Жер сілкіністері


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:
Жер сілкіністері
Өскемен қаланың аумағы 7 баллға дейінгі күштік жер сілкінісіне жатады. Қазақстан Республикасы білім беру министрлігі сейсмология институтынан алынған соңғы пысықталған мәліметтерге қарағанда, 2008 жылғы 30 қаңтар күні 02 сағат 02 минутта Қазақстан Республикасы аумағында эпицентрдегі интенсивтілігі 6 баллды құраған жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінің кіндігі Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 980 шақырым жерде болды. Өскеменде -4 балл, Зырянда -5 балл, Кучатов пен Риддерде 3 баллдық жер асты дүмпулері сезілді. Зардап шеккендер мен бүліністер туралы хабар түскен жоқ.
2009 жылдың 13 маусымы күні сағат 23. 25-те Өскемен қаласы тұрғындарынан үйлердің жоғарғы қабаттарында жер сілкінісі сезілгендігі туралы хабарлар келіп түсе бастады. Сейсмология институтының алдын ала ақпараттары бойынша 2009 жылғы 13 маусымда сағат 23. 17-де Алматы облысы аумағында жер сілкінісі болған. Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 230 км-де, Алматы болжау полигоны аумағынан тыс жер эпицентрі болып табылды. Координаттары: j= 44°45′ с. ш. и l= 78°49′ в. д. ; К=14, 3. Жер сілкінісі MSK-64 шкаласы бойынша Алматы қ, - 3-4 балл, Талдықорған қ, - 5-6 балл, эпицентрде (Текелі қ, ) - 6-7 балл болды. 23 сағат 58 минутта күші 3 балмен қайталанды.
Гаити жерсілкінісі (2010)
2010 жылдың 12 қаңтарында, жергілікті уақыт бойынша сағат 16. 53 -те Гаити елінде жерсілкініс болды. Гаити Үкіметі 7 балл мөлшерде болған зілзаладан 1-нан 2-ға жуық адам қаза тапқан десе, Халықаралық қызыл крест ұйымы зілзаладан 3 млн адам зардап шеккен дейді. Үш рет тіркелген дүмпудің алғашқысы - 7, соңғы екеуі 5, 5 баллды құрады.
Алғашқы дүмпудің эпицентрі ел астанасы Порт-о-Принс қаласынан 16 шақырым жерде болды. 2000 жылдардағы ең үлкен зілзала апатында Біріккен Ұлттар Ұйымының ғимараты, Елбасшысының сарайы, ауруханалар, қонақ үйлер және жұмыс орындарын қамтыған мыңдаған ғимараттар қиратылды.
Гаити елінен келіп түскен ақпаратқа сәйкес осы елдің жолдары көптеген қаза тапқан және жарақат алған адамдармен толы, және кейбір азаматтар қиратылған ғимараттар қалдықтардың астында қалған адамдарды өз бетімен құтқаруға талпынуда.
Құлаған Біріккен Ұлттар Ұйымының ғимаратында қызмет атқаратған 52 түрік полициясының жағдайлары жақсы екені хабарланды. Жалпы БҰҰ 36 қызметкері мерт болған.
Гаитидің Хеди Аннабиде орналасқан Біріккен Ұлттар Ұйымы өкілінің құлаған ғимаратының астында 250 адам қалған.
10 миллион тұрғыны бар елдің Президенті Рене Преваль және оның жұбайы Елбасшысы сарайының құлауына қарамастан аман қалған.
7 балл зілзала Доминикан Республикасы мен Кубада да сезілді.
Сычуань жерсілкінісі (2008)
2008 жылғы Сычуань жерсілкінісі - мамырдың 12-ші күні таңғы сағат 7-де Қытайдың Сычуань өлкесінде болған жер сілкінісі кезінде он мыңнан астам адам қаза болды, деп хабарлаған болатын Қытай Халық Республикасының азаматтық әкімшілік министрлігінен. Келесі күні «Синьхуа» агенттігі, жергілікті уақыт бойынша 15:10-да 6, 1 ұпайлық жер сілкінісі осы өлкеде тағы да қайталанғанын хабарлады. Зілзаланың эпиорталығы Алматы қаласының оңтүстік-шығысына қарай 3 мың км қашықтықта, 104° шығыс бойлық пен 30° солтүстік ендікте болған. Алматы қаласындағы Орталық сейсмикалық обсерваторияның кезекші операторы жер асты дүмпуінің күштілігі Рихтер бағанасы бойынша 8. 0 балды көрсеткен.
Өткен жылы Алматы облысының аумағында 12 рет жер сілкінісі болды
Өткен жылы Алматы облысында 12 рет жер сілкінісі болды, 2008 жылы 7 ғана оқиға тіркелген болатын.
2009 жылдың қаңтар-желтоқсан айларының аралығында Алакөл, Райымбек, Қарасай аудандарында, Текелі қаласында және Жоңғар Алатауы мен Күнгей Алатаудың шатқалдарында жер сілкіністері орын алды. Сейсмикалық стансылар МКС-64 бағамы бойынша 2 балдан 7 балға дейінгі аралықта жерасты дүмпулерін тіркеді, негізінен, тербелістер 3-4 балдың шамасында болды.
Алматы облысының төтенше жағдайлар департаментінің мәліметтері бойынша, 2009 жылдың ең сейсмикалық белсенді айлары - қараша және маусым айлары болды. Қараша айында - 4, маусым айында -3 жер сілкінісі тіркелді. Сейсмикалық белсенділік жиі байқалған облыстың әкімшілік-аумақтық бірлігі - Текелі қаласы болды, онда маусымның 13-і мен шілденің 5-і аралығында төрт рет жер сілкінісі болды.
Маусымның 13-інен 14-іне қараған түні орын алған Текелідегі бірінші жер сілкінісі республика бойынша 2009 жылдағы ең қуатты зілзала болды. Күші 7 балды шамалаған дүмпулерден 766 жекеменшік үй, 27 көппәтерлі үй, №1 орта мектеп, қарттар үйі, Спорт сарайы, «Текелі су құбыры» кәсіпорнының сүзгілеу стансысы түрлі деңгейде зардап шекті.
Кешегі қуатты зілзаладан кейін Жапонияның солтүстігінде бүгін де жер сілкіністері байқалған
Кешегі 6, 8 балл дәрежесіндегі зілзала Жапониядағы соңғы 9 жылдағы ең қуатты жер сілкінісі болды. Оның салдарынан кемінде 21 адам құрбан болып, екі мыңға таяуы жарақат алған. Бұдан 9 жыл бұрынғы Кобедегі зілзала кезінде 6 мың 400 адам құрбан болған еді. Бұл жолғы жер сілкінісі астана Токиодан 250 шақырым солтүстікте, негізінен таулы аймақтарта болған.
26-желтоқсанда Бенгал түбегінде Бангкоктан 1260 шақырым жерде жергілікті уақытпен 7 сағат 58 минутта Рихтер өлшемі бойынша 9 балл жер сілкінісі болды. Бірнеше қуатты жер асты дүмпулері биіктігі кей жерлерде 10 метрге дейін жеткен алапат толқындар түзіп, олар Шри-Ланка, Индия, Индонезия, Таиланд және Малайзия тәрізді Оңтүстік-шығыс Азия елдері мен Африка құрлығының шығыс жағалауына дейін жетті. Таиланд Корольдігінде негізінен Пхукет аралы мен оған таяу жатқан курорттар зардап шекті. Елшіліктің мәліметі бойынша, 20 және 22 желтоқсанда Эйр Астана әуе компаниясының чартерлік рейстерімен 227 адам Қазақстаннан Бангкокке ұшып шыққан. Олардың бір бөлігі Таиланд астанасына, бір бөлігі Паттайяға және басқа да курорттарға бет алған. Олардың арасында Пхукетке барғандар да бар. Қазіргі жағдаймен Пхукетке барған 26 адам қауіпсіз жерде, ал үш адам ауруханаға түскен. Сондай-ақ, 26-желтоқсанда Қазақстаннан Паттайяға 123 адам ұшып шыққан. Олар да қазір қауіпсіз жерде.
Индонезияда қуатты екі жер сілкінісі болды.
Бірінші жер асты дүмпуінің қуаты Рихтер өлшемі бойынша 7, 8 балл болды. Бірден цунами болу қаупі жөнінде жария етілді.
Жер сілкінісінің ошағы теңізде, Сулавеси аралдарындағы Горонтало қаласынан солтүстік-батысқа қарай 138 шақырым жерде, 10 километр тереңдікте болған.
Осыдан бірнеше минуттан кейін тағы да осы жерде қуаты 6 балл болатын жер асты дүмпуі қайталанды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz