Баланың жас ерекшеліктеріне байланысты педагогиканың негіз дері


Кіріспе
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бері елімізде білім саласында көптеген өзгерістер болып жатыр. 1992 жылы "Білім туралы заң", 1993 жылы бастауыш сыныптық базистік бағдарлама, жалпы орта мектепке арналған көп вариантты оқу бағдарламалары, тәрбиеге байланысты "Атамекен", "Кәусарбұлақ", "Елім-ай" бағдарламалары, Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептерінің тұжырымдамалары, 1999 жылы "Білім туралы" жаңа заң жарық көрді.
Осындай өзгерістер жалпы оқу орындарының оқу жоспарларын, бағдарламаларын жаңадан құрып, оқулықтар, оқу құралдарын жазуды ұйымдастыруға өз септігін тигізуде. Соның нәтижесінде кейінгі кезде мектеп оқушылары төл оқулықтармен қамтамасыз етіліп, жоғары оқу орындарының ғалым-ұстаздары колледж оқушыларына арнап оқулықтар мен оқу құралдарын жазып шығаруда.
Соңғы жылдары педагог-ғалымдар педагогика пәнінен оқу құралдары мен бағдарламалар жазды. Педагогика гуманитарлық колледждерде білім алатын болашақ ұстаз - шәкірттерімізге арналған негізгі оқу пәні болып саналады. Сондықтан олар педагогиканың негізінен, оның методологиясынан, тәлім-тәрбиенің теориясынан және әдістерінен, дидактикадан, мектептанудан дәріс алып, психологиялық-педагогикалық ғылымдардан, пәндерден сусындап, жасөспірімдердің мінез-құлқын, іс-әрекетін, қабілетін айқындап, бақылап, зерттеп оқушыларға оң ықпал жасауы керек.
Педагогика - бұл қоғамдың ғылым. Соңғы жылдары өмір талабына байланысты педагогика көптеген өзгеріске ұшырап, жақалыққа зөру болып отыр. Оның үстіне қазақ тілінде педагогикадан жаңа оқу құралдары жоқтың қасы. Бұл ұсынылып отырған оқу құралын бұрынғы оқылған дәрістерді сараптай отырып, соңғы жылдары баспадан шыққан мәскеулік ғалымдар Б. Т. Лихаевтың (1998 ж. ), И. Ф. Харламовтың(1997 ж. ), И. П. Подласыйдың(2000 ж. ), П. И. Пидкасистың (2000 ж. ), А. С. Белкиннің (2000 ж. ) педагогикадан, жас ерекшелік педагогика негіздерінен курстық дерістеріне сүйеніп, Абай атындағы Алматы мемлекеттік ұлттық педагогикалық университет ұстаздарының 1991 және 2003 жылы жазған дәріс курстарын, әсіресе, Л. Керімовтің, Б. Айтмамбетованың, А. Бейсенбаеваның, Ғ. Нүрғалиеваның, С. Ұзақбаеваның және де ағайынды Қоянбаевтардың еңбектерін пайдаланып, Қ. Жарықбаев пен С. Қалиевтің "Қазақ тәлім-тәрбиесі" еңбегіне (1995 ж. ), С. Ұзақбаеваның "Тамыры терең тәрбиесіне" (1995 ж. ), Н. Д. Хмельдің "Теоретическиеосновы профессиональной подготовки учитёля" (1998ж. ) деген монографиясына сілтеме жасап, Қазақстанда соңғы жылдардағы білім мен тәрбиеге байланысты шыққан құжаттарды, түрлі әдебиетті, мақалаларды ой елегінен өткізіп, тезис х, ретінде жазып, оқырмандарымызға ұсынып отыра айтарымыз бүгінгі оқытып жүрген педагогика өміршең емес. Оның олай болмауының себептері:
Біріншіден, теория мен тәжірибенің бір-бірінен алшақтауында. Тәжірибе толығымен зерттеліп теориялық тұрғыда ұстаздарға ұсынылмайды. Көп жағдайда теория мен тәжірибенің ұштасуы әртүрлі конференция, симпозиумдарда үзінділер түрінде ғана жеңіл-желпі айтылып қана қойды.
Екіншіден, педагогикалық теорияда көптеген ғылыми терминдер кездеседі. Ол терминдермен қатардағы мектеп ұстаздары жөнді таныс емес немесе ол терминдерді түсініп пайдаланудан қашқақтайды.
Үшіншіден, педагог-ғалым теоретиктер мен практиктердің жөнді біріге алмауында. Қысқасы, теоретиктер мен практиктер бірігіп жұмыс істей алмай отыр. Жаңа педагогиканы өмірге енгізу үшін ғалым-ұстаз жан-жақты, әрі теоретик, өрі практик болуы керек сияқты.
Сондықтан да шығар бүгінгі болашақ ұстаздарға беріп жүрген педагогикалық теориялар жалпылама түрде айтылып, студенттерге түсініксіз болып қалабереді. Қысқасы, теориялық педагогика өмірден алшақ жатыр. Осындай алшақтықтың тағы бір себептері бар.
Бүгінгі педагогика психологиялық пәндермен, оның ішінде жалпы психология, жас ерекшелік психологиясы, әлеуметтік психология деген пәндермен байланысы әлсіз.
Педагогикада жас ерекшелігі, әсіресе, бүгінгі балалардың ерекшеліктері ескерілмеуде. Омір бүгінгі балалардың жас ерекшелігіне, өзіндік ерекшеліктеріне көптеген өзгерістер енгізуде. Осыны бүгінгі педагогикаға енгізу керек.
Педагогиканың тәжірибелік түрі ретінде жүретін "Тәрбие әдістемесі" атты пән өмірден қалып қойған. Ол пән өз міндетін орындай алмады. Оның үстіне бұл пән оңтайлануға ұшырап, кейбір оқу орындарында оқу жоспарынан алынып тасталды.
Осы көрсетілген кемшіліктерден барып педагогикаға жаңа атау беріп, жаңа пән етіп енгізу қажеттілігі туындап отыр. Бірақ жаңа пән жоғарыда көрсетілген кемшіліктердің бәрін жояды деген ойдан аулақпыз. Сол көрсетілген кемшіліктерді азайтса да, біздің алға қойған маңсатымыз орындалады ғой деп ойлаймыз.
Ұсынып отырған дәрістер курсы профессор Т. Сабыровтың педагогикалық училищелердің барлық мамандықтарына арналған педагогика бағдарламасына, мемлекет тарапынан қабылданған құжаттарға, шет мемлекеттерде шыққан жаңа әдебиеттерге сөйкес жазылған.
Сонымен қатар, оқырман қауым осы еңбек туралы өз пікірлерін айтажатар, жіберілген кемшіліктер толықтырылар деген ойдамыз.
БІРІНШІ БӨЛІМ
БАЛАНЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ПЕДАГОГИКАНЫҢ НЕГІЗ ДЕРІ - ОҚУ ПӘНІ
Бірінші тақырып
Баланың жас ерекшеліктеріне байланысты п едагогика негіздерінің объектісі, пәні,
логикалық құрылымы
Жалпы педагогиканың объектісі - Адам, оның ертүрлі іс-әрекет, қарым-қатынасы, дамуы т. б. болса, баланың жас ерекшелігіне байланысты педагогиканың объектісі. Бала, оның туғаннан бастап есейгенге дейінгі кезеңдегі психологиялық әрекеттері болып табылады.
Жалпы педагогика пәні - оқу-тәрбие процесінің заңдылықтары, нысаны, әдістері, құралдары болса, баланың жас ерекшелігіне байланысты педагогиканың пәні - баланың өр кезеңдегі оқу-тәрбие процесінің психологиялық тұрғыдан заңдылықтары, әдістері, құралдары, соган сөйкес оқу-тәрбие үрдісінің технологиясы.
Педагогикадағы "балалық" деген түсінік психологиядағы "балалық" деген түсінікпен ұштасып жатыр.
Балалықты екі тұрғыда қарауға болады:
Біріншіден, балаларды ересектердің биологиялық, рухани, материалдық жағдаймен қамтамасыз етуі.
Екіншіден, баланың өзініңіс-әрекетінің нәтижесінде жағымсыз қылықтарға қарсы тұра білуі.
Көрсетілген екі жағдайда да баланың өзіндік қасиеті жетекші рөл атқарады.
Кешегі бала мен бүгінгі баланың арасындағы айырмашылық жер мен көктей.
Бүгінгі балалардың жас ерекшеліктерін бұрынғысынша "мектепкедейінгі", "төменгі сынып оқушылары" немесе "балалық шақ", "жасөспірімдер" және "жастық шақ" деп бөлеміз.
Мектепке дейінгі бүлдіршіндер көбінесе үлкендердің қамқорындаболып, іс-әрекетті өз бетінше жасай бермейді. Олар ересектердің қамқорлығына мұқтаж.
Төменгі сынып оқушылары да ересектердің қамқорлығына мұқтаж. Әсіресе отбасы мен мектептің ықпалында болады. Дегенмен бұл жаста оларда өзіндік "Мен" деген қасиет пайда бола бастайды. Осы менмендік оларды жағымсыз қылықтардан аулақтатады. Бірақ ата-ананың, мектеп ұстаздарының ыңпалынан толықтай аса алмайды.
Жасөспірімдік кезеңді балалардың қиын кезеңі деп те атайды. Олай дейтін себебі жасөспірімдерде менмендік асқындай береді. Материалдық, рухани жағынан отбасына, мектепке тәуелді болғанымен, бұл жастағы балалар жаман қылықтарға әуес болады, көп мәселені өз бетінше шешкенді дұрыс көріп, тәуелсіздігі асқындайды.
Жастық шақта балалар отбасының тәуелдігінде, мектептің ықпалында бола тұрып көп мәселеге өзіндік тұрғыдан қарайды, өмірге көзқарасы өзгеріп, жасөспірімдік кезеңдегі жағымсыз іс-әрекеттерге сын көзбен қарайды.
Бала жасының осытөрт кезеңін талдай отырьш, жас ерекшілік педагогикасьшың мазмұны мен құрылымында мына төмендегідей логикалық байланыс бар екенінекөзіміз жетті:
Біріншіден, баланың психофизиологиялық дамуы.
Екіншіден, әсіресе оның психологиялық-педагогикалық дамуының басымдылығы.
Үшіншіден, осы торт кезеңде де баланың өзіндік іс-әрекетінің жетекші рөлінің басымдылығы.
Төртіншіден, балаға дұрыс тәрбие беруде негізгі педагогикалық идеяларды өз уақытында пайдалана білуде.
Бесіншіден, педагогикалық қызметтің технологиясы мен оның басымдылық бағыттары.
Осы көрсетілген бес бөліктің әрқайсысы баланың өсу, даму кезеңдерінде әртүрлі ықпал етеді. Міне, осылардың әрңайсысына тоқталып көрейік.
Сонымен, баланың психофизиологиялық дамуы оның биологиялық тұрғыдан қалыптасуын көрсетеді. Баланың түрлі іс-әрекетке араласуы, жолдас-жораларымен қарым-қатынасы, жеке психологиялық қасиеті, әлеуметтік қатынасы, құрбы-құрдастарының ортасындағы орны.
Психологиялық-педагогикалық дамуының басымдылығына баланың іс-әрекетіндегі жетекші рөл атқаратын қажеттіліктен туындайтын, іс-әрекетке итермелейтін мотив, соның арасындағы қайшылықтар жатады.
Іс-әрекеттің жетекші рөлінде баланың басының ерекшелігін ескере отырып, ол неге сондай әрекетке барды деген сұраққа жауап іздеген жөн. Мұндайда баланың сол іс-әрекетке баруына қандай қолайлы жағдай туды, не себепті тежелді, не қозғаушы болды деген сұрақтарға жауап іздеу керек.
Негізгі педагогикалық идеяда осы жағымды іс-әрекеттерді іске асырудың жолы қарастырылады. Ол балалар ұжымы арқылы орындалады.
Педагогикалық қызметтің технологиясы мен оның басымдылық бағыттары балалар ұжымы арқылы орындалады. Бұл бөлімге оқу-тәрбие процесінің заңдылықтары, әдіс-тәсілдері, іс-әрекет, қарым-қатынасты ұйымдастыру құралдары, ұстаздық қызмет жатады.
Осы көрсетілген бөлімдер балалардың жасына байланысты әрбір төрт кезеңдерінде кездеседі. Сондықтан барлығына жалпы ортақ қасиеттер болуы мүмкін. Бірақ баланың әрбір жасына байланысты кезеңдері және жеке басының ерекшелігіне байланысты қасиеттер болады. Соны біз әр уақытта есте ұстауымыз қажет.
Сонымен бірінші тақырып бойынша қорытынды:
Жас ерекшелік педагогиканың объектісі - бала, оның туғаннан есейгенге дейінгі кезеңдегі психологиялық әрекеттері.
Жас ерекшелік педагогикасы пәні - баланың әр кезеңіндегі оқу-тәрбие процесі барысындағы психологиялық заңдылықтары, әдістері, құралдары, технологиясы.
Логикалық байланыс бес бағыттан тұрады.
Қайталауға арналғав сұрақтар:
1. Жалпы педагогиканың объектісін атаңыз.
2. Жас ерекшелік педагогикасының объектісін атаңыз.
3. Жалпы педагогиканың пәнін атаңыз.
4. Жас ерекшелік педагогикасы пвнін атаңыз.
5. Жас ерекшелік педагогикасындағы логикалық байланыс бағыттарын атаңыз.
Әдебиеттер тізімі:
1. Жарықбаев Қ. Жалпы психология. - Алматы, 2004.
2. Возрастная педагогическая психология. - М., 1996.
3. Педагогика. Лекциялар курсы. - Алматы, 2003.
4. Белкин А. С. Основы возрастной педагогики. - М., 2002.
5. Бегалиев Т. Б., Мцсаева СА., Тасболатов Қ. Педагогикалық терминдер сөздігі. - Жамбыл, 1989.
Екінші тақырып Мектеп жасына дейінгі балаларға мінездеме
Мектеп жасына дейінгі балаларға бал аның туғанынан мектепке барғанға дейінгі жас аралығындағы балалар жатады. Олар 2-3 жастан бастап озара қарым-қатынаста болып, мектепке өзінше тәжірибе жинақтап барады. Бұл кезеңдегі балаларды тек күн тізбегіне байланысты қара-мауымыз керек. Оларды әлеуметтік тұрғыдан да қарағанымыз дұрыс. Себебі оның өскен ортасы, денсаулығы, үй-тұрмысы, әлеуметтік-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруына, сол туған күнінен бастап 6-7 жас аралығындағы (мектепке барғанға дейінгі) баланың жалпы дамуына да байланысты.
Мектеп жасына дейінгі балаларға төн қасиеттер:
- Біріншіден, осы жастағы балалар өзіне негізгі өмірлік қажеттілікті ересектердің көмегі арқылы қанағаттандырады.
- Екіншіден, материалдық, рухани, қызығушылық қажеттілігін отбасынан алады.
- Үшіншіден, бұл жастағы балалар қолайсыз жағдайда өзін-өзі қорғай алмайды.
Сондықтан да, ұстаз осы жастағы баланың психологиялық-педагогикалық дамуының басымдылығын ескергені абзал.
2. 1. Психологиялық-педагогикалық даму басымдылығы
Сөйлеу және ойлау қабілетінің дамуы.
Бала сөйлеу арқылы ойлау қабілетімен қатар өзінің психикасьін да дамытады. Сөз бен ой қатар жүреді. Екеуі бір-бірімен байланысты. Дегенмен, екеуінің арасында алшаңтық та болуы мүмкін.
Кейбір ұстаздарда "жөнді сөйлей алмаған баланың ақыл-ойы дұрыс дамымаған" деген қате пікір бар. Ол дұрыс емес. Жөнді сөйлей алмаған бала күндердің күнінде сөйлеп кетуі де мүмкін немесе керісінше, жақсы сөйлеп жүрген баланың бір нәрсенің өсерінен нашар сөйлеуі немесе тілі байлануы мүмкін.
Егер де баланың тіл мен ойлау қабілеті төмен болса, ондай балалар психикалық тұрғыда нашар дамиды. Осыдан барып ақыл-ойы нашар дамиды.
Ақыл-ойы кем баланың ми құрылысы зақымданған. Мұндай балаларды да білуге болады. Ол аздаған ақыл-ой кемдігінен бастап есуастыққа дейінгі аралық. Баланың мұндай болуы көп жағдайға байланысты. Мәселен, нәсіл-дік жолмен келуі, анасының құрсағынан пайда болған кемістік немесе дүниеге келгенде қиналып босанудаң, болмаса түрлі жарақаттан, аурудан пайда болуы.
Бірақ туа біткен ақыл-ой кемістігінен туғаннан кейінгі ақыл-ой кемістігінің ерекшелігі - туғаннан кейінгі кемістікті жойып, ақыл-ойды жетілдіруге болады.
Осындай балаларға арналған арнайы мектептер бар. Сол ортада мұндай балалар өзін еркін ұстай алады, дамиды.
Зейін мен естің дамуы. Мектепке дейінгі жастағы ба-лалардың зейіні, еске алуы, есіне сақтауы еріксізден ерік-тіге, көрнектіден мазмүнды ойға, сөзге қарай дамиды. Әсіресе, түрлі-түсті заттар, есте саңтауға болатын қимыл-қозғалыс немесе есте қалатындай сөздер, яғни көрген нөр-сені сөйлеу арқылы бекіту.
Ұстаздардың, ата-аналардың кемшілігі - баланың ес, зейін, сөйлеу, жеке ойлау қабілеттеріне мөн бере бермей-ді. Ересектер баланың сөзін қызықтай отырып әрі дамытпайды. Керісінше, кішкентай баланың сөзін қызықтай отырып, баланың сөзін қайталаумен, кекетумен шектеледі. Ересектер кішкентай баланың сөздік қорын байытып, ойлау қабілетін тереңдетуге тиіс. Сонда ғана зейін мен ес қалыпты дамиды.
Еріктің дамуының бірнеше жолдары бар. Олар:
- ересектердің талабын орындау;
- өздерінің іс-әрекетін ересектердің іс-әрекеттерінен бөліп қарау;
- ересектердің іс-әрекетін үлгі ретінде қабылдау;
- ересектерге еліктеу;
- өз іс-әрекетіне баға бере алу, жақсы мен жаманды ажырата білу;
- қоршаған әлеуметтік ортамен қарым-қатынас жасай алу.
Бала кездесетін кедергілерді жеңуге талпынса, жеңе білсе, онда баланың қалыптасуы дұрыс дамып келеді деуге болады. Ал ол кедергіні жеңуден қашқақтаса, онда жалтақ, "ауырдың үстімен" жүретін адам болып өседі. Жігерсіз немесе ерке болып өскен баланың болашағы бұлыңғыр. Ондай балаларда ерік дұрыс дамымайды. Қиқарлық ерікке жатпайды. Қиқарлық пен жігерлілік бір түсінік емес.
Бұл жастағы балаларды артық мақтаудың да, жазалаудың да керегі жоқ. Артың мақтасаң бала дандайсып кетеді де, жеңіл мінезді болып, ал артық жазаласаң жасқаншаң, тұйық болып өседі. Бұл екі жағдайда да эгоист, өзімшіл, ортамен есептеспейтін адам болып өседі.
Мұндайдан аулақ болу үшін ересектер мақтауды да, жазалауды да өз уақтысында, өз орнында қолданғаны дұрыс. Әр нерсенің өзінің орны бар. Бірақ ауру бала мен сау баланы шатастырмау керек. Жүйкесі ауру баланың дөрекілігіне кешірімді болып барып, тәрбиелеу керек болса, сау балаға тікелей тәрбиенің керекті әдістерін қолдану қажет. Осы әдісті қолдануда әр баланың жеке ерекшелігін ескерген жөн.
Іс-әрекет, қылығына өзінің баға беру кезеңдері:
- Сәбидің өзінің іс-әрекет, қылықтарына берген ересектердің бағасын түсінбеуі, жақсы-жаманды ажырата алмауы;
- Өсе келе біртіндеп сондай іс-әрекет, қылықтарға ересектердің берген бағасын түсіне бастауы;
- Жаман мен жақсыны ажырата білу;
- Енді іс-әрекет, қылық түгіл, жалпы өзінің кей жағдайда көрсеткен мінезін бағалауға көтерілуі;
- Өзінің ішкі жан дүниесін бағалау.
Баланың өзінің жан дүниесін, іс-әрекет, қылығын бірдей бағалай білмей өсуі оны жақсы жолға апармайды. Ол оны жарға соқтырады.
Ал өзін-өзі дұрыс бағалай білмейтін, өзін басқадан кем санайтын бала ынжық, өнербақанның жемі, көрінгеннің жетегінде жүретін адам болып өседі. Бұл да жақсы қасиет емес.
қылығына баға беруі бойынша екіге бөлуге болады.
Бірінші, өз іс-әрекет, қылығын артық бағалау. Бұл эгоистікке, өзімшілдікке, еркелікке, менмендікке соқтырады.
Екінші, өз іс-әрекет, қылығын кем бағалау. Бұл ынжық, өз ойын айта алмайтын бос кеуде етіп өсіреді.
Осының екеуі де дұрыс емес. Сондықтан ересектер баланың жас кезінен бастап, оның дамуын, қалыптасуын қадағалап, баланың өз іс-әрекет, қылық, оқыс мінезіне өзінше әділ баға бере алатындай етіп тәрбиелеуі қажет. Мақсат - баланың өзін жаман демей, оның істеген қылығына түсінетіндей баға беру.
Баланың алғашқы адамгершілік туралы түсінігін қалыптастыру - жаман мен жақсы, өсемдік пен көріксіздік, сыпайылық пен дөрекілік сияқты т. б. қарама-қарсылықтағы түсініктер мен іс-әрекет, қарым-қатынасты ажырата алудан басталады.
Мұндай түсініктер:
- ересектердің баға беруі арқылы;
- нақты бір іс-әрекет, қылық, мінез көрсету кезінде;
- немесе баланың өз ісіне немесе жолдастарының ісіне баға беруі арқылы қалыптасады.
Жас балалардың нақты бір жақсы мен жаманды, көріктілік пен көріксіздікті ажыратуы көп жағдайда нақты үлгі арқылы жүреді. Мәселен, "аяу", "біреуге жақ болу", "біреумен бөлісу", "біреудің айтқанына көну", "біреуді жақсы көріп, бір затын сыйлау", т. б.
Балалардың адамгершілік түсінігі тәртіптіліктен, мәдени қатынас, сыпайылық, жүрек жылуынан басталып қалыптасады. Ол үшін баланы соған үйрету керек. Ойыншықтың өзін тірі жандай көрсетіп, оған дәрекілік жасамауды әр уақытта баланың есіне салып отыру керек. Осыдан барып оның мәдени қатынасы қалыптасады да, осы қатынасты өзімен ойнап жүрген балаға да қолданады.
Сонымен бірінші параграфқа қорытынды:
6-7 жасқа дейінгі балаға адамгершілік қасиетті сөзбен қалыптастырмайды. Оны іс-әрекет, үлгі, соны қайталау, бекіту арқылы қалыптастырады. Осындай жолмен баланы мектепке дайындауға болады.
2. 2. Педагогикалық қызметтің технологиясы мен оның негізгі бағыттары
Бірінші бағыт. Балалардың ойынын ұйымдастыру.
Осы жастағы баланың психикасы ойын арқылы өзгеріп қалыптасады, мектепке дайындалады. Өзі басқалардың қылығына баға беруге үйреніп, өмірді тани бастайды.
Баланың ойыны арқылы оның қалай өсіп келе жатқанына баға бере аламыз, қисық жерін түзетуге кірісеміз. Қазақ "Баланы жастан" деп тегін айтпайды. Ойын арқылы бала өзінің қалай өсіп, дамып келе жатқанын білдіреді. Ойын - экспериментті құрал.
Ойынның ішінде сюжеттік ойындар бар. Ол өзінше спектакль. Сондыңтан біріншіден, ересектер осы бір қолайлы жайтты ұтымды пайдаланғаны жон. Мәселен, отбасы ойынын ойнағанда көргенін қайталайды, түзетулер енгізеді, әр отбасы мүшесінің міндет, құқықтарын, т. б. көрсетеді.
Осы рөлдік, сюжеттік ойындарда мынаны есте сақтаған дұрыс:
- біріншіден, балалардың ойынына араласпай, мұқият бақылау;
- екіншіден, осы бақылаудан қорытынды шығару;
- үшіншіден, кемшіліктерді түзетуге ойындық әдіс-тәсілдерді қолдану.
Ойын барысына араласу, түзетулер енгізу, ескерту жасау, бақылау балалардың ойынын бұзады, жалтақ қылады, оның дамуына кесірін тигізеді.
Екіншіден, ересектер рөлдік ойындардың сюжетіне зер салғаны жөн. Себебі осы ойындар балада қатыгездік, жүрексіздік, өзімшіл, өркөкірек сияңты мінезді қалыптастырып жүрмесін. Содан баланы сақтау керек. Ойын баланы жалықтырмауы тиіс. Себебі күндегі бір сарынды ойын өзінің тәрбиелік құндылығын жоғалтады.
Екінші бағыт. Отбасының баламен қарым-қатынасын ұйымдастыру .
Қарым-қатынас - тек әлеуметтік-психологиялық құбылыс емес, бұл әдептілік, адами құбылыс.
Шетелдік психико-физиологтардың (Боулди) пайымдауынша омыраудағы баланы омыраудан шығарғанда, ол біраз уақытқа дейін жылайды, мінез көрсетеді. Баланы емізу - ол да қарым-қатынас. Сол қарым-қатынас үзілсе немесе сол қарым-қатынас дұрыс болмаса, сәби қарсылық білдіреді.
Бүгінгі айтып жүрген ңиын балалардың 92 пайызы -отбасында дұрыс қатынаста болмағандар.
Сондықтан да ата-аналарға айтарымыз - балалармен қарым-қатынасты үзбеу керек. Қарым-қатынас сөз жү-зінде, іс жүзінде, ойын арқылы, күнделікті өмір арқылы жүреді. Отбасылық қатынас дегеніміз - ата-ана, ата-әже, бала-шаға және осылардың бір-бірімен қатынасы. Отбасылық қатынас дегенде біз қаңғыбас, маскүнем ата-аналар туралы айтып отырғанымыз жоқ. Ондайдан аулақ болайық. Ондай ата-ананың "барынан жоғы". Осы жерде орыстың белгілі ғалымы Бестужев-Ладаның "Отбасы академиясы" еске түседі, яғни бір отбасында үш буынның ата-әже, ата-ана, балалардың бірге тұруы. Бұл - адамгершіліктің тірегі, өзегі, қайнар бұлағы, үлгісі.
Біз отбасылық тәрбиенің балаға ықпалын айта отырып, мына қағидаларды есте ұстағанымыз жөн:
- біріншіден, ата-ананың баламен қанша уақыт бірге болғанында емес, сол уақыт аралығында баланың жүрегінде қандай жақсы, ізгі қасиет қалдырғанында. Негізі уақыт мөлшерінде емес, оның нәтижесінде.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz