Еңбек пәнін оқыту әдістемесі (оқу-әдістемелік құрал)



Алғы сөз ... ... ... ... ...3
Еңбекке баулуды оқыту әдістемесі ... ... .4
Сабақ.мектептегі оқыту және тәрбиелеу процесінің негізгі формасы ... ... ... ... ... 8
Еңбекке баулу сабақтарының ерекшеліктері мен құрылысы ... ... ..10
Еңбек тәрбиесінің мазмұны мен жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
Оқушыларды техникалық еңбекке баулу ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
Бастауыш сыныптағы еңбекке баулуды оқыту әдістемесі ... ... .16
Еңбекке баулу пәні мұғаліміне қойылатын талаптар ... ... ... ..18
Еңбекке баулу сабағының басқа пәндермен байланысы ... ... 21
Еңбекке баулу пәнін оқыту әдістері мен тәсілдері ... ... ... ... ..23
Оқытуды ұйымдастыру формалары ... .26
Бастауыш сыныптарда технология пәнін оқыту ... ... ... ... ... ..30
Технология пәні мұғалімінің оқытуды ұйымдастыруға дайындық жұмыстары ... ... ... .32
Оқушылардың білімі мен іскерлігін бақылау және бағалау әдістері ... ... .35
Оқу шеберхана жабдықтарына қойылатын талаптар ... ... ... ..38
Сыныптан тыс жұмыстардың міндеттері мен мазмұны ... ... ... .44
Модульдік оқыту технологиясы. Тігін бұйымдарын модельдеу ... ... ... ... ... ... 50
Сабақ үлгілері ... ... ... 52
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ..
Еліміз егемендік алып, қоғамдық өмірдің барлық салалалырнда, соның ішінде, білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру, жаңа технологияларды енгізу, компьютерлендіру бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыруға жол ашуда.
Жаңа мазмұнды оқытудың нәтижелілігі еңбек пәнінің мұғалімінің шеберлігі мен ізденісіне байланысты.
Бастауыш сыныпта технология пәнін оқытуда оқушылардың білімі, іскерлігі, дағдысы қалыптасады.
Бүгінгі мектеп оқушыларының сана-сезімі ғылыми-техникалық прогресспен бірге күн санап даму үстінде. Олардың дамуы мен білім негіздерінің қалыптасуына отбасы мен мектептің ролі күнделікті өмірдегі техникалық ағымдық, ақпараттық құралдар, теледидар, радио, компьютер және газет-журналдардың өзіндік үлестері мол.
Қазіргі кезеңде жалпы білім беретін орта мектептердегі білім мазмұнында түбегейлі өзгерістер болуда. Білім беру саласында үнемі ізденіс үстінде жұмыс істеп келе жатқан әдіскер, мұғалімдер, ғалымдар, жаңашыл мұғалімдер тарапынан оқулықтар мен әдістемелік көмекші құралдар құрастыру, оқыту әдістерін жетілдіру және оқытудың озық тәжірибелерін игеру жолдары қолға алынуда.
Оқу-әдістемелік құралда, мұғалімдердің теориялық білімін, педагогикалық іс-тәжірибесін шыңдауға осы тақырыптар қамтылған. Еңбекке баулуды оқыту әдістемесі, сабақ-мектептегі оқыту және тәрбиелеу процесінің негізгі формасы, еңбекке баулу сабақтарының ерекшеліктері, бастауыш сыныптағы еңбекке баулу сабағының құрылысы, бастауыш сыныптағы еңбекке баулуды оқыту әдістемесі пән ретінде, еңбекке баулу пәні мұғаліміне қойылатын талаптары, еңбекке баулу сабағының басқа пәндермен байланысы, оқыту әдістері мен тәсілдері, оқытуды ұйымдастыру формалары, технология пәні мұғалімінің оқытуды ұйымдастыруға дайындық жұмыстары, оқушылардың білімі мен іскерлігі, бақылау және бағалау әдістері, оқу шеберхана жабдықтарына қойылатын талаптары, сыныптан тыс жұмыстардың міндеттері мен мазмұны, оқушылардың өз бетімен жұмысы, оқушылар жұмыстарының көрмесі, үйірме жетекшісіне техника моделін жасаудағы графикалық даярлықтары, графикалық сауаттылық - техникалық іс-қағаздарды оқып, жасай білуі, оқушылардың өздері жасаған бұйымдары бойынша өткізілетін жарыстары, балалардың істеген бұйымдарынан көрме ұйымдастыруы, бастауыш сынып оқушыларын өндіріспен, ересектердің еңбегімен таныстыруы, оқушыларды техникалық еңбекке баулуы, бастауыш сыныптарда технология пәнін оқытуы, сызбаны және технологиялық картаны дайындауы, еңбек тәрбиесінің мазмұны мен жүйесін, модульдік оқыту технологиясын, тігін бұйымдарын модельдеуін, сабақ үлгілерін пайдалануға болады.
Ұсынылып отырған оқу-әдістемелік құралында жоғарыда көрсетілген мақсаттарды жүзеге асыру үшін оқу міндеттеріне байланысты мына төмендегідей шешімдерді жүзеге асыру қарастырылған:
а) оқушыларға еңбектің түрлері туралы мәлімет беру;
ә) оқушыларды өндірістің жалпы негіздерімен таныстыру;
б) оқушыларды теориялық және практикалық тұрғыда материалдармен таныстыру;
в) оқушыларды ең көп таралған материалдардың механикалық және технологиялық қасииеттерімен таныстыру;
г) оқушыларды әртүрлі материалдарды өңдеуге керекті аспаптар мен құралдарды қолдана білуге үйрету;
д) оқушыларды өз жұмысын жоспарлай білуге дағдыландыру;
е) оқушыларды еңбек мәдениетінің негіздерін меңгеруге және ұйымдастыра білуге үйрету.
Еңбек пәні оқыту әдістемесіне арналға оқу-әдістемелік құрал мұғалімдерге, әдіскерлерге және мектеп оқушыларына білімін, біліктілігін, тәжірибесін шыңдауға өз көмегін көрсете алады.
Ең негізгісі оқу мен тәрбие жұмысын қазіргі қоғам талаптарына сай оқытудың озық әдіс-тәсілдері мен жаңаша жолдарын қолға алу болып табылады. Қазіргі кезеңде жалпы білім беретін орта мектептердегі білім мазмұнында түбегейлі өзгерістер болуда. Білім беру саласында үнемі ізденіс үстінде жұмыс істеп келе жатқан әдіскер мұғалімдер, мен әдістемелік көмекші құралдар құрастыру, оқыту әдістерін жетілдіру және оқытудың озық тәжірибелерін игеру жолдары қолға алынуда.
1. Әбдіғалиева Ш., Кенжеахметұлы С. «Мектептегі технология». «Алматы кітап», 2008
2. Махамадиева М., Тәжімұратов Д. «Шебердің қолы ортақ». Алматы, 2006.
3. Сатқанов О. Еңбек сабақтарында қазақ өнеріне баулу. Алматы «Рауан», 1992.
4. Сатқанов О. Техникалық еңбек. Алматы «Рауан», 1993.
5. «Технология» (ғылыми-әдістемелік журнал). №13, 2006.
6. Өрсімбетов К., Сыздықов О., Адамқұлов Н., Велижанина М., Ниязова Н., Ырсымбетов М. «Технология». Алматы «Мектеп», 2004.
7. Оралбекова Т.Ш. Технология оқулығы. Алматы, 2003.
8. Оралбекова Т.Ш. Әдістемелік құрал (технология), Алматы, 2003.
9. И.Е.Синица. Педагогтық әдеп және ұстаздық шеберлік. Алматы 1987.
10. С.Қалиев. Мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. Алматы 1999.
11. Бейсенбаева А. «Пәнаралық байланыс негізінде оқу процесін ұйымдастыру. Алматы, 1995.
12. Балтаев А.Д. «Пәнаралық байланыс арқылы оқушыларға еңбекке баулуда тәрбие берудің педагогикалық негізі. Алматы, 1994.
13. Сабыров Д. «Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдары. Алматы, Мектеп. - 1978.
14. Мұсабеков О. «Пәнаралық байланысты жүзеге асыру. Қазақстан мектебі, 1989. №13.
15. Айғабылов Н. «Еңбек тәрбиесінің психологиялық аспектісі» //Қазақстан мектебі журналы. 1986. №6.
16. Әбдуалиева Ш. «Қолөнер сабағын өткізу тәжірибемен» // Қазақстан мектебі журналы. 1975 №6.
17. Касымов С. Қазақ халқының қолөнері. Алматы. Қазақстан 1995.
18. Төленбаев С. Ою. Алматы: Өнер, 2009.
19. Жолдасбеков А.А. «Ұлттық сәндік-қолданбалы өнерге үйрету» 1-4 сыныптар./әдістемелік құрал/.2003.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   
Досова А.Б.

Еңбек пәнін оқыту әдістемесі
(оқу-әдістемелік құрал)

Түркістан 2014
УДК 373
ББК 74.263
Д64

Пікір беруші: Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік
унивесритетінің педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Күнпейіс Ж.

Досова А.Б.
Д64
Еңбек пәнін оқыту әдістемесі. Оқу-әдістемелік құрал. -Түркістан 2014.-

Ұсынылып отырған оқу құралда бүгінгі мектеп оқушыларының сана-сезімі
ғылыми-техникалық прогресспен бірге күн санап даму үстінде тәрбиелеп білім
беруде еңбекке баулу пәнін оқыту әдістемесінің қосар үлесі мол. Оқу-
әдістемелік құралда білім беру саласында үнемі ізденіс үстінде жұмыс істеп
келе жатқан әдіскерлер, мұғалімдер өздерінің педагогикалық іс-тәжірибесін,
біліктілігін дамытуда теориялық тұрғыда білімін жетілдіруге, көмекші құрал
ретінде пайдалануға болады.

ББК 74.263

ISBN 9965-9530-2-3

Д
о
с
о
в
а

А
.
Б
.

Түркістан 2014.

Алғы сөз

Еліміз егемендік алып, қоғамдық өмірдің барлық салалалырнда, соның
ішінде, білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру, жаңа
технологияларды енгізу, компьютерлендіру бәсекеге қабілетті тұлғаны
қалыптастыруға жол ашуда.
Жаңа мазмұнды оқытудың нәтижелілігі еңбек пәнінің мұғалімінің шеберлігі
мен ізденісіне байланысты.
Бастауыш сыныпта технология пәнін оқытуда оқушылардың білімі,
іскерлігі, дағдысы қалыптасады.
Бүгінгі мектеп оқушыларының сана-сезімі ғылыми-техникалық прогресспен
бірге күн санап даму үстінде. Олардың дамуы мен білім негіздерінің
қалыптасуына отбасы мен мектептің ролі күнделікті өмірдегі техникалық
ағымдық, ақпараттық құралдар, теледидар, радио, компьютер және газет-
журналдардың өзіндік үлестері мол.
Қазіргі кезеңде жалпы білім беретін орта мектептердегі білім мазмұнында
түбегейлі өзгерістер болуда. Білім беру саласында үнемі ізденіс үстінде
жұмыс істеп келе жатқан әдіскер, мұғалімдер, ғалымдар, жаңашыл мұғалімдер
тарапынан оқулықтар мен әдістемелік көмекші құралдар құрастыру, оқыту
әдістерін жетілдіру және оқытудың озық тәжірибелерін игеру жолдары қолға
алынуда.
Оқу-әдістемелік құралда, мұғалімдердің теориялық білімін,
педагогикалық іс-тәжірибесін шыңдауға осы тақырыптар қамтылған. Еңбекке
баулуды оқыту әдістемесі, сабақ-мектептегі оқыту және тәрбиелеу процесінің
негізгі формасы, еңбекке баулу сабақтарының ерекшеліктері, бастауыш
сыныптағы еңбекке баулу сабағының құрылысы, бастауыш сыныптағы еңбекке
баулуды оқыту әдістемесі пән ретінде, еңбекке баулу пәні мұғаліміне
қойылатын талаптары, еңбекке баулу сабағының басқа пәндермен байланысы,
оқыту әдістері мен тәсілдері, оқытуды ұйымдастыру формалары, технология
пәні мұғалімінің оқытуды ұйымдастыруға дайындық жұмыстары, оқушылардың
білімі мен іскерлігі, бақылау және бағалау әдістері, оқу шеберхана
жабдықтарына қойылатын талаптары, сыныптан тыс жұмыстардың міндеттері мен
мазмұны, оқушылардың өз бетімен жұмысы, оқушылар жұмыстарының көрмесі,
үйірме жетекшісіне техника моделін жасаудағы графикалық даярлықтары,
графикалық сауаттылық - техникалық іс-қағаздарды оқып, жасай білуі,
оқушылардың өздері жасаған бұйымдары бойынша өткізілетін жарыстары,
балалардың істеген бұйымдарынан көрме ұйымдастыруы, бастауыш сынып
оқушыларын өндіріспен, ересектердің еңбегімен таныстыруы, оқушыларды
техникалық еңбекке баулуы, бастауыш сыныптарда технология пәнін оқытуы,
сызбаны және технологиялық картаны дайындауы, еңбек тәрбиесінің мазмұны мен
жүйесін, модульдік оқыту технологиясын, тігін бұйымдарын модельдеуін, сабақ
үлгілерін пайдалануға болады.
Ұсынылып отырған оқу-әдістемелік құралында жоғарыда көрсетілген
мақсаттарды жүзеге асыру үшін оқу міндеттеріне байланысты мына төмендегідей
шешімдерді жүзеге асыру қарастырылған:
а) оқушыларға еңбектің түрлері туралы мәлімет беру;
ә) оқушыларды өндірістің жалпы негіздерімен таныстыру;
б) оқушыларды теориялық және практикалық тұрғыда материалдармен
таныстыру;
в) оқушыларды ең көп таралған материалдардың механикалық және
технологиялық қасииеттерімен таныстыру;
г) оқушыларды әртүрлі материалдарды өңдеуге керекті аспаптар мен
құралдарды қолдана білуге үйрету;
д) оқушыларды өз жұмысын жоспарлай білуге дағдыландыру;
е) оқушыларды еңбек мәдениетінің негіздерін меңгеруге және ұйымдастыра
білуге үйрету.
Еңбек пәні оқыту әдістемесіне арналға оқу-әдістемелік құрал
мұғалімдерге, әдіскерлерге және мектеп оқушыларына білімін, біліктілігін,
тәжірибесін шыңдауға өз көмегін көрсете алады.
Ең негізгісі оқу мен тәрбие жұмысын қазіргі қоғам талаптарына сай
оқытудың озық әдіс-тәсілдері мен жаңаша жолдарын қолға алу болып табылады.
Қазіргі кезеңде жалпы білім беретін орта мектептердегі білім мазмұнында
түбегейлі өзгерістер болуда. Білім беру саласында үнемі ізденіс үстінде
жұмыс істеп келе жатқан әдіскер мұғалімдер, мен әдістемелік көмекші
құралдар құрастыру, оқыту әдістерін жетілдіру және оқытудың озық
тәжірибелерін игеру жолдары қолға алынуда.

Еңбекке баулуды оқыту әдістемесі

Әдістеме пәні ретінде оқытужәне тәрбиелеу прцесінің ерекшеліктері мен
заңдылықтарын қарастырады.
Педагокикалық ғылымның жалпы және жеке әдістемесә бар. Жалпы оқыту
заңдылықтары дидактиқамен байланысты, ал жеке – әрбір оқыту пәнінің зерттеу
объектілерін, міндеттерін және әдістерін қарастырады.
Оқыту мен дамытудың өзара тығыс байланысты үдерістер бар, олар:
оқытудың мазмұны, мұғалімнің қызметі – оқыту, оқушылардың қызметі – оқу.
Әдістеменің міндеті – осы үш заңдылықтардың байланыстарын зерттеу және
соның негізінде оқу пәнінің, оқытудың мазмұнының талаптарын құрастыру.
Сонымен, әдістеменің объектісі болып оқыту процесі саналады.
Оқыту әдістемесі әрдайым бір мақсатқа бағытталады. Қазіргі мектепте
оның мақсаты тек оқушыларды білім мен, білікпен және дағдымен қаруландырып
қою емемс, сонымен қатар денесі шыныққан, иілімді ақылымен, жқсы
эстетикалық талғамымен және жоғары ізгілік қасиеттерімен жан-жақты дамыған
адамдарды әзірлеу.
Оқыту әдістемесі машықтық тәжірибені теориялық жағынан
қорытындылайды, өзін дәлелдейтін және жақсы нәтижелер беретін оқыту
әдістерін ұсынады.
Қазіргі әдістемеде, соның ішінде еңбекке баулу әдістемесінде, оқу
пәніне және оны құру жүйесінде ғылыми материалды таңдауда белгілі мөлшерде
айқындалады, яғни оқу пәнінің логикасын талап етеді.
Мектеп шеберханаларындағы қауіпсіздік техникасы ережелері
"Еңбекке үйрету бойынша кауіпсіздік техникасы ережелерін сақтауда
мұғалімдер мен үйірмелердің жетекшілері мынаны атқаруға міндетті:
1. Қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария жөнінде қолданылып
жүрген ережелер мен нұсқалардың орындалуын қамтамасыз ету;
2.Сабақтар мен жұмыстарды тиісті құрал-жабдықтар, қауіпсіздік техникасы
ережелері мен нормаларында көрсетілген басқа да жағдайлар бар кезде өткізу;
3.Жұмыс орындарының, құрал-жабдықтардың, приборлардың, аспаптардың
қауіпсіздігін және үйдің санитарлық жағдайын қамтамасыз ету;
4. Оқушыларға қауіпсіздік техникасы жөнінде нұсқау беріп, оны жүрналға
тіркеу;
Жоспарға енгізу және еңбекті қорғау жөнінде келісім жасау үшін
қауіпсіздік техникасы жөнінен шараларды талдау;
Белгіленген арнаулы киім мен қорғаныс құралдарынсыз оқушыларды жұмыс
істеуге және сабаққа жібермеу;
Адам өміріне қауіп туғызатын жұмысты не сабақты тоқтатып, ол жөнінде
мектеп директорына хабарлау;
Жазатайым жағдай жөнінде әрдайым дереу директорға хабарлап отыру;
9. Олардың өз міндеттерін орындамауы салдарынан болған жазатайым жағдай
үшін жауап беру.
Оқушылар шеберханаларында жұмыс істеген кезде қауіпсіз жағдайды
қамтамасыз етуге бағытталған нұсқаулар мен басқа да шараларды өткізген
кезде мұғалімдер ҚР білім мииистрлігі бекіткен қауіпсіздік техникасы
жөніндегі ережелерді басшылыққа алады.
Еңбекке баулуды оқыту әдістерін сөз етпес бұрын, жалпы педагогика
ғылымындағы әдіс, тәсіл ұғымдарына сақталып кетейік.
Педагогикалық энциоклопедияда оқыту әдістері -мұғалім мен оқушылар
жұмысының тәсілдері, солардың көмегімен білімді, іскерлікті және дағдыңы
игереді, оқушылардың дүниетанымы қалыптасады, қабілеттері дамиды, - деп
жазған. Олай болса, еңбек сабағында пайданатын әдіс дегеніміз - тиімді
тәсілдермен сабақты ұйымдастырып, оны сапалы жүргізу.
Яғни, оқыту әдістері мұғалім мен оқушыладың арасындағы оқу тәрбие
жұмыстарын нәтижелі етіп орналастыру іс-әрекетінің тәсілдері. Дәлірек
айтқанда, әдіс- белгілі бір мақсатқа жету іс-әрекеті нақты жүйеге
келтіретін тәсілдердің жиынтығы. Ол оқу-тәрбие жұмысындағы әдістерді
педагогикалық дидактика негіздерін бетке ұстай отырып, оқушылардың танымдық
қабілеттерінің дамуына мүмкіндік тигізуі тиіс, яғни оқушылардың ойын,
қиялын дамытуға өз бетімен ізденіп, жаңа білімді меңгеруге ықпал жасауы
тиіс.
Оқыту әдісі белгілі бір мақсатқа жетудің сапалы түрде қолданылатын
тәсілдері, ал мақсатқа жету мұғалімнің сол тәсілдерді тиімді таңдап алып,
шебер пайдалана отырып оқыту процесін ұйымдастыруына, оқушылардың
қабылдауға даярлық дәрежесіне мұғалім мен оқушылардың белсенді
педагогикалық ынтымақтастығына байланысты.
Жалпы әдіс пен тәсілді ажыратып, жіктеп көрсету пікірталас туғызады,
өйткені оқыту үрдісінде екеуі бір бірімен ауыспалы болып келуі мүмкін.
Мысалы:
Мұғалім сабақты ауызша баяндау барысында сәндік-қолданбалы өнерге
байланысты шығармашылық жұмыстарды көрнекі түрде көрсетсе, онда көрнекі
әдістемелік тәсілге айналады.
Оқушылар белгілі бір шығармашылық жұмыстарды зерттеп, талдап нақты
білім алса, онда осы сабақта қолданған жіктеме ауызша баяндау тәсілге
айналады да, көрнекі керсету әдісі болып саналады.
Сонымен, мектептегі еңбекке баулу пәнін оқыту және тәрбиелеу мақсат-
міндеттерін орындауға пайдаланатын бірнеше педагогикалық әдіс-тәсілдер бар.
Мұғалім осы әдіс-тәсілдерді таңдап пайдалануда оқылатын жаңа сабақтың
мазмұнын, мақсат-міндеттерін оқушылардың танымдық деңгейін ескеруі қажет.
Бір сабақ барысында бірнеше әдіс-тәсілдер пайдаланылуы мүмкін .
Еңбек сабағын оңытуда пайдаланатын негізгі мынадай әдіс-тәсілдерге
тоқталып көрейік.
Ауызша әдіс
Ауызша әдіс- сабақтың қандай кезеңінде болса ,ол сұрақ-жауап,
әңгімелесу, пікірлесу, нұсқау беру тәсілдерін құрайды. Бұл әдіс көбінесе
сабақтың жаңа терминдік кезеңінде басым орын алады.
Мұғалім ауызша баяндайтын материалын алдың ала дидактикалық талаптарға
сай дайындайды, ол мәтіннің оқушыларға түсінікті болуы тиіс, егер де онда
оның оқушыларға жаңа терминдік сөздер ұсынылса, онда оның мән-мағынасы
ашылып, түсіндірілуі мүмкін. Оқушылар тақтаға жазылып көрсетілген жаңа
терминдік сөзді жұмыс дәптерлерге түсіріп алғаны жөн. Мұғалімнің
әңгімесіндегі мәліметтер белгілі фактілермен, ғылыми дәлелдермен бекітілуі
керек.

Сабақтың ауызша әдісіне бөлінетін уақыт сабақтың тақырыбына, атқаратын
іс-шара мазмұнына немесе сабақтын, еңбекке баулудың түрі бойынша қаралуына
байланысты.
Мысалы, 1-2 сыныптардағы еңбек сабақтарында жаңа сабақты баяндауға 8-10
минут уақыт бөлінсе, ал 2-3 сыныптарда 10-13 минут уақыт бөлінуі мүмкін.
Ауызша әдісте сұрақ-жауап, пікірлесу, әңгімелесу сабақты қызықты ете
түседі, оқушылар тек тыңдаушы ғана болып қоймай, өзін сол мәселеге
қатысушы, араласушы ретінде сезінеді. Оларды басты және өте маңызды
мәселелердің мазмұнын, өзара байланысын анықтауға талпындырады. Оқушыларды
шығармашылық жұмысқа шабыттандырып, өздеріне сенімін молайтады, мәселе
туралы жеке пікірлерін құрау дағдыларын қалыптастырады. Ауызша әдісте
оқушылардың болашақ машықтық жұмысына шығармашылық көзқарасын, қиялын,
шабытын ояту үшін тақырып мазмұнына байланысты қысқаша талдату үлкен нәтиже
береді.
Түсіндіру - жаңа білімді, ереже заңдылықтарын, еңбек құралдарын,
материалдар мен жұмыс істеу ережелерін ауызша айтып көрсету немесе еңбек
пәніне байланысты жаңа бейтаныс сөздердің (терминдердің) мағынасын ашып
айту.
Түсіндіру, әсіресе жаңа сабақ мазмұнын ауызша әңгімелеу барысында жиі
қолданылады, бірақ бұл түсіндірулер ауызша әңгімелеу жүйесін бұзбай,
кезегімен қолданылғаны жөн. Сонымен қатар, түсіндіру сабақтың машықтық
кезеңінде де орын алады.
Түсіндіру мынадай талаптарға сай болуы керек:
жүйелі түсіндірілу;
дәлелдер келтіру;
өлшемдік, түстік салыстыру, мысалдар келтіру;
сұрақтарды нақты тұжырымдау.
Түсінікті жеңіл меңгеру үшін көрнекіліктер, сөздік талдаулар, сұрақ-
жауаптар қолданылады.
Әңгімелесу - ол оқытудың диалогтік әдісі, мұғалім тақырыпқа байланысты
әңгіме туындататын сұрақтарды мұқият ойластырып дайындайды. Әдгімелесу жаңа
білімді іс-әрекет ережелерін жеңіл меңгеруге жол ашады. Проблеманы
түсінуде, шешуде мұғалім мен оқушының іс-әрекетін ынтымақтастыққа
ұйымдастыруға мүмкіндік туады.
Әңгімелесу барысында мұғалім оқушылардың білімдік қорын тексеріп
байқауына болады.
Әңгімелесу арқылы оқушылардың ой-өрісі, өз бетімен пікір құрастырып,
оны жариялау, коммұниқативтік қабілеттері дамиды, яғни сөйлесу, пікірлесу
мәдениеті қалыптасады.
Әңгімелссу нәтижесі кобінесе қойылатын сұрақтардың мазмұнына
байланысты. Мұғалім оқушылардың әңгімелесу барысында жауаптары толық,
аяқталған болуын қадағалауы тиіс.
Әңгімелесу еңбек пәнінің затқа қарап бұйымының көлемін, түстік
ерекшелігін жекеленген композициялық, мазмұндық құрылымына талдау жасауда,
оқушылардың аяқталған машықтық жұмыстарын талдауда кеңінен өткізіледі.
Оқутәрбие процесінде дидактикалық талаптарға сай жоспарланған
әңгімелесудің мынадай мүмкіндіктері бар;
ой-өрісті, тілді дамыту;
оқушылардың білімін тексеру;
оқуға ынтасын арттыру;
сөйлеу, сөйлесу мәдениетін дамыту;
тәрбие беру;
оқытуды ізгілендіру.
Көрнекілік әдіс
Көрнекілік әдісін, әсіресе бастауыш сыныптардың алғашқы сатысында
кеңінен қолдану өте маңызды. Ол оқушылардың құбылысты, оқиғаны, мәселені,
оны шешу жолдарын көріп, сезініп қабылдауына, түсінуіне, есте сақтауына,
заттардың құрылысын, қасиеттерін өз беттерімен немесе мұғалімның көмегімен
зерттеп тануына мүмкіндік жасайды. Көрнекілік әдісі, сонымен қатар оқушының
байқампаздық, есте сақтау, салыстыру арқылы талдау қасиеттерін дамытады.
Еңбек сабағындағы көрнекілік әдісі демонстрациялау, иллюстрациялау,
экрандық бейнелеу, дыбыстық тәсілдер арқылы жүзеге асырылады.
Демонстрациялау ол заттың сыртқы пішінін, ішкі құрылысын көрсетумен
қатар табиғи түрін анықтауға мүмкіндік береді. Демонстрациялау кезіндегі
бақылау, талдау, зерттеуді жүйелі жүргізу керек.
Оқушылардың демонстрацияланған көріністер немесе заттар туралы өздері
әңгімелеуі өте маңызды. Ол оқушылардың қоршаған орта туралы өз пікірлерін,
көзқарастарын қалыптастырады, коммұниқативтік қабілеттерін арттырады.
Демонстрациялау кезінде мұғалім әңгімесі басты рөл атқармай, жетекші рөл
атқаруы қажет.
Иллюстрациялау- ол нәрсенің, құбылыстың, көріністің техникалық суреті,
яғни орындау ережелері, шеберлердің, зергерлердін, шығармаларының
репродукциялары, фотосуреттер, технологиялық карталарды көрсету және сабақ
барысындағы мұғалімнің тақтаға орындаған түсіндірме эскиздері, сызбалары
болып табылады. Бұл тәсіл еңбек сабақтарыыың барлығында дерлік қолданылады.
Иллюстрациялау тәсілімен демонстрациялау тәсілдері бір-бірімен өте тығыз
байланысты болып келеді. Иллюстрациялау тәсілінің нәтижелі болуы, ол
мұғалімнің көрсету әдістемелік шеберлігіне байланысты. Ол үшін мұғалім
көрсетілетін көрнекіліктің сабақ процесіндегі дидактикалық маңызын,
танымдық ролін анықтап білуі қажет. Тәжірибеден белгілі болғандай, сабақ
үдерісінде шамадан тыс көрнекіліктер оқушылардың көңілін негізгі мәселеден
ауытқытуы мүмкін. Сондықтан да мұғалім алдың ала дайындаған көрнекіліктерді
әңііме болатын мәселе негізінде ғана бастап көрсеткекі дұрыс.
Экранды бейнелік тәсілі дегеніміз - мәселені, көріністерді,
репродукцияларды және т.б. мәліметтерді эпиодоскоп, эпипроектор,
киноаппараттар, бейне-таспа, теледидар, компьютер арқылы көрсету болып
табылады. Бұл тәсіл оқушылардың сабаққа ерекше қызығушылығын арттырады,
танымдық деңгейін көтереді, мәлімет алудағы техникалық құралдардың орнын
көрсетеді. Осы техникалық құралдарды, оларға салынатын мәліметтерді мұғалім
алдың ала әзірлеп, диафильм, кинофильмдердегі жетекші мәтіндер мазмұнымен
танысады. Бұл тәсіл көбінесе еңбек өнерінің түрлерімен танысу сабақтарында
кеңінен қолданылады. Экранды бейнелік тәсіл тек жаңа мәлімет беру ғана
емес, тексеру, бекіту, көрытындылау, яғни дидактикалық іс-әрекеттердің
барлығында қолданылады.
Бұл тәсілдің тағы бір ерекшелігі қоршаған ортадағы немесе жұмыс
барысындағы ұзақ мерзімді үрдісті тездетіп көруге болады.
Мысалы, оқушылардың машықтық жұмысы барысындағы көріністерін оларды
жұмысты орындау тәсілдерін көрсетуге болады.
Дыбыстық тәсілдерде сабақ процесінде оқушылардың жаңа материалды
меңгеруіне, қиялдауына, шығармашылық жұмысты елестетуіне мүмкіндік жасайды.
Бұл тәсіл грампластинкалар, магниттік таспалар, әр түрлі музыка аспаптары
арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, ертегілер кейіпкерлерін мүсіндеу
тақырыбындағы сабақта белгілі бір ертегіні толық немесе үзіндісін
грампластинка, магниттік таспа арқылы тыңдатып, оқиға желісін, мазмұнын
оқушыларға талдатуға болады. Табиғи материалдармен жұмыс деген тақырыпта
өткізілетін сабақта өзен-көлдердегі құстардың, терек жапырақтарының шуылын
немесе музыкалық шығармаларды пайдаланып, оқушылардың қиялына, елестетуіне
көмектесуге болады.
Сонымен, көрнекілік әдіс-тәсілдер педагогикалық процестің барлық
кезеңінде қолданылады. Олар жан-жақты образды қабылдауға және ойлануға
негізгі тірек болады.
Практикалық әдіс
Практикалық әдіс теориялық білімді белгілі бір іс-әрекетте жүзеге
асыру, меңгеру үшін қолданылады. Ол жаттығулар, эскиздер және сабақ
тақырыбы бойынша орындау, көркем жобалау (дизайн) жұмыстары болып табылады.
Еңбек пәнінде машықтық әдіс басты әдістердің бірі болып саналады,
өйткені онда көру, сезініп қабылдаудан басқа, барлық дерлік сабақта
машықтық іс-әрекет арқылы икемділік, іскерлік дағдыларын қалыптастыру
мақсатында жүргізіледі.
Ал машықтық жұмыс барысында сабақтың көптеген уақыты (30-35
минут)машықтық жұмысқа беріледі.Бұл сабақтарда машықтық жұмыстан басқа әдіс-
тәсілдер пайдаланылмайды деген сөз емес, практикалық әдіс көбіне көрнекілік
әдіспен жетеленіп отырады.
Машықтық әдіс барысында мұғалім оқушылардың, жаңа материалды қалай
қабылдағанын және оған байланысты іскерлік дағдыларды қалай меңгергендігін
бақылап байқауына болады.
Машықтық әдісті сабақ процесіне екі түрлі негізде жүргізуге болады, ол
бойынша жаңа сабақ, материалы, жұмыс ережелері түсіндіріліп болған соң
оқушылар толық өз бетімен жұмыс істейді. Мұғалім бақылаушы, қажет болған
жағдайда еңбек іс-әрекеттің әрбір кезеңдерін жеке-жеке түсіндіріп,
орындатып, оқушыларды машықтық іс-әрекеттерді жоспарлы, жүйелі, саналы
жүргізуге дағдыландыруы керек. Ол оқушыларды' кез келген жұмыс процесін
жүйелі., ұқыпты ұйымдастыруға тәрбиелейді.
Репродуктивтік әдіс
Репродуктивтік әдіс ол белгілі бір берілген білімді немесе мұғалімнің
тапсырмасы бойынша іс-әрекеттің тәсілін қайталау, еске түсіру болып
табылады. Мұғалім еңбекке баулу сабақтарында оқушылардың алдыңда
ұсынылған жаңа білім, жаңа іс-әрекеттерді өткен сабақтардағы білім мен іс-
әрекеттерді бірнеше рет еске түсіру арқылы оқытуды ұйымдастырады.
Репродуктивтік әдіс өткен білімді, Іс-әрекетті үнемі қайталап еске
түсіре отырьш, жаңа білімді, іс-әрекетті жүйелі бірізділікпен қабылдауды
көздейді.
Мысалы, 1-сыныпта Ұлттық бұйымдарды әшекейлейік тақырыбы бойынша
өткен сабақтарда танысқан ою-өрнек түрлерін және жолақ ішін безендіру
әдістерін сұрақтар қою арқылы еске түсіріп, сол ою-өрнектерді безендіру
әдісін қайталап, осы сабақтағы безендіру жұмысына тірек етіп алуға
болатындығын айтуға болады.
Репродуктивтік әдісі арқылы мұғалім оқушылардың білімдік қорының
деңгейін тексеріп, бақылап қол жеткізеді және оқушылардың өздері меңгерген
іс-әрекеттер мен білімдердің, өзара тығыз байланысты екендігін тануға
мүмкіндік жасайды.
Бұл әдісті әр оқу тоқсанының аяғында немесе оқу жылы аяғындағы
сабақтарда кеңінен қолдану нәтижелі болады.
Проблемалық әдіс
Проблемалық әдіс - оқу-тәрбие процесінде оқушыларға алдыңғы тақырыпқа
байланысты дүниетанымдық, іс-әрекеттік, проблемалық жағдайларды туғызу. Бұл
әдіс бойынша оқушылар сабақ мазмұнына байланысты белгілі бір проблемалық,
сұрақтарды, тапсырмаларды ғылыми, шығармашылық тұрғыдан ізденістер жасап,
зерттеп, салыстырып, ойланып шешуге талаптанады.
Проблемалық тапсырмалар жекелеген оқушыларға немесе ұжымдық топтық шешу
мақсатында беріледі. Ұжымға немесе топтарға қойылған проблемаларды шешу
барысында оқушылар бір-бірімен ақылдасып, пікірлесіп, ойланып шешуге әрекет
жасайды. Ол әрекет оқушыларды ұжымшылдыққа, бірлікке, ынтымақтастыққа
тәрбиелейді. Сонымен қатар, бұл әдіс оқушының логикалық ой-өрісін, қиялын,
дүниетанымын молайтып, сабаққа сапалы ынтасын арттырып, өз ой-пікірлерін
дәлелдей білуге үйретеді.
Ішінара ізденіс немесе эвристикалық әдіс
Ішінара ізденіс немесе эвристикалық, әдіс. Бұл әдіс оқу-тәрбие
процесінде оқушылардың, алдыңа қойылған проблемаларды бірте-бірте өз
беттерімен шешу үшін алдың ала зерттеу жолдарын ұйымдастыруды үйретеді.
Мұғалім оқушылардың алдыңа қойылған проблеманы шешу жолдарын өздерімен
бірігіп жоспарлайды. Мұғалім осындай жүйе бойыншапроблеманы шешуге
әкелетін сұрақтар қояды және іздену кезеңдеріне оқушылардың тегіс қатысуын
қадағалап, ұйымдастырады. Оқушылар осыған дейін алған білімдерін
пайдаланып, ізденеді, шығармашылық қабілеттерін танытады.
Зерттеу әдісі
Зерттеу әдісі оқушылардың шығармашылық-танымдық жұмыстарын ғылыми
деңгейге жақындатуды көздейді. Оның негізі - жаңа проблемаларды шешу
жолында оқушылардың ізденушілік, шығармашылық іс-әрекет тәсілдерін
ұйымдастыру болып табылады.
Зерттеу объектісін мұғалім өзі көрсетіп, машықтық тапсырма береді. Ол
практикалық зерттеу тапсырмалары сабақ барысында қысқа мерзімдік немесе
сыныптан тыс ұзақ мерзімде орындауға берілуі мүмкін.
Зерттеу барысында жұмысты жоспарлау, материалдар жинақтау, талдап
зерттеу, болжам пікір айту, нәтижені қорытындылау іс-әрекет дағдыларын
қалыптастырады.
Жоғарыда көрсетілген оқытудың негізгі әдіс-тәсілдерін басқа педагогика
ғылымындағы еңбек пәнін оқыту тәжірибесінде осындай дәстүрлі әдіс-
тәсілдермен қатар, дәстүрден тыс әдіс-тәсілдерді пайдалануда маңызды болып
табылады, оларға ойындар, сайыстар, көрмелер және т.б. жатады.
Сабақ жүйесіне енгізілген осындай дәстүрден тыс әдіс-тәсілдер
оқушылардың шығармашылық ізденіске деген құштарлығын оятып, өзіндік образ,
өзіндік іс-әрекет жобасын құруға мүмкіндік жасайды,
Мұғалім мен оқушылардың іс-әрекеті негізінде жіктелетін әдістер:
Қайталау (репродуктивтік) - түсіндіру, әңгіме, сұхбат, дыбыс жазба,
оқыту.
Жартылай іздену - әңгімені оқып, сұхбаттасып, кинофильмдер және
видеофильмдер көріп, сызба мен
технологиялық картаны оқып, ақпарат алғанмен, оны өз бетіменн ізденіп,
толтырғанда қолданады.
Проблемалық әдіс - мәселе қою, мәселе туралы ойлану, мүмкіндік шешімді
(гипотезаны) көздеу, мәселені практикалық түрде шешу.
Ізденушілік әдіс - мәселені толық, өз бетімен ізденіп шешу.

Сабақ-мектептегі оқыту және тәрбиелеу процесінің негізгі формасы

Бастауыш сыныптарда өтілетін сабақтың тақырыбына сәйкес ұйымдастырудың
үш түрі кеңінен қолданылып келеді. Мұғалім бастауыш сынып оқушыларының жас
ерекшеліктеріне сай оқытудың ең тиімді әдіс-тәсілдері арқылы сабақты
түсіндіріп, машықтық жұмыстарды төменде берілген ұйымдастыру түрлерінің
ішіндегі ең ұтымдысын ұйымдастыра білуі керск:
Оқушылардың жұмыстарын жаппай түрде ұйымдастыру түрі;
Оқушылардың жұмыстарын топтық түрінде ұйымдастыру түрі;
3. Оқушылардың жұмыстарын жекелей тапсырмалар беріп ұйымдастыру түрі;
1-түрі. Оқушылардың жұмысын жаппай түрде ұйымдастыру түрі еңбек түрінің
қай түрлерімен болса да, белгілі бір еңбек үрдісін белгілі бір кезеңде
үйрету қажет болған жағдайда ұйымдастырылады:
Бұл ұйымдастыру түрінің негізгі ерекшеліктері -сабақ барысында барлық
оқушылар белгілі бір уақытта біркелкі жұмыстар атқарады, алайда оқушылардың
жұмыс орындау қарқындары әркелкі болады. Өтілетін сабақтың тақырыбына
сәйкес берілетін түсініктер барлық оқушыларда бірдей болғандықтан, оқыту
бөлімдері үшін де өте ұтымды болып саналады.
2-түрі. Оқушылардың жұмыстарын топтық түрінде ұйымдастыру екі нұсқада
жүзеге асырылады:
1-нұсқа. Әр топшаға берілетін тапсырма бірдей болып келеді, ал топша
мүшелері әркелкі жұмыстар орындайды, атқарады (2-3 оқушыдан);
2-нұсқа. Әр топшаға түрлі тапсырмалар беріп, ал топша мүшелері әркелкі
жұмыстар атқарады.
3-түрі. Ұйымдастырудың бұл түрінде көбінесе 3-4 сынып оқушыларымен
жұмыс істегенде, яғни үздік, қабілетті оқушылармен жұмыс жүргізу арқылы
іске асырылады немесе мұғалім оқу бөлімінің ермексаз,жапсырмалау жұмыстарын
орындағанда қолдануы мүмкін.
Соңғы жылдары педагогикальқ жүрналдар мен газет беттерінде оқытудың
озық тәжірибелерімен, оқытудың әдіс-тәсілдерінің түрлерімен сабақты
ұйымдастырудың формалары туралы материалдар көптеп жазылуда.
Сабақ оқу жұмысын ұйымдастырудың басты формасы болғандықтан, оның
атқаратын қызметі мен оқыту процесінде алатын орны ерекше.
Дәстүрлі емес сабақтар - сайыс сабағы, жарыс сабағын, жәрмеңке сабағын
ұйымдастырудың формаларын еңбек пәнінің мұғалімі жетік меңгере білуі керек.
Қазіргі кезде оқушыларды жаңаша әдіс-тәсілмен қатар, сабақты
ұйымдастырудың қосымша формаларын қолданбайынша, жүргізілетін сабақтар
оқушылар үшін қызықты болмайды. Бұл жерде, әрине мұғалімнің іскерлігі мен
шеберлігі және дағдысы қажет етіледі.
Сонымен, оқыту формаларын таңдап алу, біріншіден, оқу-тәрбие жұмысының
міндеттеріне, екіншіден, оқу материалының көлемі мен күрделілігіне,
үшіншіден, ұжымдағы оқушылардьң оқу мүмкіндігіне байланысты.
Әрбір нақты сабақ алдыңда қойылатын негізгі міндетіне байланысты
сабақтың құрылымы және жеке кезеңдердің, атқаратын қызметі өзгеріп отыруы
мүмкін. Осы тұрғыдан шеберханалардағы сабақтарды бірнеше түрге бөлуге
болады. Шеберханадағы сабақтардың негізгі түрлерін қарастыралық:
1. Оқушылардың жаңа білім игеретін сабағы. Мұндай түрдегі сабақтарға
кіріспе сабақтар, сондай-ақ
басқа оқу тақырыптары бойынша сабақтар жатады, мұндағы оқытудың негізгі
міндеті оқушыларға
теориялық мәліметтер беру кейбір ұғымдарды қалыптастыру болып табылады.
Оқушылардың жаңа білім игеретін сабақтарында жаңа материалды баяндау
негізгі орын алады.
2. Іскерлік пен дағдыларды қалыптастыру сабағы. Шеберханаларда мұндай
сабақтар көп болады. Іскерлік
пен дағдыларды қалыптастыру сабағының басты кезеңі оқушылардың өз бетімен
жұмыс істеуі болып табылады. Мұндай типтегі сабақтарды бұйымдарды жасау
және құрастыру кезінде ұйымдастырған әлдеқайда дұрыс болады.
Алғашқы іскерлік және дағдыларды қалыптастыруға арналған сабақтарды бір-
бірінен ажырата білу керек. Кез келген технологиялық операцияны практика
жүзінде оқып-үйрену оқушыларды еңбек тәсілдерін орындау ережелерімен
таныстырудан басталады.
3. Білімді практикада қолдаиу сабағы. Кез келген практикалық жұмысты
тиісті білімді қолданбай орындау мүмкін емес. Дегенмен, білімді пайдалануда
мұғалім басты назар аударатын негізгі оқу міндеті болатын жағдай да
ұшырасады.
Мысал үшін модель жасау жөніндегі сабақтарды алайық. Модель жасау үшін
технологиялық процестерді конструкциялау жөне құрастыру жөніндегі
білімдерді меңгеру керек. Оқушылар нақты мысалдар арқылы модель жасаудың
жалпы негіздері туралы мағлұматтар алуы, модель жасау процесі бағынатын
бірыңғай ережелер және талаптармен қарулануы қажет. Моделъ жасау
сабақтарында оқушылардың білімді практикада іскерлікпен пайдалануы, әсіресе
осы себептен де қажет.
4. Қайталау сабағы. Оқушылардың жаңа материалды игеруге және мықтап
ұғып алуға әзірлігін тексеруге бағытталған қайталау сабақтың барлық түрінде
қолданылады. Ол мұғалімге сабақтың негізгі оқу міндетін орындауға
көмектесетін маңызды кұрал болып табылады. Алайда қайталаудың өзі сабақта
ең негізгі орын алатын кез де болады. Қорытындылау сабақтары осы түрдегі
сабақтарға жатады.
Оқушылардың білім және іскерліктен жинақтап-қорыту жөніндегі жұмыстары
шеберханаларда еңбекке үйретудің бүкіл кезеңін қамтитын алдың ала жасалған
жоспар бойынша өткенде ерекше тиімді бола түседі.
5. Білім, іскерлік және дағдыларды тексеру сабағы. Шеберханалардағы әр
сабақта оқушылардың білім,
іскерлік және дағдыларын тексеруге назар аударылады. Сонымен бірге, білім,
іскерлік және дағдыларды
комплексті түрде тексеру мақсатымен бақылау жұмыстары жүргізіледі, оған
арнаулы сабақтар бөлінеді. Бұл
сабақтарда оқушылар өз беттерімен жұмыс істейді. Осыған байланысты жұмыс
объектілерін, оларды жа-
сау процестеріне оқушыларға таныс емес мәліметтер мен еңбек тәсілдері
енбеуі үшін ерекше мұқият іріктеу
қажет.
Сабақтардың қарастырылған типтерімен қатар, шеберханаларда сабақ өткізу
практикасында аралас сабақ деп аталатын сабақ жиі қолданылады, ал өту
процесінде бірнеше мәндес оқу міндеттерін шешетіндігімен сипатталады.
Оқушылар үшін еңбек тапсырмасы ретінде белгіленетін объектіні сабақ
басталғанға дейін мұғалімнің өзі жасағаны жөн.
-Біріншіден, оқушылар мұғалімнің еңбек тәсілдерін өте жетік білетінін
және өздеріне үлгі бола алатынын көрсе, оның абыройы арта түседі.
-Екіншіден, мұғалім жасап шығарған үлгілер оқушылар үшін эталон
қызметін атқарады.
-Үшіншіден, мұғалім еңбек үрдісін өзі атқара отырып, оқушыларда қандай
қиыншылық туатынын, олар қандай қателіктер жіберетінін айқын білетін
болады,т.б.
Мұғалімнің сабаққа дайындалуында оқушылардың қателіктерін талдаудың
маңызды орын алатынын атап айту керек. Оқушылардың қателіктерін түзетуге
оқу уақытының 10 пайызға дейін кететінін тәжірибе көрсетіп отыр.
Оқушылардың қатесі әр түрлі себептерден тууы мүмкін. Егер жаңа материалды
жеткілікті анық етіп баяндамаса, егер еңбек тәсілдерін орындауы жеткілікті
етіп анық көрсете алмаса, оқушылардың қателесуіне кейде мұғалім кінәлі
болады. Мұғалімнің, түсіндіруін жеткілікті назар аудара тыңдамай, жұмыс
кезінде бөгде істермен айналысса қателескеніне кейде оқушының өзі кінәлі
болады. Оқушыларды қандай тақырыпты оқығанда қателер жіберетін және бұл
қателердің сипаты қандай болатынын өткен жылдар тәжірибесін біле отырып,
мұғалім олармен күресудің алдың алу шараларын белгілейді. Мысалы, 1-сынып
пен 4-сынып оқушыларының сызбаны оқытуға және олармен жұмыс істеуге әзір
емес екені белгілі. Сондықтан мұғалім сызба жөнінен берілетіи кейбір
мәліметтерді шартты белгілер ретінде қарастырады.
Оқудың сапалы өткізілуі көбіне ұйымдастыру мәселерін мұғалімнің алдың
ала шешіп қоюына байланысты. Мәселен, әр оқушы кесетін және өлшейтін аспап
жиынтығымен және қажетті мөлшердегі дайындамамен қамтамасыз етілуі тиіс.
Аспаптардың бірі болмаса бірінің жарамай, дайындаманың бұлініп қалатынын
ескере отырып, басы артық аспап және дайындама ұстаған жөн.
Көрнекі құралдарды өзірлеу де мұғалімнің көп назар аударуын талап
етеді. Ең алдымеы техникалық құжаттар: сызбалар және технологиялық
карталар, т.б.
Мұғалімдер, әдетте 1-4 сыныптар үшін технологиялық карталармен
шектелмей, бұйымды өңдеудің барлық кезеңдері көрсетілетін арнаулы стендтер
дайьндайды.
Мұғалімнің, сабаққа дайындалуы сабақтың жоспарын жасаумен анықталады.

Еңбекке. баулу сабақтарының ерекшеліктері мен құрылысы
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің мектептің басқа пән
мұғалімдерінен ерекшелігі, оның адам іс-әрекетіне негізделген пәндерді де
қатар жүргізуге даярлық көруі. Екінші жағынан алып қарағанда бұл мұғалімнің
пәнаралық байланысты жүзеге асыруға дайындықты меңгеруін көрсетеді.
Сондықтан да, болашақ бастауыш сынып мұғалімі технологиялық білім, іскерлік
және сапалық қасиеттер негіздерін меңгеруі тиіс.
 Технологиялық білім – бұл технологиялық әлемді тану үдерісінің
нәтижесі және соған сәйкес ұғымдардың, түсініктердің, талқылаулардың және
ой қорытындыларының адамның санасында көрінуі. Оқушылар технологиялық
үдеріс, іс-әрекеттің қайта түрлендіруші тәсілдері және т.б. технологиялық
ұғымдарды білу қажет. Одан басқа олар материалдық және рухани өндірістің
прогрессивті технологиялары және адамның өмірлік іс-әрекетінің негізгі
формалары жөнінде түсінікті алуы тиіс.
Технологиялық іскерлік – адамның меңгерілген ғылыми білімдер негізінде
қайта түрлендіруші іс-әрекетті игеруі. Оған өзінің іс-әрекетін жоспарлау,
оның нәтижесін және тиімділігін, болжау және бағалау, өзбетінше қажетті
білімдерді алу, графикалық жұмыстарды орындау, жұмыс орнында және тұрып
жатқан ортада дизайн-талдауды жүзеге асыру, өзінің кәсіптік іс-әрекетке тән
жарамдылығын анықтау іскерлігі жатады.
Технологиялық басты сапалар – бұл адамның түрлендіруші іс-әрекетін
нәтижелі игеру үшін қажетті қасиеттер. Оған шығармашылық белсенділік,
жоғары жауапкершілік және тәртіптілік, өзінің кәсіби-технологиялық білім
мен іскерлігін ұдайы жетілдіруге деген қажетсінуі сияқты сапалар жатады.
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдері жоғары оқу орындарында 5В010200 –
Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша
әзірленген жоғары кәсіптік білім стандарты негізінде даярланады. Аталған
мамандықтың білім стандартына сәйкес болашақ мамандар Бастауыш мектепте
еңбекті оқыту теориясы мен технологиясы және практикумы оқу пәнін
зерделейді.
Бастауыш мектепте еңбекті оқыту теориясы мен технологиясы және
практикумы пәнінің мақсаты - болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне Еңбекке
баулуды оқытудың теориясы мен технологиясынан жүйелі білім беру, сабақ
жүргізуге кәсіби даярлау. Осы мақсатты жүзеге асыруда технологиялық
мәдениетке қатысты атқарылатын міндеттердің бірегейі: техникалық,
тұрмыстық, қоғамға пайдалы еңбекке баулудың технологиялық негіздерін және
әр түрлі материалдарды көркемдік өңдеудің технологиялары мен практикалық
қолданылуын үйрету; дизайнды оқытудың теориялық негіздерін беру.
Пән бойынша еңбек дайындығы бойынша технологиялық мәдениетке студент
дайындығына қойылатын талаптар: техникалық еңбек, көркем еңбек, тұрмыстық
еңбек технологиясын; дизайн негіздері, еңбек құралдары мен жұмыста
пайдаланатын материалдардың қасиеті, қауіпсіздік техникасы мен санитарлық-
гигеналық талаптарды білуі тиіс. Сондай-ақ, түрлі материалдармен және еңбек
құралдарымен жұмыс жасауды; сабақта қолданылатын көрнекіліктерді
жасауды үйренуі тиіс.
Пәнді оқытуда теориялық, практикалық әдіс, түрлі материалдармен жұмыс,
бақылау, салыстыру, көрнекілік әдіс, үлгі көрсету, түсіндіру т.б. әдіс-
тәсілдер пайдалану ұсынылады.
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің еңбекке дайындық бағыты бойынша
технологиялық мәдениетін, оның ішінде технологиялық білімдер қалыптастыру
үшін төмендегідей тақырыптар бойынша оқу жұмыстарын, оның ішінде лекция оқу
өз нәтижесін береді.
1. Материалдар мен еңбек әрекетіне сипаттама беру, бұйымдар жасау
технологиясы.
2. Халықтық сәнді-қолданбалы өнер (көркем еңбек).
3. Тұрмыстық еңбек.
Аталған тақырыптарды зерделеу студенттерге технологиялық білім
негіздерін ұғындыруға мүмкіндік береді. Әсіресе, мұнда проблемалы баяндау
лекциясын оқу студенттің белсенділігін қамтамасыз етеді.
Пән бойынша оқылатын лекциялар болашақ мамандарға пән бойынша нені
білуі тиіс талаптарын қанағаттандыруға бағытталады.
Еңбекке баулуда технологиялық іс-әрекеттерді қалыптастыруда
төмендегідей тақырыптарды атап көрсетуге болады. Практикалық (семинарлық)
сабақтың күнтізбелік-тақырыптық жоспары бойынша:
1. Қағаз және қатырмақағазбен жұмыс түрлері.
2. Тоқыма материалдармен жұмыс жасау.
3. Техникалық үлгілеу.
4. Папье-маше жасау техникасы.
5. Сабаннан жасалынған ойыншықтар
6. Ермексаз және сазбалшықпен жүргізілетін сабақтардың ерекшеліктері.
7. Фольга мен қаңылтырдан бұйымдар дайындау.
8. Сәнді-қолданбалы өнер түрлері.
9. Тұрмыстық еңбекті ұйымдастыру.
10. Қоғамға пайдалы еңбек түрлері.
Бұл тақырыптар бойынша практикалық жұмыстарды орындауда студенттер
жалпы мәдениетке тән төмендегідей белгілерді орындайды немесе өз басынан
өткереді: іс-әрекетті ұйымдастыру түрлерін; өзінің практикалық іс-әрекет
жасай алу үдерісін; өзінің шығармашылық күші мен қабілетін; материалдық -
рухани игіліктер жасау үдерісін, т.б.
Әрбір материалдан бұйым немесе бөлшек жасауда төмендегідей еңбек
мәдениетін бастан өткереді және жүзеге асырады:
- жұмыс орнын дұрыс ұйымдастырады және оны тазалықта ұстайды;
- жұмыстағы технологиялық тәртіпті сақтайды;
- жұмысты жоспарлайды;
- жұмыс барысында еңбек қауіпсіздігі ережелерін және санитарлық-
гигиеналық талаптарды сақтайды;
- меншікке (сипатына байланыссыз) ұқыпты қатынас жасайды;
- өзінің жұмыс уақытын, материалдарды, электр энергиясын үнемді
жұмсайды және пайдаланады;
- еңбек тәртібін, шеберханадағы ішкі ережені сақтайды.
Еңбекке баулудың басқа пәндерге қарағанда өзіндік ерекшеліктері бар.
Бұл ерекшеліктер мынадай:
1. Уақыттың негізгі бөлігі сабақтың машықтық түріне берілетіндігі
(шамамен 30 минут).
2.Машықтық жұмыс қоғамға пайдалы бағытта жүргізіледі. Оқушылардың өз
қолымен жасаған жұмыстары басқа сабақтарда көрнекі түрде қолдануға немесе
балабақшаларға, жанұяға ойын балаларына беріледі.
3. Кесу құралдарымен жұмыс орындау мұғалімның техникалық қауіпсіздік
ережесін қатаң сақтауьн талап етеді.
4. Қоғамға пайдалы бұйымдарды дайындау әрбір сабақта дидактикалық
талаптарды айқын қоюды мақсат
етеді.
5. Жұмыстың мазмұны қоғамға пайдалы бағытта бола отырып, еңбек
адамдарын құрметтеуге, тәрбиелеуге, еңбексүйгіштікке, жүктелген іске
жауапкершілікті сезіне білуге, адамгершілік, эстетикалық, экономикалық
білімділігін ұжыммен жұмыс орындауға бағыттау.
Еңбекке баулу сабағының құрылысын сабақтың тақырыбына, мақсаты мен
міндеттеріне, мазмұнына, оқушылардың даму деңгейіне және мектептің оқу
материалдарының базасына байланысты мұғалімнің өзі анықтайды. Еңбекке баулу
сабағы, негізінен машықтық түрде өтуіне байланысты мынандай сабақтың
құрылысы ұсынылады:
I. Ұйымдастыру бөлімі (1-2 мин.);
II. Жаңа тақырыпты түсіндіру (5-7 мин.);
III. Практикалық жұмыс (30-35 мин.);.
IV. Оқушылардың жұмысын бағалау, сабақты қорытындылау (3-5 мин.);
V. Жұмыс орнын ұйымдастыру.
I. Сабақтың ұйымдастыру бөлімі мынадай сәттерден тұрады:
оқушылардың сабаққа деген дайындығын тексеру (материалдары мен құрал-
саймандарын);
жұмыс орындарын дайындату;
- тазалық-санитарлық және қауіпсіздік-техникасы ережелерімен таныстыру.
ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру;
тақырыпқа байланысты кіріспе әңгіме айту;
дайын үлгіні талдау (проблемалық сұрақтар қою арқылы);
эскизді, сызбаны. технологиялық картаны оқушылармен талдау;
істелетін жұмысты жоспарлау, кіріспе кеңес (нұсқау)беру,
III. Машықтық жұмысқа сабақтың ең күрделі уақыты кетеді. Сабақтың
құндылығы оқушылардың өз бетімен сызба,технологиялық карта арқылы жұмыс
жасауында. Осындай жағдайда мұғалім оқушылардың, қабілеттерін, білім мен
іскерлік деңгейлерін жақсы байқай алады. Егер де оқушы берілген жұмыстың
көлемін уақытынан бұрын орындаса мемлекеттік стандартта көрсетілген
мүмкіндік деңгейдің мазмұнынан қосымша тапсырма бере алады. Сонымен қатар,
мұғалім оқушылардың іс-әрекеттерін қадағалап, күнделікті кеңес бере алады.
IV. Оқушылардың жұмысын бағалау, сабақты қорытындылау.
Бұл жұмысты сабақтың аяғында өткізеді. Оқушылардың жасаған бұйымдарын
мұғалім балалармен ақылдасып, пікірлесіп, бұйымдарының кемшіліктерімен
жетістіктерін айтып, бағалайды. Бұл сәт оқушыларды жауапкершілікке,
ұйымшылдыққа, шыдамдылыққа, өзін өзі қадағалауға үйретеді. Егер оқушы
берілген уақытта жұмысын орындап үлгермесе, мұғалім қорытынды кеңес беріп,
жұмысын үйде аяқтап келуге тапсырма береді.
Мұғалім оқушылардың жасаған бұйымдарын бағалағанда мынадай талаптарды
ескереді:
Бұйымның дәл талапқа сай жасалуын.
Уақыт өлшемін.
Оқушының білімін.
Еңбек тәсілдерін дұрыс орындауы мен құрал-саймандарды қолдануын.
Жұмыс орнын мәдениетті ұйымдастыруын.
6. Санитарлық және қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтауын.
5- бағасы жоғарыдағы барлық талаптар орындалған кезде қойылады.
4 бағасы егер жұмыста аз ғана қателіктер жіберілген болса, берілген
уақыт нормадан сәл асса, жұмыс орнын ұйымдастыруда және қауіпсіздік
техникасы ережесін сақтауда кішкене қателіктер болса.
3 бағасы жоғарыда көрсетілген талаптар нормадан ауытқыса.
Бастауыш сыныптарда еңбек сабағында 2 және 1 бағалары қойылмайды.
Тек балаларға жұмыстың қате жасалғандығы туралы ескерту жасалуы тиіс.

Еңбек тәрбиесінің мазмұны мен жүйесі
Баланы әлі келгенше жұмыс істеткізу тәрбиенің ажырамас бөлшегі болып
келеді. Еңбек ету нәтижесінде шәкірттердің еңбекке көзқарасы,
сүйіспеншілігі, тәртіптілігі, табандылығы, жігері, ұстамдылығы, ұжымшылдығы
қалыптаса бастайды. Оқушылар еңбек сабағында еңбектің бастапқы әліппесімен
танысады, еңбектің қарапайым құралдарымен жұмыс сітеу дағдыларын меңгереді,
түрлі материалдарды пайдаланып, қолмен жұмыс істеудің өмірде қажетті
қарапайым тәсілдерін үйренеді. Еңбекке баулудың жаңа бағдарламасының
ерекшелігі: жан-жақтылық, оқытулды тікелей өндіргіш еңбекпен байланыстыру,
еңбекке оқытуңды жіктеп білу. Бастауыш сыныптарда мектеп оқушылары
ауылшаруашылық өнімдерін өсіру оны көрнекі құралдарда жөндеу, ойыншықтар
жасау, мектепке, балабақшаға, үйге қажетті бұйымдар даярлау т.б.
шұғылданады. Бұл сатыда кішкентай шәкірттер мамандық түрлерімен
таныстырылады. Оны мұғалім жергілікті мүмкіндіктерге сай таңдап алуына
болады. 
Техникалық еңбекке оқыту – қағазбен, қатты қағазбен, матамен,
пластмассамен, табиғи материалдармен, жұқа тақтаймен, сым темірмен жұмыс
сітеу. Сол сияқты оқушыларды техниканың қыр-сырымен таныстыру мақсатында
конструктор бөлшектерді құрастыру, қайта бұзу, макет жасау, оны бұзып,
қайта жинау жұмыстары, кітап түптеу, аталғандарды пайдаланып бұйымдар
жасату жатады. Ауыл шаруашылығы еңбегіне баулу кезінде бастауыш сынып
оқушылары бөлме өсімдіктерін күтіп баптаудың элементтерімен, яғни өсірудің
қарапайым түрлерімен танысады. Оқу – тәжірибе учаскелерінде еңбек етуге, үй
жануарларын күтіп бағуға дағдыланады. Төменгі сынып оқушыларының тез
шаршағыштығы, ықыласының тұрақсыздығы т.б. жас ерекшеліктері мұғаліммен
қимыл-әрекетті тез өзгертіп отыруды, еңбекке ойын элементтерін кіргізуді
талап етеді. Бұл сыныптағы шәкірттер істеген істерін мұғалім қолпаштап,
құптап, мадақтап отырғанын ұнатады. Сондықтан сезімтал мұғалім тапсырылған
істі атқара алмай жатқан балаға көмектеседі, оның қол жеткен болар – болмас
табысының өзін мадақтап отыруы тиіс. Бастауыш сыныптарда оқушының еңбек
әрекеті екі бағытта дамиды: бірі – сабақ процесінде жасаған еңбегі,
екіншісі – олардың қолынан келетін қоғамға пайдалы еңбегі. Еңбек дағдысы
мен тәрбиесі балалардың бойына жас күннен, бастауыш сыныптардағы кезінен
бастап сіңіріле беруі керек. Әсіресе оқушылардың еңбекке деген құрметі мен
ілтипатын қалыптастырудағы тәрбие сағаттарында оқу пәндері мен табиғаттану,
ана тілі, математика пәндерімен байланыстыра өткізуге болады. Сонда
оқушылар еңбек түрлерімен танысады. Еңбек сабағы оқушылардың байқағыштығын,
ой-өрісін, шығармашылық белсенділігін арттырады. Өз бетімен жұмыс істеуге,
табандылыққа үйретеді, өз күшіне сенімін арттырады. 
Оқушылар еңбекке үйрету сабағында бірлесіп, не жеке-жеке жұмыс
істейді. 4 сынып оқушылары тақырыбы сай тапсырманы кейде екі сабақ ішінде
орындап бітіруіне рұқсат етеді. Мұғалім тапсырма берерде қандай мақсат
көздейтінін, оны орындауға қандай материалдар мен аспаптар керек екенін,
істелетін жұмысқа қандай талап қойылатынын түсіндіреді. Еңбек сабағына
керекті аспаптарды дұрыс ұстау материалдарды белгілі жерге орналастыру,
үстелді ластамай оны қалай тазарту керегіне мұғалім өзі көрсетіп, оған
оқушылардың назарын аударады. Егер тпасырманы оқушылар топтасып орындайтын
болса, оларға тиісті еңбекті бөледі, әрқайсыссының міндетін түүсіндіріп,
оның жасалу әрекетін түсіндіреді, көрсетеді. Сөйтіп нұсқау оқушылар жұмысқа
кірісерден бұрын беріледі. Мұндай алдын-ала түсіндірілетін нұсқаулардың
мақсаты – орындалатын жұмысқа олардың ынтасын аудару және сол еңбекке
қойылатын техникалық шарттарды айқындау. Әруақытта оқушылар өз күшін
сынауға тым асығып отырады, сондықтан жұмыс алдындағы түсінік ұзаққа
созылуға болмайды. Егер мұғалім жұмыс үстінде бір оқушының қате орындап
тұрғанын байқаса, оны тоқтатып жұмыстың дұрыс тәсілін үйретеді немесе
жолдасының жақсы жұмысын бәріне көрсетеді және неге ұмтылып тырысу керегін
айтады. Мұнан соң оқушылар жұмысын одан әрі жалғастыра береді. Мұғалім енді
жұмысы өнбей жатқандардың әрқайсысына ісінің сәтсіз болу себебін
түсіндіреді. Мұны қате жібермеуге, еңбек процесін қажетті бағытта қайта
құруға жәрдемі тиеді. 

Жас өспірімдерді еңбекке тәрбиелеудің жалпы міндеттері бірнеше жеке
міндеттерді орындау арқылы іске асырылады. Олар білім алушыларды еңбекке
практикалық тұрғыдан даярлау.
Білім алушының ынтасын және қабілетін дамыту еңбек тәрбиесіндегі жеке
міндеттердің бірі. Халық шаруашылығында автоматтарды, компьютерлерді, т. б
қолдану барлық мамандардан жоғары техникалық сауаттылығы талап етеді.
Сондықтан оқыту идеялар. Саралап оқыту - оқушылардың туа біткен ақыл-ой
қабілетінің жеке дамуының жан-жақтылығына негізделген білім беру жүйесі.
Барлық педагогикалық жүйе құрам бөліктерінде инновация үрдісі іске асу үшін
төмендегі дей жұмыстар істелу керек:
- Мұғалім мен оқушылар арасында тұлға аралық қатынас қалыптастыру
- Сабақ барысында сыйластық пен сенімнің жоғары деңгейімен
ерекшеленетін бірлестік жұмыс әдісі қалыптасады.
- Оқушыларды ашық түрде пікір алысу мәдениетіне баулиды.
Жас ұрпақты еңбексүйгіштікке, іскерлікке баулу, әсіресе қазіргі кезде
ауадай қажет. Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін сабақтарды түрлендіріп
өткізу қажет. Ең бастысы оқушылардың сабақ үстінде шет қалмауы, берілген
тапсырмамен айналысып отыруын қадағалау.
Жаңашыл әдістер мен жаңа технологияның білім берудегі жолдары мен әдіс-
тәсілдері
Дамудың жаңа сатысында бағыт алған мектептің ең негізі өзегі мұғалімнің
жеке басының ізденімпаздығы мен білімділігіне көп жағдай тәуелді. Жалпы
пәндер бойынша В. Ф. Шаталовтың ұсынған әдісі бойынша трек-конспект,
диаграмма, график, логикалық тірек-сызба арқылы теориялық материалдарды
блокпен оқытып, дамыта оқыту технологиясы бойынша оқушылардың әр түрлі
кезеңдерінде үздіксіз білім алуға жағдай жасап, оқыта отырып дамытуға,
екіншіден өз бетінше білім жинақтауға шығармашылықпен жұмыс істеп өмірге
бейімделуіне ықпал жасайды.
Жаңа технология жүйесінде проблемалық және іскерлік ойын арқылы
оқытудың да маңызы зор. Оқушылар әр түрлі проблемаларды талдайды, оның шешу
жолдарын іздестіреді. Мұндай сабақтар оқушылардың логикалық ойлау қабілетін
дамытады, пәнге қызығуын арттырады, өмірде кездесетін түрлі қиындықтарды
жеңуге тәрбиелейді. Іскерлік ойын сабақтарын өткізу технологиясы үш
кезеңнен тұрады.
1-кезең: Дайындық (рөлдерді бөліп беру, оқушыларды топтарға бөлу,
проблемаларын алдың-ала таныстыру, қажетті материалдарды жинау.
2-кезең:Ойын кезеңі
3-кезең:Қорытындылау
Іскерлік ойындардың дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық маңызы зор
екенін ескерсек, ретіне қарай әр түрлі пәндерден дәстүрлі емес сабақ
түрлерін көбірек өткізу қажет
Дәстүрлі емес сабақтардың психологиялық, педагогикалық ұйымдастыру
және өткізу жолдарын жан-жақты зерттеп, оқушылармен өткізілетін сабақтар
жүйесі жасалынуы қажет.
Бүгінгі таңдағы білім беру жүйесіндегі өзгерістер, жаңалықтармен
байланысты негізгі мектептің бастауыш сатысы үшін де еңбекке баулу пәнінің
жаңа білім мазмұны анықталып, бағдарлама жасалды. Пәнді оқытудағы негізгі
мақсат – оқушының еңбек әрекетін қалыптастыру арқылы оның еңбек дағдылары
мен шығармашылық қабілеттерін арттыру. Осы мақсатқа орай мынадай
міндеттерді іске асыру көзделінеді: 
еңбек біліктілігін қалыптастыру арқылы еңбекке қызығушылығын арттыру,
мінез-құлқын тәрбиелеу. 
оқушылардың әртүрлі материалдарды көркем өңдеу және құрастыру мен
модельдеудегі практикалық дағдысын қалыптастыру. 
қарапайым еңбек құралдарын пайдалана білуге үйрету.
еңбек әрекетін жоспарлай білу, өзінің және өзгенің ісін бақылау, баға
беру, түзету, өзіне - өзі қызмет ету дағдыларын қалыптастыру. 
шығармашылыққа баулу. 
эстетикалық, экономикалық, экологиялық тәрбие беру. 
оқушылардың ақыл-ой өрісін дамытып, ізгілікке, имандылыққа баулу. 
Пәннің осы мақсат, міндеттері ата кәсіп, ұлттық қолданбалы қолөнер
үлгілеріне, ата-баба дәстүріне негізделе отырып жүргізіледі. Пән мазмұнының
құрылымы 4 блоктан тұрады: техникалық еңбек, көркем еңбек, өзіне-өзі қызмет
ету, ауылшаруашылық еңбек. 
Техникалық еңбек: көркем өңдеу, қағаз, қатырма қағаз, құрастыру,
техникалық модельдеу, ағаш, металл өңдеу.
Көркем еңбек: ермексаз, сазбалшық, папе-машеден жасалған бұйымдарды
өңдеу, мата, киіз, түскиіз, қазақтың ұлттық киімдерін ою-өрнекпен өңдеу,
қағаз, мата, бау, қайыс, жіппен өру.
Өзіне-өзі қызмет ету: түйме, ілгек, сыртетпе қадау, ілгек торлау, жамау,
ішекпен тоқу, оқу бөлмесін, тірі табиғат бөлмесін жинау, тазалау, есік,
терезе, еденді жөндеу.
Ауылшаруашылық еңбек: өсімдіктің жетілуінің сыртқы жағдайларына,
өзгерісіне бақылау жүргізу, топырақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сызуды оқыту әдістемесінің жүйесі
Болашақ мұғалімдерге технологиялық білім берудің тарихи-педагоги- калық алғышарттарын айқындау
Мектепте оқылатын тарих пәні
Информатиканы оқытудың нақты мақсаттарын анықтау
Технология пәні мұғалімінің оқытуды ұйымдастыруға дайындық жұмыстары
Информатиканы оқыту әдістемесіне қойылатын талаптар
Бастауыш қазақ мектебіндегі математиканы оқыту тарихы
Графика және жобалау пәнінің мектеп бағдарламасындағы орны
Мектептегі тарих кабинетінің оқыту процесіндегі рөлі
Жалпы білім беретін орта мектеп бастауыш информатика курсын оқытуда оқу құрал-жабдықтар жүйесін кешендік түрде пайдалану
Пәндер