мен
орыс оқуын енгізуге қамқорлық жасау керек; ал бұларды қырғыздардың
өздерінің қалың ортасында ашылған орыс-қазақ халық училищелері ғана бәрінен
де жақсы тарата алады....
Алтынсарин орыс-қазақ қыздарының мектептерін, қазақ жастарына арналған
қолөнері-техника мектептерін ашуға да жетекші болды. Бұл мектеп-
интернаттарда қазақ кедейлерінің балалары да оқи алатын болды.
Ыбырай Алтынсарин аса көрнекті педагог, ағартушы қайраткер болды. Ол
өзінің бүкіл өмірін қазақ халқы арасында енер-білім тарату, оның алдыңғы
қатарлы орыс мәдениетіне жақындату, орыс халқымен достықты күшейту жолына
арнады. Қазақ халқының қолы жететін бақыт алдағы уақытта оның үстем орыс
халқымен іштей үйлесуінде, орысша-қазақша білім алу арқылы рухани және
экономикалық тұрғыда өсіп-өркендеуінде деп білемін.
Алтынсарин ауылдардағы орыс-қазақ мектептерінің негізін қалаушы
болуының үстіне, орыс графикасы негізінде өзі жасаған алғашқы қазақ
әліппесінің авторы болды. Осы жаңа әліппе негізінде ол қазақ тіліндегі
алғашқы оқу кітабын – 1879 жылы басылған Қазақ хрестоматиясын - шығарды.
Ыбырай Алтынсарин жаңа әліппені орыс-қазақ мектептерінің жұмыс
практикасына енгізіп, алғаш рет қазақ балаларын дыбыс әдісімен ана тілінде
оқытуды жолға қойды. Мұны енгізгенде ол ардайым әрбір орыс-қазақ мектебінің
балаларға олардың күнбе-күнгі қызметінде пайдалы болатын білім беруін
көздеді. Ол осы принциппен құрылған мектеп қана халық арасында толық
беделді болып, орыс білімінің артықшылығын көрсете алады деп есептеді.
Алтынсарин педагогтық қызметте ғана емес, аса көрнекті прогресшіл
коғам қайраткері ретінде де көп еңбек етті. Орыс педагогикасы
классиктерінің идеяларын творчестволық терең түсіну дәрежесіне жеткен
Алтынсарин қазақ даласындағы мектептердің жұмысын осы демократиялық негізде
ұйымдастыра білді. Мұның өзінде ол қазақ халқының күнбе-күнгі қажеті мен
өмірлік мүдделерін, оның тарихи дамуының келешегін көздеді. Алтынсариннің
ағартушылық идеяларын қалың халық толық қолдады. Ыбырай ашқан әрбір жаңа
мектеп қазақ халқының қуанышты мерекесі болатын.
Алтынсарин хаттарының бірінде: Қазақтың жас ұрпағы орыстың тілі мен
оқуын мәдениет пен білімге жеткізетін бірден-бір тіл деп білетін, оны
құмарлана үйреніп, жетілетін болады,- деп жазды. .һ
ХІХ ғасырдың аяғында сол кезде қазақ даласында орыс-қазақ
мектептерінің бірнеше түрі болды:
1) екі жыл оқытатын ауылдық мектеп;
2) төрт жыл оқытатын бір класты болыстық орыс-қазақ училищесі;
3) алты жыл оқытатын екі класты орыс-қазақ училищесі.
Жабдығы шағын, шығыны аз көшпелі ауылдың мектептері әуелі Қостанай
уезінде, кейіннен Торғай және Орал облыстарының басқа уездерінде де ашылды;
төрт жыл оқытатын бір класты болыстық орыс-қазақ училищелері мен алты жыл
оқытатын екі класты училищелер әуелі Орынбор оқу округының Торғай және Орал
облыстарында ашылды, кейіннен басқа оқу округтарының бәрінде де ашыла
бастады.
Халық ағартушы қайраткерлердің көп еңбек етуіне қарамастан, бұл
мектептер өте аз ашылды. Мысалы, 1887-1891 жылдарда Торғай облысында төрт
жыл оқытатын бір класты жеті мектеп (болыстық) қана болды, 1883 жылы Орск
қаласында қазақ мұғалімдерін даярлайтын бір мектеп ашылды. Орал облысында
20 жылдың ішінде (1881-1901 жылдар) не бары алты болыстық мектеп пен бір
қолөнер мектебі ашылды. 1901 жылы барлығы 63 көшпелі ауылдық мектеп болды.
Қазақ даласында болыстық мектептер мен ауылдық мектептер өте аз болды
және қазақ халқының білімге, сусаған тілегін қанағаттандыра алмады. Халық
ағарту ісіне бөлінген болмашы қаржы шіркеу-приход мектептеріне,
гимназияларға, қалалық училищелерге жұмсалды, ал аудандық мектептер мен
болыстық мектептер ашуға қаржы бөлінбеді.
Атақты педагог Спандияр Көбеев өзінің мемуарында қазақ даласындағы
ауылдық мектептердің өте ауыр халін өкінішпен еске түсіреді. Мәселен, ол
Ырғыз уезінің Толағай болысында өзі бала оқытқан Кішіқұм ауылдық мектебінің
үйінде не бары бір ғана класс бөлмесі болғанын жазады.
Қазақ қыздарын оқытып, білім беру 1883 жылы басталды. Бұл жылы
Бөкейдің хан ордасында қазақ қыздарын оқытатын алғашқы мектеп ашылды. Бұл
бір класты селолық училище еді, онда 20 кісілік интернат болды.
1888 жылы Торғай облысында Ыбырай Алтынсарин Ырғыздағы 1887 жылы
құрылған қыздар училищесі жанында зазақ қыздарының алғашқы интернатын ашты.
1889 жылы мұнда 15 қазақ қызы оқыды. Бұлар, көбінесе, қазақ шонжарларының
қыздары, қарындастары, туыстары еді. Мұнда ең алдымен қолөнерін – қолмен,
машинамен киім тігуді, кесте тігуді, шәлі тоқуды және басқада сондай өнерді
– үйрететін.
1890 жылы Торғайда орыс-қазақ қыздарының училищесі ашылды, онда 20
қазақ қызы тұратын интернат болды. 1893 жылы Қостанайда, 1895 жылы
Қарабұтақта, 1896 жылы Ақтөбеде осындай училищелер ашылды.
Бұл мектептердегі қазақ қыздары тұрақтап оқымады, сондықтан оларға
білім беру ісінің алға басуы тым шабан еді.
Қазақ даласында байлар, феодалдар, болыстар, молдалар қолдаған діни
мектептердің көп ашылуы орыс-қазақ мектептерінің етек алуына бөгет жасаған
негізгі себептердің бірі болды.
Молдалар қазақ арасында ашылып жатқан орыс-қазақ мектептері туралы әр
түрлі өтірік-өсек таратып жүрді. А.Алекторовтың айтуынша, татарша
прокламациялар пайда болды. Шаруа начальниктері тағайындал-ғаннан кейін, -
деп көрсетілді бұл прокламацияларда, - қазақтарды орыс шаруаларының қалпына
түсіреді, жерге бекітіп, әскери міндет атқаруға қосады, мұның үшін оларға
орыс тілін үйретеді... Қазақ халқын христиан дініне кіруге әзірлейді.
Қазақтар орысша сөйлеуді, оқуды, жазуды үйренгеннен кейін, оларды
шоқындырады. Оның үстіне ІІ Екатерина үкіметінің бастауымен Уфада, бүкіл
империядағы мұсылман халқының істерін басқаратын діни басқарма - муфтиат
құрылды. Қазанда ескі араб тілінде басылған құран шығарылып, сатуға
таратылды. Бұл қазақ даласында діни мектептердің көбеюіне себеп болды. 1894
жылы Торғай облысында 59 медресе болды, бұларда 457 бала оқыды. 1896 жылы
Ақмола облысында 13 медресе болды, бұларда 547 бала оқыды, 1907 жылы - 15
медресе болды, бұларда 970 бала оқыды.
Діни мектептер қазақ халқына көп зиян келтірді. Бұл мектептер, - деп
жазды профессор Е. Н. Медынский,- аса көп мұсылман халқын шын мәдениеттің
кең арнасынан онан сайын алыстатты. Ол мектептер халықты надандықта,
қаранғылықта ұстады, Сөйтіп, байлар мен феодалдардың халықты қатты қанауына
көмектесті. XІX ғасырдың аяғында қазақ арасында білім таратудың мұндай ауыр
халде болуы халықты бағынышты етіп ұстауды көздеген патша үкіметінің
отаршылдық саясатының зардабы еді.
ХХ ғасырдың басында Россия өз құрамындары Қазақстанмен саяси,
экономикалық және мәдени байланысты едәуір кеңейтті. Россияда капитализм
өскен сайын бұл байланыс күшейе берді. Мұның бәрі капитализмнің қазақ
даласына өтуіне, базар қарым-қатынасының өсуіне, рушылдық-феодалдық
қалыптың бұзылуына қолайлы жағдай туғызды.
Патша өкіметі езінің отаршылдық саясатын күшейте отырып, қоныс
аударушылардың жер қорын жасау үшін, қазақ халқының шұрайлы жақсы жерлері
мен жайылымдарын тартып алды, жергілікті халықты құнарсыз шөл жерлерге
ырыстырды. Мұның өзі қазақтар мен қоныс аударған орыстар арасында ұлт
араздығын күшейтті.
Шетел және орыс капиталистері арзан жұмысшы күшін пайдалана отырып,
Қазақстанда түсті металл, көмір, мұнай кендерін шығарып, пайдаланатын
кәсіпорындар салды. Капиталистік өнеркәсіп орындары көбейіп өскен сайын
қазақ жұмысшылары да көбейе берді.
В.И.Ленин өзінің бірқатар мақалаларында ұлтшылдықпен аянбай күресу
керек екенін көрсетіп, барлық ұлттардың жұмысшыларын капиталистердің бір
тұтас майданына қарсы біріктіруге шақырды. Барлық ұлттар мен діндердің
капиталистері, - деп жазды В. И. Ленин, - жұмысшыларға қарсы біріккен, ал
жұмысшыларды ұлт араздығы арқылы бөлшектеп, әлсіретуге тырысады.
Бұл жағдайда мектеп ісін дамыту бағыты туралы мәселенің ерекше маңызы
болды.
Мәдени-ұлттық автономия дейтіннің - ұлтшылдық мектеп ісін ұлт-ұлтқа
бөлу туралы жобасының - реакцияшылдық мәнін әшкерелей келіп, Ленин қайта
ұлттардың мектеп ісінде бірігуіне жету керек екенін, барлық ұлттардың
жұмысшыларында мектеп саясаты бірдей екенін көрсетті.
Бұл дәуірде Қазақстанда қазақ тілінде басылған көркем әдебиет,
публицистикалық шығармалар көбейе бастады. Алайда қазақ газет-журналдары,
негізінде, буржуазиялық-ұлтшылдық бағытта болып, қазақ байларының,
феодалдардың, дін басылардың, байшыл-ұлтшылдардың мүдделері мен армандарын
білдіріп отырды.
Қазақтың демократияшыл интеллигенциясының таңдаулы өкілдері – Спандияр
Көбеев және басқалары революциялық идеяларды таратты, прогресс пен мәдениет
үшін, саяси бостандық үшін күресуге шақырды, екі майданда бірдей - әрі
патша үкіметінің отарлау, орыстандыру саясатына қарсы, әрі қазақ байларына,
феодалдарға, билерге қарсы күрес ұйымдастырды.
Патша үкіметі Орынбор және Қазан оқу округтарындары далалық
мектептердің жұмыс тәрбиесін ескере отырып, Россияның шет аймақтарындағы
бастауыш мектептің ең арзан түрі – көшпелі ауыл мектептерін онан әрі
көбейтуді үнемшілдік жағынан қолайлы деп тапты.
Қазақтың демократияшыл интеллигенциясы өкілдерінің қажырлы еңбегі
арқасында, алғашқы кездегі орыс-қазақ мектебіне сенбеушілік бірте-бірте
жойыла бастады. Сырдария облысындағы халық училищелерінің директоры С. Н.
Граменицкий Сырдария облысы мұғалімдерінің съезінде былай деді:
Мұсылмандардың томаға-тұйықтығы мен тұралауының бұл мығым дуалын тесіп
өтіп, орыс-бұратана мектебіне осы күнгідей сенім туғызу үшін қаншама еңбеқ
жігер, іске шын берілгендік, сол сияқты қызметте сыпайышылық және
педагогтық тәжірибелік көрсету керек болды десеңізші!.
Ол түгіл қазақ халқы орыс тілін үйренудің керектіrін түсініп, орыс-
қазақ мектептерін ашуға көмектесе бастады.
1905-1907 жылдардағы революция бүкіл Россияның негізінен шайқалтып,
Шығыстағы барлық езілген халықтардың ұлттық-демократиялық сана-сезімінің
күшеюіне қатты қозғау салды. В.И.Лениннің қолымен жасалып, 1903 жылы РСДЖП
екінші съезінде қабылданған программада мынадай талаптар белгіленді:
Керекті мектептерді мемлекет және өзіндік басқарма органдары есебінен ашу
арқылы халықтың ана тілінде білім алуға праволы болуы; әрбір азаматтың
жиналыстарда өз тілінде түсінісуге праволы болуы; жергілікті қоғамдық және
мемлекеттік мекемелердің бәрінде мемлекеттік тілмен қатар ана тілінің
қолданылуы... Шіркеуді мемлекеттен, мектепті шіркеуден бөлектеу... 16 жасқа
дейінгі барлық балалар мен қыз балалардың тегін және міндетті түрде жалпы
білім, мамандық білім алуы.
Қазақстанда 1906 жылғы 6 декабрьде басталған ереуіл кезінде Успен
(Нілді) руднигінің жұмысшылары өздерінің петициясында экономикалық
талаптармен қатар көп ұзатпай, үш бөлімді земство мектептерінің үлгісімен
тұрақты орыс-қазақ училищесін ашуды талап етті.
1907 жылы орыстан басқа ұлттар училищелері туралы жаңа ереже
бекітілді. Бұл ереже бойынша, ондай училищелер алғашқы екі жылдың ішінде
ана тілінде окытуға, ал орыс тілі пән ретінде бірінші оқу жылының екіеші
жартысынан бастап үйретілуге тиісті болды. Үшінші жылдан бастап мектеп орыс
тілінде оқытуға, ал ана тілі пән ретінде оқытылуға тиісті еді. Сөйтіп, 1907
жылдың ережесінде орыс тілі мен ана тілін оқытуды жолға қоюда біраз ілгері
басқандық байқалады.
Барлық пәндердің программалары жер-жердің өзінде жасалып, оқу
округтарында бекітілетін болды. Бір класты училищелер жанында қолөнері
кластарын ашуға рұқсат етілді.
Столыпин реакциясы дәуірінде ұлттарға қысым жасау едәуір күшейіп,
патша үкіметінің орыстандыру саясаты онан сайын қатал жүргізілді. Патша
үкіметі орыстан басқа халықтардың ұлт мәдениетін тұншықтырып, олардың білім
алуын тежеп отырды. Үкімет қабылдаған (Россияны мекендейтін бұратаналарға
білім беру шаралары туралы ерекше ереже түрінде жазылған) жүйенің өзіне де
шек қойыла бастады. Бір тілден екінші тілге аудару әдісі орнына заттық
әдіс қолданылды, ана тілі оқытылмайтын болды, ал басқа пәндер бірінші
жылдан бастап орыс тілінде оқытылатын болды.
Қазақстанда қазақ балаларына арналған мектептер өте аз еді. Қазіргі
Қазақстанға қараған жердегі 1478 мектепте барлығы 77 454 ұл, қыз балалар
оқыса, оның ішінде орыс-қазақ мектептерінде болғаны 10 890 бала оқыды, яғни
барлық оқушылардың 17 бөлегіндей болды, ал мұның ішінде қазақ балалары
61,7% еді.
Революцияға дейін Қазақстанда орыс-қазақ училищелерінде оқыған қазақ
қыздары барлық оқушы қазақ балаларының не бары 4,2% болды, ал Сырдария,
Жетісу облыстары мен Маңқыстау уезінің мектептерінде қазақ қыздары тіпті
болмаған.
Орыс-қазақ мектептерінің өте аз болуы үстіне олардың құрылымының өзі
қазак халқының білім алуға ұмтылған талабына сай келмейтін еді. Бұл
мектептер, кеөбінесе, не бары екі-үш жыл оқытатын болымсыз мектептер еді.
Мысалы, Қазақстанға караған жердегі 350 мектептен екі класты мектептер 23,
бір класты мектептер 189, ауылдық мектептер 129, медресе жанындағы орысша
кластар 9 болды.
Бұл мектептердің облыстарға бөлінуінде де ала-құлалық зор болды. Орыс-
қазақ бастауыш мектептерінің облыстар бойынша қалай бөлінгенін көрсететін
таблиңаны келтірейік.
Барлық Оның ішінде
Әкімшілік аймақтар орыс-қазақ
мектептері
Екі Бір Ауыл- Медресе
класты класты дық жанындағы
орыс
кластар
Бөкей ордасы 39 4 25 8 2
Орал облысы 66 3 47 11 5
Орынбор облысы
Ақтөбе облысы
Қостанай облысы
Торғай облысы
Ақмола облысы
Семей облысы
Маңқыстау (Адай)
уезі
Сырдария облысы
Жетісу облысы
мәлімет жоқ
130 4 14 110 2
39 4 35 - -
39 5 34 - -
2 1 1 - -
25 2 23 - -
10 - 10 - -
Б а р л ы ғ ы: 350 23 189 129 9
Облыстық басқармалардың жылма-жылғы шолу мәліметтеріне қарағанда,
Қазақстанның оқу орындарындағы оқушы қазақ балаларының саны баяу да болса
бірте-бірте өсе берген. Мәселен, Жетісу облысында 1902 жылы қалалық орыс
мектептерінде 43, 1904 жылы 99, 1905 жылы 134, ал 1910 жылы 188 Қазақ
баласы окыған. Оқушы қазақ балаларының саны осы сияқты басқа облыстарда да
өскен. 1911 жылы Қазақстанның қалалық бастауыш орыс мектептерінде оқыған
қазақ балаларының саны, орта есеппен, әрбір облыста 60-70 адамнан келді.
Демек, бүкіл Қазақстанда бұл мектептерде, шамамен, 500 оқушы қазақ баласы
болған. Егер бұған орыс-қазақ бастауыш мектептерінде оқыған 6756 қазақ
баласын қоссақ, Қазақстанға қараған жерде мектеп оқуына алынған қазақ
балаларының саны 7 мыңнан артығырақ болды. Сондықтан 1911 жылы Қазақстанның
мектепте-рінде 13 000 қазақ баласы оқыды деп көрсеткен ресми санақ
мәліметін асыра көрсеткендік деп тану керек.
Училищелерді бітірген қазақ балалары көп болған жоқ. Бірақ ауылыдық
немесе бір класты мектепті бітіргендерді сөз қылмағанның өзінде, уездік
училищелерді бітіргендер де жұмыс таба алмайтын. Мысалы, 1904-1910 жылдарда
Әулиеата уезінде орыс-қазақ училищелерін бітірген 79 оқушының көпшілігі
орыс-қазақ училищесінде алған білімін еш нәрсеге пайдаланбай үйлеріне
қайтты.
Байлардың, болыстардың, билердің, старшиндардың балалары қалалардағы
орыс балаларын оқытатын сословиелік мектептерге оқуға алынатын. Мәселен,
1911 жылы Верныйдың ер балалар гимназиясында оқыған 316 орыс баласы
(дворяндардың, чиновниктердің, кулактардың, купецтердің балалары) қатарында
қазақ шонжарларының 10 баласы болды.
Патша үкіметі еңбекшілер балаларының орта білім алуына әдейі бөгет
жасады. Орта мектепке түсушілерден орыс балаларымен бірдей орыс тілін білу
талап етілетін, мұның өзі қазақ еңбекшілері балаларының жоғарылау мектепке
түсуіне мүмкіндік қалдырмайтын.
Бірінші орыс революциясының әсерімен қазақ еңбекшілері арасында
орыстың жұмысшы табы мен революцияшыл интеллигенциясына тілектестік онан
сайын күшейе түсті. Қазақ халқы орысша оқып білім алудың пайдасына барған
сайын көзі жетіп, өздерінің балаларын дүниелік білім беретін мектептерде
оқытуға тырысты.
Алайда мұндай мектептер өте аз еді, жыл сайын көп балалар
мектепке қабылданбайтын. Тура қабылдамай тастау қиын болғандықтан, аз да
болса сылтау табу үшін, жеребе тартқызатын. Орда мектептерінде болған
инспекторлардың біреуі өзінің есебінде былай деп жазды: Қазақтар білім
алуға өте құштарлық білдіреді. Олар мектеп шығынына жұмсалатын қаржының
көбейтілуінен тартынбас еді, бірақ олар бұл мектептердің шын мәнісінде
мектеп сияқты болуын талап етеді... Алайда, деп жазады сол инспектор, -
халықтың мұндай ынтасына қарамастан, оның бұл көкейкесті мұқтажы орындалмай
келеді.
Шын мәнісіндегі мектепке ие болу тілегі Бөкей ордасында екі жылдық
ауыл мектебін жойып, оларды 1910 жылы бір класты орыс-қазақ мектебі етіп
қайта құруға әкеліп соқты. 1911 жылдың 28 апрелінде жүргізілген мектеп
санағы кезінде ауыл мектептері Ақмола облысында да, Семей облысында да
болмай шықты (ал бұл облыстарда Дала уәләяты генерал-губернаторының кешірек
көтерген инициативасы бойынша ондай мектептер жаңа ғана бой көрсете
бастаған болатын). Ресми түрде өмір сүрген мұндай мектептер Орынбор оқу
округында - Торғай, Орал облыстарында кездесті. 1911 жылғы әлгі айтылған
санақ кезінде бұларда 2 102 ұл баламен 152 қыз бала оқыды. Ақмола, Семей
облыстарында ондай мектептердің болғаны рас, бірақ оны статистика қамти
алмады. Өйткені олар селолық бір класты орыс-қазақ училищесі қатарына
қосылды.
Дала уәләяты мен Түркістанда халық ағарту ісіне жұмсалатын шығын тіпті
аз, революцияға дейінгі Россиядағы жартымсыз орташа мөлшерден де аз еді.
Мұны мынадай таблицадан көруге болады
О б л ы с т а р Жан басына шаққандағы
шығын (тиын есебімен)
Орда . . . . . . . . . . . 14,02
. . . . . . . . . . . 36,0
Ақмола . . . . . . . . . . 16,2
. . . . . . . . . . 13,4
Семей . . . . . . . . . . .21,7
. . . . . . . . . . 56,0
Жетісу. . . . . . . . . .
. . . . . . . . . .
Сырдария . . . . . . . . .
. . . . . . . . .
Россия бойынша орта есеппен
.
Халық ағарту қажетіне ұсталған шығын жан басына шаққанда, Россия
бойынша жан басына жұмсалатын орташа мөлшерден, Ақмола облысында бір жарым
есе, Сырдария облысында 2,5 есе, Семей облысында 3,5 есе, Бөкей ордасы мен
Жетісу облысында 4 есе аз болды. Қазақстанда мектептер санының өте шабан
өсіп, олардың сапасының төмен болуының негізгі себептерінің бірі де осы
еді.
Халық ағарту ісіне бөлінген осы болмашы қаржының да көбінесе бай
балаларының оқуына жұмсалғанын, өйткені мектепте оқушылардың көбі солар
болғанын айту қажет.
Орыс-қазақ мектептерінде сабақ Алтынсариннен бастап дыбыс әдісімен
оқытылды. Түсіндіре оқыту үшін ана тілінің оқулықтарына өлеңдер, ертегілер,
өнеге әңгімелер, табиғат, тарих, география тақырыбындағы мақалалар
енгізілді. Мектептерде қазақ тілін оқытқанда қолданылатын оқу құралдары
орыс географиясы негізінде жасалған қазақ әліппесімен басылды.
Револбцияға дейін Қазақстанда орыс-қазақ училищелері мектеп оқуы
жүйесінде маңызды орын алды. Алайда, жалпы алғанда, бұл училищелердің
жұмысы қанағаттанғысыз болды.
Қанағаттанғысыз болуының негізгі себептерінің бірі мектептерде тиісті
білімі бар мұғалімдер жоқтың қасы еді.
Бастауыш орыс-қазақ мектептерінің жұмысының нашар болуының тағы бір
үлкен себебі – мұғалімдердің, әсіресе ауылдық мектептер мұғалімдерінің
тұрмыс жайы нашар болды, олар басқа мұғалімдерден кем тұтылды, сондықтан
көп мұғалімдер амалсыздан басқа жұмыс іздейтін болды.
Халық мұғалімдерінің тұрмыстары, моральдық және праволық ауыр халін В.
И. Ленин ерте кездегі еңбектерінде-ақ талай рет атап көрсеткен болатын.
Деревня интеллигенциясын да, мәселен, халық мұғалімдерін де ұмытпау керек,
- деп жазды Владимир Ильич, - бұлар материалдық жағынан да, рухани жағынан
да соншама нашар күйде.
Ал қазақ аулындағы мұғалімнің халі орыс деревнясындағыдан да
ауыр болғаны айтпаса да түсінікті.
Халық училищелерінің директоры С. Н. Граменицкий Сырдария облысы
мұғалімдерінің съезінде былай деп көрсетті: Мұғалім материалдық ауыр халге
ұшыратылған, ол амалсыздан жергілікті қауымдардан жалыныпжалбарынып,
мектепке көмек сұрайды, ал олар мұндай жағдайда мұғалімді көп уақытта
өздеріне бағынышты адам деп таныды.
Қазақ аулындағы ру тартысы да мектептердің жұмысына сондай ауыр
зардабын тигізді. Кейде ауылдық мектептер билікті қолға алған байлар
тобының бұйрығы бойынша не оқуды тоқтататын, не басқа рудың аулына көшіп
кететін. Мұнан ең алдымен, реті келіп, мектепке түсе қалған кедей балалары
жапа шегетін. Қазақтартың партия таласы,- деп жазды П.М.Миронов, -
инспекцияға қараған мектептердің жайына ауыр зардабын тигізді: көп жерлерде
ауылдық мектептер өз қызметін нашар атқарады немесе мүлде жабылып қалады.
Мектептерде бірыңғай оқулықтар болған жоқ, мысалы, Сырдария, Жетісу
облыстарының мектептері С. Н. Граменицкий жазған оқу құралдары бойынша,
Ақмола, Семей, Торғай, Орал облыстарының мектептері Ы.Алтынсарин, сол
сияқты А.Е.Алекторов жазған оқу құралдары бойынша оқытты. Училищелердің оқу
жабдықтары өте жеткіліксіз болды.
Дүниелік білім мектебін құру жолында аса көп қиыншылықтардың
кездесуіне қарамастан, зерттеу мәліметтерінің көрсеткеніндей, қазақ
даласында халық ағарту ісі аздап болса да ілгерілей берді. Қалың қазақ
арасына білім таратуды көздеген бұл өте қиын жұмыста өз ісіне шын берілген
орыс ориенталистері аса ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz