Орал тауы туралы мағлұмат



1 Географиялық орны
2 Жер бедері мен геологиялық құрылысы
3 Пайдалы қазбалары
4 Табиғат зоналары
5 Мұғалжар тауы
Қазақстанда Орал тауының оңтүстік бөлігі - Мұғалжар тауы орналасқан. Тау Жаманқаланың (Орск) тұсынан басталып, солтүстіктен оңтүстікке қарай созыла орналасқан, ұзындығы - 450 км, ені 30 км, орташа биіктігі 450-500 м. Ең биік нүктелері - Үлкен Боқтыбай (657 м), Айрық (633 м). Тау Орал тауының жалғасы болып табылады. Ол экзогенді процестер әсерімен мүжіліп, аласарған таулардың қатарына жатады.
Жер бедері мен геологиялық құрылысы
Мұғалжардың пайда болу жолы да, жер бедерінің құрылымы да Орал тауына ұқсас. Одан айырмашылығы шығыс беткейлері көлбеу, батыс беткейлері жарқабақты келеді. Тау батыс, шығыс болып екі жотаға бөлінеді. Оларды Біршоғыр ойысы бөліп жатыр. Мұғалжар - герцин қатпарлануында пайда болған палеозойлық таулы өлке. Олар, негізінен, магмалық, метаморфтанған және ішінара палеозой мен мезозойдың әр кезеңінде нығыздалған шөгінді жыныстардан тұрады. Мұндағы тау қатпарларының тегістелуі Сарыарқаға ұқсас. Оның жер бедерінің қалыптасуына да жыныстардың жас шағының құрамы мен эрозиялык, денудациялық процестер әсер еткен. Батыс Мұғалжар таудың бас жотасы саналады. Ол солтүстіктен оңтүстікке карай биіктей беретін тау тізбегі. Айрық пен Үлкен Боқтыбай тұсында едәуір биік көрінеді. Одан оңтүстікке карай біраз аласарады да, Жамантау тұсында Атжақсы өзенінің жоғарғы ағысында тік жар болып бітеді. Таудың бұл бөлігі порфирит, кварцит, девонның кристалды тақтатасы, әктас, карбон мен пермнің құмтастары сияқты жыныстардан түзілген. Батыс Мұғалжардың биік шыңдары осы жыныстардың ең қатты шөгінділерінен түзілген. Шығыс Мұғалжар батыс бөлігіне қарағанда тұтас көрінбейді, жеке-жеке аласа таулардан түрады. Және оңтүстікке ұзаған сайын аласарып, қырқа, жалдарға үласады. Бұл Сарыарқаға ұқсас толқынды кырат болып көрінеді. Ол кембрийге дейінгі кристалды тақтатастан, порфириттен, диабаздан, т.б. жанартаулы жыныстардан, силурдың метаморфтанған тақтатасынан түзілген.
1. Human Development Report 2010 – tables. United Nations (2010). Басты дереккөзінен мұрағатталған 2 ақпан 2012. Тексерілді, 25 сәуір 2011.
2. Қазіргі дүние географиясы: Хрестоматия. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған оқу құралы. / Қ. Ахметов, Т. Увалиев, Г. Түсіпбекова.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Орал тауы

Географиялық орны
Қазақстанда Орал тауының оңтүстік бөлігі - Мұғалжар тауы орналасқан. Тау
Жаманқаланың (Орск) тұсынан басталып, солтүстіктен оңтүстікке қарай созыла
орналасқан, ұзындығы - 450 км, ені 30 км, орташа биіктігі 450-500 м. Ең
биік нүктелері - Үлкен Боқтыбай (657 м), Айрық (633 м). Тау Орал тауының
жалғасы болып табылады. Ол экзогенді процестер әсерімен мүжіліп, аласарған
таулардың қатарына жатады.
Жер бедері мен геологиялық құрылысы
Мұғалжардың пайда болу жолы да, жер бедерінің құрылымы да Орал тауына
ұқсас. Одан айырмашылығы шығыс беткейлері көлбеу, батыс беткейлері
жарқабақты келеді. Тау батыс, шығыс болып екі жотаға бөлінеді. Оларды
Біршоғыр ойысы бөліп жатыр. Мұғалжар - герцин қатпарлануында пайда болған
палеозойлық таулы өлке. Олар, негізінен, магмалық, метаморфтанған және
ішінара палеозой мен мезозойдың әр кезеңінде нығыздалған шөгінді
жыныстардан тұрады. Мұндағы тау қатпарларының тегістелуі Сарыарқаға ұқсас.
Оның жер бедерінің қалыптасуына да жыныстардың жас шағының құрамы мен
эрозиялык, денудациялық процестер әсер еткен. Батыс Мұғалжар таудың бас
жотасы саналады. Ол солтүстіктен оңтүстікке карай биіктей беретін тау
тізбегі. Айрық пен Үлкен Боқтыбай тұсында едәуір биік көрінеді. Одан
оңтүстікке карай біраз аласарады да, Жамантау тұсында Атжақсы өзенінің
жоғарғы ағысында тік жар болып бітеді. Таудың бұл бөлігі порфирит, кварцит,
девонның кристалды тақтатасы, әктас, карбон мен пермнің құмтастары сияқты
жыныстардан түзілген. Батыс Мұғалжардың биік шыңдары осы жыныстардың ең
қатты шөгінділерінен түзілген. Шығыс Мұғалжар батыс бөлігіне қарағанда
тұтас көрінбейді, жеке-жеке аласа таулардан түрады. Және оңтүстікке ұзаған
сайын аласарып, қырқа, жалдарға үласады. Бұл Сарыарқаға ұқсас толқынды
кырат болып көрінеді. Ол кембрийге дейінгі кристалды тақтатастан,
порфириттен, диабаздан, т.б. жанартаулы жыныстардан, силурдың
метаморфтанған тақтатасынан түзілген.
Пайдалы қазбалары
Мұғалжар тауының қойнауы никель, кобальт, хромит, мыс, қара және сирек
металға бай. Кемпірсай өңірінде Хромиттау, Никельтау кен орындары ашылған.
Біршоғыр бойында көмір кені бар. Осы маңдағы бор дәуірінің аяғында пайда
болған мергельді әктас цемент өндірісіне пайдаланылады. Оңтүстік Мұғалжар
құмынан шыны жасалады.
Климаты
Климаты құрғақ, континенталды, өзімен іргелес Жазықтарға ұқсайды.
Дегенмен аласа болғанымен тау жүйесі ауа қозғалысын бөгеп, өз маңын 1°-2°С-
ка болса да салқындатып тұрады. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 300
мм. Жазы ыстық, кейде 38°С -қа дейін көтеріледі. Қысы боранды, аязды, кейде
-40°С-қа дейін төмендейді. Мұғалжар тауынан соғатын суық жел бар, кейде ол
дауылға ұласады.
Су қоры
Мұғалжар өңірінің климатының құрғақтылығына ондағы жер беті суларының
тапшылығы әсер етеді. Таудан бірқатар өзендер (Жем, Ырғыз, Ор, Тобыл,
Талды) ағып шығады. Бірақ олардың көбі су қорын қар суынан жинайды да,
жазда тез тартылып қалады. Керісінше, онда жер асты суының мол қоры
табылған. Қазір ауыз су есебінде де, шаруашылық үшін де жер асты суы
пайдаланылады.
Табиғат зоналары
Өсімдіктері мен жануарлары
Мұғалжардың батыс бөлігі боз, бетеге мен селеу өсетін қиыршық тасты, ашық
түсті қара қоңыр топырақты болып келеді. Суайрықтары мен ойыстарда құмайт
топырақ молдау. Онда негізінен селеу, көде, жусан өседі. Жер бедері күшті
тілімденген ойыстарда ақ және қара жусандар тобына жататын өсімдіктер
кездеседі. Сайлардың жоғарғы беткейлерінде қараған, тобылғы, жабайы шие мен
әр түрлі бұталар, өзен бойларында терек, қайың, емен, тал өседі.
Мұғалжардың ұсақ шоқылы құрғақ даласында қара қоңыр топырақ қалыптасқан.
Онда дала мен шөл зоналарына тән өсімдіктер жамылғысы қалыптасқан.
Сортаңданған қара қоңыр топырақ жамылғысында бетегелі, үлпілдек селеу,
көкпек шығады. Егер Мұғалжардың батыс беткейінің біраз бөлігі егіншілікке
пайдаланылса, шығыс бөлігі тек мал жайылымына ғана пайдаланылады.
Жануарлары да дала, шөлейт, шөл зоналарына тән аң-құстардан түрады. Дала
мен тау аңғарларын ақбөкен, жабайы шошқа, қоян, қарсақ, қасқыр, түлкі,
сарышұнақ, аламан мекендейді. Өзен-көлдерінде аққу, қаз, үйрек, қырда
безгелдек кездеседі.

Мұғалжар тауы
Мұғалжар Тауы– Оралдың оңтүстік жалғасы, Ақтөбе облысы аумағында
Солтүстіктен оңтүстікке қарай 400 км-ге созылып жатыр. Ені 200 км-дей.
Орташа биіктігі 300 м, ең биік жері – Үлкен Боқтыбай тауы (657 м).
Солтүстігінде жіңішке бұйрат түрінде басталып, әрі қарай бір-біріне жарыса
орналасқан екі қатар тізбекке бөлінеді. Олардың арасын беті сәл белесті
ойыс бөледі (ені 15 – 20 км). Жоталар кей жерлерде бір-бірімен төбелер
жүйесі арқылы жалғасады. Аралық өңірде девон мен тас көмір дәуірінің құмтас
пен әктас жыныстары таралған. Жоталар кембрийге дейінгі және палеозойлық
кварцит, кристалдық тақтатас, гнейс, гранит, т.б. жыныстардан құралған.
Батыс Мұғалжар, немесе Бас жота бір-бірімен тіркесіп, меридиан бағытында
созылатын жеке қырқалар тізбегін түзеді. Оңтүстік бөлігі биік және қатты
тілімденген. Шығыс Мұғалжар тауы аласа, төбесі тегіс шоқылар тізбегі
түрінде. Солүстік бөлігі айқын тау сипатында, оңтүстікке қарай бірте-бірте
аласара береді де маңайындағы жазықтан аз-ақ көтеріліп тұратын аласа төбеге
айналып кетеді. Мұғалжар тауы 48" с. е. маңында аяқталады, одан оңтүстікте
абс. биіктігі 250 м-ден аспайды. Мұғалжар тауы Ырғыз өзенінің салалары
арасындағы суайрықты құрайды. Солтүстікке қарай Ор өзені ағып шығады.
Климаты тым континентті, қысы суық, қар жамылғысы жұқа. Қаңтардың ортасында
температурасы –15 – 18"С. Жазы ыстық, құрғақ, шілденің орташа температурасы
21 – 25"С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 200 – 250 мм. Солтүстік бөлігінің
қиыршықты тастақ даласында боз, бетеге, сұлыбас өскен. Оңтүстікке қарай
астық тұқымдасты жусанды шөлейтке ауысады (бетеге, жусан, т.б.). Жыраларда
анда-санда қайың, көктерек, тал, мойыл кездеседі. Қатты тау жыныстары жер
бетіне шығып жататындықтан өңір егін егуге қолайсыз. Егіншілікке
пайдалануға жарамды жерлер тек аңғарларда ғана кездеседі. Жер асты суының
қоры мол. Мұғалжар тауы қойнауында мыс, никель, марганец, сирек
металдардың, фосфорит және тас көмірдің кен орындары барланған. Олардың
кейбіреулері (никель, фосфорит, т.б.) өндірілуде.
Географиясы, табиғаты және табиғи қоры
Мұғалжар ауданы облыстың оңтүстік-шығысында, Елек өзенінің бойында
орналасқан. Бұл территорияның солтүстік-батыс бөлігі Мұғалжар тауларынан
бастысқа қарай Орал маңы үстірті аумағында жоғары Елек өзенін және Елек-
Темір өзендері аралығын қамтиды. Және жазық бұйратты шоқылармен, көлденең
жатқан палеоген шөгінділерімен қосылып, Елек өзені алабы бағытында
эрозиялық денудациялық кертпештермен шектеледі. Бұл қазақ даласында көптеп
кездесетін ұсақ шоқылар секілді шөгінді және магмалық жыныстардан түзілген
ежелгі аласа таулы өлке. Мұғалжар тауының көтерілу процесі палеозойдың
аяғындағы герцин тау түзілісіне дәл келеді. Каледон мен герцин
қатпарларының әсерінен палеозой эрасының аяғында Қазақстан территориясының
едәуір бөлігі жер қыртысының қатты учаскесіне айналған. Мұғалжар герцин
(кейінгі палеозой) қатпарлы аймағына кіреді. Бұл өңірдегі атқыланған және
шөгінділерден палеозой жыныстары аңғарылады. Орал тауының оңтүстігінде
орналасқан және оның табиғи жалғасы болып табылатын Мұғалжар тауының Орал
тауынан айырмашылығы оның шығыс беткейі көлбеу де, батыс беткейі тік болып
келеді. Таудың орташа биіктігі – 450 м, ең биік нүктесі – Үлкен Боқтыбай.
Өзеннің қатты ағысының салдарынан тілімделіп кеткен көптеген жыралар мен
құрғақ өзекті Елек өзенінің және оның сан-салалы сағаларының басталар жері
саналатын бұл жота батыстан көз салғанда биік фестонды тау тізбегі болып
көрінеді. Ор-Елек су айрығы үстіртінен батыс бағытында жер бедерінің
абсолютті белгісі біртіндеп су айрығында 300-320 м, су алабында 250-280 м
дейін төмендейді. Рельефтің ең төменгі абсолютті белгісі (237 м) ауданның
солтүстік шекарасы – Елек өзені және оңтүстік батысы – Темір өзені
алаптарында аңғарылады. Территорияның солтүстік-шығыс бөлігі Ор-Елек су
айрығының шығыс баурайында бөктерлі жазық болып келеді. Ол және Ор өзенінің
сол жақ ағыстарының енді алқаптарымен терең ыдыратылған. Жазық шығысқа
қарай еңкейе түседі. Мұндағы ең жоғарғы биіктік батыс бөлігінде (430 м
дейін), ең төменгісі Ақсу өзені сағасында (289 м) байқалады. Рельеф
амплитудасы Мұғалжар маңы жазығында 141 м терең. Жер бедерінің ерекшелігіне
байланысты ауданның солтүстік-шығысы екіге бөлінеді: Мұғалжар тауларының
солтүстік шеті мен Мұғалжар маңы жазығы. Мұғалжар таулары аласа төбелі және
ұсақ шоқылы бөліктермен, кең арналы аңғар тәріздес тауаралық төмендеулермен
бөлінген. Оның ішінде Қаратау сілемінің ең жоғарғы нүктесі болып табылатын
солтүстік шыңы – Жамантаудың биіктігі – 560 м. Мұғалжар тауының бедерін
құраушы басқа шындарынан Аққырап (525 м), Суықбұлақтау (525 м), САндықтауды
(462 м) атауға болады. Ал ең төменгі абсолютті биіктік Ор өзенінің алабында
(274 м) байқалады. Мұнддағы рельеф амплитудасы 286 м тең.
Оңтүстік-шығыс бөлігіндегі аумақ Мұғалжар таулары шегінде орналасқан, жер
бедерінде тілімденген жыралар мен топтанған шоқылар меридианды түрде
созылып жатыр.
Оңтүстік-батыс бөлігінің аумағы аласа төбелі болып келеді, кішкентай өзен-
көлдер (дені тартылып бара жатқан) кесіп өтеді, алайда арнасы құрғақ
жылғалардан аққан жауын-шашын суларымен кескіленген жыралар мен шұңқырлар
көптеп кездеседі. Жыралар мен шұңқырлардың ені 15 м, тереңдігі 9 м дейін.
Төбешіктердің орташа биікті 40-60 м, баурайы 3-5 градус шамасында көлбеу,
шындары күмбез тәрізді. Төбелердің абсолютті биіктігі 240-250 м.
Қазақстандағы Каспий теңізі бассейніне жататын үлкендігі жөнінен екінші
өзен – Ембі өзені Мұғалжар тауының солтүстік-батысынан басталады. Ембі
өзенінің аңғары жайпақ, текжоғары ағысында ғана тік беткейлі болып келеді.
Төменіректе аңғары кеңейеді де, онда жазда кеуіп қалатын сорлар мен
сортандар көп болады. Өзен алқабы бойында кейде биіктігі 1-10 м жететін
жыралар да кездеседі.
Ембі өзенінің оң жақ жағасын Құмжарған және Көкжиде құм сілемдері ағып
жатыр. Мұндағы құм дөңестерінің биіктігі – 4-8 м, баурайы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұғалжар тауына физикалық – географиялық сипаттама
Н.А.Северцовтің Қазақстан табиғатын зерттеуі
ОРЫС-ҚАЗАҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ БАСТАЛУЫ. ҚАЗАҚ ЖЕРІ ТУРАЛЫ ГЕОГРАФИЯЛЫҢ ТАРИХИ ДЕРЕКТЕРДІҢ ЖИНАҢТАЛУЫ
Ауғанстандағы қазақтар туралы
Ордабасы кездесу және оның маңызы
“Қозы Көрпеш - Баян сұлу” лиро - эпостық жыры
Мұғалжар тауы
Жайық өзені: «табиғаты- халқы- шаруашылығы» мектеп жобасы
Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы халықтың қоныстану жүйесі
Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (1885-1865)
Пәндер