Ұлттық спорт түрлерінің даму тарихы


Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 81 бет
Таңдаулыға:   

Ұлттық спорт түрлерінің даму тарихы

Лекция жоспары:

1. Ұлттық спорт түрлері мамандық бойынша оқытылатын сабақтың курстың ерекшелігі, мақсаты, мазмұны.

2. Ұлттық спорт түрлерінің даму тарихы

3. Ұлттық спорт түрлерінің қазіргі кездегі дамуы.

4. Ұлттық спорт түрлерінің жарыс ережелері.

5. Ұлттық спорт түрлерінің Қазақстан Республикасының дене тәрбиесіндегі алатын орны.

Лекция мақсаты: Студенттерге теориялық білім беру, өз бетінше жұмыс жасауға үйрету

Лекция мазмұны:

Лекция мәтіні (қысқаша) : Қазақ халқының ежелгі және қазіргі мекені Ұлы дала болып табылады. Осы Ұлы далада адамзаттың кемелденуі және дамуына үлкен- үлкен әсері болған көптеген тарихи кезеңдер болып өтті. Оған алғашқы жан -жануарларды қолға үйрету, киім тігу, қазба байлықтарды қорыту олардан заттар жасау, жазуды ойлап табу, дөңгелекті арбаны өмірге әкелу сияқты адамдардың күн көріс, шаруашылықты жүргізу барысын түбірімен өзгертуге әкеліп, саналарын жаңа сатыға көтеруге әсер еткен құбылыстар осы Ұлы далада іске асырылды.

Қазақ хандығы құрылуын тарихшылар 1456-1477 жылдар арасында Жәнібек пен Керей құрған хандықтан бастайды. Қазақтың алғашқы Бас ханы болып Керей сайланады. Олардан кейін ел билігін Бұрындық (1480-1511) хан алады. Өзінің ел басқаруда шеберлігімен ерекшеленген Қасым хан (1511-1523) «Қасымханның қасқа жолы» деген ат қалдырды. Ел ырысын еселей түскен Хақназар хан (1538-1580) жылдары басқарды. ХVI- шы ғасырдың аяғында Қазақ халқының саяси тұрақтылығын нығайтуда Тәуекел ханның орны ерекше болды. Есім хан ( ) жылдары ел басқарып «Есім ханның ескі жолы» атты дала заңымен әйгілі болды. Есім ханның немересі Тәуке хан жоңғарлармен соғыста көрсеткен ерлігі мен талантты қолбасшылығы үшін қазақтың Бас ханы болып сайланды. Тәуке хан билеген отыз жыл арасында «Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» жайлы кезең болды, ол атақты «Жеті жарғыны» өмірге енгізді.

1710 жылы Әбілхайыр хан таққа отырып жоңғар мен қалмақтармен соғыс кезінде беделді хан болды. 1723 жылдары басталған қайғылы «Ақтабан шұбырынды» кезінде Әбілхайыр жоңғарларға Аңырақай мен Бұлаңты шайқастарында шешуші жеңістерге жетіп қазақ жерін қалмақтардан тазартты.

Бірақ Әбілхайырдан кейін хандыққа келген Сәмеке хан жігерсіз болып қалмақтар Еділге дейін биліктерін қалпына қайта әкелді.

Әбілхайыр хан саясатын жалғастыра білген қазақтың ұлы ханы Абылай болды. Ол туралы Ш. Уалиханов: «Сол қан төгіс заманда сұлтан Абылай басқалардан ерекше көрінді. Ол қатардағы әскерден бастап сол кездегі барлық негізгі соғыстарға қатысып, онда өзінің ерекше батырлығымен көзге түсті. Пайдалы кеңестері мен стратегиялық шешімдері оны даналардың қатарына қосты» дейді.

Абылайдан кейін қазақ тарихында өшпес із қалтырған хандар Кенесары Қасымұлы, Бөкей және Жәңгір Бөкейұлы. Абылайдың немересі Кенесары ХІХ ғасырдағы патшаның отарлау саясатына қарсы жиырма жылға созылған ұлт- азаттық қозғалысын басқарды.

Абылай хан дүниеден өткен соң, қазақтың батырлық дәуіріндегі дәстүрлер тарих үлесіне кетті. Абылай ханның жүргізген сыртқы саясаты бүгінгі Қазақстан үшін де әлі маңызын жойған жоқ. Абылай ханнан кейінгі екі ғасырдан астам уақыт ішінде қазақ халқы «Зар заман» деп ат қойған патшалық Ресей және Кеңес Одағы жалғастырған бодандықты басынан өткізді.

Осы бодандық 1991 жылғы Қазақстан Тәуелсіздік алғанға дейін созылды. Бүгінгі күні осы Тәуелсіздігімізді баянды ету арқылы ғана ұлттық мәдениетімізді, құндылықтарымызды сақтап қалу мүмкіндігі туып тұр. Оның ішінде ұлттық ойындар мен спорт та бар.

Олжас Сүлейменов қазіргі казактардың бастарын тақырлап алуы мен шаштан кекіл, тұмар қоюларын, «казак» атын орта ғасырдағы қазақтардан алғандықтарын және атамандарының «хохол» атануын “kokil» кекіл деген сөзден шыққандығын айтады. Және Олжас Сүлейменов «Олимпиада» сөзінің шығуы төркінін түркі тілімен байланыстыра келіп, түркі тілдес халықтарда ежелден қалыптасқан аруаққа табыну, өлгендерге арнап ас беру кезінде ат жарысын, балуан күресін, т. б. сайыстарды өткізу ежелден қалған дәстүр екендігін, өлген басшы адамның орнына жаңа басшы адамды сайлаудың қалыптасқан демократиялық жолы екендігін, басқа адамдармен күш сынасу өзінің денсаулығының мықты екендігін дәлелдеу арқылы билікке келу жолы болғандығын айтады.

Ол «Олим-пи» сөзі грек тілінен «Билеуші өлімі» деген мағынаны білдіретіндігін көрсете келіп, сол сайыстарда жеңіп шыққан адамға белгі ретінде түркілер қолына шоқпар берген, ал римдіктер басына қазіргі кездегідей ағаш жапырағынан «венок» кигізгендігін айтады.

Қазіргі қазақ халқында адамның қайтыс болғаннан кейін жылын беру, асында ат жарыстырып, балуан күрестіру, т. б. жарыстар ұйымдастыруы сол көне кезден қалған дәстүр деп санау қажет.

Сонымен қатар қазіргі кездегі «Қыз қуу» ойынының тарихы өте көнеден сонау «матриархат» деп аталатын қоғам мен шаруашылықты әйел адамдар басқарған кезеңнен бастау алады деп айтуымызға негіз бар. Себебі сол кезде тайпаны басқарушы әйел адам шаруашылықты жүргізу, басқару үшін өзіне сенімді күшті адамдарды таңдап алу мақсатында әртүрлі жарыстар ұйымдастырып, соның ішінде өзін атпен қуып жетуге арналған сайыстар да ұйымдастырған. Осындай жарыстарды өзіне күйеу таңдау үшін де өткізгендіктері туралы деректер кездеседі. Осы жарыстарға барлық үміт етуші адамдар қатысуларына мүмкіндіктері болған. Осыдан барып қазіргі уақыттағыдай «Қыз қуу» жарысына бір ер адам бір әйел адам ғана емес, бір әйел адамның артынан көптеген үміткерлер аттарымен қуғандығын көруге болады. Қазіргі кезде «Қыз қуу» ойыны түпкі шығу мағанасынан өзгеріп, уақыт өте келе қарапайым ойын түріне айналып отыр. Әр елде осындай жарыстар ұйымдастыру арқылы үлкен үлкен мемлекеттік дәрежедегі және даулы мәселелерді шешіп отырған. Мысалы Европадағы көне Рим патшалығында патшайымды әйелдікке алу ең жүйрік адамның үлесіне тиген. Көне прустықтарда кімнің аты бірінші келсе сол дворяндық дәрежеге көтерілген.

Біз ұлттық ойындар мен спорттың дамуы халқымыздың өмірімен тығыз байланысты екендігін көрсете отырып жоғарыда тарих кезеңдеріне арнайы тоқталдық, әр тарихи кезеңнің өзіндік ерекшеліктері болғандығын көрсеттік.

Қазіргі уақытта белгілі болып отырған 200-ден астам ұлттық ойындар мен спорт түрлерінің барлығының даму тарихына шолуды мақсат етпей, зерттеу тақырыбына қатысты қазіргі уақытта ұлттық спорт түрлеріне айналып үлгерген қазақ күресі, ат спорты, тоғызқұмалақ және саятшылық түрлеріне жеке қарастырамыз.

Қазақ күресінің тарихы ұлтымыздың өмір тарихымен тығыз байланысты. Балуан болу адам өміріне қажетті батылдық, алғырлық, күштілік, ептілік, т. б. қасиеттерді дамытады, дарытады. Балуандардың күш сынасуы ат жарысы, ақындар айтысы сияқты қазақ халқының салт-дәстүрлерінің ажырамас бір бөлігі болып саналады.

Қазақтар күш иесін «алып», «толағай», «балуан» деп атап, оны ерекше қасиет қонған адам ретінде таныған. Балуан болу - өнер. Қазақтардың жыл он екі ай далада өмір кешіп, үнемі қозғалыста болу тірлігі, жас баладан бастап еңкейген кәріге дейін дене-күш дайындығына ерекше талап қойды. Қазақ елінде ат үстінде еркін отырудан бастап, садақ ату, күрес, жекпе-жек айла-тәсілдерін меңгеру ұл мен қызға бірдей қойылатын талап деңгейіне көтерілді.

Халқымыздың үлкен байтақ өңірге орналасуы, көшіп- қонып жүруге негізделген шаруашылығы және көршілес елдердің салт- дәстүрлерінің әсер етуі қазақтың жерінде балуандық өнердің бір- бірінен айырмашылығы бар бірнеше түрлерінің дамуына негіз болды. Ертегі - аңыздарда, батырлар жырларында, этнографиялық жазбаларда, тарихи және көркем шығармаларда, археологиялық қазба деректерде күрестің бірнеше түрлері болғандығы туралы дәлелдер көптеп кездеседі.

Қазақ топырағында балуандық өнердің өте көне тарихы бар екендігінің бір дәлелі осыдан 18 ғасыр бұрын 371-381 жылдар арасында ғұндар патшасы Баламбер (Аттиланың алдында) өзінің жеңістері мен айтулы мемлекеттік шешімдерінен кейін үлкен той- жиын өткізіп, оның негізгі бір бөлігі ретінде ат жарыс, балуан күресі, садақ ату, найза лақтыру, аударыспақ, теңге алу, т. б. ойын түрлерін өткізген. Ал сол кездегі ғұндар тілімен осы ойын түрлері былай айтылған: Ээр - хүреш, Ат - хүреш, Ланса - хүреш (ланса - қазақша найза), Шабарман - хүреш, Жебе - хүреш, т. б. Ээр, Ер - күшті мағынасында, Хүреш-балуан күрес мағынасында.

Қазақ халқының ішінде таралған балуан күрестерін төмендегідей бірнеше түрлерге бөлуге болады: қазіргі еркін күреске ұқсас кеуде жалаңаш, жалаң аяқ, белбеусіз күресу түрі, шапан киіп, белдік буынып күресу, белдік буынып, кеудені жалаңаштап күресу, аяқ киімді шешпей күртеше немесе шапан киіп күресу, отырып күресу.

Әр аймақта күресу тәртіптері де әртүрлі болып келген. Кеудені жалаңаштап немесе киіммен күресу жергілікті жердің климаттық ерекшелігіне де байланысты болған.

Күресу шартын балуандар алдын ала өзара келісім бойынша белгілеп отырған. Ел арасында ауызша тараған күрес ережелері қатаң сақталып, оны талассыз мойындаған. «Күш атасын танымас» деген қағидаға сүйеніп, балуандарды жас ерекшеліктеріне және салмақ дәрежелеріне қарай бөлмеген.

Белдесу кезінде «ер кезегі үшке дейін», «ит жығыс», «жол беру» сияқты тәртіптер қолданылған.

Күшті балуанға қаратып айтылатын «Жауырыны жерге тимеген балуан», «Тізесі бүгілмеген балуан» деген сөздер осы кезге дейін сақталған.

Күрес өнеріне байланысты деректер көне аңыз-ертегілерде, батырлар жырларында көптеп кездеседі. Мысалы «Ер Төстік» ертегісіндегі Таусоғар балуанға ешкім шақ келмеген соң, ол бір тауды көтеріп алып, елге күшін көрсетеді.

. . . Ей, Ер Төстік шырағым.

Батыр ең барыс жүректі,

Түспейсің бе күреске,

Түрініп жеңді - білекті,

Алысарсың, жығарсың,

Алқымынан сығарсың, -деп жекпе-жек кезінде әртүрлі әрекетке тиым салынбағандығын көреміз.

Күрес − жер шарын мекендеген барлық халықтар арасында кең тараған екі адамның жекпе-жек бәсекесінде күш, әдіс-айла, қажыр-қайрат сыналатын дене тәрбиесінің бір түрі. Бұдан әлденеше мыңдаған жылдар бұрын арғы ата-бабаларымыз өздерінің жауларын жеңу үшін белгілі бір күрес тәсілдерін пайдалана білген.

Академик, ғалым Әлкей Марғұлан балуан сөзін көне түркінің «блбл» сөзінен шыққандығын айта келіп, Орхон - Енисей жазуындағы «балбал» сөзі «кемпір тас» қазіргі уақыттағы «балуан» яғни күшті, мықты, алып ұғымын беретіндігін көрсетеді.

Қазақ күресін бүгiнде әлемнiң көптеген елдерi танып-бiлдi. Қазақ күресінен өткізілетін жарыстар республикалық дәрежеден асып, Азия және Әлем біріншіліктері өткізіле бастады.

Балуан күрестiру − қазақтың дене тәрбиесiндегi ең көп тараған және маңызды түрі болып саналады. Балуандыққа кiшкене күнiнен машықтанғандардың денесi шымыр, бұлшық еттерi жақсы дамиды.

Халық арасында ат жарыстыары мен балуандық күрес ең көп тараған спорт түрі. Кеңес Одағы кезінде қазақ күресінен ел арасына танымал балуандар ішіне Балуан Шолақ, Қажымұқан, Молдабай, Битабар болса қазіргі кезде ел арасында белгілі болған, халық мойындап «Балуан» атағын берген 46 балуанның есімі белгілі, бұл тізім әлі толықтырылады деп ойлаймыз.

Халықтың тарихи кезеңдерден өте отырып жинақтаған мәдени рухани мұрасы теңдесі жоқ құндылық болып табылады. Осы мәдени мұраның көнелігі және оның тарих жолында атқарған қызметіне байланысты ел мәдениетінің өлшемі аңықталады.

Қандай да болмасын мәдени-рухани байлықты сақтау, оны дамыту үшін дені сау мықты ұрпақ қажет, осы саланы іске асыратын дене тәрбиесі мәдениеті оның бастауы қазақтың ұлттық ойындары болып саналады.

Қазақ халқының тарихы ержүректікке, күштілікке, табандылыққа, шапшаңдыққа, шыдамдылық пен төзімділікке, адамгершілікке баулитын ұлттық спорт түрлері бай. Тарихымыздың бастауына үңілетін болсақ, жас шыбық иілуге қандай тиімді болса, жас бала да тәрбиені қабылдауға сондай бейім екенін аңғарған дана бабаларымыз ұрпақ тәрбиесін ұлттық спорт ойындары арқылы баланың жастайынан ой-өрісін, таным-түсінігін жетілдіріп отырған. Өскелең ұрпақ ат құлағында ойнап, садақты толғай тартып, алмас қылышты сермеп, найзамен жауын түйреген ерлігі осы ұлттық дене шынықтыру жаттығуларын жіті меңгеріп, шыңына жеткендігінің арқасы. Халық мұрасы саналатын бұл ұлттық спорт ойындарын белгілі бір жүйеге сайып келген тәрбие құралы ретінде де қарауға болады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев: елімізге, бойында ата-бабаларымыздың ел мен жерге деген сүйіспеншілік қасиеті бар, егеменді елімізге аямай қызмет ететін ой өрісі кең, алғыр да жүректі, сауатты да салауатты азаматтар қажет, сондықтан болашақ еліміздің намысын жықпайтын азаматтардың бойына патриотизмді қалыптастыруда, бабалардың ерлік-істерін үлгі ретінде тәрбие саласында қолдану керектігін айрықша атап өткен болатын.

Этнограф - ғалымдардың пайымдауынша, ата-бабаларымыздан бізге жеткен ұлттық ойындарымыздың тарихы Қазақстан жерінде б. з. б. бірінші мыңжылдықта-ақ қалыптасқан. Олардың ішінде тоғызқұмалақ, асық ойындары Азия елдерінде тайпалық одақтар мен алғашқы мемлекеттерде кеңінен тарады. Біздің қоғамыздағы ұлттық ойындардың негізі, шығу тегі халқымыздың көшпелі дәстүрлі шаруашылық қарекеттерінен бастау алады. Солардың ішінде ойындары әлі күнге дейін өзінің ұлттық құнын жоймай келе жатқан қазақтың ұлттық ойындарына тоқталдық. Олар: «Қазақ күресі», «Бәйге», «Көкпар», «Қыз қуу», «Теңге алу», «Жамбы ату», «Жорға жарыс», «Аударыспақ», «Тоғызқұмалақ».

Ғылымның қай саласы болмасын өз тарихын терең зерттеп алмайынша алға баспайды. Демек, «зерттеуді өз тарихынан бастау - ғылым жетістіктерін игерумен қатар, оның одан ары алға басуына үлкен мүмкіншіліктер туғызады». Дәл осы жағдай қазақ ұлт ойындарының даму тарихына да қатынасы болса керек. Халықтың ұлттық хәне спорттық ойындарының да өзіндік тарихи даму жолдары, қалыптасу кезеңдері, тәрбиелік маңызы халықтың саяси әлеуметтік-экономикалық дамуына негіз болды. Қазіргі кемеліне келген тарихи ғылымдардың дәлелдеуі бойынша, күні бүгінгі бізге жеткен ұлт ойындарының қалыптасу кезеңі сонау адамзат баласының жаратылған күнінен, демек, Қазақстан жерінде қалыптасқан алғашқы қауымдық құрылыстан басталады. Сонан бері біздерге жетіп, ойналып жүрген ұлт ойындарының ішіндегі әртүрлі құмалақ ойындары, бестас, асық, садақ ату, қарагие, тағы басқалары шамамен алғанда 5000 жылдар бұрын ойналғандығы жайында ағылшын ғалымы Э. Маккей « . . . бұл ойындардың барлығы дерлік Азия елдерінде тайпалық одақтардың арасында тарағанға ұқсайды» - дейді. Сондай-ақ мұндай пікірлерді Венецияның саяхатшысы Марко Поло да қостайды. Ол өзінің Жетісу бойында болған сапарында көрген «Қызбөрі» ойыны да Қазақстан территориясындағы тайпалардың пайда болған кезінен, яғни таптық қатынаспен бірге туғандығы жайлы ескертеді».

Қазіргі Қазақстан жерін мекендеген ең алғашқы рулардың әдет-ғұрыптарының негізінде дамыған алуан түрде ойналатын қазақтың ұлттық ойындары, көшпелі халықтың дала табиғатына сай дами берді. Әр трлі өнердің белгілі бір ортада жүйеленіп, «театры жоқ елдің театр орнына көретін сауығы-еңбек мерекелері мен қыз ұзату, бала сүндеттеу мен өлгенге ас беру сияқты ойын-тойларының өзекті драмалық элементіне жататын арқауы ән мен күй, халық ойындары болғаны да даусыз. Осылайша, ертеден бергі ұзақ сонар көшті» соңында мал бағып келген қазақ халқының да әдеті мен өзіндік жорамалы блды. Әр алуан дәуірмен, әр қилы кезеңдерді басынан өткізсе де, қазақ халқы өздерінің көшпелі тұрмысында қалыптасқан әдеттерін рухани азық ете білді. Халақ өмірдің қандай қиыншылығына да, қуанышына да төзе отырып, осы әдет-ғұрыптарды, толғау жырлар мен әндерді, сарынды күйлерді көңіл ашар қуанышы, қайғы-шерін тарқатар алданышы, ауыр күндерде ой тербететін жұбанышы етіп отырған. Сондықтан да қазақтың ойын-сауықтарының, әдет-ғұрыптарының түпкі негізі мал өсіру мен экономикалық қарым- қатынастың дамуымен байланысты.

Әдебиеттер:

1. М. Болғанбаев. Қазақтың ұлттық спорт түрлері. Алматы: «Қайнар», 1985.

2. Қ. Р. Байдосов, Е. М. Мұхидинов, А. А. Жылмағанбетов. Қазақша күрес. Алматы, 1987.

3. М. Тәнекеев, І. Қ. Адамбеков. Қазақтың ұлттық спорт ойындары. Алматы, 1994.

4. М. Тәнекеев. Қазақтың ұлттық спорт түрлері. Алматы, 1991.

5. М. Рахманқұлов. Қазақша күрес, Қазақтың ұлттық спорт түрлері. Алматы, ФиС, 1956.

6. М. Тәнекеев. Қажымұқан. Алматы: Білім, 2001.

№2 Лекция тақырыбы: Ұлттық спорт түрлерінің қазіргі кезеңдегі өзекті мәселері.

Лекция жоспары:

1. Қазақстан Республикасында ұлттық спорт түрінің өткен жылғы даму ерекшеліктері. ҰСТ шұғылданушылардың саны мен сапасы.

2. Қазақстан Республикасында ұлттық спорт түрінің өткен жылғы даму ерекшеліктері. ҰСТ шұғылданушылардың саны мен сапасы.

3. Дене шынықтыру жүйесіндегі ұлттық спорт түрлерінің алатын орны. Ұлттық спорт түрлерінің жастарды тәрбиелеудегі орны.

4. Спорттық федерациялар. Ұлттық спорт түрлерінің қоғамдағы дамуы.

5. Қазақ күресінің әдіс-айла тәсілдеріне енгізілген өзгерістер. Тоғызқұмалақ ойынының әдіс-айла тәсілдеріне енгізілген өзгерістер. Оқу-жаттығу жұмысындағы жаңа өзгерістер, жарыстарды талдау.

Лекция мақсаты: Студенттерге теориялық білім беру, өз бетінше жұмыс жасауға үйрету

Лекция мазмұны:

Лекция мәтіні (қысқаша) : Қазақтың ұлттық ойындары туралы қалам тартқан ғалымдар Е. Сағындықов, Ә. Диваев, М. Жұмабаев, М. Тәнекеев, Б. Төтенаев, М. Балғымбаев, Ә. Бүркітбаев, т. б. ұлттық ойындардың жастар үшін тәрбиелік мәні зор екенін атап өтеді.

Қазақтың «Ақсерек-Көксерек», «Ақсүйек», «Орамал тастамақ», «Шілік», «Арқан тарту», «Аударыспақ» сияқты ұлттық ойындары қайрат-жігерді, байқампаздық пен сезімталдықты арттырса, ал «Тоғызқұмалақ» сияқты ойындар ойлау қабілетін арттырады.

А. А. Диваев "Қазақ балаларының ойындары" мақаласында ер балалар мен қыздардың саз балшықтан жануарлардың түрлі мүсіндерін жасау, қуыршақтарына киім тігу қабілеттері көрсетіліп, "Соқыр теке", "Көк сиыр", "Бөрік жасырмақ" т. б. ойындардың мазмұнын ашады. Сондай-ақ, "Қырғыз жастарының көне ойындары" мақаласында, тойда, айттарда ауыл жастарының ат жарыстары "Қыз қуу", "Көкпар", "Аударыспақ" т. б. ойындары жайында мағлұматтар береді. Әрине, бұл ойындардың дене тәрбиесінде алатын орны өзгеше, әсіресе, спорт саласында.

Басқа бір зерттеуші Сәкен Сейфуллин туралы: "Біздің ауылда барлық жерде әнді де, ертегіні де естуге болатын. Кештер, ойын-сауықтар, айтыс жиі ұйымдастырылатын. Бала жастан осы әндер, айтыстар, ошақ қасында естіген осы ертегілер мен аңыздар менің санамда қалып қойды, " - деп балалар ойындарын әндермен, айтыстармен байланыстыра қарастырады. Қазақ халқының өмірінде ойынсыз тірлік бітпеген тіпті көшіп қонуда да жастар аяғын ойынға айналдырып отырған. "Бұл елдің ескі бір салты бойынша, көші-қон кезінде жастар әуелі үлкендердің үйін тігісіп береді. Одан соң жетім қалған үйлерді де тігіседі. Ең соңыңда отау үйлерді қалдырып, аяғын ойын-сауыққа айналдырып әкетеді" - деп жазған екен Ғабит Мүсрепов "Ұлпан" повесінде.

Кеңес дәуірі жылдарында қазақтың ұлттық дәстүрлі халық ойындары күн тәртібіндегі өзекті мәселе болғанына қарамастан, сол тоталитаризм кезінде дәстүрлі ұлттық ойындарды зерттеген авторлар қатарында М. Тәнекеев, Б. Төтенаев, М. Болғымбаев, Ә. Бүркітбаев, т. б. есімдерін атауға болады. Әсіресе М. Тәнекеевтің қазақтың ұлттық және дәстүрлі ойындарын зерттеген деректерінің өзі жеке мәселе. Оның негізгі еңбектері Қазақстандағы спорт пен дене тәрбиесі саласына арналған. Ең бастысы, ол дене тәрбиесінің халықтық педагогикасы сияқты көкейтесті мәселесінің негізін қалаған М. Тәнекеевтің авторлығымен шыққан алғашқы туынды «Казахские национальные виды спорта и игры» (Алматы, 1957) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық спорт пен ойындардың теориялық және педагогикалық негіздері
Ұлттық спорт түрлерінің ерекшелігі
Ұлттық спорт түрлері бойынша Республикалық және халықаралық ұйымдар
Ұлттық спорт түрлеріндегі оқу-зерттеу және ғылыми зерттеу жұмыстары
Ұлттық спорт түрлеріндегі ойын жаттығуларының маңызы
Асық ойыны - қазақ халқының дәстүрлі ойыны
Хоккейдің тарихы
Дене тәрбиесін жүзеге асыру
Ұлттық спорт түрлері
Күрестің ұлттық түрі «қазақ күресі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz