Швейцария


Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. НЕгізгі бөлім
- Швейца́рия
- Швейцарияның табиғаты және туристік жерлері
- Швейца́рия экономикасы
- Халқы
Пайдаланылған әдебиеттер
Швейца́рия
Швейца́рия (нем. Schweiz , фр. Suisse , итал. Svizzera , ромш. Svizra ), ресми атауы - Швейцария Конфедерациясы (нем. Schweizerische Eidgenossenschaft , фр. Confédération suisse , итал. Confederazione Svizzera , ромш. Confederaziun svizra ) - Орталық Еуропадағы мемлекет. Солтүстігінде Германиямен, батысында Франциямен, оңтүстігінде Италиямен, шығысында Австрия және Лихтенштейнмен шектеседі.
Халқы 7, 3 млн. (2001), оның 65%-ы - неміс тілді швейцарлар, 18%-ы - француз тілді швейцарлар, 10%-ы -италиян тілді швейцарлар, 1%-ы - реторомандықтар, т. б. Дінге сенушілердің 50%-ы католиктер, 48%-ы протестанттар.
Астанасы - Берн қаласы.
Негізгі қалалары: Цюрих, Женева, Лозанна, Санкт-Галлен, Базель.
Швецария - федеративтік парламенттік республика. Мемлекет басшысы - Президент, жоғарғы заң шығарушы органы - екі палаталы Федералдық жиналыс (Ұлттық кеңес пен кантондар кеңесі) . Мемлекеттік тілі - неміс, француз, италиян тілдері. Ұлттық мейрамы - Конфедерацияның негізі қаланған күн, 1 тамыз (1291) .
Швейцария - Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымның, Еуропалық кеңестің (1963) мүшесі. Ақша бірлігі - швейцария франкі.
Швейцарияның табиғаты және туристік жерлері
Швейцария - таулы ел, көпшілік бөлігі Альпі таулары аумағында орналасқан (ел аум-ның 60%-ын құрайды) . Оңтүстігінде Пеннин Альпісі, Лепонтин, Ретийя Альпісі мен Бернин массиві орналасқан. Бұл таулар бір-бірінен жоғарғы Рона мен алдыңғы Рейннің терең көлденең аңғарлары арқылы бөлінген. Негізінен кристалдық жыныстардан қалыптасқан биік, тегіс емес, қармен жабылған таулар терең шатқалдармен бөлшектенген.
Таулардың басында көптеген фирндік алаңдар мен мұздықтар бар (ел аум-ның 10%-ы) . Негізгі асулары (Үлкен Сен-Бернар, Симплон, Сен-Готард, Бернина) 2000 м-ден биік орналасқан. Солтүстік пен солтүстік-батысқа қарайАльпі аласара түсіп, мұздықтар сирей бастайды. Альпіден солтүстік-батысқа қарай ел аум-ның 1/3-іне жуығын алып жатқан Швейцария қыраты орналасқан. Ол 1000 - 1200 м-ден 400 м-ге дейін аласарады (Рейн мен Аареөзендерінің аңғарлары) . Мұнда ел халқының басым бөлігі шоғырланған, ірі қалалар мен өнеркәсіп орталықтары орналасқан. Сондай-ақ мұнда ең құнарлы а. ш. жерлер мен жайылымдар бар. Елдің солт. -батысында қатпарлы Юра таулары (Швейцария шегіндегі ең биік жері - Мон-Тендр тауы - 1679 м) жатыр.
Швейцарияның жануарлар дүниесі адамның шаруашылық қызметінің ықпалын күшті сезініп отыр. Қар құры менақ қояндар кең тарағанымен, таулардың жоғ. бөлігіне тән елік, бұғылар мен альпі суырлары сирек кездеседі. Жабайы жануарлар дүниесін қорғау жөнінде көп жұмыстар атқарылуда. Австриямен шекарада орналасқан Швейцария Ұлттық саябағын еліктер мен бұғылар, тауешкі мен түлкі мекендейді, сондай-ақ ақ құр мен жыртқыш құстардың бірнеше түрі кездеседі.
Швейцария - теңiзге шығусыз ел, аумағы үш табиғи аймаққа жiктеледі:
- Солтүстігіндегі Юра таулары,
- Отралығындағы Швейцария үстірті,
- Оңтүстігінде Швейцарияның 61% жерін алатын Альпі таулары.
Солтүстiк шекарасы Швейцария Альпiлерiнiң ортасынан басталып Боден көлi мен Рейн бойымен орталығында бастайтын және шығыс шекарасының бөлiгiн құрастырған Рейн бойынша жартылай өтедi. Батыс шекарасы Юра таулары арқылы өтедi, оңтүстiк - Италиялық Альпiлер және Женевалық көлі бойымен.
Үстірт ойпатта жатыр, бiрақ оның көп жағы теңiз деңгейiнен 500 метр жағарыда орналасқан. Орманды жоталардан (1600 м дейін) тұратын жаңа қатпарлы Юра таулары Франция мен Германия аумағына дейін созылған. Швейцарияның ең биік нүктесі Пеннин Альпісінде орналасқан - Дюфур шыңы (4634 м), ең аласа нүктесі - Лаго-Маджоре өзені - 193 м.
Швейцарияда Еуропаның тұщы судың 6% орналасқан. Ең ірі өзеңдері - Рона, Рейн, Лиммат, Аaре.
Швейцарияның ең ірі он көлі:
- Женева көлі (582, 4 км²)
- Боден көлі (539 км²)
- Нёвшатель көлі (217, 9 км²)
- Лаго-Маджоре (212, 3 км²)
- Фирвальдштет көлі (113, 8 км²)
- Цюрих көлі (88, 4 км²)
- Лугано (48, 8 км²)
- Тун (48, 4 км²)
- Бильск көлі (40 км²)
- Цугск көлі (38 км²)
Экономикасы
TheOmegaSpeedmaster, Швецариялық сағат
Швейцария - жоғары дамыған өнеркәсібі мен өнімді ауыл шаруашылығы бар мемлекет. Швейцария дүние жүзінде капиталды шеттен тартудан алғашқы орындардың бірін иемденеді, дүние жүзіндегі ең ірі қаржы орталықтарының бірі саналады. Щвейцария банкілерінің сейфтерінде дүние жүзіндегі ең дамыған елдердің, барлық құнды қағаздарының жартысы жатыр. өнеркәсібі жоғары сапалы, қымбат және ғылым жетістіктерін қажет ететін өнімдер шығаруға маманданған. Елэкономикасындаірі трансұлттық монополиялар үстемдік жағдайға ие. Щвейцария туризм мен өз аумағы арқылы өткізілетін транзиттік жүктерден көп пайда табады. Өнеркәсібі сырттан әкелінетін шикізаттарға тәуелді және дайын өнімдерді экспорттауға бейімделген. Жетекші салалары - машина жасау мен металл өң-деу, химия, тамақ өнеркәсіптері. Машина жасауда ұсталық-престеу жабдықтарын, дәлдігі жоғары металл өңдеу станоктарын (оларды шығару мен экспорттау бойынша Щвейцария дүние жүзіндегі жетекші орындардың бірін иемденеді, өнімнің 80%-ына жуығы сыртқа шығарылады), дәл өлшеу аспаптарын (күрделі медициналық аппараттар, дәл таразылар, оптик. аспаптар, т. б. ), сағаттар (дүниежүз. өндірістің жартысынан көбі, өнімнің 95%-ы экспортталады) шығару неғұрлым жоғары дамыған. Щвейцария тоқыма (тоқу, иіру, тігін машиналары, дүниежүз. экспорттың 1/5-і), полиграф. (баспахана машиналары, түптеу станоктары, т. б. ; өнімнің 90%-ы экспортталады), тамақ, сағат өнеркәсібі үшін құрал-жабдықтар өндіру мен экспорттау жөнінде дүние жүзіндегі ең алдыңғы орындардың бірін иеленеді. Ш-ның компьютерлер мен оларды бағдарламалық қамтамасыз ету өндірісіндегі, күзеттік (видеобақылау, банкноттар мен бағалы қағаздарды қорғау жүйелері) және орау құрал-жабдықтарын, егін жинау техникасын, құрылыс саймандарын өндіру салалары да жақсы дамыған.
ҮлкенЦюрихоблысы 1. 5 млн адамдардың және 150-ден астам компаниялардың үйі.
Химия өнеркәсібінде дәрі-дәрмектер (дүние жүзінде 2-орын, өнімінің 90%-ы - витаминдер, дәрілік құралдар, тазалық бұйымдары экспортталады; “Роше”мен“Сандос”фирмалары фармацевтевтикалық трансұлттық корпорациялардың алғашқы бестігіне кіреді), агрохимикаттар (дүние жүзінде 1-орын), тағамдарға иістік және дәмдік қоспалар, парфюмерлік бұйымдар, тоқыма өнеркәсібі үшін бояғыштар, химиялық талшықтар мен пластмассалар шығару да неғұрлым жоғары дамыған.
Швейцариялық ірімшіктер, шоколад, кофе, балалар тағамдары, қоюлатылған сүт, тағамдық концентраттар (“Нестле” концерні дүние жүзінде нидерландық“Юнилеверден”кейін 2-орын алады) бүкіл дүние жүзіне танымал өнімдер болып есептеледі.
Тоқыма (өнімінің 50%-ына жуығы экспортталады), тігін, аяқ-киім өнеркәсібі дамыған.
Жылына 57, 2 млрд. кВт/сағ электр қуаты өндіріледі (негізінен СЭС-терде, 4АЭСжұмыс істейді) . Темір жолдарының барлығы электрлендірілген, ең биіктегі т. ж. бекеті теңіз деңгейінен 4000 м-ден жоғары орналасқан.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz