Тістер орналасуының аномалиялары



1. Вертикальді жазықтағы тістер орналасуының аномалиялары
2. Саггитальді жазықтағы тістер орналасуының аномалиялары
3. Тіс санының аномалиялары
4. Уақытша және тұрақты тістерінің өлшемі мен формаларының аномалиялары
Қалыпты жағдайда адамдарда жиырма тіс уақытша тістесу кезінде тұрақты тістесу кезінде отыз екі тіс болады. Бірінші реттік жартылай және толық адентия болады, яғни тістердің саны кемиді (гиподентия). Уақытша және тұрақты тістесулерде болады. Себебі белгісіз. Жорамалдау бойынша бұл жағдай тістердің нышандары санының кемуіне немесе олардың даму кезінде жойылуына байланысты. Оған себеп баланың жатырда даму кезінде анасының науқастары, туғаннан кейін сәбидің аурулары (жұқпалы аурулар) және зат алмасуының бұзылуы, ең бастысы тұз алмасуының (ішкі бездерінің қызметтерінің бұзылуынан) және битаминдердің жетіспеушілігінен. Уақытша тістердің қабыну аурулары тұрақты тістердің нышандарының жойылуына әкеледі және адентияға. Көбінесе екінші күрек тістер, кіші және үлкен екінші азу тістер болмайды. Сондықтан бірінші адентия пайда болады. Балаларда бірінші толық адентия болғанды бойы кішкентай, басында шашы аз, тырнақтары өспей қалған болады, яғни тағы басқа жалпы мүшелердің бұзылулары болады. Осы жағдайға сүйене отырып, адентия жалпы бұзылыстардың жергілікті деп жорамалдауға болады.
Бірінші адентия жақ сүйектерінің өспей қалуына әкеледі, бұл жағдай жоқ тістердің санына сәйкес пропорционалды болады. Емдеу: тек қана протез жасау.
Тістердің санының артық болуы (гиперодентия). Дамның артық тістері көбіне жарып шықпайды және жақ сүйектерінің ішінде қалып қояды. Сондықтан рентгенологиялық зерттеуде кездейсоқ білініп қалады. Олар жарып шыққанда тіс имегінің сыртында болады, кіре берісте немесе ауыздың ішінде, егерде артық тістер жарып шыққанда тіс имегінде болса, онда тіс қатарының формасы өзгереді, жиі тұрақты тістер тіс имегінде орны болмағандықтан өзінің бойында бұрылады, еңкейеді немесе тіс имегінің сыртында орналасады. Артық тістердің формасы жұрнақ, қалдық тәріздес (рудиментті) болуы мүмкін (сауыттарының беті тегіс емес, бұдырлы тістер, тікенек тістер, шошақ тәріздес сауыт) немесе кәдімгідей.
Себебі тістердің нышандарының қосымша фолликулдарының болуы. Артық жарып шыққан тістер адамның сұлулығын және шайнау қызметін бұзады. Артық тістер тас имегінде орналасқанда тіс ұяларының өсіндісінің шамадан тыс өсуіне жағдай жасайды. Осы себептен тіс қатарларының аралық қатысы бұзылады. Артық тістер орнында тұған тістердің түбірлеріне қысым жасап, олардың орналасуын бұзады. Орталық күрек тістердің түбірлерінің арасында орналасқанда диастема және басқа ауытқулар пайда болады. Емдеу: жұлып тастау, егер олар тіс қатарының сыртында орналасса.тіс қатарында тұрған дұрыс емес формасы бар артық тіс протез жасау арқылы түзетілуі мүмкін емес.
Тістердің орналасуының ауытқулары
1. Стоматология детского возраста. Руководство для врачей / Под ред. Т.Ф. Виноградовой. — М.: Медицина, 1987.
2. Руководство по ортодонтии / Под ред. Ф.Я. Хорошилкиной. — М.: Медицина, 1982.
3. Арсенина О.И., Сахарова Э.Б. Лечебно-профилактичес¬кие мероприятия при ортодонтическом лечении с использова¬нием несъемной техники. — М.: 2002
4. Коев Ж. Зубо-челюстные деформации. —София: Медицина и физкуль¬тура, 1973.
5. Курляндский В. Ю. Зубочелюстные аномалии у детей и методы лечения. Ортодонтия. — М.: Медгиз, 1957.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ТАҚЫРЫБЫ: Тістер орналасуының аномалиялары. Этиологиясы, патогенезі,
клиникасы, диагностикасы және емдеу принципі

МАҚСАТЫ: студенттерді тістер орналасуының аномалияларының этиологиясы,
патогенезі, клиникасы, диагностикасы және емдеу принциптерімен таныстыру

ДӘРІС ЖОСПАРЫ:
1. Вертикальді жазықтағы тістер орналасуының аномалиялары
2. Саггитальді жазықтағы тістер орналасуының аномалиялары
3. Тіс санының аномалиялары
4. Уақытша және тұрақты тістерінің өлшемі мен формаларының аномалиялары

Тістердің сан жағынан ауытқулары
Қалыпты жағдайда адамдарда жиырма тіс уақытша тістесу кезінде тұрақты
тістесу кезінде отыз екі тіс болады. Бірінші реттік жартылай және толық
адентия болады, яғни тістердің саны кемиді (гиподентия). Уақытша және
тұрақты тістесулерде болады. Себебі белгісіз. Жорамалдау бойынша бұл жағдай
тістердің нышандары санының кемуіне немесе олардың даму кезінде жойылуына
байланысты. Оған себеп баланың жатырда даму кезінде анасының науқастары,
туғаннан кейін сәбидің аурулары (жұқпалы аурулар) және зат алмасуының
бұзылуы, ең бастысы тұз алмасуының (ішкі бездерінің қызметтерінің
бұзылуынан) және битаминдердің жетіспеушілігінен. Уақытша тістердің қабыну
аурулары тұрақты тістердің нышандарының жойылуына әкеледі және адентияға.
Көбінесе екінші күрек тістер, кіші және үлкен екінші азу тістер болмайды.
Сондықтан бірінші адентия пайда болады. Балаларда бірінші толық адентия
болғанды бойы кішкентай, басында шашы аз, тырнақтары өспей қалған болады,
яғни тағы басқа жалпы мүшелердің бұзылулары болады. Осы жағдайға сүйене
отырып, адентия жалпы бұзылыстардың жергілікті деп жорамалдауға болады.
Бірінші адентия жақ сүйектерінің өспей қалуына әкеледі, бұл жағдай жоқ
тістердің санына сәйкес пропорционалды болады. Емдеу: тек қана протез
жасау.
Тістердің санының артық болуы (гиперодентия). Дамның артық тістері көбіне
жарып шықпайды және жақ сүйектерінің ішінде қалып қояды. Сондықтан
рентгенологиялық зерттеуде кездейсоқ білініп қалады. Олар жарып шыққанда
тіс имегінің сыртында болады, кіре берісте немесе ауыздың ішінде, егерде
артық тістер жарып шыққанда тіс имегінде болса, онда тіс қатарының формасы
өзгереді, жиі тұрақты тістер тіс имегінде орны болмағандықтан өзінің
бойында бұрылады, еңкейеді немесе тіс имегінің сыртында орналасады. Артық
тістердің формасы жұрнақ, қалдық тәріздес (рудиментті) болуы мүмкін
(сауыттарының беті тегіс емес, бұдырлы тістер, тікенек тістер, шошақ
тәріздес сауыт) немесе кәдімгідей.
Себебі тістердің нышандарының қосымша фолликулдарының болуы. Артық жарып
шыққан тістер адамның сұлулығын және шайнау қызметін бұзады. Артық тістер
тас имегінде орналасқанда тіс ұяларының өсіндісінің шамадан тыс өсуіне
жағдай жасайды. Осы себептен тіс қатарларының аралық қатысы бұзылады.
Артық тістер орнында тұған тістердің түбірлеріне қысым жасап, олардың
орналасуын бұзады. Орталық күрек тістердің түбірлерінің арасында
орналасқанда диастема және басқа ауытқулар пайда болады. Емдеу: жұлып
тастау, егер олар тіс қатарының сыртында орналасса.тіс қатарында тұрған
дұрыс емес формасы бар артық тіс протез жасау арқылы түзетілуі мүмкін емес.
Тістердің орналасуының ауытқулары
Ф.Я. Хорошилкина мен Ю.М. Малыгин үш өзара перпендикулярлық жазықтыққа
байланысты тістердің орналасуы ауытқуларыныңкелесі түрлерін ажыратуды
ұсынады.

Көлденең бағытта (трансверсальды)

1. Алдыңғы тістердің медиальды және латеральды орналасуы
2. Бүйірдегі тістердің кіре берісте және ауыздың ішінде орналасуы

Оң бағытта (сагитальды)

3. Алдыңғы тістердің сыртқа және ішке қарай шығуы
4. Бүйірдегі тістердің медиальды және дистальды орналасуы

Тік бағытта (вертикальды)

1. Жоғарғы тістердің окклюзиядан биік немесе төменгі тістердің
окклюзиядан төмен орналасуы.
2. Жоғарғы тістердің окклюзиядан төмен немесе төменгі тістердің
окклюзиядан жоғары орналасуы.

Сонымен қатар басқа авторлар сияқты оларда:

1. Тістің өз бойында бұрылуын
2. Қатар орналасқан тістердің өзара орын алмасуын (транспозиция)
ажыратады.

Күрек тістердің орталық оң бағыттағы жазықтыққа қарағанда медиальды
орналасуы. Себептері: үлкен тіс (макродентия), тістер имектерінің
қысылуы, алдыңғы тістердің медиальды, бүйірдегі тістердің мезиальды жылжуы,
кейбіс тістердің ерте түсіп қалғанынан кейін.
Клиникасы: алдыңғы тістер қысылыс орналасады, бір-біріне
қабатталып, өз бойында бұрылып, тіс қатарынан жеке тістерді ығыстырып,
қысып шығады. Бұл пародонт ауруына себеп болады, еріндерінің тиісуінің
бұзылуына, сөйлеген кезде жеке дыбыстардың дұрыс айтылмауына және
сұлулықтардың бұзылуларына.
Емдеу: 1. жеке тістерді жұлу (көбінесе бірінші кіші азу тістерді,
сирек жеке алдыңғы тістерді)
2.Жоғарғы және төменгі жақтарды кеңейту
3. Күрек тістерді латеральды және бүйірдегі тістерді дистальды жылжыту.
Аппараттар: табақша кеңітетін бұрандасы, серіппесі немесе тетіктері бар
жеке тістерді жылжыту үшін (Калвелистің табақшасы). Орталық күрек
тісттердің латеральды орналасуы (диостема).

Диастеманың үш түрі болады
Бірінші түрі: орталық күрек тістердің сауыттарының латеральды ауытқуы,
түбірлерінің дұрыс орналасуы.
Себептері, артық шыққан тістер, олар орталық күрек тістерден бұрын
жарып шыққан, зиянды әдеттер (саусақтарын, тілін сору, тілінің ұшымен
тістерді итеру, тырнағын, қаламды тістеу, немесе басқа заттарды) төменгі
орталық күрек тістің тіс қатарында дұрыс орналасуы және іштен туа біткен
тіс ұяларының өсіндісінің саңылауы, жарығы.
Екінші түрі: орталық күрек тістердің тұла бойымен латеральды жылжуы.
Себептері, жартылай адентия (бір немесе екі кіші жоғарғы күрек
тістердің нышандарының болмауы), орталық күрек тістердің арасында сүйек
тінінің едәуір қалыңдауы, тығыздануы, жоғарғы еріннің жүгеншесінің төмен
жабысуы, кіші күрек тістің түсіп қалуы, сүйір тістің немесе олардың
орналасуының ауытқулары, орталық күрек тістер орнында артық шыққан
тістердің болуы, (шықпай қалған немесе жарып шыққан). Диастеманың екінші
түрі көбінесе отбасылық ерекшелікке жатады, шын, нағыз деп аталады.
Үшініші түрі: орталық күрек тістердің сауыттарының медиальды ауытқуы
еңкеюі және түбірлерінің латеральды ауытқуы шалқаюы.
Себептері, орталық күрек тістердің түбірлерінің аралығында орналасқан
артық тістердің болуы немесе көлденең орналасқан артық тістердің одонтома
кезінде болуы.
Емдеу: Келесі әдістер қолданылады: Ортодонттық, хирургиялық, протездік
және күрделі қосылған аралас әдістер. Кіре беріс және кіре ауыз ішіндегі
табақшаларды қолдану ауытқулардың ерте даму кезеңінде балалардың зиянды
әдеттерін қойдыруға, тастауға, мұрнымен тыныс алуды және жұтуды нормаға
келтіруге, диастема мен тістердің аралығында бостықтардыжоюға жәрдем
береді. Орталық күрек тістерді уақтылы бір біріне жақындату кіші күрек
тістердің, сүйір тістердің өз бойында бұзылуынан сақтайды, алдын алады және
олардың тіс имегінен сыртқа жарып шығуынан да.
Емдеуді R+графия жасағаннан кейін бастайды, орталық күрек тістер
орналасқан жерді және оған шекаралас тіс ұяларының өсіндісін.

Диастеманың бірінші түрін емдеу
Алынатын аппараттар:
1. Қол тәріздес серіппесі бар Калвелистің табақшасы.
2. Кіре беріс доғасы және серіппелі қосымша бұтақтары бар Шварцтың
табақшасы.
3. Кіре беріс доғасы және күрек тістерді бір біріне жақындататын
серіппелері бар табақша.
Алынбайтын аппараттардан нәтижелісі Коркхауыздың аппараттары тік штангалары
және резеңке тартуы бар немесе оның екінші түрі тік түтіктері және
серіппесі бар, күректістерді жақындататын

Диастеманың екінші түрін емдеу
1. Коркхауыздың аппараттары: орталық күрек тістерге арналған
жүзіктері бар, оларға жабыстырылған тік науалары және кіре беріс
доғасымен серіппелі ілмектері бар осы науаларға кіріп тұратын
алмалы-салмалы табақшамен бірге қолданылады.
2. Рельс тәріздесконструкциялардан (құрамалардан) орталық күрек
тістерге бекітілген жүзіктерден тұратын аппарат қолданылады.
Олардың кіре беріс бетіне көлденең канюла ілмектері бар дистальды
жағында жағында жабыстырылған. Канюляға балканы кіргізеді, күрек
тітердің өз бойларында бұрылуын болдырмау үшін резеңке тартуының
әсерінен.
3. Жүзіктен екі көлденең түтігі бар бір орталық күрек тіс үшін және
жүзік тік түтігі бар екінші орталық күрек тіс үшін тұратын аппарат
қолданамыз. Тік түтікке талсымның бірбөлігін кіргізіп, оның екі
ұшын көлденең иіп басқа жүзікке жабыстырылған түтікке кіргіземіз.
Тістерді резеңке тартумен жақындатамыз.
4. Энгельдің доғасы молярға бекітілген және орталық күрек тістерге
кигізілген жүзіктерде көлденең түтіктері бар. Түтіктерді
карборундтыдискімен өн бойына кесеміз, сөйтіп оның ішіне доғаны
кіргізіп , қысқыштармен жан-жағынан қысамыз, түтіктердің тесігін
және доғаның қимылдап тұруын кеміту үшін. Күрек тістерді резеңке
тартумен жақындатамыз.
5. Тағыда мынадай конструкциясы бар аппарат қолдануға болады. Орталық
күрек тістерге кигізілген жүзіктерге көлденең түтіктер жабыстыруға және
оларға Энгельдің доғасының кесіндісін иір ойығы және гайкалары бар салуға,
қоюға , қондыруға болады. Гайкаларды бұрап бекіткенде күрек тістер бір
біріне жақындайды. Бір жүзікке таңдай жағынан тал сымның диаметрі 0,8 мм
кесіндісін жабыстырады, екіншісіне – қапсырма (скоба). Осындай бағыттайтын
құрал күрек тістердің денесімен жылжуына мүмкіндік береді.
6. Я.М. Адигезаловтың аппараты орталық күрек тістерге кигізілген
жүзіктерден тік штангалары бар тұрады. Бір штангаға көлденең салма
жабыстырады, оны екінші штангадағы қапсырмаға кіргізеді. Күрек тістерді
резеңке тартумен жақындатады.

Диастеманың үшінші түрін емдеу
1. Энгельдің доғасы. Күрек тістерге штангалары бар жүзіктер кигізіледі
және әртүрлі жақты резеңкелер тарту.
2. Ф.Я. Хорошолкинаның модификациясы.жүзіктің кіре беріс жағынан доғаның
тиіп тұрған жерінде штанганың қалыңдығы арқылы кең тесік, ою, кесік
жасайды, доғаны тістің бетіне жақындату және жоғарғы еріннің сілекей
қабатын зақымдатпау үшін. Тік штанга көлденеңге қарағанда рычагтың
(тетіктің) ұзындығын көбейтеді және сол себептен тартуды күшейтуге
мүмкіндік береді.
Диастеманы емдегенде оташылдық әрекеттерге (кіріспеулерге) мыналар
жатады: комплекттен артық тістерді жұлу, жоғарғы еріннің жүгеншесіне
пластика жасау, орталық күрек тістердің тіс ұяларының аралығындағы сүйек
пердені бұзу. Бұл операциялар диастеманың өзінен-өзі реттеліп кетуіне
жағдай жасайды және ортодонтиялық емдеуді жеңілдетеді, егерде диатема 4 мм
көп болмаса және операция жоғарғы бүйірдегі күрек тістер (7-8 жас) немесе
сүйір тістер (10-12 жас) жарып шыққанша жасалса.
Кең диастема (6 мм көп) болғанда, соның ішінде көп тістердің болмауынан
пайда болғанда, соның ішінде көп тістердің болмауынан пайда болғанда протез
жасауға болады, бірақ бұл жағдайларда әдетінше комплекті тісті жұлу қажет
тіс қатарының сыртында орналасқан немесе өз бойында бұрылып тұрған.
Қатты білініп тұрған диастеманың екінші, үшінші түрі жылжытатын тістер
орналасқан жерге компактостеотомия жсағаннан кейін және содан соң
ортодонтиялық аппараттар қолданғаннан кейін жоқ болуы мүмкін.

Жоғарғы алдыңғы тістердің таңдай жаққа орналасуы
Себептері: уақытша тістердің түсуінің кідіруі, комплекттен артық
тістердің болуы, уақытша тістердің созылмал грануляциялы периодонтиты, бір
жақта жартылай адентия немесе тістердің ерте түсуі, зиянды әдеттер, аузымен
тыныс алу, дұрыс жұтпау, тілдің қысқарған жүгеншесі, бүйірдегі тістердің
алға жылжуы.
Клиникасы: тіс имегінің формасының өзгеруі пайда болады, ол трапеция
тәріздес формаға айналады, тіс имегінің алдыңғы бөлігі қысқарады, күрек
тістердің тығыз орналасуы, пародонттың аурулары, еріннің ішке батып кетуі,
сөйлегенде дыбыстардың толық шықпауы.
Емдеу: күрек тістердің керіс жабысып тұру дәрежесін еске алу қажет.
Ашық және тіке тістесулерде, тағыда күрек тістер керіс сәл ақ жауып
тұрғанда алмалы-салмалы табақша аппараттар итеріп тұратын серіппелері, тіл
жақта доғасы және бұрандасы бар қолданылады. Керек болса тістесуді
ажыратады, бүйірдегі тістерге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балалар стоматологиясы пәнінен дәрістер
Тіс қатарлардың аномалиялары
Бүйректің даму ақаулары
Жеке даму түсінігі және оның кезеңдері
Төменгі жақ сүйегін резекциялағаннан кейінгі протездер
ТУА БІТКЕН ЖҮРЕК АҚАУЛАРЫ
Диагноз - Фибринозды желінсау
Ортодонтия және стоматологиялық ортопедиялық негіз ПӘНІ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ
Хромосомалар
Көздің аномалиялары бар қозылар цитогенетикасы
Пәндер