Қазақстан Республикасының экспорты мен импорты


Ф. 4. 7-006-02

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«Экономикалық теория» кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пәні___ Макроэкономика

Мамандығы:_ Қаржы

Тақырыбы :Қазақстан Республикасының экспорты мен импорты

Курстық жұмыстың

қорғалған бағасы Орындаған

студент _

(тобы, аты-жөні)

(бағасы, күні)

Комиссия мүшелері

(аты-жөні қолы, қызмет)

Жетекшісі:

(аты-жөні, қолы)

(аты-жөні қолы, қызмет)

«Экономикалық теория» кафедрасы

Бекітемін

кафедра меңгерушісі,

«___» 200

МАКРОЭКОНОМИКА пәнінен курстық жұмысқа

№ тапсырма

Студент тобы

(аты-жөні)

Жұмыстың тақырыбы_ Қазақстан Республикасының экспорты мен импорты

Алғашқы деректер__ ҚР-НЫҢ СТАТИСТИКАЛЫҚ МӘЛІМЕТТЕРІ

Курстық жұмыстың мазмұны
орындалу мерзімі
көлемі (парақ саны)
№: 1
Курстық жұмыстың мазмұны: КІРІСПЕ
орындалу мерзімі:
көлемі (парақ саны): 2
№: 2
Курстық жұмыстың мазмұны: 1 ТАРАУ
орындалу мерзімі:
көлемі (парақ саны): 20
№: 3
Курстық жұмыстың мазмұны: 2 ТАРАУ
орындалу мерзімі:
көлемі (парақ саны): 15
№: 4
Курстық жұмыстың мазмұны: 3 ТАРАУ
орындалу мерзімі:
көлемі (парақ саны): 10
№: 4
Курстық жұмыстың мазмұны: ҚОРЫТЫНДЫ
орындалу мерзімі:
көлемі (парақ саны): 2
Графикалық бөлімінің мазмұны

Орындалу

мерзімі

Парақтар саны
Формат
№: 1
Графикалық бөлімінің мазмұны: Негізгі әлеуметтік - экономикалық көрсеткіштер
Орындалумерзімі:
Парақтар саны: 1
Формат: А3
№: 2
Графикалық бөлімінің мазмұны:
Орындалумерзімі:
Парақтар саны:
Формат:

Әдебиеттер: 1 _. Н. Қ. Мамыров., М. Ә. Тілеужанова. Макроэкономика: Оқулық. Алматы “Экономика”, 2003 жыл.

2 _ Н. Ә. Назарбаев, “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан”, Егемен Қазақстан, 2007

Тапсырманың берілген күні, жұмыстың қорғалу күні

Жұмыстың жетекшісі

(қызметі, аты - жөні, қолы)

Тапсырманы орындауға қабылдадым

(аты -жөні, студент қолы)

Аннотация

Менің курстық жұмысымның тақырыбы «ҚР-ның экспорты мен импорты» өте өзекті мәселелердің бірі. Экспортты- импортты операциялар дегеніміз кеден шекарасынан өту шартындағы тауарды сату-сатып алумен байланысты коммерциялық әрекет.

Әрекеттегі заңдылық бойынша тауар импорты дегеніміз тауарды, жұмысты, қызметті, интеллектуалды әрекет нәтижелерін, сонымен қатар оларға деген құқықтарды шетелден қайта шығару міндеттемесісіз Қазақстан Республикасының кедендік территориясына кіргізу. Импорт факті тауардың Қазақстанның кедендік шекарасынан өту кезінен бастап тіркеледі.

Курстық жұмыс 3 тараудан, кіріспе, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, сонымен қатар статистикалық деректер 9 кесте және 7 диаграммадан құралады.

Қысқартулар

СЭҚ- Сыртқы экономикалық қатынастар.

СЭӘ-Сыртқы экономикалық қатынастар

ҚР-Қазақстан Республикасы

ХБ- Халық банк

ҚҚС- Қосымша құн салығы

ТМД-Тәуелсіз мемлекеттер достығы

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 5

І ЭКСПОРТ-ИМПОРТТЫ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ МӘНІ МЕН

МАЗМҰНЫ

1. 1 Экспортты - импортты тауарларды жеткізу шарттары және экономикалық мазмұны . . . 7

1. 2 Экспортты- импортты операцияларды ұйымдастыру бойынша негізгі ережелер . . . 11

ІІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКСПОРТЫ МЕН ИМПОРТЫН ТАЛДАУ
ІІ:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКСПОРТЫ МЕН ИМПОРТЫН ТАЛДАУ: 2. 1 Қазақстан Республикасының сыртқы сауда көрсеткіштерін талдау . . . 14

2. 2ҚР-ның экспортты және импортты операцияларын талдау . . . 22

ІІІ Қазақстанның халықаралық саудадағы орны мен рөлі

3. 1 Қазақстан Республикасының сыртқы саудасының . . . 31

3. 2 Халықаралық сауданың артықшылығы мен келешегі . . . 33

3. 3 Экспортты- импортты операцияларды реттеу құралдары . . . 38

Қорытынды . . . 41

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 43

КІРІСПЕ

Курстық жұмыс тақырыбының актуалдығы. Қазіргі таңда кез келген өнімнің экспорты және импорты жай тауарды сатушыдан сатып алушыға жеткізу ғана емес, глобалды экономикалық жүйедегі өзара әрекеттесудің күрделі механизмдердің бір бөлігін құрайды. Әлемдік экономика жүйесінде негізгі нарықтық механизмдердің өзара әрекеттесуі.

Әлемдік экономиканың қазіргі жүйесіндегі негізгі нарық механизмдерінің өзара әрекеттесу жүйесінде субъектілердің экономикалық әрекетінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін көптеген институттар құрылған. Әсіресе халықаралық сауда жүйесіне қатысушылар жағынан бақылауға алынбайтын әртүрлі тәуекелмен байланысты. Кеден тарифтері, салықтар және тағы т. б. белгілі ойын тәртіптерімен қатар көрінбейтін тәуекелдер де бар- олар табысты бизнестің «су асты рифтері». Оларды білмеу күрделі қаржылық жоғалтуларға, күйреуге әкеледі. Бұл факторлардың бірі бизнес-серіктестің сенімділігі. Себебі сіздің бизнестегі серіктесіңіздің кез-келген жағдайда қалай өзін ұстайтынын білмейсіз. Әлемдік тәжірибеде, нарықта үлкен тәжірибесі бар берік компаниялар қатысты жағдайларда өз міндеттерін орындауға қабілетсіз жағдайлар кездесіп жатады.

Қатысты курстық жұмыста ақпарат мұқият таңдалды және реттелді. Жұмыс барысында белгісіз факторлар ашылды, бүл қазіргі кезде сыртқы экономикалық әрекетте тауарлардың экспорты әртүрлі және Қазақстанға әлемдік нарықта үлкен баға береді. Көптеген ақпарат құралдарын зерттеу менің көзқарасымды кеңейтті.

Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорындардың көбісі сыртқы экономикалық әрекетке қосылады, бұл оларға валюта табысын алуға, сыртқы экономикада тұрақты орын алуға, бәсекеге қабілетті өнім шығаруға мұмкіндік береді. Сыртқы саудада операциялардың үш негізгі түрі кездеседі:

  • экспорт - тауарды (қызмет және жұмыс) шетел сатып алушысына сату және еліне жеткізу;
  • импорт - тауарды шетел сатушысынан сатып алып, сатып алушы еліне жеткізу;
  • реэкспорт - импортталған тауарды Қазақстан Республикасына алдын ала жеткізіп экспорттау.

Сыртқы сауда келісімі келісім- шартпен орындалады. Келісім-шарт жақтардың құқықтары мен міндеттерінен тұрады, және олар келесі бөлімдерде көрсетіледі: келісім-шарт жақтарын анықтау, келісім-шарт түрі, келісім-шарт сомасы, тауарды (қызмет, жұмыс) жеткізу мерзімі, төлем шарттары, тауарды маркерлеу, сатушының кепілдемесі, орама, айыппул санкциялары және шығындарды жабу, жүкті сақтандыру, форсмажор, келіспеген сұрақтарды шешу жолдары.

Келісім-шартты бекітпей тұрып тауарлы нарық конъюктурасын зерттеу, сыртқы экономикалық операциялардың нәтижесін жобалау, тауар жарнамасы, ұсынылған келісім-шарттың үйлесімді түрін және шетел серіктесін таңдау, серіктеспен сөйлесулер жүргізу, келісім-шартты бекіту бойынша дайындық жұмыстары жүргізілу керек

Экспортты және импортты операциялар субъектілері болып нарыққа тікелей қатысатын кәсіпорын-экспортерлар, кәсіпорын-импортерлер, сонымен қатар кәсіпорын тапсырмасын орындайтын делдал ұйымдары табылады.

Импортталған тауарлар жеткізудің әртүрлі шарттарымен сатып алынады: СИФ, Фоб, Франко-кеден және т. б. Импортталған бағасы тауарды жеткізу шартына байланысты анықталады.

Заң күші бар Қазақстан Республикасының Жарлығына сәйкес тауарлардың (қызметтердің, жұмыстардың) экспорты және импорты лицензияланады. Лицензия берушіде лиценцияның екі түрі бар: бас және бір жолғы.

Лицензияланатын тауарлардың (жұмыс, қызмет) тізімі, сонымен қатар экспортты- импортты операцияларды орындауға лицензияны жіберу және дайындау тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітіледі.

Лицензиялар көрсетілген мерзімдерде тауардың экспорты және импортына берілетін рұқсат болып табылады және өнімді кедендік дайындаудан өткізуге негіз болады.

Сыртқы сауда байланыстары үшін Қазақстан Республикасында құқықтық негіз болып Қазақстан Республикасының Заңы және ҚР Үкіметінің Жарлығы табылады.

Курстық жұмыстың мақсаты сыртқы сауда сұрақтарын зерттеу және экспортты-импортты операциялардың тиімділігін талдау болып табылады.

Осыған байланысты курстық жұмыста келесі сұрақтар қойылған:

- экспортты- импортты операциялар түсінігін ашу;

- экспортты- импортты операциялардың құжаттамалық сұрақтарын қарастыру;

-экспортты- импортты операциялардың жүргізу ерекшеліктерін зерттеу;

- экспортты- импортты операцияларды реттеудің тарифтік және тарифтік емес әдістері келтірілгене

Зерттеу құралы болып сыртқы сауда және экспортты-импортты операциялардың тиімділігі талдау, сонымен қатар экономикада сыртқы экономикалық ролін анықтау табылады.

Зерттеу нысаны экспортты-импортты операциялар алынды.

Курстық жұмыстың теориялық және методологиялық базасын шетел және отандық авторлар жұмыстары, заңдар, Үкіметтің және ҚР Президентінің ресми құжаттары, заңды және нормативті актілер, ҚР қаржы Министрлігінің ережелері мен нұсқаулары, ғылыми статьялар және статистикалық мәліметтер құрайды.

І ЭКСПОРТ-ИМПОРТТЫ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ

1. 1 Экспортты - импортты тауарларды жеткізу шарттары және экономикалық мазмұны

Экспортты- импортты операциялар дегеніміз кеден шекарасынан өту шартындағы тауарды сату-сатып алумен байланысты коммерциялық әрекет.

Экспорт- тауарды мемлекет шекарасынан шығару. Экспортты операцияны іске асыру кезінде экспорттаушы үшін импорттаушы тауарды қалай қолданатыны маңызсыз: соңғысы тауарды қайта өңдеуден өткізе алады, ішкі нарықта немесе үшінші мемлекеттерге сата алады. Кез-келген жағдайды сатушы үшін ол экспортты операция болып табылады. Тауарлардың экспорты- тұрақты болу мақсатымен немесе осы теорриториядан тыс қолдану мақсатымен ҚР кеден территориясынан тыс тауарды өткізудің кедендік тәртібі.

Таурадың экспорты келесі шарттармен іске асады:

- шығарылған кедендік баж салығын төлеу;

- тарифтік емес реттеу шараларын сақтау (тарифтік емес реттеу шаралары- ҚР тауарларды және транспорт құралдарын кіргізуді және шығаруды шектеу, квоттау, лицензиялау, тауарлардың қауіпсіздік стандарттарыны және талаптарыны сәйкестігін растау (сонымен қатар техникалық, фармакалогиялық, санитарлы, ветеринарлы, радиациялық, экологиялық стандарттар), және ҚР заңдылық актілерімен және ҚР Үкіметінің нормативті қаулыларымен бекітілген басқа талаптар) ;

- ҚР заңдылығымен бектіліген талаптарды орындау.

Экспортқа шығарылған тауарлар ҚР кеден территориясынан өткізілу керек. Сонымен қатар ол тауарлар кеден декларациясын қабылдаған күндегідей жағдайда болу керек, транспорттаудың және сақтаудың тапалаптарын орындау кезінде де табиғи тозу немесе табиғи азаю өзгерістері есептелмейді.

Тауарларды декларациялау кеден органында жүргізіледі, бұл жерде тауарды кедендік дайындау іске асады. Декларациялау кеден органына бекітілген формада тауар, олардың кеден тәртібі және кеден мақсатына қажетті басқа мәліметтерден тұратын қажетті мәліметтерді беру жолымен орындалады

Халықаралық коммерциялық тәжірибеде экспорт дегеніміз:

  • Мемлекетте шығарылған тауарларды және бұрын шет елден алынған және қайта өңдеуден өткізілген тауарларды мемлекеттен шығару;
  • Бұрын еңгізілдген, бірақ кеден бақылауымен қайта өңделген тауарларды шығару.

Импорт- тауарды шет елден елге кіргізу. Тауарлардың импорты болып ҚР территориясына еңгізілген немесе шығарылған, ҚР кеден заңдылығына сәйкес декларациядан өткізілген тауарлар табылады.

Кеден территориясына кіргізілген тауарларға кедендік жүк декларациясы тауардың кеден органына ену күнінен бастап отыз тізбекті күн ішінде жасалады. Тауарлардың импорты кезінде кеден төлемдері және салықтар төленеді.

Салық салынатын импорт көлеміне ҚР кеден заңдылығына сәйкес анықталатын импортталатын тауарлардың кедендік құны, сонымен қатар ҚР тауарды импорттау кезінде төлемге жататын, бюджетке міндетті және басқа салық сомалары кіреді және бұл жерде қосымша құнға салық есептелмейді. Қосымша құн салығы салық салынатын импорт бойынша 15% тең. ҚҚС тауарды кедендік дайындау кезінде, егер келесі жағдайлар болмаса төленеді:

  • Өнеркәсіптік қайта өңдеуге арналған импортталатын тауарларға ҚҚС мерзімінің өзгеруі, егер импортталатын тауарлар су, көгілдір отын, электр қуаты болса. ;
  • Импортталатын тауарларға ҚҚС төлеу есеп әдісімен орындалса.

Тауарлардың шекарадан өту кезінде импортты операцияларды іске асыру барысында жолдама құдаттары беріледі, сонымен қатар:

  • Тауарларды мемлекетке еңгізуге лицензия беру;
  • Импортты кеден баж салығын төлеу туралы құжаттама;
  • Кедендік дайындауға төленген төлемдер туралы құжат.

Сыртқы экономикалық әрекетте реэкспорт және реимпорт сияқты операциялар көрінеді.

Реэкспорт- алдын ала әкелінген, бірақ мемлекетте ешқандай қайта өңдеуден өтпеген тауарды шекарадан шығару. Реэкспорт құралы болып халықаралық аукциондарда және тауарлы биржаларда өткізілетін тауарлар табылады. Реэкспортты операцияларға өз еліне тауарды кіргізбей іске асыратын операциялар да жатады. Бұндай операциялар сол елдің экспорт немесе импортына жатпайды, бірақ кеден статистикасында есептеледі. Олар тауардың әр елдегі бағасының айырмашылығының арқасында пайда табу мақсатында сауда формаларымен іске асады.

Реимпорт шекарадан бұрын шығарылған отандық тауарларды кіргізу, және ол тауарлар ол жақта қайта өңдеуден өткен жоқ. Реимпортқа аукционда сатылмаған, консигнациялық қоймадан қайтарылған сатып алушымен ақауланған және т. б. тауарлар жатады. Басқа келісім- шарттарға қарағанда реимпорт бір тауардың бір шекарадан екі рет өтуі.

Жеткізу- тауарды сату-сатып алу келісім-шартын орындау үшін сатушымен (жеткізуші) сатып алушыға қайтарымсыз (тапсырыс беруші) жеткізу. Тауарға сатушының сатып алушыға тауардың меншік құқын беру тауарлы- бөлу құжаттарымен іске асады, олар транспортты (халықаралық жүк қорының құжатының көшірмесі, ішкі жүк қорының құжатының квитанциясы және басқа транспортты құжаттар), қоймалық (қойманың қабылдау акті, варрант) және т. б. құжаттар.

Тауардың экспорты және импорты сыртқы экономикалық әрекет субъектілерінің негізгі түрлерінің бірі болып табылады.

Сыртқы экономикалық әрекет келісім-шартпен безендіріледі, онда келісім-шарт бойынша жақтардың құқықтары, жауапкершіліктері және міндеттері көрсетіледі. Келісім-шартты дұрыс безендіру үшін сауда терминдерін халықаралық түсіндіру ережелерін қолданған жөн («Инткотермс!»), бұл ережелер Халықаралық сауда палатасымен жасалған «Инкотермстің» мақсаты- кез-келген елде осы терминдерді интерпретацияда жеткізудиің жиі қолданатын шарттарын түсіндіру. Осылайша «Инкотермс» тауардың жеткізу шарттарын бекітуде және жектізу және тәуекел бойынша міндеттемелердің ауысу кезеңін белгілейді, бұл бағаның қалыптасуына және кеденд құнына әсер етеді. Мысалы, ЕХМ (франк-зауыт) жеткізу кезінде декларацияланған құнға тек зауыт-өңдеуші бағасы ($20 000) ғана кіргізіледі, ал CIF кезінде (құн, сақтандыру) - жеткізуші бағасы, фрахт құны және сақтандыру құны ($20 +$300$+5600=$20900) .

Тауарды жеткізу темір жол және су көлігімен іске асырылады.

Темір жолмен тасымалдау кезінде «Франко» деп аталатын сату шарттары қолданылады, яғни сатушы тауарды өз құнынан және өз тәуекеліне нақты жерге жеткізуге міндетті, осымен байланысты тауар бағасына тауарды сол жерге жеткізу бойынша барлық шығындар кіргізіледі. Бұл шарттар келесідей болуы керек. «Инкотермстің» барлық терминдер төрт базалық категорияға топталған.

Сызба 1

Топ
Жеткізу шарттарын белгілеу
Франкерлеу шарттары
Топ: E
Жеткізу шарттарын белгілеу: EXW
Франкерлеу шарттары: Франко зауыт
Топ: F
Жеткізу шарттарын белгілеу:

FCA

FAS

FOB

Франкерлеу шарттары:

Жеткізушіден еркін

Борт кемесінен бойлай еркін

Кемеде еркін

Топ: C
Жеткізу шарттарын белгілеу:

CFR

CIF
CPT
CIP

Франкерлеу шарттары:

Құн және фрах

Құн, сақтандыру және фрахт

Жеткізу . . . дейін төленген

Жеткізу құны және сақтандыру

. . . дейін төленген

Топ: D
Жеткізу шарттарын белгілеу: DAF
DES
DEO
DDU
DDP
Франкерлеу шарттары:

Шекараға дейін жеткізілді

Кемеге дейін жеткізілді

Айлаққа дейін жеткізілді

Баж салығын төлеуге дейін жеткізілді

Баж салығын төлеумен жеткізілді

Топ:
Жеткізу шарттарын белгілеу:
Франкерлеу шарттары:

Сатушының (экспортер) франко-зауыты (франко-койма) . Сатушы тауарды дайындайды, ал сатып алушы өзінің зауытында тауарды қабылдауға міндетті. Сонымен қатар сатушы тауарды жеткізушіге жіберуге ешқандай шығын кетірмейді.

Сатып алушының (импортер) франко-коймасы. Экспортер тауарды сатып алушының сол еліндегі (импортер) қоймасына дейін жеткізуге және транспорттау және сақтандыру бойынша ьарлық шығындарды төлеуге на сатып алушының қоймасына дейін жеткізіп беруге міндетті. Барлық шығындар тауардың келісім-шарт құнына кіреді.

Жеткізушінің (экспортер) жүру станциясының франко-вагоны. Сатушы тауарды темір жол вагонына артуға және жүру станциясына жеткізуге міндетті, осыдан кейін тауарлы-бөлістіру құжаттарын беру кезінде тауарға деген құқылы меншіктер сатып алушыға өтеді. (Әдетте жеткізудің бұл түрлері сирек кездеседі) .

Франко-вагон- стаушы елінің шекаралық станциясы. Бұл жеткізу кезінде сатушы тауарды вагонға артуға және шекараға дейін тауарды жеткізу құнын төлеуге міндетті. Бұл кезде тауарға деген тәуекелді сатушы оны шекара станциясына (тауарды сатушы елінің темір жол станциясынан сатып алушының темір жол станциясына жеткізу ауыстур тізбегімен іске асады) сатып алушы меншігіне жеткізуге дейін өз мойнына алады. Сатып алушы атынан есеп-фактурада көрсетілген тауардың құнына сол тауардың келісім құны және тауарды жүру станциясына дейінгі жеткізу, вагонға арту, транспорттау және т. б. тауарды кеден станциясында сатып алушыға жеткізгенге дейінгі пайда болатын (кеден баж салығы, жинаулар, орама шығындары және т. б. ) шығындары жатады.

Франко-вагон- шете сатып алушысының белгілену станциясы (тікелей жеткізулер) . Бұндай жеткізулер біркелкі транспорт құжатымен- сатып алушының соңғы мекен-жайы көрсетілген халықаралық жүк тасымалының темір жол құжатымен дайындалады. Бұндай жағдайда тауарға деген материалды міндеттер сатушы және сатып алушы елдерінің темір жол станцияларына жүктеледі. Олар жеткізу кезінде пайда болған барлық жоғалтулар және жетіспеулерге жауап беруді өзара реттейді. Сатушы тауардың өз темір жол станциясына жеткізіп және жеткізу құжатын алып, сатып алушыға есеп айырысу қағазын бере алады. Бұндай форма есептеуді тездетеді.

Су көлігі жеткізулерінде келесі сату шарттары қолданылады:

Фоб (кеме байламасынан еркін) - сатушы еліне жеткізу кемесі. Бұндай жеткізу кезінде сатушы тауарды кеме байламасына жеткізу, жеткізу және түсіру бойынша барлық шығындарды төлеу, таза коносамент алу және оны сатып алушыға есеп-фактурасы және басқа жолдамамен бірге құжаттарын өткізу керек. Таза коносамент- жеткізушінің жүк немесе тара жағдайындағы жетіспеушіліктері көрсетілмейтін беру құралы. Тауарды оны кеме байламасына түсіруге дейінгі сақтау жауапкершілігін сатушы өз мойнына алады, ал одан кейін сатып алушыға жүктеледі. Өз кезегінде сатып алушы кемені сақтандыру керек, сатып алушыға кеменің келу күнін ескерту, кеме бортына такарды артудан кейінгібарлық шығындарды және сатып алушының есеп-фактурасын төлеу керек. Фоб шартындағы тауар құнына таурадың келісілген құны, транспортты және тауарды кеме бортына жеткізуге дейінгі басқа шығындар кіреді.

Сиф (құн, сақтандыру, фрахт) - сатып алушының белгілеу порты. Бұндай жағдайларда сатушы тауарды өз есебіне кемеге жеткізу, кемені фрахтау, тауарды кемеге арту, жүкті сақтандыру, кеден баж салығын төлеу, сатып алушыға есеп фактурасымен бірге таза коносамент, сақтандыру полисін немесе сертификат беру керек. Кемедегі барлық аллдағы шығындарды сатып алушыға жүктеледі. Тауарды кеме бортына артқаннан кейінгі тауардың бұзылу немесе жойылу тәуекелі сатып алушыға өтеді.

Сыртқы сауда тәжірибесінде келесі жеткізу түрлері кездеседі:

• Фас (кеме бортынан тыс) -баға құнын оны кемеге жеткізу құнына қосады.

• Коф (құн және фрахт) - тауар құнына оның белгілеу пунктіне дейінгі су тасымалының құны кіретін келісім-шарт түрі.

• Фоб (жеткізу ауежайы) - тауар бағасына оны жеткізу және кеме бортына арту бойынша транспортты және басқа шығындар қосылатын келісім-шарт түрі.

1. 2 Экспортты- импортты операцияларды ұйымдастыру бойынша негізгі ережелер

Сыртқы экономикалық келісім-шарт халықаралық сату-сатып алу келісім-шартымен безендіріледі. Оның құқықтық реттеудегі бағыты келісім-шартты бекіту кезіндегі келіссөздер құру кезінде және міндеттерді орындау кезінде және әртүрлі келіспеушіліктерді шешу кезінде өте маңызды. Келісім-шарттың жеке бөлімдерінде бір-бірімен және ұшінші тұлға алдында келісім- шарт жақтарының міндеттері және жпуауапкершіліктері анықталады; келісім-шартқа тұру құралы; тауардың құны және келісім-шарттың жалпы бағасы; тауардың орамасы және мракерленуі; сатып алушының төлеу түрі және есептің қабылданған формасы; сатушының және сатып алушының кепілдік міндеттері; келісім шартты бұзған кездегі шағындарды төлеу формалары және айыппул санкциялары; жүкті сақтандыру шарттары; форс-мажорлы міндеттер; келіспеген сұрақтарды шешу жолдары; заңды мекен-жайлары, банк реквизиттері, жақтардың қолы және мөрлері.

Келісім-шарттың орыдалуына тауарлы нарықтың конъюнктурасын зерттеумен, сыртқы экономикалық келісім-шарттың нәтижелерін жобалаумен байланысты үлкен дайындық жұмысы қажет, сондықтан маркетинг зерттеулеріне кеткен шығындар тауардың келісім-шарт құнының негізгі бөлігі болып табылады.

Келісім-шартты бекіткен кезде кеден құнын есептеудің, яғни кеден төлемдерінің негізі болатын тауардың құны бекітіледі.

ҚР ТК сәйкес Қазақстан Республикасының территориясынан шығарылған тауарлардың кедендік құны экспортқа сату кезінде төленетін келісім шарт бағасы негізінде анықталады.

Тауардың кедендік құнын анықтау кезінде келісім шарт бағасына келесі шығындар қосылады::

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР сыртқы сауда жүйесі
Сыртқы сауда жүйесі
Тауарлардың экспорты және импортын реттеудегі БҰҰ-ның ролі
Қазақстан Республикасының сыртқы сауда статистикасын ұйымдастыру
Тауарлар импорты және экспорты кезіндегі валюталық бақылау
Сыртқы сауда
Қазақстанның экспорты мен импорты
Экономикалық факторлар және мемлекеттің төлем балансы
ҚР-ның экономикалық өсіміне экспортты-импорттық операциялардың әсері
Қазақстандағы валюталық реттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz