Еліміздің банк саласында пруденциалдық реттеу саясаты


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

Мемлекет басшысы ҚР Ұлттық банкінің төрағасымен кездесуде ақша-қарыз саясаты мен макроэкономикалық мәселелерді талқылады

АСТАНА. 23-ақпан. Kazakhstan Today. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы Әнуар Сәйденовті қабылдады, - деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесу кезінде Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабілетті елу мемлекетінің қатарына кіру мақсатына қол жеткізу барысындағы қаржы саласындағы міндеттері, макроэкономикалық және ақшалай-несиелік саясат мәселелері және Ұлттық банктің қаржылық тұрақтылық жөніндегі есебін дайындау туралы жаңа бастамасы талқыланды. Елбасы Ә. Сәйденовке үкіметпен және қаржы нарығын реттеу және қадағалау жөніндегі агенттікпен бірлесіп жоғарыда аталған есепті дайындауды тапсырды.

ЕЛІМІЗДІҢ БАНК САЛАСЫНДА ПРУДЕНЦИАЛДЫҚ РЕТТЕУ САЯСАТЫНЫҢ САБАҚТАСТЫҒЫН САҚТАП ҚАЛУ ҚАЖЕТ - ҚР ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН РЕТТЕУ ЖӨНІНДЕГІ АГЕНТТІГІ 15/11/2004

Еліміздің банк саласында пруденциалдық реттеу саясатының сабақтастығын сақтап қалу қажет. Бүгін, 15-қарашада Қазақстан қаржыгерлерінің ІҮ конгрессінде сөз сөйлеген ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау Агенттігінің төрағасы Болат Жәмішев осындай пікір білдірді, - деп хабарлайды KZ-today тілшісі. Б. Жәмішевтің айтуынша, пруденциалдық реттеу "тәуекелдерді талдауға, капитал, ликвидтілік, активтердің классификациясы мен резерв қалыптастыруға деген қатал талаптарға" негізделуі тиіс. "Бұл банктердің шығынын біраз арттыратынын біз әрине түсінеміз, бірақ, банк жүйесінің тұрақтылығын сақтап қалу мақсатын одан да маңызды деп санаймыз", - деді ол. Сондай-ақ, Б. Жәмішевтің айтуынша, "Агенттік банктердің несиелік қоржынына стресс-тест түріндегі тексеруді ұдайы өткізіп отыру, несиелік тәуекелдерді басқару жөніндегі банкішілік процедураларға қойылатын талаптарду күшейтуді көздеп отыр". "Несие алушылардың келісім-шарттарын орындау тәртібін күшейтуге және банктер үшін тәуекелді азайтуға түрткі болушы құрал ретінде біз несиелік бюроны дамытуға белгілі дәрежеде сенім артып отырмыз", - деді Б. Жәмішев. "Қазір еліміздің банк саласындағы тәуекелдердің артуы Агенттікті алаңдатады", - деді Б. Жәмішев. Атап айтсақ, "отандық банктердің шетелдік рыноктарға ден қоюы елге қатысты тәуекел түрінің анағұрлым артуына апарып соқты". Б. Жәмішевтің пікірінше, "Қазақстанда тәуекелдің бұл түрін жете бағаламау көрінісі белең алып отыр". Осыған байланысты Агенттік "кейбір пруденциалдық реттеу нормаларын қайтадан қарау қажет" деп санайды. Бұған қоса Б. Жәмішевтің айтуынша, "банктердің шетелдік рыноктарға шыға бастауы мен таратылған несиелер көлемінің шұғыл артуы салдарынан шетел валютасындағы операциялар саны артты. Сонымен бір уақытта депозиттердің басым бөлігі ұлттық валютамен ашылуда. Ал кейінгі кездері негізгі әлемдік валюталар құнының тұрақсыздығы байқалып отыр". "Пруденциалдық реттеу аясында Агенттік валюталық позиция бойынша шектеуді төмендетуге, валютаның ликвидтілігіне мониторинг жүргізу тәртібін енгізуге мүмкіндік бар деп санайды", - деді Б. Жәмішев.

2003-жылы теңгенің нақты құнсыздануы 2, 5 процент болды

27. 01. 2004

2003-жылы еліміздің негізгі сауда әріптестері болып саналатын елдердің валюталарына шаққанда теңгенің нақты құнсыздануы 2, 5 процент болды ( 2002-жылғы желтоқсамен салыстырғанда 2003-жылғы желтоқсанда) . Бұл туралы бүгін, 27-қаңтарда Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Ұлттық банктің зерттеулер және статистика департаментінің директоры Данияр Әкішев хабарлады. Ұлттық банк мәліметтеріне сәйкес, ТМД елдері бойынша нақты тиімді айырбас бағамы (НТАБ) 4, 2 процентке азайды, ал қалған елдер бойынша теңгенің құнсыздануы 1, 5 процентті құрады. Өткен жылы теңгенің АҚШ валютасына қатысты 12, 6 процентке нақты нығайса, евро мен ресей рубліне қатысты керісінше 6, 9 және 5, 3 процентке тиісінше құнсызданды. Үстіміздегі жылдың басынан бері теңгенің АҚШ долларына шаққандағы номиналдық нығаюы 2, 67 процентті құрады. Осыған байланысты Д. Әкішевтің атап көрсетуінше, нақты тиімді айырбас бағамына сәйкес теңгенің құнсыздануын ескерсек, долларға шаққанда теңгенің нығаюы "отандық тауар өндірушілер үшін қандайбір қауіп-қатер төндірмейді". "1999-жылғы құнсыздану нәтижесінде Қазақстан экономикасы жинақтаған қор күні бүгінге дейін сақталып отыр", - деді Д. Әкішев. "Біз еліміздің негізгі сауда әріптестері саналатын елдердегі валюта бағамына қатысты ахуалды жіті қадағалап отырмыз. Егер біз НТАБ бойынша өзгерістер қарқыны күшейе бастағанын байқай қалсақ, ондай жағдайда Ұлттық банк теңгеге отандық экспорттаушылардың бәсекелестік қабілетін сақтап қалуға мүмкіндік беретіндей бағам қалыптастыруға шаралар қолданады", - деп сендірді Ұлттық банк төрағасы Әнуар Сәйденов баспасөз мәслихатында. "Ал әзірше мұндай шара қолдануға ешбір себеп жоқ", - деді ол.

Нақты тиімді айырбас бағамы индексін есептеу әдістемесі

Теңгенің нақты тиімді айырбас бағамының индексі (REER - Real effective exchange rate) теңгенің 24 елдің (ТМД-ның 4 елі және 20 алыс шет ел) - Қазақстанның негізгі сауда әріптестерінің валюталары корзинасына қатысты айырбас бағамының орта есеппен алғандағы өзгеруін білдіреді.

Индекстің өсуі/азаюы теңгенің Қазақстан сауда операцияларын жүзеге асыратын елдер валютасының корзинасына қатысты нақты қымбаттайтынын/арзандайтынын көрсетеді, олай болса, басқа тең жағдайларда отандық өндірушілер ішкі және сыртқы рыноктарда азырақ/көбірек жағымды бәсеке жағдайын бастан кешіреді.

Нақты тиімді айырбас бағамы (НТАБ) индексін есептеу а лгоритмі

Бастапқы өлшемдер

  1. Республиканың жалпы тауар айналымындағы Қазақстанның сауда әріптестерінің үлес салмағы елдерді іріктеу индексінде ұсынылған республиканың ресми тауар айналымының орта есеппен 90%-ін қамтиды.
  2. Елдердің - сауда әріптестерінің долларға қатысты номиналды айырбас бағамы.
  3. Елдердің - сауда әріптестерінің ТБИ өзгеруі.
  4. Теңгенің долларға айырбас бағамы.
  5. Қазақстанның ТБИ өзгеруі.
  6. Индекс есептелетін қатынас бойынша базалық кезеңді таңдау

Деректерді қайта құру

Сауда әріптестерінің жеке салмағын қалыпқа келтіру, әріптес елдердің - w i тауарлардың сыртқы сауда айналымының жалпы көлеміндегі сауданың үлес салмағын алу:

Ағымдағы жылғы индексті есептеу үшін үлес салмағы осы елдің өткен үш жылда елдер тобының жиынтық тауар айналымындағы үлес салмағын орташаландыру арқылы есептеледі.

где

wji: w ji
- осы елдің ағымдағы жылда елдер тобының жиынтық тауар айналымындағы үлес салмағы: - осы елдің ағымдағы жылда елдер тобының жиынтық тауар айналымындағы үлес салмағы
wji: T i-1…i-3
- осы елдің ағымдағы жылда елдер тобының жиынтық тауар айналымындағы үлес салмағы: - өткен үш жылда елдер тобының тауар айналымы
wji: t j(i-1) …t j(i-3)
- осы елдің ағымдағы жылда елдер тобының жиынтық тауар айналымындағы үлес салмағы: - өткен үш жылда осы ел бойынша тауар айналымы

Осылайша, 1999 жылы НТАБ индексін есептеу үшін 1996-98 жж., 2000 ж. - 1997-99 жж. және т. б. сыртқы сауда деректерінде есептелген үлес салмағы пайдаланылады. 1995-1997 алдындағы үш жылғы кезеңнің деректері болмауы себепті НТАБ индексін есептеуде осы жылдар үшін 1995-1997 жж сыртқы сауда деректері бойынша орта есеппен алынған үлес салмағы пайдаланылады.

  • Негізгі кезеңге қатысты ТБИ қайта құру
  • Әрбір есепті кезеңдегі теңгенің сауда әріптестері елдерінің - SiTшетел валютасы бірлігімен кросс-бағамының есебі:

Теңгенің кросс-бағамы = Шетел валютасының АҚШ долларына бағамы/ теңгенің долларға бағамы

Нақты тиімді айырбас бағамы индексін есептеу (НТАБ)

I. Есепті кезеңде негізгімен салыстырғанда теңгенің айырбас бағамының өзгеру индексін есептеу:

∆S i =S i T /S i 0 ,

мұндағы

Si-: S i -
шетел валютасы бірлігімен көрсетілген есепті кезеңдегі теңгенің айырбас бағамының өзгеру индексі (теңгені тікелей бағалау) ;: шетел валютасы бірлігімен көрсетілген есепті кезеңдегі теңгенің айырбас бағамының өзгеру индексі (теңгені тікелей бағалау) ;
Si-: S i T -
шетел валютасы бірлігімен көрсетілген есепті кезеңдегі теңгенің айырбас бағамының өзгеру индексі (теңгені тікелей бағалау) ;: есепті кезеңдегі теңгенің бағамы;
Si-: S i 0 -
шетел валютасы бірлігімен көрсетілген есепті кезеңдегі теңгенің айырбас бағамының өзгеру индексі (теңгені тікелей бағалау) ;: негізгі кезеңдегі теңгенің бағамы.

II. Номиналды тиімді айырбас бағамының индексін есептеу (NEER)

NEER=100*Π i (∆S i ) w

мұндағы

wi-: w i -
i-ші елдің республика тауар айналымындағы үлес салмағы;: i-ші елдің республика тауар айналымындағы үлес салмағы;
wi-: Πi -
i-ші елдің республика тауар айналымындағы үлес салмағы;: Елдер тобы бойынша республиканың тауар айналымындағы елдердің қалыптандырылған үлес салмағын ескере отырып сауда әріптестерінің валюталарына теңгенің айырбас бағамы өзгеруінің индекстерін шығару.

III. Нақты тиімді айырбас бағамының индексін есептеу (REER)

REER=100*Π i (∆S i * (P d /P i f ) ) w

мұндағы

Pif-: P i f -
і - Қазақстанның сауда әріптесі - i-ші елдег баға деңгейі;: і - Қазақстанның сауда әріптесі - i-ші елдег баға деңгейі;
Pif-: P d -
і - Қазақстанның сауда әріптесі - i-ші елдег баға деңгейі;: Қазақстандағы баға деңгейі;
Pif-: Π i -
і - Қазақстанның сауда әріптесі - i-ші елдег баға деңгейі;: Елдер тобы бойынша республиканың тауар айналымындағы елдің қалыптандырылған үлес салмағын ескере отырып сауда әріптесіне қатысы бойынша салыстыра алғандағы баға индексіне түзетілген теңгенің айырбас бағамының өзгеру индекстерінің көбейтіндісі.

Республиканың тауар айналымындағы сауда әріптесінің үлес салмағын анықтау кезінде үш жылғы кезеңді пайдалану неғұрлым ымыраға келу нұсқасы болып табылады. Мұндай тәсіл әр түрлі қысқа мерзімді факторлардың сауда ағындарына тигізетін ықпалын білдірмеуге мүмкіндік береді, сонымен қатар сауданың ескі құрылымы салмақтау схемасы бойынша көрсетілу тәуекелі айтарлықтай емес. Сауда ағындарын географиялық бөлу кезінде болатын өзгерістер, белгілі бір кезеңде ақпаратты алу бойынша үлесті актуалдандыру арқылы ескеріледі. Қазақстанның Ұлттық Банкі үлес салмағын жыл сайынғы негізде анықтайды.

Қазақстанның Ұлттық Банкі талдау мақсатымен, сонымен қатар мұнаймен және газ конденсатымен сауда операцияларын қоспай есептелген сауданың үлес салмағы негізінде нақты тиімді айырбас бағамы индексін де есептейді. (ТН ВЭД коды - 2709) . Айырбас бағамының тауарлардың осы тобының экспортерлері мен импортерлерінің бәсекелестік артықшылығына ықпалы айтарлықтай болмағандықтан (бұл жағдайда айқындаушы фактор энергия көздеріне әлемдік бағаның өзгеруі болып табылады), осы индексті есептеу айырбас бағамы өзгеруінің сыртқы сауда көлеміне және құрылымына тигізетін ықпалына мейлінше нақты баға бере алады.

2005-11-17:

Теңгеге тұрақтылық жарасады

1993 жылдың қарашасында теңгенің айналысқа шығарылуы біздің жас тәуелсіз республикамыздың жылнамасындағы ең маңызды оқиғалардың бірі болып табылады. Ол еліміздің тәуелсіздігін нығайту жолындағы түбегейлі әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүргізу үшін қажетті тарихи қадам болды. Төл теңгеміз пайда болғалы жүргізіліп келе жатқан мемлекеттің тізбекті қаржылық саясатының арқасында елімізде нарықтық институттар макроэкономикалық тұрғыдан тұрақталып, біртіндеп қалыптаса бастады.

Өзіміздің ақша бірлігімізді енгізу қазіргі кездегі қол жеткен экономикалық табыстарымыздың негізін қалады. Оның дұрыстығы қаржы-несие секторының белсенді дамуымен және теңгенің тұрақтылығымен айқын дәлелденді.

Ақша мен экономиканың өзара байланысы өте тығыз, олар экономикалық жүйенің негізгі құрамы болып табылады. Ақша жүйесі экономикалық үдерістерге оларды күшейтумен немесе бәсеңдетумен әсер етеді.

Елдің экономикалық жағдайы, сол елдің экономикалық кеңістіктегі интеграциясы мемлекеттің ақша жүйесіне, оның атқаратын қызметіне тікелей байланысты. Макроэкономикалық тепе-теңдік ақша рыногында белгілі бір тепе-теңдіктің болуын қалайды. Олардың ішіндегі ең бастысы ақшаға деген сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі.

1991 жылы Қазақстан нарықтық қайта құруды жүзеге асыра бастады. Алайда, сол кезде жұмыс істеген бірыңғай ақша жүйесі тұрақсыз болды. Жас мемлекеттер бірінен соң бірі өздерінің ұлттық валюталарын немесе уақытша ақша белгілерін енгізе бастады. 1992 жылы рубль аймағында Қазақстан, Өзбекстан, Ресей және Тәжікстан елдері ғана қалды. Республикаға кеңестік рубльдің бақылаусыз көптеп келуі инфляцияның шарықтап өсуіне әкеліп соқты. Қазақстан өз валютасын енгізуге мәжбүр болды. Өйткені, рубль аймағында тұрып, Қазақстан Ресейдің қаржы институттарына бағынышты күй кешті, дербес монетарлық, экономикалық саясатты жүргізе алмады.

1993 жылы 3 қарашада Президенттің Жарлығымен құрылған Ұлттық валютаны енгізу жөніндегі мемлекеттік комиссия ұлттық валютаны енгізудің тұжырымдамасын дайындады. Бұл құжатта жаңа валютаның енгізілу мерзімі, тәсілі, жаңа валютаны айырбастау пункттеріне жеткізу мәселелері, қолма-қол ақшаны айырбастау коэффициенті мен лимиттері, валюта бағамын қалыптастыру және басқа маңызды мәселелер айқындалды. Ұлттық валютаны енгізудің заңдылығын сақтау және өркениетті түрде енгізу үшін дайындалып жатқан іс-шаралар туралы халықаралық ұйымдар және көрші елдердің үкіметтері дер кезінде хабардар етілді.

Тарихи күн қарсаңында Қазақстан Республикасының Президенті теледидар арқылы халыққа алда болатын акцияны түсіндіре отырып, сөз сөйледі. Мұндай шаруаның жан-жақты ойластырылғанын, елдің бүгінгі мүмкіндіктері мен күні ертең көрінетін жаңа көкжиегі астастырылғанын, өз жолымен, жөнімен жүзеге асатынын халыққа ұғындырды.

Теңге ресми түрде 1993 жылы 15 қарашада енгізілді. Ең бірінші бағамы 1 АҚШ долларына 4, 75 теңге болды. Әр теңге 500 рубльге ауыстырылды. Теңгенің валюталық қызметінен кейін оның құнын жоғалтпай ұстап тұру - ең маңызды шаруалардың бірі болды.

1993 жылдың сәуірінде “Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы”, “Қазақстан Республикасындағы банк және банк қызметі туралы” заң күші бар жарлықтарға қол қойылды. Бұл құжаттарда коммерциялық банктердің қызметін тоқтату және іске қосу тәртібі, сондай-ақ коммерциялық банктердің қызметін Мемлекеттік банк арқылы реттеудің қағидаттары мен әдістері бекітілді.

Ұлттық валюта енгізілгеннен кейінгі алғашқы екі жыл біздің еліміз үшін өте қиын жылдар болды. Жалпы экономикалық сипаттағы объективтік қиындықтар (бағаны ырықтандыруға және өндірістің құлдырауына байланысты инфляцияның жоғары деңгейі, импорт тауарларына деген қанағаттандырылмаған сұраныстың едәуір көлемі) шетел валютасына сұраныстың өсуіне, ал ізінше бағаның өсуіне әкеліп соқты. 1994 жылы кәсіпорындардың сәтсіз жүргізілген өзара шаруашылық есептесуі сияқты өкінішті экономикалық жаңсақтықтар алғашқы айларда теңге айналысының жағдайын біршама қиындатты. Енгізілгеннен кейін алғашқы 7 айда теңге 8 есе құнсызданды.

Ең әуелі теңгеге байланысты бүкіл инфрақұрылымды қайтадан құруға тура келді. Бұл іс банк жүйесінен басталды. Содан кейін кеден, қаржы қызметтеріне көшірілді. Бұдан кейін кезек күттірмейтін валюта айырбастайтын биржа құру, алтын және валюта қорын жасақтау, теңге сарайын іске қосу сияқты маңызды шаралар шешілді. Барлық қаржы операциясы теңге арқылы есептелінгендіктен, оның бағамы басқа елдердің валютасымен күнбе күн нақтыланып отырды.

Теңгенің экономикалық өсімге тікелей қызмет жасауын қамтамасыз ету қажет болды. Бұған дейін теңге құлдырап бара жатса, Ұлттық банк өзіндегі алтын-валюта қорынан қосымша ақша жұмсап, оны реттеп отыратын. Бірақ бұл әрекет жасанды бағамның жасалуына жол ашты. Теңгенің шын бағамын белгілеу үшін оны еркін жүзуге жіберу керек болды. Аталмыш шарадан кейін теңге бағамы АҚШ долларына шаққанда бірден екі есеге сатылап жоғарылап кетті.

Бұдан кейінгі жылдары теңгенің АҚШ долларына қатынасы бойынша құнсыздану қарқыны едәуір баяулады. Мәселен, егер 1995 жылы теңгенің бағамы 17, 9 пайыз болса 1996 жылы - 15, 4 пайызға төмендеді, 2001 жылы теңгенің номиналдық құнсыздануы 5, 17 пайыз, ал 2002 жылы - 3, 25 пайыз болды.

Ұлттық валютаның тұрақтылығы белгілі бір мерзімдегі оның құндылығымен анықталады. Ішкі құндылығы инфляция деңгейімен, ал сыртқы құндылығы басқа валютаға баламалау арқылы анықталады. Бізге мәлім деректерге сүйенсек, инфляция 1995 жылы 276, 2 пайыздан 2005 жылы 5, 9 пайызға төмендеуімен теңгенің ішкі құндылығын арттырып отыр. Ұлттық валютаның АҚШ долларына қатысты сыртқы құндылығының тұрақтануы 1999 жылы ұлттық валютаның еркін айырбасқа жіберілуіне және экономиканың дамуына, ІЖӨ-нің өсуіне (1999-2004 жылдары - 167, 4 пайызға өсуі) байланысты болды. Егер 1999 жылға дейін инфляцияның монетарлық факторы басым болса, одан кейінгі мерзімде монетарлық емес факторлар әсер етті.

Қазақстан макроэкономикалық тепе-теңдікті қамтамасыз ететін монетарлық факторлардың арқасында тұрақтылыққа жетті. Бұл жағдайда сыртқы және ішкі тәуекелдердің алдын алуда Ұлттық банк жағымды саясат жүргізіп отырды.

Президенттік басқару институты осындай нәтижелерге жетудің бірден бір тиімді жолы болғаны айқын.

Бірақ монетарлық емес факторлар әлі де өзекті мәселеге айналып отыр. Соның ішінде негізгісі - ауылшаруашылық, қайта өңдеу салалары сапасының төмендігінен, шығындылығынан олардың айтарлықтай тиімсіз жұмыс істеуі. Кедергі жасайтын факторларға әкімшілік-бюрократтық шаралардың салдарынан тежеліп отырған бәсекелестіктің ойдағыдай дамымауы, заңдылықтың бұзылуы жатады. Ол үшін ұлттық валютаны ел экономикасын басқаратын құрал деңгейіне жеткізу жұмыстары жүргізілді.

Теңгенің тарихын белгілі бір кезеңдерге бөлсек, 1993-1996 жылдар инфляцияны ауыздықтау, ұлттық валютаның және қаржы рыноктарының қалыптасуымен ерекшеленеді. 1991 жылдың аяғында ІЖӨ-нің 8, 2 пайызға төмендеуіне қарамастан, осы кезеңнің соңында инфляцияның деңгейін 60, 3 пайызға төмендетуге қол жеткізілді. 1993 жылы қарашада теңгенің енгізілу кезеңіне қарай еліміздің банк жүйесі едәуір дәрежеде реформаланған болатын. Екі деңгейлі банк жүйесі құрылды, барлық мамандандырылған банктер акционерлік банктер болып қайта құрылды, ал Ұлттық банкке Орталық банктің бірқатар өкілеттіліктері берілді. Бұл өз валютамызға көшуді және Қазақстанның ақша-кредит саясатын жүргізуді едәуір жеңілдетті. 1993-1996 жылдары банк секторын сауықтыру жөніндегі шаралардың нәтижесінде екінші деңгейдегі банктердің саны 204-тен 101-ге дейін қысқарды.

1997-1999 жылдары экономиканы тұрақтандыруға қол жеткізілді және банк жүйесін жедел түрде реформалау шаралары қарастырылды.

Экономиканы реформалауды жалғастыру нәтижесінде ІЖӨ-нің 2, 7 пайызға өсуін, инфляция деңгейінің 17, 8-ге төмендеуін және нақты жалақы индексінің 13, 1-ге жоғарылауын айта кету қажет. Банк секторын шоғырландыру және сауықтыру шаралары екінші деңгейдегі банктер санының 55-ке азаюына ықпал етті. 1998 жылдан бастап нарықтық қатынастар негізінде құрылған үш деңгейлі зейнетақы жүйесі енгізілді. 2000 жыл экономиканың тұрақты өсуі, қаржы секторын қарқынды дамыту және қаржы секторының халықаралық стандарттарға көше бастауымен ерекшеленді.

Сондықтан Ұлттық банк алдағы уақытта Қазақстанның БСҰ-ға кіруін ескере отырып, банк секторының бәсекеге қабілеттілігін жақсарту бойынша жұмыс жүргізуде.

Бүгінгі күндері біздегі банк жүйесі ТМД-дағы ең жедел дамыған жүйе болып табылады. Банктердің жиынтық меншік капиталының баламасы шамамен 1, 4 миллиард АҚШ долларына, жиынтық активтері 10, 5 миллиард АҚШ долларына жетті. Банк активтерінің 60 пайызы экономикаға кредиттер түрінде орналастырылады. 2003 жылдан бастап барлық банктер қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары бойынша жұмыс істейді.

Елімізде дамыған кредиттік және депозиттік рыноктар бар. Резиденттердің теңгелей түрде депозиттерінің жалпы көлемі 2005 жылдың 1 шілдесінде 847, 4 миллиард теңге болды. Жалпы депозиттердің ішінде теңгелік депозиттер өткен жылғы осы мерзімдегі көрсеткіштермен салыстырғанда 56, 8 пайыздан 58, 7 пайызға өсіп отыр.

Бұлардың бәрі теңгенің тұрақты валютаға айналғанының айқын дәлелі. Қаржы секторының барлық бөліктерінде құрылымдық реформа жүзеге асырылды. Қазір Қазақстанда жұмыс істеп тұрған 36 банктің 25 банкі депозиттерді сақтандыру жүйесіне кірді. Осы шаралардың бәрі халықтың банк жүйесіне деген сенімін арттыруға ықпал етеді. Салымдардың мөлшері бойынша халықтың жан басына шаққанда 142 АҚШ доллары болып, Ресейден кейін ТМД елдері ішінде екінші орында тұр. Банк кредиттеріне балама кредиттеу де дамып келе жатыр. Микрокредиттік ұйымдардың, пошталық жинақ ақша, тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасы жүйесінің дамуына көп көңіл бөлінді.

Сондай-ақ 2000 жылы іске қосылған вексельдік қайта қаржыландыру жүйесі банктік кредиттеудің баламасы бола алды. “Инвестициялық қорлар туралы” Заңның қабылдануына байланысты халықтың ішкі жинақ ақшасын жұмылдырудың және қайта бөлудің тиімді тетіктері акционерлік инвестициялық және пай қорларының институты болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық банк және оның мақсаты
Банк қызметін реттеу және қадағалау
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жайлы ақпарат
Банк жүйесі жайлы ақпарат
Ақша айналысын басқару
Ақша-несиелік реттеу саясаты
Қазақстан Республикасының Орталық банкі
Реттеуші органдардың бақылауы
Ұлттық банк, экономикалық мәні және рөлі, (құрылым және басқару органдары)
Банктік қадағалау түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz