Шын мәнділіктің аясы – адамдардың рухани дүниесі


Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Категориялардың адамның дүниеге қатынасының саналуан формалары екендігі шектілік пен шексіздіктің арақатынасында әсіресе анық алға тартылады. Саналы түрде ме әлде бейсаналық дәрежеде ме, бірақ адамның өз өмірінде көп жағдайда мәңгілікке ұмсынатындығы, мәңгілікті (шексіздікті) аңсайтындығы көрініп тұр. Тірі тіршіліктің, биологиялық өмірдің шектеулі екендігі әрбір ересек адамға мәлім. Биологиялық өмір - өмірдің бастауы, онсыз өмір жоқ. Ол да белгілі. Бірақ ол тек «таза» биологиялық тәннің негізінзе басқа да өмір қажет. Биологиялық тіршіліктің тірі жәндіктерге де, адамға да орта шексіздігі - ұрпақтың ұрпаққа жалғасуы, әрбір жеке өмірдің өз жекелігімен бірге із-түссіз жоғалып кетпеуінің кепілі.

Әрине, шектілік те, шексіздік те адамнан тыс дүние бар, бірақ олар адам үшін бағалы не бағасыз, құнды не құнсыз, өмірінің мәні, немесе мәнсіздік, мағынасыздық. Белгілі бір мәнділікке құрылған өмір ғана адам үшін өмір (жалған болсын немесе ақиқат болсын - ол басқа мәселе) .

Неліктен адам өзінің жеке, тек өзіне ғана қажет, бүгінгі, қазіргі, осы сәттегі мұқтаждықтармен күн кеше алмайды?Оны неліктен шексіздік толғантады?Өзі жоқ болғаннан кейінгі болатын нәрселерде оның не жұмысы бар?Көп адамдардың өлімнен, яғни шектіліктен қорқатын себебі не?

Оның себебін бұрында белгілі дәрежеде айтып өткендей, адамның табиғатының өзі (биологиялық емес, қоғамдық, рухани) шексіздік, универсалдылық. Күнделікті өмірінде қаншалықты шекті болғанымен ол жан дүниесінде, қиялында, армандарында бүкіл әлемнің тіршілігімен тыныстап жүретін болады. Көп жағдайда адамның қай өмірінің шын өмірі екенін - күнделікті тіршіліктегі күйбеңдері ме, әлде армандарында, қиялдарында аялайтын мөлдек, екінің бірінде өзіне ғана аян толғаныстары ма - айту қиын.

Шын мәнділіктің аясы - адамдардың рухани дүниесі. Рухани өмірде адам бүкіл әлеммен теңдесе алады. Рухани өмірде ғана толық мағынасында еркін. Рухани дүние адамдардың ең терең, ауқымды және мағыналы құндылықтардың мекені. Егер ондай құндылықтар жоқ болса. онда рухани дүние де жоқ. Ең терең, яғни ең шексіз құндылықтар адамның әлеммен, адамдардың өзара үйлесімді қатынас түзеп, соларды дамытуының құндылықтары. Ал олар - ең алдымен әрбір тұлғаның осындай құндылықтарының, мақсаттар мен пиғылдардың шеңберінде шексіз дамуы. Оның осы бағыттағы мағыналы істері, берген үлгілері, өзіндік дербес дамудың соны жолдары басқалардың бәрінде де, келесі ұрпақтарына да ізгілікті әсер етуі мүмкін. Жеке өмірдің шектілігінен адамның шексіздікке аяқ басатын тұсы осы болуы керек. Мұны көптеген ойшылдар айтқан. Түрік дүниесінің ойшылдары Әл-Фараби, Баласағуни, Қорқыт ата, Абай т. б. әртүрлі мағынада болса да бұл мәселе жөнінде осы ойға ойысады.

Философиялық ойдың тарихында өмір немесе өмір сүру мәселесі әр түрлі кезеңдерде алға тартылып отырған. Оның мазмұны сан алуан.

Күнделікті қатынастарда ұшырасатын түсініктер бойынша өмір немесе өмір сүру болмыстың айқындықтарының біріндей сипатқа ие: өмір сүру, яғни бір нәрсенің бар екендігін, іске асқан, орындалған, кеңістік пен уақытта өз орны бар нәрсе. Яғни өмір сүру өмір сүріп отырған, бар заттардың бәрі. Философиялық ойда, бірақ, бар нәрсенің барлығын өмір сүру деп қарастыруға болмайды. Өмір сүру-бар нәрселердің бар айқындығы. Олай болса, ол-бар екендіктің жәй фактісі емес, оның бір жағы, немесе қыры. Қандай қыры?Өмір сүру-мән мен құбылыстың белгілі бір астастығы. Ол мәннің құбылыстан және құбылыстың мәннен оқшаулығы емес, олардың әрқайсысының дербес көріну формасы емес. Оны мәнді құбылыс, немесе құбылыс дәрежесінде толысқан мән деуге болады.

Өмір сүру де мәннің сыртқы көріну формаларына жатады, яғни ол болмыстық форма. Бірақ нәрсенің бар екендігі басқа. Ол әлі барлығынан басқа айқындығы жоқ кезеңне кейінгі шындыққа ауысудың кезеңі. Ол әлі шындық емес, бірақ болмыстың іштей жіктеліп, оның мән менг құбылыстарға ажыраған кезеңі. Болмыстың мәні айқындалған, сондықтан енді мәнге неғұрлым сай келетін формасы қажет. Өмір сүру осы қалыптасқан мәннің өзіне сай көріністерін айқындау процесі. Әрине, мән мен құбылыстың сай келуі барлық уақытта біршама өз тарихы бар процесс. Өмір сүру-осы қалыптасу тарихы, ол құбылыстың мәнділікпен толысу және пайда болған мәннің өз көріну жолдарын, формаларын түзеу тарихы. Дәлірек айтсақ, өмір сүру жағдайдан болмыстан мәнділіктіңшығуына дейінгі жол емес, керісінше, пайда болған мәннің өзіне сай көріну формасын жасау, табу жолы. Яғни, болмыс, шындық, құбылыс, өмір сүру бір типтес категориялар, бірақ олардың мазмұндары бірдей емес.

Философия тарихында өмір сүру категориясын мұқият талдағангдардың алғашқысы-Гегель. Оның өмір сүруді түсінуі жоғарыда айтылғанға жақын. Бірақ Гегель үшін ойлау әлемнен адамнан тыс, алғашқы құдіреті жаратушы күш болғандықтан мән әрқашан алғашқы, оның өзін өзі тануы әлемді, адамды жарату жолында іске асады, осы жолда ол өзін алдымен болмыстық жолдав көреді, тек кейін ғана ол болмыстың ішкі мәні екенін айқындайды. Өмір сүру тек осы кезеңнен кей»ін келетін саты. «Белгілі бір істің барлық шарты жағдайлары дайын болғанда ол өмір сүруге ауысады», -дейді ол.

Егер әрбір тұтас нәрсе, нәрсені белгілі бір пайда болу, қалыптасу, даму, өшу кезеңдеріне өтеді десек, тек осы тұтғыдан ғана өмір сүру дербес категория ретінде мазмұнға ие. Гегель тек осы тұрғыдан ғана қарастырды. Оның ойынша мән алғашқя, анықтаушы, және әрбір тұтас, дербес нәрсені түпкілікті тап осы нәрсе ететін мазмұн.

ХХ ғасыр философиясында өмір сүру категориясы көптеген бағыттардың (экзистенциализм, философиялық антрофология т. б) негізгі проблемасына айналды. Ол ХХ ғасырдағы Батыс философиясының негізінде тек адам проблемасына бет бұрғандығының нәтижесі болды. Бұл бағыттар философияның міндетінің өзін басқа түсінуге ойысып, олар тек адамның дүниедегі орны, оның дүниеде болуының мағынасы туралы мәселелерді алға тартты. Мұндай жағдайда, әрине, өмір сүру, ол адамның өмір сүруі және жалпы адамзаттық қанаемес, жеке адамның жалқы тіршілігінде өмір сүру. Бұрынғы философия жалпылықты тым әсіре бағалап, оны бірінші орынға қойды, ал адамдар дүниесінде әрбір адамның қайталанбас жалқы тіршілігі бағалы. Әрбір адам нәрсеге тәуелділігі арқылы, жалпы басқа нәрселер арқылы бағалы емес, ол өзі үшін де, қоғам үшін де өзінен өзі бағалы. Бірақ бұл шындық тарихта көбінесе бағалана берген жоқ.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқық және жеке тұлға туралы ақпарат
Өмір сүру
Субъект және объект
Адам өмірінің мәні жайлы
Эллиндік және Римдік философия
Адамдық мәнділік
Философия пәні бойынша оқу әдістемелік кешені
Адамзат қоғамын рухани дамытудағы философияның рөлі
Қазіргі заманның классикалық философиясы
Мәнділіктің рұқсат етілген деңгейін анықтау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz