Ойын «ультиматум»,мюнстерберг әдістемесі, «өзін-өзі жарнамалау», «өзін-өзі тексеру» жаттығулары


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

IV. ойын «Ультиматум»

Тренингке қатысушылар 4 командаға бөлінеді. Командалар бір-біріне ультиматум жазуды ұсынады. Бірде мынадай ультиматум кездесті, бір команда екінші командаға бөлменің оңтүстік жағын иеленіп алдыңдар деп ультиматум жолдайды. Қарсы жақтың жауабы: олардың тобында қыздар көп және ультиматум иелеріне қарағанда бұлар салмақ жағынан артық. «Сан алуан қызықты қарсылықтар көп болсын»

Қарсылықтар қызықты әрі ерекше, әдемі жазылуға тиіс.

Ультиматум жазуға 10 минут беріледі. Жазылған ультиматум оқылады. Ультиматум алған команда ультиматумды негіздермен қабылдамай тастайды, немесе келісіп шешу жағын ұсынады.

Басты талап - жауаптар барынша әдемі ерекше болып, қолданылатын тәсілдер қайталанбауға тиіс.

Содан кейін қарсылықтарға берілгкен жауаптар оқылады. Ойын соңында командалар бір-біріне жолдаған ультиматумдар үшін алғыс айтып, олардың ерекшеліктерін айтады.

Y. Мюнстерберг әдістемесі

Мақсат : Таңдап көңіл бөлуді диагностикалауға бағытталған.

Нұсқау: Әріпті мәтін ішінде сөздер бар. Жылдам оқи отырып, сол сөздердің астын сызу қажет.

Тапсырманы орындауға 2 минут беріледі.

Мысалы: 1. 1.

2.

  1. сурет, айна, акула, кесе, ыдыс
  2. сот, жол, мекен, қате.
  3. қағаз, алаша, ұшақ.
  4. көгершін, жаңалық.
  5. психология, қуаныш, қашан

YI. «Армандар»

Мақсаты: Топ жұмысына қолайлы жағдай жасау, тренингтің негізгі принцптерімен таныстыру.

Бәрі көздері жұмулы шеңбер бойымен отырады. Қатысушылар өздерінің тілегіне құлақ түре отырып, келешек кәсібін, қоғамдағы орнын, айналасындағы жақындарын көз алдына елестетуге тырысады. 1, 5 минут уақыт беріледі.

Әр қатысушы өзінің әсерлерімен бөліседі. Тренер айтылғандарды жинақтайды. Топтың әр қатысушысының өз арманы, мақсаты болатынын айтады.

YII. «Жағымды сөздер»

Мақсаты: өзін-өзі одан әрі ашу, өзін-өзі тану, өзінің және айналасындағылардың психологиялық мінездемесін анықтау және талдау іскерлігін дамыту.

Қатысушылар шеңбер бойымен отырады. Жүргізуші жағымды сөздер айта отырып, кез-келген біреуге доп лақтырады. Допты алған ойыншы шеңбердегі қатысушылардың кез-келгенін таңдайды да, оған жағымды сөзін айтып допты лақтырады. Доп қатысушылардың бәрінде болып шыққанға дейін ойын жалғаса береді. Жағымды сөздер қысқа, ең жақсысы бір сөзден тұрса болады.

«Өзін-өзі жарнамалау»

Мақсаты: Өзін-өзі ашу, өзін-өзі тану, психологиялық мінездемесін анықтау және талдау іскерлігін дамыту.

Ойынға қатысушылар жұмыс берушіге 25-30 минут ішінде өзінің көрсетететін қызметін, психологиялық ерекшелігін, икемділігін жетістіктерін көрсетіп хат жазады. Хатына қолын қойып оны жүргізушіге береді. Барлық хат жиналған соң жүргізуші авторлардың есімін оқымай, тек хаттың мазмұнын ғана оқиды. Шеңбер бойындағылар хатқа талдау жүргізеді. Хат авторын табу керек.

«Өзін-өзі тексеру»

Мақсаты: Өзі туралы, өзінің қоғамда алатын орны туралы өз ойын дамыту; жеке позициясын түсіну.

Әрбір қатысушы бір парақ қағаз алады және оны төрт бөлікке бүктейді.

Нұсқау: «Мен кіммін?» деген сұраққа 10 жауап жаз. Оны жылдам жаса, басыңызға бірінші қандай жауап келсе, соны жазыңыз. Оны жылдам жаса, басыңызға бірінші қандай жауап келсе, соны жазыңыз. Оны бірінші бағанға жаз. Екінші бағанға сол сұраққа ата-анаңның пікірі сеніңше қалай, соны жаз (нақты әкеңді немесе шешеңді таңдап ал) . Үшінші бағанға сенің сол жағыңда отырған топтың мүшесі қалай жауап берер еді, соны жаз.

Сенің жазғандарың көрінбейтіндей етіп, парақты бүкте де, сол жақтағы көршіңе бер. Парақты алып, бос бағанға «Осы парақты саған берген адам қандай?» деген сұраққа 10 жауап жаз. Осыдан кейін жүргізуші парақты жинап алады да, араластырады. Ең соңғы бағандағы мінездеме кезекпен дауыстап оқылады, ал топ кім туралы екеніні анықтьау керек. (жазған ойыншы үндемей отыру керек) Осы берілген мінездемемен топтың қаншалықты келісетіні талқыланады.

Талдау: Содан кейін парақ қатысушыларға таратылады, ал олар өздері 4 бағандағы жауаптарды салыстырады, олардың ұқсастығы мен айырмашылығын талдайды.

Нәтижесінде үйге тапсырма беріледі: тренинг аяқталған соң өзіңіздің жақындарыңызға сіздің жеке ерекшелігіңіз туралы 10 анықтаманы беруді ұсыныңыз және оны сіздің жорамалдаған ерекшелігіңізбен салыстырыңыз.

Жаттығу «Сен кімсің?»

Мақсаты: Өзі туралы, өз орны, құқығы мен міндеттері туралы ойын дамыту. Қатысушылардың арқасына үлкен қалың қағаз шаншып қояды. Әрбіреуі бір-бірлерінің жауырындарына түйрелініп қойған қағаздағы көрсетілген сұраққа кем дегенде бір жауап жазу керек. Кері байланыс ұйымдастыру әдісі ретінде қолданады. Содан кейін жалпыланған мінездеме топта талқыланады.

Бұл кезеңде топта гештальттерапия мен психодрамалар техникасы, сонымен бірге нейролингвистикалық жүйелеу мен дене терапиясы белсенді қолданылады.

Талдау: Тапсырма ұнады ма? Өзіңіз туралы пікіріңіз өзгерді ме? Қандай әсер алдыңыздар?

Жаттығу «Әр түрлі көзқарастағы әңгіме»

Мақсаты: Проблеманың шешімін табуда әр түрлі рөлдік көзқарастарға кіру.

Әр қатысушы қандай да өзінің проблемасы бойынша әр түрлі рөлдік көзқарастарға кезекпен «кіре» отыра (шыншыл, қиялшыл, күмәншіл) өзімен-өзі іштей диалог жүргізеді. Осындай 10 минуттық ішкі диалог аяқ астынан проблеманың шешімін табуға әкеледі. Қандай да бір алдында кездескен жағымсыз фрустрациялық жағдайларға қатысын өзгерту үшін, нейролингвистикалық жүйелеу (НЛП) техникасын қолданған пайдалы.

Талдау: Әр түрлі рөлдік көзқарасқа кіру жеңіл болды ма? Қандай қиындықтар болды? Не туралы ойладыңыздар? Қазір не сезінудесіздер?

Жаттығу «Экранды ыдырату»

Мақсаты: Тұлғаның өзінің даралығын бағалау.

Жүргізуші қатысушыларды босаңсу жағдайына әкеліп, тік сызықпен бөлінген үлкен ақ экранды көз алдарына елестетулерін сұрайды. Экраннның сол жағына субъект жағымсыз фрустрациялық жағдайды - нақты емес, ақ-қара; оң жағына - жетістік жағдайын, яғни ашық, әсем безендірілген, дыбыстарға және иістерге толған жағдайды кескіндейді. Сол жақтағы (жағымсыз) сурет ақырындап кішірейеді және солады, алыстатылады, ал оң жақтағы (жағымды) жарқын және жақындайды. Осы жаттығуды 2-3 рет орындаған соң топтың қатысушылары жағымсыз жағдай туралы ойлары ұнамсыз сезім туғызбайтынына және оның бұрынғыдан жайлы қабылданатынына таңырқағандарын аңғарады.

Өзара сенімділік ахуалын туғызуға дене терапиясының техникасы ықпал етеді. Сондай техниканың бір мысалын келтіреміз.

Талдау: Нені көзіңізге елестеттіңіз? Не туралы ойладыңыз? Қандай жағдайды кескіндеу жеңіл болды. Алған әсеріңізбен бөліссеңіз.

Жаттығу «Маятник»

Мақсаты: Топтағы өзара сенімділікке, бірлікке тәрбиелеу.

Екі қатысушы бір-біріне қарап тұрады, үшіншісі олардың арасында өзін бос ұстап көзін жұмып тұрады. Алғашқы екеуі, оның иығына қолдарын салып, ақырындап тербеліс амплитудасын жоғарылата отыра, оны теңселте бастайды. Осы тәсіл көмегімен топтың қатысушыларыныңғ бір-бірін сынап көрудегі сенімділік көрсеткішін жеңіл диагностикалауға болады. Осы жерде «сеніп құлау» бұдан да жақсы көрсеткіш болып табылады. Барлық балалар кезектесіп үстелге немесе терезе алдына тұрады және арқаларымен топтың басқа қатысушыларының қолдарына құлайды. Кейде сені ұстап ала алмайды, құлатады деген үрей, топ мүшелеріне деген сенімділіктің жоқтығы адам денесінің жанын мүлде кетіріп тастайды, сол себепті ол өзін құлауға мәжбүр ете алмайды. Кім құлап жолдастарының қамқор қолдарының демеушісін сезсе, оның өзі басқа қатысушыларға деген сенімділік, ұмтылмастай қуаныш пен мақтаныш сезімін туғызады. Осындай қатты қуану сезімі топқа өзара сенімділікке, ынтымақөтастық пен бірлікке шешуші қадам жасауға кепілдік береді. Осындай жағдайда тренингтің нәтижелілігі бірден артады.

Тренингті аяқтау жаттығуы ретінде келесі жаттығуды пайдалануға болады.

Талдау: Құлауды бастауға өзіңізді мәжбүр ету қиын болған жоқ па? Тым ауыр болып көрінемін деп қорықтыңыз ба? Құлау сәтінде өзіңізді қалай сезіндіңіз? Қамқор қолдарды сезу қандай сезім туғызды? Кенеттен болған жайлар болды ма?

Жаттығу «Шабадандағы хат»

Мақсаты: Жасөспірімдердің өзін-өзі дамытуының жеке әлеуетін ашу, өзіндік сананы, өзін-өзі реттеу мен тексеру қабілетін дамыту.

Әр қатысушы ойыншылардың санына қарай бос картон карточкаларын алады да, оған топтың қалған мүшелерінің әрқайсысына жеке тілек жазады (немесе теңеу формасында сурет салу) Тренингтің нәтижесінде жасөспірімдердің өзара тұлғааралық қырлары жаңаша ашылады, эмпатия деңгейі және басқа адамдардың күйзелісін сезіну деңгейі артады, өзі туралы білімі кеңейеді, өзін-өзі тексеру және өзін-өзі реттеу қабілеті күшейеді.

Әрине, өзіндік сананы дамыту тренингі жасөспірімдердің өзін-өзі дамытуының жеке әлеуетін ашатын тек жүргізуші механизм ғана, қатысушылардың әрқайсысы өзін-өзі өзгертуге немесе бәрін ескіше қалдыруға шешім қабылджайды.

Тренинг тек бозбаланың өзіндік санасын өзгертуге, осылайша оны жаңа қылықтар жасауға дайын болуға жағдай жасайды, ал «жаңа қылықтар өзіндік санада өзгерістерді бекітеді».

Талдау: Не ұнады? Не ұнамады? Тапсырманы орындау кезінде не туралы ойладыңыз? Қандай әсер алдыңыздар? Қазір не сезінудесіздер?

Жаттығу «Ассоциациялар»

Мақсаты: Өзгенің даралығын бағалау, коммуникациялық дағдыны дамыту.

Қатысушылардың бірі-жүргізуші-есік сыртына шығып тұрады. Топ өзара келісіп, қалған қатысушылардың ішінен бір адамды таңдап алады, ал жүргізуші оны табу керек. Жүргізуші топ мүшелеріне сұрақтар қояды және олардың жауаптары бойынша адамды табуға тырысады. Жұмбақ адамға байланысты, сұрақтар ассоциаацияға беріледі: Бұл адам қандай аңмен ассоциацияланады?

Қандай ауа-райымен? Өсімдікпен? Түспен? Музыкамен? Т. с. с.

Әдетте 5 сұрақ қойылады, жүргізуші жұмбақ Адамды табу керек. Дұрыс жауап берілсе, табылған адам жүргізуші болады, жауап дұрыс болмаса- жүргізуші осы жаттығуды орындайды.

Талдау: Жұмбақ адамды табуда не көмектесті? Қандай қиындықтарға тап болдыңыздар? Қандай әсер алдыңыздар? Енді өздеріңізді қалай сезінесіздер?

Жаттығу «Футболкадағы қолтаңба»

Мақсаты: Өзін өзі құрметтеу, өзі туралы ойын дамыту

Қатысушыларға парақ таратылады, оған өз футболкаларына қандай жазу жазатындары туралы жазу керектігі айтылады. Ол жазу адамның бір нәрсеге бейімділігі туралы айтылатындай - олардың немен айналысатынын, ойындарын, әлемге қатысын және т. с. с білдіруі керек. Бірнеше қол таңба ойлауға да болады. Жұмысқа 5-10 минут беріледі. Осыдан кейін қатысушылар өздерінің қол таңбалары туралы әңгімелейді.

Жаттығуды талдау. Осы қол таңбалар не туралы айтады. Өзіміз туралы өзге адамдарға не айтқымыз келеді? Бәрінен де ұнайтын қолтаңба қандай? Өзіңнің қол таңбаң ұнай ма? Оны өзгерткің келе ме? Әр түрлі қатысуға қандацй қол таңба ойлауға болады?

Жаттығу «Тыңдай білу іскерлігі»

Мақсаты: Қарым-қатынастың тәсілдерін меңгеру, тыңдай білу іскерлігін жетілдіру.

Жаттығу жұппен орындалады. Жұптың біреуі 3-5 мин. Ішінде екіншісіне өзін мазалап, абыржытып жүрген маңызды нәрсесін әңгімелейді. Ол үнсіз тыңдайды, тек вербальды емес мінез-құлыққа рұқсат беріледі. Одан кейін серіктестер рөлін ауыстырады. Жаттығудың басталуы мен аяқталуын топ жетекшісі белгілейді . Жаттығу аяқталған соң жұптар 1-2 минутта күйзелістерімен алмасады. Содан кейін жаңа жұптар жаттығуды тағы орындайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп психологі жұмысында қолданатын психологиялық әдістемелер
Орта мектептерде бесінші сыныпқа бейімделуге бейімделуі
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту жолдары
Мамандық бағдар берудің психологиялық негіздері
Психология ғылымында қарым- қатынастың теориясы
Мектеп жасына дейінгі балалардың зейін тұрақсыздығы
Мектепке дейінгі балалардың зейінін дамыту тәсілдері
Жоғары сынып оқушыларының мамандық таңдау мотивациясы
Орта мектеп оқушыларына кәсіби бағдар берудің жұмысын ұйымдастырудың ғылыми-теориялық негіздері
Орта мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмыстарын ұйымдастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz