Қазақ әдет құқығындағы хан институты
КІРІСПЕ
1 ДӘСТҮРЛІ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ХАН ИНСТИТУТЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ
1.1 Дәстүрлі қазақ қоғамындағы хан институтының генезисі және даму кезеңдері
1.2 Қазақ әдет құқығындағы хан институтының табиғаты және ерекшеліктері
1.3 Хан билігінің саяси билік жүйесіндегі алатын орны мен атқаратын ролі
1.4 Хан сайлау дәстүрі
2 ДӘСТҮРЛІ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ХАН ИНСТИТУТЫНЫҢ НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТТЕРІ
2.1 Ханның қоғам ішіндегі саяси қызметі
2.2 Ханның әскери қызметі
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Қазіргі кезеңде Қазақстан дамыған елу елдің қатарына көтерілуді мақсат етіп отыр. Сонымен қатар, еліміз құқықтық, демократиялық, зайырлы мемлекетті орнықтыратындығы конституциялық деңгейде белгіленген болатын. Қазақстанның алдында тұрған бұл мақсаттар мен міндеттері өте ауыр және үлкен жауапкершілікті талап етеді. Қазақстанның алдында тұрған бұл мақсаттарға еліміз гүлденген экономикалық дамуы бар, мәдени саяси жағынан озық үлгілерді, тәжірибелерді негізге ала отырып, соны орынды жұмылдыра пайдалана білгенде ғана жете алады. Тәуелсіздігімізге ие болып, егемен ел болғанымызды әлемге әйгілегелі бері рухани-мәдени өркендеуімізде оң өзгерістер бола бастады. Осы мезгілге дейін кешегі патшалық өкімет, кейінгі кеңестік жүйе әсерінен халқымыздың рухани-мәдени мұрасы солғын тартып, тіпті өшіп кетуге сәл-ақ қалған, ата-бабаларымыздың бар шындығын жариялауға мұрсат бермей, ондай қадамға барғандарды «ұлтшыл» деп айыптап, бас бостандығынан айырды. Ал егемендік алғалы, асыл мұраларымызбен қайта табысуға мүмкіндік туды. Соның нәтижесінде қазақ халқы өзінің ұлттық алып тұлғаларының өмірі мен қызметіне қанығып, өздерін жаңаша сезіне бастады. Қазақстан Республикасының Президенті 2008 жылғы Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттің басты мақсаты атты өзінің жолдауында Қазақстанның дамуының басты бағыттары туралы былай дейді: “Қазақстан халқына арналған 2006 және 2007 жылдардағы Жолдауларымда мен ағымдағы міндеттер туралы ғана емес, біздің дамуымыздың келешегі жайында да айтқан едім. Осыған орай, әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарынан нық орын алу мен 30 коропоративтік көшбасшыларын қалыптастыру негізінде елді индустрияландыру міндеттері біздің басты стратегиялық мақсатымыз болып қала бермек”. Міне бұл биіктерге қол жеткізу үшін біз қазіргі кезеңдегі экономикалық инфраструктураны дамытумен қатар, мәдени әл-ауқаты жоғары қоғамдық сананы да, қалыптастыруға байланысты шараларды жүзеге асыруымыз керек. Әрине, бұл бағыт бойынша елімізде мәдени мұра бағдарламасы жүзеге асырылуда. Мәдени мұра бағдарламасының аясында қазақтың өткен тарихындағы ақтаңдық беттердің барлығын орнына келтіріп, оның түпкілікті толық көрініс тапқан шын бейнесін жасау мүмкін емес. Соңғы кезде академик С.З. Зимановтың тікелей басшылығымен 10 томдық «Қазақтың ата заңдары» жарық көру үстінде. Бұрын мұрағаттарда, сирек қолжазба қорларында, болмаса жеке адамдардың қолдарында шашырап жатқан құнды материалдарды жинап томдықтарға еңгізіп отыр. Бұл қазақ құқық жүйесін зерттеушілер үшін өте пайдалы жұмыс болып табылады. Хан билігінің қазақ дәстүрлі қоғамында қандай орын алғандығы, қандай нысанда болғандығы толғандырады. Демек, зертеудің негізгі, сол ойлар мен сұрақтардың өзінен-ақ туындайды.
1 Нұрпейісов Е.Қ., Котов А.К. Қазақстан мемлекеті: хандық биліктен президенттік республикаға дейін. – Алматы: Жеті жарғы, 1996. – 96 б.
2 История Казахской ССР в 5-ти т-х. – Алматы, 1979. – Т. 2. – 423 с.
3 Қозыбаев Б. Қазақстан тарихы. Бес томдық. – Алматы. – 1998. – 1.Т. – 543 б.
4 Толстов С.П. Генезис феодализма в кочевых скотоводческих обществах. - М., 1934. – 215 с.
5 Бичурин Н.Я. Собрание сведений о народах, обитавших в средней Азий в древние времен. – М., 1953. – 451 с.
6 Гумилев Л.Н. Көне түріктер. – Алматы.- 1994. – 543 б.
7 Д'Андре Л. Материалы по казахскому обычному праву / Сост.:
Т.М. Культелеев, М.Г. Масевич, Г.Б. Шакаев. – Алма-Ата: АН Каз ССР, 1948. –
350 с.
8 Белозеров А. Материалы по казахскому обычному праву / Сост.:

9 Сартаев С.С. Өзбекұлы С. Политическая и правовая история Казахстана (документы и материалы конца ХІХ –начала ХХ вв.). – Алматы. - 2000. – 485 б.
10 Тельман Э. Проблемы казахского обычного права. – Алма-Ата: Наука, 1989. – 144 с.
11 Султанов Т.И. Поднятие на белой кошме. Потомки Чингизхана. - Алматы: Дайк –Пресс, 2001. – 385 с.
12 Федоров-Давыдов Г.А. Общественный строй золотой орды. – М., 1966. – 233 с.
13 Әбіласан Ә . Көне сөздер құпиясын тарихи зерттеу. – Алматы. – 1995. – 145 б.
14 Бартольд В.В. Халиф и султан. - М., 1912. – 324 с.
15 Кенжалиев З. Көшпелі қазақ қоғамындағы дәстүрлі құқықтық мәдениет. – Алматы: Жеті жарғы, 1997. – 192 б.
16 Кишибеков Д. Кочевое общество: генезис, развитие, упадок. – Алматы: Наука, 1984. – 345 с.
17 Зиманов С.З. Общественный строй казахов первой половины ХІХ в. Алматы. – 1958. – 182 с.
18 Төле би / Араб харпінен көшірген, құрастырған, алғы сөзін жазған- Сәрсенбі Дәуітов “Мұраттас” ғылыми зерттеу орталығы. – Алматы. - 1999. – 96 б. Казахско-русские отношения в ХVІ-ХVІІІ веках: Сборник документов и материалов. – Алма-Ата: Изд. АН Каз ССР, 1961. – 743 с.
19 Билер сөзі: Шешендік толғаулар, шешендік арнаулар / Құраст.:
Т. Кәкішев. – Алматы: Қазақ университеті, 1992. – 160 б.
20 Өзбекұлы С. Көшпелі қазақ өркениетіндегі құқық. – Алматы, 2002. –
224 б.
21 Үш пайғамбар / Құраст. А. Нысаналы. – Алматы: Дәуір, 1992. – 184 б.
22 Зиманов С.З. Политический строй Казахстана конца ХVІІІ и первой половины ХІХ веков. – Алматы: Изд. АН Каз ССР, 1960. – 296 с.
23 Бикенова А. Қазақ қоғамындағы хандар билігі // Заң газеті. – 2000. - 19 қаңтар 2000 ж
24 Телеуова Э.Т. Тауке (Тәуекел –Мухаммед-Бабыр хан ) тұсындағы қазақ халқының саяси әлеуметтік ахуалы.: тарих ғыл. канд. дисс: 12.00.01. – Алматы. – 1997. 24 б.
25 Зиманов С.З. Қазақ даласында әділ соттың «Алтын ғасыры» болды ма? // Қазақтың Ата Заңдары. 10 томдық. – Алматы: Жеті жарғы, 2004. – Т. 3. –
616 б.
26 Макиавелли Никколо. Князь / Итал. тілінен ауд. С.М. Роговин. - М., 1910. – 560 с.
27 Бартольд В.В. Сочинения,в 4 томах. –М., 1965. - Т. 4. – 180 с.
28 Гордеков Н.И. Киргизы, қара - киргизы Сыр-Дарьинской oбласти. Ташкент 1989. - 343 с.
29 Сейдімбек А. Тәуке хан реформалары жайында бірер сөз. – Алматы, 1993. – 361 б.
30 Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд и степей / Под ред. М.К. Козыбаева. – Алматы: Санат, 1996. – 655 с.
31 Кашанина Т.В. Происхождение государства и права. М: Юрист, 1999. – 155 с.
32 Зиманов С.З. Қазақтың билер соты-бірегей сот жүйесі. – Алматы: Ата-мұра, 2008. – 216 б.
33 Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі. – Алматы: Ер –Дәулет, 1994. – 183 б.
34 Толыбеков С.Е. Кочевое общество казахов в ХҮІІ-начале ХХ века. (Политико-экономический анализ). Алма-ата: Наука, АН КазССР, 1971. – 633 с.
35 Бернштам А.Н. Очерки историй гуннов. - Л., 1951. – 545 с.
36 Қазақтың көне тарихы / Арап қарпінен көшірген М. Қани. – Алматы: Жалын, 1993. – 400 б.
37 Құдайбердіұлы Ш. Түрік, қырғыз һәм хандар шежіресі. Алматы: Санат, 1991. – 145 б.
38 Омарбеков Т., Омарбеков Ш. Қазақстан тарихында және тарихнамасына ұлттық көзқарас. – Алматы: Қазақ университеті, 2004. – 388 б.
39 Усеров Н. Исследование правового памятника «Жети жаргы»: Автореф. дис. канд. юрид. наук. – Алматы, 1977. – 22 с.
40 Ерофеева И.В. Казахское ханство. - Алматы. – 1997. – 560 с.
41 Маймақов Ғ. Қазақстан Республикасының саяси-құқықтық тарихы. – Алматы. – 2000. – 340 б.
42 Кареев Н. Происхождение современного народного –правового государства : Исторический очерк конституционных учреждений и учений до средины ХІХ в. - Спб., 1908. – 254 с.
43 Черниловский З.М. Всеобщая история государства и права. – Москва: Юрист, 1996. – 645 с.
44 Султанов Т.И. Кочевые племена Приаралья в ХҮ –ХҮІІ вв. – М., 1982. – 245 с.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ–ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЗАҢ ФАКУЛЬТЕТІ
МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫ МЕН ТАРИХЫ
КАФЕДРАСЫ
Диплом жұмысы
Тақырыбы: Қазақ әдет құқығындағы хан институты
Орындаған 3 курс
күндізгі оқу бөлімнің студенті __________________ Тайсарин А.
Ғылыми жетекші
з.ғ.к., доцент _________________________ Турсынкулова Д.А.
Норма бақылаушы
з.ғ.к., доцент _________________________ Ахатов
У.А.
Кафедра меңгерушісінің
рұқсатымен қорғауға жіберілді
т.ғ.к., профессор _________________________
Нездемковский В.В.
Алматы, 2010
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 ДӘСТҮРЛІ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ХАН ИНСТИТУТЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ
7
1.1 Дәстүрлі қазақ қоғамындағы хан институтының генезисі және даму
кезеңдері 7
1.2 Қазақ әдет құқығындағы хан институтының табиғаты және
ерекшеліктері 18
1.3 Хан билігінің саяси билік жүйесіндегі алатын орны мен атқаратын
ролі 40
1.4 Хан сайлау дәстүрі 45
2 ДӘСТҮРЛІ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ХАН ИНСТИТУТЫНЫҢ НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТТЕРІ
54
2.1 Ханның қоғам ішіндегі саяси қызметі 54
2.2 Ханның әскери қызметі 59
ҚОРЫТЫНДЫ 62
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 64
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Қазіргі кезеңде Қазақстан дамыған елу
елдің қатарына көтерілуді мақсат етіп отыр. Сонымен қатар, еліміз құқықтық,
демократиялық, зайырлы мемлекетті орнықтыратындығы конституциялық деңгейде
белгіленген болатын. Қазақстанның алдында тұрған бұл мақсаттар мен
міндеттері өте ауыр және үлкен жауапкершілікті талап етеді. Қазақстанның
алдында тұрған бұл мақсаттарға еліміз гүлденген экономикалық дамуы бар,
мәдени саяси жағынан озық үлгілерді, тәжірибелерді негізге ала отырып, соны
орынды жұмылдыра пайдалана білгенде ғана жете алады. Тәуелсіздігімізге ие
болып, егемен ел болғанымызды әлемге әйгілегелі бері рухани-мәдени
өркендеуімізде оң өзгерістер бола бастады. Осы мезгілге дейін кешегі
патшалық өкімет, кейінгі кеңестік жүйе әсерінен халқымыздың рухани-мәдени
мұрасы солғын тартып, тіпті өшіп кетуге сәл-ақ қалған, ата-бабаларымыздың
бар шындығын жариялауға мұрсат бермей, ондай қадамға барғандарды ұлтшыл
деп айыптап, бас бостандығынан айырды. Ал егемендік алғалы, асыл
мұраларымызбен қайта табысуға мүмкіндік туды. Соның нәтижесінде қазақ халқы
өзінің ұлттық алып тұлғаларының өмірі мен қызметіне қанығып, өздерін жаңаша
сезіне бастады. Қазақстан Республикасының Президенті 2008 жылғы Қазақстан
халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттің басты мақсаты атты өзінің
жолдауында Қазақстанның дамуының басты бағыттары туралы былай дейді:
“Қазақстан халқына арналған 2006 және 2007 жылдардағы Жолдауларымда мен
ағымдағы міндеттер туралы ғана емес, біздің дамуымыздың келешегі жайында да
айтқан едім. Осыған орай, әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарынан
нық орын алу мен 30 коропоративтік көшбасшыларын қалыптастыру негізінде
елді индустрияландыру міндеттері біздің басты стратегиялық мақсатымыз болып
қала бермек”. Міне бұл биіктерге қол жеткізу үшін біз қазіргі кезеңдегі
экономикалық инфраструктураны дамытумен қатар, мәдени әл-ауқаты жоғары
қоғамдық сананы да, қалыптастыруға байланысты шараларды жүзеге асыруымыз
керек. Әрине, бұл бағыт бойынша елімізде мәдени мұра бағдарламасы жүзеге
асырылуда. Мәдени мұра бағдарламасының аясында қазақтың өткен тарихындағы
ақтаңдық беттердің барлығын орнына келтіріп, оның түпкілікті толық көрініс
тапқан шын бейнесін жасау мүмкін емес. Соңғы кезде академик С.З. Зимановтың
тікелей басшылығымен 10 томдық Қазақтың ата заңдары жарық көру үстінде.
Бұрын мұрағаттарда, сирек қолжазба қорларында, болмаса жеке адамдардың
қолдарында шашырап жатқан құнды материалдарды жинап томдықтарға еңгізіп
отыр. Бұл қазақ құқық жүйесін зерттеушілер үшін өте пайдалы жұмыс болып
табылады. Хан билігінің қазақ дәстүрлі қоғамында қандай орын алғандығы,
қандай нысанда болғандығы толғандырады. Демек, зертеудің негізгі, сол ойлар
мен сұрақтардың өзінен-ақ туындайды.
Қазақ халқының тарихының өшпес белгілері болып табылатындығын айтып
кеттік ғасырлар бойы қалыптасқан мемлекет, өзінің демократиялық белгілерін
жоймай, бүгінгі күнде дамыған,өркениетті қоғам құруға жол ашты. Бұл
белгілері дәстүрлі қазақ қоғамының барлық институттарында көрінеді.
Биліктің дәстүрлі қазақ қоғамында тек қалыптасқан дәстүрлі
қатынастарға ғана емес, сонымен қатар, реттеуші құқықтық нормалардың да
байланысты болғандығын ескере кету керек. Әрине, көптеген ғалымдар,
дәстурлі қазақ мемлекеттігіндегі әкімшілік құқықтық қатыныстарды архаиқалық
түрге жатқызуы мумкін. Бірақ, олай болғанымен, бұл қатынастар елде адам
құқықтары мен бостандықтаррының басшылыққа алынуына жол ашты. Бұндай
нәтижеге жеткен өзге елдер бар мекен? Еуропа да әрбір қоғамда мемлекет-
тіліктің дамуы, мәжбүрлеу механизмінің күшейтілуі арқылы жүзеге асса, азақ
дәстүрлі мемлекеттілігі керісінше бірлесу арқылы дамыған.
Ханның билігі қазақ жерінде “көшпелі монархияның” түсінігін қалыптас-
тырды. Әлемдік мемлекет тану ғылымында таралмаған бұл басқару нысаны,
болашақ зерттеушілер үшін бастау алаңы болмас.
Сонау Түрік қағанатынан бастап Қазақ хандығының Ресейге қосылу сәтіне
дейін. Қазақ жерінде көшпелі және отырықшы мәдениеттің ұштасуы мен дамуы
көрінген. Сол жағдайда бір басқарушының билік жүргізуі, басқа ешбір жерде
көрінбеген ерекшіліктерді тудырады. Қазақ жеріндегі саяси билік өзге жерден
келген мәдениетті жұтып алып, өз ішінде жаңаша жүйе қалыптастырған.
Мемлекеттілікті зерттеуде, оның құқықтық және саяси ерекшіліктерін
басшылыққа алып отыру, мемлекеттің құқықтық теориясы мен тарихы пәнін
түзейді.
Қазақ дәстүрлі мемлекеттілігін қарастыру үшін ең алдымен жалпы қазақтың
дәстүрлі мәдиниеті, салт - санасы мен тілін білу керек. Оны білмей теория
құру дұрыс жолға түспейді.
Бұл жұмыста қазақ дәстүрлі мемлекеттігінде ең жоғарғы саяси билік
зерттелінді. Ол биліктің біздің қоғамда-хан аталуын білеміз. Тақырыптың өзі
тарихи жолдағы құқықтық механизімнің қалыптасуы мен дамуын қарастырды.
Мемлекет болғандықтан, ол арнайы жүйеден тұрады, ол жүйе қандай болған-ығын
бәріміз білгіміз келеді.
Хан билігінің қазақ дәстүрлі қоғамында қандай орын алғандығы, қандай
нысанда болғандығы толғандырады. Демек, зертеудің негізгі, сол ойлар мен
сұрақтардың өзінен-ақ туындайды. Жоғарғы билік қазақ қоғамында басқа
халықтардың жүйесіне ұқсады ма немесе, ешкімге ұқсамаған жүйе боды ма?
Батыс авторлары қазақ дәстүрлі мемлекеттігін формациялық критерийлер
арқылы, сараптайды. Оның теріс болғандығын қәзіргі жас мемлекетіміздің
ғалымдары дәлелдеуде. Қазақ халқы өзінің құқықтық тарих сахнасынан
өшірілген немесе жоғалтылған рухани мәдени құндылықтарын қайта жаңғырту
үстінде. Соның нәтижесінде қазақ халқы өзінің ұлттық тарихына, әдет-ғұрып,
салт-дәстүріне, елі-жері үшін жандарын пида еткен тұлғаларының өмірі мен
қызметіне жаңаша көзқараспен қарай бастады.
Қазақ тарихының жұлдыздары саналатын, билер мен батырларымыз хан
билігіне қандай қатысы болды? Бұл тұлғалар ортақ қазақ мемлекеттілігінің
ірге тасын қалады.
Қазіргі кезде, судай қажетті демократияның негізгі белгілерінің қазақ
дәстүрлі қоғамында орын алғандығын айта кету керек. Ол белгілер хан
билігінің жүйесінде де көрініс тапты. Жалпы, қазақ дәстүрлі қоғамында
ханның кім болғаны, оның билігінің қандай саяси–құқықтық нысанда болғаны,
кзіргі кезеңмен салыстырғандағы бейнесі туралы ойларды осы еңбекте ашуға
тырысамыз.
Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Қазақ қоғамындағы қазақ әдет-ғұрып
құқығындағы хан билігінің қалыптасуы мен дамуы туралы зерттеулер, ой-
пікірлер жүйесі бұрыннан қалыптасып келе жатыр. Қазақ әдет-ғұрып
құқығындағы хан билігінің қалыптасуы мен дамуы, оның бастаулары қазақ
даласында өмір сүрген ғұн, үйсін, қаңлы дәуірлеріне барып тіреледі. Оның
болмысын зерттеуде Рессей мемлекетінің А.И. Левшин, Л. Д'Андре,
И.А. Козлов, Н. Гродеков, Я. Гавердовский, Л.Ф. Баллюзек, Г.
Загряжский, Л.А. Словохотов, С.Л. Фукс т.б. секілді ХІХ ғасырда
өмір сүрген озық ойлы зиялылар еңбектерінің берері көп. Сондай-ақ отандық
белгілі заңгер ғалымдар С.З. Зиманов, С.С. Сартаев, С. Сәбікенов, Т.
Култелеев, Н. Өсерұлы, С. Өзбекұлы, З. Кенжалиев, А.С. Ибраева, Б.
Қуандықов, Н. Мыңбатырова, К. Жиреншин, С.Ф. Ударцев, т.б. ғылыми еңбектері
басшылыққа алынды. Сондай-ақ, өзге де қоғамтану ғылымы саласының
зерттеушілері Е. Бекмаханов, М. Қозыбаев, Н.Г. Аполлова,
В.Я. Басин, Б.С. Сүлейменов, Б. Адамбаев, С. Өтенияз, С.
Дәуітов, Н. Төреқұлов, Ж. Дәдебаев, С. Негимов,
М. Есламғалиұлы, т.б. ғылыми еңбектеріне де сүйенді және Қазақстан
Республикасы мен Ресей мұрағатын-ағы сақталған деректер және осы
мұрағаттағы белгілі ғалымдардың еңбектері пайдаланылды. Соңғы кезде
академик С.З. Зимановтың тікелей басшылығымен 10 томдық Қазақтың ата
заңдары жарық көру үстінде. Бұрын мұрағаттарда, сирек қолжазба қорларында,
болмаса жеке адамдардың қолдарында шашырап жатқан құнды материалдарды жинап
томдықтарға еңгізіп отыр. Бұл қазақ құқық жүйесін зерттеушілер үшін өте
пайдалы жұмыс болып табылады. Сонымен қатар бұл жұмысты жазу барысында
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының сирек қорларындағы
кітаптар мен қолжазбалар, Орталық ғылыми кітапханасының сирек қорларындағы
Қазақстан тарихына байланысты қолжазбалар кеңінен сараланып пайдаланылды.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Қазақ әдет-ғұрып құқығындағы
хандық биліктің мәні мен маңызын ашу, хан билігінің функцияларын айқындау,
оның дипломат, би, ретінде болып қалыптасқандығын нақты фактілермен
дәлелдеу
Осы мақсатқа жету мынандай міндеттерді шешу көзделді:
- дәстүрлі қазақ қоғамындағы хан билігінің қалыптасуы мен
дамуын қарастыру;
- дәстүрлі қазақ қоғамындағы хан билігінің генезисі және даму
кезеңдерін айқындау;
- хан билігінің табиғаты және ерекшеліктерін саралау;
- хан билігінің саяси билік жүйесіндегі алатын орны мен
атқаратын ролі, хан сайлау дәстүрі, хан күзетіне сипаттама
беру;
дәстүрлі қазақ қоғамындағы хан билігінің негізгі қызметтерін, ханның
қоғам ішіндегі саяси қызметін, ханның әскери қызметін, сот істері бойынша
ханның құзыретін, ханның сыртқы істері бойынша құзыретін, ханның заң шығару
қызметінің кейбір қырлары қарастырылады.
Дипломдық жұмыстың объектісі және пәні. Негізгі объектісін XVII-XVIII
ғасырлар аралығындағы қазақ хандығындағы саяси-құқықтық қатынастар және
қазақ әдет-ғұрып құқығындағы хандық биліктің қалыптасуы мен дамуына ықпал
етуші билердің қызметтері құрайды. Дипломдық жұмыстың негізгі пәнін қазақ
әдет-ғұрып құқығындағы хан билігінің тарихы, табиғаты, заң шығарушылық
қызметі, дәстүрлі қазақ қоғамындағы ханның алатын орны әрі өзара ықпалдаса
отырып атқаратын қызметі құрайды.
Дипломдық жұмыстың ғылыми-әдістемелік базасы. Диплом жұмысы әсіресе
құқықтану ғылымында қолданылатын әдістерге негізделіп жазылды. Бұл
әдістерге тарихи-салыстыру, талдау, анализ бен синтез тәсілдері
пайдаланылды. Диссертациялық жұмысты жазуда белгілі заңгер ғалымдар С.З.
Зиманов, С.С. Сартаев, С. Сәбікенов, Т. Култелеев, С.Л. Фукс, Н. Өсерұлы,
С. Өзбекұлы, З. Кенжалиев, А.С. Ибраева, Б.Ж. Қуандықов, Н. Мыңбатырова, К.
Жиреншин, С.Ф. Ударцев, т.б. ғалымдардың ғылыми еңбектері басшылыққа
алынды. Сондай-ақ өзге де қоғамтану ғылымы саласының зерттеушілері
Е. Бекмаханов, М. Қозыбаев, Н.Г. Аполлова, В.Я. Басин, Б.С. Сүлейменов,
Б. Адамбаев, С. Өтенияз, С. Дәуітов, Н. Төреқұлов, Ж. Дәдебаев, С. Негимов,
М. Есламғалиұлы, т.б. ғылыми еңбектеріне де сүйендік.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:
- Дәстүрлі қазақ қоғамындағы мемлекеттік билік нышандары сараланады.
Олардың қазақ қоғамындағы мемлекеттілікті қалыптастыруда саяси – құқықтық
мәні ашылады.
- Қазақ қоғамында биліктің пайда болуы мен нысандары көрсетіледі.
- Дәстүрлі қазақ қоғамындағы биліктің үйлесімділігі мен оның
құқықтық механизімдері ашылып көрсетілген.
- Хан билігінің жүйесі мен аппаратының құқықтық мәні берілген. Саяси
– құқықтық билікке әсер еткен саяси, экономикалық және әлеуметтік
жағдайлар көрсетілген .
- Саяси билік генезисі беріліп оның құқықтық сипатты көрсетілген.
Дипломдық жұмыстың тәжірибелік маңызы. Зерттеу жұмысы нәтижелерінің
нәтижелері қазақтың саяси – құқықтық тарихына жаңаша көзқарас
қалыптасыруға септігін тигізеді. Сол арқылы ол тарихи, рухани, мәдени
саладағы білімді арттыруға негіз бола алды. Елімізде жүргізіліп жатқан
құқықтық реформалардың тарихи – мәдени бет бейнесін айқындауға, заң сот
жүйелеріне өзгерістер енгізу барысында тарихи тәжірибені ескеруге ұйтқы
болмақ.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Кіріспеден, екі бөлімнен, алты бөлімшеден,
қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. ДӘСТҮРЛІ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ХАН ИНСТИТУТЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ

кезеңдері
Тәуелсіздік алғалы бері қазақтың дәстүрлі құқығын зерттеу жаңа
жолға түсті. Өз елінің тарихын білмеу, болашақта ол елді түсінбеу десек
қателес-пейміз. Қазақ халқы, ежелгі халық екенін бәрі біледі, ал оның
өркениетінің жоғары дәрежеде болғандығы көптеген ғалымдардың қарсы
пікірлерін туғызады. Қазір Қазақстанда дәстүрлі құқықты зерттейтін үлкен
мектеп құрылуда, ол мектептің осы уақытқа дейінгі еңбегі де жоғары,
мәселен егер кеңес заманында қазақтың дәстүрлі құқығымен тек саусақпен
санарлы ғалымы болса, бүгінгі күні ол ғалымдар үлкен мектептін бастауы
болуда. Біздің ата –бабаларымыз қандай қоғамда өмір сүрді, мемлекеттілік
туралы ойларын білу үшін, арнайы құқықтық зертеулердің болуы қажет.
Тарихтан біз қазақ жерінде мекендеген тайпаларды, олардың құрған
мемлекеттері туралы білеміз. Ал олардың саяси- құқықтық құрылымы, басқару
нысаны мен түрлері, мемлекеттік режимі туралы мәліметіміз аз.
Биліктің қазақ жеріндегі, жүзеге асу процесін бірнеше кезеңге бөліп
қарастыруға болады.
1. Далалық- көшпелі қауымның билік нысаны (бұл алғашқыда орталықтан-
баған жергілікті билігі бар, адамдар мен тайпалар арасындағы қатынас
жалпы тәуелділік емес, жекелей тәуелді сипатта дамыған далалықтардың табиғи
қауымдастығының потестарлық ұйымдастырылуы. Адамдардың үлкен тобын және
олардың мүделерінің әр алуандылығын қамтымауы себепті билік қаты-настарының
саяси сипатта болмауы).
2. Далалық мемлекетінің династиясы кезіңінде биліктің нысаны
3. Қазақ хандығының құрылуы және дамуы кезеңіңдегі биліктің ерекше-
ленуі.
4. Қазақстаның конституциялық жолмен дамуы [1, 7-8 бб.].
Осы кезендердің ішінде біздің зертеу үшін алғашқы үш кезең
қарастырылды. Далалық қауымының қазақ жерінде пайда болғаны туралы әр
түрлі мағлұматтар бар, бір ғалымдар ең ежелгі мемлекеттер біздің жерде
пайда болған десе, басқа біреулері олай санамайды. Жалпы мемлекеттің пайда
болуына адамдар арасындағы алғашқы қауымдық құрылыстың әсер еткенін
білеміз. Қауым дегеніміз не? Деген сұраққа жауап беріп алайық. Қауым
дегеніміз – ортақ мақсаттар мен мүдделерге негізделген немесе туыстық
байланыста болатын саналы адамдардың тобы. Әрине қауымсыз ешқандай
мемлекеттің де болуы мүмкін емес. Қазақ жерінде сол секілді алғашқы
қауымдардың пайда болған кездері ретінде, тарихшылар б.д.д. 8-7 мыңжыл-
ықтарға жатқызады. Ол кезенде билік тайпаның ортақ мүддесіне ғана
негізделген, ал адамдар арасындағы қатынастар үйреншікті нысанда болған.
Қорыта келгенде алғашқы қауымдық құрылыста қоғамдық билікпен тәртіп
нормалары сол кездегі адамдардың экономикалық, әлеуметтік, интеллектуал-дық
мәдени және рухани дамуына сәйкес болды [2, 26 б.].
Қазақ жерінде алғашқы мемлекеттік құрылым ретінде сақтардың мемлекеті
қарастырылады. Ол б.д.д. ҮІІІ ғас. пайда болған, Азиядағы сол кезде ең
мықты әскери одақтардың бірі болған, сақ мемлекеті көптеген грек және шығыс
тарихшыларының енбектерінде көрсетілген. Олар байтақ дала мен тау алқап-
тарын игеру дәуірінде, мал шаруашылығының сан алуан түрлерін жаппай
дамытып, жетекші салаға айналдырған және оны егіншілікпен ұштастыр-
ғандықтан ол дәуірді сақтар уақытымен байланыстырады. Бұрынғы заман
авторлары сақтар туралы (олар әсте егіншілер емес, көшпелілер) деп
жазған, ал олардың тіршілігіне; (еркін кеңістікте, отпен судың молдығына
қарай, бір жерден екінші жерге көше береді) - деп анықтама берген. Шын
мәнінде сақтар шарауашылығының түр-түрі табиғи жағдайға, қала орталықтары
мен сауда жолдарына алыс-жақындығына байланысты анықталып отырған. Олардың
шаруашылығын көрсетуіміз бекер емес, ұлы ғалым А. Тоинби қоғам мен
мемлекеттің байланысын анықтау үшін сол жердегі және сол кезеңдегі
тұрғындардың айналысқан шаруашылығын білу керек,- деген. Оған толықтыру
ретінде, кәзіргі кезде далалы өркениет деген түсініктің қалыптасуын
келтіруге болады, ол өркениеттің дамуы және пайда болуы процессі басқа еш
қандай қоғамның пайда болуы, даму процесіне ұқсамайды.
Сақтар қоғамы қалай ұйымдастырылған еді,- деген сауал осы кезге дейін
ғалымдар таласын тудырумен келеді. Жазба деректерде өздерінің дәулетіне,
шұғылданатын іс- әрекеттеріне, рөліне қарай сақтар қоғамына адамдардың
қандай тобы кіргені туралы мәліметтер өте аз. Тек Рим тарихшысы Квинт
Курций Руф қана сақтарда тәңір егіншілерге–соқа мен қамыт, жауынгерлерге-
сүнгі мен оқ, абызға-табақ сияқты сиқырлы силықтар берген деген аңызды
қайталап айтады. Осыған сүйеніп, сақ қоғамында халықтын үш тобы болған деп
болжам жасай аламыз; олар жауынгерлер; абыздар жігі – олардың танымал
белгісі құрбан табақ пен айрықша бас киім болған; қауымшыл сақтар,
(сегізаяқтар) жігі яғни соқаға жегетін екі өгізі барлар жігі. Аты аталған
осы жіктердің әрқайсысының өзіне тән дәстүрлі түсі болған. Жауынгерлерге-
қызыл және сары-қызыл, абыздарға-ақ, қауымшылдарға-сары мен көк түстер
тандалып берілді [2, 28 б.].
Көсемдер мен патшалары сақ дәуірінде ерекше мәртебеге ие болған. Сақ
тайпаларының көсемдері әскери жігітердің өкілдері болған Гректер оларды
басилевс-патша деп атаған. Жауынгерлер мен патшалардың белгісі жебелі садақ
екен. Патша садағын баласына әрі мұрагеріне тапсырып отырған, сол себепті
де жауынгерлермен патшалар зиратына садақ пен жебелерді бірге қойған.
Садақты мейлінше шебер ату патшаларға тән қадыр-қасиет болған. Мерек-мейрам
атаулының бәрінде де садақ атып, нысанға дәл тигізе білуде сынап көру
тегіннен тегін өткізілмеген, ежелгі дәстүр бойынша садақшылардың ең
мергені әлгідей мейрам кезінде елді билеу құқығын алған. Патша жауынгерлер
жігіне жатумен қатар ол тағы құдайлардың қалаулысы, көк пен жердің
арасындағы дәнекері, дүниенің кіндігі, жердегі бақ даулет көзі болған
[3, 31 б.]. Халық дәулеті оның дене күші мен рухани қуат жігеріне
байланысты болған. Ол халықтың барша жіктерінің бейнесі деп танылған.
Жалпы сақ мемлекетін алғашқы қауымдық құрлыстарын өткен құрылым
ретінде танимыз. Батыстың түсінігі бойынша барлық формациялық крите-рилер
бойынша нақты біреусіне де жатпайтын мемлекеттік құрылым десек
қателеспейміз. Неге? Салыстырмалы сараптама өткізейік!
Құл иеленушілік мемлекет. Бұл батыстық түсінік бойынша, қоғамның ең
алғашқы мемлекеттік-кластық ұйым болып бірігуі. Құл иеленушілік мемлекет
бұл-билеуші таптың құл иелену қоғамдық-экономикалық формациясында саяси
билікті ұйымдастыру [4, 41 б.]. Жәй сөзбен айтқанда, құл иеленуші
мемлекеттің пайда болуы мақсаты-құл иеленушілердің арқасында олардың
мүддесін қорғау. Ел билеушісі көбінесе әскери міндеттерді атқарып, басып
алған мемлекеттегі беделі сәйкес болған. Ал егер сақ мемлекетіне келетін
болсақ, олар көшпелі мал шаруашылығымен айналыса келе, құл иелену
формациясында қажеттілігі болған жоқ. Демек мемлекеттің пайда болуы
мақсаты өзгеше болды.
Келесі формация ретінде феодалдық типтегі мемлекет. Бұл формацияда құл
иеленушілік мемлекет жойылып, жаңа қоғамдық қатынастардың пайда болуымен
сипатталады. Марксистік теория бойынша бұл бай, шонжарлардың өзінің
мүліктік – материалдық мүддесін шаруалардан қорғау мақсатында пайда болды
[4, 58 б.]. Мемлекет жоғарғы тапқа жерге құқық беріп, ол жерге деген
құқықтарын қорғаумен айналысады. Жоғарғы билік шаруаларға қатысты шексіз
құқықтарға ие болған, оларға тираниялық әрекеттер жүргізген. Және басшының
құқықтары тек ақсақалдар кеңесімен, және жоғарғы таптың жиналысымен
шектелген. Егер сақ мемлекеттін салыстыратын болсақ, ол мемлекеттің ерекеше
уникалды болғандығын түсіндіруге болады. Сақ мемлекетінде, көшпенді мал
шаруашылығымен айналысқан азаматтар бірдей құқықтарға ие бола келе, құл
иеленбеген. Жер мәселесіне келетін болсақ, жерге меншіктің болғаны немесе
болмағаны нақты дәлелденбеген, бірақ уақыт өткен сайын халықтың көбеюіне
байланысты жерге де сұраныстың өскені сөзсіз. Жермен қамтуы, шекаралас
жатқан мемлекеттерден тартып алуы жолымен жүзеге асқан. Мемлекеттік билік
көшпелілердің жерге құқықтарын қорғаумен айналысқан, бірақ феодалдық
мемлекетте бұл құқықты сол мемлекеттегі төмен таптардан қорғаса, сақ
мемлекетінде бұл құқықтар көршілес мемлекеттерден және теңдес адамдардан
қорғаған.
Қазақ жерінде далалы өркениеттің дамуына елеулі үлес қосқан, Сақтардан
кейінгі, үйсін, қаңлы және ғұндар мемлекеттері. Бұл мемлекеттер б.д.д. 3
мыңжылдық пен б.д. 3 мың ж. Арасында өмір сүрген. Ежелгі тарихшылардың
жазбасына қарасақ “үйсіндер бақ егу мен жер жыртудан басқа мал шаруашы-
лығымен айналысады, және бір орыннан екіншіге көшіп отырады”. Олардың ел
билеушісі Гуньмо деп аталынған. Үйсін мемлекеті қазақ жеріндегі ең мықты
әскери демократияның көрінісі болған. Олай деуміздің себебі ел билеушісінің
нақты фнукцияларының болуы және мемлекеттік механизімдердің жетілуі
[5, 69 б.]. Бичурин Н.Я айтуы бойынша Үйсін мемлекетінде Гуньмо
көбінесе сыртқы мәселелердің шешуімен айналысқан, ал ішкі мәселелер бай
және дәулетті тұлғалардың басымшылығымен шешілген. Қоғамдық құрылымы
жағынан үйсін мемлекеті, алғашқы қауымдық құрлыстан таптық қоғамы
арасындағы өтпелі кезең мемлекеті ретінде көрініс тапқан. Рулық
аристократия өз қолында үлкен жайлымдар мен мал басын ұстаған, және
биліктегі барлық қоғамдық қызметті алған. Жазба деректерлерінде, үйсіндер
басқа халықтармен бірге ғұндар әскери одағына қарсы соғыс жүргізу
нәтижесінде, гуньмоның билігі рулардың ақсақалдары мен бектерінің
шешімдеріне байланысты болған. Сонымен қатар жерді тайпаларға бөлгеннен
кейін, ол жерлерді толық басқару құқығынан айырылды.
Үйсін қоғамында, әлеуметтік топтардың жіктелуі көрініс тапқан оларда
тайпа мен ру байлары, абыздар және қатардағы мал шаруалары болған. Жеке
меншік малға ғана емес, сонымен қатар жер мен суға таралған. Ру байлары
өздерінде құлдарды үстаған, ол құлдар негізінен соғыс тұтқындарынан құрал-
ған [5, 72 б].
Мемлекетте қарулы халықтың авторитеті басым болған, және соғыс
қимылдарында, көзге көрінген батырлары келесіде елдегі, жеке тайпалардың
бектері мен ақсақалдары атағына ие болған. Сот билігін тархандар атқарып,
ол мемлекет атынан үкім етілген.
Сол кезең де, Сыр бойында қаңлылар мемлекеті құрлық еткен. Ол
мемлекетте қоғамнын құрылымы жағынан, үйсін мемлекетіне ұқсас болған.
Билеушісі, хан деп аталған, ордасы Сыр бойындағы Битэн қаласы болған.
Қаңлы мемлекеті көршілес ғұн мемлекетіне қарсы соғыстар жүргізген. Жалпы
тарихи деректерлер бойынша, ғұн мемлекетінің алғашқы билеушісі Чжичжи қытай
мемлекетімен жауласып қаңлылармен бірігеді, ал қаңлы билеушісі үйсін
мемлекетіне қарсы күресте Чжичжиге атты әскерді басқару құқығын береді.
Ақырында, қаңлылар мемлекетінде, ақсүйектер мен билеуші арасында тартыс
туады. Қаңлылар билігімен әдет-ғұрпын мойындамаған ғұндар қытай әскерімен
талқандалады [6, 36 б.].
Ғұндардың екінші рет бой көтеруі, б.з., 93 жылы болады олар бір қатар
тайпалар мен руларды бағындырып Сыр бойын мекендеді. Ғұндар қоғамыда
патриархалды-рулық қарым-қатынастардың белгілері өте күшті болған. Тарихи
деректерлер бойынша, ғұндар 24 руға бөлінген ,олардың басында ұрпақ ұлық-
тары (ағамандар) тұрған Ағамандар кеңесі мен халық жиналысы болған.
Деректер “ғұндардың жыл сайын үш рет Лунциде бас қосатын әдеті бар еді,
онда жылдың бірінші, бесінші және тоғызыншы айында сол күні тәңірі рухына
құрбандық шалған, осындай жиналыстарды ұрпақ ұлықтары мемлекет істері
жөнінде кең отырып кеңескен ат жарыс пен түйе қызықтап көңілдерін
көтерген” [7, 26 б.].
Жазба деректер сол сияқты ғұндар қоғамындағы өкіметтің тұрпаты туралы
мәлімет қалдырған. Мемлекет басшысы Шаньюй деп аталған, ол шексіз билеуші
болған, оған іле-шала жалпы аты түменбасы деп аталатын бекзаттар жүреді.
Жазба деректер бойынша оларда шаньюйдің ұлдары мен туысқандары басқарған
және меншігінде жер мен су болған. Деректерлер бойынша олар қара халықты
қану құралы болған.
Сол дәуірдің ең мықты мемлекеттердің бірі, ғұндар секілді Еуропа
мемлекеттерін бағындырған елдердің бірі сарматтар мемлекеттілігі. Үйсін,
қаңлы мен ғұндар сияқты олардың мемлекеттік дамуы қай сатыда болғандығы
жөнінде зерттеулер жалғасуда. Тарихи деректер, әсіресе антикалық деректер
сармат мемлекетінің күшті дамыған, көшпелі өркениет бастаушыларының бірі
ретінде қарастырады. Сарматтарда мемлекет басшысы мирасқорлық жолымен емес,
елдегі ең мықты, тапқыр және соғыста күшімен көрінген ерлерінің арасынан
сайланған. Олар сол кезеңдегі орта азия жерінде мекендеген көптеген
мемлекеттер сияқты түрік тілінде сөйлеген.
Халықтардың ұлы қоныс аудару дәуірі, қазақ даласының саяси картасына
түрік мемлекетінің келуімен сипатталады. Олардың саяси аренаға келуі жуан
–жуандар мемлекетін қиратуы арқылы жүзеге асады. Бұл мемлекетті түрік
тайпасының Ашина әулеті басқарады. “Түрік” тұнғыш рет аталуы қытай
шежірелерінен кездеседі және ол 542 жылға жатады [7, 99 б.].
Түрік қағанаты шаруашылығы жағынан көшпелі және жартылай көшпелі әдісі
басыңқы және отырықшы-егіншілік түрі қоса жүргізілетін болған өрке-ниет
ошағы ретінде қала мен дала бірдей рөл атқарған. Елдің халқы түріктер және
соғдылар, бірдей сауда-саттық, ол өнер, егіншілік және мал өсірумен
айналысқан.
Түрік қағанатын-қаған басқарған, ол мемлекеттегі жоғарғы ел басқарушысы
атағымен қоса, жоғарғы әскери қолбасшы қызметін атқарған. Сонымен қатар
қағанаттағы ішкі билік-жабығы, шад және елтебер лаузымдарына берілген,
олар қағанның әулетінен шыққан сенімді адамдарға ғана тапсырыл-ған. Басында
тайпалар одағы ретінде қалыптасқан түрік қағанаты, кейіннен тұтас
мемлекетке айналады. Осыған сәйкес мемлекетте ел сөзі алғаш рет
пайдаланылады, бұл қоғамда алғаш демократиялық белгілердің көрінісі деуге
болады. Қаған Рулардың ақсақалдар кеңесімен сайланған, және олармен тақтан
алынған. Елдегі сот билігін, бүйрықтар мен тархандар атқарған. Кейбір
тарихи шығармаларда қағанат тайпалары әлеуметтік жағынан ақсүйек және
бағынышты тайпалар болып бөлінген дейді. Бернштамның айтуы бойынша түрік
қағанатында, түрік тайпасына бағынышты тайпалар адамдарын жеке құлдар
ретінде таратпаған, бұл мемлекеттегі әлеуметтік қатынастардың дамығандығын
көрсетеді. Түрік қағанатымен жаңадан басып алынған елдерде, егер олар түрік
тектес тайпа болмаса, қаған өз туысқандары ішінен ол елге басшылық
жүргізетін бектерді тағайындаған. Қағанның қызымет етуі тек жиналған
салықтарға байланысты болған, салықтар басып алынған қалалар мен Ұлы жібек
жолы торабымен жүріп өткен керуендерден жиналған. Еуропаның орта ғасыр
тарихшылары түріктерді әлемнің арамтамақтары деп атауының негізі бар болса
керек.
Қазақстан мен Орта азия жерінде Батыс түрік қағанаты арабтарға қарсы
соғыс жүргізіп жатқан кезде, 704-756 жылдары, түргештер Жетісу мен шығыс
Қашғарияда билікке келеді. Олардың билеуші әулетінің атасы Үш-елік қаған
болады. Үш-елік қаған елде ірі реформа жүргізумен танылады. Ол елді
түтіктікке бөледі, және әр-бір бөліністің өзінің әскері және сот органы
болған. Реформаға сәйкес мемлекет бұрындағыдай тайпалық белгілері бойынша
емес, территориалдық қағида бойынша бөлінген. Түргеш мемлекеті 20 түтуктіке
бөлініп орталықтары ретінде ірі қалалар алынған. Ал жоғарғы билік
қағанның қолында қала берді. Бұл реформаның мақсаты арабтар мен қытай
мемле-кеттерінің шапқыншылығының әлсіреген түрік елін бір билікке
бағындыру. Өйткені, сол кезендегі соғыстар өзімен бірге өз діні мен
мәдениетін уағыздау түрінде көрініс тапқан [7, 114 б.].
Бөліністердің басшылары ретінде қағанның жақын туыстары тағайындал-ған.
Түргештер мемлекеті түрік қағанаты тәрізді, елде түргештер мен соғды-лар
және түрік тайпаларын біріктірген. Ол кезеңде Орта азия мен Жетісу өңірі
стартегиялық жағынан өте тиімді аймақ болғандығы айқын.
Жалпы түргеш мемлекеті қазақ жеріндегі ұлы түрік қағанаты дәуірінің
соңғы кезенің құрайды. Түргештерден кейін бұл дала көптеген түрік тілдес
мемлекеттерге мұра ретінде қалдырылады.
Түргештер мемлекетінен кейін Жетісу өңіріне шығыс түріктерді құлатқан
ұйғыр және қарлұқ тайпалар одақтары келеді. Олар дамыған феодалды мемле-
кеттер болады, және қоғамнның даму ерекшілігіне өзінің үлкен үлесін
қосады. Араб және парсы деректеріне жүгінсек, 9-10 ғ. Қарлұқ бірлестігі
толып жатқан рулық –тайпалық топтардан құралады. Араб жағрафшысы әл-
Марвази, қарлұқ құрамында тоғыз тайпа бар дейді. Олар тек түрік тілдес ғана
емес, соны-мен қатар иран тілді соғдылар және ауған келімсектерінен
құралған. [8, 64 бет].
Шаруашылығы жағынан халқы көшпелі және жартылай көшпелі болған.
Тарихшылардың айтуы бойынша ,қарлұқ мемлекетінде 8-10 ғ. арасында халық-тың
түріктендіру процессі жүріп жатты.
ІХ ғ. Қарлұқтардың мемлекет құрлымы жағынан тайпалық жүйенің дамыған
түрі болатын. Жабғу тек тайпа басшыларының кеңесінде ғана билік еткен, ал
нақты қоғамдық билік тайпалардың басшылары қолында болған. [8,75-76 бет].
Қарлұқтарда дербес бытыранқы, “жабғулық” мемлекеттердің қалыпта-суына
әлеуметтік-саяси және экономикалық алғышарттар YIII ғасырда-ақ қалыптасқан
еді. Оған қарлұқтардың кәзіргі Жетісу мен Онтүстік Қазақстан
территориясында келіп, отырықшы соғды мәдени-шаруашылық типімен тығыз қарым-
қатынасының басталып, Ұлы Жібек жолының үстіне орналасуы себеп болған
еді. Мұның өзі қалалардың дамуы мен сан жағынан өсуіне алып келеді. Басқа
түркі тайпа бірлестіктеріне қарағанда осындай қалалардың қарлұқтарда көп
болуы иеліктерінде қалалары бар жабғулардың өзара дербестікке ұмыты-луына
ықпал етеді [9, 25 б.].
Шығыс елдерінде мемлекеттің қалыптасуы және дамуы Еуропа елдеріне
қарағанда басқаша жолмен жүрген. Қарлұқтар заманында түркілер дәстүрлі
мемлекеттік құрлымдарға онша мұқтаж бола қойған жоқ. Өйткені оған
шаруашылықтың даму ерекшілігі тікелей ықпал еткен. Бұл соғды колония
–қалаларын қоршаған және оған саяси үстемдік етіп тұрған қарлұқтардың
қауымдық қоғамдар мүддесімен сәйкес келеді. Еуропадағыдай дәстүрлі мемле-
кеттік жүйе құрлымының болуы бұл қауымдық қоғам дәстүрінің одан әрі
эволюциялық дамуына кедергі жасайтын еді. Сондықтан да түркілердің ру-
тайпалық құрылысы соғдылықтардың қауымдық қоғамдармен қайшы келмей, қайта
бір-бірімен толыса дами берді. Екінші жағынан, бұл түркілер мен соғды-
лықтардың өзара бейбіт қарым-қатынаста өмір сүруіне де ықпал етті.
“ҮІІІ-ІХ ғасырда Жетісу, Сырдария бойы қалалары және мәуреннахр мен
Хорасан қалаларының материалдық мәдениетінің көп тұрғыда жақын болуы
кездейсоқ емес” екендігі белгілі. Мұның өзі бұл жерлерде әр түрлі этникалық
топтардың болуына қарамастан бір жүйеден саяси-географиялық тұрғыда
қалыптасып келе жатқан алғашқы мемлекетттік құрлыстың пайда болғанын
анғартады. Қарлұқтарда өзіндік мемлекеттік құрлымдардың бар болғандығын
араб жазбалары да дәлелдейді. Онда; “Түркістан және түріктер... бірнеше
мемлекеттерге бөлінді, олардың ішінде қарлұқтар, тоғыз-оғыздар, қимақтар
және оғыздар бар. Түріктердің әрбір тайпасында өз алдына мемлекеті бар
және олар бір –бірімен соғысып жатады” деп жазылған.
Түркі қағанаттарының құрамында болған кезде басқа ру –тайпалар сияқты
қарлұқтардың қоғамдық саяси үйымдары тайпаны құрайтын ру құрлым-дарынан
және одан да ірі бірлестіктен тұрған. Алайда елдің құрамындағы ру-тайпалар
үнемі қозғалыста болып, бір-біріне ауысып, кейде тіпті басқа бірлестікті
құра алатын еді.
Кезінде Э. Телман мал көшпелілерде ертеден жеке меншікке айналғандықтан
оларда мүліктік және әлеуметтік жіктелу де, қоғамдық саяси институтардың
құрылу процесстері де тез жүруі мүмкіндігін айтқан болатын [10, 67 б.].
Алайда Еуропада этникалық дәуірден бастап мемлекет қондырма болса, Шығыс
елдерінде ол өндірістік қатынастардың субъектісі ретінде базистік
құрлымға кірді. Еуропалық елдерде мемлекет үстем тап қоғамының мүдесін
қорғады, тіпті болмаған күнде үкіметке ұмтылған таптар арасында
катализаторлық рөл атқарды. Ал шығыста мемлекет авторитарлық мәнге ие
болып, жеке меншіктің өзін де бақылады. Мемлекет және осы өкіметке қатысты
әлеуметтік үстемдік етуші топ Шығыс елдерінде өзара бірігіп, біте қайнасып
кетті. Сонда мемлекет жеке меншіктің шектен тыс байып кетуіне тыйым салып
отырды. Өйткені жеке меншіктің күшеюі мемлекет қазынасын толтырып отыратын
қоғамның басқа әлеуметтік топтарын күйзелтумен қатар жүретін еді .
Әрине, біз қарасытырып отырған кезеңде қарлұқтарда мемлекеттің клас-
сикалық түрі, әлеуметтік-саяси инфраструктурасы бар күшті әскери үкімет
құрыла алған жоқ. Ортағасырлық деректерде қарлұқтардың “жабығу” басқарған
бірнеше тәуелсіз иеліктері болған [10, 66 б.].
Қарахан мемлекеті құрылғанға дейінгі бұл кезең дала ақсүйектері мен
демократиялық элементтері арасындағы ұзаққа созылған күреске толы. Бұл
кезеңнін соншалықты созылуына Араб басқыншылығы, Қытай экспанциясы және
көршілес түркі ру-тайпа бірлестіктермен күрес себепші болды. Қарлұқтар өз
иеліктерін ерте феодалдық мемлекет қоластына біріктіру үшін күрескен. Оны
840 жылы Білге күл Қадыр хан Испиджап өмірі болып тұрған кезде өзін қаған
деп жариялауынан көреміз.
Қарлұқтарда ерте феодалдық бір орталыққа бағынған бір мемлекеттің пайда
бола бастағандығын араб шығармалары айқын көрсетеді; “Қағандардың қағаны
солардан (қарлұқтардан) болды, ол түркілердің басқа мемлекетерін және
олардың патшаларын өз қол астына бағындырды ... Шана (яғни Ашина ) да
солардан (қарлұқтардан) болды”. Бұл деректен қарлұқтар қоғамында ендігі
жерде “жабығудың” үстінен қарайтын қаған болғанын көруге болады. Мүндай
саяси басқару жүйесі 840 жылы жорық нәтижесінде Испиджап халифатқа бағынса
да бұзылған жоқ. Испиджап аймағын бұрынғысынша түркі әулеті басқарды. Ал
оның билеушісі арабтарға тек сөз жүзінде ғана бағынып, Хали-фатқа жыл сайын
болмашы сыйлық жіберіп отырды. Ал Испиджап өмі-рінің өзіне Талас пен Шу
аралығындағы Орду қаласының әмірі бұрынғысынша сыйлық жөнелтіп тұрған.
Елдің батысында халық Бағдад халифатының билігін мойындаған және ол
түрік халықтарының арасында ислам діні мен мәдениеті кең етек алған еді.
Сонымен қатар онтүстіктегі Самарқант уәлиі дінсіз түріктерге қарсы
қасиетті соғыс ашады. Бұл екі мәдени қақтығыс нәтижесі қарлұқ мемлекетінің
жабғысының беделін төмендетеді. 840 ж билікке келген қарлұқ жабғысы, Білге
Құл Қадырхан мемлекетті тұрақтандыру мақсатымен өз реформасын жүзеге
асырады. Бұл реформа бойынша әр-бір бос түрікке жер құқығы танылып ол
мемлекетпен қорғалды. Сонымен қатар, жабғу билігі тікелей халыққа тара-
тылып ескі түрік заң нормалары күшіне енеді. Бұл әрекеттер жабғудың беделін
өсіріп, мемлекеттің күшті болуына әсер етеді. Алғаш рет жерге ресми түрде
жеке тұлғаның меншік етуі осы Білге Құл Қадырхан реформасы кезінде
танылған [9, 26-27 бб.].
Жалпы қарлұқтар кезеңінен басталған өзіндік мемлекеттің қалыптасуы
Қарахан әулетінің негізін салушы Сатұқ Боғра ханның 942 жылы Баласағұнда
өзін жоғары қаған етіп жариялаумен аяқталды.
Қазақ даласында ислам дінінің кең етек алып баратқан кезінде шығысынан
келген Шыңғыс ханмен біріктірілген түркі-монғол тайпаларының басып кіруі
тарихымызда жаңа кезеңнің келуіне себеп болады. Ойрандалған қалалар мен
тоналған халық өз жерінде бес жүз жылдан астам уақытқа Шыңғыс хан
тұқымдарының билеу астарында қалды. Шыңғыс хан бастаған шапқыншылық өзімен
бірге мәдениетін, тілін, діні мен ділін әкелді. Оған дейінгі болған,
қалыптасып-сіңген қоғамдық қатынастар өз тәртібін жоюға мәжбүр болды.
“Көшпелілер жерін өзге Көшпелілер баспаса, жаулап алмайтындығы” сол кезден
анық көріне бастады. Екі-үш жылда жауланған жер, көптеген ғасырлар бойы
бір жүйенің астарында қалды. Әрине, тарихтан ақ пен қараны ажыратуға
болмайды, бірақ дамып келе жатқан мәдиниеттің жойылуы өзгеге көз қараспен
қарауға бермейді. Сол кезеңнен бастап қазақ мемлекеттілігінде “хан” сөзінің
ресми қолданылуы орын алды.
Шыңғыс хан жүйесі, оның алдында болған Қарахан мемлекетінің саяси
–құқықтық жүйесінен қандай айырмашылықта болды. Ең алдымен, Шыңғыс ханның
ұсынған мемлекеттік–құқықтық жүйесінің қаталдыққа негізделгенін ескере кету
керек. ХІІ ғ. соңы мен ХІІІ ғ бас кезеңдерінде батыранқылық пен
қаранғылық заманында моңғол елінде Тимучиннің билікке келуі мемлекеттегі
қоғамдық дағдарысты тәртіпке салу арқылы түзейді. Бұл кезде Жетісу мен
Оңтүстік Қазақстан территориясында орын алған Қарахан мемлекеті ішкі және
сыртқы саясатын қала өркениетінің қалыптасуына негіздеген. Ислам діні
қанат жайған жерде сол кездегі ең дамыған инфорқұлым әрекет еткенін айтуға
Қарахан мемлекеті сол кезгі қазақ дәстүрлі қоғамында дамыған мемлекеттің
көрініс болған. Мемлекет пен адам арасында пайда болған қатынастар жазылған
құқықтық нормалармен реттелінген. Түрік қоғамы ішінде архитек-туралық
өнердің түрін көрсеткен. Қарахан мемлекетінде отырықшы және көшпелі түркі
тайпаларының біріктіруге тырысқан. Сонымен қатар, бұл мемлекетте жоғарғы
билеушінің диктатурасы көрінбеген.
Ал, Шыңғыс хан моңғол тайпалары арасында еңгізген заң нормалары
бойынша, әрбір қылмыстың ауырлығы үшін өлім жазасы тағайындалған, бұндай
тәртіп қоғамда деспотияның пайда болуына әкелді. Бір қол астында
біріктірілген түрік-моңғол тайпалары мемлекеттің болашағын қамтамасыз
ету үшін жақын көршілерін тонауға кіріседі. Сөйтіп, ХІІІ ғ. қазақ жерінде
қаранғылық кезеңмен байланыстырды. Қаталдыққа үйренген Шыңғыс хан тұқымдары
бұл тәртіпті басып алған жерлеріне де таратты. Олардың, ішінде аса
қаталдығымен есте қалған Шағатай туралы деректерлерде, “адамдар арасында
қорқақтық пайда болуы, өйткені әрбір теріс қылық үшін өлім жазасы
қолданылған, көне түркі қалыптасқан әдет нормалары жаңа жаcа” нормалар-мен
ұштасқан жоқ. Адамдар үйреншіктік қатынастарға түсе алмады [10, 95 б.].
Тіпті мал союға рұқсат берілмеген, Шағатай билігі бойынша түркілерге тек
арам етті жеуге болатын, сондықтан адамдар малды түнде сойған [11, 94 б.].
Мемлекеттілік туралы еңбек жазған көптеген ғалымдар қазақ жеріндегі
мемлекеттілікті төмен сатылы санаған, оның себебі көшпелі қоғамның
негізгі белгілері болуы керек. Кейде көшпелі қоғамдарда патриархалдық-
архайкалық қатынастар уақыт өткенімен сақталып қала берген, бірақ қоғамның
негізгі мүдделері көшпелі мемлекттіліке де көріне бергенін ескере кету
керек еді. Қазақ хандығының пайда болуына тікелей себебші болған Алтын-Орда
мемлекетті туралы жазған Г.А. Федоров - Давыдов “ ... у половцев же те
зачатки государства, которые наблюдаются в конце ХІІ в. Не привели к какой
либо ломке старых патриальных отношений. Государственная власть у них разви-
валась по линиям родо-племенных отношений (семья-род-племя-союз племен, во
главе с ханом), что характерно для эпохи перехода от военной демократий к
классовому строю. Именно это и обусловило тот факт, что половцы так и не
создали развитой государственности, так и не преодолели ранний, патриар-
хальный, неразвитый этап процесса классооброзования” [12, 25 б.].
Моңғолдардың саяси билігі әскери саясат негізінде өзгеріске ұшыраған.
Әскери саясат мемлекетте негіз қалаушы қатынастар қатарына қосылды.
Мемлекет экономикасы таза түрінде әскери жетістіктерге байланысты бола
бастады.
Шыңғыс ханның билікке келуі мемлекеттегі саяси құрылыс пен саяси
режимінің өзгеруіне әкелді. Ол ру мен тайпа ақсақалдарының беделін
төмендетеді. Шыңғыс хан үшін қатал тәртіппен ақсақалдар кеңесінің рөлінің
төмендеуі, мемлекетте әскери режимнің қатаюына әкелді. Ақсақалдар мен ру
басылар кеңесінің рөлінің жоғарлауы мемлекеттегі әскери режимнің төмен-
деуіне әкелетіні сөзсіз еді. Ал бір адам басқаруына бағындыру үшін Шыңғыс
хан мемлекетте жаңа идеологияның келуіне себепші болды. Султановтың
пайымдауынша, Шыңғыс хан биліктің оған құдаймен берілгені туралы идеяның
таратылуын қалады. Оның өте сәтті әрекетінің барлығы халық арасында бұл
идеяның кең етек алуына әкелді. Саяси режимдегі деспотия саяси құрлыстағы
диктатура мен теологиялық негіздегі мемлекеттік билік идеясы моңғол
мемлекетінің сол кезеңдегі ең мықты әскери державаға айналуына әкелед
[11, 67 б.].
Шыңғыс хан қайтыс болғаннан кейін оның ұлдары Сары теңіз бен Балтық
теңізі арасындағы территорияда өзднрінің жеке ұлыстарын құрады. Қазақ
даласында солардың Жошы мен Шағатай ұлыстары қаланады. Жошы ұлысы кейін
Алтын Ордаға айналып, Шыңғыс ханның қатаң тәртібі түркі тайпа-ларының
қалыптасқан нормаларының қосындысынан пайда болған “гибрид” сол
мемлекеттегі саяси-құқықтық жүйенің негізіне айналады. Бұл ұлыс Шыңғыс хан
жүйесінің көшпелі елде таралғандығының бейнесі болған, өзге ұлыстар
Шағатай мен құбылай мемлекеттерінде көбінесе отырықшы шаруашы-лық болғаны
белгілі.
Қазақ хандығы кезіндегі саяси билік ерекшілігіне келсек, Дешті –Қыпшақ
пен Жетісу өңіріне қазақ хандығының келуімен, одан кейінгі қазақ этносының
қалыптасуы, ұзақ жолдағы мән –жайлар мен тарихи факторлардың нәтижесі
болды. Жалпы қазақ хандығының “қазақ” сөзімен аталуының да, арнайы
заңдылығы бар. Қазақ хандығын зертеумен айналысқан кез-келген ғалым, ең
алдымен қазақ этносының қалыптасуының әр алуандылығымен кездеседі.Қазақ
деген-еркін адам, тұрандық ұлт, діні бір де нақты ислам, бір де әлі тәңір
діні, бейнесі сары және қара, нәсілі жағынан кейде монголоид, кейде
европеоид халық екені белгілі. Бұл халық ерекшелігі бекерден-бекер
айтылмайды, кез- келген қоғамдық зерттеу сол қоғамның жан-жақты тануымен
басталады .
Қазақ хандығы құрылған кезде (ХҮ ғ. 50-60 жылдары) сол кезеңдегі,
мемлекеттер тәріздес жартылай көшпелі және көшпелі шаруашылық жүргізген
[10, 115 б.]. Тарихи деректерлер бойынша Шу мен Талас өзенінің арасына,
жартылай көшпелі халық тұратын жерге, Керей мен Жәнібекпен бірге көшпелі
тайпалар мен рулар келіп қоныстанады. Олар қазақ хандығының ірге тасын
қалайды. Қазақ хандығында жоғарғы мемлекеттік билік Шыңғыс хан ұрпақ-тарына
тиесілі болған, және “хан” титулымен аталынған. Қазақ хандығында, оған
дейінгі Шыңғыс хан ұрпақтарының билеген сияқты, мемлекеттегі сияқты
мемлекеттік билік жеке ханның тұлғасына байланысты негізделіп, өзгеріп
отырған. Жалпы мемлекеттік билік қалыптасқан әдет-ғұрып нормалары бойыншы
жүзеге асқан. Қазақ хандығының құрылуы кезінен ақ хандық таққа отыруының
ерекшілігі көріне бастады. Керей ханнан кейін таққа отырған Жәнібек,
Керейдің еңбегін жалғастыра келе, өзінен кейін Керейдің ержеткен баласын
таққа қалдырды. Арғы аталары арқылы туысқан болып келетін Керей мен
Жәнібек бір-біріне деген силаушылдық пен сенімділік көрсету нәтижесінде Шу
мен Талас өзендері аңғарында мықты мемлекеттің пайда болуына әкелді.
Сенека-кіші айтқанындай “билікте сенімділік пен ырыс орын алса, жерде бақыт
болады”. Шынымен де харизмалық билік тұрғысында, қазақ хандығы үшін ең
тиімді хандардың келуі оның үлкен болашағын жорамалдағанындай.
Қоғамдық құрылымы бойынша қазақ хандығы патриархалдық-феодалды мемлекет
сатысында болған дейді зерттеушілер, бірақ оған тікелей қарама-қайшы
ойлардың бар екендігін ескеру керек. Ел билеу мирасқорлық жолымен беріліп
отырған. Хандықтағы тікелей мемлекеттік билік хан қолында бол-ғанымен,
кейбір кезеңдерде ол билік сұлтандар мен билердің қолында шоғыр-ланған.
Мемлекет билігі Қазақ халқы үшін күрделі және маңызды инсти-туттардың бірі
болғаны айқын. Өйткені билік тікелей қазақ елін құраған тайпалар мен
руларға емес, Шыңғыс ханның ұрпақтарына тиесілі болған. Яғни қара халық
өзінің мемлекеттік билікке деген үлесін қосудан алшақтау болған. Ал бірақ,
ел бірлігі мен тұтастығын сақтау үшін сол билікті мойындауға мәжбүр болған.
Хан сөзінің этимологиясына келетін болсақ, ғасырлар бойы қалыптасқан қазақ
жеріндегі мемлекеттілік хан сөзінің мәні мен түсінігін ұштастырғандай.
“Хан” десе “шашы тік тұратын” қазақ оның қандай мағына беретінін
түсінгендей. Қазақ дәстүрлі қоғамында “хан” атауы Үйсіндер мен Қаңлылар
заманынан келгендей. Бірақ нақты халық бйлеушісі ретінде “хан” сөзі Шынғыс
ханның кезінен бері келді. Оған дейін “хан” титулының мемлекет билеушісіне
берілгені туралы дәлелдеген тарихи зерттеулер жоқ. Жалпы “хан” сөзінің шығу
тегі туралы, бірнеше мәлімет бар. Олардың қайсысы дәл, қайсысы нақты екенін
анықтау ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz