Материалистік сарын. В.Г. Белинский және идеализм


Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Материалистік сарын
  2. В. Г. Белинский және идеализм

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Материалистік сарын

XIX ғасырдың ортасында Ресейде азаттық үшін қозғалыстың буржуазиялық-демократиялық кезеңі басталды. 1861 жылы басыбайлық хұқтың жойылуына байланысты бұл қозғалыстың буыны бекіп, қанатын кең жая бастайды да, оның басына орыс қоғамының зиялылары келеді. Бұл кезенде Ресейде капиталистік қоғамдық қатынастар қалыптасып, дами бастаған болатын. Осы кезде орыс мәдениеті, қоғамдық ой мен философия жаңа бағытқа бет алғанды. Бұл құбылыстың тарихи шығу тегі - Ресейдегі алпауыттық қоғамның дағдарысқа ұшырауы және шаруалардың өз билеушілеріне қарсы бас көтеріп, әлеуметтік-қоғамдық өмірдегі қайшылықтардыңтым шиеленісіп кетуінде еді. Бұл дағдарыстың себебі Ресейдегі капиталистік қатынастардың дами бастауы еді. Мысалы, 1825-1860 жылдары Ресейдің өндірістік кәсіпорындарындағы жұмысшылардың саны 2, 5 есе өсті, ал жалпы өңдірістегі жұмысшылардың үлес салмағы 54 проценттен 87 процентке дейін өсті. Әйткенмен де басыбайлық хұқ капиталистік қоғамдық қатынастардың өркен жаюына кедергі болды, орасан зор жұмыс күшін еңбек өнімділігі тым төмен алпауыттық шаруашылықтарда шідірлеп ұстады, ішкі рынокты ашуға мүмкіндік бермеді, себебі шаруалар тұйықталған натуралды шаруашылықпен айналысатын еді. Өндірістің нашар дамуы Ресейдің орыс-қырым соғасында (1853-1856) жеңіліске ұшырауына себеп болды. Бұл кегеңдерде шаруаларды қанау ісі адам төзгісіз сипатта болды да, шаруалардың заңды ашу-ызасын туғызды. Мысалы, 1855-1861 жылдар аральиъшда ғана 476 шаруалар толқулары орын алды. Бұл кезде Полыңада, Финляндияда, Кавказда, ұлт-азаттық көтерілістер бұрқ ете түсті. Қазақстанда Ресей патшалығына қарсы Исатай-Махамбет, Кенесары-Наурызбай бастаған ұлт-азаттық сипаттага қарулы көтерілістер орын алды. Олардың бәрі зеңбіректің, мылтықтың күшімен асқан қатыгездікпен аяусыз жанышталып, қанға түншықтырылды, аман қалғандары үй ішімен қоса жазаланып, шаңырақхары шайқалып, мал-мүлкі талан-таражға ұшырады, "көтеріліске қатысы болған" деген дерексіз күдіктің өзі-ақ тұтас ауылдарды қан қақсатып, өртеп жіберуге сылтау бола алғанды. Европаның жандармы атанған Ресей самодержавиесі от-қаруы жоқ еркіндік аңсаған бодан елге қанды шеңгелін осылай салғанды.

Сонымен қатар, Ресейдің өз ішіндегі капиталистік ондіріс орындарындағы, мануфактуралардағы жұмысшылардың және студенттердің де қозгалысы барынша күшейе түскенді. Сөйтіп Ресейде 1850 жылдардың аяғында революциялық ситуация қалыптасты. Халық наразылығының дүмпуінен қатты қорыққан патша 1861 жылғы ақпан айывда басыбайлық хұқтың жойылғаны туралы жарлық шығарды. Алайда ол еңбекші халыққа ешқандай жеңіддік әкелмеді және де бұл кезде патшалық дара билеушілікті құлатып, буржуазиялық-демократиялық тәртіп орната алатын күш шын мәнісінде жоқтың қасы еді.

Міне, осындай тарихи, әлеуметтік-саяси жағдайлар аясында орыстың төңкерісшіл демократтарының философиялық көзқарастары қалыптасты. Олар негізінен батысшыл бағыттағы ойшылдар болатын.

В. Г. Белинский және идеализм

В. Г. Белинский (1811-1848) зиялылар ортасынан шыққан уездік дәрігердің үлы еді. Ол жастайынан халықтың ауыр тұрмысын көріп өсті және оның себебін басыбайлықтан іздеді, 1829 жылы ол Мәскеу университетінің филология факультетіне оқуға түсіп, оның алғашқы курстарында-ақ айналасына алдыңғы қатарлы озық ойлы студентгерді жинап алғанды. Университетті үздік бітірген соң, 1833 жылы ол Станкевичтің үйірмесіне қатысады. Алғашқы кезде әртүрлі баспаларда шағын сыни мақалалары жарық көреді. Кейінен, 1839-1846 жылдар аралығыңца "Отандық жазбалардың" жетекші сыншысы болып істеді де, 1846 жылдан бастап өмірінің аяғына дейін "Замандастар" да қызмет атқарады. Отызыншы жылдардағы Белинскийдің әлеуметтік-саяси, философиялық көзқарастары ағартушыңық сипатта болды. Бұл кезде ол идеализмнің ықпалыпда болды да, қоғамдық дамудың себебін "әлемдік ақыл-ойдың" заңдарынан іздеді. Бұл орайда оған Гегель философиясының ықпал жасағанын байқаймыз. Алайда, 1840 жылдың өзінде-ақ Белинский идеализммен біржола қоштасады да, материалистік бағытқа көше бастайды. 40-жылдары Белинскийдің шығармашылық табыстары күрт өсті. Оның қоғамдық-саяси және әдеби қызметінің қорытындысы ретінде бағаланатын "Гогольге хаты" 1847 жылдың ішінде айында жазылған еді.

Онда Белинский Гогольді аяусыз сынау үстінде Ресейдегі басыбайлық тәртіпті аймандай қылып, әшкерелейді де, демократиялық қайта құрудың

бағдарламасын тұжырымдайды және орыс әдебиетінің халықты азат ету үшін аянбай қызмет ету мәселесін ұлы міндет етіп қояды. Өз шығармаларында Белинский алпауыттық Ресейдің негізгі үш тірегіие қатты шүйлікті.

Олар басыбайлық, самодержавие және шіркеу еді. XIX ғасырдың қырқыншы жылдары Белинскийдің жаңа философиялық көзқарастары қалыптасты. Ол Фихте фюгософиясындағы сананың белсенділігін құптай

отырып, субъективизмін сынады, Жас гегелылілердің "солшыл" қанатына

философияны қоғамдық өмірдің мәселелерін шешуге қолдануға

тырысқандығы үшін ризашылықпен қарады. О. Конттың дінге қарсы

бағытталған идеяларын мақұлдағанымен, оны жаңа философияның негізін

қалаушы деп, сірә есептемеді.

Ол Маркстің "Неміс-француз жылтізбегінде" жарияланған мақалаларымен танысқанды, бұл жағдай Белинскийдің атеистік көзқарастарын нығайтуға әсер етті. Жаңашыл ойлау тәсіліне жан-жақтылық, барлық байланыстар мен қатынастарды ескеріп, оқиғаларды тарихи тұрғынан қарастыру төн болуға тиіс. Гносеологияда Белинский агаостицизм мен кертартпалыққа қарсы шықты да, ақиқаттың тарихи сипатын, сезімдік таным мен ақыл-ойдың ажырамас бірлігін уағыздады. Жеке адам мен қоғамның ара байланысын таразылай отырып, Белинский адамды өз дәуірінің перзенті деп тапты, тарихтың тәжірибелік-тәлімдік мәнін асыра бағалады.

Қоғамдық өмірді түсінуде Белинский идеалистік бағыттың ықпалынан шыға алған жоқ. Атап айтқанда, тарихи дамудың қайнар көзін ол ақыл-ойдың көркеюінен іздеді. Осы тұрғыдан ол халық бұқарасының тарихтағы рөлін айқындап бере алмады. Алайда, бұл орайда сонымен қатар көптеген бағалы пікірлер де айтқан болатын. Мысалы, тарихи прогрестің шексіздігі, күні өткен қоғамдық құрылыстардың заңсыздығы, ұлттық және жалпы адамзаттық мақсат-мүдделердің бірлігі туралы айтқан ойлары күні бүгінге дейін өз маңызын жойған жоқ. Ол славяншылдарды тар өрістілігі үшін сынады, айталық, олардың орыс ұлтын Батыс Европа елдеріне қарсы қоюға тырысуын Белинский тарихқа қарсы бағытталған келеңсіз әрекет деп айыптаған еді. Ол капиталистік қоғамды демократиялық тұрғыдан сынады, ал социалистік қоғамды адамзаттың шынайы армандарына сай келетін, қанау мен теңсіздік сияқты жексұрын құбылыстардың тамырына балта шабатын әділетті құрылыс ретінде қарастырады. Мұндай қоғамға өту ісі қантөпесіз жүзеге аспайтыңын ол жақсы бідді, бірақ та нақтылы қалай, қандай жолмен, кімдердің арқасында жүзеге асырылатынын пайымдай алмады.

Белинский - эстетика ғылымдарының дамуына елеулі үлес қосқан ғұлама. Ол Гегель сияқты көркемөнерді логикадан кем санамады. Керісінше, көркемөнердің өмірмен тығыз байланысын, олардың бір-біріне нәр беретінін, сөйтіп қиындықты көркемдік образ арқылы бейнелеудің арқасында халыққа қызмет ету керектігін тұжырымдаған еді. Көркемөнердің халықтық сипатын Белинский мынадан көреді:

1) көркеменер халықтың мақсат-мүддесін, арман-ойын шынайы бейнелей алуы керек;

2) халықтың негізгі белгілері мен ерекшеліктерін көркемдей алуы тиіс; 3) халықтың шығармашылық рухының негізінде дамуы тиіс.

Міне, көркемөнерге қойылған бұл талаптар орыс әдебиетіндегі сыни-шынайылық бағытты нығайтуға күшті ықпал жасаған еді.

Белинский төңкерісшіл демократтардың көш бастаушысы, аға буындарының қатарына жатады. Орыс халқының азаттық үшін күресінде оның алатын орны ерекше. Белинскийдің философиялық ойлары, өршіл, өткір мақалалары, ескі дүниені жаңа мазмұнда қайта қүру ісіне шақыруы кейінгі ізбасарлары үшін ой түрткі, демократиялық ақыл-ойдың өркендеуіне өзек бола алды.

Ресейдегі азаттық қозғалыстың көрнекті қайраткері Александр Иванович Герцен (1812-1870) XIX ғасырдың материалистік философияға өз үлесін қосқан ойшыл, революционер-жазушы, публицист. Ол алпауыт И. А-Яковлевтің некесіз туған баласы болатын. Ақсүйектік тәрбие алған Герцен жастайынан Радищевтің, декабристердіқ, Пушкиннің еркіндікке баулитын идеяларын бойына сіңірген еді. Философия саласында XVIII ғасырлық француз материализмінен, Гегель диалектикасынан және Фейербахтың материализмінен тағлым алғанды. Мәскеу университетінің физика-математика бөлімінде оқып жүрген кезінде (1829-1833) үйірме ашып, XVIII ғасырлық қоғамдық-саяси ілімдерді және қияли социалистердің дүниетанымын зерттеумен шұғылданды. Қырқыншы жылдардың ортасыңда Герцен төңкерісшіл демократ ретінде қалыптасады. 1847 жылы саяси эмигрант ретінде Герцен шетелге кетеді де, Франциядағы 1848 жылғы революцияның және оның жеңіліске ұшырағанының куәсі болды. Герцен бұған қатты қамығың, біршама уақыт ен жар күйге түсті. Ол 1849 жылы Женеваға көшіп келіп, Прудонның шығаратын "Халық дауысы" газетінде қызмет етті. 1852 жылы Лондонға ауысып, 1853 жылы Ерікгі орыс баспаханасын ашты. 1855 жылдан бастап "Темірқазық" "Полярная звезда", ал 1857-1867 жылдар аралығында Огарев екеуі алғашқы орыстың төңкерісшіл үн жариясы "Қоңырауды" шығаруды ұйымдастырды. Алғашқы

кезенде "Қоңырауда" жалпы демократиялық бағытшы мақалалар, үндеулер басылған болса, айталық, басыбайлықты жою, үрың-соғып азаптауға тыйым салу, цензураны аластау т. б. сияқты, кейіннен революциялық сарынға бой үрды, патшалық Ресейдің отарлау саясатын аяусыз әшкереледі. Атап айтқанда, Герцен қазақ даласындағы істелініп жатқан жүгенсіздіктерді, қамау-қанаудың сорақы да жексүрың түрлерінен әрі аса алмаған топас патша чиновниктерінің іс-әрекеттерін батші айыптады. 1863-1864 жылдардағы поляктардың көтерілісін жақтамағанымен, оның болашағына сенген жоқ еді, өйткені жеңіске жететініне күмәнданған болатың. Герценнің әдеби шығармаларыңан басқа "Кім кіггелі" романыы (1841-1846), "Доктор Крупов" атты повесі (1847) және "Өгкендер мен ойлар" мемуарлары (1852-1868), философиялық тақырынтарға жазған еңбектері де баршылық.

Герценнің философия саласыңдағы шығармашылық ісіне арқау болған тақырыптар - болмыс пен сана, өмір мен идеялардың бірлігі, таныңдық тәсіл; ал тарих философиясында қоғамдық дамудың зандары, теория мен практиканың бірлігі, халықтың революциялық санасын оятудың жолдары т. б. с. с. проблемалар сайып келгенде, бір мақсатқа жұмылдыратын дәйектілік астары бар өзекті мәселелер болатын. Бұл орайда Герцен гегельдік диалектиканы революция алгебрасы деп атаған еді. Өзінің негізгі философиялық еңбегі - "Табиғаттану туралы хаттарында" Герцен қарама-қарсылықтардың бірлігі туралы ілімін өрбітті. Бұл ілімнің өзегі философия мен жаратылыстану ғылымдарының арасындағы қалықты жою жолдарын іздестіру болып табылады. Герценнің пікірі бойынша метафизикалық материализмнің сана енжарлығы туралы тұжырымынан бас тартып, гегельдік философиядағы сана белсенділігі туралы қаншамен алмастырған жөн. Екінші жағынан, Гегельдің табиғат туралы түсінігін сол күйінде мойындауға болмайды, өйткені табиғат рухтың туындысы емес, керісінше, рух, сана - табиғат дамуының жемісі. Алайда табиғатты "ойлаудың шығу төркіні" деп жариялай отырып, Герцен гегельдік диалектиканы материалистік тұрғыдан таразылау ісін ақыр-аяғына дейін жеткізе алмады. Осының бір көрінісі Герценнің "орыстық шаруалар социализмі" деген атқа ие болған утопиялық теориясы еді. Бұл ілімнің арқауы - орыс шаруасының жайылымдық жерлерді қауымдасып меншіктеу әдісінің өлі де болса өміршендік сипатта болуы еді. Ресей келешегінің кепілі орыс мұжығы, деген-ді ол. Сондықтан да "орыстық" шаруалар социализмінде помещиктік меншікті жою, шаруалардың қол-аяғын бұғаулап, шідерлеп тастаған барлық кертартпа заңдар мен қағидалардың талқанын шығару және дамудың капиталистік сатысына соқпай, бірден социализмге өту мүмкіндігін іздеу мақсаты бағдарлама ретінде ұсынылды. Алайда 60-жылдардың ортасында орын алған оқиғалар Ресейдің де буржуазиялық қоғамдық қатынастарға бет қойғанын айқың керсетгі де, Герцен өз пікірінен айнуға мәжбүр болды.

1850-1860 жылдары Герцен қоғам және жеке адамдардың арақатынасын зерттеуге көп көңіл бөлді. Атап айтқанда, ол тарихты адамдардың ерікті ісі ретінде бағалай отырып адамдар мен ортаның, адамдық жігер мен тарихи зандылықтың бірлігі туралы ой толғаған еді. Осының нәтижесінде Герцен Европаның болаілақ дамуы туралы бұрынғы пікірінен айнып, капитализмнің Ресей үпіін қажетгі даму сатысы екендігін мойындаған еді. Герцендік ізденістің шыңы, оның теориялық өсиеті ретінде қабылданатын ең соңғы шығармасы "Ескі досқа" атгы хаттарында әлеуметтік ревалюциядан бас тарту, халықты көтеріліске шақырмау керек деген сияқты сарындар басым бодды. Халықты шынайы азаттыққа апаратын жол - оның санасының есу-еркендеуі арқылы, ағартупіылық істі жандандыру арқылы өтеді деген қорытындыға келді, Герцен. Әлеуметгік ұйымдастыру ісінің озық үлгісі ретінде ол I Интерноционалды дәріптегенді. Қалай дегенде де Герценнің идеялары орыстың философиялық, қоғамдық-саяси, эстетикалық ілімдерін дамыту ісінде тендесі жоқ рөл атқарды. Ол "халықшылдық" ағымының көш бастаушысы ретінде Рссейдегі ревалюциялық қозғалысқа серпін берді, кейінгі ізбасарлары үшін табандылықтың, батылдықтың үлесі болды.

Белинский мен Герценнің ғұмырлық ісін одан әр жалғастырушы, ұлы төңкерісшіл демократ, шаруа ревалюциясының дем берушісі, орыстың материалистік философиясының көрнекті өкілі Николай Гаврилович Чернышевский (1828-1889) Саратов губерниясында священниктің семьясында дүниеге келгенді. 1846 жылы ол Петербург университетінің тарих және филологая факультетіне оқуға түсті. Студенттік жылдарда Ресейдегі шаруалар қозғалысының өршуі, Батыстағы ревалюциялық уақиғалар Чернышевскийдің төңкерісшіл демократ болып қалыптасуына игі әсер еткенді. 1848 жылдан кейін ол бар үмітін самодержавиелік-басыбайлық төртіпті түбірімен жою мәселесіне артады. Ресейлік шындыққа сай келетін революциялық теорияны табу үшін Чернышевский өте көп ізденеді. Атап айтқанда, ол батыс-европалық және орыстық революциялық қозғалыс туралы әдебиетті, ағылшын экономистерінің шығармаларың, француз матиралистерінің, қияли социалистердің, Гегель мен Фейербахтың философиясын аса жоғары бағалаган еді. 1849 жылы Фейербахтің "Христиандықтың мәні" деген еңбегімен танысқаннан кейін, материалистік философияның дұрыс бағыт екендігіне Чернышевскийдің көзі әбден жетеді де, бұрынырақ қалыптасқан гегельдік философияның ықпалынан біржолата арылады. Кейіннен ол өзін Фейребахтың шәкіртімін деп жариялаған болатың 1856-1862 жылдары Чернышевский "Замандастар" журналын басқарып, оны төңкерісшіл демократияның органына айналдырған болатын. Цензураның қылышынан қан тамып тұрған кезде сыни мақалаларды астарлап жазуға мәжбүр болған Чернышевский әйтсе де, діттеген мақсатыңа жете алады. Атап айтқанда, басыбайлылықтың мөнін ашып көрсету, демократиялық идеяларды уағыздау, ескі қогамның күні өткен кербілтелілігін сынау ісі озық ойлы зиялылар тарапынан қызу қолдау тапқанды. 1862 жылдың маусым айында патша үкіметі "Замандастар" мен "Орыс сөзін"жауып тастады, ал шілде айында Чернышевскийді тұтқындап, Петропавл қамалына қамап қойды. Осы жерде ол өзінің атақты "Не істеу керек?" деген романнын жазды. 1864 жылы ол "азаматтық жазалау"рәсімімен дарға "асылды" да, кейіннен «Ит жеккенге» айдалды. Түрмесі бар, каторгасы бар, Чернышевский бас-аяғы 20 жылдан астам уақыт тұтқыңда және айдауда болды. 1883 жылы Астраханға ауыстырыңцы да, Чернышевский 1889 жылы туған губерниясыңда қайтыс болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ОРЫС ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ ДӘСТҮРЛЕРІ
Орыс халқының философиялық ойлары - әлемдік философия мен мәдениеттің органикалық бөлігі
Жеке адам дамуы мен қалыптасуы жөніндегі теориялық көзқарастар
Россияда философиялық ой-пікірдің өз дәстүрлері мен ерекшеліктері
Орыс философиясы жайында
ХІХ ғ.-ХХ ғ. басындағы ресейлік мәдениет контекстіндегі орыс философиясы
ФИЛОСОФИЯ ПӘНІ БОЙЫНША СЕМИНАР САБАҚТАРЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Орыс христиан философиясы
ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
Эстетикалық, әдеби ой-пікірлердің туу, даму тарихы және кезеңдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz