Басқару процестері



құбылыстар мен процестер сапасын бағалау әдіснамасын, теориясын және практикасын ашатын педагогикадағы бағыт.
Мектепті басқару үрдісі, оның мақсаты, әдістері, формалары (түрлері) және мазмұны қоғамның әлеуметтік тапсырысы, мемлекеттің (үкіметтің) білім беру саясатымен анықталады. Әр түрлі әлеуметтік үрдістер сияқты мектепті басқару процесі мектепішілік әкімшіліктің басқару әрекеті арқылы ғана жүзеге асатын белгілі бір заңдылықтарға бағынады.
Заңдылықтарды игеру (білу, түсіну) мектепті ғылыми басқарудың негізін қалайды, оның қатынастарының мәнін ашады, ішкі және оданда терең басқарушы мен басқарылушы арасындағы байланыстардың табиғатын түсінуге үйретеді, ғылыми негізде іс-әрекеттердің мақсатын анықтап алуға және нақты шешімдерді дайындауға мүмкіндік береді.
Мектепті басқару заңдылықтары – бұл аса мықты, мазмұнды, жалпы, қажетті, қайталанатын және объективті байланыстар мен қатынастардың көрінісі. Олар басқарудың практикалық барысында пайда болады және көрінеді. Енді осы мектеп басқарудын, біздің көзқарасымызға сай, жалпы заңдылықтарына сипаттамалар бере кетейік.
Сипаттаманың алғашқы көрінісі мектепті ғылыми басқару тек жоғары аналитикалық дәреже сақталғанда ғана мүмкін болады. Басқару объектісін күрделі әлеуметтік организм есебінде жан-жақты және кешенді зерттеу қажет екендігін Д.М.Гвишани және басқалар атап көрсетіп отыр.
Қандай да бір әлеуметтік объектіні басқару үшін оның нақты құрылымы және әр уақыттар бөлігінде қалай өзгеріп тұратынын білу керек. Мұндай мәліметті тек қана басқару процесінде дүниетанымдылық іс-әрекеттің тұрақты жүргізіліп тұрған жағдайында алуға болады. Оның мектеп жағдайындағы нақты көрінісі-педагогикалық болмысты тану процесі ретінде түсінілетін оқу-тәрбие процесі.
Басқарудың эмпирикалық деңгейі берілген мәліметтің, көріністің, үстіртте жатқан қасиеттің, қарым-қатынастың, басқарылатын объектінің байланыстарына негізделген. Ғылыми деңгей анализге сүйенеді, өйткені ол берілген мәліметтің шеңберінен шығып, нақты көріністің бейнесінің жасырын ішкі механизмін құрастырушы жасырын бағыныгтылықтың сферасына кіріп кетеді. Бұған тек қана информацияларды (мәліметтерді, ақпараттарды) тұрақты аналитикалық сараптауға салғанда жетуге болады. Аналитикалық сараптаманың болмауы циклдардың ыдырауына, басқару процесінің төмендеуіне алып келеді. Аналитикалық қызметтің нәтижесінде мектеп жетекшісі басқарудың мақсатын нақтылауға мүмкіндік алады.
Анализдің қорытындысы оқу-тәрбие процесінің мектепішілік тексерістерімен (контроль) бірлікте басқару қызметінің басқа екі өте маңызды ғылыми және әсерлі (эффективный) – (пайдалы) негіздерін қалайды: оның бірі – жоспарлау болса, екіншісі – реттеу. Бұлай қауымдасу мектепішілік тексерістің өміршеңдігін және жемістілігін (пайдалылығын) көрсетеді.
Өткен жылдың қорытындысын зерттей отырып, анализ ескі жылды жауып, жаңа жылдық мектеп басқарудың жылдық циклын ашады. Сонымен басқару процесінің үздіксіздігін сақтап отырады.
Сабақтарды жан-жақты талдаудың орасан зор маңызы бар. Талдау – сабақтың сапасын басқарудың жетекші мен мұғалімнің жеке әдістемелік жұмыстарын іске асырудың, ұжымының шығармашылық ізденістерін қалыптастырудың жағдайын жасаудың, оқытушының өзіндік білімін арттырудың және т.б. ең басты жолдары болып табылады.
Сонымен қатар талдау мектепті басқарудың заңдылықтардың жалпы қатарында заңдылықтардың жүйе құрушылық қызметін атқарады. Анализ көрсетілген процестердің байланыстарының тереңдігін, маңыздылығын, тұрақтылығын, қажеттігін және атрибуттылығын бейнеледі.
Басқару процесінің екінші өте маңызды заңдылығы төмендегідей анықталады: басқару қызметінің қажеттілігі (пайдалылығы) неғұрлым жоғары болса, солғұрлым оның қорытындысы әсерлірек (елеулі, қомақты) болады. Қажеттілік қажеттілікпен құрылымдық байланысты, ол жүйелілік қызметінің жүйеліліктің бүтіндігін сақтап қалу үшін бағыныштылығы қажет.
Бағдарламаны жүзеге асыруда мақсаттың ролі орасан зор, себебі оған жүйеліліктің құрылымы мен тәртібі бағынады.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
1. Басқару процестері

Квалиметрия – кешенді өлшеу мен педагогикалық нысандар, құбылыстар мен
процестер сапасын бағалау әдіснамасын, теориясын және практикасын ашатын
педагогикадағы бағыт.
Мектепті басқару үрдісі, оның мақсаты, әдістері, формалары (түрлері)
және мазмұны қоғамның әлеуметтік тапсырысы, мемлекеттің (үкіметтің) білім
беру саясатымен анықталады. Әр түрлі әлеуметтік үрдістер сияқты мектепті
басқару процесі мектепішілік әкімшіліктің басқару әрекеті арқылы ғана
жүзеге асатын белгілі бір заңдылықтарға бағынады.
Заңдылықтарды игеру (білу, түсіну) мектепті ғылыми басқарудың негізін
қалайды, оның қатынастарының мәнін ашады, ішкі және оданда терең басқарушы
мен басқарылушы арасындағы байланыстардың табиғатын түсінуге үйретеді,
ғылыми негізде іс-әрекеттердің мақсатын анықтап алуға және нақты шешімдерді
дайындауға мүмкіндік береді.
Мектепті басқару заңдылықтары – бұл аса мықты, мазмұнды, жалпы,
қажетті, қайталанатын және объективті байланыстар мен қатынастардың
көрінісі. Олар басқарудың практикалық барысында пайда болады және көрінеді.
Енді осы мектеп басқарудын, біздің көзқарасымызға сай, жалпы заңдылықтарына
сипаттамалар бере кетейік.
Сипаттаманың алғашқы көрінісі мектепті ғылыми басқару тек жоғары
аналитикалық дәреже сақталғанда ғана мүмкін болады. Басқару объектісін
күрделі әлеуметтік организм есебінде жан-жақты және кешенді зерттеу қажет
екендігін Д.М.Гвишани және басқалар атап көрсетіп отыр.
Қандай да бір әлеуметтік объектіні басқару үшін оның нақты құрылымы
және әр уақыттар бөлігінде қалай өзгеріп тұратынын білу керек. Мұндай
мәліметті тек қана басқару процесінде дүниетанымдылық іс-әрекеттің тұрақты
жүргізіліп тұрған жағдайында алуға болады. Оның мектеп жағдайындағы нақты
көрінісі-педагогикалық болмысты тану процесі ретінде түсінілетін оқу-тәрбие
процесі.
Басқарудың эмпирикалық деңгейі берілген мәліметтің, көріністің,
үстіртте жатқан қасиеттің, қарым-қатынастың, басқарылатын объектінің
байланыстарына негізделген. Ғылыми деңгей анализге сүйенеді, өйткені ол
берілген мәліметтің шеңберінен шығып, нақты көріністің бейнесінің жасырын
ішкі механизмін құрастырушы жасырын бағыныгтылықтың сферасына кіріп кетеді.
Бұған тек қана информацияларды (мәліметтерді, ақпараттарды) тұрақты
аналитикалық сараптауға салғанда жетуге болады. Аналитикалық сараптаманың
болмауы циклдардың ыдырауына, басқару процесінің төмендеуіне алып келеді.
Аналитикалық қызметтің нәтижесінде мектеп жетекшісі басқарудың мақсатын
нақтылауға мүмкіндік алады.
Анализдің қорытындысы оқу-тәрбие процесінің мектепішілік
тексерістерімен (контроль) бірлікте басқару қызметінің басқа екі өте
маңызды ғылыми және әсерлі (эффективный) – (пайдалы) негіздерін қалайды:
оның бірі – жоспарлау болса, екіншісі – реттеу. Бұлай қауымдасу
мектепішілік тексерістің өміршеңдігін және жемістілігін (пайдалылығын)
көрсетеді.
Өткен жылдың қорытындысын зерттей отырып, анализ ескі жылды жауып, жаңа
жылдық мектеп басқарудың жылдық циклын ашады. Сонымен басқару процесінің
үздіксіздігін сақтап отырады.
Сабақтарды жан-жақты талдаудың орасан зор маңызы бар. Талдау – сабақтың
сапасын басқарудың жетекші мен мұғалімнің жеке әдістемелік жұмыстарын іске
асырудың, ұжымының шығармашылық ізденістерін қалыптастырудың жағдайын
жасаудың, оқытушының өзіндік білімін арттырудың және т.б. ең басты жолдары
болып табылады.
Сонымен қатар талдау мектепті басқарудың заңдылықтардың жалпы қатарында
заңдылықтардың жүйе құрушылық қызметін атқарады. Анализ көрсетілген
процестердің байланыстарының тереңдігін, маңыздылығын, тұрақтылығын,
қажеттігін және атрибуттылығын бейнеледі.
Басқару процесінің екінші өте маңызды заңдылығы төмендегідей
анықталады: басқару қызметінің қажеттілігі (пайдалылығы) неғұрлым жоғары
болса, солғұрлым оның қорытындысы әсерлірек (елеулі, қомақты) болады.
Қажеттілік қажеттілікпен құрылымдық байланысты, ол жүйелілік қызметінің
жүйеліліктің бүтіндігін сақтап қалу үшін бағыныштылығы қажет.
Бағдарламаны жүзеге асыруда мақсаттың ролі орасан зор, себебі оған
жүйеліліктің құрылымы мен тәртібі бағынады.
Ғылыми басқару – мақсаткерліктің негізінде жүзеге асады. Қажеттілік
(мақсаттылық) – жоғары дәрежеде ұйымдастырылған әлеуметтік жүйенің
фундаментальдық (түпкілікті, тұғырлы, текті) сипаттамасы, оған мектеп те
кіреді.
Бұл заңдылық біріншіден басқару қызметінің бағдарлы мақсаттылығымен
бейнеленеді. Үлкен және күрделі жүйеде мақсат және оның бөліктері үшін
өзінің анықтамасын нақтылауы оны тікелей орындаушыларға нақты өндірістік
тапсырма ретінде жеткізуі қажет. Жоспарлау мен мақсат қоя білу – басқарудың
сапасын арттырудың маңызды қоры. Екіншіден, заңдылық мақсатқа ұмтылу
қасиетімен бейнеледі, бұл ұмтылыс мақсатқа жетудің жоспарлауға
белсенділікті біріктіру, ұйымдастыру, ескеру, реттеу және талдау
қызметгерінің қажеттілігін көрсетеді. Субьектінің мақсаткерлігі – бұл
сыртқы және ішкі кедергілерге қарамай өзінің күш-қуатын мақсатқа жетуге
бағындыра және басқарылатын объектіні осы мақсатқа жетуге жұмылдыра ала
білуді қажет етеді. Мақсат жүйесі неғұрлым көптармақты болса, соғұрлым
мектеп жетекшісі жеңіл және дәлелді түрде өз қызметінің жүйелі және
тактикалық және стратегиялық желісін жоспарлап алады.
Келесі заңдылықтың мазмұны басқару әсерінің үздіксіздігі неғұрлым
жоғары болса, соғұрлым оның қорытындысы әсерлірек (пайдалырақ) дегенге
келеді. Үздіксіздік көп жағдайда басқарудың мақсаткерлігінен өрбиді және
мынадай жағдайда қол жеткізеді:
а) тұрақты қызмет ететін ақпараттық жүйе және одан түсетін оқу-тәрбие
процесінің барысы мен дамуы басқару әсерлерінің қорытындысының негізінде
басқарылатын жүйенің өзгеруі туралы ақпараттар;
ә) осы ақпараттардың үздіксіз талдануы;
б) осы талданудың қорытындысы бойьшша жылдам басқарушылық шешімдер мен
реттеуші шешімдер қабылдау;
в) мұғалімдер және оқушылар ұжымдарының ұйымдастыру ықпалдарының
тұрақтылығы;
г) қайтарма байланыстың негізгі желісі ретінде мектепішілік
бақылауларды барлық кезеңдерде жүйелі түрде жүргізіп отыру.
Ең бастысы мектеп директорының күнделікті және апталық жоспарларының
үздіксіздігі.
Жетекші басқарудың стратегиясын жоспарлауды білуі керек, өйткені сол
жоспардың негізінде оның нақты қызметтері іске асырылады. Таралып кеткен,
бірі мен бірінің мақсаты мен стратегиялық желісі сәйкес келмейтін кейбір
басқару секірістері (наскоки) көп жағдайда зиян келтіреді.
Басқарудың үздіксіздігі басқару циклдары деп аталатын жартылай
қамталған процестердің арқасында ғана жүзеге аса алады. Бұл – жалпы даму
заңдылығының бірінен-бірі ажырытылған көріністер мен нышандардың қайталануы
емес, ол әлдебір даму тәртібінің бейнелуі.
Бұл тұрғыда жүйе басқа сапалық жағдайда қайталанады. Қандай жағдайда
болмасын, соның ішінде басқару жағдайында да, циклдарда диалектикалық
негізде тұрақтылық, бұрынғы жағдайды сақтап қалуға ұмтылуышылық, тепе-
теңділік және процестің сапалық өзгеруінің тенденциялары қосылып кетеді.
Циклдық басқару заңдылығының, оның үздіксіздігінің, ритмділігінің,
пропорционалдығының көрініс табуының міндетті шарты болады. Мектептің
негізгі функционалдық процестері циклдық сипат алған, сондықтан басқару
процесі басқарылатын процестің сипатына сәйкес келуі үшін ол циклдік
негізде құрылуы қажет. Бұл заңдылықтың аралық күрделі жүйелерді басқару
процестеріне қатысы бар екені дәлелденген. Олай болса, әңгіме жалпы сипат
алатын байланыстар мен қатынастар туралы болып отыр.
Тұрақты байланыстар мен қатынастардың қайталануының заңды дамуы,
бір жағынан басқару функцияларының (міндеттерінің) арасында, екінші жағынан
басқарудың субъектісі мен обьектісі арасында басқарудың ритмикасын
(ырғағын) тудырады (жасайды); ал ритмика жүйені ұйымдастырудың және өзіндік
ұйымдастырудың маңызды құралы есебін де көрінеді. Аталған заңдылық
мынадай түрде анықталады: басқару ритмі (ырғағы) қаншалықты бірқалыпты
болса, басқару жүйесінің ұйымдастырылуы және оның қызметтік қорытындысының
әсерлілігі соншалықты жоғары болады.
Ритмика (ырғақтылық) басқару процесінің дамуының бірден-бір дұрыс
формасы болып табылады. Ритмиканың пайда болуына басқару ықпалын жоспарлау
және бір уақытта қайталанып тұратын жұмыстардың орындалуы әсер етеді. Бұл
заңдылықты түсіну мектеп жетекшісінің қолына жүйені басқаратын жалпы
әдістерді береді. Егер мектептің кейбір майда жүйелері әртүрлі ритмде жұмыс
істей бастаса, онда мектеп өз қызметін тыңғылықты және пайдалы түрде атқара
алмайды.
Мектеп жұмысының ритмінің сипаттамасы: жылдың белгілі бір уақыт
аралығында үлгерім көрсеткіштері, әсіресе өткен оқу жылының үлгерім
қорытындысының көрсеткіштері мен жаңа оқу жылының бірінші тоқсанындағы
көрсеткіштердің арасындағы азғана алшақтық топтар арасындағы үлгілеу
көрсеткіштері мен барлық оқытушылардың біркелкі ритмде жұмыс істеуі
арасындағы алшақтық (жұмыс күндерін жібермеу, тоқсан соңындағы сабырсыздық,
т.б.), Мектептің жұмысына сабақтар кестесінің сапалылығы мен тұрақтылығы,
орнықтырылған, жоспарлы ұйымдастырылған сыртқы ықпалдар үлкен әсер етеді.
Мектеп жұмысының ритмдік негізінде көптеген мынадай себептер жатады:
жоспарлаудың тыңғылықсыздығы; циклды басқару функцияларындағы қарым-
қатынастың жоқтығы; оқу-тәрбие процесінің қанағаттананарлықсыз дайындығы
(оқытушылардың, ғимараттардың, көрнектілік құралдардың жеткіліксіздігі және
т.б.), басқарушылардың істі бұзушылық ықпалдарға қарсы тұра білмеуі және
соның салдарынан оқу сабақтарының әртүрлі объективтік және субъективтік
себептерге байланысты жиі өтілмей қалуы және т.б.
Мектеп жұмысының ритмінен шешуші дәрежеде оқытудың сапасы мен
оқушылардың білімі, әсіресе олардың тәрбиелік деңгейлері анықталады.
Жүйенің өзара байланысты және келісілген міндеттері басқарушы және
басқарылатын жүйе желістерінің құрылысы және қызметтеріндегі маңызды
пропорциялардың сақталуымен орындалады. Пропорция (тепе-теңдік) дегеніміз –
жүйенің бірқалыпты қызмет етуін қамтамасыз ететін екі және одан да көп
сандардың арасындағы белгілі сәйкестілік. Әрине, әрқашанда сәйкессіздік пен
ауытқушылық диспропорция (теңсіздік) бола бермейді.
Мұндайлардың қатарына белгілеген шекарадан шығып кеткен, жүйенің
негізгі параметрін (шеңберін) бұзған, қызметтердің көрсеткіштерін
нашарлатып, оның өмірлік ритмін төмендетуші ауытқушылықтар жатады.
Бұл зандылықтың пайда болуына жүйе желістерінің қарым-қатынастары
арасында және басқаратын желістерінің ішкі дүниесі себепші.
Бұл желістер бір-біріне бағынышты болады. Басқарылатын желістің
көлеміне басқаратын желістің көлемі тәуелді. Мысалы, мектептің әкімшілік
аппараты сыныптардың санымен анықталады. Білім саласындағы бұндай
тәуелділік басты емес, өйткені басқаратын жүйе желістерінің көлеміне одан
да басқа факторлар да әсер етеді.
Бұл екі жүйе желістерінің арасындағы байланыстар сандық сипаттармен
ғана қамталып калмайды, олардың көпшілігі сапалық сипатқа да ие болады.
Директордың басқару қызметіндегі әртүрлі қатынастарды сипаттау
пропорция (тепе-тендік) міндетіне жатады. Өкінішке орай, көп жетекшілер
күнделікті тірлігіне тек қана жедел жетекші (жедел шешім қабылдаушы
директор) ролін атқарады да, өзінің негізгі мақсатын күнделікті жеке
мәселелерді шешу деп түсінеді. Шығармашылық (творчество) пен анализдің
жеткіліксіздігі ұжым жұмысына үлкен кесірін тигізеді.
Мектепті басқару жұмысын жетілдірудің бірден-бір жолы бұл жетекші
қызметінің шығармашылық қабілетінің пайдасына орай тепе-теңдіктердің
өзгеріп отыруы қажет.
Мектеп жетекшісінің оперативтік және перспективалық, аналитикалық,
шығармашылық қызметтерінің арасына, басқарудың әртүрлі формаларының арасына
(жиналыстар, жеке құжаттарды тексеру, жеке әңгімелер, сабақтарға кіру және
сыныптан тыс жұмыстар, т.б.), әртүрлі жұмыстарға жіберілген уақыттар
арасындағы тепе-теңдіктерді орнату қажет.
Біздіңше, заңдылықтардың ролін айқындайтын келесі мәселе ол басқарудың
әсерлі болуы басқарылатын жүйе желістерінің берілген жүйені басқаруға
қажетті барлық қызмет түрлерін орындай алу қабілетіне байланысты.
Мектеп директорының, барлық әкімшілік аппараттың білім деңгейлері
басқару тәжірибелері, арнайы дайындықтары жүйе басқару барысында кездесетін
барлық күрделі процестердің көлеміне сай келуі қажет. Олай болмаған
жағдайда басқару ықпалы тиімсіз болады.
Егер осы заң бұзылса немесе жетекші кездескен проблеманы түсінбесе
немесе білмесе, онда ол міндетті түрде қателіктер жібереді және
процестердің біразын бақылай алмай, олардың өз бетінше кетуіне себепші
болады. Басқаратын жүйеге қажетті әртүрлілік заңы бір мезгілде қажетті
білім көлемі заңы болып қызмет етуі керек. Проблеманың көбеюіне байланысты
басқарудың білім қоры да артуы керек.
Аталған басқару заңдылықтары тенденциялар түрінде көрініс табады,
сөйтіп қажетті тәуелділіктерді белгілемейді, басқару процесінің маңызды
байланыстарын сипаттайды. Әр заңдылық тек мектепте, білім беру жүйесінде
ғана пайда келтіреді, өйткені өздері сол жүйенің элементі болып табылады.
Мектепті ғылыми басқару – жоғарыда аталған барлық заңдылықтарының пайдалану
қорытындысы.

2. Менеджмент негізінде мектепті басқару принциптері

Басқару принциптері – бұл басқаруды іске асырудағы сақталынатын негізгі
ережелер. Жалпы мектепті басқарудың ғылыми негізін жасау жұмыстарының
қазіргі уақытта өте маңызды мәні бар. Жалпы және кәсіптік мектептің ең бір
маңызды бағыттарының бірі мектепті ғылыми түрде басқару болып табылады да,
ол оқушыларды саналы және адамгершілік дайындықтарының жақсаруына, оқу-
тәрбие процесінің саласының жетілуіне, педагогикалық еңбектің нәтижелі
ұйымдастырылуына, мұғалімнің абыройын көтеруге бағытталған.
Іс-әрекет принциптерінің енуі көпшілік жағдайда мектеп басшылары мен
менеджерлер шығармашылық және тиімді түрде оны түсіне ала ма, сонымен
қатар, ғылыми негізінде басқару еңбегін ұйымдастыра ала ма - осымен
анықталады. Білім жүйесін жетілдіру процесі коғамның жаңару жағдайында
басқарудың жаңа сапалы деңгейін және мектеп ісінің демократизациясын алдын-
ала болжайды.
Нәтижелі басқару оның орнықтылығының дәрежесін көтеруді болжайды,
басшылардан өте жоғары басқарушылық біліктілікті талап етеді, оның ішіне
заңдылықтардың мақсаты мен маңызы, принциптері мен мектепті басқару
психологиясы кіреді.
Кез-келген іс-әрекет, оның ішінде басқарушылық әрекет, бірқатар
принциптерді сақтауға негізделген. Ол принциптерді барлық басқару
қызметтерін орындауда менеджер мен мектеп басшылары басшылықка алады.
Арнайы педагогикалық әдебиетте принциптердің жиынтығын анықтауға әрекет
жасалынуда, өйткені олар кейбір қызметтерді, мақсат қоя білуді,
жоспарлауды, ұйымдастыру мен бақылау жүргізуді реттейді.
Басқару теориясындағы принциптердің сипатына келетін болсақ, олар
барлық қызметтерге ортақ басқару топтамасының қатысы бар. Басқару
принциптері басқару теориясының заңдылықтарының нақты көрінісі және бейнесі
болып табылады. Негізгі заңдылықтар қатарына мектепішілік басқару мен
менеджмент мамандары мынадай заңдылықтарды қамтиды: оқу-тәрбие жұмысын
басқару жүйесін бір бағытқа келтіру, оның нәтижесі субъект пен объектіні
басқару мен құрылымның әрекеттік деңгейінің байланысына, оқу-тәрбие жұмысын
басқарудың мазмұны мен әдістерінің келісімділігіне, мектептегі
педагогикалық процесті ұйымдастыруының үйлесімділігі мен іс-әрекет сипатына
бағынышты. Мектепішілік менеджменттің негізгі заңдылықтар қатарына сондай-
ақ талдағыш, лайықты, иманды басқарудың қарапайымдылығы, мектеп
басшыларының әртүрлі басқару әрекетінің түрлеріне дайындығын жатқызады.
Жалпы білім беретін мектепті басқару, кез-келген басқа саланы басқару
сияқты, бір мезгілде ғылым және өнер бола алады. Басқаруда әрқашан
объективті және субъективті, заңды және шығармашылық жеке және жалпылама
болып қиюласады. Басшылық пен басқару тек сонда ғылыми бола алады, егер
жалпы білім беретін мектептерде іскерлігі мен кәсіби сапасы жоғары адамдар
жұмыс істейтін болса, білім беру органдарының, мектептің жұмыс әдісі мен
тәсілі, кадрлардың жеке психологиялық ерекшеліктеріне өзінің ықпалын
жасайды, өйткені оларды елемеуге болмайды.
Бұның бәрі мектепті басқарудағы әдістердің, сипатын, тәсіл (стиль)
ерекшелігін анықтайды. Директор – тек қана педагог-ұйымдастырушы емес. Ол
ең мықты ұстаз және бас менеджер. Бұл тікелей жалпы білім беретін және
кәсіби мектептің қайта құру талабына сәйкес.
Басқарудың қағидалары методологиялық қағидаларынан шығатын қорытынды,
мектепті басқару аппараты педагогикалық және оқушылар ұжымы арқылы ықпал
етіп, оларға жұмыс істеуі керек. Ал басшы жұмысының тәсіліне келетін
болсақ, оның салғырттығы, бейтараптылығы, кемшіліктерді жоюға қатыспауы,
жұмыстағы жалғандық пен бюрократизмнің (шенеуліктің) дамуына жол ашады.
Бюрократизммен күрестің ең тиімді амалдарының бірі педагогикалық ұжымды
мектепті басқару ісіне араластыру. Педагогикалық және оқушылар ұжымының
мүшелері мектепті басқару жұмысына неғұрлым көп араласса, соғұрлым оның іс-
әрекеті жақсы дамып, нәтижесі өте жоғары болады.
Басқарудың теориясы (ілімі) мен методологиясы бұл оқу мен тәрбиені
басқарудың процестері туралы білім, ол мемлекеттік және қоғамдық
ұйымдардың, ұжымның және жеке адамдардың жүйесімен жүзеге асырылады.
Бұл білім саласының мәселері педагогикалық басқаруды үйренуге, оның
теоретикалык және практикалық мәселерін жасауға, оны жетілдірудің ғылыми
нұсқауларын дайындауға негізделген. Сонымен қатар, білім жүйесін басқару
оның басқа түрлерін жоққа шығармайды, ал барлық мектеп жұмысын анықтап,
реттеуші болып қала береді.
Бірақ мектептегі педагогикалық процесті басқару маман менеджерлер
бағытталуы қажет, өйткені олар бұл процесті, оның заңдылықтары мен
принциптерін біліп үйренуі, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жобаларды басқару
Сапа менеджменті жүйесін құжаттау
Мұнай саласындағы жобаларды басқару
Жобаны басқару процестері
Басқару туралы
Сапа менеджменті жүйесін сертификаттау
Педагогикалық менеджмент субъекті қызметінің мақсаты
Педагогикалық технология туралы
Телекоммуникациялық компьютер компоненттері
Бизнес жобаның тиімділігін бағалау
Пәндер