Әскери далалық жағдайларда әскердің тамақтануына санитарлық қадағалау жүргізу және ұйымдастыру негіздері туралы ақпарат



Жоспар


Әскери далалық жағдайларда әскердің тамақтануына санитарлық қадағалау жүргізу және ұйымдастыру негіздері

1. Ұтымды тамақтану туралы түсінік және оны ұйымдастыру принциптері.
2. Қызметкерлердің міндеттері.
3. Тамақтануды гигиеналық қамтамасыздандыру бойынша медициналық шаралардың мазмұны мен міндеттері.
4. Азық түліктерді гигиеналық бағалау.
5. ЖЖҚ қолданған кезде тамақтануды ұйымдастыру ерекшеліктері.
6. Далалық жағдайда тамақтанудың гигиеналық ерекшеліктері және медициналық қадағалау.

Далалық әскери жағдайларда әскерлерді сумен қамтамасыздандыруына санитарлық қадағалауды ұйымдастыру және жүргізу негіздері

1. Әскерлерді сумен қамтамасыздандыру бойынша негізгі ережелер
2. Далалық жағдайда әскерді сумен қамтамасыздандыру ерекшеліктері және ұйымдастырылуы.
3. Судың сапасына қойылатын игиеналық талаптар, суды тұтыну нормасы.
4. Суды барлау және су көзін гигиеналық бағалау.
5. Шепте және қорғаныста жтақан әскерлерді сумен қамтамасыздандырудың ерекшеліктері.
6. Далалық жағдайларда суда тазалау.
7. Қарсыласпен ЖЖҚ қолданған кезде сумен қаматамасыздандыру ерекшелігі.

Пайдаланылған әдебиеттер
БЕЙБІТ УАҚЫТТА ТАМАҚТАНУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ.

Бейбіт уақытта әскерді тамақтандыру келесі тәртіпке сәйкес ұйымдастырылады:

1. Тамақтану тыл құрамына кіретін азық – түлік қызметімен ұйымдастырылады.
2. Құрылымы: азық – түлік басқармасы, округтық азық – түлік басқармасы, дивизияның азық – түлік қызметі, полктық азық – түлік қызметі.
3. Бөлімшеде азық – түлік қызметін қамтамасыздандыру бастығынан басқа, асхана бастығы, қойма бастығы, аспазшы – инструктор, аспазшылар, нан кесушілер және т.б. болады.
4. Штаттағы адамдармен бірге наряд тағайындалады: асхана кезекшісі, жұмысшылар.
5. Жауынгерлердің тамақтануы – орталықтандырылған түрде немесе қоймадан кейбір азық – түліктерді (дивизион, полк қоймаларынан) беру арқылы жүзеге асырылады.
6. Асхана кезекшісінің қатысуымен асхана бастығы қоймадан азық – түліктерді қабылдайды.
7. Тағамдарды қабылдау, дайындау ас мәзірі сұрыптамасы бойынша жүргізіледі.
8. Сұрыптама бойынша тамақтануды бақылау бөлімше командирі, тыл бойынша орынбасары, азық – түлікпен қамтамасыздандыру бастығымен, мед. қызмет бастығымен саяси органдарымен жүзеге асырылады.
9. Тамақтануды тексеру жүйелік, кезеңдік, жоспарлы, жоспардан тыс болады.
10. Тамақтануды жоспарлы түрде бақылау шараларының ең негізгісі асты әзірлеу сәттерінде бақылау болып табылады. Ол ай сайын 1 рет азық – түлік қызметінің бастығымен жүргізіледі.
11. Жүйелік бақылауды әскери бөлім командирі, бөлім мед. қызметі бастығы бөлім кезекшісінің қатысуымен жүргізеді.

ТАМАҚТАНУДЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ БАҚЫЛАУДЫҢ МАЗМҰНЫ.
1. Тамақтанудың физиологиялық толық бағалылығы.
2. Астың және азық – түліктің сапалығы.
3. Жеке құрамның денсаулық жағдайы тамақтанумен байланыстылығы (тамақтану статусы).
Тамақтанудың физиологиялық толық бағалылығы ас мәзірі сұрыптамасын талдау тәсілімен тағайындалады. Қоймадағы азық – түліктердің сақталуы жағдайы, асханада азық – түліктердің өңделуі және асты әзірлеу ережелерінің орындалуы қысқартылған схемада лабораториялық зерттеулер арқылы анықталады.
Тамақтандыру мәселелері бойынша медициналық қызметтің міндеттері:
1. Тағамның толық бағалылығына гигиеналық бақылау жүргізу.
2. Тамақтану нысандарының санитарлық жағдайын және қызметкерлердің денсаулығын бақылау.
3. Әскери сауда кәсіпорындарында тамақтанудың ұйымдастырылуын бақылау.
Жоғарыда көрсетілгендей, тамақтану орталықтандырылған, қатаң түрде тағайындалған норма бойынша (Қорғаныс Министрлігінің ???? бұйрықтарында берілген) және басқа құжаттарға сай жүргізіледі:
Тамақтануды ұйымдастыру бойынша жетекшілік;
Ас дайындау бойынша жетекшілік;
Азық – түліктерді сақтау бойынша жетекшілік;
30.06.75 ж. Ішкі қызметкерлердің жарғысы;
ҚМ № 221 29.10.73 ж. санитарлық қадағалау бойынша бұйрықтар.
Қарулы күштерде паекты тамақтану әскерлердің қызметіне, жасына, климаттық-географиялық, денсаулық жағдайларына байланысты ажыратылады. Әскери қызметте паектің 52 түрі бар, сондықтан мұның әртүрлі болуы ыңғайсыздық тудырады.
Қазіргі кезде паектің 6 түрі жинақыланып қарастырылуда.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Мельниченко П.И. Военная гигиена и эпидемиология: Учебник / Мельниченко П.И., Огарков П.И., Лизунов Ю.В. – М.: Медицина, 2006. – 400 с.
2. Архангельский В.И., Бабенко О.В. Руководство к практическим занятиям по военной гигиене. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2007. – 432 с.
3. Стрельникова Л.А., Андропова Т.В. Военная гигиена: Учебное пособие / под ред. Волкотруб Л.П.. – Томск: Сибирский государственный медицинский университет. – 2009. – 98 с.
4. Пахирко А.В., Бурак И.И., Дорошевич В.И. Военная гигиена. – Витебск: ВГМУ, 2008. – 134 с.
5. Сахно И.И., Сахно В.И. Медицина катастроф. Организационные вопросы. – М.: ГОУ ВУНМЦ МЗ РФ, 2002. – 560 с.

Пән: Алғашқы әскери дайындық
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Әскери далалық жағдайларда әскердің тамақтануына санитарлық қадағалау жүргізу және ұйымдастыру негіздері

1. Ұтымды тамақтану туралы түсінік және оны ұйымдастыру принциптері.
2. Қызметкерлердің міндеттері.
3. Тамақтануды гигиеналық қамтамасыздандыру бойынша медициналық шаралардың мазмұны мен міндеттері.
4. Азық түліктерді гигиеналық бағалау.
5. ЖЖҚ қолданған кезде тамақтануды ұйымдастыру ерекшеліктері.
6. Далалық жағдайда тамақтанудың гигиеналық ерекшеліктері және медициналық қадағалау.

Далалық әскери жағдайларда әскерлерді сумен қамтамасыздандыруына санитарлық қадағалауды ұйымдастыру және жүргізу негіздері

1. Әскерлерді сумен қамтамасыздандыру бойынша негізгі ережелер
2. Далалық жағдайда әскерді сумен қамтамасыздандыру ерекшеліктері және ұйымдастырылуы.
3. Судың сапасына қойылатын игиеналық талаптар, суды тұтыну нормасы.
4. Суды барлау және су көзін гигиеналық бағалау.
5. Шепте және қорғаныста жтақан әскерлерді сумен қамтамасыздандырудың ерекшеліктері.
6. Далалық жағдайларда суда тазалау.
7. Қарсыласпен ЖЖҚ қолданған кезде сумен қаматамасыздандыру ерекшелігі.

Пайдаланылған әдебиеттер

БЕЙБІТ УАҚЫТТА ТАМАҚТАНУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ.

Бейбіт уақытта әскерді тамақтандыру келесі тәртіпке сәйкес ұйымдастырылады:

1. Тамақтану тыл құрамына кіретін азық - түлік қызметімен ұйымдастырылады.
2. Құрылымы: азық - түлік басқармасы, округтық азық - түлік басқармасы, дивизияның азық - түлік қызметі, полктық азық - түлік қызметі.
3. Бөлімшеде азық - түлік қызметін қамтамасыздандыру бастығынан басқа, асхана бастығы, қойма бастығы, аспазшы - инструктор, аспазшылар, нан кесушілер және т.б. болады.
4. Штаттағы адамдармен бірге наряд тағайындалады: асхана кезекшісі, жұмысшылар.
5. Жауынгерлердің тамақтануы - орталықтандырылған түрде немесе қоймадан кейбір азық - түліктерді (дивизион, полк қоймаларынан) беру арқылы жүзеге асырылады.
6. Асхана кезекшісінің қатысуымен асхана бастығы қоймадан азық - түліктерді қабылдайды.
7. Тағамдарды қабылдау, дайындау ас мәзірі сұрыптамасы бойынша жүргізіледі.
8. Сұрыптама бойынша тамақтануды бақылау бөлімше командирі, тыл бойынша орынбасары, азық - түлікпен қамтамасыздандыру бастығымен, мед. қызмет бастығымен саяси органдарымен жүзеге асырылады.
9. Тамақтануды тексеру жүйелік, кезеңдік, жоспарлы, жоспардан тыс болады.
10. Тамақтануды жоспарлы түрде бақылау шараларының ең негізгісі асты әзірлеу сәттерінде бақылау болып табылады. Ол ай сайын 1 рет азық - түлік қызметінің бастығымен жүргізіледі.
11. Жүйелік бақылауды әскери бөлім командирі, бөлім мед. қызметі бастығы бөлім кезекшісінің қатысуымен жүргізеді.

ТАМАҚТАНУДЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ БАҚЫЛАУДЫҢ МАЗМҰНЫ.
1. Тамақтанудың физиологиялық толық бағалылығы.
2. Астың және азық - түліктің сапалығы.
3. Жеке құрамның денсаулық жағдайы тамақтанумен байланыстылығы (тамақтану статусы).
Тамақтанудың физиологиялық толық бағалылығы ас мәзірі сұрыптамасын талдау тәсілімен тағайындалады. Қоймадағы азық - түліктердің сақталуы жағдайы, асханада азық - түліктердің өңделуі және асты әзірлеу ережелерінің орындалуы қысқартылған схемада лабораториялық зерттеулер арқылы анықталады.
Тамақтандыру мәселелері бойынша медициналық қызметтің міндеттері:
1. Тағамның толық бағалылығына гигиеналық бақылау жүргізу.
2. Тамақтану нысандарының санитарлық жағдайын және қызметкерлердің денсаулығын бақылау.
3. Әскери сауда кәсіпорындарында тамақтанудың ұйымдастырылуын бақылау.
Жоғарыда көрсетілгендей, тамақтану орталықтандырылған, қатаң түрде тағайындалған норма бойынша (Қорғаныс Министрлігінің ???? бұйрықтарында берілген) және басқа құжаттарға сай жүргізіледі:
Тамақтануды ұйымдастыру бойынша жетекшілік;
Ас дайындау бойынша жетекшілік;
Азық - түліктерді сақтау бойынша жетекшілік;
30.06.75 ж. Ішкі қызметкерлердің жарғысы;
ҚМ № 221 29.10.73 ж. санитарлық қадағалау бойынша бұйрықтар.
Қарулы күштерде паекты тамақтану әскерлердің қызметіне, жасына, климаттық-географиялық, денсаулық жағдайларына байланысты ажыратылады. Әскери қызметте паектің 52 түрі бар, сондықтан мұның әртүрлі болуы ыңғайсыздық тудырады.
Қазіргі кезде паектің 6 түрі жинақыланып қарастырылуда.

Негізгі әскери паектің сипаттамасы.
Оның артықшылығы - тағамдық заттардың сәйкестілігі, алдын ала тексерілген және барлық жерде бірдей.
Оның кемшілігі:
а) А,С және рибофлавин витаминдерінің тапшылығы;
б) фосфордың артықшылығымен байланысты минералды тұздардың, кальцийдің жетіспеушілігі;
в) жануарлар тектес белоктардың жетіспеушілігі (белоктардың 45 % нан өнімдері есебінен), осыған байланысты соңғы уақыттарда (ҚМ № 92 15.04.75 ж. бұйрық) аптасына, демалыс және мереке күндері рационға 2 жұмыртқа енгізу туралы шешім қабылданған.
1987 ж. мамырынан бастап күніне 100,0 сүт, ал 1990 ж. күніне 200,0 сүт беріле бастады. Жауынгер паектарында толық құнды тамақтық азық - түліктің болуы ұтымды тамақтануды ұйымдастырудың алғы шарты болып саналады.
Азық - түліктерді дұрыс сақтамау, асты дұрыс әзірлемеу тамақтық азық - түліктердің жоғары сапалығын құнсыздандыруы мүмкін. Жауынгерлер мен офицерлердің жоғары сапалы аспен қамтамасыз етілуі аспазшының жоғары біліктілігін, асхананың (ас үйдің) қазіргі талаптарға сай жаңа технологиялық қондырғылармен жабдықталуын қажет етеді.
Бейбіт уақытта орталықтандырылған тамақтандыру мына тізбек бойынша ұйымдастырылады:
- орталық (мед. қойма) - әскери округ - бірікпе (дивизиялық қойма) - бөлім (полктық қойма) - жауынгер.
Тамақтану гигиенасы аурулардың алдын алуда және адамның физикалық мүмкіндіктерін жетілдіруде мағынасы өте зор.
Осы тұрғыда тамақтану гигиенасының міндеті - организмнің сыртқы орта факторларына арнайы емес жоғары төзімділігін қамтамасыз ететін ұтымды тамақтануды ұйымдастыру.
Арнайы емес төзімділік организмнің жұқпалы ауруларға қарсы тұруына мүмкіндік жасайды. Гигиенистер бақылайтын бірнеше аурулар бар, олар - алиментарлы жетіспеушілік, авитаминоздар, алиментарлы дистрофия. Бұл ауруларды алдын алудың негізі - ұтымды тамақтану.

ТАМАҚТАНУДЫҢ КЕЙБІР ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ КЕМШІЛІКТЕРІ МЕН АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ.

1. Орталықтандырылған тамақтанудың артықшылығы:
1. Жеке құрамның тамақтануын тағайындалған нормалармен қамтамасыз ету.
2. Жеке құрамның тамақтануын ұйымдастыру мүмкіндіктері гигиеналық нормаларға сәйкес.
3. Әскерлердің тамақтануының толық құндылығын және сапалығын гигиеналық бақылау мүмкіндігі.Тамақтық азық - түліктер орталықтан, қоймалардан әскери бөлімге дейінгі қозғалысы, сонан соң асханадағы жағдайы да азаматтық және әскери сан.эпид. қадағалау қызметтерінің толық қадағалауында болады.
4. Осы жүйенің тағы бір артықшылығы: асты дайындаумен, азық - түліктерді тарату және сақтаумен штаттағы жұмыскерлер айналысады, яғни жеке бас гигиенасы ережелерін қатаң қадағалау мүмкіндігі.
2. Кемшілігі:
Нормалар 1 адамға шақтап есептелінеді, жеке адамның ерекшеліктері есепке алынбайды (бойы, салмағы, ұлттық ерекшелігі).
Паекта көкөністер, жеміс - жидектер аз. Мамыр, қазан айларында көкөніс тапшылығы орын алады. 15 сәуір мен 15 тамыз аралығында 3-ші астың витаминделуі 50 мг 1 адам үшін орташа есеппен алынады. Қазан айының басында ғана жаңа піскен картоптар пайдаланыла бастайды.

АРТЕЛЬДІ ТАМАҚТАНУ.

Артельді тамақтану көбінесе колониялды елдердің әскерінде (мыс. арабтарда және т.б.) қолданылады. Жауынгерлер өз еріктерімен таңдаған тағамын, азық-түлігін пайдаланады.

Артықшылығы:
1. Жаңа піскен тағамдарды пайдалануы, витаминдердің мол болуы.
2. Жеке сұраныстары мен әдеттері ескеріледі.

Кемшілігі:
1. Тамақтану жағдайы дүкендердегі немесе базардағы азық - түліктердің болуы немесе болмауына байланысты.
2. Сапасыз азық - түліктерді пайдалану қаупі.
3. Мұндай жүйе бойынша тағамның сапасын бақылауды ұйымдастыру өте қиынға соғады, өйткені арнайы мамандардың болмауы (аспазшы), жауынгердің өз беттерінше ас әзірлеуі.

АҚШАЛЫҚ ҚАНАҒАТ ЖҮЙЕСІ.

Артықшылығы:
1. Әскери қызметкер өз жеке сұранысын қанағаттандыру үшін қажетті азық-түліктерді, тағамды сатып алады.
Кемшілігі:
Жауынгер тағам есебінен үнемдеп, жеткіліксіз тамақтануы мүмкін. Көбінесе, ақша офицерлер арасында ғана қанағаттық деңгейде болады.

ҰТЫМДЫ ТАМАҚТАНУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ.

1. Тамақтанудың сандық тұрғыдан сәйкестілігі, яғни, пайдаланылатын тағамның құныдылығы адамның энергия шығынымен сәйкес болуы тиіс.
Осы заңға сәйкес тамақтану рационының құндылығы Калмыково - Бузник тәсілімен есептелінеді. Бұл тәсіл бойынша, егер адам тұрақты салмағын сақтаса, онда пайдаланатын тамақтық азық - түліктердің құндылығын біле тұрып, оның энергия шығынын есептеуге болады.
2. Тамақтанудың сапалық тұрғыдан толық бағалылығы.
Астың химиялық құрамы адамның метоболизмдік қажеттілігіне сәйкес болу керек.
Организмге тамақтық заттардың жеткілікті көлемде түсуі ғана емес, олардың оңтайлы қарым-қатынаста болуы маңызды, мысалы: белоктар, майлар, көмірсулар 1:1:4 қатынасында, кальций мен фосфор - 1:1,5 қатынасында болғанда өздерінің максималды биологиялық белсенділіктерін, тиімділіктерін көрсетеді. Осыдан сәйкес тамақтану формуласы шығарылады.
3. Организмнің ферменттік жүйесі мен астың химиялық құрамының сәйкестігі.
Астың химиялық құрамы организмнің ферментативті жүйесіне сәйкес болу керек.
Егер ұзақ уақыт бойы аш жүрген адам тез арада мол көлемде тамақтанса, онда ол сол жерде қаза болуы ықтимал, өйткені организмде ферменттердің түзілуі өте төмен деңгейде болады. Сондай-ақ адам 1 рациоаннан 2-ші рационға өткенде де қиналады. Сондықтан, жауынгерлер бірінші айлар бойы құрғақ паекта болып, сонан соң, кәдімгі рационға өткенде осындай проблемалар туындайды. Бұл ферменттік жүйедегі сәйкессіздіктермен байланысты.
4. Астың зиянсыздығы туралы заң.
Астың құрамында улы зат, патогенді микробтар және т.б. жедел және созылмалы уланулар туындататын токсиндер болмауы керек.
5. Биологиялық ырғақ, тамақтану режимі туралы заңдылықтар.
Асты қабылдау адамның биологиялық ырғағына сәйкес болуы керек. Бұл ертеден белгілі, асты қабылдау аралығы 5 - 6 сағаттан аспауы керек. Ұшқыштардың жазғы құрамы үшін 4 сағаттан жоғары болмау керек. Сондықтан ұтымды тамақтануды ұйымдастыру кезінде ол 4 - 5 ретті, ал госпитальде - 6 ретті болу керек.
Бұл тәулік бойындағы горманальды ауытқуларға байланысты болады. Сонда-ақ, асты ұйқыға 2 сағаттан кем емес уақыт бұрын қабылдау керек.

ТАМАҚТАНУ СТАТУСЫНЫҢ ЖІКТЕЛУІ.

Жеке адамның немесе ұжымның тамақтану статусы - бұл белгілі бір морфологиялық, функционалдық, адаптациялық мүмкіндіктерді қамтамсыз ете отырып, денсаулық пен дене дамуының жағдайын анықтайтын, тамақтанумен байланысты организмнің күйі.
Тамақтану статусының жіктелуі негізінде үш фактор жатыр, олар:
1. Дене бітімі.
2. Кәсіп.
3. Адаптациялық резервтер.
Дене бітімі. Барлық адамдар бойы, салмағы, дене формасы, кеуде ауқымы өлшемі, спирометрия, тері асты майы қалыңдығы және т.б. стандартты немесе жергілікті нормалар бойынша бағаланады.
Кәсіби көрсеткіштер. Кәсіпке байланысты еңбекке қабілеттіліктің төмендеуі, физикалық дайындықтың көрсеткіштерінің нашарлауы, физиологиялық және психологиялық тестердің көрсеткіштері нашарлауы.
Бейімделу резервтерінің көрсеткіштері. Аурушаңдық, еңбекке қабілеттілікті жоғалту, төтенше жағдайда жұмысты орындай алмауы, ақпарат қабылдау көлемінің төмендеуі, оқуға қабілеттіліктің төмендеуі.
ТАМАҚТАНУ СТАТУСЫ 4 ТОПҚА БӨЛІНЕДІ:
1. Қалыпты статус.
2. Оңтайлы статус.
3. Артық статус.
4. Жеткіліксіз статус.
1. Тамақтанудың қалыпты статусы - тамақтандыру қалыпты нормаларға сәйкес жүргізіледі. Бұл кезде организмнің қызметі бұзылмайды және адамның бейімделу - биохимиялық резервтері кәдімгі стресті жағдайларға төзімді.
2. Тамақтанудың оптимальді статусы - ұшқыштар, теңізшілер, десантшылар, ғарышкерлерде болуы қажет. Тамақтану арнайы нормалар бойынша жүзеге асырылады. Организмнің морфо-функционалдық қабілеті идеалды жағдайда болу керек, ал бейімделу - биохимиялық резервтері қалыпты емес жағдайда тіршілік етуге мүмкіндік беруі тиіс.
3. Тамақтанудың артық статусы - артық тамақтанумен сипатталады, ал ол организмнің функционалдық мүмкіндіктерін бұзады және адамның бейімделу механизмдерін ауытқытады. Бұл статус семіздіктің 4 дәрежесімен сипатталады.
4. Жеткіліксіз статус - гигиенистер аса көңіл бөлетін жағдай, бұл кейбір немесе барлық тамақтық заттардың жеткіліксіздігінен туындап, адам организмінің құрылымдық, функционалдық мүмкіндіктерінің төмендеуіне әкеліп соғады.

Жеткіліксіз статустың 4 кезеңі бар:
1. Тағамның толық бағалы еместігі, тексеру кезінде организм қызметі мен құрылымының ауытқуы анықталмайды. Тек бейімделу мүмкіндіктері қалыпты стресс әсеріне төзімділікті қамтамасыз ете алмайды.
2. Преморбті (ауру алды) кезең - организм қызметі мен жекелеген органдардың кейбір бұзылыстарын байқауға болады. Бейімделу мүмкіндіктері әлде қайда төмендеген, бірақ адам өзін аурумын деп санамайды (типтік автоматизм).
3. Аурушаңдық - патологиялық тамақтану статусы кезеңі. Организм қызметі және құрылымдық бұзылыстары аурудың арнайы синдромдарымен білінеді: цинга, бери - бери, ксерофтальмия, алиментарлық дистрофия және т.б.

СОЛТҮСТІКТЕ ТАМАҚТАНУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
Жаңа піскен көкөніс, жеміс - жидектердің болмауы, консервілерді пайдалану солтүстіктегі еңбек жағдайларының ерекшелігі. Жеке құрам витаминдердің жоғары нормасымен қамтамасыз етілуі тиіс, сондай-ақ Д витамині тек балаларға ғана емес ересектерге де қажет.
Жергілікті азық - түліктерді қолдану кезінде кейбір азық-түліктердің маусымдық ерекшеліктерін ескеруді талап етеді, мысалы: ақ аюдың бауыры әрқашанда улы, ал морж бен қоянның бауыры уақытша маусымға байланысты улы болуы мүмкін.
Жабайы өсетін витаминдер көздері: полярлық сарымсақ, моршка, ягель.

ЫСТЫҚ КЛИМАТТЫҚ ТАМАҚТАНУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ САНИТАРЛЫ - ГИГИЕНАЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
Еңбек пен тұрмыстың сипатына тамақтану режимінің сәйкес қамтамасыз етілуі тиіс. Гипертермия кезінде, суды көп мөлшерде жоғалту себебінен асқазан - ішек жолдарының тасымалдау қызметі төмендейді, сілекей бөлінуі тежеледі, асқазан сөлінің бөлінуі мен қышқылдылығы төмендейді, ұйқы безі секрециясының көлемі қысқарады. Ас қорытуға түсетін ферменттердің абсолютті мөлшерінің азаюына байланысты, ыстық кезеңде тамақтық заттарды сіңіру төмендейді. Ас қорыту сөлі секрециясының тежелу орталық нерв жүйесінің қызметіне байланысты. Сондықтан, ыстық климаттық ауа - райында жұмыс істеу кезінде тәбеттің төмендеуі тамақтық заттардың сіңірілуінің төмендеуіне әкеліп соғады.

Далалық әскери жағдайларда әскерлерді сумен қамтамасыздандыруына санитарлық қадағалауды ұйымдастыру және жүргізу негіздері

Сумен қамтамасыз ету дұрыс шешілуі жеке құрамның тұрмысы мен өмір жағдайында бірден - бір әсер тетін маңызды мәселелердің бірі.
Сумен қамтамасыз етудің негізгі міндеті - әскерді дер кезінде, үздіксіз сумен қамтамсыздандыру және оның белгіленген нормаларға сәйкес сапалық, сандық критерийлерін жүзеге асыру. Далалық жағдайда сумен қамтамасыз етудің арнайы әскери- далалық нормалары қолданылады.
Нормалар 3 компоненттен тұрады:
1. Физиологиялық қажеттілік үшін.
2. Санитарлық - гигиеналық мақсаттар үшін қажеттілік (жуыну үшін).
3. Шаруашылық мақсатында мұқтаждық.
Егер норманы қысқарту қажет болса, онда физиологиялық мақсаттар үшін емес, шаруашылық және санитарлық - гигиеналық қажеттерге арналған судың мөлшерін қысқартады. 1995 жылғы далалық сумен қамтамасыз ету бойынша басшы құралда судың нормасын температура мен еңбектің ауырлығына байланысты қолдану қажеттігі көрсетілген.
oo дене салмағы бойынша судың 1-3 пайызы жойылғанда шөлдеу орын алады, бірақ адамның жұмысқа қабілеттілігі жойылмайды.
oo судың 3-5 пайызы жойылғанда жұмысқа қабілеттіліктің (әскер қабілеттілік) сәл төмендеуі, ұйқышылдық, бас ауру, температураның көтерілуі байқалады.
oo Судың 5-10 пайызы жойылуы әскери қабілеттіліктің төмендеуіне, қанның ұюына, зат алмасудың бұзылуына әкеліп соғады.
oo 15-20 процент жойылуы әскери бөлімнің толық соғысқы қабілеттіліксіздігіне әкеліп соғады.
oo 20-25 пайыз жойылуы қауіпті және өлім жағдайына әкелуі мүмкін.

Жеке құрамның суды пайдаланудың тәуліктік нормасы (далалық жағдайда сумен қамтамасыз ету бойынша 1995 жылғы нұсқаудан үзінді).


Суды пайдалану түрі
Қоңыр салқын ауа райында
Ыстық ауа райында
1
Шәй дайындау үшін және флягтағы су қоры.
2,5 л
4 л
2
Тамақ дайындау мен ас үй ыдыстарын жуу үшін.
3,5 л
3,8 л
3
Жеке ыдыстарды жуу үшін.
1 л
1,2 л
4
Жуынуға.
3 л
6 л
Қорытынды
10 л
15 л

Ескерту: Төтенше жағдайларда (3 тәуліктен ұзақ емес) жеке құрамның суға деген тәуліктік нормасы қоңыр салқын ауа райында 5 л, ыстық ауа райы жағдайында 8 л. Ыстық құрғақшылық аудандарда бір адамға шаруашылық - ауыз суы мұқтаждарын өтеу үшін тәуліктік ең төменгі нормасы 25 литрден кем емес мөлшерде қарастырылады.

Қазақстан мен Орта ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Әскери далалық жағдайларда әскердің тамақтануына санитарлық қадағалау жүргізу және ұйымдастыру негіздері.»
ӘСКЕРИ ЭПИДЕМИОЛОГИЯ
Эпидемиялық үрдіс туралы ұғым
Жедел медициналық көмек
Әскери гигиена
Қылмыстық-атқару жүйесі
Артиллериялық құрамалардың құрылымдық бөлінісі
Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлар
Еңбек шартының нысанасы
Апаттық құтқару және басқа қауырт жұмыстар жүргізу ұғымы
Пәндер