Қазақстанның орта ғасырлардағы қалалары мен қоныстары



Жоспар

Кіріспе

І. Тарау. VІ.ХІІІ ғасырлардағы Қазақстандағы қалалар мен
қоныстар
І.1. Қалалар мен қоныстардың саны, олардың маңызы
І.2. Ерте орта ғасырлық қалалардағы қолөнер және сауда
І.3. Қалалардың архитектурасы

ІІ. Тарау. ХIV.ХVІІІ ғасырлардағы қалалар мен қоныстар
ІІ.1. ХІV.ХVІ ғасырлардағы қалалар мен олардың өмірі
ІІ.2. Соңғы орта ғасырлардағы қалалар мен қоныстар

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қалалар саны және қала жұрттарының үлгілері. Жаңа археологиялық материалдың жинақталуы, бұрын белгісіз болып келген қала жұрттарының ашылуы тарихи картаға алдыңғы ортағасырлық қалаларды, қоныстар мен басқа да елді мекендерді неғұрлым толық орналастыруға мүмкіндік береді. Оңтүстік Қазақстанның тау етегіндегі ең ірі қала Испиджаб саналады. Ол 629 жылы Сюань-Цзянның жылнамасында «Ақ өзендегі қала» атымен алғаш рет аталады. Кейініректе Махмұд Қашғари былай дейді: «Сайрам - ақ қаланың аты (Әл-Мединат әл-Байда), ол Испиджаб деп аталады. Оны «Сайрам» деп те айтады». Сайрам деген атаумен қала осы кезге дейін жетті және оның аумағындағы қираған қала жұртының орны орта ғасырлардағы Испиджабқа сәйкес келетініне күмән жоқ.
Испиджабқа жақын жерде, одан Шашқа баратын жолдың бойында Газгирд қаласы жатқаң. Орта Гасырларда жол Тұрбат асуынан өтіп, Сайрамға барған. Қазіргі Шарапхана ауылының аумағынан VІІ-Х ғасырларда болған каланың жұрты табылды, оны Газгирд деуге болады. Ертедегі Газгирд топонимінің қазіргі Қазығұрт атауында сақталып қалған болуы мүмкін. Ташкент пен Шымкент арасындағы тау сілемдері солай деп аталады; қаланың қираған жұрты соның етегінде жатыр. Испиджабтың шығыс жағында Шарап, Будухкет, Тамтаж, Абараж және Жувикат қалалары мен елді мекендері болған . Алдыңғы екі қалаға арақашықтағы деректемелерде фарсах есебімен (Сайрамнан және бір-бірінен шақырым есебімен) көрсетілген қала орындары сәйкес келеді. Шарапқа - Төрткөл Балықшы, Будухкетке Қазатлық қалаларының жұрты сай келеді. Тамтаж мен Абараж, сірә, керуен сарайлар болса керек.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Қазақстан Тарихы І том. Алматы, «Атамұра». 1996 ж.
2. Қазақстан Тарихы ІІ том. Алматы, «Атамұра». 1998 ж.
3. Қазақстан Тарихы ІІІ том. Алматы, «Атамұра». 2002 ж.
4. Волин С.Л. Сведения арабских и персидских иситочников о долине р. Талас и степных райнах. 1960, 76-б.
5. Беленицкий А.М., Бентович И.Б., Большаков О.Г. Средневековый город Средней Азии, 3-4 б.
6. Кожемяко П.Н. Раннесредневековые города и поселения Чуйской долины. Фрунзе 1959, 65-130 б.
7. Байпақов К.М. Средневековая городская культура Южного Казахстана и Семиречья, 73-б.
8. Всеобщая История Архитектура М., 1958, т. І, 121-122 б.
9. Сухарева О.А. Квартальная община позднефеодального города Бухары, 338-б.
10. Якубов Ю. Раннесредневековые бытовые очаги из поселения Гардони-Хисор. Жилище народов Средней Азии и Казахстана М., 1982, 72-77.
11. Байпақов К.М. Средневековая городская культура Южного Казахстана и Семиречья, 83-87-б.
12. Сенигова Т.Н. Средневековый Тараз. А., 1972, 65-б.
13. Кожемяко П.Н. Раннесредневековые города и поселения Чуйской долины. Фрунзе, 1959, 131-184 б.
14. Байпаков К.М. О локализации позднесредневековых городов Казахстана 1977, 203-205 б

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Қазақстанның орта ғасырлардағы қалалары мен қоныстары

Жоспар
Кіріспе
І. Тарау. VІ-ХІІІ ғасырлардағы Қазақстандағы қалалар мен
қоныстар
І.1. Қалалар мен қоныстардың саны, олардың маңызы
І.2. Ерте орта ғасырлық қалалардағы қолөнер және сауда
І.3. Қалалардың архитектурасы

ІІ. Тарау. ХIV-ХVІІІ ғасырлардағы қалалар мен қоныстар
ІІ.1. ХІV-ХVІ ғасырлардағы қалалар мен олардың өмірі
ІІ.2. Соңғы орта ғасырлардағы қалалар мен қоныстар

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Қалалар саны және қала жұрттарының үлгілері. Жаңа археологиялық
материалдың жинақталуы, бұрын белгісіз болып келген қала жұрттарының ашылуы
тарихи картаға алдыңғы ортағасырлық қалаларды, қоныстар мен басқа да елді
мекендерді неғұрлым толық орналастыруға мүмкіндік береді. Оңтүстік
Қазақстанның тау етегіндегі ең ірі қала Испиджаб саналады. Ол 629 жылы
Сюань-Цзянның жылнамасында Ақ өзендегі қала атымен алғаш рет аталады.
Кейініректе Махмұд Қашғари былай дейді: Сайрам - ақ қаланың аты (Әл-
Мединат әл-Байда), ол Испиджаб деп аталады. Оны Сайрам деп те айтады.
Сайрам деген атаумен қала осы кезге дейін жетті және оның аумағындағы
қираған қала жұртының орны орта ғасырлардағы Испиджабқа сәйкес келетініне
күмән жоқ.
Испиджабқа жақын жерде, одан Шашқа баратын жолдың бойында Газгирд
қаласы жатқаң. Орта Гасырларда жол Тұрбат асуынан өтіп, Сайрамға барған.
Қазіргі Шарапхана ауылының аумағынан VІІ-Х ғасырларда болған каланың жұрты
табылды, оны Газгирд деуге болады. Ертедегі Газгирд топонимінің қазіргі
Қазығұрт атауында сақталып қалған болуы мүмкін. Ташкент пен Шымкент
арасындағы тау сілемдері солай деп аталады; қаланың қираған жұрты соның
етегінде жатыр. Испиджабтың шығыс жағында Шарап, Будухкет, Тамтаж, Абараж
және Жувикат қалалары мен елді мекендері болған[1]. Алдыңғы екі қалаға
арақашықтағы деректемелерде фарсах есебімен (Сайрамнан және бір-бірінен
шақырым есебімен) көрсетілген қала орындары сәйкес келеді. Шарапқа -
Төрткөл Балықшы, Будухкетке Қазатлық қалаларының жұрты сай келеді. Тамтаж
мен Абараж, сірә, керуен сарайлар болса керек.

І. VІ-ХІІІ ғасырлардағы Қазақстандағы
қалалар мен қоныстар
І.1. Қалалар мен қоныстардың саны, олардың маңызы
Арыстың төменгі ағысында арталығы Отырар қаласында болған Фараб
(Отырар) өңірі жатады. Жазбаша деректемелерде Отырар (Отырарбенд) VIII-IX
ғасырларда пайда болады. Сонымен бірге қаланың Фараб деген аты да мәлім
болған. Бұл қаланың Тарбанд деген тағы бір аты белгілі. Отырардың
Отырарбемд қаласының өзі екені күмән туғызбайды. Отырардан төменірек
Сырдария бойында Шауғат өңірі орналасып, сол аттас орталығы болған. В. В.
Бартольд Шауғарды Түркістан ауданында болған деп санайды. Шауғар қаласы
Түркістанның оңтүстік-шығысында 8 шақырым жерде орналасқан Шойтөбе
қаласының орнында болған деп саналады. Соғды тілінен аударғанда Шауғар
Қара тау деген сөз. Қаланың Қаратау етегінде орналасуы Шойтөбенің
Шауғарға балануына қосымша дәлел бола алады. Осы қалалардан басқа
Сырдарияның орта ағысында VІ-ІХ ғасырдың бірінші жартысына тән мадени
қабаттары анықталған бір топ қала жұрттары жатыр. Қазақстанның оңтүстігінде
барлық саны 27 болатын осындай қала жұрты бар.
Қазақстанның оңтүстігіндегі қала жүрттарына құрылымында арқа - ішкі
қамал, шахристан - дуалмен бекіндірілген қала және рабад - қала
төңірегіндегі сауда-қолөнер орны болатын топография тән. Шахристанда бай
шонжарлардың, ірі саудагерлер мен дінбасылардың үйлері, сарайлар орналасты.
Алайда Орта Азияға тән қалыптағы Пенджикенттегі археологиялық қазбалар
қала өмірінің бастапқы кезендерінде-ақ шахристанда шонжарлармен және
көпестермен қатар қолөнершілер мен ұсақ саудагерлердің де тұрғанын және
алдыңғы орта ғасырлардың өзінде қала қолөнер мен саудның қалыптасқан
орталығы болғанын көрсетті.[2] Жазбаша деректемелердегі қалаларімен, сол
кезеңнің түсінігінде қалыптасқан қала үлгісімен сәйкес келетін қала
жұрттарында қалалар қатарына жатқызу керек. Оңтүстік Қазақстан мен
Жетісудың алдыңғы орта ғасырлардағы қалаларының жұрттарын анықтаған кезде
мынадай белгілердің жиынтығы: көлемі мен құрылымы (қамал және бүкіл көлемі
немесе қамал мен шахристан); бекіністері; мәдени қабатының байлығы;
археологиялық кешені пайдаланылады.
Осындай сан және сапа бедіілеріне сүйенгенде, Оңтүстік Қазақстандағы
алдыңғы орта ғасырлардағы барлық қалалар саны 33 болады. Алайда, Оңтүстік
Қазақстанның барлық қалалары неғұрлым кейінгі уақытта да өмір сүргендіктен,
қала орындарының кейінгі мәдени қабаттары ертідегі қалалардың көлемін
анықтауға және олардың үлгілерін жорамалдауға мүмкіндік бере бермейді.
Жетісудың оңтүстік-батысында, керісінше, бұған толық мүмкіндіктер болды.
Жазбаша деректемелерге карағанда, мұнда VII-X ғасырларда 27 қала мен қоныс
болған, олардың көпшілігі нақты қала жұрттарымен сәйкестендірілді.
Ал Шу және Талас аңғарларындағы аумақта барлығы 36 қала жұрты табылып,
олардағы VII—IX ғасырлардың мәдени қабаттары анықталды. Қалалар кейінгі
кезге дейін өмір сүрген. Олардың топографиясыңда өзіндік ерекшелік
кездеседі. Қала жұрттарында қамал мен шахристаннан тұратын орталық бөлік
ерекше көрінеді. Орталықтағы құлаған үйінділерге ұзындығы үш шақырымнан
ондаған шақырымға дейін жететін дуалмен қоршалған аумақ жапсарласып жатады.
Ұзын дуалды қалалардың орналасуында қатаң заңдылық бар: Талас
аңғарында олар бір-бірінен 15-20 шақырым қашықтықта аңғарлардың ең қолайлы
жерлерінде, Таласқа ұсақ тау өзендерінің құятын сағаларында орналасқан. Шу
аңғарында қалалардың орналасу заңдылығы одан да айқын - он үш қала тау
етегіндегі аймақта тау өзендері ағып шығатын жерлерде бір-бірінен 15-35
шақырым қашықтықта орналасқан; қалғандары Қырғыз жотасы тауларынан
өзендердің Шуға келіп құятын жерлерінде солтүстік жақтағы ішкі тізбекті
құрайды.
Қалаларды сипаттап топтаған кезде қала орындарының көлемі мен
топографиясы және жазбаша деректердің мәліметтері пайдаланылды, нәтижесінде
қалаларды үш топқа бөлуге мүмкіндік болды. Бұлар: астаналық және ірі
қалалар - Тараз, Суяб, Невакет және Нұзкет, олар Жетісудың оңтүстік-
батысындағы Жамбыл, Ақбешім, Қызылөзен және Шитөбе сияқты ірі қала
жұрттарына сәйкес келеді. Орташа топқа Таластағы Ақтөбе қаласының жұрты деп
саналатын Текабкет және тиісінше: Сус — Шалдовар, Мирки, Аспара, Жол -
Соқылық, Харранжуван - Беловодск бекінісі, Жақ - Сарығ—Грозненское
жатқызылды. Шағын қалаларға жататындар: Құлан - Луговое, Түрік қағанының
ауылы - Шөміш, Кірмірау - Покровское. Ірі қалалардың төңірегінде
орналасқан ондаған ескерткіштерді қоныстарға жатқызуға болады. Олардың
құрылымында да қамалдармен шахристандардың, қала төңірегіндегі жерлердің
айқын аңғарылуы жиі кездеседі. Кейбір қоныстардың мықты бекіністі
құрылыстары болған. Алайда олардың көлемі шағын, 4-6 гектардан аспайды,
мұның өзі, мамандардың пікірінше, қоныстарға тән. Сонымен бірге көптеген
төрткілдер—тау шатқалдарында және ірі қалаларға жақын орналасқан, төрт
бұрыш түріндегі қала орындары қоныстарға жатқызылд[3]. Табылып, зерттелген
қала орындарының кейбіреулері бекіністер және керуен сарайлар деп
анықталды.
Арқалар - ішкі қамалдар қаланың міндетті элементі және оның ең
бекіністі бөлігі болған. Мәселен, VII-VIII ғасырлардағы Құйрықтөбе
қаласының қамалы биіктігі 10 м күйдірілген балшық тұғырға салынған сарай
Құрылысы болып табылады. Онда қала билеушісі тұрған.
Баба-Ата қаласы орнының қамалын қазған кезде мұнда VI-VIII ғасырларда
көлемі 240 шаршы метр болатын екі қабатты құрылыс болғаны анықталды.
Бірінші, төменгі қабатында диаметрі 5,8 м болатын, күмбездеп жабылған
салтанат залы болған. Екінші қабатына қорап сияқты етіп жабылған алты бөлме
салынған. VI ғасыр мен VIII ғасырдың алғашқы жартысындағы Актөбе-1
қаласының ішкі қамалының орнынан саз қабатынан үш метр етіп тұрғызылған
биік тұғыр үстіне орнатылған екі қабатты замок табылды. Жамбыл (Тараз) және
Құлан қалалары орнының қамалдарында жүргізілген қазба жұмыстарында бұларда
да замок сияқты құрылыстардың орны анықталды. Талас аңғарындағы Қостөбе
қаласы орнының қамалын қазған кезде қызықты нәрселер байқалды. Қала
орнындағы қамал жоғарғы бетінің көлемі 30x40 м, биіктігі 12-15 м болатын
пирамида пішінді төбешік екен. Анықталғандай, VІ-ІХ ғасырларға жататын
бастапқы құрылыс жоғары стилобатқа орнатылған замок сияқты ғимарат болган.
Құрылыстың қабырғаларын айналдыра галерея өткен.
Ақбешім қаласында 35 га жерді алып жатқан биік қамал мен шахристан
болған. VIII ғасырдың екінші жартысында оның оңтүстік-шығыс жағынан қаланың
көлемі 60 га болатын жаңа бөлігі жапсарластыра салынған, сірә, оның қаған
ордасы болуы мүмкін. Қызылөзеннің қираган жұрты қамалдан, екі шахристаннан,
діни кешені бар зираттан тұрады.
Қамалы биіктігі 16 м және көлемі 110х110 м стилобатқа орнатылған
дағдылы замок құрылысы болған. Қамалдың ортасында қызметтік және тұрғын
жайлар орналастырылып, өте көркем безендірілген, оларды айналдыра галлерея
жасалған[4].
Қалалардын шахристандары махалла ларға топтастырылып, үйлер тығыз
салынған. Қалалардың махаллаларға бөлінуі феодалдық қоғам үшін заңды
болатын. Ол туыстық дәнекермен, ортақ кәсіппен, дінмен топтасқан адамдардың
сол қоғамға тән топ болып тұйықталуына байланысты еді. X ғасырдағы автор
Нершахидің Бұхара тарихы еңбегінде ку және махала (махаллат)
терминдері кездеседі, олар махаллаларды білдірген. Орта ғасырлардағы қала
жұрттарын зерттеушілер махалла ұғымын кеңінен қолданады.
Алайда, археологиялық әдебиетте махалла терминінің кеңінен
пайдаланылғанына қарамастан, бұл ұғым осы кезге дейін бірыңғай түсінілмей
келеді. Әдетте, махалла деп қала құрылысының бүгінгі ұғымы айтылады, ал
оның түп тамыры антик дәстүрінде жатыр, ол кезде көшелердің тік бұрышты
аумағы тұрақты жоспарланған тұрғын үй алаптарымен ұштасып жатқан[5].
Бір зерттеушілердің пікірінше, Пенджикент махаллалары тік бұрыш жасап
тоғысып жатқан тұйықталған көшелерден тұратын үй алаптары болған. Басқа
біреулері жалпы қалалық көшеден тарайтын махалла ішіндегі шолақ көшеге
біріктірілген шағын үйлер тобын махалла деп санайды. Махалла барлық жағынан
тұйықталған, оның шекаралары үй иеліктерінің сыртқы қабырғалары бойымен
өтеді.
Оңтүстік Қазақстан қалаларының жұртына кеңінен жүргізілген қазба
жұмыстары жеке махаллаларды, олардың шекараларын бөліп көрсетуге және
мынадай анықтама ұсынуға мүмкіндік берді: махалла дегеніміз қала
құрылысының ішіндегі көшелер немесе үлкен көшенің бір бөлігін біріктіретін
бірнеше үйлерден тұратын шағын алабы. Махалланың сыртқы беті жабық болады,
көрші махаллалармен шекарасы барлық үйлердің сыртқы қабырғалары мен шеткі
үйлердің бүйірдегі қабырғаларын бойлай өтеді.
Отырар алқабындағы Көк-Мардан қаласының жұртын қазған кезде аршылды.
Үйлердің үш тобын махаллалар деп санауға болады. Олардың әрқайсысы үлкен
солтүстік көшеден тарап, бекініс дуалына барып тірелетін тұйық көшемен
біріккен. Тұйық көшелердің ұзындығы - 15, 12, 10 м, махаллалардың көлемі —
370, 350 және 300 шаршы метр.А махалласында бес үй бар, біреуі діни үй,
Б және В махаллаларының әрқайсысы 4 үйден тұрады.
Құйрықтөбе қаласының орнын қазғанда аршылды. VІІ-ІХ ғасырдың бірінші
жартысына дейінгі үстінгі қабаты шайылып кеткен. Махалланың шет жақтары да
қираған болып шықты, ал оның орталық бөлігі әжептауір жақсы сақталған. Оның
махалласының көлемі 306 шаршы метр болады. Махалланың құрамына махалла
ішіндегі көшенің сол және оң жақтарына орналасқан 4 үй кіреді. Үш үй толық,
ал төртіншісінен бір бөлме ғана сақталған, Толық сақталған үш үйдің біреуі
бір бөлмелі де, екеуі екі бөлмелі, Махалла ішіндегі кішкене көше қақпамен
жабылған; оның үлкен көшемен қосылатын жерінде табалдырық тепкішегінің
қалдықтары сақталған.
Жоспарлануы және салыну сипаты жағынан махалланың Көк-Мардандағы VI-
VII ғасырлардың неғұрлым ертедегі махаллаларынан айырмашылығы жоқ.
Махаллалардың қалыптасу себептері мен сипатын үғынуға этнографиялық
материалдар толық мүмкіндік береді. Олар махаллалардың қалыптасуына
әулеттік қауым қатысқанын дәлелдейді. Бірқатар зерттеушілердің пікірінше,
XIX—XX ғасырдың басындағы тұрғын үй махаллалары салтының орта ғасырлардағы
қалалар тұрғындарының тұрмысынан елеулі айырмашылығы болмаған[6].
I мыңжылдықтың орта шені Орта Азия мен Қазақстан халықтарында
патриархаттық әулеттік қауымнан шағын отбасына көшудің бетбұрысты кезеңі
болды. Бұл уақытқа отбасының өзінше бір өтпелі түрінің қалыптасуы тән
келді. Ол енді үш немесе одан да үш ұрпақтан емес, екі ұрпақтан құралды.
Аға ұрпақ әке мен ана болды, үйленген ұлдарының бәрі солармен бірге тұрды.
Этнографтар жартылай отырықшы және отырықшы қарақалпақтарда әулеттік-
рулық топтардың көше деп аталғанын айтады. Әрбір топты ең бай немесе
ықпалды ақсақалдар арасынан көше би немесе көшбасы басқарған. Әдетте
бір ауыл, кейде бірнеше ауыл бірге көшіп-қонғанда неғұрлым ірі қоныстарға
жинақы әулеттік топтар болып қоныстанған. Туысқан отбасылар бірге мал
бағып, куаныштарын бірге атап өткен, салт-жораларды бірлесіп атқарған.
Отырықшы халықта әулеттік-туыстық топтар айқын аңғарылады. Тәжіктерде
олар кавм немесе каум деп аталады. Әдетте, мұндай әрбір топ бір
махаллада тұрған, топтағы әрбір отбасының иелігінде үй жанындағы және егін
салатын жеке жер учаскесі болған, бірақ малды бүкіл әулет бірігіп жайған,
егін жинағанда, құрылыс салғанда да бір-біріне көмек көрсетіп, әулетке
ортақ мерекелерді бірге өткізген, мешіті мен зираты да ортақ болган.
Көшпелілер мен жартылай көшпелілерде шағын отбасымен қатар
экономикалық және аумақтық бірлік белгілері бар неғұрлым ауқымды бірлестік
те пайда болды. Олар туыстық тегінің ортақтығы бойынша жинақталған
отбасылар болып топтасқан. Әрбір топ өзін бір атаның балалары деп атаған:
қазақтарда ол - ата баласы; қырғыздарда - бір аталық балдары;
түрікмендерде — бир ата деп аталған. Топтағы отбасылар саны 2-5-тен 20-15-
ке дейін ауытқып отырған. Олар бір ауыл болып көшіп, қыстауда қатар қонған,
малды бірлесіп, кезекпен бағып, еңбек еткенде бір-біріне көмектесіп
отырған, мейрамдарды бірге өткізіп, ғұрыптақ асты бірге ішкен. Алайда әр
отбасы малдарына өз ендерін салатын болған. Көк-Мардан мен Құйрықтөбе
махаллаларының тұрғындары әулеттік-туыстық топтардан тұрған. Махалладағы
үйлер саны жекелеген туыс отбасыларына тиесілі 4-6 үйге жетеді.
Этнографиялық деректер бойынша белгілі әулеттік-туыстық топтың басшысы —
көше би, көшбасшы орта ғасырлардағы махалла раисына (старшина,
староста) және соңғы орта ғасырлардағы Бұхараның махалла ақсақалына сәйкес
келеді[7].
Жетісудың оңтүстік-батысындағы қала жұрттарының шахристанын кеңінен
қазу жұмыстары жүргізілген жоқ және олардың махаллалары салынуының сипаты
туралы әзірше деректер болмай отыр; бірақ ол негізінен Оңтүстік Қазақстан
қалаларының салынуына ұқсас болса керек.
Қазба жұмыстары Оңтүстік Қазақстанның ертедегі орта гасырлардағы
қалалық тұрғын үйі туралы түсінік алуға мүмкіндік берді. VІ-VІІ ғасырдың
бірінші жартысына үйлердін екі үлгісі тән. Бірінші үлгідегі үй - бір
бөлмелі, тік бұрышты жоспармен салынған. Осындай көлемі 43 шаршы метр
болатын үйлердің бірінде үзындығы 4 метрлік иілген дәліз бар. Кіреберісі
тамбур пішіндес. Батыс және солтүстік қабырғаларын бойлай ортасына қарай
шығыңқы келген сөрелі сәкілер орнатылған. Сәкілердің ені 1 м, шығыңкы жері
- 1,2 м, биіктігі 40-45 см. Кіреберістің қарсы алдынан ортаға ернеулері
балшықпен сыланған көлемі 1x1,5 м болатын тік бұрышты жерошақ қазылған.
Кіреберістің сол жағында, тамбурда қалыңдығы 0,3 м қабырғада көлемі 0,2x0,2
м болатын екі камин (қабырғадағы ошақ) орналасқан. Оңтүстік-шығыс бұрышы
саз қалқамен бөлінген, бұл -шаруашылық бөлімі, өзінше бір ас пісіретін
алаң. Жайдың еденінен тік бұрышты төрт шұңқыр - тіреуіш бағаналардың орны
тазартылды. Төбесінен, сірә, жарық түсетін әрі түтін шығатын тесік жасалған
болса керек. Сонымен бірге түтін есіктен де шыққан, сондықтан да ошақ пен
каминдер есікке жақын тұр.
Бұл үлгідегі үйлердің сәкілері: екі қабырғада Г тәрізді және үш
қабырғаны жағалата П тәрізді етіп салынуымен ерекше; орталығында екі
сатылы шығыңқы жері бар. Жер ошақтың түрі тік бұрышты, сопақ немесе алдыңғы
жағы дөңгелек болып келеді. Ошақтардың шет жағы қышпен қаланып қоршалған.
Тұрғын үйді жылыту үшін де, тамақ асу үшін де пайдаланылған ашық үлгідегі
ошақтар Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияның орта ғасырлардағы тұрғын үйінде
кең таралған. Каминдер қабырғаларға ойып жасалған сфералық қуыс болып
табылады, олардың түбіне ернеуі аласа тұтқалы табалар қойылған. Жер ошақтар
мен каминдердің атқаратын міндеті әр түрлі: біріншілері - үйді жылыту және
ас пісіру үшін, екіншілері нан пісіру үшін пайдаланылған. Үйлерде ұн
тартуға арналған жалпақ диірмендер бар. Азық-түлік қорларын сақтауға
арналған кеспектер мен көзелер бұрыштарға қойылған сәкілердің үстінде тұр.
Сонымен бірге күйдірілмеген балшықтан жасалған кеспек тәрізді және астау
тәрізді ыдыстар қойма ретінде пайдаланылған.
Әрбір үйде мінәжат орны кезікті. Әдетте ол кіреберіске қарама-қарсы,
саз балшықтан жапсырып жасалған сопақша медальонды бұрыш болып келеді. Оның
астында кішкене бұрышты тақыт - күл қабаты жапқан мехрап орналасқан.
Үйлердің көлемі 12 шаршы метрден 45 шаршы метрге дейін өзгеріп
отырады. Төбені жабу сипаты үйдің көлеміне байланысты болған. Үлкен
үйлердің төбесі төрт бағанмен тірелген, орташаларында бір баған тіреуіш
ретінде пайдаланылып, оған ұзынынан бір немесе айқасқан екі діңгек
тірелген. Көлемі кішкене үйлердің төбесін қабырғалар ғана ұстап тұрған.
Екінші үлгідегі үйлер - тізбектеле салынған екі бөлмелі. Екінші бөлме
- қойма - бастапқы бөлмеден мықты қабырға арқылы сегменттеу жолымен
бөлінген. Қойма үйдің артқы, алдыңғы жақтарында, кейде бүйір жағында болуы
мүмкін. Қоймалардың көлемі 8 шаршы метрден аспайды. Тұрғын үйлердің екі
үлгісі де VI—VII ғасырлардағы Оңтүстік Қазақстан үшін дәстүрге айналған,
олардың алдыңғы үлгілері б. з. б. I мыңжылдықтың аяғынан бастап аңғарылады.
VII ғасырдың екінші жартысы - VIII ғасырдың алғашқы жартысындағы
тұрғын үйлер Құйрықтөбе қаласының орнын қазу жұмыстарынан мәлім. Көлемі
63,8 шаршы метр болатын бір бөлмелі үй аршылды. Оған деңгейі еденнен жоғары
сырттан кіретіндіктен кіреберісі жалпақ пандус түрінде жасалынған. Есік
қуысында есік пен табалдырықтық жақтауы сақталып қалған. Кірер есік үйден
көрініп тұратын қабырғамен бөлінген. Бөлменің үш жағына биіктігі 0,4
метрдей сәкілер салынған. Оңтүстік және батыс қабырғалары жағындағы
сәкілердің ені - 1 м, солтүстік жағындағысы — 0,7 м. Батыстағы қабырғаның
ортасында шығыңқы белдеуі бар, оның ұзындығы 2,4 м, ені Қ35 м.
Екі бөлмелі үйлер қосымша бөлмесі болуымен сипатталады, ол, сірә,
қойма болса керек. Махалладағы осындай бір үйдің тұрғын жайының көлемі 28
шаршы метр, қоймасы 16,8 шаршы метр болады. Тұрғын жайдың оңтүстік
жағындағы қабырғасында ені 1,7 м сәкі бар. Бөлменің ортасында жер ошақтың
күйген орны сақталған. Қойманың ішкі көрінісі сақталмаған, бірақ онда, Көк-
Мардандағы үйлердің қоймаларындағы сияқты, астық қорын сақтауға арналған
орындар мен ыдыстар болса керек.
Қазақстанның оңтүстігіндегі ертедегі ортағасырлық тұрғын үй сан
ғасырлық дамудың нәтижесі болып табылады. Оларды көрші аудандармен
салыстырғанда оларға тән бірқатар ұқсастықтар байқалады. Оған VІІ-VІІІ
ғасырлардағы соғдылардың Гарадани-Хисор қонысындағы бір және екі бөлмелі
үйлер жақын[8]. Пенджикент үйлеріндегі төрт тіреулі жайлардың жоспарлануы
Көк-Мардандағы төрт тіреулі, ал сәкілері шығыңқы белдеулерімен
ерекшеленетін үйге ұқсас келеді. Көк-Мардандағы тұрғын үйді оңтүстік-батыс
Ферғанадағы тұрғын үйлермен, Хорезмнің афригидтік үйлерімен салыстырғанда
белгілі бір ұқсастық байқалады.
Этнографиялық жағынан осыған ұқсас тұрғын үйлер Памирде сақталған.
Дегенмен де, Орта Азияның солтүстік аудандарының ертедегі орта-
ғасырларындағы тұрғын үйлермен ұқсастығына қарамастан, Оңтүстік
Қазақстанның тұрғын үйінде б. з. б. I мыңжылдықтың бірінші жартысындағы
Сырдария мәдениетінің дәстүрлі белгілері сақталады. Бұлар - Қазақстанның
оңтүстігінде мейлінше таралған тізбектеп жоспарлау, тік бұрышты және
сопақша ашық ошақтар, нан пісіру үшін пайдаланылған арнаулы шаруашылық
алаңдары, астына мехрап жасалған мінәжат орындары. Бұдан кейін үйлердің
салынуы мен ішкі көрінісі түрін өзгерте отырып, одан әрі сақталды және
Оңтүстік Қазақстанның орта ғасырлардағы қалаларының үйлерінде дамытыла
түсті[9].
Қоныстар әзірше жеткілікті зерттелген жоқ. Жетісуда Құлан өңірінде
(Луговое қала жұрты) бірнеше жайлардан, тұрғын үйлер мен қора-қопсылардан,
сондай-ақ жүзім шырынынан шарап пен тәтті тағамдар өндіретін шеберхана
кешенінен тұратын аула ішінара казып-аршылды; Ауланың қабырғалары
күйдірілген балшық блоктар мен ұзын шикі кірпіштерден қаланған.
Қорғаныс құрылыстары. Әзірше олар да жеткіліксіз зерттелген. Оңтүстік
Қазақстанда Қүйрықтөбе қамалының бекіністі дуалын зерттегенде оның
күйдірілген балшық блоктарынан қаланып, ені 2,7 м болғанын көрсетті. Оның
бұрыштарына ішкі жағында шағын орындары бар жартылай дөңгелендіріп
мұнаралар салынған.
Зерттеушілердің пікірінше, алдыңғы орта ғасырлардағы замоктар мен
қалалардың дуалдары қабырға ішінде жоғарғы жағынан қалқалап жабылған
алаңқайды алмастыратын галереялары жоқ іргелі ғимараттар болған. Құйрықтөбе
сарайындағы салтанат залының ішкі көрінісі бейнеленген күйдіріп өрнектелгең
тақтада замок дуалы нақ солай көрінеді.
Жетісудың оңтүстік-батысындағы Қызылөзен қаласы орнының бекінісі
мейлінше ерекше. Шахристанға да, қамалға да, зиратқада бекініс тұрғызылған.
Дуалдарға мұнаралар мен қақпалардың алдына құрылыстар салынған. Шахристанды
сыртқы жағынан ені 50 метрге дейін жететін ор қоршап жатыр. Шахристанның
бекініс дуалын көлденеңінен қазғанда мынадай құрылым анықталды: саз
балшықты тұғырға биіктігі 2,5 м болатын күйдірілген балшық блоктан дуал
тұрғызылған. Оның ені - 2,5 м, биіктігі 5 м етіп қаланған жері сақталған.
Ішкі жақтағы бекіністі дуал алдында құрылыс салынбаған бос алаң
қалдырылған.
Шахристанға батысынан түйісіп жатқан зираттың дуалы таспалап қалау
әдісімен саз балшықтан қалындығы 0,2-0,4 м етіліп қаланған. Төбенің басына
күйдірілген балшық блоктан тұрғызылған тұғырға дуал орнатылған. Дуалдың ені
етегінен 2,5 м, биіктігі 2,7 м шамасында болған.
Тараз қаласы да мықты дуалдармен қоршалған. Күйдірілген балшық
блоктары мен жұмыр тас қабаттарын кезектестіре қалап тұрғызылған дуалдың
ені 3-3,5 метрге жетеді[10]. Таластағы Ақтөбенің бекіністі дуалының
көлденең кесіндісі ешнәрсе араластырмай күйдірілген балшықтан тұрғызылғанын
көрсетті. Қабырғаның сырты тас сынықтарымен қапталған.
Басқа қалалар жұртының қала төңірегіндегі аумақты айналдыра салынған
ұзын дуалдарын қимасынан зерттегенде олардың құрылымында шикі кірпіш пен
жұмыр және қиыршық тастар пайдаланылып, таспалап қалау әдісімен
тұрғызылғаны анықталды. Дуалдардың ені 2 метрден 7 метрге дейін жетеді,
олардың сақталып қалған биіктігі әдетте 5 метрден аспайды. Жетісудың
ертедегі орта ғасырлардағы қалаларының дуалдарын Орта Азия мен Оңтүстік
Қазақстан қалаларының бекіністерімен салыстырғанда олардың салынуы жағынан
да, құрылыс техникасы жағынан да жақын және біртектес екені аңғарылды.
Қала зираттары. Қалалардың қасында зираттар болған. Бұл кездегі
қабірлердің ең көп таралған түрі күйдірілген балшық кесектер мен шикі
кірпіштен салынып, төбесі күмбезделіп жабылған тік бұрышты құрылыстар болып
келеді. Қазіргі кезде олар обалар түрінде сақталған.
Қазақстанда мұндай құрылыс тұңғыш рет Арыстың орта ағысындағы Бөріжар
қорымынан табылды. Үйінділер астында басқа да құрылыстар - күйдірілген
балшық кесектерінен қаланған тік бұрышты қоршаулардың қалдықтары (төбесі
сақталмаған), ертедегі жер беті деңгейіне өзеннің малта тастары төселген,
ал кей жағдайда ыдыстардың сынықтары төселген қабірлер болды. Неғұрлым
ертеректе жерленгендері бір жаққа қарай ығыстырылып, кейін қайтыс
болғандарды бұрынғының қасына қойылып отырғандықтан бір қабірге бірнеше
кісі жерленген. Жерленгендер түрлі бағытта қойылған. Қорым обаларының
биіктігі 3-4 м болған жағдайда диаметрі 20 метрге дейін жеткен. Бұл
үлгідегі дағдылы қабірлер мына тұрғыда келеді: 32-обаның диаметрі 14-16,5 м
және биіктігі 2 м сопақша үйінді түрінде болды. Оба үйіндісі астында тік
бұрышты шошақ төбелі төмпешік жатыр. Жерлеу лақытының көлемі 7,5 шаршы
метр. Оның ішіне ұзындығы 2,5 м, ал ені 0,75 м дәлізбен кіруге болады.
Лақыттың еденінен қаңқалардың шашылып жатқан қалдықтары кездесті. Адамды
жерлегенде қыш ыдыстар: шүмегі бар құмыралар, құятын ернеуі бар құмыралар,
сырты қызыл бояумен жылтыратылған саптыаяқтар қоса салынған. Сондай-ақ сабы
бар бір жүзді темір пышақтар, темір семсерлер табылды. Қару-жарақтар ішінен
жебелердің үш қанатты темір ұштарын атап көрсеткен жөн.
Сондай-ақ құрама белдіктердің лира тәрізді күміс қаптырмалары,
тоғалар, қару-жарақ заттары, белдік қаптырмалары, ақық моншақтар, қола
түйреуіштер; тұтқа түріндегі бойтұмарлар табылды. Қорымның мерзімі VI-VIII
ғасырлар деп белгіленеді.
Түркістан маңындағы Шаға қорымынан да осындай жерлеу құрылыстары
табылды. Мұнда 5 оба қазып аршылды. Осындай бір обаның (67) диаметрі
шамамен 30 м және биіктігі 2,2 м болды. Үйінді астында жерлеу құрылысы -
көрхана бар. Бұл - шикі кірпіштен қаланған, көлемі 5,2x5 м болатын
тікбұрышты құрылыс. Көрханаға ұзындығы 3,3 м, ені 0,9 м және биіктігі 1,15
м болатын тамбур салынған. Құрылымның қалдықтары мен құлаған үйінділерге
қарағанда, дәліздің төбесі қырынан қойып қаланған кірпіштерден қорап сияқты
күмбез түрінде жабылған.
Көрхананың өзі, сірә, күмбез сияқты етіп жабылған болса керек.
Солтүстік және шығыс жақтарын бойлай биіктігі 15 см және ені 75 см сәкілер
орнатылған. Қабырғалар, сәкілер және еден сыланып, ақталған. Көрханаға
ұрылар түскендіктен оның солтүстік жағындағы сәкі үстіндегі үш қаңқаның
сүйектері шашылып жатыр.
Көрханалардың біреуінен үш қабат етіп қойылған 25 өліктің сүйегі
тазартылып алынды. Кіреберістегі дәлізде иттің қаңқасы жатты. Шаға
көрханасынан өзінше бір археологиялық қазына алынды. Бұлар - әдемілеп
жылтыратылған құмыралар мен сақина тұтқалы саптыаяқтар, бүйірлерінің орта
тұсы иіліңкі тегенелер. Алмұрт тәрізді кішкене құмыралар, өрнек ізі бар
кеспектердің сынықтары үшырасты. Темірден соғылған жебелердің ұштары,
қайшылардың сынықтары, тоғалар табылды.
Табылған әсемдік заттар ішінде қола білезік, кішкене көз салынған
сырғалардың сынықтары бар. Көрханалардың біреуінен VII ғасырдың аяғы - VIII
ғасырдың басындағы соғдылардың мыс теңгесі табылды. Шаға қорымының мерзімі
VII ғасырдың аяғы - VIII ғасырдың басы дегі белгіленеді.
Жерлеу құрылыстарының сипаты мен жоспарлануынан, жерлеу ғұрпынан,
керамикадан, сәндік заттардан жергілікті қауыншы мәдениетінің дәстүрі,
түріктер мен соғдылардың күшті ықпалы аңғарылады. Оңтүстік Қазақстан
тұрғындарының материалдық және рухани мәдениетінде осындай компоненттердің
болуы аймақтың ертедегі орта ғасырлар кезеңінде жергілікті отырықшы және
қалалық мәдениетінің дамуындағы өзіндік ерекшелікті дәлелдейді.
Жетісудың оңтүстіқ-батысында Ақбешім, Қызылөзен, Беловодск бекінісі
қала қоныстарындағы, Тектұрмас пен Қостөбедегі зираттар зерттелді. Ең көп
және жан-жақты зерттелгендері - Қызылөзен қаласының жұртындағы қабірлер,
онда түрлі уақыттардағы VIII-X ғасырдың басындағы төрт оссуарлық мола,
көрханалар аршылды.
Қызылөзен қала жұртының қалалық зираты қаланың қираған орталығынан 300-
350 м жерде жатыр, көлемі - 5 гектардай. Оның негізі оба үйінділері
астындағы қабірлерден тұрады.
Оба астындағы қабірлердің бірнеше түрі - жерден қазылған шұңқырларға,
лақыттарға, шикі кірпіш сағаналарға құрал-саймансыз жерлеудің
ұштастырылғаны анықталды. Олардың мерзімі VI-VII ғасырлар деп белгіленді.
Бұдан үңгіп лақыт жасалған бірнеше қабір де табылды; алайда қабірдің бұл
түрі едәуір кейініректегі - VII ғасырдың аяғы - VIII ғасырдың басында көп
таралған және, тегінде, қалаға отырықшыланған көшпелі халықпен байланысты
болса керек.
Оба үйінділері VII ғасырдың бас кезінде құрылыс, зороастралық
ғибадатхана салынған кезде тегістеліп жіберілген. Екінші кезеңдегі қабірлер
мынадай үлгілерді қамтиды: жерден жартылай өрілген сағаналар, кірпіш
қабірлер, сары топырақтан үңгілген лақыттар, жерден қазылған шұңқырлар,
оларға оссуарийлер және кеспектер қойылған, өліктер кеспектерге немесе
отырған күйінде жерленген, олар белгілі бір тәртіпті сақтамай және қосымша
құрал-саймандарсыз қойылған. Шұңқырлар мен шағын сағаналарға бірнеше
сүйектерді қатар салу түрінде жерлеу де басым болған.
Қала зиратының қалыптасуындағы келесі кезең лақыттап және үңгіп
қазылған қабірлер қабатымен байланысты, оның үстіне бұл орайда алдындағы
қабаттың құрылыстары қиратып жіберілген. Түрік ғұрпы бойынша өліктер мехрап
бөлмесінің қабырғалары мен сәкілерінің астына жерленеді. Ең қызықтысы -
атымен қоса жерлеу.
Қызылөзен зиратының жоғарғы қабатының мерзімі VIII ғасырдың ортасы - X
ғасырдың басы деп белгіленеді және көрханаларда, бір шұңқырлы сағаналарда,
ашық алаңдарда, көрхана қабырғаларының, бекініс дуалдарының негіздеріндегі
қуыстарға жерлеудің жаңа ғұрпын көрсетіп, кеспектерге, оссуарийлерге,
құмыраларға салынған бас сүйектер мен әр түрлі сүйектер табылды.
21 көрхана ашылды, олардың әрқайсысы қоршалған. Бұлар саздан және шикі
кірпіштен салынып, күмбездеп немесе көтеріп жабылған бір немесе екі бөлімді
құрылыстар болған. Осы өзінше бір кесенелердің көлемі әр түрлі — 1 шаршы
метрден 10 шаршы метрге дейін болған. Көрханалар кірпіш каланып бекітілген,
бірақ жаңадан жерлеу қажет болғанда бұзылып алынатын тар жол да
қалдырылған. Көрхана ішінде оссуарийлер, кеспектер, көзелер тұрды, сүйек
үйінділері, жекелеген бас сүйектер жатты. Жекелеген көрханалардың
кіреберісіне де өліктер қойылған. Көрхана топтарының араларына құрылыс
салынбаған алаңшалар қалдырылған, онда көп мөлшерде керамика, жануарлардың
сүйектері, от іздері жатыр. Мұнда еске түсіру жоралғылары өткізілген.
Табылған сүйек қалдықтары алаңнан қазылған кішкене жеке шұңқырларда да,
қабырғалардағы кірпіштерді суырып алып жасалған қуыстарда да өліктің
жерленгенін көрсетеді. Аршылған жерлеу құрылыстарының бірі ішкі жағынан
өлшегенде қабырғасының ұзындығы 12,3 м, шаршы түрінде болды. Көрхана
ортасында бүкіл ғимаратты бойлай әр жағында үш-үштен алты бөлік орналасқан
кең дәліз бар. Дәліздің ұзындығы 3,5 м.
Кіреберісі шығыңқы екі пилонмен көркемделген. Көрхана күмбездер
жүйесімен жабылған. Бөліктің кіреберістері шикі кірпіштермен бекітілген,
олардың әрқайсысына 1-2 өліктен жерлеген. Бөліктердің еденінде және
бұрыштарында жел үрлеген қабаттар байқалды, олар сүйектердің ұзақ уақыт
бойында ашық және жел соғып тұратын жерде болғанын көрсетеді. Ақбешім
қаласының орнындағы шахристанның сыртынан да жерлеу кешені аршылды, олар
сүйектері кеспектерге, ыдыстарға және шұңқырларға жәшіксіз қойылған, ашық
алаңшаларға және шикі кірпіштен салынған қойма-бөліктерге өлікті шалқасынан
жатқыза салу ғүрпымен жерленген оссуарлық зират болып шықты. Ақбешімдегі
қираған замок алаңынан да оссуарлық қабірлер табылды.
Талас аңғарында, Тараздағы қалалық зиратта оссуарлық ғұрыптың VI - IX
ғасырларда таралғаны аңғарылады. Сонымен бірге мұнда жерден қазылған және
шикі кірпіштен тұрғызылған молаларға өлікті қою ғұрпымен жерленген
христиандар қабірлері де кездесті.
Тектұрмасты қазған кезде ағаш табыттар мен оссуарийлерге салып
жерлеген қабірлер табылды. Зерттеушілер оларды христиандар мен
зороастралықтарға жатқызады. Жамукеттегі қалалық зиратта шикі кірпіштен
қаланған көрханаға өліктерді бір-бірлеп және топтап жерлеген қабірлер
табылды. Топтық қабірлерде 20-ға дейін өлік жерленген. Әдетте, қаңқалардың
анатомиялық жағдайы өліктер неғұрлым кейіннен көмілгеннен кезде және
тонаушылық мақсатпен қазғанда бұзылған. Ал бұзылмаған қабірлерде қаңқалар
басын есікке қарата, шалқалап ұзынынан жатты.
Көрханалардан Күміс сырғалар, гүл табақшалары бар және дөңестелген
балдақтар, тастан көз салған сырғалар, темір білезіктер, моншақтар,
геральдикалық екі қораз түріндегі қаптырмалар, мойынға тағатын қола крест,
қола айнаның отырған адам мүсіні түріндегі тұтқасы табылды. Сүйектер
кеспекке салып көмілген және бөлек жерленген сүйек үйінділері де табылды.
Өлікті ұзынынан шалқалатып, салт атты сияқты жатқызып жерлеу де ұшырасты.
Жерлеу мерзімі VІ-Х ғасырлар деп белгіленді. Ең кейінгі жерленгендер -
мұсылмандар. Осыған байланысты IX ғасырдың орта шенінде-ақ қалалық
зираттарда шикі кірпіштен өрілген сағаналарға мұсылмандардың жерленуі
кездесетінін атай өту қажет. Өлгендер мұсылман ғұрпы бойынша, зат салынбай,
басы солтүстік-батысқа қаратылып, ұзынынан жатқызып жерленген.
Зираттарды қазу жұмыстары қала қауымдарының конфессионалдық өмірінің
күрделі де ала-құла болғаны алдыңғы орта ғасырлардағы әр түрлі этникалық
және діни топтардың өзара әсері жөнінде түсінік береді.
Археологиялық зерттеулер мен материалдар қалалар санының көбейгенін
айқын көрсетеді. Егер осының алдындағы кезеңде Оңүстік Қазақстанда 30
қаланың орны бар деп саналса, бүгінде олардың саны 37-ге жетіп отыр. Егер
осының алдындағы кезеңнің жазбаша деректемелерінде 6 қала ғана аталса,
қазір олар — 33. Мұның өзі бұл аудан туралы тарихи және географиялық
әдебиетте мағлұматтың мол екенін ғана емес, сонымен қатар Тығыстың
экономикалық және мәдени байланыстар жүйесіне кеңінен араласқан қалалар
маңызының артқанын да білдіреді.
Деректемелерде тау етегіндегі белдеулерде жаңадан Жумишлагу жөне
Манкей қалалары аталады, сол кезде Арыстың орта ағысында орталығы Осбаникрт
бодған Кенже ркругідұрылган- Фараб округінде орта ғасырла-рдағы авторлар
Отырардан басқа, жаңа астана Кедерді, Весидж және Бұрык қалаларьш атайды.
Тауғарда Ясы және Шағылжан, Қарнақ, Қарашык және Шур (Сури) қалалары пайда
болады. Сауран қаласы, Сырдарияның төменгі ағысында Сығанақ, Жанкийт, Жент,
Аснас, Баршыкент белгілі болады. Қаратаудың теріскей беткейінде - Балаж бен
Берукет, Сырдарияның орта ағысында Сүткент қалалары орналасты Сырдарияның
төменгі ағысы мен Қаратаудың теріскей беткейлерінде қалалардың қалыптасу
үрдісі мейлінше шапшандай түседі.
Қалалардың аумағы ұлғаяды. Отырар рабадының көлемі 170 гектарға дейін
жетті, ал бұрын ол 5-7 гектардан аспаған еді. Әрине, бұл цифрларды кең
көлемде қазу жұмыстары жүргізілгенге дейін түпкілікті деп санауға болмайды,
бірақ рабадтардың аталған шекараларының нақ IX— ХІІ ғасырларда қалыптасқаны
даусыз. Егер бұрын қалалар жұрты копшілігінің жоғарғы қабаттары VI—VIII
ғасырларға жататындарын қоспағанда жалпы көлемі белгісіз болып келсе, қазір
барлық дерлік ескерткіштердің көлемі туралы нақты деректер бар, олар
Оңтүстік Қазақстандағы қала мәдениеті ескерткіштерінің типологиясын жасауға
мүмкіндік береді.
Бірінші топқа көлемі 30 гектардан асатын қала жұрттары кіреді. Бұлар -
Сайрам, Отырартөбе, Шортөбе (Қараспан), Құйрықтөбе, Сунақ-Ата, Сауран,
Жанкент, Жанқала, Құмкент. Бірінші топтағы қала жұрттарын салыстыру мынадай
көрініс береді: Сайрам қаласының жұрты Испиджабқа сәйкер келеді, Шортөбе
(Қарастаң-1) - Осбаникет, Отырартөбе - Отырар, Құйрықтөбе - Кедер, Шойтөбе
- Шауғар, Жанқала - Жанкент, Сунақ-Ата - Сығанақ, Сүткент - Сүткент деп
саналады. Жазбаша деректемелердің мағлұматтарына қарағанда, бұл қалалардың
бәрі, Сауран мен Сүткенттен басқалары округтердің астаналары, ал Испиджаб
бүкіл Оңтүстік Қазақстанның басты қаласы болған; Жанкент - ғұздардың
астанасы, ал Жент пен Сыганақ ХІІ-ХІІІ ғасырдың басында қыпшақтар
иеліктерінің орталықтары болды. Бірінші топтағы қала жұрттары аймақтар,
жеке иеліктер орталықтарының немесе жай ірі қалалардың орындары болып
табылады.
Екінші топ ескерткіштерінің көлемі 15 гектардан 30 гектарға дейін
жетеді. Олардың көпшілігі Испиджаб калаларының тізіміне енетін қалалар деп
саналады. Орта ғасырлардағы авторлардың бұл қалалар туралы сипаттамалары
үстірт болып келеді, оларда мешіттер мен базарлардың болуы атап өтіледі.
Бурух - үлкей қала, Хурлуг - күмбезді мешіті бар үлкен қала деп
аталады. Жумишлагу да үлкен әрі көлемді қала делінеді. Олардың бәрінде де
қаланық маңызды белгісі - күмбезді мешіттер болған. Оңтүстік Қазақстан қала
жұрттарының екінші тобын көлемі орташа қалалардың қалдықтары деуге болады.
Үшінші топтағы қала жұрттары мейлінше көш Олардың бір бөлігі жазбаша
деректемелердегі қалалармен: Шарапхана -Газгирд, Бұлақ-Қоғал - Манкент,
Тамды - Берукет, Қазатлық- Будухкет деп салыстырылады. Ескерткіштердің бұл
тобы - шағын қалалардың, қалашықтардың қалдықтары. Тамтаж, Абараж,
Барысқауыптағы бекет сияктыларды керуен-сарайлар деп санаған жөн тәрізді.
Оңтүстік-Батыс Жетісудағы деректемелерде белгілі болған қалалар саны
26-ға дейін көбейді. Қалалар саны Жікіл, Балу, Шелже, Такабкет, Көл, Кенжек
қалалары қалыптасқан Талас аңғары есебінен артты. Бірқатар көлемді
төрткүлдер - 36 төрткүл табылды.
Қалалардың орталық қираған жұртының көлемі бұрынғы күйінде қалган,
оның есесіне ұзын дуалдар ішіндегі құрылыстар неғұрлым тығыз бола түседі,
онда тұрғын үйлері бір-біріне қаратылып тұрғызылған және аулалары бар
жүйелі түрде жоспарланған усадьбалы учаскелер қалыптасады. Бұлайша
жоспарлау қазіргі құрылыс жұмыстары аз жүргізілген Ақтөбе, Степнинское,
Төлек және Сретинское қала жұрттарында сақталған.
Ертедегі орта ғасырларға арнап жасалған қала жұрттарының типологиясы
бойынша Текабкет пен Сус (Талас Ақтөбесі және Шалдобар қалаларының
жұрттары), сондай-ақ Кенжек-Сеңгір (Шаруашылық) және Шелже орташа қалаларға
жатады.
Шу аңғарында Баласағұн қаласы жетекші орынға шығып, астана рөлін
атқарады. Ол X—XII ғасырларда хан ордасы ретінде қалыптасады. Алайда оның
орнында неғұрлым ерте кездегі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қытай империясының көне астанасы Чаньаннан шыққан алғашқы көпестердің жолдары
Жібек жолындағы қалалар
ҚАЗАҚСТАННЫҢ СОҢҒЫ ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЛАЛАРЫ МЕН ҚОНЫСТАРЫ
Көне ескерткіштер мен сәулет өнерінің мұралары
Қала мәдениеті. Сәулет ескерткіштері
ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СІЛЕМІ
VІ-ХІІІ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАЛАЛАР МЕН ҚОНЫСТАР. ХIV-ХVІІ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА ҒАСЫРЛЫҚ ҚАЛАЛАРДЫҢ ӨСУІ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТІНІҢ ДАМУЫ
Орта ғасырдағы Қазақстан қалалары
Сыр бойының орта ғасырлық қалалары
Қазақстанның ежелгі қалалары
Пәндер