Қазақстан Республикасының орнықты даму тұжырымдамасындағы демографиялық ахуал


«Ел боламын десең бесігіңді түзе . . . »
Қазақстан Республикасының орнықты даму тұжырымдамасындағы демографиялық ахуал
Ж О С П А Р
І. Кіріспе
1. Қазақстан Республикасындағы демографиялық жағдай
2. Мемлекеттегі көші-қон мәселесі
3. Республикадағы демографиялық ахуалдың жақсаруына жүргізілетін іс-шаралар мен ұсыныстар.
4. Қорытынды
Ғаламдану - тек күштіні, бірлікті мойындаған заман. Бұл заманда әлем тек экономикалық жағынан мықты, ішкі тұтастығы берік, ауыз бірлігі күшті және еңбек ресурсы жоғары мемлекеттермен ғана санасады. Бүгінгі күннің аса күрделі мәселелерінің бірі ретінде қаралуға тиісті егемен ел - жас Қазақстан мемлекетінің болашақта ұдайы ұстанатын өзіндік дербес демографиялық саясаты біздерге не үшін қажет болады? деген заңды сауалдан бастау керек болар. Не үшін оған ұлттық қауіпсіздікте (демографиялық жағдайға) бірінші басымдылық беріліп отыр?
Республика Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлттық қауіпсіздік басымдықтарының деңгейіне мықты демографиялық және көші - қон саясаты шығарылуға тиіс. Егер біздің мемлекеттік органдарымыз бұған бұрынғысынша немқұрайлылықпен қарайтын болса, онда біз XXI ғасыр қарсаңында Ресейдің атынан адам саны сыртқы көші-қон процестерінен ғана емес, табиғи жолмен кеми беретін демографиялық «Крест-оппа» жағдайына тап боламыз. Бұл тенденция дереу тоқталуға тиіс» деп өзінің 2030 жылға дейінгі елдің стратегиялық дамуы туралы Қазақстан халқына Жолдауында нақты, әрі баса айтты. Еліміздің 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы бойынша Қазақстанда ұзын-саны 25 млн. - ға жетерлік дені сау, тұрмысы ауқатты, әрі салауатты өмір салтын ұстанған, білімі терең, мамандығы ұшталған азаматтары мен тұрғындары болуы керек. [8]
Алдымен, еліміздегі демографиялық жағдайға шолу жасағанымыз жөн болар. Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық ЮНФПА қоры 1 тамыз 2001 жылы өткізген «Орта мерзімді ел бағдарламасы» бойынша Қазақстан 1990 жылыдан бері қарай 1 млн. 470 мың адамға кеміп, халықтың саны 2001 жылы 14 млн. 827 мың адамды құраған. 2001 жылы Қазақстан халқының табиғи өсуі небары 73 мың адам десек, осы өсу қарқыны бүгінгі деңгейде сақталса, алдымыздағы 10 жылда бар жоғы 700 адам ғана қатарымызға қосылмақ. [1] Қазақтар бүгінде дүние жүзінің қырықтан астам елінде тұрады, жалпы саны 5 млн. 600 мың басым көпшілігі Қазақстанмен шекаралас мемлекеттерде тұрып жатар. Соңғы кездегі деректер бойынша, Қытайда 2 млн. 260 мың, Өзбекстанда 1 млн. 750 мың, Ресейде 1 млн. 100 мың, Моңғолияда 150 мың, Түркіменстанда 150 мың, Қырғызстанда 95 мың, Ауғанстанда 30 мың, Туркияда 15 мың, АҚШ - та 14 мың, Тәжікстанда 10 мың, Иранда 10 мың, Германияда 9 мың және т. с. с. [2]
Жалпы Қазақстанда 2006 жылғы мәліметтер бойынша 15 млн. 301 мың халық тұрады, оның 60% - дан астамы қазақтар. Осы мәліметтерді қорыта келе әлемде шамамен 15 млн. - жуық қазақ бар деп болжауға болады. Ауылда - 6 млн. 537 мың (42, 7%), қалада - 8 млн. 763 мың (57, 3%) [7] .
Кеңес Одағы тарап, Қазақстан егемендік алған соң, шетел қазақтарының Отанына бағытталған көші - қонының ең күшті толқыны басталды. 1991 жылдан 1995 жылға дейінгі аралықта республикаға 137919 қандасымыз көшіп келді. Олардың басым көпшілігі (50, 6%) таяу шетелден, негізінен Ресейден, Тәжікстаннан, Кавказ өңірінен келушілер болды. Алыс шет елден - Моңғолиядан, Ираннан, Түркиядан, Қытайдан, Ауғанстаннан келген иммигрант қазақтар - 49, 4%.
1991-1993 жылдары Моңғолиядан келген қандастар саны 60 мың адамға жетіп, кейінгі жылдары олардың легі біртіндеп бәсеңдеді. 1996 жылдан 1999 жылдары аралығында Моңғолиядан келген қандастар саны 2259 адамды құрап, бұрынғымен салыстырғанда 25, 1 есе аз болды. Осы жылдары олардың 623 адамы кері көшіп кетті. Жалпы 1989 жылдан 1999 жылдары аралығында республикаға Моңғолиядан 43057 қандас (21636 ер азамат және 21421 әйел) келіп қоныстанған. Олардың басым көпшілігі (76, 8%) Ақмола, Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облысындағы ауылды жерлерге орнықты.
Ираннан келген қазақтар Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстарына қоныстануды жөн көреді. Олар Қазақстанның қазіргі күрделі әлеуметтік - экономикалық ахуалына бейімділік танытуда. Мұндай жағдай Түркиядағы қазақтарға да тән. 1989-1999 жылдары республикаға Ираннан 2968 қазақ, Түркиядан 1755 қазақ келіп қоныс тепті.
Қандастарымыздың өз атамекеніне оралуы заңды құбылыс. Бірақ оралмандарды елдің әлеуметтік - экономикалық жағдайына бейімдеу өзекті мәселе күйінде қалуда. 90 - жылдардың басында «Қайт, қазақ еліңе!» деген ұранның көтерілуі асығыс болғандығын мойындауымыз керек. Оралмандардың елде жеткілікті деңгейде қолдаушылық таппай, бірқатар қиындықтарды бастан кешкені көпшілікке аян. Сонымен қатар Қазақстанға келуге тілек білдірген қандастарымыздың саны артанына қарамастан, 90 - жылдардың аяғында оларға бөлінген квота көлемінің азая түскендігі көңілге маза кірбің келтірмей қойған жоқ. Өз тарихи отанына оралушылар үшін 1993 жылы 10 мың отбасына (50 мың адамға) квота бөлінсе, ол кейінгі жылдары қысқара түсіп, 1994 жылы 7 мың отбасына, 1995 жылы 5 мың отбасына, 1996 жылы 4 мың отбасына, 1997 және 1998 жылдары 3 мың отбасына, 1999жылы 500 отбасына, 2000 жылы 600 отбасына ғана квота бөлінді. Кейінгі жылдар ғана квота көбее түскен.
Диаграмма №1
Шетел қазақтарына бөлінген квоталардың көрсеткіші.
Сонымен Қазақстандағы қазіргі демографиялық ахуал және шетелдердегі қазақтар мәселелеріне қорытынды жасай келгенде, қазақтар қалай көбейеді деген сұрақ туындайды. Ол заңды да, себебі ұланғайыр жері бар, ал халқының саны бар болғаны 15 млн. 219 мың ғана Қазақстан мемлекетінің әрбір шаршы километріне 5, 5 адамнан келіп, әлемдегі халық аз қоныстанған елдер қатарына жататыны үлкен ой және қатерлі күдік туғызады. Ұлттық қауіпсіздігімізді сақтап қалу және экономикамызды жаңа еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету үшін, республика халқын 20 млн. - ға жеткізу қажеттігін туғызады.
Алайда, Біріккен Ұлттар Ұйымы Дүниежүзілік Банк және АҚШ Санақ Бюросының болжамы бойынша халқымыздың саны 2025 жылы 14, 7 млн., ал 2050 жылы небары 14 млн. болмақ. [1] Аталмыш ұйымдардың болжамы тура болса жан санының өсуі 3 пайыз болған жағдайда халықтың саны 23 жылда, 2 пайыз болғанда 35 жылда ғана екі есеге өседі екен. Мысалыға, өсу мөлшері орташа 2, 2 пайызға жеткен 25 млн. халқы бар Өзбекстанның жан саны халықаралық ұйымдардың болжамы бойынша 2025 жылы 34, 1 млн., ал 2050 жылы 40, 4 млн. болмақ. Біздің есебіміз бойынша, Қазақстан халқының санын екі есеге өсіру үшін 140 жыл қажет. Төменгі кестеге қараңыз.
Жан саны (2001)
Млн.
Жан саны (2025)
Млн.
Жан саны (2050)
Млн.
Туу мөлшері
1000 адамға
Өлім мөлшері
1000 адамға
Табиғи өсу мөлшері
%
2001-2050жж.
Өсу болжамы %
Қазақстан
Өзбекстан
Ресей
Қытай
Үндістан
Германия
Британия
АҚШ
Моңғолия
Түркия
14, 8
25, 8
144, 4
1. 273
1, 033
82, 2
60
284, 5
2, 4
66, 3
14, 7
34, 1
136, 9
1, 431
1, 363
80
64, 1
346
3, 4
85, 2
14
40, 4
127, 7
1, 369
1, 628
70, 3
64, 2
413, 3
3, 9
97, 2
15
22
9
15
26
9
12
15
20
22
10
5
15
6
9
10
11
9
7
7
0, 5
1, 7
-0, 7
0, 9
1, 7
-0, 1
0, 1
0, 6
1, 4
1, 5
-5
61
-12
8
58
-14
7
45
61
47
Қазақстан Республикасы мен кейбір көршілес және әріптес елдердің, сондай-ақ аумағы үлкен жан саны аздау кейбір мемлкеттердің демографиялық көрсеткіштердің кестесі [1]
Бүгінгі таңда Қазақстанда демографиялық жағдайдың баяу жүруін мынадай мәселелермен түсіндіруге болады:
- Солтүстік және Орталық Қазақстан қалаларында қазақ халқының өзге ұлттардан сан жағынан аз болуы. Бұл жердегі мәселенің себебі: урбанизацияның төмен қарқында жүруі, өзге ұлттардың ықпалының жоғары болуы. Осы жерде республикаға өз атын берген қазақ ұлтының демографиялық қасиеттерін айта кеткен жөн болар. Атырау, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстары мен Астана, Алматы қалаларынан басқа республика жерінде жалпы халық саны негізінен кеміген. 1989-2005 жылдары қазақтар саны 2 млн. 228, 3 мыңға, яғни 34, 2% өсті. Қазақтар Батыс және Оңтүстік аймақтарда едәуір басым болды. 1999 жылы Қызылорда облысында - 99%, Атырау облысында - 89%, Маңғыстау облысында - 78, 7%, Ақтөбе облысында - 70, 7%, Оңтүстік Қазақстан облысында - 67, 6%, Батыс Қазақстан облысында - 64, 7%. Ал Солтүстік және Орталық Қазақстанда қазақтар әлі де аз. Олар халықтың үштен бірінен төмен, не аз ғана жоғары еді. Солтүстік Қазақстан облысында - 29, 5%, Қостанайда - 31, 1%, Ақмолада - 37, 4%, Қарағандыда - 37, 6%, Павлодарда - 38, 2%, Шығыс Қазақстанда (Семейді қосқанда) қазақтар жергілікті халықтың жартысына жетер-жетпес - 48, 5% құрады. Дегенмен, кейінгі жылдары барлық облыстарда дерлік қазақтар саны мен үлесі өсе түскені байқалады. [2]
Диаграмма № 2
1999 жылғы санақ бойынша Қазақстандағы қазақтардың үлес салмағы
![]()
- Шетелдердегі қандастарымыздың елге оралу мәселесі. Нарықтық экономикаға көшу жағдайында Қазақстанның бастан өткеріп жатқан қиыншылықтарына байланысты алыс - жақын шетелдерден келуші қазақтардың саны қысқарды. Себебі: Көшіп келеген қандастарымыздың Қазақстан қоғамына бейімделе алмауы (адаптациялық орталықтардың жоқтығы) ; азаматықты алудағы құжаттық мәселелердің туындауы (құжаттардың көптігі мен сыбайлас жемқорлық) ; квотаның аз бөлінуі (жылына бар болғаны 15 мың квота) ; тұрғын үймен қамтылмауы. Осы жылдың қаңтар - маусым айларындағы миграциялық оң сальдо 18746 мың адамды, оның ішінде ТМД елдерінен 15892 адамды қамтыды. 2005 жылмен салыстырғанда Қазақстанға келушілердің саны 5008 адамға қысқарған немесе 13, 2%, ал елден шығып кеткендердің саны - 9606 адамды құраған. 2005 жылы иммигранттар 88, 1%, эмигранттар 66, 4%. 2006 жылғы иммигранттар 86, 1%, эмигранттар 87, 9% құраған. [7]
Диаграмма № 3
Халықаралық миграция. [7]
![]()
- Жастардың әлеуметтік мәселелерінің шешілмеуінен, жастардың кеш отбасы құруы. Себебі: жастардың дер кезінде жұмыспен қамтылмауы; тұрғын үй мәселесінің шешілмеуі; жас отбасылардың арасындағы неке бұзылуының көбеюі (жастардың отбасылық өмірге дайын болмауы, осы жылдың қаңтар-маусым айларының өзінде 54994 ажырасу тіркелген) ; мемлекет тарапынан «Жас отбасыларды қолдау» бағдарламасының болмауы.
Қазір Қазақстанда 14-29 жас аралығындағы жастар ел халқының 27% құрайды, Статистикалық мәліметтеріне жүгінсек, 2004 жылдың 1 қаңтарындағы ақпарат бойынша жастардың жалпы саны Қазақстанда 4 млн. 93 мың 100 адам. Соңғы 2 жылда олардың саны 150 мыңға көбейген. [6]
Мәселен, жұмыспен қамтылған халықтың саны 2003-2005 жылдары 7, 0 млн. адамнан 7, 2 млн. адамға артты, 2006 жылғы үшінші тоқсанда 7, 5 млн. -ды құрады. Елдегі жұмыссыздық деңгейі 2003 жылғы 8, 8 пайыздан 2005 жылы 8, 1 пайызға дейін төмендеді, ал үстіміздегі жылғы үшінші тоқсанда 7, 5 пайызды құрады. Қазақстан Республикасы жұмыссыздық деңгейі орташа елдер тобына кіреді. Еуростста деректері бойынша, жұмыссыздық деңгейі 2006 жылғы қыркүйек айында Еуроаймақта 7, 8 пайызды құрады. Еуропа елдері арасында жұмыссыздықтың ең жоғары деңгейі Польшада - 14, 1 пайыз, ең төменгі деңгей Данияда - 3, 5 пайыз тіркелген. Бельгида, Германияда және Францияда ол - 8, 6-8, 9 пайыз. Португалия, Испания, Финляндияда - 7, 2-7, 9 пайыз. Нидерландта, Ирландияда, Австрияда және Люксембургте - 4-4, 9 пайызды құрады. Сонымен қатар, жұмыссыздықтың жоғары деңгейі экономикалық дамудың төмендеуі салдарынан бола бермейтінін ескерген жөн. Мәселен, Германияның даму деңгейі жаңа технологиялар енгізу есебінен Еуропаның көп елдерінің даму қарқынынан едәуір артық болғанымен, бұл елдің жұмыссыздық деңгейі жоғары. Ғылым мен техникаынң соңғы жетістіктерін, жоғары өнімді жабдықты пайдалану, әдеттегідей қызметшілер бөлігінің босауымен қатар жүреді.
Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің әдіснамасы бойынша өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың мынадай топтары белгіленді:
- жұмыс берушілер-өз кәсіпорнын басқаратын немесе экономикалық қызметтің кез-келген түріндегі тәуелсіз кәсіпкерлік қызметпен айналысатын және бір немесе бірнеше жалдамалы қызметкерлері бар адамдар;
- ақы төленбейтін отбасылық қызметкерлер-туыс адам басқаратын кәсіпорында әдеттегідей, сый-ақысыз жұмыс істейтін адамдар ;
- өндірістік кооператив мүшелері-кәсіпкелік қызметпен айналысатын еңбек кооперативінің мүшелері болып табылатын адамдар;
- өзін-өзі жұмыспен қамтығандар-өзі немесе бір, тіпті бірнеше әріптестерімен жұмыс істей отырып, өзін-өзі жұмыспен қамту негізінде қызметпен айналысатын және тұрақты негізде қызметкер жалдамайтын адамдар.
Өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық үлесінің салмағы, мәселен, 2003 жылы 39, 4 пайыздан 2005 жылы 36, 1 пайызға төмендеді. Жұмыс берушілер-89, 6 мың; өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар-2, 4 млн. ; өндірістік кооператив мүшелері-33, 2 мың; ақы төленбейтін отбасылық қызметкерлер-70, 6 мың адам. [11]
Диаграмма № 4 Некелер мен ажырасулар. [9]
![]()
- Ұлттық идеологияның жоқтығы. Себебі: ұлттық құндылықтардың әлсіздігі, басқа бір идеологияның алдында дәрменсіздік таныту; жастар санасының Батыс мәдениетімен улануы; қыз балалардың көптеп бұзылуы; Батыс мәдениетіне еліктеп көп балалы болуды қаламауы.
- Халықтың табиғи өсуіне кері әсерін тигізіп отырған келесі фактор ауылдық аймақтардағы кедейлік проблемасы. Мұның салдарынан ең ауыр азапты зейнеткерлер мен мүгедектер, аналар мен балалар шегуде. Облыстарымыздағы кедейлік көрсеткіштері де әр түрлі. Кедейлік кең тараған облыстарымыз - Павлодар облысы - (48 пайыз), Жамбыл облысы - (46 пайыз), Алматы облысы - (44 пайыз) . Бұл халқымыздың тең жартысы кедей өмір кешуде деген сөз. Қалалардың жағдайы ауылға қарағанда бір сері жақсы. Мәселен, Алматыдағы кедейлік көрсеткіші 13, 7 пайыз болса, Астанада - 15, 1 пайыз. Жұмыссыздар армиясының 57 пайызын әйелдер құрайтынын ескерген жөн болар. [1]
- Медициналық қызметтің нашарлығы. 2005 жылы Лондонның Economist Intelligence Unit зерттеу тобының нәтижесі бойынша 111 мемлекеттің ішінде адамның өмір сүру деңгейінің көрсеткіштері бойынша Қазақстан 96 орында екен. Төменгі кестеге қараңыз. [10]
Өмір сүру ұзақтығы 2005 жыл
(ЖАС)
Себебі: тәжірибелі мамандардың жетіспеуі; заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтылмауы; сыбайлас жемқорлық; санитарлық- эпидемологиялық талаптардың бұзылуы; халықтың дұрыс тамақтану мәдениетінің қалыптаспауы; ана денсаулығы. Айтып кетер жайт, жыл басынан бері осы уақытқа дейін елімізде 79840 адам мерт болған, қалада - 51186 және ауылда - 28654. [7] Елімізде 100 мың нәрестенің 61-і анасынан айрылып жатса, бұл көрсеткіш Өзбекстанда 20, Британияда 17 ғана. Еуропа Одағы бойынша орташа көрсеткіш - 15 ана. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің мәліметі бойынша еліміздегі әйелдер денсаулығы индексі 20-ақ пайызды құрайды, кейбір аймақтарда бұл көрсеткіш 10 пайызға шейін төмендеуде. Әйелдердің 60 пайызы бала босану кезінде әртүрлі қиыншылықтарға душар болуда. Әдеттегі салмақпен туған балалардың мөлшері 35 пайыз, кей жерлерде 25 пайыз. Денсаулығы жақсы деуге жарайтын балалы әйелдердің мөлшері республика бойынша небары 11, 4 пайыз. Әр үшінші нәресте денсаулық ақаулықтарымен дүниеге келуде. [1] Осы уақытқа дейін елімізде 1 жасқа дейінгі өлген нәрестелердің саны 2049, нәрестелердің өлім коэффиценті 1000 туылғанға 14, 7 өлім тіркелген. [7]
Диаграмма №5
Аналар өлімі. [9]
![]()
Демографиямыздың дамуына біден-бір кедергі болып отырған мәселе бұл «Жасанды түсікке» жол берілуі. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің деректері бойынша Қазақстан Республикасында 2000 - 2005 жылдар аралығынада ресми түрде жалпы саны 50 жасанды түсікке жол берілген. [9]
Диаграмма №6
Жасанды түсіктер. [9]
![]()
Бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену үшін және де Қазақстандағы демографиялық хал-ахуалды көтеру үшін, жоғарыда аталған мәселелерді шешу Қазақстанның стратегиялық мақсаты болып табылады.
Осы мәселелерді шешу мақсатында келeсідей ұсыныстарды ұсынамыз:
- Біріншімәселені шешу үшін Солтүстік және Орталық Қазақстан аймақтарына (әсіресе қалаларға) шеттен келген қандастардың және жергілікті ауыл халқы есебінен урбанизацияны күшейту керек.
- Екіншімәселені шешу үшін адаптациялық орталықтарды құрып, шамамен жарты жылдан 1 жылға дейін жергілікті ортаға бейімдеу; азаматтықты алудағы құжаттардың санын қысқарту және азаматтықты беруді жеделдету. Елбасымыздың 2015 жылға дейін Қазақстан халқын 20 млн. -ға жеткізу жоспарын жүзеге асыру үшін төмендегі жобаны ұсынамыз: квотаның санын көбейту (экономикамыздың дамуына байланысты жыл сайын квотаның санын 10 мыңға ұлғайтып тұру) .
Диаграмма №7
2007-2015 жылдар аралығындағы квота бөлудің нәтижесі.
Егер біз 2007-2015 жылдар аралығында жыл сайын он мың квотадан ұлғайтып отыратын болсақ, осы жылдар аралығында 585000 отабасын, яғни әр отбасыда орта есеппен 5 адамнан болғанда қысқа мерзімде 2 млн. 925 мың адамды көшіріп алу мүмкіндігіне ие бола аламыз.
Шет елдерден келген қандастарымыздың тұрғын үй мәселесін оңтайлы шешу керек, оларға тұрғын үй салу үшін (шаруашылықпен айналысу үшін) жер телімдерін беру немесе мемлекет тарапынан арнайы бағдарлама жасап («Қандастарды арзан тұрғын үймен қамту» бағдарламасы), бағдарлама бойынша оларды толық тұрғын үймен қамтамасыз ету.
- Үшіншімәселені шешу үшін мемлекет тарапынан «Жас отбасыларды қолдау» бағдарламасын қабылдау керек, мектеп қабырғасындағы жастарды (10 сыныптан бастап) отбасылық өмірге тәрбиелеу үшін арнайы орталықтар құру (мәселен, «ОТАН - отбасынан басталады» орталығы) . Жастарға демографиялық өсудің мақсаттарына бара - бар әлеуметтік саясат арқылы бала тууды ынталандыру. Туу мөлшерін көбейту үшін әр отбасындағы үшінші баланы мемлекет есебінен кәмелеттік жасқа дейін асырау, оқыту. Ал, көп балалы отбасыларға әлеуметтік және салықтық жеңілдіктерді беру.
- Төртіншімәселені шешу үшін мемлекет тарапынан субмәдениеттерге төтеп беру үшін ұлттық идеологияны жасақтау. БАҚ - нан көрсетілетін жастардың санасын улайтын Батыстың зұлымдық пен бұзақылықты дәріптейтін туындыларына шектеу қою. Керісінше БАҚ арқылы жастардың ұлттық рухын көтеретін, нағыз қазақи тәрбие беретін, сонымен қатар көп балалы болуды насихаттайтын бағдарламалар мен жарнама роликтерін көптеп көрсету. Көп балалы отбасы болу біздің Ұлттық идеологиямызға айналу керек.
- Бесіншімәселені шешу үшін сырттан келетін «еңбек миграциясын» заңдастырып, біздің елдегі жұмыс күшін дұрыс бағытта пайдалану қазіргі заманның талабы.
- Алтыншымәселені шешу үшін Қазақстандағы адамның өмір сүру орташа ұзақтығын ұзарту үшін халықтың ұрпақты болу денсаулығын қорғау жөніндегі шараларды жетілдіру жолымен сәби мен ана өлімін азайту. Арнайы геронтологиялық бағдарламалар қабылдау жолымен егде жастағы халықтың өмір сүру сапасын жақсарту. Шет елдердің білікті мамандарын еліміздің түрлі медициналық салаларына тартып, тәжірибе алмасу. Әлемнің озық елдерінде қолданылып жатқан медициналық құрал-жабдықтар мен технологияларды медицина саласының барлық аймақтарына енгізу арқылы жоғарғы медициналық технологиялар орталығын құру. Ана мен бала денсаулағын қорғау, әйелді босандыру жүйесін түбегейлі жақсарту, ұрпақ әкелетін жастағы ерлер мен әйелдер ден саулығын нығайту қажет. ВИЧ/СПИД-тің таралуын болдырмау (өсу қарқынын төмендету) жөніндегі шараларды іске асыру. Халықтың қолайлы физиологиялық өлшемдерге сәйкес келетін сапалы ауыз су мен толық қамтамасыз ету және халықтың денсаулығына төнетін экологиялық қауіптердің алдын алу мен оны азайту. Тамақтану стандарттарын жақсарту, халықтың жан басына шаққандағы табиғи шырындар мен тұтынуын ұлғайту, дұрыс тамақтануда насихаттау. Заң жүзінде жасанды түсік жасатуға шектеу қою.
Қорыта айтқанда кез келген мемлекеттің даму деңгейін анықтауда сол мемлекеттің табиғи байлықтары, жер асты ресурстары, ауыл шаруашылығына жарамды жер алқабының көлемі сияқты негізгі экономикалық саны мен өндірістік қабілеті, білім деңгейі мен денсаулығы да есепке алынады. Германия, Жапония, Корея сияқты дамыған мемлекеттерге қарағанымызда адам ресурстарының табиғат ресурстарынан маңыздырақ екені аңғарылады. Қазақстан Республикасының соңғы жылдардағы тұрақты экономикалық даму қарқыны көңілді көншіткенімен халықтың саны мен денсаулығы, туу мөлшері, табиғи өсуі және өлім мөлшері, әлеуметтік-мәдени қажеттіліктерінің қамсыздандырылу деңгейі сияқты көрсеткіштері әлде де өз деңгейінде емес. Аталмыш мәселелердің негізінде әлеуметтік, экономикалық, экологиялық, биологиялық себептердің болатыны белгілі. Халықтың санын көбейтіп, құрамын нығайтатын, тарихи - демографиялық ғылым айқындаған екі жолды, табиғи өсім мен сырттан келетін көші - қонды оң пайдалану біздің тарихи борышымыз. Табиғи өсімді күшейту үшін жастарға, әсіресе жаңа отбасыларға, көп балалы аналарға, олардың жас ұрпақтарына Үкімет тарапынан жан-жақты, нақтылы, тұрақты және жүйелі түрде қамқорлық, тікелей жәрдем ұйымдастырылуы қажет. Ал сырттан келетін оң көші-қонға келсек, шетелдердегі қазақтарды елге қайтару үшін мұнан да күрделі шаралар іске асса артық болмас. Мүмкіндігінше қазақтар тұрған шет мемлекеттермен дипломатиялық жолмен көші-қон үрдістерін жеңілдетіп, тездету, ал көшіп келгендер үшін барлық жағдайды жасау қажет.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz