Эллинизм


Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Эллинизм - ертедегі грек құл иеленушілік қоғамының соңғы, аяқталған кезеңі болды. Оның алдында Ежелгі Элладаның өмірінде Александр Македонскийдің Персияға қарсы шапқыншылық жорықтарына байланысты орасан зор саяси өзгерістер өтті. Ол он жыл ішінде, б. э. бұрынғы 334 жылдан 324 жылға дейін, Кіші Азия жағалауынан Үндістан шекараларына шейін, Қара теңізден араб сахараларына дейін ұланғайыр территорияны басып алды. Ежелгі дуниеде мұндай орасан зор держава болып көрмеген-ді, бірақ қарудың күшімен құрылған мемлекет онша орнықты болмай шықты, жаулап алушының өзі өлген соң ыдырап кетті. Ұзаққа созылған қырық жылдық қырқыстан кейін ол мемлекеттің обаларында Александр сардарларының монархиясы орнап, олардың ішінде Мысыр, Сирия және Македония аса маңызды роль атқарды. Олардың арасындағы бақталастық пен үздіксіз, соғыстар бүкіл эллинизм тарихына созылды. Мемлекеттер билеушілері шығыс дәстүрі бойынша өздерін патша деп атады. Мәртебелі жер иеленушілер есептелген олардың жерін өңдейтін тәуелді қауымдық шаруалар тіршілігінің құлдар өмірінен айырмасы шамалы еді. Шығыс Жерорта теңізі өңірінің барлық елдеріңде құл иеленушілікке негізделген шаруашылық аса кең тарады, ақсүйектердің ұшан-теңіз байлығы мен халық бұқарасының қайыршылығы арасындағы қарама-қарсылық өрши түсті. Сауданың қаулап өсуі, әсіресе, Шығыста жаңа қалалардың дүниеге келуіне ықпал жасады.

Мысырдағы Алексаңдрия, Сириядағы Антиохия мен Кіші Азиядағы Пергам эллиндік елдердің аса ірі орталықтарына айналды. Әскери тұтқындар есебінде келген құлдардың орасан зор тасқыны құрылысты кең өрістетуге мүмкіндік берді. Қалаларда салтанатты патша сарайлары, сәндік мұсіндермен әшекейленген сәулетті бақтар, театрлар мен храмдар, қомақты әкімшілік ғимараттар мен көрікті жеке үйлер салынды. Б. э. бұрынғы III ғасырда Фарос аралындағы Александрия айлағының кіре берісіне тұрғызылған биіктігі 120 м Фарос маягы сияқты инженерлік өнердің тамаша ескерткіштері дүниеге келді. Монументтілікке талпыныс алып мүсіндерді жасаудан көрінді: мүсінші Харес құдай Гелиостың биіктігі 32 м «Родос алыбы» деген атпен

белгілі қола пішінін құйды. Алыс соғыс жорықтары, теңіз саяхаттары және Шығыс елдерінде грек қалаларының пайда болуы Мысыр мен Вавилонның ғылыми байлығымен гректер жақсы танысуына жол ашты, ал жаулап алынған халықтар грек мәдениетін қабылдады. Бұған содан бастап, Марсельден Орта Азияға дейін, Каспий теңізінен Ніл жағасына дейін жайылған жалпы грек тілі едәуір ықпал жасады. Эллиндік дүниенің рухани өміріне тән белгі - Грекияның мәдени жетістіктері мен ежелгі шығыстық цивилизациялардың өзгеше бір ұштасуы, сондай-ақ мыңдаған жылдар бойы тірнектеп жиналған білімнің жүйеленуі. Мемлекеттер билеушілері өз үстемдіктерін нығайтып, қуаты мен даңқын арттыруға тырысып, төңірегіне көрнекті суретшілерді, ғалымдар мен ақын-дарды жинады. Александриядағы ғылымның барлық саласынан шығармалар жинақталған жеті жүз мың папирус орамы бар әйгілі кітапхана қалың жұртқа танымал болды. Б. э. бұрынғы III ғасырда жаратылыстану ғылымдары, математика мен медицина орасан зор табысқа жетті. Осы тұста Архимед механика мен физика саласындағы талай ұлы жаңалықтар ашты, Эвклид геометрияның бастауы туралы еңбек туғызды, Гиппарх іргелі жұлдыз каталогын құрастырды, географ Эратосфен жер шеңберін біршама дәл анықтады, астроном Аристрах Самоский тұңғыш рет жер мен планеталар күнді айналады деген данышпан болжам айтты.

Әлем шегінің кеңеюі және оны ғылыми тұрғыдан тану адамға қорша-ған дүние шындығының ұшы-қиырсыз күрделілігін ұқтырды. Тәуелсіз мемлекет-қалалар жоғалып, патша билігіне шек қойылмайтын қуатты монархиялардың пайда болуы азаматтық сананы біржола құртып, адамның дүниедегі орны туралы жаңа түсінікті қалыптастыруға жол ашты. Ол монархтың шын берілген пендесіне айналумен қатар, өзін эллиндік ойшылдар «иеленген әлем» деп атаған кең ғаламның бір жұрағаты ретіңде бұрынғыдан бетер сезінді.

Эллинизм дәуірі адамдарының санасында көбінесе адамға қаскөйлік күш болып көрінген өмір шындығына анағұрлым күрделі қатынас қалыптасты. Қауіп-қатер мен соғыстар толы аласапыран өмір санаға тағдыр тауқыметіне қарсы тұру мүмкін емес деген ойды сіңіріп, трагедиялық сезім мен жеке бас уайымына берілген томаға-тұйықтық зардабын тартқызды. Осындай сезімдер мен көңіл күй грек классикасының эстетикалық мұратынан едәуір өзгеше, сұлулық жайлы жаңа түсініктен де айқын көрінді. Эллинизм өнері бірыңғай тұтас өнер емес. Бұл дәуірде Александрияда, Пергамда, Грекияда, Родос аралында, Сирия қалаларында дербес өнер дәстүрлері болды. Эллиндік мүсіншілердің таңдаулы туындылары дәуірдің ең толғаулы мәселелерін толық қамтып, көркемдік сеніммен сипаттады. Классикалық өнердің байсалды, жігерлі мақсаткерлігіне қарама-қарсы, олар жасаған бейнелер эмоциялық ширақтық пен асқақ патетика әкелді. Бұл белгілер шағын Самофрака аралында Сирия патшасы флотын жеңгендігінің белгісі ретінде, б. э. бұрынғы 190 жыл шамасында Родос тұрғындары орнатқан жеңіс тәңіриясы Никаның тамаша мүсінінен айқын көрінеді. Тәңірияның парос мәрмәрінен қашалған пішіні теңіз үстіне төніп тұрған жалпақ жартасқа орнатылған, тұғыры соғыс кемесінің тұмсығы секілді. Айбынды да айбарлы Ника самалда желбіреген киімімен алға қарай екпіндей ұмтылған қалпында берілген. Үлбіреген жұқа хитонының астынан керерменді ширақ та қуатты денесі тамаша пластикасымен таңырқататын сымбатты тұлғасы корініп тұр. Тәңірияның нық қадамы, қыран қанатын құлаштай сермеуі жеңістің қуанышты да салтанатты сезімін туғызады.

Эллинизмге тән күрес пафосы Кіші Азиядағы шағын эллиндік мемлекет астанасы Пергам акрополінде б. э. бұрынғы 180 жылы шамасында Зевс құрметіне салынған мәрмәр михрабты әшекейлеген орасан зор мүсіндік композицияда кемел көрінісін тапты. Бұл ескерткіш нақты тарихи оқиғаға арналған. Б. э. бұрынғы III ғасырдың аяғында Пергам патшасы I Аттал галат тайпаларының шабуылын тойтарды. Осы жеңісті есте қалдыру үшін михраб орнатылған. Бұл құрылыс - үстінде әсем иониялық портигі бар биік іргелік - тіреуіш болатын. Оны бір жағынан михраб орналасқан жоғары алаңға . шығатын кең ашық басқыш кесіп өтетін. Іргелікті бойлай ұзыңдығы 120 м, биіктігі 2, 3 м бедерлі фриз айшығы орап тұрған. Тақта тастарда жазылған есімдерге қарағанда мұны Пергам мен Афинының көптеген мүсіншілері жасаса керек. Бейнелердің ересен байлығы мен фриздің зор аумағы оны қадым заман өнерінде теңдесі жоқ аса көрнекті шығармалардың қатарына қосады. Фризді жасаушылар Пергамның галаттармен шайқасын тұспалды түрде құдайлар мен алыптар айқасы ретінде бейнелеген. Мифте айтыл-ғанындай, жер тәңіриясының балалары - алыптар - Олимп құдайларына қарсы шығып, қиян-кескі шайқаста жеңіліп қалған. Осы шайқас көріністері Пергам михрабының тақталарында бірінен соң бірі тізілісіп өтеді. Мүсіншілердің алдында күрделі композициялық міндет - арпалысқан екі дүниені көрнекі көрсету міндеті тұрған. Шеберлер мейлінше ұтымды, қарапайым да нанымды шешім тапқан: құдайлар тұлғасы әдеттегідей, жеңілген алыптардан әжептәуір еңселі берілген. Дөңес бедер тәсілімен орын-далған пішіндер фоннан жігі бөлініп, едәуір оқшау көрініп тұр. Олардың оқыс бұрылыстары мен қызу қимылдары келісті желбіреген киімдері, жарық пен көлеңкенің қат-қат қайшылығы арқылы баса көрсетілген. Кейбір оқиғаларды беруде мүсіншілер фантазиясы, шынында да, шексіз құдайлар тегеурініне төтеп бере алмай құты қашқан алыптардың жанкешті қарсылығы қарама-қарсы қойылған.

Фриздің орталық бейнесі - үш бірдей жауымен айқасып жатқан Зевс. Оның жартылай жалаңаш тұлғасынан шексіз қуат сезіледі. Алыптардың біреуін тізе бүктіріп үлгерген найзағай тәңірі өзінің от шашқан жасынын жаулардың жылан аяқты алып көсемі Порфирионға лақтыруға ыңғайланып тұр. Білеуленген бұлшық етінің дүлей күш-қуаты қайран қалдырады, Зевспен терезесі тең бәсекелесінің өң-жүзінен де қайтпас қайсарлық лебі еседі. Тәңірия Афина қатысатын шайқас ерекше драмалық шиеленіс пен эмоциялық әсерге толы. Қолында оның қалқан, қанатты алып Алкионейді жерге жығып салған. Афинаның батыл қимылынан, өктем тегеурінінен жеңімпаздың сұсты айбыны мен салтанаты көрінеді. Қанатты Ника Афинаның басына жеңіс тәжін кигізу үшін оған қарай ұшып келеді. Жас алып тәңірияның қатыгез шеңгелінен жырылып шыққалы бұлқынады. Оның мінсіз шомбал денесінің бұлшық еті сіресіп қатып қалған, ол әсем бет әлпетінен ауыр қасірет азасы сезіледі. Афинаның киелі жыланы Ал-кионейдің денесін шырмай орап, кеуде тұстан шағып жатыр. Алайда, тән азабы жанына батқанымен, жігіт жүзінің сыны бұзылмаған, өн бойындағы рухы ұлылық пен ізгігілік-инабат нұры көз тартады. Афинаның тап іргесінен алыптар анасы Гея қара жерді қақ жарып шыққан сияқты. Ол қолын көтеріп тұр, салалы шашы бүкіл иығын жауып кеткен. Гея бейнесі арқылы мүсінші қаза тапқан балаларын жоқтаған ананың трагедиялық қасіретін білген. Әлемдік өнердің теңдесі жоқ шыңдарының бірі есептелетін Пергам михрабы бедерінде адам сезімінің тұтас бір дүниесі пластикалық көрінісін тапқан. Өмір шындығының эр қилы саласына қызығушылықтың арта түсуі, өмір құбылыстарының алуан түрлілігі мен байлығын ашуға талпыныс эллинизм мүсін өнерінде жаңа жанрлардың қалыптасуына жол ашты. Олардың арасында бақтар мен бауларды, патша сарайлары мен бай құл иеленушілер виллаларын сәулеттендірген сәндік мүсіндер аса маңызды орын алды. Шытырман мифологиялық сюжеттерге құрылған көп пішінді мүсіндік топтар кең тарады, оларды ат төбеліндей аз ғана топ әділ бағалай алатын. Ерекше драмалық бейнелермен қатар ашық сыр шертетін сезімдік бейнелер де дәуір талғамына бірдей жауап берді. Мұның бәрі мүлдем жаңа тақырыптарға бет бұрған мүсіншілер ой-өрісінің кеңейгендігін көрсетеді. Қызғылықты ізденістермен іргелес құлдыраудың да айқын куәлары байқалады. Тұрмысты дәлме-дәл беремін деп шектен тыс әуестену майдалап тәптіштеуге, тіпті жексұрын натурализмге де соқтырды. Александрия шеберлері жасаған шалдар мен кемпірлердің бейнелері осындай. Сонымен қатар родостық мүсіншілер қанды қақтығыстарды, жүйкеге тиетін сюжет-терді айрықша ұнатыңқырайтын, әсіре қызыл театр тәсілдеріне әдейі ойыса беретін. Кейде эллинизм шеберлері өткен заманға, грек классикасының асқақ бейнелеріне назар аударатын. Солардың әсерімен XIX ғасырда шағын Мелос аралынан табылған тәңірия Афродитаның мүсіні сияқты өнердің тамаша туындылары дұниеге келді. Оны б. э. бұрынғы 120 жыл шамасында шебер Александр жасаған. Қазіргі осы әйгілі мүсін тарихқа Милос Венерасы деген атпен енді. Тәңірияның жартылай жалаңаш тұлғасы парос мәрмәрінен қашалған, ал қолы ертеде жоғалып кеткен. Ғалымдар Афродита бір қолымен Мелос аралының нышаны - алманы, екінші қолымен шұбалған ұзын киімін ұстап тұрған деп топшылайды. Тәңірия тұлғасы әр түрлі көру нүктесінен зер салғаныңда біресе майысқан қимыл-қозғалысымен назарыңды аударады, біресе сабырлы, тып-тыныш қалпында көрінеді Мүсінші материалды өңдеуде керемет нәзіктік танытқан: мәрмәр сәулемен шағылысып, көмескі көлеңке дірілдеп өткенде жанды да сұлу адам денесі елестейді. Үлбіреген биязылық пен қүш-қайрат табиғи ұштасқан тәңірия келбеті нұрлы да ғажайып көркімен көз тартады. Афродитаның аса ажарлы бет әлпеті жайдары жан тыныштығымен, рухани асқақ мерейімен баурап алады. Бұл мүсіннің өн бойында грек өнерінің үздік жетістіктері бірыңғай үңдестік тапқан. Ол жарқын жарасымдылық сезімін туғызып, адам баласының қандай пәк, қандай адамгершілік кемелдікке жете алатындығын аңғартады. Б. э. бұрынғы I ғасырда соғыстар, шиеленіскен таптық күрестер мен құлдар көтерілісі титық-татқан эллин әлемі құлдырап, өнерде жанамалап болса да, дәуір тартыстары мен қайшылықтарын бейнелейтін трагедиялық тақырыптар алғы шепке шықты. Адам тұлғасы мен дүниетанымын шынайы жеткізуде сол заман өнерінің басты жанрларының біріне айналған портретке ерекше қызығушылық өріс алды. Грек өнеріне тән

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Эллинизм дәуірінің мәдениеті
Грек тарихнамасы
Зерттеушілердің еңбектеріндегі А.Македонскийдің соғыс жылдары
Эллинистік кезең тарихи, философиялық шығармалар
Жаратылыстану дамуының ерекшеліктері
Грек философиясы мен мәдениеті
Көне грек әдебиетінің дәуірленуі. Классикалық кезеңдегі антикалық әдебиет. Өкілдері
Ғылымның институциялануы
Ежелгі Грек философиясы
Ежелгі Египет мәдениетін мектепте оқытудың әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz