Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын дамытуда мақал-мәтелдер мен жұмбақтарды пайдалану


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Сандыбаева Ұлжалғастың
Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын дамытуда мақал-мәтелдер мен жұмбақтарды пайдалану
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В010100 - «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»
Түркістан 2015
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
«Қорғауға жіберілді»
«Білім технологиялары» кафедрасының
меңгерушісі, п. ғ. д., доцент
Б. Ортаев
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын дамытуда мақал-мәтелдер мен жұмбақтарды пайдалану
5В010100 - «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы
Орындаған Сандыбаева Ұлжалғас
Ғылыми жетекшісі,
аға оқытушы Исахова Шахизада
Түркістан 2015
МАЗМҰНЫ
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . . 2
АНЫҚТАМАЛАР . . . 3
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР . . . 4
КІРІСПЕ . . . 5
1 МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ АҚЫЛ-ОЙ ТӘРБИЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Баланың ақыл-ой тәрбиесін қалыптастырудың педагогикалық сипаты . . . 9
1. 2 Мақал-мәтелдер мен жұмбақтар арқылы мектепке дейінгі жастағы балалардың ақыл-ой тәрбиесін қалыптастырудың өзіндік ерекшеліктері . . . 24
2 БАЛАБАҚШАДА БАЛАНЫҢ АҚЫЛ-ОЙ ТӘРБИЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР МЕН ЖҰМБАҚТАРДЫ ТИІМДІ ҚОЛДАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
2. 1 Мектепке дейінгі мекемеде балаларды тәрбиелеуде мақал-мәтелдер мен жұмбақтарды қолданудың жолдары . . . 46
2. 2 Балабақшадағы оқу-тәрбие үдерісінде мақал-мәтелдер мен жұмбақтарды балалардың ақыл-ой тәрбиесін қалыптастыруда тиімді қолдану әдістері . . . 51
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 58
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 60
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
2007 жылдың 27 шілдесіндегі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы
Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 Қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасында 2005-2010 жылдарға арналған білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы. - Астана, 2004.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. - Астана, 2004.
ҚР МЖМБС 5. 01. 021 - 2008. Негізгі ережелер. 2008. - 8 б.
Жоғары мектеп студенттеріне этнопедагогикалық білім беру тұжырымдамасы
Қазақстан Республикасында 2005-2010 жылдары білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы
АНЫҚТАМАЛАР
Мақал-мәтелдер - әр халықтың өз даму тарихында басынан кешкен алуан түрлі оқиғалары, өзі аңғарған табиғат құбылыстары, қоғам мүшелерінің өзара қарым-қатысы, мінез-құлқы, психологиясы жөніндегі жасаған қорытынды, тұжырымдарының түйіні, өмір тәжірибесінен жинақталған философиялық ойлардың ұтқыр да ұтымды, жатық та көркем көрінісі, фразеологиялық оралымдардың еңделіп, сырланып, әбден қалыпқа түскен тұрақты түрлері.
Жұмбақ - адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр.
Ақыл-ой тәрбиесі - балалардың ойлау қабілетін дамыту, интеллектуалдық ақыл-ой санасын, дүниеге ғылыми көзқарасын жетілдіру, ой еңбегі мәдениетін қалыптастыруға бағытталған іс-әрекет.
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
ҚР МЖМБС - Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты
ЖОО - жоғары оқу орны
МДҰ - Мектепке дейінгі ұйым
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. «Ықылым заманнан бері атам қазақ «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген қанатты сөзді қолданып келді. Қазақтың бұл сөзінің өзектілігі бүгінгі күні айрықша болып отыр. Бұл заман білекке емес, білімге сенетін заманға айналды. Елдің қуаты ең алдымен білім мен ғылымда екенін түсінетін уақыт әлдеқашан жеткен. Сол білімді әжетке жаратып, тұрмыс игілілігіне пайдалана білсек қана өзге жұрт бізді бағалайды. Инемен құдық қазғандай күрделі, орасан қажыр қайратпен, ерік-жігерді талап ететін білімсіз өмір жоқ мына заманда. Терең білім - Тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой - азаматтарымыздың алдаспаны», - деді Н. Назарбаев [1] .
Қазақстан Республикасы Конституциясында [2], «Тіл туралы» [3], «Білім туралы» Заңдарында [4], «Үздіксіз тәрбие тұжырымдамасы» [5], «Мәдени мұра» бағдарламасы [6], «Қазақстан Республикасында 2005-2010 жылдары білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» [7], «Жоғары мектеп студенттеріне этнопедагогикалық білім беру тұжырымдамасы» [8] жас ұрпақты тәрбиелеу мен білім беру жүйесін түбегейлі өзгертуге, олардың бойындағы адами, рухани байлықтарын жетілдіруге және еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке ата-бабаның тарихи мұралары негізінде тәрбиелеуге баса назар аударылған.
Тамырын тереңнен алатын ұрпақ тәрбиесі - баланың қоғамдық өмірге, айналадағы дүниеге танымдық, сезімталдық этикалық, эстетикалық көзқарастарын қалыптастарып, өнер-білімге құштарлыққа баулу үшін, халық қазынасы фольклорлық шығармалармен сабақтас жүргізілуге тиіс. Өркендеген балалар әдебиеті арқылы бейнеленіп, бүгінге жеткен ұлттық байлығымыз баланың көкірек көзін оятып, сөз өнеріне, ана тіліне сүйіспеншілікке баулып, өмірдегі, өнердегі жағымды іс-әрекетті, сұлулықты ажырата білу дағдыларын қалыптастыру құралы болып табылады. Асылы, жас ұрпақтың ақыл-ой тәрбиесін әсемдік әлемі - әдебиет, халық мұрасы арқылы қалыптастырудың маңызы өте зор.
Жаңа қоғам иегерлері - болашақ ұрпақты тәрбиелеу, білім беру үрдісінде оларды қан жақындығы емес, жан жақындығына баулу, бүгінгі өмір талабынан туындайды. Бұл туралы ұлы ойшыл әл-Фараби «Тәрбиелеу дегеніміз - халықтың бойына білімге негізделген этикалық ізгіліктермен өнерлерді дарыту» деген. Осындай ізігіліктер мен өнерлерді бала бойына дарыта тәрбиелеуде ұстаздар мен ата-аналар ұстанатын пәрменді құралдарының бірі - көркем сөз өнері, балалар әдебиеті. Табиғат пен өмірді поэзиялық өрнекпен біртұтас суреттеп көрсететін балалардың ойына орнығып, игілігіне айналатын, оларды сөз мәнін түсінуге баулитын - балалар әдебиетінің тәлім-тәрбиедегі орны ерекше.
Тәрбие - тарихи үрдіс, ол адамзат қоғамында талай ғасырды бастан өткізіп, қасиетті мұралардың бүгінгі ұрпаққа жеткеніне, ортамызға оралған Күлтегін (үлкен жазу) ескерткіші, ғалым - философ Әль-Фарабидің филосо-
фиялық, педагогикалық, дидактикалық ой-пікірлері дәлел [9] .
Сөз өнерінің ұрпақ тәрбиесіндегі құдіретті күшін терең сезінген ақын-жазушылар мен ағартушылар Ш. Уәлиханов [10], Ы. Алтынсарин [11], А. Құнанбаев [12], А. Байтұрсынов [13], М. Жұмабаев [14], сондай-ақ, М. Дулатов [15], Ж. Аймауытов [16], М. Әуезов [17] т. б. балаларға арналған фольклорлық шығармаларды алғаш жинап бастырушылардың бірі - С. Сейфуллин [18], I. Жансүгіров [19], орыс халқының жазушылары М. Горький [20], Л. Н. Толстой [21], Н. А. Добролюбов [22] т. б. сияқты ұлылардың еңбектері отбасында, балабақшада тәрбиеленуші балалардың рухани байлығын нығайту ісінде үлкен үлес қосты.
Жас ұрпақты ата-анаға, өз еліне сүйіспеншілікке, қазақ елін мекендеуші ұлттар мен ұлыстар достығына, бірлікке, ерлікке тәрбиелеудің бірден-бір құралы әдеби мұралар болып табылады.
Академик Р. Сыздықованың «Сөздер сөйлейді» атты еңбегінде еларалық байланыс құралы әдебиеттің өнердегі, тәлім-тәрбиедегі маңызы жөнінде 3. Қабдолов [23], Р. Сыздықова [24], М. Ғабдуллин [25], Б. Адамбаев [26], Ш. Ахметов [27], М. Әлімбаев [28], А. Сейдімбек [29], Ә. Табылдиев [30] т. б. көркем сөз адамның ой-қиялын, шығармашылық, көркемдік талғамын дамытатын, өмірді танытатын тәрбие құралы екендігі туралы ой толғайды.
Меңжанова А. К. «Мектепке дейінгі педагогика» оқулығында көркем әдебиетті тәлім-тәрбие үрдісінде отбасында, балабақшада баланың жас, даму шамасына қарай таңдап пайдалану, дамыта оқыту, баланы мектепке дайындау туралы көрнекті психологтар (В. В. Давыдов, Д. В. Эльконин, Л. С. Выготский А. В. Запорожец, А. Леоньтев), физиологтар (А. П. Павлов, И. И. Красногроский, Иванов-Смоленский), әдіскерлер (А. П. Усова, Е. И. Тихеева, М. И. Попова), балалар әдебиетінің тәлім-тәрбиедегі орны мен оны қолдану әдістері туралы (Е. А. Флерина, О. И. Соловьева, М. К. Боголюбская, И. Карпинская, Р. И. Жуковская, А. В. Захарова, А. М. Леушина, Б. И. Хачацуридзе т. б. ) арнайы зерттеулер жүргізіп, ғылыми-әдістемелік еңбектер жазғандығын. Аталған ғалымдардың жан-жақты зерттеу нәтижелері негізінде ұсынылған идеялары, ой-пікірлері бүгінгі балабақшадағы тәлім-тәрбие үрдісінде де қолданыс табуда екнгдігін атап көрсеткен [31] .
Соңғы жылдары балалар әдебиетінің дамуы туралы К. Нұғыбаева, Б. Ыбырайымов, сондай-ақ, С. Рахметова, Н. Албытова, т. б. кандидаттық диссертациялар қорғады. Тақырыпқа қатысты еңбектерді талдау барысында балалар әдебиетінің дамуы, бастауыш сынып оқушыларын оқыту және тәрбиелеу мәселелерін жетілдіру, оқу үрдісінде әдеби шығармаларды қолдану тәсілдері қарастырылған ғылыми зерттеулер жүргізілгеніне көз жеткіздік.
Жаңа қоғамға жаңа тұлғаны қалыптастыру, ұлттық әдеби, мәдени және тарихи мұраларды баланың санасына орнықтыра тәрбиелеу. Ежелден тәрбие құралы міндетін өтеп келген балалардың рухани жан азығы - көркем шығармаларын оқыту және тәрбиелеу жұмыстарының мақсатына үйлесімді пайдалану балаларды шығармашылыққа үйрету міндеттері мемлекеттік жалпы білім беру тұжырымдамаларында атап көрсетілді.
Жоғарыда көрсетілгендей, көркем әдебиеттің баланың дамуындағы құдіреті туралы еңбектер бола тұра, баланы мектепке дайындаудағы балалар әдебиетін пайдалануды ғылыми негізде жүйелеген зерттеулер жоқ. Осының нәтижесінде баланы мектепке дайындауда балалар әдебиетін пайдаланудың қажеттілігі мен оны ғылыми тұрғыда негіздеудің арасындағы қарама-қайшылық туып отыр. Осы қайшылықтардың шешімі ғылыми-зерттеу жұмысының көкейтестілігін көрсетеді. Сондықтан да балалар әдебиетін мектепке дейінгі мекемеде ақыл-ой тәрбиесінің құралы ретінде пайдалана отырып, оның мазмұнын, мүмкіндіктерін қарастыру, оқу-тәрбие үрдісіндегі тиімді әдістері мен жолдарын іздестіру мақсатында біз диплом жұмысымыздың тақырыбын «Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын дамытуда мақал-мәтелдер мен жұмбақтарды пайдалану» деп таңдауды ұйғардық.
Зерттеудің мақсаты: Мектепке дейінгі жастағы балалардың ақыл-ой тәрбиесін қалыптастыруда мақал-мәтелдер мен жұмбақтарды тиімді қолдану
Зерттеу нысаны: Мектепке дейінгі мекемелердегі оқу-тәрбие үдерісі.
Зерттеу пәні: Балалардың ақыл-ой тәрбиесін қалыптастыруда мақал-мәтелдер мен жұмбақтарды қолдану.
Зерттеу міндеттері:
- баланың ақыл-ой тәрбиесін қалыптастырудың педагогикалық сипатын ашу;
- мақал-мәтелдер мен жұмбақтар арқылы мектепке дейінгі жастағы балалардың ақыл-ой тәрбиесін қалыптастырудың мүмкіндіктерін қарастыру;
- мектепке дейінгі мекемеде балаларды тәрбиелеуде мақал-мәтелдер мен жұмбақтарды қолданудың жолдарын айқындау;
- балабақшадағы оқу-тәрбие үдерісінде мақал-мәтелдер мен жұмбақтарды балалардың ақыл-ой тәрбиесін қалыптастыруда қолданудың әдістерін көрсету, қорытындылау.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер мектепке дейінгі ұйымдарда мақал-мәтелдер мен жұмбақтар арқылы балаларды тәрбиелеудің ерекшеліктері айқындалып, сол арқылы оның үлгісі жасалып, сонымен қатар педагогикалық бағыттарын жетілдіріп, іс жүзінде тәжірибеге енсе, онда мектепке дейінгі ұйымдарда мақал-мәтелдер мен жұмбақтар арқылы балаларды тәрбиелеудің тиімділігі артады, өйткені мұндай жағдайда қарастырылып отырған үдерістің жүйелілігі мен тұтастығы қамтамасыз етіледі.
Зерттеу әдістері: Зерттеу жұмысында философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау. Балабақшадағы озық тәжірибелерді жинақтау, оны оқу-тәрбие үрдісінде қолдану, әңгімелесу, тәжірибелік іс-әрекеттер нәтижесіне сүйене отырып, баға беру әдістері қолданылды.
Зерттеудің көздері: Қазақстан Республикасының Заңдары, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, Үкіметтің қаулы-қарарлары, балабақшада тәрбиелеу мен білім беру тұжырымдамалары (1999, 27. 11) . Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаулары және басқа да құжаттар мен ресми материалдар, философтардың, ойшылдардың, психологтар мен педагогтар еңбектері, зерттеу тақырыбына сәйкес оқу-әдістемелік құралдар, ғылыми-педагогикалық басылымдар, журналдар материалдары, озат педагог-тәрбиешілердің озық тәжірибелері басшылыққа алынды.
Зерттеу базасы: Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласындағы «№31 бастауыш мектеп - балабақша кешені».
Диплом жұмыстың құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, төрт бөлімшеден, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ АҚЫЛ-ОЙ ТӘРБИЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Баланың ақыл-ой тәрбиесін қалыптастырудың педагогикалық сипаты
Ф. Н. Жұмабекованың зерттеулерінде ақыл-ой тәрбиесі - балалардың ойлау қабілетін дамыту, интеллектуалдық ақыл-ой санасын, дүниеге ғылыми көзқарасын жетілдіру, ой еңбегі мәдениетін қалыптастыруға бағытталған іс-әрекет [32] . Ақыл-ой тәрбиесі жеке тұлғаны қоғамның өркениетті даму бағытына сай жан-жақты тәрбиелеудің құрамды бөліктерінің бірі. Ол білім жүйесін меңгеруге, оқушылардың рухани күшінің дамуына ықпал жасайды. Ақыл-ой тәрбиесінің басты міндеттері: оқушыларды табиғат, қоғам, адам жайындағы ғылым негіздерімен қаруландыру; қоршаған ақиқат дүниеге ғылыми көзқарасын, сенімін қалыптастыру; балалардың ойлау қабілетін (абстрактылы ойлау, ойлау операциялары - талдау, синтездеу, салыстыру, жинақтау, топтау, негізгісін ажырату, жіктеу т. б. ), таным іс-әрекетін (іскерлік, дағды, бақылау, жазу т. б. ) дамыту. Ол ой еңбегі мәдениетін меңгеруге, интелектуалдық іс-әрекетпен ұзақ шұғылдана білуге, оқушыларды дербес жұмыс істеуге дағдыландырады. Ақыл-ой тәрбиес і шәкірттердің ерекшеліктеріне қарай дидактикалық талаптар (саналылық, белсенділік, өздігінен жұмыс істеуге үйрену, ұғыну т. б. ) қояды. Бұл талаптар оқу жоспары, бағдарламалар, оқулықтар арқылы іске асады.
Аралбаева мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие - адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы. Бұл баланың әсерленгіш, еліктегіш, ойлауды, сөйлеуді меңгеруімен алғаш рет бөтен ортаға бейімделуімен сипатталатын кезең Мектеп жасына дейінгі тәрбиенің негізі бес жасқа дейін қаланады.
«Бес жасқа дейін жүргізілген барлық тәрбие ісіңіз - бүкіл процесінің тоқсан проценті», - деп Жүсіп Баласағұни балалық кезеңдегі тәрбиенің маңызын анық көрсеткен [33] .
Баланың ақыл - ойын жүйелеу, ойлау қабілетін жетілдіру, дәлдікке үйрету шындыққа тәрбиелеу мақсатында, сауаттылыққа баулу - бүгінгі күн талабы. Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын, өсіретін әрі тәрбиелейтін де негізгі іс-әрекеті - ойын.
Белгілі педагог А. С. Макаренко баланың өміріндегі ойынның атқаратын қызметі туралы; «Үлкендер үшін жұмыстың, қызметтің маңызы қандай болса, балалар үшін ойынның маңызы сондай болады - деген; »
Біз балалардың ойнай жүріп, анасының, әкесінің барлық мамандық иелерінің қызметтерін атқарып жүретінін байқаймыз. Мектепке дейінгі кезең біз түсінгендей өмірдің тек алаңсыз кезеңі ғана емес, ересектерге олар тек киімі бүтін, қарны тоқ болса ойнап - күлуді білетін сияқты көрінеді.
Барлап қарасақ балалар өмірінде де ересектер өміріндегідей күрделі, күрмеуі қиын, кейде тіпті шешілмейтін проблемалар көп және олар балаларды ренжуге, қапалануға мәжбүр етеді. Қиыншылықтармен күресуге, жеңе білуге, қуануға
үйретеді [34] .
- Түрлі - түсті текшелерден үйді қалай салу керек?
- Ойыншықтарды өзара қалай бөлісеміз? - деген болмашы сұрақтарды өздері олар ересектерше талқылап жатады.
Сонымен мектепке дейінгі кезең - баланың жеке тұлға болып өзін - өзі сезінуінің алғашқы сатысы демек адамгершілік ақыл - ой және басқа да қасиеттерінің ең маңызды кезеңі. Баланың мәдениетті сөйлей біліуі үй ішінде, балабақшада, отбасында алған білім тәрбиесіне байланысты. Біздің басты міндетіміз баланы жан - жақты дамыта отырып тілін дамыту. Сөздік қорларын байытумен қатар есте сақтау қабілеттерін арттыру. Баланың ана тілінде таза еркін сөйлеуін мектепке дейінгі кезеңде меңгертуге тиіспіз.
Ұлы педагог К. Д. Ушинский: «Кімде кім баланың тіл қабілетін дамытқысы келсе, ең алдымен оның ой - өрісін қабілетін дамытуы тиіс» -деген [35] . Әрбір ұйымдастырылған оқу іс - әрекеттерін өткізуде тәрбиешінің шығармашылығы, әдіс - тәсілдері тиімді пайдалануы, оқу іс - әрекетін түрлендіріп ұйымдастыруда ойындарды мақал - мәтелдерді, жұмбақтарды қолдануы балалардың қиялын шарықтатады. Білімді меңгерту үстінде баланың ойлау қабілеті ұштасады.
Кішкентай балалар тез еліктегіш жан - жағына алаңдағыш келеді. Сөзді мәнерлеп айтуда болсын, балалар тәрбиешіге, үлкендерге еліктейді. Тіл дамыту, Көркем әдебиет оқу іс - әрекеттерін ойын арқылы өткізу адамгершілік мінез - құлықты қалыптастыруға ықпал етеді. Сәлемдесуге баулу, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеуге бейімдейді. Мен өз тәжірибемде балалар тілін дамытуда, ой - өрісін кеңейту мақсатында мына жобаларды негізге ала отырып жұмыс жасаудамын.
- Тілді дұрыс меңгеру;
- Ауыз екі сөйлей білу;
- Көркемсөз үлгілерін үйрету және игерген білімдерін қолдана білу;
- Сөздік қорын молайту;
- Дыбыстарды анық айтуға үйрету
Осы жобаларды меңгерген бала мектеп табалдырығын аттауға емін - еркін сөйлей алатын деңгейге жетеді.
Мектеп жасына дейінгі бала көзбен көріп таныған затты дұрыс қабылдап, елестете алады. Сондықтан баламен сөйлескенде, әдеби шығармаларды оқығанда оларға суреттеп көрсетіп әңгімелеу өте әсерлі болмақ. Шығарма мазмұнына немесе балалардын іс - әрекетіне өмір мен табиғат құбылысына арналған көркем суреттер баланың сана сезіміне, жүйелі сөйлеуіне әсер етеді. Өмір құбылысын нақты көріп тануға жол ашады.
Мектеп жасына дейінгі бала көзбен көріп, таныған заттарды дұрыс қабыл, елестете алады. Сондықтан баламен сөйлескенде, әдеби шығармаларды оқығанда, оларға суреттер көрсетіп, әңгімелесу әсерлі болмақ. Шығарма мазмұнына немесе балалардың іс - әрекетіне, өмір табиғат құбылысына арналған көркем суреттер баланың сана - сезіміне, жүйелі сөйлеуге әсер етеді. Өмір құбылысын нақты көріп тануға жол ашады.
Бала оқыған әңгіме, ертегі мазмұнын сурет арқылы тез қабылдап түсінеді. Сондықтан ертегі, әңгімелердің суреті айқын, шығарма мазмұнына сай болуын ескерген жөн. Баланың тілін, сана - сезімін жетілдіру, эстетикалық талғамын байытуда теледидар арқылы берілетін мультипликациялық фильмдерді көрсетіп әңгімелесу, оқылған шығармаға байланысты диафильмдер, компьютер қолдану пайдалы.
Балаға диафильм немесе теледидардан әр түрлі қызықты көрсетілімдерді көрсету қазіргі заманда өте қажет. Бала теледидар көріп отырғанда жан - жағындағылар дауыстап сөйлеп, әңгімелесу болмауын ескерген жөн. Көріп не тыңдап отырғанда бала жақсы түсініп, қабылдайтын болуы керек. Сонымен бірге баладан алған әсерін айтып беруге үйретіп отыру қажет.
Бүгінгі күн талабы - баланың ақыл - ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай ойы жүйрік етіп тәрбиелеу. Білім беру жүйесінің барлық сатыларының алдында тұрған көкейкесті мәселелерінің бірі - білім сапасын арттыру, оның әдістемесін жетілдіру, жас ұрпақтың тұлғалық ойлауын дамыту болып табылады.
Заман талабына сай жас ұрпақ тәрбиелеуде мектепке дейінгі бала тәрбиесімен айналысатын қызметкерлер, тәрбиешілерге жауапты міндет жүктеледі. Бұл міндетті кең байтақ республикамыздың барлық мектепке дейінгі мекемелерде қызмет атқаратын мамандар абыроймен атқарып келеді. Ақыл-ойдың дамуы бұл бала жасына, тәжірибесінің молаюы мен тәрбиелік ықпалдарының әсеріне байланысты ойлау әрекетінде пайда болатын сан және сапалық өзгерістердің жиынтығы. Мектепке дейінгі шақта білімнің қорлануы шапшаң қарқынмен жүреді. Таным процестері жетіледі, бала ақыл -ой дамуын әрекетінің қарапайым әдістерін меңгереді. Баланың ақыл-ойы дамуын қамтамасыз ету оның барлық кейінгі іс-әрекеті үшін зор маңызы бар. Ақыл- ойды дамыту әлеуметтік үшін зор маңызы бар. Ақыл-ойды дамыту әлеуметтік ортаның ықпалымен жүзеге асырылады. Оны айналадағылар араласу барысында тілді қарым-қатынас құралы ретінде пайдаланып, сонымен бірге қалыптасқан ұғымдар жүйесін игереді. Ақыл-ойды неғұрлым тиімді дамыту оқыту мен тәрбиелеу негізінде жүзеге асырылады. Қазіргі педогогика ғылыми ақыл-игеру, олардың қорын жинау, шығармашылық ойды дамыту және білімдер алуға қажетті танымдық қызмет әдістерін меңгереді деп есептейді.
Мектепке дейінгі жастағы балалардың ақыл-ойын дамытуды дұрыс ұйымдастыру үшін олардың ақыл-ой дамуының заңдылықтары мен мүмкіндіктерін білу керек. Осыларды ескере отырып, ақыл-ой тәрбиесінің міндеттері, мазмұны, ұйымдастырылуы мен әдістері белгіленеді. Ақыл-ой тәрбиесі міндеттерін шешу жолдары: бір жағынан баланың мүмкіндігін барынша пайдалану және екінші жағынан баланы шаршататын немесе қажытатын, шамадан тыс міндеттер жүктеуді болдырмау болып табылады.
Ақыл-ой тәрбиесі-балалардың белсенді ойлау қызметінің дамуына ересектердің мақсаты ықпалы. Ол қоршаған дүние туралы түсінікке жеңіл білімдерді хабарлауды, оларды жүйелеп отыруды, танымдық мүдделерді зияткерлік дағдылар мен іскерлікті қалыптастыруды, танымдық қабілеттерді дамытуды қамтиді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz