Буддизм және мораль



Мазмұны
1 Буддизм және мораль
2 Иудаистік моральдық құндылықтар
3 Христиандық моральдың ерекшеліктері
4 Ислам діні уағыздайтын моральдық құндылықтар
5 Пайдаланған әдебиет
Буддизм және мораль
Буддизм рухты мәңгі деп танитын дін. Ол адам өмірінің мәнін не біржақты қызық қуып, ләззат алудан да (гедонизмнен), не біржолата өмірден безініп, тәнін азаптаушы тақуалықтан да (аскетизмнен) таппайды. Өмірдегі ең биік мұратты нирванадан, яғни бүкіл сыртқы дүние әсерлеріне бейтарап, транстық халден тапқан буддизм оған жетудің сегіз жолын көрсетіп, өмірдің төрт анығы, ақиқаты туралы айтады.
Төрт анық мына төмендегілер:
өмір дегеніміз — азап;
азаптың себебі бар, ал азаптың көзі — адамның қалау-тілеуінде, ниетінде;
азаптан құтылу мүмкін, ондай болмыстың өзімен-өзі тендескен бақытты күйін "нирвана" деп атайды;
азаптан құтылу жолы бар, ол жол — "ортадағы тура жол" деп аталады да, оның мәні адам қалауын төрк етуде болып табылады.
Оған жету жолын арийлік сегіз қырлы шартарап деп қарастырамыз. Сегіз қырлы шартараптың мазмұнына тиесілі: саф сенім, ақ ниет, шыншыл сөз, дұрыс әрекет, салауатты өмір салты, қажырлы қайрат, таза жады, адал зейін — жалпы, иманды тіршілік.
Саф сенімге Будданың төрт анығына көз жеткізу жатады. Ақ ниет деп аталған төрт анықты өз өміріңнің бағдарламасы ретінде қабылдап, өмірге байланған қимастық сезімнен ада болуды айтады. Шыншыл сөз ешкімді қараламауды, тіпті көп сөйлемеуді өзіңнен талап етуді керек қылады. Дұрыс амал-әрекет түрі ретінде "ахимса" немесе күш көрсетпеу, күштемеу, күшке салмау көрінеді. Ахимса ұстанымы тек адам баласына ғана емес, жалпы тіршілікке бағышталған. Салауатты өмір салтын дұрыс амал-әрекет ұстанымын жүзеге асыру деп білу керек. Қажырлы қайрат адамға бойкүйездікке ұрынбау үшін керек, ол жаман ойдан аулақ болуды қамтамасыз етеді. Таза жады тек бір нәрсені ғана естен шығармауы тиіс, ол — өмірдің, бұл дүниенің жалғандығы. Адал зейін төрт сатыдан тұрады.
Оларды сипаттап беру өте қиын, себебі адам ол күйді басынан өткізген жағдайда нирванаға жетеді. Бірінші сатыда адам өмірден оқшауланып, өлімге жайбарақат қарау барысында экстаз күйінде болады; екіншісінде жайбарақат қараудан да арыла алған жан ішкі тыныштығынан туындайтын қуанышқа бөленеді; ушінші сатыда жоғарыда аталған тыныштық қуанышынан босану, бүкіл жандық-тәндік сезімдерден құтылу күйіне жетеді; ал соңгы саты — кемелді жайбарақаттық күйі — нирвана.
Дін дегеннен гөрі әлеуметтік-этикалық жүйеге жуық тұрған конфуцийлік ілім бойынша ең маңызды нәрсе — рәсімділік. Конфуций іліміндегі "жень" ұғымы адамсүйгіштік, адам бойындағы шынайы адамдық қасиеттің айғағы болып табылатын адамгершілік дегенді білдіреді. "Женьмен" тығыз байланыста, тіпті ажыратылмайтын байланыста қарастырылатын тағы бір орталық ұғым — "ли" — рәсім, яғни "Жень" — адамгершілік рәсімді қадағалау арқылы жүзеге асады. Конфуцийдің ұлы уағыздарының басты өмірлік қағидасы — ата-ананы құрметтеу мен өзіңнен үлкендерге ізет көрсете білу. Ұлы парызгердің басты құндылығы мен ерекшелігі — оның Шығыс елдеріне тән рухта мемлекеттік және адамгершілік парыздарды бір-бірімен ұштастыра білуінде.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

1‭ ‬Буддизм және мораль‭
2‭ ‬Иудаистік моральдық‭ ‬құндылықтар‭
3‭ ‬Христиандық моральдың ерекшеліктері‭
4‭ ‬Ислам діні уағыздайтын моральдық‭ ‬құндылықтар‭
5‭ ‬Пайдаланған‭ ‬әдебиет‭

Буддизм және мораль

Буддизм рухты мәңгі деп танитын дін.‭ ‬Ол‭ ‬адам‭ ‬өмірінің мәнін не біржақты‭ ‬қызық‭ ‬қуып,‭ ‬ләззат алудан да‭ (‬гедонизмнен‭)‬,‭ ‬не біржолата‭ ‬өмірден безініп,‭ ‬тәнін азаптаушы тақуалықтан да‭ (‬аскетизмнен‭) ‬таппайды.‭ ‬Өмірдегі ең биік мұратты нирванадан,‭ ‬яғни бүкіл сыртқы дүние‭ ‬әсерлеріне бейтарап,‭ ‬транстық халден тапқан буддизм оған жетудің сегіз жолын көрсетіп,‭ ‬өмірдің төрт анығы,‭ ‬ақиқаты туралы айтады.‭
‬Төрт анық мына төмендегілер:
өмір дегеніміз‭ ‬— азап‭;
азаптың себебі бар,‭ ‬ал азаптың көзі‭ ‬— адамның‭ ‬қалау-тілеуінде,‭ ‬ниетінде‭;
азаптан‭ ‬құтылу мүмкін,‭ ‬ондай болмыстың‭ ‬өзімен-өзі тендескен бақытты күйін‭ "‬нирвана‭" ‬деп атайды‭;
азаптан‭ ‬құтылу жолы бар,‭ ‬ол жол‭ ‬— "ортадағы тура жол‭" ‬деп аталады да,‭ ‬оның мәні адам‭ ‬қалауын төрк етуде болып табылады.‭
Оған жету жолын арийлік сегіз‭ ‬қырлы шартарап деп‭ ‬қарастырамыз.‭ ‬Сегіз‭ ‬қырлы шартараптың мазмұнына тиесілі:‭ ‬саф сенім,‭ ‬ақ ниет,‭ ‬шыншыл сөз,‭ ‬дұрыс‭ ‬әрекет,‭ ‬салауатты‭ ‬өмір салты,‭ ‬қажырлы‭ ‬қайрат,‭ ‬таза жады,‭ ‬адал зейін‭ ‬— жалпы,‭ ‬иманды тіршілік.‭
‬Саф сенімге‭ ‬Будданың төрт анығына көз жеткізу жатады.‭ ‬Ақ ниет деп аталған төрт анықты‭ ‬өз‭ ‬өміріңнің бағдарламасы ретінде‭ ‬қабылдап,‭ ‬өмірге байланған‭ ‬қимастық сезімнен ада болуды айтады.‭ ‬Шыншыл сөз ешкімді‭ ‬қараламауды,‭ ‬тіпті көп сөйлемеуді‭ ‬өзіңнен талап етуді керек‭ ‬қылады.‭ ‬Дұрыс амал-әрекет түрі ретінде‭ "‬ахимса‭" ‬немесе күш көрсетпеу,‭ ‬күштемеу,‭ ‬күшке салмау көрінеді.‭ ‬Ахимса‭ ‬ұстанымы тек адам баласына‭ ‬ғана емес,‭ ‬жалпы тіршілікке бағышталған.‭ ‬Салауатты‭ ‬өмір салтын дұрыс амал-әрекет‭ ‬ұстанымын жүзеге асыру деп білу керек.‭ ‬Қажырлы‭ ‬қайрат адамға бойкүйездікке‭ ‬ұрынбау‭ ‬үшін керек,‭ ‬ол жаман ойдан аулақ болуды‭ ‬қамтамасыз етеді.‭ ‬Таза жады тек бір нәрсені‭ ‬ғана естен шығармауы тиіс,‭ ‬ол‭ ‬— өмірдің,‭ ‬бұл дүниенің жалғандығы.‭ ‬Адал зейін төрт сатыдан тұрады.‭
‬Оларды сипаттап беру‭ ‬өте‭ ‬қиын,‭ ‬себебі адам ол күйді басынан‭ ‬өткізген жағдайда нирванаға жетеді.‭ ‬Бірінші сатыда адам‭ ‬өмірден оқшауланып,‭ ‬өлімге жайбарақат‭ ‬қарау барысында экстаз күйінде болады‭; ‬екіншісінде жайбарақат‭ ‬қараудан да арыла алған жан ішкі тыныштығынан туындайтын‭ ‬қуанышқа бөленеді‭; ‬ушінші сатыда жоғарыда аталған тыныштық‭ ‬қуанышынан босану,‭ ‬бүкіл жандық-тәндік сезімдерден‭ ‬құтылу күйіне жетеді‭; ‬ал соңгы саты‭ ‬— кемелді жайбарақаттық күйі‭ ‬— нирвана.‭
‬Дін дегеннен гөрі‭ ‬әлеуметтік-этикалық жүйеге жуық тұрған конфуцийлік ілім бойынша ең маңызды нәрсе‭ ‬— рәсімділік.‭ ‬Конфуций іліміндегі‭ "‬жень‭" ‬ұғымы адамсүйгіштік,‭ ‬адам бойындағы шынайы адамдық‭ ‬қасиеттің айғағы болып табылатын адамгершілік дегенді білдіреді.‭ "‬Женьмен‭" ‬тығыз байланыста,‭ ‬тіпті ажыратылмайтын байланыста‭ ‬қарастырылатын тағы бір орталық‭ ‬ұғым‭ ‬— "ли‭" ‬— рәсім,‭ ‬яғни‭ "‬Жень‭" ‬— адамгершілік рәсімді‭ ‬қадағалау арқылы жүзеге асады.‭ ‬Конфуцийдің‭ ‬ұлы уағыздарының басты‭ ‬өмірлік‭ ‬қағидасы‭ ‬— ата-ананы‭ ‬құрметтеу мен‭ ‬өзіңнен‭ ‬үлкендерге ізет көрсете білу.‭ ‬Ұлы парызгердің басты‭ ‬құндылығы мен ерекшелігі‭ ‬— оның Шығыс елдеріне тән рухта мемлекеттік және адамгершілік парыздарды бір-бірімен‭ ‬ұштастыра білуінде.

Иудаистік моральдық‭ ‬құндылықтар

Ибраһимдік‭ (‬аврамдық‭) ‬діндердің ең көнесі болып табылатын‭ ‬иудаизм‭ (‬жөһит діні‭)‬,‭ ‬одан кейін‭ ‬христиан діні мен‭ ‬ислам келеді.‭ ‬Бұл дін бойынша жөһиттер‭ (‬еврейлер‭) ‬Яхвемен анттасқан,‭ ‬Жаратқанның артықша туындысы,‭ ‬таңдаулысы деп танылады.‭ ‬Яхудийлер Моисейдің декалогымен,‭ ‬яғни он‭ ‬қағидасына бағынышта‭ ‬өмір сүреді.‭ ‬Олардың алғашқы‭ ‬үшеуі Яхве‭ ‬Құдайды‭ ‬құрмет тұтуды талап етеді.‭ ‬Тертінші‭ ‬өсиет бойынша жөһиттер сенбі күні барлық‭ ‬әрекеттерді‭ ‬қалдырып,‭ ‬тек‭ ‬Құдайға жалбарынуға арналғандығын есте‭ ‬ұстауы керек.‭ ‬Келесі‭ ‬өсиет бойынша ата-ананы‭ ‬қадірлеу керек.‭ ‬Ал алтыншысынан оныншы‭ ‬өсиетке дейін адамдар арасындағы‭ ‬қарым-қатынастарды реттеуге‭ ‬қатысты нормалар‭ ‬қарастырылады.‭ ‬Онда кекшіл болма,‭ ‬кісіге кол жұмсама,‭ ‬өтірік айтпа,‭ ‬біреудің мүлкіне көзіңді сүзбе деген сияқты‭ ‬қағидалар келтірілген.‭ ‬Соңғылары кейіннен христиан дінінде де,‭ ‬мұсылман дінінде де маңызды орынға ие болған‭ ‬қағидалар.

Христиандық моральдың ерекшеліктері

Христиандық дін‭ ‬— сүйіспеншілік,‭ ‬төзім діні.‭ ‬Христиандық‭ ‬қасиетті‭ ‬үштік‭ ‬— сенім,‭ ‬үміт және сүйіспеншілік бұл діннің мораль мәселелерін‭ ‬қаншалықты жоғары‭ ‬қойғандығын көрсетеді.‭ "‬Құдай патшалығы‭ ‬өз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дін және діни сана
Қазіргі философиядағы адам мәселесінің мәнін қалыптастыру
Діндер тарихы
Дін және адам
Дүниетанымның тарихи типтерін қарастыру
Дін және адам туралы түсінік
Дін
Дүниеге қөзқарас және онын типтері
Дін феноменологиясы
Дүниеге қөзқарас және оның типтері жайлы
Пәндер