Шоқан Уәлиханов ( 1835-1865)



І кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім.
Шоқан Уәлиханов ( 1835.1865)
а) Шоқанның өмірбаяны
б) Шоқанның қазақ халқына ауыз әдебиет мұралары
в) Шоқан қырғыз елін зерттеу экспедициясына
ІІІ. Қорытынды
Шоқан (Мұхаммедханафия), Шыңғысұлы Уәлиханов —XIX ғасырдың екінші жартысында қазақ даласында туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш және талантты өкілдерінің бірі. Ол — өз дәуіріндегі орыстың прогресшіл ғылымы мен әдебиеті, мәдениеті дәстүрінде тәрбие алған және әр ялуан ғылым саласын алғаш рет зерттеген адам. Оның философия, этнография, тарих, экономика, заң, география, фольклор, әдебиет теориясы жайлы құнды-құнды еңбектері мен пікірлері бар.
Шоқан 1835 жылдың қараша айында қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде туған. Балалық шағы, ата қонысы Сырымбет тауының (Көкшетау облысы) бауырында өткен. Өз әкесі — Шыңғыс, ұлы атасы — Уәлихан кезінде Қазақстанның Россияға қосылуын жақтап, орыс еліне арқа сүйеген адамдар.
Жасында ауыл мектебінде мұсылманша хат таныған Шоқан кейін орыс мектебі тәрбиесінде өскен. 1847—1853 жылдары ол Омбыдағы Кадет корпусында оқиды. Шоқанның бүкіл келешегі мен ғылым, өнер жолындағы талантын ұштауда бұл оқу орнының еңбегі үлкен. Онда әскери сабақтарға қоса жалпы және Россия географиясы мен тарихы, батыс, орыс әдебиеттері, философия, физика, математика негіздері, шет тілдері оқытылған. Корпустың оқытушылар құрамында да білімді және прогресшіл ой-пікірлі адамдар көп болған.
Кадет корпусына алғаш кірген кезде Шоқан орыс тілін білмейді екен. Бірақ өзінің зеректігімен ол тілді тез үйренген. Өзі ңатарлас оқушылардан анағұрлым озық оқыған. Шоқанның корпуста бірге оқыған досы және кейін үлкен этнограф ғалым болған Г. Н. Потанин: «Өзінің орыс жолдастарын басып озып, Шоқан тез жетілді... Оған талайлар-ақ назар аударды. Ол сондай қабілетті еді және оқу орнына түспей тұрып-ақ сурет сала білетін»,— дейді.
Екінші курстан бастап-ақ Шоқан өзінің таңдаулы ұстаздарымен жақсы қарым-қатынаста болған. Оған әсіресе орыс тілі мен әдебиеті тарихының оқытушысы Костылецкий мен тарих пәнінің оқытушысы Гонсевский күшті ықпал еткен. Өз дәуірінің алдыңғы қатарлы ойшылдарымен пікірлес Костылецкий сабағын Белинский идеяларының негізінде жүргізген. Ал Гонсевский әр елдің азаттық жолындағы күресі тарихын көбірек әңгімелеген. Осы оқытушыларының әсерімен Шоқан сол кезден бастап орыс және дүние жүзі әдебиетінің озық үлгілерін, орыстың революционер-демократтарының еңбектерін оқыған. Пушкин, Гоголь, Лермонтов, Герцен, Белинский, т. б. орыс классиктерін және Батыс әдебиетінен Диккенс, Теккерей, Руссо шығармаларын, «Современник» журналын үзбей оқып, әлеуметтік өмірдің және әдебиет ағымының қай бағытта дамып бара жатқандығын аңғара алатын өз кезінің саналы азаматының бірі болған.
Шоқанның зерттеушілік қабілеті де корпуста оқып жүргенде оянған. Жазғы демалыс кездерінде ол ел ішіндегі аңыз әңгімелерді, халық жырлары мен поэмаларын жазып алумен шұғылданған. Мысалы, Шоқанның алғашңы жазып алған шығармаларының ішінде «Қозы Көрпеш — Баян сұлу» жыры болған
1852 жылы Костылецкийдің көмегімен Шоқан көрнекті шығыс зерттеушісі, Петербург университетінің профессоры И. Н. Березинмен танысады. Березин Шоңан жинаған қазақтың ауыз әдебиеті нұсқаларын, «Қозы Көрпеш — Баян сұлу» жырын алған, ал өз тарапынан Шоқанды ескі жазу ескерткіштерін зерттеу ісіне тартқан.
1. С. Қирабаев, Қ. Мырзағалиев. Қазақ әдебиеті Алматы «Рауан» 1997ж.
2. «Мектеп» баспасы.
3. Қазақ балалар поэзиясы.
4. С. Мұханов жарқын жұлдыздар Алматы, 1964 (Шоқан Уалиханов бөлімі).

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Шоқан Уәлиханов ( 1835-1865)
Шоқан (Мұхаммедханафия), Шыңғысұлы Уәлиханов —XIX ғасырдың
екінші жартысында қазақ даласында туған демократтық, ағартушылық
мәдениеттің тұңғыш және талантты өкілдерінің бірі. Ол — өз дәуіріндегі
орыстың прогресшіл ғылымы мен әдебиеті, мәдениеті дәстүрінде тәрбие алған
және әр ялуан ғылым саласын алғаш рет зерттеген адам. Оның философия,
этнография, тарих, экономика, заң, география, фольклор, әдебиет теориясы
жайлы құнды-құнды еңбектері мен пікірлері бар.
Шоқан 1835 жылдың қараша айында қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын
бекетінде туған. Балалық шағы, ата қонысы Сырымбет тауының (Көкшетау
облысы) бауырында өткен. Өз әкесі — Шыңғыс, ұлы атасы — Уәлихан кезінде
Қазақстанның Россияға қосылуын жақтап, орыс еліне арқа сүйеген адамдар.
Жасында ауыл мектебінде мұсылманша хат таныған Шоқан кейін орыс
мектебі тәрбиесінде өскен. 1847—1853 жылдары ол Омбыдағы Кадет корпусында
оқиды. Шоқанның бүкіл келешегі мен ғылым, өнер жолындағы талантын ұштауда
бұл оқу орнының еңбегі үлкен. Онда әскери сабақтарға қоса жалпы және Россия
географиясы мен тарихы, батыс, орыс әдебиеттері, философия, физика,
математика негіздері, шет тілдері оқытылған. Корпустың оқытушылар құрамында
да білімді және прогресшіл ой-пікірлі адамдар көп болған.
Кадет корпусына алғаш кірген кезде Шоқан орыс тілін білмейді екен.
Бірақ өзінің зеректігімен ол тілді тез үйренген. Өзі ңатарлас оқушылардан
анағұрлым озық оқыған. Шоқанның корпуста бірге оқыған досы және кейін үлкен
этнограф ғалым болған Г. Н. Потанин: Өзінің орыс жолдастарын басып озып,
Шоқан тез жетілді... Оған талайлар-ақ назар аударды. Ол сондай қабілетті
еді және оқу орнына түспей тұрып-ақ сурет сала білетін,— дейді.
Екінші курстан бастап-ақ Шоқан өзінің таңдаулы ұстаздарымен жақсы
қарым-қатынаста болған. Оған әсіресе орыс тілі мен әдебиеті тарихының
оқытушысы Костылецкий мен тарих пәнінің оқытушысы Гонсевский күшті ықпал
еткен. Өз дәуірінің алдыңғы қатарлы ойшылдарымен пікірлес Костылецкий
сабағын Белинский идеяларының негізінде жүргізген. Ал Гонсевский әр елдің
азаттық жолындағы күресі тарихын көбірек әңгімелеген. Осы оқытушыларының
әсерімен Шоқан сол кезден бастап орыс және дүние жүзі әдебиетінің озық
үлгілерін, орыстың революционер-демократтарының еңбектерін оқыған. Пушкин,
Гоголь, Лермонтов, Герцен, Белинский, т. б. орыс классиктерін және Батыс
әдебиетінен Диккенс, Теккерей, Руссо шығармаларын, Современник журналын
үзбей оқып, әлеуметтік өмірдің және әдебиет ағымының қай бағытта дамып бара
жатқандығын аңғара алатын өз кезінің саналы азаматының бірі болған.
Шоқанның зерттеушілік қабілеті де корпуста оқып жүргенде оянған.
Жазғы демалыс кездерінде ол ел ішіндегі аңыз әңгімелерді, халық жырлары мен
поэмаларын жазып алумен шұғылданған. Мысалы, Шоқанның алғашңы жазып алған
шығармаларының ішінде Қозы Көрпеш — Баян сұлу жыры болған
1852 жылы Костылецкийдің көмегімен Шоқан көрнекті шығыс зерттеушісі,
Петербург университетінің профессоры И. Н. Березинмен танысады. Березин
Шоңан жинаған қазақтың ауыз әдебиеті нұсқаларын, Қозы Көрпеш — Баян сұлу
жырын алған, ал өз тарапынан Шоқанды ескі жазу ескерткіштерін зерттеу ісіне
тартқан.
Шоқанның сол кездің алдыңғы қатарлы ой-пікірімен таныстығын оның
жолдастарының көбі үлгі тұтқан. Және Шоқан олардың Европа мәдениетіне бет
бұруына себепші болған. Бізден жасы кіші болса да, өзімізбен
салыстырғанда, ол үлкен сықылды еді де, біздер оған қарағанда бала тәрізді
едік,— деп жазады Г. Н. Потанин.— Өзінің бізден артық білетіндігін, не
біздерден білімі жагынан жоғарылығын білдіруге тырыспаса да, жолдастардың
арасында болатын жай әңгімелердің өзінде-ақ оның білімінің бізден артықтығы
танылып қалатын. Жалпы жолдастарына, соның ішінде маған, ол еріксіз,
Европаға ашқан терезе сықылды болды.
Шоқанның сабақтан тыс уақытта көп оқып, зерттеген еңбектерінің бір
саласы сол кездегі саяхатшылардың өмірі мен ісі туралы жазылған еңбектер
болған. Мұның өзі оған үлкен әсер етеді. Ол саяхатшы болуды, ең алдымен
Орта Азияны аралап, зерттеуді армандайды. Бір жылдан кейін Батыс Сібір
мен Қазақстанның солтүстік-шығыс аудандарын бас-қаратын генерал-губернатор
Гасфорттың адьютанты болып тағайындалады. Осы қызметті атқара жүріп ол Орта
Азия халықтарының тарихын, этнографиясы мен географиясын зерттеуге белсене
араласады.
1855. жылы Шоқан Орталық Қазақстанды, Жетісу мен Тарбағатайды аралайды.
Қазақ халқының тарихы мен әдет-ғұрпы, діни ұғымдары жайында материал жинап
қайтады. Бұл материалдар негізінде кейін ол Тәңірі (құдай), Қазақтардағы
шамандықтың қалдығы деген еңбектер жазады.
1856. жылы Шоқан қырғыз елін зерттеу экспедициясына қатысады. Қырғыздар мен
ұлы жүз қазақтарының тарихы, этнографиясы жайлы мәліметтер жинайды, ауыз
әдебиетінің нұсқаларын жазып алады. Бұдан кейін Құлжа қаласында болып,
Жоңғария тарихымен шұғылданады. 1857 жылы тағы да қырғыз елінде болады. Осы
сапарларда жинаған материалдарды ол Жоңғария очерктері, Қырғыздар туралы
жазбалар, Қазақтың халық поэзиясының түрлері туралы, Ыстықкөл сапарының
күнделіктері, Қытай империясының батыс провинциясы және Құлжа қаласы
атты еңбектерінде пайдаланады.
Бұл еңбектерді орыс ғалымдары аса зор бағалаған. Оларда жергілікті
халықтардың тарихы, мәдениеті, әдебиеті, әдет-ғұрпы зерттеледі. Табиғатты
және ел тұрмысын Шоқан жазушылық шеберлікпен суреттеген. Осыдан барып оны,
қазақ бола түра, орыс достары Қазақтар туралы жазатын орыс әдебиетшісі
деп атаған.
Шоқанның демократтық, ағартушылық кезңарасын анықтауда бұл
еңбектердің үлкен маңызы бар. Оларды Шоқан қоғам өмірінің дамуы мен
келешегіне орыстың революцияшыл демократтарының тұрғысынан қарайды. Сонымен
қатар оны өз халқының тіршілігі мен көркемдік дамуының жағдайларына лайық
дамытады. Әдебиет мәселелері жөнінде Шоқан — сол кездің өзінде-ақ көп тың
пікірлер айтқан ғалым.
Шоқан әр халықтың әдебиетіне оның қоғамдық, әлеуметтік өмірімен
тығыз байланысты қарайды. Әсіресе оның қазақ поэзиясының халықтық сипаттары
жайлы ойлары қызғылықты. Поэзия халықтың рухани серігі болып келгенін атай
отырып, ол: Бұл халыңтың ертеден өзіне тән тұрмысында есте қалдырмаған
бірде-бір маңызды оқиғасы, бірде-бір тамаша адамы жоқ деуге болады. Олардың
бірін суырып салма ақындар мен жыршылар жыр етсе, екінші біреулерінің атын
кейінгі ұрпақ естерінде ұмытылмастай етіп белгілі бір сыбызғышы не қобызшы
музыканттар тастап кеткен,— деп жазады.
Оңтүстік Сібір руларының тарихы туралы ескертпелер атты еңбегінде
ол халық аңыздары мен ертегілерінің негізін де өмірмен, шындықпен
байланыстырады. Егер Гомердің поэзиялық аңыздарынан, Геродоттың ел аузынан
жинаған ертегілерінен аздап болса да тарихтық қасиет тапсақ, егер өмірді
қаншама бұрмалап баяндағанмен, әрбір ертегінің негізінде шындық жатады
десек, қазақтардың бір-біріне жалғасып жататын аңыздарында, өмір
бейнесінде, қазіргі әдет-ғұрпында бұрынғы ата-бабаларының тарихи мәні бар
оқиғалары жататынына күмәнданбауымыз керек,— деп жазады ол.
Шоқан еңбектерінде әр дәуірдегі халық әдебиетінің бағалы нұсқауларын
жасаған және ауыз әдебиетінің таңдаулы үлгілерін жырлап жеткізген Орынбай,
Шөже, Жанақ, Арыстанбай, Құрымбай сияқты ақындардың есімдері келтіріледі.
Шоқан олардың бірқатарынан халық әдебиеттерінің үлгілерін жазып алған.
Солардың ақындық, жыршылық еңбектері негізінде ол қазақ өлеңдерінің
халықтығы жайлы құнды пікірлер де айтады.
Осы тектес материалдарға сүйене отырып, Шоқан көшпелі елдердің
мәдениеті жоқ деп санайтын және оны менсінбейтін кейбір Европа ғалымдарының
пікіріне дау айтады. Көшпелі елдерді аң тәрізді жауыз тобыр санап, бет
алды жүрген тағылардың есебінде түсінетін жалған ұғым қазірдің өзінде де
Европада үстем болып келеді,— деп жазды Шоқан.— Олар көшпелі монғол
немесе қазақтар дегенді тұрпайы, мал тәрізді тағылар деп ұғады. Ал,
шындығына келгенде, сол тағылардың көбінің жазба түрінде немесе ауыз
әдебиеті, аңыз әңгімелері бар. Өлеңге, әсіресе суырып салма өлеңге,
бейімділік барлық көшпелі елдердің өздеріне тән ерекшелік деуге болады.
Қазақ халқының ауыз әдебиеті мұраларын жинай, зерттей жүріп, Шоқан
олардың славян халықтарының әсіресе орыстардың ауыз әдебиетімен байланысын
анықтайды. Және оның себебін екі халықтың тарихи тағдырластығынан іздейді.
Көп уақыттан бері қазақтың ертегілерін, мифтерін, эпикалық жырлары мен
аңыздарын жинаумен шұғылдана жүріп, мен олардың Европа халықтарындағы,
әсіресе славяндардағы осы тектес шығармалармен бір сарындастығына қайран
қалдым,— дейді ол Жоңғария очерктерінде. Бұл пікірді Шоқан орыс, қазақ
ертегілерін, мақал-мәтелдерін салыстыра отырып дәлелдейді.
Өмір шындығының ұқсастығы әдебиетте де тақырып, сюжет үқсастығын
туғызатынын , Шоқан қазақ пен араб поэзиясын салыстыра отырып та айтады.
Дала өмірін жырлаған поэзия болғандықтан, бұл екі елдің поэзиясы да бір-
біріне өте ұқсас. Екеуінің сюжеті де дала өмірі тәрізді үнемі біркелкі боп
келеді. Екеуінде де көшпелі тұрмыс, сұлу табиғат, рулардың қарым-қатынасы,
талас-тартысы суреттеледі,— деп жазады.
Шоқан көшпелі халықтарда өлеңді суырып салып айту өнерінің
күштілігіне назар аударады. Көшпелі елдердің қай-қайсысының болсын бір
өзгешелігі — олар өлең-жырға бай, шебер келеді,— деп жазады ол.—
Бедеуиндердің ақын келетіндігі Европа халықтарына әбден мәлім. Арабия
даласын аралағандардың бәрі де жас балалардың өздеріне қойылған сұрауларға
ңисынды, үйқасты өлеңмен жауап қайтаратынын айтып, ауыздарының суы құриды.
Жоқ жасыл дала мен моншақтай тізілген жұлдыздары көп ашық аспанды сүлу
табиғат әсер етті ме, кім білсін!
Шоқан тарихи маңызы бар шығармаларға көңіл бөлді және олардың жалпы
фольклорды, оның өсу кезеңдерін тану, білу үшін ғажап құнды мұра екенін
атап көрсетті. Мысалы, ол қырғыз халқының Манас, Семетей туралы
дастандарын эпостың кемеліне келіп жетіскен кезін көрсететін және көлемі
жағынан, дүние жүзінде теңдесі жоқ, оқиға құру, адам образдарын жасау
жағынан да аса құнды туындылар ретінде бағалаған.
Жазуы жоқ елдердің өткен тарихы мен салтын тануымыз үшін мұндай ұзақ
желіге құрылған, күрделі эпостардың үлкен мәні барлығын , Шоқан дұрыс
түсініп, соны Манас үлгісінде көрсетпек болған. Манас,— дейді, Шоқан,—
қырғыздың ескі мифтерінен, аңыздарынан, ертегілерінен жиналып, бір адам —
Манастың төңірегіне топталған энциклопедия. Бұл жағынан, ол даланың
Илиадасы тәрізді. Бұл аса зор эпопеяда қырғыз халқының тіршілігі, әдет-
ғұрпы, географиясы, діншілдік, дәрігерлік ұғымдары, шетелдермен қарым-
қатынасы түгел қамтылған. ...Екінші эпос —Семетей — Манастың жалғасы.
Бұл — қырғыздың Одиссеясы.
Манас жырын бірінші рет баспаға ұсынып, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шоқан (Мұхаммед-Ханафия) Уәлиханұлы
Шоқан Уәлиханов
Шоқан Үәлиханов - үлкен қоғам қайраткері, ғалым, ойшыл
Қазақтың ұлы ғалымы, ағартушы-демократ Ш. Ш. Уәлиханов
Орыс демократиялық мәдениеті және қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов
Уәлиханұлы Шоқан Шыңғысұлы
Ш.Уалиханов өмірі мен еңбектері
Шоқан Уәлиханұлы (1835-1865)
Шоқан Уәлиханұлы
Шоқан Уалиханов тұңғыш қазақ ғалымы
Пәндер