Еркек қуық асты безінің аденомасын зерттеу мәселелері


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: Еркек қуық асты безінің аденомасын зерттеу мәселелері

Жоспар

Кіріспе . . . 5

І-тарау. Әдебиетке шолу

1. 1 Урология ғылымына жалпы сипаттама . . . 8

1. 2 Урология ғылымы нені зерттейді? . . . 10

1. 3 Ер адамның жыныс мүшелері . . . 14

1. 4 Қуық асты безін зерттеу мәселелері . . . 19

1. 5 Қуық асты безі дегеніміз не? . . . 20

1. 6 Несеп жолдарының қабынуы . . . 24

1. 7 Қуық патологиясы . . . 26

ІІ-тарау. Зерттеу әдістері

2. 1 Қуық асты безі аденомасын емдеу жолдары . . . 28

2. 2 Қуық асты безі аденомасын зерттеу мәселелері . . . 29

ІІІ-тарау. Тәжірибелік жұмыс (Прак. час) . . . 30

Қорытынды . . . 34

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 36

Кіріспе

Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының зерттеулері бойынша ер адамдардың 85%-да уақыт өте келе қуықасты безінің қатерсіз гипертлазиясы (ҚБҚГ) дамиды.

Статистикаға жүгінсек, ерлер қуық асты безі - ең жиі «ауыратын»мүшелердің бірі. 60 жастан асқан ерлер арасында қуық асты безінің ауруы жүрек аурулары мен қауіпті ісікке қарағанда тіпті, жиі кездеседі.

Қуық асты безінің ауруларына қатысты мәліметтер ел тұрғындарының, әсіресе, ерлер арасында ерекше қызығушылық тудырса, простата безінің ауруларын егде тартқан ерлер мен қарттар арасында алаңдатушылық тудыруда. Мұның себебі қуық асты безінің (аденомасының) қатерсіз гипертлазиясы кей деректер бойынша, ерлер арасында 50-60 жас аралығында 55-60%, 60-70 жас аралығында 65-70%, ал 70 жастан асқанда 80% жағдайда кездеседі.

Қоғамдағы әр жастағы адамдар нақты түрде бауырдың, бүйректің, жүректің қайда орналасатындығын және олардың атқаратын қызметін білгенімен, қуық асты безі туралы көп біле бермейді.

Жуырда ғана өткен дәрігерлер мен провизорлардың съезінде сөйлеген сөзінде еліміздің президенті Н. Ә. Назарбаев: «Халықтың денсаулығы - ел дамуының аса маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі» деп тағы да айрықша айқындап атап өтті. Сонымен қатар келешек атқарылатын істердің басты стратегиялық бағыттарын да көрсетті.

Бірінші: балалар мен жасөспірімдердің денсаулығына айрықша көңіл бөлу.

Екінші: халықты қол жетерлік және саналы медициналық көмекпен қамтамасыз ету.

Үшінші: отандық медицина ғылымын дамыту.

Осы бағыттама аясында ел басқарған ағалармен біріге отырып, түрлі індеттердің алдын алу керек. Салауатты өмір салтын ұсынбаған мемлекеттің экономикасы құлдырайтыны сөзсіз. Ауру адам қандай іс бітірмек!

Жастар - болашағымыздың алтын тірегі. Жастар арасындағы нашақорлық пен маскүнемдіктің алдын алу үшін мен мынадай деректер мен цифрларды ұсынғым келіп тұр.

Жасыратыны жоқ бүгіндері елімізде осынау қауіпті нашақорлықпен айналысатындар саны өсіп барады. Есірткінің медициналық-әлеуметтік проблемалары республика орталығының мәліметіне қарағанда, бұл кеселге тәуелді болғандардың саны 250 мыңнан асады екен. Ал 1, 5 млн-дай адам нашақорлыққа бейімділік сәтінде отпен ойнағандай әрі-сәрі күй кешуде. Әсіресе кәмелетке толмағандардың әлгіндей қатерлі дертке әуестене түсуі қатты ойландыруы тиіс. Міне, сондықтан да қоғамымызда ертеңгі болашағы үшін мұндай тағылымды шаралардың өткізіліп тұруы ғанибетті іс болмақ. Жылына БҰҰ-ның сараптауы бойынша есірткінің негізгі массасы 65% Орта Азия арқылы өтеді, ал Қазақстан арқылы жылына 150 тонна өтеді. Қазақстан Республикасы бойынша 47 мың адам есірткіні қолданатындар тізімінде. Қазақстан жерінде жеңіл есірткіден гөрі өте улы түріне көбірек сұраныс болып жатыр. Республикадағы есірткіні көп пайдаланатын нашақорлар саны қарқынды өсіп келе жатқан қара дақтар. Мысалы: Теміртау қаласында 9 ай ішінде 633 нашақор бар екені анықталып, 111 заңды бұзғандықтан істері сотта қаралған. Өз облысымызда 20 мың 732 нашақор, 637 СПИД ауруына шалдыққандар тіркелген. Осылардың 48%-ы қылмыскерлер.

Тағы да айтарым, өкінішке орай көптеген азаматтарымыз өз денсаулығын сақтауға және нығайтуға жауапты емес, немқұрайды қарайды. Тіпті денсаулығы өзіне емес, тек дәрігерлерге қажет сияқты медицинаға тұтынушылық немесе масылдық пиғылы бар. Дәрігерлер қанша ескертсе де жаман әдеттерден арылғысы келмейді. Темекі тартады, насыбай атады, салынып арақ ішеді. Мысалы: К-деген гипертониямен кісі жағдайы бақуат бола тұра өз (денсаулығына) кеселіне бір тиын жұмсағысы келмейді, тек үкіметтің қаражатына иек артқысы келеді. Кейбір аналарымыз қонақ келгенде көл-көсір дастархан жасап, ал өз денсаулығына аса қажет анемияға қарсы бір дәріні де сатып алып ішкісі де келмейді. Жалпы, халқымыздың «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген дана қағидасын әрдайым, әрқайсысымыз жадымыздан шықпайтын биік ұстаным болуға тиіс. Себебі бұл қаражат халықтікі, әрбір салық төлеушінің үлесі екенін ұмытпағанымыз жөн.

Жас кезінен аурушаң болған Поль Брегг «Өзіңді өзің жасай біл» деген қағиданы нық ұстанған. Ол ынта-жігерінің салауатты өмір сүруге деген құштарлығының арқасында барлық ауруларды жеңіп, денсаулығы мықты болып өмір сүрген. Ия, кіснің болса да денсаулығы өз қолында. Салауатты өмір сүремін десеңіз ешкім оған қарсы тұра алмайды.

Салауатты өмір салтына денешынықтыру, спорт, дене тәрбиесі, туризм, халықаралық туризм, табиғатқа серуен, таза ауада жүру жатады. Кешкі тамақтан соң, таза ауада бір-екі сағат серуен құрып, ұйықтаудың пайдасы зор. Ұйқы 7-8 сағаттан кем болмауы тиіс. Әр адам жыл сайын бір рет еңбек демалысын тиімді пайдаланғаны жөн. Барлық кезде тамақты жаңадан дайындап ішкен дұрыс. Алланың табиғатты адам үшін жаратқанын және парыз еткенін, тіршілігінде қажетіне дұрыс пайдалануды, денсаулығына зиян келмейтіндей жағдайда болуын қадағалауды салауатты өмір салты деп ұғамыз.

Адам денсаулығына зиянын тигізетін жат әдеттерден аулақ болғаны жөн. Енді оларға не жататынына тоқтала кетейік: Олар - темекі тарту, спирттік ішімдіктерге, есірткілік заттарға салыну. Арақтың орнына қымыз бен қымыран іш, темекі тартудың орнына таза ауада көбірек жүр. Жастарға есірткіні пайдаланба, көңіл көтеретін мәдени көпшілік орындарына баруды әдетке айналдыр дер едім. Еңбек адамды тәрбиелейді. Сондықтан жұмыс істеуден қашпаған жөн. Жалқаулыққа салынудың соңы жақсылыққа апармайды. Имандылық жолына түсіп, жылына бір келетін оразаны тұтып, оның тәртібін сақтағаныңыз дұрыс. Дүниеде бұған тең келетін ештеңе жоқ.

Біз табиғаттың, қоршаған ортаның ластануына жол бермеуіміз керек. Өзіңізді қандай көрсеңіз, өзгелерді де солай көріңіз. Адамдар бір-бірімен дос, бауырлас, сыйлас, рақымды, мейірімді болса, нұр үстіне нұр жауады. Әрқашан жаман ойдан аулақ болыңыз. Адам өзін өзгеден кем сезінуі, денсаулығының нашар екендігін ойлап қамығуы, көз алдына өлім қорқынышын елестетуі ойды бұзады.

Сөз соңында қайра айтарымыз, халық денсаулығы тек медицина қызметкерлерінің кәсіби тірлігі ғана емес, бүкіл қоғамның тұтас денсаулық сақтауға және нығайтуға арналған үйлескен іс-қимыл әрекеттерінің жемісі екенін баршамыз да ұғынуға тиіспіз. Сонда ғана қоршаған ортаны сақтай отырып, таза су ішіп, дұрыс тамақтанып, иманды және салауатты өмір салттарын тұрақты қалыптастырсақ болашақтың жарқын кепілі болмақ.

Осы жағдайда уролог мамандар тек жуық кезде ғана ерекше назар аудара бастады. Сондықтан да жасы ұлғайған ер адамдар да қуық асты безі ауруларын емделушілердің саны арта түсуде. Профилактикалық медицина тұрғысынан қарағанда аз қуантарлық жағдай.

Дегенмен, қуық асты безінің қызметіне және емделуіне байланысты мәселелер емес. Бұл күнде дәрігерлердің барында көптеген әр түрлі тәсілдер бар. Хирургиялық әдіс тәсілдер тиімді, алайда тыйымсыз жақтары да бар. Сондықтан өте қажет болмаған жағдайда оларды қолданбайды. Баламалы әдістемелер қаншалықты тиімді және қауіпсіз? Бұл сұраққа бір жақты жауап беру - жаңа зерттеулерге жол ашады.

Курстық жұмыстың мақсаты:

  • қуық асты безінің аденомасының пайда болу себептерін қарастыру;
  • қуық асты безінің аденомасын емдеу жолдарын қарастыру;
  • несеп жолдарының қабыну жолдарын зерттеп, алдын алу жолдарын және зерттелу жолдарын келтіру.

І-тарау. Әдебиетке шолу

  1. Урология ғылымына жалпы сипаттама

Урология деп зәр шығару және жыныс органдарына тән науқастың түрлерін оқытатын ілімді айтамыз.

Урологиялық науқастарды арнайы әдістермен, құралдармен анықтайды.

Цистоскопия - арнайы цистоскоп деп аталатын құралдың көмегімен қуық ішін тексереді. Қуықтың кілегей қабатынан жара, ісік полип сияқтыларды көруге болады. Несеп ағардың ашылған жерінен катетер енгізіп, контраст жіберуге болады.

Қазақстандағы медицина, оның ішінде хирургияның өсіп, өркендеуі туралы қазақ тілінде шыққан оқулық, я түсіндірме сөздік мүлде жоқ. Қейбір журналдарда, газеттердің бетіне басылып шыққан бірлі-жарым дүниелер болмаса, жалпы қазақ халқының осы саладағы табысын айту, ғылымға қосқан үлесін зерттеу жұмысы жоқтың қасы, болса - таяз.

Төңкеріске дейін қазақ даласындағы денсаулық сақтау ісі, жалпы медицина мәселелері Ресейдің орталығымен салыстырғанда тіптен нашар еді. Бар болғаны бақсы-балгерлер, сынықшы, тәуіптер еді.

Ерте замандағы бақсылар мен тәуіптер халықтың караңғылығын пайдаланып, науқас адамға өз білгендерін қолданатын, адам дертінен айықса, «менің емімнен айықты», ал өліп қалса, «бұл алланың, құдайдың жазмышы солай болды» деп түсіндіретін. Бақсы мен тәуіптердің емдеу әдістерін мүлдем жоққа шығаруға болмайды. Себебі, олар кейбір шақта дәрігерлік әдістерді пайдаланған, неше түрлі дәрілік шөптердің қасиетін, өздері дайындаған әр қилы дәрілердің сырқат адамға жасайтын әсерінен хабардар болып, өздерінің кәсібін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырған. Кейбір мысалдар келтірейік. Қапал уезінде болған орыс ғалымы Колбасенко қазақ халқына кең тараған сырқатты емдейтін Шананұлы Қылышбай туралы «ол - бақсы емес, ол - қырғыз дәрігері» деген көрінеді. Бұған қарағанда Қылышбай емшінің қолданған емі дәрігер емінен кем болмағанға ұқсайды,

Сырдария өзенінің төңірегіндегі қазақтар дәрігерлік қабілеті бар адамды арбаушы деп атаған. Арбаушылар қауымы құрт-құмырсқа, жылан, шаян шаққан адамдарды емдеп, сонымен қатар ондай зиянды жәндіктерді жою жолдарын керсетіп, олардан сақтану әдістерін де айтып жүрген.

Емшілікпен кейде әйелдер де шұғылданған көрінеді. Соның бірі Айшуақ сұлтанның қызы - Баян. Ел арасына тараған аңызға қарағанда бұл қыз қазақ сарбаздарының тұтқынына түскен орыс офицері Падуровтің (соңынан генерал болған) жараларын емдеген дейді.

Елбасымыз бірнеше жылдан бері еліміздің денсаулық сақтау саласында сапалы мамандар даярлауға баса назар аудару қажеттігін айтып жүр. Биылғы жылы да Президентіміз осы пікірін қайталап айтты. Менің ойымша, бізде медицина саласында сапалы мамандар даярлауға бірнеше жылдан бері жіті көңіл бөлінбей келеді. Неге? Біріншіден, республикамызда осы саладағы білім беру жүйесі кеңестік кезден бері өзгермей келе жатыр. Негізінен, бұл жүйені біз кезінде Ресейден алдық. Ал Ресей оны өз кезегінде немістерден көшірген болатын. Кеңес өкіметі кезінде бұл жүйе кеңестік идеологияға сәйкестендіріліп қайта өзгертіліп шықты. Міне, біздегі бүгінгі қолданып отырған медицинадағы білім беру жүйесі осы өзгерістің негізінде әлі күнге дейін пайдаланылып келеді. Яғни ол Германияның моделі болып саналады. Екінші бір мәселе, біздің медицинада білім беру, ғылым және тәжірибе, осы үш тағанның арасы алшақтап кеткен. Түсінікті болу үшін мен тағы да тарихқа аз-кем тоқталып өтейін. 1933 жылы Коммунистік партияның шешімімен аталған үш таған өз алдына жеке-жеке сала болып кетті. Себебі кеңес өкіметінің соғыс кезінде медицинада жаңа өзгерістер жасауы қажет болды. Мәселен, ғылымды медицина академиясы деп құрып бөлектеп шығарады, білімді өз алдына қалдырады, тәжірибе де олардан алшақтап кетеді. Сол кездегі мамандар бұл үш тағанды соғыс аяқталғаннан кейін қайта біріктіріп, бір жүйеге келтіреміз деді. Алайда кейін олай болмай шықты. Міне, осы үш сала бізде әлі күнге дейін бөлек-бөлек қызмет етіп келеді. Бұл - денсаулық сақтау саласының тамырына балта шабу деген сөз.

1. 2 Урология ғылымы нені зерттейді?

Өткен ғасырдың соңғы жылдары мен осы ғасырдың басында қазақ халқының өмірі, мәдениеті, дәстүрі мен денсаулық сақтау істері туралы өз еңбектерінде жазып кеткен ғалымдар - Э. Эверсман, С. А. Яроцкий, С. Чукчин және Войткевич, А. Я. Ягмин, В. Богословский, А. Ф. Рейпольский, И. С. Колбасенко, С. Большой. Осы ғалымдардың еңбегінен біз қазақтардың іріңдеген көзге сарымсақты сүтке араластырып жағатынын, уланып қалған адамға мал қанын пайдаланғанын, көкжөтел (туберкулез) ауруына шалдыққанды қымызбен емдегенін білеміз.

Гүл, дәрілік өсімдіктердің қасиетін айрықша бағалаған қазақ халқы адам денесіне жасайтын әсеріне қарай оларды екіге бөлген. Соның бір тобын адамға қуат берер дәрілер деп атаса, екінші тобын ішті жүргізетін дәрілер деп атаған. Мысалы, тері ауруларына, қылша, қотырға қарсы итсағалдан дәрі жасаса, іш ауруларына деген дәріні иір шөбінен дайындаған.

Тәуіп және балгерлер - сынап, сағыз секілді химиялық заттарды да кең пайдаланған. Бірақ осы заттардың ағзаға келтіретін зиянды әсерлері еске алынбаған. Сондай-ақ сүйектері қақсайтын адамды жаңа сойылған жылқы немесе қойдың терісіне орап, тері ауруы бар қотыр адамды жер астынан шығатын арасан суға, тұзды балшыққа түсіріп отырған.

Адамның қаны тасығанда (гипертоническая болезнь) тамырдан, бастан қан алу әдісі де қазақ арасында кең тараған. Қазақ халқы жүкті, екікабат әйелдердің денсаулығына көп көңіл бөліп, оларға ауыр жұмыс істетпей, шошып-қорқудан, байқаусызда құлап қалудан сақтауға тырысқан. Екіқабат әйел өз бетімен босана алмай жатса, тәжірибелі кексе әйелдер жүкті әйелдің ішін кіндігінен төмен карай алақанымен сылап, толғақ кезінде көмек көрсете білген. 1899 жылы Киев қаласыида өткен акушер-гинекологтар кеңесінде И. С. Колбасенко қазақ әйелдерінің қалай босанатыны туралы баяндама жасаған еді. Осы кеңестің төрағасы болған профессор Г. Е. Рейн бұл баяндаманы аса жоғары бағалады.

Кіндік кесу әдістері де қазақ халқына әріден таныс. Сәбиді тұзды суға шомылдыру, денесін қойдың құйрық майымен сылау, әртурлі массаж жасау, бесікке бөлінген балаға шүмек қою, жетім қалған нәрестені басқа әйелдердің сүтімен асырау сияқты жалпы медициналық жұмыс ел арасында кең өріс алған.

Қазақ жеріне Ресейден бірінші болып 1832 жылы Александр Андреевич Сергачев дейтін дәрігер келіпті. Оның орнына келген Василий Евланов деген дәрігер 15 кісіге шақталған орны бар кішігірім аурухана ашыпты.

Қылшаға қарсы күрес жүргізе алатын мамандардың бірі болып Абдул-Халық Юсупов молданың есімі аталса, Хайрулла Бараев деген қазак жігіті үш жыл ішінде 109 балаға екпе жасапты. 1867-1868 жылдары казақ жеріндегі әрбір уездің уездік дәрігерлерін, фельдшерлері мен акушерлерді патша екіметі тағайындап отырған. 1880 жылы Омбы қаласындағы фельдшерлік мектепті 5 қазақ жігіті бітіріп, фельдшер деген атақ алып шыққан еді.

Әміре Айтбакин деген қазақ жігіті 1894 жылы Томск қаласындағы медициналық оқу орнын бітіріп, тұңғыш қазақ дәрігері деген атақпен еліне оралады.

1917 жылы Қазақстан жерін мекендеген халықтың саны 5 миллион 600 мың адам болса, оларды емдеуге 244 дәрігер, 393 фельдшер мен ақушерлер, 98 аурухана қызмет еткен.

Денсаулық сақтау ісінің жаңаша дамуымен байланысты республикамызда өлгендердің саны азайып, өмірге келушілердің мөлшері арта бастады. Әрбір 1000 адамға шаққанда қосылып отырған адам мөлшері 1938 жылы- 16, 5% болса, 1940 жылы бұл көрсеткіш - 19, 5%-ке жетті. Қазақстан жерінің түкпір-түкпірінде тұратын халықтың денсаулығын жақсарту үшін дәрігерлер, ауруханалар көптеп керек болды. Сол себептен 1931 жылы Алматы қаласында медицина институты ашылды, 1940 жылы оны 535 дәрігер бітіріп шықты, оның 118-1 қазақ. Осы институттың қабырғасында 1935- 2940 жылдары 10 адам медицина ғылымының докторы, 19 адам медицина ғылымының қандидаты деген ғылыми атаққа ие болу үшін диссертациялар қорғады.

Соғыс жылдары республикамыздың медицина саласында ғылыми-зерттеу жұмыстары тоқтаған жоқ. Зерттеу жұмыстары жаралы жауынгерлердің, соғыс мүгедектерінің денсаулығын қалпына келтіру қамына қарай бағытталып отырды.

1963 жылы Алматы қаласында дәрігерлердің мамандығын жетілдіру институты ашылды.

Республикалық эксперименттік және клиникалық хирургия ғылыми-зерттеу инситутының ұйымдастырушысы болған да Александр Николаевич Сызғанов. Ол осы ғылыми мекемені басқара отырып, екі жүзден астам ғылыми еңбек жазды. Ғалымның ғылыми еңбегін тиісінше бағалаған Ғылым академиясы Александр Николаевич Сызғановты академияның құрметті академигі ғып сайлады. Академик Сызғановтың басқаруымен 18 хирург медицина ғылымының докторы, ал 80-і медицина ғылымының кандидаты

Қазақстанда медик ғалымдардың, дәрігерлердің және медициналық оқу орындары мен ғылыми-зерттеу ннетитуттарының қатары ғана өсіп қойған жоқ. Бұлармен бірге нешеме қилы күрделі зардаптарды емдеуге мүмкіндік беретін ғылымның жаңа салалары пайда болды, емдеу базасы нығайды. Қазақстандық медик ғалымдардың ашқан, тапқан жаңалығы қазір бүкіл елімізге, дүние жүзіне белгілі.

Соңғы жылдары неше түрлі микробтардың биологиялық мән-мағынасы өзгергендіктен, адам денесіне енген, сіңген микробтарға қарсы адам ағзасының иммундық жауабы да өзгерді. Осымен байланысты адам ағзасы мен микроб арасындағы қарым-қатынасты зерттеп, ағзаның иммундық күшін нығайту үшін клиникалық иммунология атты ғылымның бір саласы хирургияда кең өріс алып келеді десек, басқа салалармен бірге бұл салаға біздің ғалымдарымыздың сіңірген еңбегі зор.

Ал аудандық ауруханалардың хирургтері ауруға ұтлыраған, жаракаттанған адамдарды хирургиялық жолдармен емдеуге күні-түні дайын отырады да, сол кемекті керек кезінде жедел жүзеге асырады. Сонымен қатар жарық, асқазан немесе ұлтабарда кемістігі бар, я өт қабында тасы бар адамдарды ауруы асқынбай тұрған кезде операцияға салады.

Қалалық облыстық, республикалық ірі ауруханаларда аудандық ауруханалардағы көрсетілген кемекке қосымша арнайы мамандандырылған хирургиялық көмек көрсету белгіленген. Арнайы мамандар дегеніміз урология, онкология, травматология және ортопедия сияқты хирургиялық бөлімшелер және осы бөлімшелердің орналасуы, аспап, құрал-сайман, дәрі-дәрмегінің айырмашылығы және осы өзгешелікке байланысты неше түрлі операция жасау әдістері.

Жалпы хирургиялық білімі бар дәрігердің қысылшаң кезде ауру адамға жедел көмек көрсете алатыны баршамызға мәлім. Бірақ та кейбір хирургиялық аурулардың өзіне ғана тән ерекшелігі болады. Бұларды зерттеуде, диагноздарын дұрыс қойып, емдеуде, операция жасауда айырмашылықтар болатынын ескере отырып, ондай адамдар жиналған бөлімшелердің жұмысын ұйымдастыру, операцияларға қажет аспаптардың да өзгешелігіне назар аудару керек. Мәселен, ауру түріие қарай: қатерлі ісігі бар - онкологиялық бөлімше, нерв жүйесін операция жолымен қалыпқа келтіру үшін - нейрохирургиялық бөлімше, бала хирургиясының бөлімшесі, урологиялық бөлімше, ірің хирургиялық бөлімше, эндокринология, сүйек-буын, өкпе хирургиясы бөлімшелері, қан тамырлары, жүрек-өкпе бөлімшелері, көтен ішек аурулары бөлімшесі жұмыс істейді. Осындай бөлімшелерге ірі облыстық немесе қалалық және республикалық ауруханалар, ғылыми-зерттеу институттары ғана бөліне алады. Еске салатын және бұлжытпай орындайтын істің бірі - қандай да болсын ауруханада кем дегенде хирургиялық екі бөлімше болуы шарт. Бірінде - жатқан адамдар тек қана «таза» операциядан кейін орналастырылса, екіншісіне жарасында іріңі бар науқастар орналастырылады. Яғни жара «таза» операциядан кейін іріңдеген болса, ол адамды тез арада ірің-хирургиялық бөлімшеге ауыстыру қажет. Бұл бөлімшелердің өзара қарым-қатынасы болмағаны жөн.

Медицинада күнделікті пайдаланылатын әр алуан жаңа аспап, құрал-саймандарға да медицина ғылымының кәп қатысы бар. Бұл аспаптар ауруды айырып қана бермей, неше түрлі ем жүргізуге де мүмкіншілік туғыз-ды. Тарамыс оптиканың қасиеттеріне сүйене отырып, фиброгастроскоп (көмей, асқазан, ұлтабар), колоноскоп (көтен ішек, бүйен мен тоқ ішектің әрбір бөлімін), бронхоскоп арқылы ағзаның ішкі кұрылымын кәзбен көруге мүмкіншілік алды. Сонымен бірге радионуклейдтік және ультрадыбыстық сканнирлеу, компьютерлік томография, тепловизор арқылы аурудың түрін анықтап, ем жүргізуге жағдай бар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зәр шығару жүйесінің аурулары
Бұқаның жыныс бездері
ГИПОФИЗ АУРУЛАРЫ
Предукция мен жыныс мүшесінің механикалық зақымдануы
ТРИХОМОНОЗ
Аталық малдың жыныс мүшелері
Еркек малдарды зерттеу тәсілдерін (андрологиялық зерттеу) қарастыру
Отбасын жоспарлау мәселелері туралы кеңес берудің негізгі принциптері
Эмбрионалдық даму жолы және шығу тегі
Шап жарықтары және оны емдеу тәсілдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz