Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесі


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі.
Курстық жұмыс.
Тақырыбы : Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесі.
Жоспар:
Кіріспе.
1 бөлім. Қазақстан Республикасында зейнетақамен қамсыздандыру туралы.
1. 1. Орталықтан зейнетақымен қамсыздандыру.
1. 2. Жинақтаушы зенетақы қорларынан және сақтандыру ұйымдарынан зейнетақымен қамту.
1. 3. Жинақтаушы зейнетақы қорларын ұйымдастыру.
2 бөлім. «Қазақстан Халық Банкінің» жинақтаушы зейнетақы қорының ұйымдық- экономикалықс сипаттамасы.
2. 1. «Қазақстан Халық Банкінің ЖЗҚ-ның құрылуы. »
2. 2. «Қазақстан Халық Банкінің ЖЗҚ-ның ұйымдық-экономикалық құрылымы. »
2. 3. «Қазақстан Халық Банкінің ЖЗҚ-ның жылдық есептік көрсеткіші».
3 бөлім. Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесінің құрылуы және дамуы.
3. 1. Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесінің құрылуы.
3. 2. Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесінің дамуы.
Қоррытынды.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе .
Мен осы жазған курстық жұмысымның тақырыбы « Қазақстан
Республикасының зейнетақы жүйесі», бұл тақырыпты таңдау себебім зейнетақы жүйесін тек заңи тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар ЖЗҚ-ның қызметі олардың түрлері, қай зейнетақы қорына салымдарды орналастыру тиімді және болашақта бұлмәліметтер жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы өрісімді, көзқарасымды кеңейтті деп есептеймін.
Курстық жұмыстың басты мақсаты- Қазақстан республикасындағы зейнетақы жүйенің дамуы мен оның құрылуын талдау болып табылады.
Курстық жұмысты жазу барысында мынадай мәселерді ашуды көздеймін.
- Зейнетақы жүйенің заңнамалық негізін қарастыру. Зейнетақына алі мерзімдері оның түрлері мен көлемі жинақтаушы зейнетақы қорларының іс қызметуі туралы мәліметтерді қарастыру.
- Қазақстанның Халық Банкінің ЖЗҚ-ның зейнетақы жүйесіндегі орны, оның іс-қызметі, жетістіктері мен кемшіліктері және болашақтағы мақсаттарын көрсету.
- Қазақсатн Республикасының Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің дамуы және оның болашақ перспективасы жөнінде мәселерді қарастыру .
Жалпы курстық жұмысымның маңыздылығы бұл - ҚР-ның жинақтаушы зейнетақы жүйесін тек теориялық тұрғыдан ғана қарастырып қоймай, онда кесте, сызба-нұсқа, салыстырмалы көрсеткіштер, диаграммалар қолдану болып табылады.
1 бөлім. Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамту туралы.
1. 1. Орталықтан зейнетақымен қамсыздандыру.
Орталықтан зейнетақы төлемдерін алу құқығы бар азаматтар:
- 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін зейнетақы алатындары.
- Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар, арнайы тақтар берілген адамдар.
- Жинақтаушы зейнетаы қорларында жинақталған зейнетақы қаражаты жоқ зейнетақы төлемдерін алушы қайтыс болған жағдайда оның отбасына не оны жерлеген адамға жерлеуге арналған бір жолғы төлем Орталықтан он бес еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленеді.
- Ұлы Отан соғысының қатысушысы немесе мүгедегі болған зейнетақы төлемдерін алушы қайтыс болған жағдайда оның отбасына не оны жерлеген адамға немесе заңды тұлғаға отыз бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде жерлеуге арналған бір жолғы төлем төленеді.
Орталықтан зейнетақы төлемдері өмір бойына тағайындалады және төленіп отырады.
Міндетті зейнетақы жарналарын төлеу .
Міндетті зейнетақы жарналарының салымшыларыжинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын заңмен белгіленген ставкалар бойынша төлеуге тиіс. Міндетті зейнетақы жаналарының салымшысы міндетті зейнетақы жарналарын төлеу үшін бір ғана жинақтаушы зейнетақы қорын таңдап алуға және онымен қатар міндетті зейнетақы жарналары есебенен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасуға міндетті.
Міндетті зейнетақы жарналары ҚР-ның ұлттық валютасымен төлннеді. Міндетті зейнетақы жарналарын толық уақытылы төленуін салық органдары жүзеге асырады.
Міндетті зейнетақы жарналарының ставкасы.
ЖЗҚ-на төленуге тиістіміндетті зейнетақы жарналары қызметкердің ай сайынғы табысының он проценті мөлшерінде белгіленеді. Бұл ретте міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үщін алынатын ай сайынғы кіріс ең төменгі айлық жалақының жетпіс бес еселенген мөлшерінен аспауы тиіс.
Мідетті зейнетақы жарналарын есептеудің, аударудың тәртібі мен мерзімдерін ҚР-ның Үкіметі белгілейді.
Ерікті зейнетақы жарналарының ставкалары.
Салымшы жеке жианқтаушы қорына ерікті зейнетақы жарналарын олармен ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жағдайда өз пайдасына өз табысы есеьенінен енгізеді. Ерікті зейнетақы жарналарының ставкасы оларды төлеу тәртібі сондай ақ зейнетақы төлемдерін төлеу тәртібі ерікті зейнетақы жарналары есебенен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт тараптарының келісімі бойынша белгіленеді.
Ерікті кәсіпқой зейнетақы жарналарының ставкасы.
Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуді кәсіптерінің тізбесін ҚР-сы Үкіметі белгілейтін қызметкердің пайдасына салымшылар өз қаражаты есебінен жүзеге асырады.
Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарының ставкасы ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт тараптарының келісімі бойынша белгіленеді, бірақ ол қызметттердің ай сайынғы табысының 10 пайызынан жоғары болмауы керек. Жинақтаушы зейнетақы қорларынана зейнетақы төлемдері жеке зейнетақы шоттарында жинақталған зейнетақы қаражаттары бар алушыларға оның жеке куәлігі болған жағдайда төленеді.
Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш беру тәртібі:
- Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы арыз зейнетақы төлемдерін есептеу үшін қажетті стажы мен табысын растайтын құжаттармен қоса азаматтың тұрғылықты жері бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындаушы органға бнріледі.
- Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындауды зейнетақы төлемдерін тағайындаушы орган зейнетақы тағайындаушы орган ҚР-ның заңдарында белгіленген тәртәппен жүргізеді.
- Зейнетақы төлемдерін тағайындаушы орган зейненақы тағайындау мәселелері бойынша түсіндірме беруге және азаматтардың тиісті құжаттарды ресімделуіне көмек көрсетуге міндетті.
1. 2. «Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақымен қамсыздандару».
Жинақтаушы зейнетақы қорларынан жинақталған зейнетақы қаражатын төлеу .
Жинақтаушы зейнетақы қорларынана зейнетақы төлемдері жеке зейнетақы шоттарында жинақталған зейнетақы қаражаттары бар алушыларға оның жеке куәлігі болған жағдайда төленеді.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері .
Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері, зейнетақы жарналары, инвестициялық кіріс, өсімпұл және ЖЗҚ- ның комиссиялық сыйақыларын шегеріп тастағандағы заалдарды өтеу ретінде түскен қарапжаты есебіне қалыптасады.
Салымшының, алушының ЖЗҚ-ның, кастодиан банктің және зейнетақы активтеріе инвестициялық басқаруды ұйымдастыратын ұйымдардың қарыздары бойынша зейнетақы активтері осы аталған субъектілер трартылғанда және немесе банкроттқа ұшырағанда өндіріліп алуға жатпайды.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері тек мына мақсаттарға ғана жұмсалуы мүмкін:
- Тізбесін уәкілетті орган белгілейтін қаржы құралдарына орналастыру.
- Зейнетақы төлемдерін ҚР-ның заңдарына сәйкес жүзеге асыруға.
- Зейнетақы жинақьарын басқа ЖЗҚ-на не зейнетақы аннуитеті бойынша ҚР-ның заңдарында көзделген тәртіппен сақтандру ұйымдарына аударуға құқылы
- Қате есептелген зейнетақы жарналарын және өзге де қате есептелген ақшаны қайтаруға
- ҚР- ның заңдарына сәйкес зейнетақы төлемдерін төлеулі және жинақталған қаражаттарды аударуды жүзеге асыруға байланысты шығыстарды өтеуге.
Зейнетақы активтерін банк-кастодианда сақтау және есепке алу тәртібі.
ЖЗҚ-ның зейнетақы активтері кастодиан- банктерде катодиандық шартқа сәйкес сақталады және ескеріліді.
Кастодиандық шарт кастодиан банк, ЖЗҚ және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаріды жүзеге асыратын ұйым арасында жасалады.
Үлгілік кастодиандық шарттыың нысанын уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.
Кастодиан банк ЖЗҚ- ның зейнетақы активтеріннің нысаналы орналастырылуын бақылауды жүзеге асырады және олар ҚР-ның заңдарына сәйкес келмеген жағдайда .
Міндетті зейнетақы жарналарының салымшыларының, жинақтаушы зейнетақы қорларының алушылары мен агеттердің құқықтары мен міндеттері.
- Міндетті зейнетақы жарналарының салымшылары мен жинақтаушы зейнетақы қорларының алушыларының:
- Міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасау үшін жинақтаушы зейнетақы қорын таңдауға.
- ЖЗҚ-ның құрылтайшылары, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырытын ұйым мен кастодиан-банк туралы уәкілетті орган анықтайтын мәлімет алуға.
- Жинақталған зейнетақы қаражаттарының жай-күйі туралы ақпарат алуға.
- ЖЗҚ-ның іс-әрекетіне сот тәртібімен шағым жасауға.
- Өзінің жинақталған зейнетақы қаражаттарын бір ЖЗҚ-нан екіншісіне бірақ жылына екі реттен асырмай, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппенаударуға.
- Жинақталған зейнетақы жинақтарын ЖЗҚ-нан сақтандыру ұйымына аударуға.
- Міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсызданыру туралы шартқа және қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
2. Агенттердің қызметкерден міндетті зейнетақы жарналары себінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың көшірмесін талап етуге құқығы бар.
3. Міндетті зейнетақы жарналарының салымшылары мен ЖЗҚ-нана зейнетақы төқлемдерін алушылар:
- ҚР-ның зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарына сәйкес бір мезгілде міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы бір шарттың ғана тарабы болуға тиіс және тек қана бір ЖЗҚ-да міндетті зейнетақы жарналары есебінен жинақталған зейнетақы қаражатының болуы.
- ЖЗҚ-на ЖЗҚ-ның міндеттемелерін орындауға ықпал жасайтын барлық өзгерістер туралы осындай өзгерістер болған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде хабарлауға.
- ҚР-ның зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарына және зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт талаптарына сәйкес өзгеде міндеттемелерді орындауға.
4. Агенттер жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын ҚР-ның Үкіметі белгілеген мерзім мен тәртіп бойынша уақытылы есептеуге, ұстауға және төлеуге міндетті.
Сақтандыру ұйымдарынан зейнетақымен қамсыздандыру.
Зейнетақы аннуитеті шартын жасау.
Зейнетақы аннуиетінің үлгі шартын уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.
Зейнетақы аннуитеті шарты сақтанушы мен сақтандыру ұйымы арасында шарт тараптарының келісімінен белгіленген мерзімге жасалады.
Зейнетақы аннуитеті шарты алушының жазбаша өтініші негізінде жасалады.
Зейнетақы аннуитеті шартын жасақан адамның оны жасақан күннен бастап екі жыл ішінде бұзуға құқығы жоқ.
Зейнетақы аннуитеті шарты тараптарының құқықтары мен міндеттері.
1. Сақтанушының:
- Сақтандыру ұйымы жүргізген сақтандыру төлемдері мөлшерінің есеп-қисапымен танысуға;
- Сақтандыру ұйымынан төленетін сақтандыру төлемдері мөлшерінің есеп-қисабын жүргізу үшін тәуелсіз срапшылар тартуға;
- Сақтандыру полисі жоғалған жағдайда оның дубликатын алуға құқығы бар.
2. Сақтанушы:
- зейнетақы аннуитеті шартын жасақан күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы шарттың түпнұсқасын табыс ете отырып, жинақтаушы зейнетақы қорын хабардар етуге.
- Басқа сақтандыру ұйымымен басқа жаңа зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан кезде оны жасасқан күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде, бұрынғы сақтандыру ұйымына жаңа шарттың түпнұсқасын табыс ете отырып, бұрын жасақан зейнетақы аннуиеті шарты бойынша міндеттемелерді орындаудан біржақты тәртіппен бас тартуға міндетті.
Сақтандыру ұйымы:
- Сақтанушы сақтандыру ұйымынан төленетін сақтандыру төлемдері мөлшерінің есеп- қисабымен таныстыруға.
- Зейнетақы аннуитеті шартын үш дана етіп ресімдеуге міндетті оның екеуі сақтанушыға беріледі.
- Сақтандыру ұйымынан зейнетақы аннуитеті шартында көзделген сақтандыру төлемдері уақытылы жүзеге асырылмаған жағдайда сақтанушыға кешіктірілген әр күн үшін төленбей қалған сомманың 1, 5 проценті мөлшерінде өсімпұл төлеуге.
- Сақтанушы қайтыс болған жағдайда отбасына, не қайтыс болған адамды жерлеген адамға жерлеуге рналған жәрдемақы түрінде заңмен белгіленген мөлшерде сақтандыру төлемін жүзеге асыруға міндетті.
Жинақталған зейнетақы қаражатын сақтандыру ұйымына аударудың тәртібі.
- ЖЗҚ хабарламаны алған кезден бастап, күнтізбелік он күн ішінде алушының жинақталған зейнетақы зейнетақы жинақатрын сақтандыру ұйымына аударуға міндетті.
Зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша есеп-қисапты жүзеге асыру.
- Жинақталған зейнетақы қаражаты мен сақтандыру төлемдерінің есеп-қисабын уәкілетті орган белгіліген әдістемеге сәйкес жүзеге асырады.
- Сақтандыру ұйымының жасалатын зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша іс жүргізуге арналған шығыстарының рұқсат етілетін деңгейін уәкілетті орган белгілейді.
1. 3. Жинақтаушы зейнетақы қорларын ұйымдастыру.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының түрлері
1. ЖЗҚ:
- Ашық
- корпоративтік болуы мүмкін.
1 . Ашық жинақтаушы зейнетақы қорлары алушының жұмыс істейтін және тұратын жеріне қарамастан салымшылардан зейнетақы жарналарын қабылдауды жүзегеасырады.
2. Корпоративтік ЖЗҚ-ы сол ЖЗҚ-ның құрылтайшылары және акционерлері болып табылатын бір немесе бірнеше ашық тұлғалардың алушы -қызметкерлері үшін құрылады.
ЖЗҚ-ның ұйымық-құқықтық нысаны.
Жинақтаушы зйенетақы қорлары акционерлік қоғам нысанында құрылады.
ЖЗҚ-ы уәкілетті органмен белгілеген келісім бойынша, ол белгілеген тәртіппен филиалдар мен өкілдіктер ашуға құқылы.
ЖЗҚ-ның құрылтайшылары болып, ҚР-ның резиденттері -заңды және жеке тұлғалар, сондай ақ ҚР-ның Үкіметі ашық ЖЗҚ-ның құрылтайшылары мен акционерлері бола алады.
ЖЗҚ -н мемлекеттік тіркеуді, сондай ақ олардың құрылтай құжаттарына өзгерістер мен тлықтырулар енгізуді уәклетті органның рұқсаты болған жағдайда ҚР-ның заңдарына сәйкес әділет органдары жүзеге асырады.
Рұқсат берудің шарттары мен тәртібі уәкілетті органның нормативтік - құқықтық актілерімен белгіленеді.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының атауы
- ЖЗҚ-ның атауында «Жинақтаушы зейнетақы қоры» деген сөздер болуы тиіс.
- ЖЗҚ-ның өз атауында «ұлттық», «орталық», «үкіметтік», «сақтық», «сақтандырушы» деген сөздер қандай тілде болса да толық және қысқартылған түрінде пайдалануға тиым салынады.
- Жрағылық капиталдың жүз проценті ҚР-ның Үкіметіне тиесілі болған жағдайда ғана жинақтаушы зейнетақы қорының атауында «мемлекеттік» деген сөз қолданыла алады.
Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицезиялауды ҚР-ынң заңдарында белгіленген тәртіппен уәкілетті орган лицензиялайды.
ЖЗҚ-ның жарғылық капиталынның ең төменгі мөлшерін, оны қалыптастырудың тәртібі мен құрамын уәкілетті орган белгілейді.
ЖЗҚ-ның жрғылық капиталы ақшамен төленеді. Құрылтайшылар өз капиталы шегінде жарғылық капиталға ақша салады, ЖЗҚ-ның акцияларын төлейді.
ЖЗҚ-ның комиссиялық сыйақалары
1. Инвестициялық табыстың 15 процентінен;
2. Айына зейнетақы активтерінің 0, 05 процентінен аспайтын шекте белгіленеді.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының аудиті
Жинақтаушы зейнетақы қорларының аудитін уәкілетті органның лицензиясы болған жағдайда аудиторлық ұйым жүргізеді. жыл қорытындысы бойынша аудиторлық есеп жинақтаушы зейнетақы қорының жылдық қаржылық есептілігігнің ажырамасбөлігі болып табылады. Жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жағдайы туралы ауиторлық ұйымның аудиторлық есебі коммерциялық құпия болып табылмайды. Жинақтаушы зейнетақы қорының аудитін жүзеге асыруға қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
Жинақталған зейнетақы қаражатының құпиясы.
Жинақталған зейнетақы қаражаттарының құпиясы салымшылар туралы салымшылардың және зейнетақы шоттарындағы қалдықтар және ақша қозғалысы туралы мәліметтерді қамтиды. Жинақтаушы зейнетақы қорларының жинақталған зейнетақы қраржатының құпиялылығына кепілдік беріледі. Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды ұйымдастыратын, не қызметтің осындай түрімен айналысу құқығы тиісті лицензиясы болған кезде жинақтаушы зейнетақы қоры дербес, уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырады.
Жинақтаушы зейнетақы қорын тарату. Жинақтаушы зейнетақы қоры :
- Уәкілетті органның өзі белгілеген тәртіппен берген рұқсаты болған кезде ЖЗҚ акционерлерінің жалпы жиналысының шешімімен:
- Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларды есекре орырып, ҚР-ның сотының шешімімен таратылуы мүмкін.
ЖЗҚ ерікті тарату:
- Жинақтаушы зейнетақы қорының ерікті түрде таратылуына рұқсат алу туралы өтінішін уәкілетті орган тиісті түрде ресімделетін құжаттарды алған күннен бастап бір ай ішінде қаралуы тиіс.
- Уәкілетті орган ерікті түрде таратуға рұқсат беруден бас тартқан жағдайда өз шешімін негіздеуге және бас таратуды жинақтаушы зейнетақы қорының басшысы қызметкерлері мен акционерлерінің назарына жеткізілуі тиіс.
- Жинақтаушы зейнетақы қорын ерікті түрде таратуды аяқтаудың мүмкін болмауына байланыстыуәкілетті орган оны мәжбүрлеп тарату туралы талап- арызбен сотқа шағымдануға құқылы.
ЖЗҚ мәжбұрлеп таратудың ерекшелігі .
- Ол банкрот болған жағдайда
- ҚР-ның зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарында көзделген негіздер бойынша ЖЗҚ лицензияларының кері қайтарылып алуларына.
- Уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе жеке және заңды тұлғалардың ҚР-ның заң актілерінде белгіленген басқа да негіздер бойыншаЖЗҚ-ның қызметін тоқтату туралы талап арызына байланысты жүзеге асырылады.
2 бөлім. «Қазақстанның Халық банкінің жинақтаушы зейнетақы қорының ұйымдық-экономикалық сипаттамасы. »
2. 1. «Қазақстан Халық банкінің жинақтаушы зейнетақы қорының құрылуы, ұйымдық сипаттамасы. »
Қордың пайда болуы
1997 жылғы желтоқсан - ұйымдастырушылардың “Қазақстан Халық Банкінің ЖЗҚ” АҚ құру туралы шешімі
1998 жылғы қаңтар - “Қазақстан Халық Банкінің ЖЗҚ” АҚ ҚР Әділет министрлігінде тіркелуі
1998 жылғы ақпан - зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін іске асыру қызметіне уақытша №8 Мемлекеттік лицензия алуы
1999 жылғы ақпан - зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін іске асыру қызметіне №8 Негізгі Мемлекеттік лицензия алуы
2003 жылғы қараша - Қорға “ Халық Банкінің зейнетақы активтерін басқару компаниясы” ЗАҚ қосылуымен байланысты зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін іске асыру қызметіне №22 жаңа лицензия алуы
Филиалдар жүйесі
17 филиал және облыс орталықтарындағы және ірі қалалардағы 12 аумақтық кеңселер
Дамудың негізгі кезеңдері
2000 жылғы мамыр : салымшылар саны - 500 000 адам, зейнетақы активтері - 14 млрд. теңге
2001 жылғы шілде : салымшылар саны - 700 000 адам, зейнетақы активтері - 31 млрд. теңге
2003 жылғы тамыз : салымшылар саны - 1 000 000 адам
2004 жылғы маусым: зейнетақы активтері - 100 000 000 000 теңге
2005 жылғы сәуір: зейнетақы активтері - 1 000 000 000$
Қызмет саласының кеңеюі
2003 жылғы шілде - зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметімен айналысуына Мемлекеттік № 0411200090 лицензия алуы
2003 жылғы қараша - Қорға “ Халық Банкінің зейнетақы активтерін басқару компаниясы” ЗАҚ қосылуымен байланысты зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметімен айналысуына жаңа Мемлекеттік № 0412200115 лицензия алуы
2003 жылғы желтоқсан - бағалы қағаздар рыногында брокер - дилерлік қызметпен айналысуға № 0402200174 клиенттер есебін жүргізу құқығынсыз Мемлекеттік лицензия алуы
Қордың қысқа- және орташа жылдамдық мақсаттарына жетуі
2002 жылғы қыркүйек - республика зейнетақы жарналарының жалпы көлемінің 20%
2003 жылғы мамыр - республика зейнетақы жарналарының жалпы көлемінің 25%
2004 жылғы ақпан - зейнетақы активтері көлемі бойынша зейнетақы рыногының озаты
2005 жылғы сәуір - салымшылар жинақтарының көлемі 1000 000 000 $ жетті
Қор наградтары
2000, 2001, 2002, 2003 2004 2005 жылдардың қараша - желтоқсандары - Жыл таңдауы фестиваль - сайысында жеңісі - Қазақстанның Жақсы зейнетақы қоры атағы берілуі
2001 жылғы мамыр - қор жетістіктерін рынокты зерттеу жөніндегі Еуропалық орталықтың ЕуроМаркет сыйақы беру арқылы қордың халықаралық жетістігін тануы. (EMRC)
Қор аудиті.
Қордың аудиті 2005 жылы өткізілді. Аудиттік тексеруді «менеджмент сапасы» бойынша стандарттайтын ISO 9001:2000 халықаралық органы сетрификаттады.
Қазақстан Халық Банкінің жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары болып:
- «Қазақстан Халық Банкі АҚ»
- «Қаз транс Ойл» АҚ
- «Қазақстан Темір жолы Ұлттық компаниясы» АҚ.
Қор басшылары:
Басқарма төрайымы: Арыстанбекова Камиля Валерьевна.
Басқарма төрайымының бірінші орынбасары: Галиева Дина Тулеубекқызы.
Басқарма төрайымының орынбасары: Әлимұхамбетов Нұржан Ержанович
Атқарушы директор: Ботанбекова Клара Амангелдіқызы
Басқарушы директор: Орынбаев Қаңтар Бекараұлы.
Біз аумағы кең қызмет ету саласын ұсынамыз.
- “Қазақстан Халық Банкінің “ АҚ интернет- банкингі;
- “Қазақстан Халық Банкінің “ АҚ банкоматтар жүйесі;
- кодты сөз бойынша аудио- қызмет арқылы.
Клиентке жеке менеджер бекіту
Салымшыларға жұмыс берушілер кеңсесінде қызмет ету
Клиент - кәсіпорындарды күту есепке алынған жеке жобаларды енгізу және өңдеу
Шет елге тұрақты мекен жайға кетушілер үшін:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz