«Балалардың жұқпалы ауруларына кіріспе. БШАИЖ»


1. Жұқпалы аурулардың ғылым түріндегі анықтамасы. Тарихи деректер.
2. Этологиясы.
3. Патогенезі.
4. Клиникалық сипаты.
5. Жіктелуі.
6. Эпидемиологиясы.
7. Диагностикасы.
8. Алдын.алу.
9. Емдеу принциптері.
Инфекция немесе инфекциялық процесс ретінде сыртқы орта жағдайында микро- жєне макроорганизмнің µзара єсерлесуін түсіну керек.
Алайда, микроорганизммен барлық кездесулер жұқпалы аурудың пайда болуымен аяқталмайды. Егер осындай, µзара єсерлесу нєтижесінде аурудың морфологиялық субстраты қалыптасатын микроорганизм функциясының бұзылуы болып, клиникалық симптомдары кµрінетін болса ғана жұқпалы ауру туралы айтуға болады. Ал инфекциялық процесс патологиялық субстрат қалыптасуына, аурудың клиникалық симптомдар кµрінісіне єкелмесе, жєне қанда арнайы антиденелер титрінің µсуі байқалмаса, бұл жағдайларда сау тасымалдаушылық туралы айту керек.
Инфекциялық процесстің µзіндік формасы инаппарантты инфекция болып табылады. Осындай форма кезінде микро жєне макроорганизмнің µзара єсерлесуінің клиникалық симптомдары болмайды, бірақта тропты мүшеде (немесе мүшелерде) тєн морфологиялық µзгерістер байқалады, ал қанда арнайы антиденелер жиналады.
Микро жєне макроорганизмніңµзара єсерлесуінің нєтижесі персистентті инфекция бола алады. Бұл µз мағынасы бойынша қатерсіз ағымдағы созылмалы жұқпалы ауру. Инфекцияның бұндай формасы жиі вирусты гепатит В, ұшықтық инфекция, цитомегалия, іш сүзегі жєне т.б. кезінде кездеседі. Қызылша вирусының персистенуін оқу µзекті мєселе болып табылады.
Персистентті инфекция, єдетте, клеткалық жєне гуморальдық иммунитеті депрессиялық жағдайдағы балаларда қалыптасады жєне вирус пен бактериялардың L-формасы типі бойынша микроорганизмдердің ақаулы бµлшектерінің репродукциясымен байланысты болу мүмкін.
1. Дифференциальная диагностика инфекционных болезней. А.П.Казанцев, Т.М.Зубик, К.С.Иванов, В.А.Казанцев.- Москва.-1999г.- 481с.
2. Избранные лекции по курсу детских инфекций. С.С.Лебензон.- Новосибирск.-1992г.- 178с.
3. Интенсивная терапия в педиатрии. – Практическое руководство под редакцией В.А.Михельсона Москва 2003г. – 550с.
4. Инфекционные болезни у детей. Н.И.Нисевич, В.Ф.Учайкин.- «Медицина» 1990,
622 с.
5. Практика инфекционниста. В.С.Васильев, В.И.Комар, В.М.Цыркунов- изд.2-ое, стереотипное.- Минск «Вышэйшая школа».-1994г.- 495с.
6. Руководство по инфекционным болезням у детей / Под редакцией профессора Е.А.Огай.- Алматы 2000г.
7. Справочник семейного врача. Под. ред. Н.Р.Палеева, О.И.Сергеева. М.: Эксмо, 2008 г. – 672 с. – (Новейший медицинский справочник).
8. Тимченко В.Н. Инфекционные болезни у детей. – СПб.: СпецЛит, 2008. – 607 с.
9. Учайкин В.Ф. Руководство по инфекционным болезням у детей. М: Москва. 2004, 824 с.
10. Учайкин В.Ф.Руководство по инфекционным болезням у детей. – Москва 2002г. – 808с.
11. Учайкин В.Ф.. Вакцинопрофилактика детских инфекций: итоги ХХ века, ожидаемые результаты и проблемы XXI века// Российский педиатрический журнал.- 1999г.-№ 2.- С.50-54.
12. Ющук Н.Д., Венгерова Ю.Я. Инфекционные болезни: национальное руководство. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2009. – 1056 с.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Көлемі: 14 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 400 теңге
Таңдаулыға:   
Тегін:  Антиплагиат




Ф КГМА 43-0402
ИП № 6 УМС при КазГМА от
14 июня 2007 г.

Қарағанды мемлекеттік медициналық университет

Балалар жұқпалы аурулары кафедрасы

ДӘРІС

Тақырыбы: Балалардың жұқпалы ауруларына кіріспе. БШАИЖ

Пән: балалар аурулары

Мамандығы: 051301, Жалпы медицина

Курсы: IV

Уақыты (ұзақтығы): 2 сағат (100 мин)

Қарағанды 2011 ж.

Кафедра отырысында бекітілген

___31__ ____08_______ 2011 ж. Хаттама № 1

Балалар жұқпалы аурулары
кафедрасының меңгерушісі,
м.ғ.д., профессор
Р.Х. Бегайдарова

• Тақырыбы: Балалардың жұқпалы ауруларына кіріспе. БШАИЖ
• Мақсаты: студенттерде этиология, эпидемиология, мектепке дейінгі
мекемелерде және ауруханаларда алдын-алу шараларын жүргізу,
балалар тұрғындары арасында жұқпалы сырқаттылықты төмендету
мақсатындағы вакцинді алдын-алу сияқты бөлімдерге қатысты балалар
инфектологиясының жалпы сұрақтары бойынша білгірлік пен
іскерлікті қалыптастыру.
• Дәріс жоспары
1. Жұқпалы аурулардың ғылым түріндегі анықтамасы. Тарихи деректер.

2. Этологиясы.
3. Патогенезі.
4. Клиникалық сипаты.
5. Жіктелуі.
6. Эпидемиологиясы.
7. Диагностикасы.
8. Алдын-алу.
9. Емдеу принциптері.

• Дәрістің тезистері

Жұқпалы аурулар ежелгі заманнан белгілі. Қайтымды сүзек, дизентерия,
сіреспе, тілме, сібір тинемесі, эпидемиялық паротит, вирусты гепатит және
т.б. клиникалық сипаттамасын Гиппократтың (біз.дәуір. дейінгі 469-377 ж.ж.)
еңбектерінен табуға болады. Оба, полиомиелит, безгекті – ежелгі грек
папирустарынан (б.д.д. 2-4 ғ.), нағыз шешекті – көне қытай қолжазбаларынан
( б.д.д. 12 ғ.) табуға болады. Алғаш рет жұқпалы ауруларды ерекше
миазмалармен - ауаның улы буларымен – байланыстырған. Алайда, 16 ғасырдың
ортасында қатынас туралы ілім туындады, онда жұқпалы аурулардың себебі
тірі заттар – контагийлер деп саналған.
Аудиторияға сұрақ?
Инфекционды процесс деп нені ұғасыз?
Инфекция немесе инфекциялық процесс ретінде сыртқы орта жағдайында
микро- жєне макроорганизмнің µзара єсерлесуін түсіну керек.
Алайда, микроорганизммен барлық кездесулер жұқпалы аурудың пайда
болуымен аяқталмайды. Егер осындай, µзара єсерлесу нєтижесінде аурудың
морфологиялық субстраты қалыптасатын микроорганизм функциясының бұзылуы
болып, клиникалық симптомдары кµрінетін болса ғана жұқпалы ауру туралы
айтуға болады. Ал инфекциялық процесс патологиялық субстрат қалыптасуына,
аурудың клиникалық симптомдар кµрінісіне єкелмесе, жєне қанда арнайы
антиденелер титрінің µсуі байқалмаса, бұл жағдайларда сау тасымалдаушылық
туралы айту керек.
Инфекциялық процесстің µзіндік формасы инаппарантты инфекция болып
табылады. Осындай форма кезінде микро жєне макроорганизмнің µзара
єсерлесуінің клиникалық симптомдары болмайды, бірақта тропты мүшеде
(немесе мүшелерде) тєн морфологиялық µзгерістер байқалады, ал қанда арнайы
антиденелер жиналады.
Микро жєне макроорганизмніңµзара єсерлесуінің нєтижесі персистентті
инфекция бола алады. Бұл µз мағынасы бойынша қатерсіз ағымдағы созылмалы
жұқпалы ауру. Инфекцияның бұндай формасы жиі вирусты гепатит В, ұшықтық
инфекция, цитомегалия, іш сүзегі жєне т.б. кезінде кездеседі. Қызылша
вирусының персистенуін оқу µзекті мєселе болып табылады.
Персистентті инфекция, єдетте, клеткалық жєне гуморальдық иммунитеті
депрессиялық жағдайдағы балаларда қалыптасады жєне вирус пен бактериялардың
L-формасы типі бойынша микроорганизмдердің ақаулы бµлшектерінің
репродукциясымен байланысты болу мүмкін.

Аудиторияға сұрақ?
Бактерия мен вирустардың L-формалары дегеніміз не?
Бұл экзогенді факторлардың әсерінен мутирленген, әртүрлі химиялық,
физикалық факторларға төтенше тұрақтылық көрсететін микроәлемнің кәдімгі
өкілдері.
Патогенді микрорганизмдердің L-формасына ауысу диссоциация процессі
организмнің қорғаныштық иммунокомпетентті жүйелер єсерімен жєне дєрілік
заттардың, єсіресе антибиотиктердің єсерімен жүзеге асырылады. Бұл кезде
морфологиялық, биологиялық, антигендік жєне патогендік қасиеттері терең
µзгеріске ұшыраған типті емес штамдар пайда болады. Алайда, қолайлы
жағдайлар кезінде олардың қасиеттері қалпына келіп, эпидемиялық процесте
рµлі күшеюі мүмкін.
Микро жєне макроорганизмнің µзара єсерлесуінің принципиалді µзгеше
түрі баяу инфекция болып табылады, оған мүшелердің ауыр зақымдалуымен
жүретін аурудың біртіндеп (көптеген жылдар бойында) үдеуі жєне жиі қолайсыз
аяқталу тєн.
Инфекциялық процесс сапрофиттеуші симбиотты флораның белсенуі
нєтижесінде (эндогенді инфекция, немесе аутоинфекция) болу мүмкін, бұл
єдетте, антибактериальді жєне цитостатикалық дєрілермен ұзақ емделген,
алдыңғы аурумен єлсізденген балаларда байқалады. Ерте жастағы балаларда
аутоинфекция ретінде кандидоздар, стафилококкты, протейлі, кµкіріңді,
клебсиелезді инфекциялар µтеді. Демек, инфекциялық прцесс, инфекциялық
ауру, инфекция түсініктерін біріктіруге болмайды, себебі инфекциялық
ауру инфекциялық процесстің бір формасы ғана болып табылады.
Қандайда болмасын жұқпалы ауру қоздырғыштың енуінен басталады.
Қоздырғыштық сапалық сипаты да едәуір маңызға ие.
Аудиторияға сұрақ?
Микроорганизмдердің қандай негізгі қасиеттері сіздерге белгілі?
Микроорганизмдер патогенділік, вируленттілік, инвазивтілік және
токсигенділік сияқты қасиеттерге ие.
Патогенділік – микроорганизмнің ауру шақыруының патенциалды қасиеті.
Ол айқын спецификалығымен сипатталады, яғни бір түрлі микроб жєне вирустың
белгілі бір клиникалық жєне морфологиялық µзгерістер шақыру қасиеті.
Вируленттілік – патогенділік дєрежесі. Клиникалық жағдайда микробтың
вируленттілігі туралы, олармен шақырылған аурудың ауырлығымен аяқталуы
бойынша, ал лабораторлықта – 50% жұқтарылған экспериментальді жануарларды
инфекциялық процесс немесе олардың µлімін шақыратын мµлшер кµлемі бойынша
бағаланады.
Инвазивтілік немесе агрессивтілік – қоздырғыштың тері, шырышты
қабаттары арқылы мүшелер мен клеткалар ішіне ену қабілеті. Микробтардың
осындай қасиеттерін єр түрлі фермент құру қабілеті қамтамасыз етеді
(гиалуронидаза, фибринолизин, коллогеназа, нейроминидаза,
дезоксирибонуклеаза жєне т.б.), оның кµмегімен қоздырғыш табиғи тосқауылдан
оңай µтіп, макроорганизмнің иммунокомпетентті жүйесінің үздіксіз єсері
жағдайында µзінің тіршілік қабілетін сақтауды қамтамасыз етеді.
Токсигенділік – микроорганизмдер токсикалық заттар бµлу қабілеті.
Олардың арасынан экзо- жєне эндотоксиндерді ажыратады.
Экзотоксиндер – сыртқы ортаға шығарылатын микробтың метоболизм
µнімдері. Экзотоксиндер белоктық заттар болып табылады. Негізінен Гр+
микробтармен µндіріледі. Экзотоксин єсері жоғары спецификалық, ол белгілі
бір мүшеге немесе тіндерге тропты болады, нєтижесінде бұл ауруға тєн
клиникалық кµріністі негіздейді. Экзотоксиндер - клеткадағы қышқылдану
процесiн бұзады, олар некротикалық, гемолитикалық жєне т.б. єсерге ие. Олар
жоғары температура єсерiне µте сезiмтал. Белгiлi бiр жағдайларда мысалы
формалинмен µңдегенде экзотоксиндер токсикалық қасиетiн жоғалту мүмкiн,
бiрақ организмге антидене µңдiруге кiрiскенде антигендiк қасиетiн сақтайды.
Бұндай залалсызданған токсиндер препараты анатоксиндер деп аталады. Олар
иммунизация кезiнде кең қолданылады.
Эндотоксиндер микроб клеткасымен тығыз байланысқан жєне ол бұзылған
кезде ғана шығады. Химиялық құрылысы бойынша ол күрделi кµмiрсу-липидтi-
полипептид кешенi болып табылады. Эндотоксиндер термостабильдi. Негiзiнен
Гр- бактериялармен түзіледі. Экзотоксиндермен салыстырғанда, улылығы аз.
Олардың организмге єсерi қатаң спецификалығымен ерекшеленбейдi жєне көбіне
дене қызуының жоғарлауымен, єлсiздiкпен, ентiгуiмен жєне диареямен
кµрiнедi.

Патогенезi

Жұқпалы ауру пайда болу үшiн қоздырғыш патогендiлiкке, вируленттiлiкке,
инвазивтiлiкке жєне т.б. ие болу қажет, организмге инфекцияның кiру қақпасы
арқылы ену қасиетi болу керек. Әр қоздырғышқа кiру қақпа орны қатаң
тұрақты. Кейбiр микроорганизмдер үшiн жоғарғы тыныс алу жолдарының шырышты
қабаттары (ЖРВИ, қызылша, скарлатина, кезiнде), басқаларына – АIЖ
(шигеллёз, iш сүзегi, тырсқақ кезiнде), үшiншiсiне – терi жамылғысы
(безгек, бµртпе сүзегi кезiнде) кiру қақпасы болып табылады. Кейбiр
микроорганизмдер организмге терi арқылы, жоғарғы тыныс жолдарының шырышты
қабаттары немесе асқазан-iшек жолы арқылы да ене алады (стрептококк,
стафилакокк, дифтерия таяқшасы). Қоздырғыштың ену орнында қабыну ошағы
қалыптасады. Ал қан жұқпалы ауруы деп аталатындарда, кiру қақпасында
қоздырғышы кµбеймейдi, ол тiкелей қанға түсiп, гемотогендi жолмен орналасуы
сүйiктi мүшелеріне жетедi.
Жұқпалы аурулардың клиникалық сипаты.
Жедел жұқпалы аурулардың ажырату белгiсi: инкубациялық, продром (алдын-ала
бiлдiрушi), қызу, басылу және реконвалесценция кезеңдерiнiң циклды
ағымдарының алмасуы болып табылады.
Аудиторияға сұрақ?
Жұқпалы аурулардың ағымында қандай кезеңдерді ажыратуға болады?
Инкубациялық кезең қоздырғыштың енуiнен бастап аурудың бiрiншi
клиникалық симптомдары байқалғанға дейiн есептелiнедi. Оның ұзақтығы әр
түрлi жұқпалы ауруларда єр қилы болады – бiрнеше сағаттан бiрнеше айларға
дейiн.
Продромальдi кезең немесе алдын-ала бiлдiрушi кезеңi кµбiне
анықталмаған аурудың алғашқы белгiлерiнiң кµрiнуiмен сипатталады (қалтырау,
дене қызуының жоғарлауы, жалпы селқостық, бас ауру жєне т.б.).
Қызу кезеңi немесе аурудың даму кезеңi, аурудың жалпы симптомдарының
максимальдi айқындылығымен жєне сол жұқпалы ауруға типті, белгiлердiң пайда
болуымен байқалады.
Реконвалеценция кезеңiнде барлық клиникалық симптомдар бiртiндеп
жоғалып, зақымдалған мүшелердiң функциясы мен құрылымы қалыптасады.
Жiктелуi.
Аудиторияға сұрақ?
Балалар жұқпалы ауруларының жалпыға бірдей клиникалық жіктеуінің
авторы кім болып табылады?
Балалар тєжірибесінде клиникалық мақсатта жұқпалы ауруларды типі,
ауырлығы жєне ағымы (А.А.Колтыпин) бойынша бµлу қабылданған. Бұл принципті
қандайда болмасын жұқпалы ауруға қатысты қолдануға болады.

Тип мағынасында берілген нозологиялық формаға тєн айқын белгілерді
түсіну қажет. Типтіге сонымен қатар берілген ауруға тєн жетекші симптомдар
мен синдромдары бар клиникалық формалар да жатады. Мысалы, шигеллез
кезіндегі колиттік синдром, скарлатина кезіндегі нүктелі бµртпе жєне баспа,
вирусты гепатит кезіндегі сарғаю жєне т.с.с.
Атиптілерге аурудың жетекші симптомдары түсіп қалатын клиникалық
формалар жатады. Атипті формалар арасында µшірілген жєне инаппарантты
(субклиникалық формалары) формалар жиі кездеседі. Агравирленген
симптомдармен µтетін (гипертоксикалық жєне геморрагиялық формалар)
ауруларды атипті деп санайды.
Өшірілген клиникалық формалары кезінде симптомдар айқындылығы аз жєне
тез µтеді. Инаппарантты формалар клиникалық симтомдарсыз µтеді. Олар
әдетте, жұқпалы аурулар ошағында лабораторлық зерттеу єдісі кµмегімен
диагнозделеді (сероконверсия).
Инфекциялық процестің µзіндік формасы тасымалдаушылық болып табылады,
онда организмде ауру қоздырғышы болғанмен, тек қана клиникалық симптомдар
емес, сонымен қатар иммунды ығысулар да болмайды.
Клиникалық кµріністердің ауырлығы бойынша жұқпалы аурулардың типті
нұсқалары жеңіл, орташа жєне ауыр деп бµлінеді. Ауырлықты аурудың шыңында,
бірақ, берілген жұқпалы ауруға тєн барлық клиникалық симптомдардың
максимальді кµрінісінен ерте емес кезінде бағалау қажет. Бұл кезде жалпы
жєне жергілікті симптомдардың айқындылығы ескеріледі. Инфекциялық
аурулардың ауырлығын бағалау үшін, жалпы симптомдар арасында температуралық
реакцияның айқындылығы, ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Жұқпалы аурулар
Астық тұқымдастардың тат ауруларына тұрақты гендері
Инфекция және жұқпалы ауру
Қызылша – жұқпалы ауру
Жұқпалы аурулар «СПИД»
Бауырдың жұқпалы қабынуы
Листериоз, лептоспироз, шошқа тілмесі ауруларына қолданылатын биопрепараттар
Қойдың жұқпалы энтеротоксемиясы
Қой мен ешкілердің жұқпалы агалактиясы
Үй жануарларының жұқпалы аурулары
Пәндер
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь