Ауылды зерттеудің алғышарттық тұғырнамалары


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 75 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Кіріспе . . . 3-5
1. АУЫЛДЫ ЗЕРТТЕУДІҢ АЛҒЫШАРТТЫҚ ТҰҒЫРНАМАЛАРЫ
1. 1 Ауыл-әлеуметтанулық зерттеу объектісі ретінде . . . 6-19
1. 2 Ауылдық аймақ адам өмір сүруінің тұрақты ортасы ретінде . . . 20-47
2. АУЫЛДЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ МӘДЕНИ - ТҰРМЫСТЫҚ ЖАҢҒЫРТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
2. 1 Шешілуі міндетті ауылдық мәселелер . . . 48-59
2. 2 Ауылдың әлеуметтік - экономикалық, мәдени-тұрмыстық мәселелерін шешудегі іс-әрекеттер . . . 60-73
Қорытынды . . . 74-76
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 77
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Ауылды жаңғырту - бұл өте күрделі мәселе. Өйткені бүгінгі ауыл қазіргі қазақстандық кеңістікте артта қалған аймаққа теңестіріледі. Ауыл қазақ қоғамы үшін қасиетті ұғым. Себебі қазақтың бетке тұтар аптал азаматтарының барлығы дерлік ауылда туып - өсіп, жетілген.
Ауылды жаңғырту бұл - бүкіл қазақтың жанын ауыртып, күйіндіретін мәселе. Өйткені ауыл кез-келген қазақ үшін киелі ошақ. Қазақы салт - дәстүр, жөн-жоралғы, әдет-ғұрып негізі ауылда қалыптасып, қазіргі кезге дейін сақталған. Сондықтан да болар билік тарапынан ауылдық аймақтарды дамытуға айрықша назар аударылып келеді.
«Қазақстан-2050» стратегиясында ауылдық аймақтарды дамытуға, оның тыныс-тіршілігін жаңғыртуға арнайы тарау бөлінген. Сондай-ақ, бұрынғы, яғни 2003-2005 жылдары аралығында да ауылды дамытуға ерекше көңіл бөлінгені белгілі. Ауылды гүлдендіру үшін арнайы бағдарлама жасақталып, ол іс жүзіне асырылған болатын. Елбасының 2013-жылғы жолдауында да ауылға ерекше көңіл бөлінген. Мысалы жолдаудың 2-ші бөлімінде «алдағы жылдары ауылды дамыту үшін арнайы қаражат көзі бөлініп, тұрғын үй, тұщы ауыз су, мектеп, аурухана, тұрмыстық қызмет көрсету нысандарын салдыру қолға алынсын». Ауылдық инфрақұрлымды дамытуды басты стратегиялық міндет деңгейіне көтеруге тиіспіз», делінген. [1] .
Ауыл - бұл, сайып келгенде, халықтың тұрмыс-салты, мәдениетіміздің, рухани тіршілігіміздің қайнары. Олай болса, ауылды дамыту тек ауыл шаруашылығы министірлігінің ғана мәселесі емес, бүкіл қоғамның көкейтесті мәселесіне айналуы қажет. Қоғамның дамуы, жалпы ұлттық деңгейде алып қарағанда, қоғамымызды қалыптастырып отырған ауыл және қала қауымдастықтарының бір-бірімен тікелей қарым-қатынасына тәуелді.
Ауылды әлеуметтік - экономикалық тұрғыда дамытудың бір жолы - бұл білім беру жүйесін жетілдіру екендігі белгілі. Соңғы кезде ауылдық жерлерде кәсіптік-техникалық оқу орындары азайған. Сонымен қатар ауыл мектептерінің білім беру көрсеткішінің төмендігі, оқу ғимараттарының нашарлығы, ауыл жастарының қазіргі заманғы технологиямен аз қамтылуы, ауыл балаларының мәдени әлеуметтенуіне кері әсерін тигізуде.
Тұрғылықты жерлерді екі жақты : ашық немесе жабық үлгіде қарастыруға болады. Ашық үлгідегі ортаға қаланы жатқызатын болсақ, жабық үлгіге өздігінен ауыл жатады. Ашық қоғамға жаңғыру үлгісі тез еніп, жабық қоғамға бұл үрдістер ене алмай қалады. Мұның себебін ауылдық иммунитеттің тым күштілігімен түсіндіруге болады.
Қазіргі қоғамдық үдерістерге ілесе алмай келе жатқан сала - ауыл шаруашылығы саласы. Ауыл шаруашылығын дамыту дегеніміз бұл алдымен шаруашылық қолданыстағы агротехникалық жабдықтарды молайтуға күш салынып, керісінше ауыл халқының әлеуметтік-мәдени дамуын кейінге қалдырып келе жатқан сала. Осыдан ауылдың әл-ауқатын, халқының мәдеиетін, білім беру, денсаулық сақтау саласын дамыту ескеріле бермейді. Жалпы алғанда, экономикасы дамыған елдердің ауыл шаруашылығы жеке фермерлік үлгіде дамығаны аян. Сол үшін жеке фермерлерлік қожалықтардың дамуына мемлекет көмегін қаржылай немесе материалдық - техникалық тұрғыда беруі тиіс. Қазақстанда ауылдық жерлерді 8, 1 миллион халық мекендейді, ол барлық халықтың 46, 8 пайызын құрайды, ал ауыл шаруашылығы өнімінің ішкі жалпы өнімдегі үлесі 172, 1 млрд теңге. Сонда әр ауылдың тұрғынына шаққанда ішкі жалпы өнім айына екі мың теңгеден ғана келеді екен. Сондықтан бұл мәселені шешу үшін билік және қоғам бірлесіп іске кірісуі тиіс. Ауылдың әлеуметтік-мәдени өмірін жақсарту үшін ауылдың мұқтажын өтеу керек, орта және шағын бизнесті өркендету керек.
Ауылдық жерлерде шағын және орта кәсіпкерліктің өркендеуін қоғамның дамуы деп түсіну керек. Ауыл қазақтың темір қазығы. Ауылға дем беру арқылы Қазақстан әлеуметтік, экономикалық және саяси мәдени жағынан дамып, өркениетті ел қатарына қосыла алады.
Проблеманың ғылыми зерттелу деңгейі. Ауыл - селоның әлеуметтік мәселелеріне арналған зерттеулер өте аз десек артық айтқандық бола қоймас. Десекте ауыл мәселесі бірқатар социологтардың еңбектерінде қарастырылған.
Қазақстанда ауыл шаруасының тыныс-тіршілігі бағымдау тарихы өткен ғасырдың 30-шы жылдарынан бастау алады. Ауылдық әлеуметтік орта туралы баян, А. А Тоғжановтың «Казахский аул», А. П. Кучкиннің «Советизация казахского аула» атты еңбектерінде көрініс тапқан.
Ресейлік ғалымдар Р. Рывкина мен Т. Засловскаяның зерттеулерінде ауыл-село мәселелері біршама зерделенген.
Десек те, бүгінгі таңдағы қазақ ауылының тұрмысы, тыныс-тіршілігі бағымдалған еңбектер жоқ десек артық айтқандық бола қоймас. Міне, осы мәселенің өзі-ақ осы дипломдық зерттеу жұмысының алдыма зор жауапкершілік жүктеп беріп отыр.
Дипломдық жұмыстың мақсаты. Ауылдың әлеуметтік - тұрмысын, шаруашылығын жүргізу және инфрақұрлымын дамыту мәселелерін анықтау үшін социологиялық зерттеулер жүргізіп ауыл халқының қоғамдық пікірін бағымдау. Осыған орай зерттеуде сауалнама, салыстырмалық және құжаттарды талдау сияқты әдістер қолданылды. Зерттеу объектісі ретінде Оңтүстік Қазақстан облысы ауылдары алынды.
Зерттеудің міндеті. Ауылдың әлеуметтік инфрақұрлымдық және мәдени дамуын нақты мәліметтермен зерделеу.
Зерттеудің объектісі мен пәні. Ауыл - зерттеудің негізгі объектісі болып танылса, ал зерттеудің пәніне ауыл проблемаларын анықтау жатады.
Диплом жұмысының құрлымы: Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. АУЫЛДЫ ЗЕРТТЕУДІҢ АЛҒЫШАРТТЫҚ ТҰҒЫРНАМАЛАРЫ
1. 1 Ауыл әлеуметтанулық зерттеу объектісі ретінде
Адамдардың өмірі мен іс-әрекеттері белгілі бір әлеуметтік-территориялық кеңістікте өтеді. Ол кеңістік адам өмірінің басты мазмұндық шартты белгісі. Адамзат қауымдастықтарының ру-тайпалық, халықтық, этностық және ұлттық формаларының негізгі бір белгісі әлеуметтік - территориялық бірлестік болып қауымдасып өмір сүруші адамдардың экономикалық, әлеуметтік - тарихи және рухани - идеологиялық қарым-қатынастары белгілі бір мекен жайларда, яғни белгілі бір географиялық ортада іске асады.
Қай уақытта болмасын, адам өмірі белгілі бір уақытпен кеңістікте өтеді. Адамдардың әлеуметтік өмірінің кеңістік түрінде ұйымдастырылуы жалпы қоғам құрлымын, ондағы әлеуметтік байланыстар мен процестерді анықтаудың негізі болып табылады.
Адамдардың бірігіп, бір жерде, белгілі бір аймақта өмір сүруін, іс-әрекет етуі, жұмыс істеуі осы территориялық аймақтағы табиғи ресурстарды пайдаланумен бірлікте қарастырылып, оны жиынтықты адамдардың әлеуметтік - территориялық бірлігі деп атайды.
Әлеуметтік-территориялық бірлік адамдардың тұрақты құрлымының басты шарты. Екінші жағынан, бұл бірлік адамдардың кеңістік жағдайындағы өмірі мен шаруашылық ыңғайының, әлеуметтік-экономикалық тілек-талабының, тарихы мен мәдениетінің қосылу тұтастығын және ынтымақтастығын білдіреді. Географиялық тұрғыдан алғанда, елді мекен, яғни территория, халықтың тұрғын үйлер салынған жерге шоғырлануы, тұрақтану ортасы. Адамдардың осындай шоғырланып бірлік құруы әлеуметтік-экономикалық, өндірістік күштердің даму дәрежесіне байланысты қалыптасады.
Ауыл - бұл қаламен салыстырғанда адамдардың әлеуметтік тұрғыдан бытыраңқы орналасқан бірлігінің формасы. Мұнда адам тек қана ауыл шарушылығына тән еңбекпен айналысады. Қаламен салыстырғанда ауылда жұмыс түрлері бірыңғай келеді. Әлеуметтік және кәсіпкерлік іс бір жақты болады, ауыл-селоның өзіне тән тұрмыс - салты (психологиясы) бар. Қала тұрғындарымен салыстырғанда тұрмыс жағдайы, әл-ауқаты бір шама төмен, әсіресе, қазіргі нарықтық қатынастар жағдайында тіпті төмен.
Адамдардың әлеуметтік - территориялық бірлігіне тек қана қала мен ауыл жатады деп түсінуге болмайды. Бұлармен қатар агломерация деген адамдардың әлеуметтік - территориялық бірлігі бар. Жалпылама айтқанда, адамдар бірлігінің әлеуметтік - территориялық тұрғыда бес орналасу түрі анықталған.
- Тікелей ауыл шаруашылық өнімдерін өндіретін елді мекен;
- Азын - аулақ ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін елді мекен;
- Аграрлық-индустриялды елді мекен;
- Ірі өнеркәсіптік (индустриялды) елді мекен;
- Қала
Бұдан біз урбанизациялық, яғни, қалалардың өсуі, қалалық әдет-ғұрып, салт-дәстүрдің кең жайылуы сияқты процестердің өркендеу дәрежесін байқаймыз. Олар мына фактілерден көрінеді.
- Ауыл шаруашылығының рөлі төмендеп, өндіріс алдыға шығады;
- Елді мекендерде халық тығыздалып, үй-құрылыс процесі артады;
- Тұрмыс қажетін өтейтін мекемелердің шоғырлануы және мамандануы күшейеді;
- Еңбек, жұмыс орындары көбейеді, осының нәтижесінде жұмысшылардың нақтылы мамандық түрлері көбейіп, кәсібилік күшейе түседі;
- Қоғам дамыған сайын адамдардың білім дәрежесі, кәсіби шеберлігі жетіле түседі.
Осыдан барып адамдардың тұрмыс салты олардың бағалық, құндылық жүйесін өзгертеді.
Сөйтіп белгілі бір елді мекен қала деңгейіне жетуі үшін онда белгілі бір дәрежеде халық санын көп болуы және ауыл шаруашылық өндіріс болмайтын жағдайда тұруы тиіс.
Қандай да бір елді мекеннің өзіне тән бір міндеттік функциясы болады. Мысалы, тек ауыл шаруашылығымен айналысатын аудан немесе елді мекен халық шаруашылығы тұрғысынан алғанда тек ауыл шаруашылық өнімдерін өндіретін құрылым болуы мүмкін.
Ауыл шаруашылығымен айналысатын ауданның негізгі функциясы -ауыл шаруашылық өнімдерін шығару және оларды аздап болса да өңдеу болып табылады. Десек те ауыл-селолық жерлерде ауыл шаруашылығы өнімдерін, өңдеу орталықтары болуы мүмкін, бірақ бұдан ауыл қала деңгейіне көтеріле алмайды. Себебі ауылдың шағын өңдеу кәсіпорындары бар жоғы шағын келеді. Басқа кәсіпорындар, мысалы, құрылыс материалдарын дайындайтын тас карьерлері, бидайды айналдыратын дирмендер, ұсақ сүт-май зауыттары, т. т. бірлі - екілі ғана болады.
Ауыл-село рекуперациялық қызмет атқарады. Бұл ерекше халық шаруашылығы саласы. Мұнда қала адамдары келіп дем ала алады. Демалысқа келген қала адамдарына ауыл-село тұрғындары тұрмыстық қызмет көрсетеді. Қала тұрғындары ауыл арқылы өздерінің денсаулығын, әл-қуаттарын күшейтеді.
Ауыл-село тұрғындары табиғатты қорғау қызметтерін де атқарады. Бұл қызметтің мазмұны саябақ қорын қорғау сияқты әркеттерден көрінеді.
Ауыл-село тұрғындары экологиялық қызмет атқарады. Олар өз территориясында табиғатты қорғау, ондағы тепе-теңдікті сақтауды бақылауға алады.
Ауыл-селоның тағы бір атқаратын қызметі, ауыл-село тұрғындарының қалаларға көшіп, қоныстануы. Сөйтіп ондағы өндіріс орындарында жұмыс істеуі. Мұнсыз қалалық өндіріс орындары дамымаған болар еді.
Ауыл-селоның негізгі атқаратын қызметі - ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру ал оны өңдейтін, тұтынатын қызмет қала тұрғындарына қатысты. Ағашты өңдеу, жиһаз жасау үшін ауыл-селода өндірілген ағаштың қатты бөлігін (деревисианы) пайдаланады. Ауыл-селода коммуникациялық байланыстар тәртіпті жұмыс істейді.
Қала ауыл-селодан келген қоныстанушыларды (яғни, мигранттарды) жұмыс орнымен, пәтер - үймен қамтамасыз етіп отырады. Жоғарғы оқу орындарында ауыл-селоға жоғары маман кадрлар даярланады.
Қала мен ауыл - село арасында мұндай қатынастар түрі өте көп. Оларды жіпке тізіп жатпай-ақ, жалғыз ауыз сөздің қауызына сыйдырып айтқанда, оның мәні былай, қала ұзақ уақыт бойы ауыл-селода дайындалған өнімдерді, алуан түрлі ресурстарда пайдаланып келді. Ал, мұның өзі, яғни сауда-саттық, әлеуметтік-экономикалық және мәдени тұрғыда дамуына ықпал етеді. Дегенмен қала мен ауыл арасындағы қатынас тең жағдайда үйлесімді дамымады, яғни теңсіздік пайда болды. Көбіне-көп ауыл-село тұрғындарының мұң-мұқтажы, талап-тілегі қалтарыста қалды.
Мигранттардың үлкен топтары қалаларға ағылды. Себебі, қалада халықтың тұрмыс деңгейі жоғары. Атап айтқанда, еңбек ақының біршама жоғары болуы, пәтерлердің толық жабдықталуы, мамандық ауыстыру, материалдық және мәдени құндылықтарға жолдың ашықтығы т. б. Қаланың тұрмыс деңгейінің жоғарылығы, т. б. факторлар ауыл-селоның жүдеуіне әкеліп соқтырады. Қала мен ауыл-село халқын бірнеше топтарға бөліп қарастыруға болады. Олардың өлшемдері мыналар: мамандық құрлымы, білім деңгейі, материалдық тұрғыда жоғары деңгейде тұтыну, мәдени дайындық, әлеуметтік жауапкершілік, белсенділік, отбасы жағдайы, құқықтық кепілдік, саяси өмірге жақындық т. т.
Ауыл - қазақ елінің белгілі бір әлеуметтік құрлымы ауыл қазақ халқының ел болып қалыптасуында этникалық, этнографиялық, рухани және экономикалық тұрғыда бірігуінің ұйытқысы болған. Өйткені ауыл қазақ халқының ең төменгі әлеуметтік құрылымы. «Ауыл түбі-бірлік, қауым түбі-тірлік», «Аталастың аты озғанша, ауылдастың тайы озсын» деген мәтелдер қазақтың ел болып қалыптасуында, тұтасуына ауылдың басты негіз болғандығын дәлелдейді.
Этникалық жағынан ауылдың тегі тереңде жатыр. Әуелгі ауыл әрбір ру, тайпа ішінде аталастық, туыстық жақындығына қарай құрылған. Ауылдың эволюциялық даму тарихына қарасақ, әлеуметтік кейпі өзгеріп отырған. Алғаш ет жақын аталастар ауыл бірлестігінің негізгі арқауы болғанмен, бері келе осындай аталас ауыл ішіне жат жамағайындар келіп қосылған.
Ауыл дегеніміз не? Ауыл шаруашылығының даму ыңғайына орай қалыптасқан адамдардың топтасып өмір сүретін мекені. Қазір де осылай ма? Көбіміз ауыл туралы түсінігіміз нақты емес. Біз қалаға жатпайтын елді мекендердің бәрін ауыл дейміз. «Ауыл» терминінің мәні шаруашылықтың бір түріне немесе ауыл шаруашылығының қауымдық еңбек бөлінісіне байланысты анықталуы тиіс.
Этнографиялық жағынан қарағанда шаруашылық орындары мал қоралары, өрістері орналасуы жағынан ауыл көрінісін табиғат көркімен бірге астастырып тіршілік реңін беріп түрады. Ауылға тән бояу: мал бағу, егіншілік шаруашылығы, т. т. Ауыл маңында міндетті түрде не өзен ағып жатады, не құмды өңірде бұлақ көздері болады. Ауылдық кеңістіктің ерекшелігі жайылымның кең болуынан, егістік алқаптарының тиімді орналасуынан көрінеді. Ертеде қазақтар мал өрісі суатының молдығына қарай май құйрық, кең қоныс, ақ бастау, егінді бұлақ, т. т. атаулармен атаған.
Көшпелі ауылдың арқасы жазылар шақ көктем айлары. Малы қыстан аман шығып, төлдеп, көкке аузы толғанда шаруа негізгі азығы аққа тойынады. Осылайша қазақ «Қыс қысыл, жаз жазыл», - дейді. Бұл жөнінде Абай «Жазды күн шілде болғанда» деген өлеңінде қазақ ауылын тамаша реалистікпен жырласа, ал, суретші Н. Г. Хлудов оны ауылға тән бояумен дәлме-дәл суреттеген.
Экономикалық жағынан ауылдың қоныс, жайындық жері кең болғанмен әр бір үйдің жеке меншігінде малы, үй-мүлкі мен ұсақ шаруашылығы, өзіне тиесілі жерлері болады. Сондай-ақ, ауыл ішінде әр үй иесінің малына, әл-ауқатына қарай қоғамда алатын орны, өзіндік тіршілігі әр түрлі болып келеді. Осыдан келіп, ауыл ішінде өзара: бай, орта шаруа, кедей деген жікке бөліну туады.
Қауым болып өмір кешкенде жерге иелік міндетті түрде болған, бірақ жеке меншік институты қалыптаспаған. Сондықтан біз Қазақстанда феодализм болмаған деген тұжырым жасаймыз. Бұл қазақ қоғамының өзіндік бір ерекшелікті өмір сүру салты.
Рухани жағынан ауылдық өмір ерекше. Ертеректерде ауылдарда көшпелі мектеп болған, әр ауыл жалдамалы молда ұстаған, әр ауылда кілем, алаша, шекпен, т. б. тоқитын орындар ұсталық ететін ұсақ қолөнершілік болған. Қазіргі кезде де бұл дәстүр жалғасын табуда. Ауыл ән мен күйдің, өлең мен жырдың, ақындар айтысының, шешендер сайысының орталығы. Ауылдағы ойын-сауықтар: бәйге, күрес, шілдехана, көкпар, қыз ұзату, келін түсіру. Бұлар ұлттық дәстүрдің тоғысқан жері, театр өнерінің нағыз бастауы десе де болады. Ауылдың ішкі құрылымы, сыртқы көрінісі қоғам дамуына сай өзгеріп отырған.
Бірнеше елді мекеннен құралатын территориялық кеңістікті деп атау қалаптасқан.
Аймақ тек шаруашылық құрылымы мен территориалық еңбек бөлінісі бойынша туындыған бөлік қана емес, өзіндік мәні бар бір кеңістік. Яғни, аймақтық бөліністе ауылдардың орналасуы айрықша орынға ие. Қоғам дамуы - экономикалық, саяси, рухани, демографиялық, әлеуметтік үдеріс ретінде әр аймақта қайнап жатады. Әлеуметтік-экономикалық даму - ол, бәрінен бұрын, барлық тұрғындардың тіршілік деңгейін жоғарылату, халықтың жақсы өмір сүру үшін өндіруді өркендету болып саналады.
Сонымен қоса, еңбек етуге жағдай тудыру, және де әлеуметтік жағдайды жақсарту болып саналады. Барлық әлеуметтік-экономикалық пробремалардың шешімі ол экономиканың тиімді жұмыс істеуіне, әлеуметтік өмірдің гүлденуіне ықпал ету.
Ауылдық мекендер - елді мекендердің ауылдық жердегі түрлері. Олар бірнеше топқа бөлінеді: 1) тұрғындары негізінен ауыл шаруашылығымен шұғылданатын ауыл шаруашылықты мекендер; 2) ауыл шаруашылығымен айналыспайтын мекендер. Бұған темір жол станциялары, разъездер, орман шаруашылығы мен жеке кәсіпорындары дамыған елді пункттер, дачалар мен кішігірім курорттық поселкалар; 3) тұрғындардың біразы ауыл шаруашылығымен айналысатын, қалғандары халық шаруашылығынның өндіріс салаларында жұмыс істейтін аралас типті ауыл мекендер жатады. Бұл топқа, сонымен қатар аудан орталықтарын жатқызуға болады. Бұлардан басқа егіншілікпен айналысатын өңірлерде дала қосы, алыс мал жайылымдарында қыстау мен жайлау, балықшылыар поселкасы сияқты маусымдық елді мекендер болады.
Қазақстанның табиғи және әлеуметтік-экономикалық жағдайы әртүрлі болуына байланысты ауылдарды бірнеше типтерге бөліп көрсетуге болады. Солтүстік далалық аудандарда ауыл өзен, көл жағалауларына, кейде сулы аймақтарда орналасқан. Үлкен селолық поселкелерден жырақ жерлерде орналасқан. Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік -шығысындағы аудандарында өзен аңғарлары мен су жайылатын көк желек жамылған жерлерге орналасқан елді мекендердің бір шеті шөл даламен шектеліп жатады. Тау етегіндегі суармалы егіншілік дамыған аудандардың ауылдары өзендер мен көлдар бойын жағалай тізбектеле орналасады. Қазақстанның орталық және батыс шөлейт аудандарында бірінен - бірі шалғай орналасқан ұсақ ауылдар тобы басым. Алтай тауының етегі мен қойнауына орналасқан ауылдар ірі келеді. Каспий, Арал теңіздері, Балқаш пен Алакөлдің жағалауларында және оларға құятын өзендердің сағасында балық аулайтын ірі ауылдар орналасқан. Аудандық қоныстанудағы ерекшеліктер бұл ауыл шаруашылығынның белгілі бір түрімен айналысу өзгешеліктеріне байланысты болып келеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz