Стиль нормалары мен функционалдық стильдердің лексикалық және синтаксистік ерекшеліктері


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Стиль нормалары туралы түсінік

Стиль нормалары тілдің әр саладағы атқаратын қызметі мен қолданыс аясына қарай: ресми құжаттар және іс-қағаздары стилі: публицистикалық стиль, көркем әдебиет стилі, ғылыми стилі болып бөлінеді. Қолдану аясы - қоғамның әр түрлі саласында.

Ресми құжаттар және іс-қағаздары стилі. Іс қағаздарының түрлері көбінесе белгілі бір жағдайда байланысты нақты бір тұлғаның атынан жазылатындықтан, ол сөздер сөйлемнің баяндауышы болып, жіктік форманың бірінші жақ, жекеше түрінің жалғауын қабылдайды. Ресми құжаттардың тілі мен іс қағаздарының тілі ресми іс қағаздары стилі болып табылады.

Ғылыми стиль туралы түсінік. Ғылыми стильге ғылымының әр саласына қатысты жазылған ғылыми еңбектері кіреді. Логикалық жүйелі ой қорытындысы - ғылыми стиль мәтіндерінің басты ерекшелігі. Ғылыми стиль түрлері: таза ғылыми шағын стиль, ғылыми-оқулық шағын стиль, ғылыми көпшілік шаығын стиль. Ғылыми стильдің мазмұндық белгілері: нақтылық, объективтілік, қисыңдылық. Терминдер - ғылыми мен техниканың, өнер мен саясаттың белгілі бір саласында қолданылатын нақты бір ұғымның атауын білдіретін сөз немесе сөз тіркесі. Терминдер салалық, сала аралық және жалпы ғылыми болып қарастырылады. Ғылыми стильдің басты лексикалық ерекшелігі - терминдер.

Публицистикалық стиль. Публицистикалық стильге радио-теледидарлар, газет-журналдар тілі жатады. Публицистикалық стильге қоғамдық саяси мәселе қарастырылады. Публицистикалық стильдің ауызша түрі - шешендік сөз.

Ауызекі сөйлеу тілінің стілі -

1. Тілдің негізгі қызметі қарым-қатынас жасау қызметінің жүзеге асуына байланысты. Бұл - өте кең таралған функционалды стиль. Тұрмыста, отбасында, өндірістегі бейресми қатынастарда адамдардың еркін қарым-қатынас жасау саласын қамтамасыз етеді. Ауызекі сөйлеу тілінің стілі өзге функционалды стильдерге, әсіресе олардың ауызекі түрлеріне ықпал жасайды: баяндама, дәріс, пікірталас т. б.

2. Ауызекі сөйлеу тілінің стілі өзіндік ерекшеліктерін жасайтын айрықша белгісі - жағдайға байланысты сөйлеу мәнері, эмоцияға қарай тілдік бірліктерін қолдану өзгешелігі болады.

Бұл ерекшелігі ең алдымен, ондағы лексика-фразеолог. байқалады;

а) ауызекі сөйлеу тілі диалогқа құрылады. Қатысушы екі адам. Интонация ерекше қызмет атқарады. Сөйлеу тілінің тағы бір ерекшелігі - монолог (бір кісінің сөзі - көпшілік алдында сөйлеу, баяндама, дәріс, консультация) ;

ә) Ауызекі сөйлеу тілінің стілі ерекшеліктерінің екінші түрі - оның эмоциялылығы, өйткені айтушы өз эмоциясын сол сөздің аясына сыйғызуға тырысады. Мыс., “Көбірек сөйлеп кетті” (бәсеңдеу түрі, бірақ эмоция сезіледі), “Мылжыңдап кеттің ғой!” (эмоцияның қатаң түрі) ;

б) Ауызекі сөйлеу тілінің стілі әдеби кейіпкердің сөйлеу ерекшелігі мен мінезін таныту үшін ол өмір сүрген ортадағы жергілікті диалект сөздерді стильдік мақсатта әдеби қолданады;

в) Ауызекі сөйлеу тілінің стілі тілінде қыстырма, қаратпа, одағай сөздер жиі қолданылады. Мыс., “Айналайын-ау, сені түсінеді деп айтып отырмын”. Сондай-ақ, сыйлау, құрметтеу, кішірейту, еркелету амал-тәсілдері көбірек пайдаланылады;

г) Ауызекі сөйлеу тілінің стілі тілдің көркемдегіш бейнелеуші тәсілдері де қолданылады (теңеу, эпитет, гипербола) . Мыс., “Өгіздей біреу алдымнан шыға келді”;

ғ) Ауызекі сөйлеу тілінің стілі басқа стильдерден өзгешелігі мен ерекшелігі, ең алдымен синтаксистен - сөйлем құрылысынан байқалады. Стильдің бұл түрінде сұраулы, лепті сөйлемдер қатысады. Диалогке құрылады. Ауызекі сөйлеу тілінің стілі ой көбіне автоматты түрде (аяқастынан) дайындықсыз айтылады.

Көркем әдебиет стилі

Көркем әдебиет стилі. Көркем әдебиет стилінің белгілері: жазушы әр сөзді саралып, стильдік мақсатта қолданылады. Көркемдік-бейнелегіш құралдар аса мол қолданылады. Тілдің лексикалық қабаттарының барлық түрі қолданылады. Көркем әдебиет стилінде функционалдық стилінің барлық түрлерінің де элементтері кездеседі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғылыми және ресми стильдердің лексикалық және синтаксистік ерекшеліктері
Қазіргі қазақ әдеби тілінің функционалдық стильдерінің лексикалық жіктелісі мен ерекшеліктері
Индивидуалдық стильдердің ерекшеліктері мен түрлері
Синтаксистік стилистика: синтаксистік синонимдер, сөз тіркестері мен сөйлемдердің стилистикалық қызметі және функционалдық стильдерде сөйлемдердің қолданылу жиілігі
Қазақ тілінің стилистикасы: функционалдық стильдер мен публицистикалық стиль мәселелері
Ғылыми-көпшілік стиль: қазақ әдеби тілінде дербес функционалдық тармақ ретінде қалыптасу
Әдеби стиль және оның шығармашылық ерекшеліктері
Қазақ газеттеріндегі мақала тақырыптарының синтаксистік, құрылымдық-семантикалық және функционалдық ерекшеліктері
Ілияс Жансүгіровтің Жолдастар романындағы кейіпкер және автор тілінің лексикалық және синтаксистік ерекшеліктері
Стиль және шығармашылық ерекшеліктері: теориялық негіздері мен функционалды түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz