Үнді халқының киімі


ҮНДІ ХАЛҚЫНЫҢ КИІМІ
Үнді елі - Гималай тауының солтүстігінде орналасқан ежелгі мемлекеттердің бірі. Индия табиғаты өте әсем тропикалық аймақтардың бірі болып табылады. Бұл мемлекетге ешқашан қар жаумайды. Халықтар табиғаттың осындай қолайлығының нөтижесінде, ол басқа мемлекеттерден алдыңғы қатарда. Мұнда джуд өсімдігінің талшықтарынан қатты маталар, арқан жасалады. Сондай-ақ мақта өсіруден де жақсы нәтижеге жетті. Дүние жүзіндегі елдердің ішінде Үнді мемлекеті мақта өсіруден үшінші орында.
Табиғи және географиялық жағдайға байланысты мұнда түрлі мәдени дәстүрлер қалыптасқан. Солтүстік Индия халықтары қысқы салқын ауа райына байланысты жүн және тері аяқ киімдерді пайдаланады. Ал тропикалық аймақ тұрғындары көбіне жібек және мақта маталарын қолданды. Қазіргі уақытта Индияда бірнеше ондаған миллион халық (маратха, бенгальдықтар, тамил, меннага гуджараттықтар, нага, бхиддар және т. б. ) тұрады.
Әрбір халықтың дүниеге өзіндік көзқарасы мен өмір сұру ерекшеліктері байқалады. Мысалы: тамил халқының әйелдері сари, меннага халқының әйелдері бастарына тағатын қауырсынды диадемасы, үнді аралының тұрғындарының белшалғылары, Раджастхан штатындағы сәнді киім үлгілерінің барлығында да халықтың қанық, ашық, контрасты және сәндік әшекейлерге деген құштарлығын байқаймыз.
Үнді халқының киім пішіміне қарай екі түрге бөлуге болады. Қолжазбаларға қарағанда жаңа дәуірде үнді әйелдері мен ерлері денесіне тұтас маталарды шаршаулау арқылы аяқтарын бүркеп, костюм формасын шығарған. Біздің дәуіріміздің IV ғасырынан бастап әйелдер мен ерлер киімінде айырмашылықтар байқалады.
Үнді мемлекетівде ежелден бастап-ақ қолөнер жақсы дамыды, атап айтсақ: сурет, көзешілік, зергерлік өнерлері. Аталған барлық өнер түрлері дәуір өткен сайын өзінің бастапқы қалпынан әлдеқайда өзгеріп, айтарлықтай жетістіктерге жетіп отырды. Әсіресе көзешілік бейнелеу өнері жақсы дамыды. Бұл өнер түрлері бүгінгі күнде де дүние жүзі сауда аренасында жоғары бағаға ие. Киім үлгілеріне де бұл өнердің көп көмегі тиді.
Бейнелеу өнерінің киім үлгісіндегі орны ерекше байқалды. Ашық түсті маталарға гүл түсірді немесе жануарлардың суреттерін өте әсем бейнеледі, сонымен бірге бұл өрнектер өзіндік мағынаға да ие болды.
Біздің д. д. I ғасырда Орта Азияны шақ және кушан тайпаларының басып алуына байланысты Үнді халықтарында тігілген киім үлгісі пайда болады. Олар жамылғы мен енсіз штан, ұзын жеңді кейлек және қамзолдар, ал VIII ғасырдан бастап Үнді еліне мұсылмандар ене бастайды. Әсіресе елдің солтүстік бөлігіндегі халықтың мәдениетіне, тұрмыс салтына, киім үлгілеріне едәуір өзгерістер жасайды. Бұл процесс XVI ғасырға дейін созылып, елдегі екінші діни бағыттардың бірі болып саналады.
Алғашында киімнің қалыптасуына этикалық қағидалар әсер етсе, мұсылмандар келген соң киімнің қалыптасуына діни көзқарастар әсер етті. Мысалы, үндістер бұрынғысынша тігілмеген дхоти жөне сариді пайдаланса, ислам дінін қабылдағандары тігілген костюмдерді пайдаланды. Ерлер мен әйелдердің арасындағы көп тараған киімдердің бірі болып мақта матасынан жасалынған, сәнді, ұзын жеңді, еркін пішінді көйлек - күртеше саналды. Сондай-ақ ерлердің шалбары әйелдердің шалбарына ұқсас болды. Оны «шутхна» немесе «чуридара» (чури - білезік) деп аталды. Үнді еліне тері аяқ киімді мұсылмандар енгізді. Бірақ олардың аяқ киімдері өкшесіз, сіресіз тігілді.
Сұлулыққа құштарлығы
Үнді елі әйелдері көбінесе сәнді, әсем киінуге, өрі киім әзірлеуге арналған мата түрлерін бояуға ерекше көңіл бөлген. Олар әсіресе ашық түсті киім үлгілерін өзірлеуде ерекше жетістіктерге жетті. Әйелдері беттерін, қолдарын, тырнақтарын бояуға ерекше көңіл бөлсе, ерлер сақалдарын бояуды (ақ, жа-сыл, көк, күлгін түстерге) модаға айналдырған. Бояну барысында олар күлгін, көк түсті, ашық жасыл, ақ жасыл түске бояуды көбірек пайдаланды.
Б. д. д. II ғ. бастап Үнді елі мақта маталарын пайдалануда ерекше жетістіктерге жетті. А. Македонский заманында Үнді елі шеберлерінің тоқыған мата шеттеріндегі көк немесе қызыл-сары жолақты мата «ағынды су», «түнгі түман» деген сияқты мағына білдірді.
Үнді мемлекеті мата шығаруда ең алғаш рет қол жеткізген мемлекеттердің бірі болып саналады. 1290 жылы Венецуолалық саудагер Марко Пола өзінің естелігінде былай дейді: «Ин-дия мемлекеті - мата шығаруда ерекше көзге түскен елдердің бірі. Олар матаны бояуда, киім әзірлеуде, оны сәндеуге ерекше көңіл бөледі. Олардың киімінің түсіне қарап, байлығын, дәулетін ажыратуға болады. Киім киюге ерекше назар ауда-рылды. Олардың киім киюіне қарап барлығында король деп ойлап қалу ғажап емес».
Әйелдер костюмі
Әйелдер киімі де ерлер киімі тәрізді бірнеше киім түрлерінен тұрды. Әйелдер костюмі өзгерістерге ене отырып, уақыт өткен сайын олардың әсемдікке құштарлығы арта түскендігі байқалды. Үнді елі әйелдерінің киімі сари. Ол жаулық есебінде бас бөлігін тұтас жауып түрды, ерлер киіміндегі дхоти сияқты кеуде бөлігін айналдыра отырып бір иыққа дейін жететіндей етіп өзірледі. Сариді әзірлеу барысыңца оған түс беруге ерекше көңіл бөлген . Алғашында сариді біртүсті матадан дайындады, әдетте оның өлшемі 5, 5x1, 15 м етіп алынды. Ал Гуджарат штатында сариді 4 метрге дейін қысқартса, керісінше, Матхья-Прадеж штатында сари матасының ұзындығын 9 метрге дейін ұзартты, Махараштра штатында ол 10 метрге жеткізді. Себебі, бұл елдің әйелдері ат үстінде жүріп соғысқа қатысты. Бай әйелдер қымбат өрі ауыр паршадан немесе өте жеңіл өрі жүқа газ матасынан киім киді. Тұрмысы орта әйел гардеробында 80-100 сари болды. Дегенмен, екі бірдей бір-біріне ұқсас сари киген Үнді әйелдерін кездестіру қиын. Сонымен бірге саридің түсіне қарап, оның тұрмыс жағдайын білуге болады. Сариді жібек немесе мақта маталардан әзірледі. Олардың түстері жасыл, көгілдір, сары, көк болды. Сариге майда өрнектермен суреттер салды. Саримен бірге әйелдер киімінде холи кофтасы болды. Ол қысқа женді, арқасынан түйреліп қоятын кофта, ол айтарлықтай ұзын болмады. Холи киімі сари тәрізді ашық түсті маталардан әзірленеді. Үнді әйелдері өте әсемдікке құштар жандар болып саналады. Әсіресе олар үнемі бет өлпетін бояулармен бояп, әдемілікке талпынды. Олар шаштарына түрлі тастардан, гүлдерден әшекейлеуге ерекше көңіл бөлді.
Орта ғасырларда Үнді елі киіміне көптеген өзгерістер енді. Киімді алтын тастармен, қымбат, бағалы заттармен әшекейледі. XVII-XIX ғасырларда ашық түсті құс суреттерімен әшекейлеуге ерекше назар аударды. Оларды мехтан және тибет ешкілерінің түбітінен тоқыды. Құс суретін әзірлеумен бірге түрлі гүлдерді салып мата тоқу дәстүрге айналды.
Қалыңдықтың киімін қалыңдық денесіне салынған түрлі әшекей суреттері мен тағыншақтары толықтырьш тұрды. Қалыңдықтың маңдайына «тика» немесе «тилак», «менду», «потту» белгісін салды. Сондай-ақ қалыңдықтың қолы мен аяғын хнамен өрнектейді. Бұл күрделі символдық ою-өрнектер қызды түрлі нәрселерден сақтайды және бақыт әкеледі деп са-наған. Мұрындарына сақина тақты, солтүстік елді мекенінде бұл сырғаны мұрынның сол жағына тағып жүрді. Ал оңтүстіктегілер оны түрліше етіп тақты. Сондай-ақ үнді қалыңдығы қолына және аяғына білезіктер мен сақиналар, белдеріне белдіктер, мойындарына моншақтар тақты. Таққан алқаның өзі түрліше мөнге ие болды. Мысалы, мангус және тирумангальям тағыншақтарын тұрмысқа шыққан әйелдер тақты. Бұл тағыншақтарды ерекше қорғап, жанұяда бақыт әкеледі деп санаған. Сондықтан да үнді әйелі бұл тағыншақты тек өлгенде ғана шешкен. Сонымен қатар бүкіл дүние жүзі еддеріне мұнда жүқа шөлі, шалбар, газ жамылғысын алтынмен, күміспен кестеленген napma матасын шығарып отырды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz