Бiрлiк пен бейбiтшiлiк бесiгi


Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Бiрлiк пен бейбiтшiлiк бесiгi

2011 жыл - ресми түрде Қазақстан Тәуелсiздiгiнiң 20 жылдығы

болып жарияланғаны белгiлi. «Бейбiтшiлiк пен жасампаздыққа - 20 жыл» ұранымен жер-жерде арнайы шаралар ұйымдастырылып, еркiндiк, бiрлiк, толеранттық ұғымдары сол шаралардың алтын арқауына айналды.

Әр күнi ғасырға татиын егемен елiмiздiң мерейтойында атқарылған iстер мен алған асуларымыз жайында ой қозғап, өткенiн екшеп, келешегiне көз салғанымыз абзал. Сол дәстүрге салсақ, елiмiздiң берiк дiңгегiне айналған Қазақстан халқының бiрлiгi жайында сөз етпеу тағы мүмкiн емес. Қазақ же-рiне қилы тағдырмен келген ұлт өкiлдерi халқымыздың мейiрiм шуағынан нәр алып, осы топырақта тамырын жайды. Үкiлеген үмiтiн елiмiздiң болаша-ғымен байланыстырып, елмен бiрге жасап, бiрге көгерем деген жүзден аса ұлттар мен ұлыстың өкiлдерi этномәдени бiрлестiктер құрып, Қазақстан халқы Ассамблеясы астында бiрiккенi белгiлi. Ол туралы Президентiмiз Н. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының XV сессиясында сөйлеген сөзiнде: «Ассамблея - елiмiздегi бiрлiк пен келiсiмнiң киелi бесiгi, тұтастық пен тұрақтылықтың құтты шаңырағы. Оның әрбiр сессиясында мемлекет өмiрiндегi өзектi мәселелер талқыланып, келелi шешiмдер қабылданып келедi. Бұл саяси құрылым халқымыздың жүрек қалауымен, қоғамның iзгi тiлегiмен құрылған. Сондықтан көпшiлiктiң көкейiнде жүрген маңызды мәселелер осы мiнберде айтылуда. Ассамблея - осы жылдар iшiнде байсалды жолдан өтiп, байыпты тәжiрибе жинақтады. Ол елiмiздегi этносаралық қарым-қатынасты дамытудың iргелi институтына, татулық пен сыйластықтың берекелi бекетiне айналды»-деп, Ассамблея жұмысына жоғары бағасын берген едi.

Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамды ұйымдастыру, бiрлiктi қамтамасыз ету және ұлттық-мемлекеттiк азаматтық бiрегейлiктi қалыптастыру, то-леранттылық пен қоғамдық келiсiмнiң қазақстандық үлгiсiн одан әрi жетiлдiру мақсатында этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы мемлекеттiк ұлттық саясатын әзiрлеуге және iске асыруға белсене қатысуда.

Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерiнiң төмендегi ойлары бейбiтшiлiк пен келiсiмнiң қазақстандық үлгiсiн әлемге танытушы қоғамдық институттың құрылған күнiнен бастап қалыптасу кезеңiне дейiнгi сәттерден сыр шертедi.

Алихан БАЙМЕНОВ , ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң төрағасы:

Үлкен империялар ыдырап, жаңа мемлекеттер пайда болғанда, әртүрлi ұлт өкiлдерiнiң көңiлдерiнде түрлi-түрлi ой туындайтыны табиғи құрылыс.

Қазақстан да Тәуелсiздiгiн алған жылдары, ондаған жыл бойы бiр ортақ кеңес мемлекетiнiң азаматымыз деп сезiнiп келген түрлi этникалық топтардың көңiлдерiнде түрлi түйткiлдiң де, аласапыранның да болғаны сөзсiз. Ол көңiл түйткiлдерi 1990 жылдардың басында түрлi деңгейде өз көрiнiсiн тапты.

Сол жылдары кейбiр терең ойламайтын, тарихи заңдылықтарды түсiнбейтiн, өздерiнше саясаткерсымақтардың Қазақстанның бiрлiгiне де, егемендiгiне де нұқсан келтiрмек болған қадамдары есiмiзде.

Жер-жердегiнi қойып, тiптi Жоғарғы Кеңес депутаттарының iшiнде де бiздiң Тәуелсiздiгiмiзге күмәнмен қарайтындар болды. 1994 жылы 13 шақырылған Жоғарғы Кеңес депутаты ретiнде олармен талай пiкiр-сайысқа түскенбiз.

Тәуелсiздiк алған соң мемлекет құрушы ұлт ретiнде қазақ халқы iшкi тұрақ-тылық пен тыныштықтың маңызын түсiне бiлдi. Себебi, жыл өткен сайын iштегi қоғамдық-саяси ахуал да тұрақтылықтың негiзiнде жақсарып, мемле-кетiмiз аяғынан нық тұрып кететiнi бiз үшiн белгiлi едi.

Дегенмен, осындай өтпелi кезеңде қоғамның өзiн-өзi реттеу тәжiрибесi аз болғандықтан түрлi-түрлi араңдатуларға өздiгiнен қарсы тұра алмас едi. Маңыздысы, сол өткен кезеңде Қазақстан Президентi Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың басшылығымен Республика билiгi сындарлы, көреген саясат жүргiзе бiлдi.

Үлкен империя ыдырағаннан кейiнгi қоғамдық ахуалдың ерекшелiктерiн ескере отырып, өзiнiң бұрынғы үлкен отанынан бөлiнiп қалдым деп сезiнген кейбiр этникалық топтар үшiн, оларды қазақстандық патриотизм жолымен тәрбиелеу, олардың мүддесiн ескеретiн ұйымдардың бар екенiн сездiру бағы-тында және Қазақстанның көпұлттылығын, этникалық топтардың көп екен-дiгiн артықшылыққа айналдыру үшiн Ассамблея сияқты ұйым керек болды.

Ассамблея алғашқы қадамдарының бiрi ретiнде тұрақтылықтың саяси, құ-қықтық негiзi болып табылатын Конституция туралы референдумды ынталандырудан бастады. Бұл да Ассамблеяның негiзгi құндылығы - бiздiң бәрiмiзге қажет тұрақтылықты қамтамасыз етудiң тиiмдi тетiгi екенiн көрсеткендей болды.

Түрлi этникалық топтардың ортасында өскен, бала кезiнен бастап адамдар-дың түрлi мәдениеттер, түрлi ұлттардың өкiлдерi болатынын сезiнген адам өсе келе де төзiмпаз және дүниеге ашық, бейiмделгiш болады. Жаһандану заманында, ұлттық мәдениеттi, руханиятты сақтаумен қатар әлемдiк бәсе-келестiкке бастайтын бұл қасиеттер бiздiң қазақ халқының бойында бар. Ал-ғашқы қадамдардан бастап-ақ Ассамблея өзiнiң маңайында ұлттық мәдениет орталықтарының өкiлдерiн ұйыстыра бiлдi, көптеген мәселелердi саясат-тандырмай шешу мүмкiндiгiн туғызды. Бұл Ассамблеяның Парламентке қарағанда ерекшелiгi едi. Мұндағы пiкiрталастар саясаттанбай, өзiнiң күн-делiктi жолымен шешiле бередi.

Қазiргi күнi де Ассамблея осы бағытпен келе жатыр. Ассамблеяның жұмысы кейде көзге көрiнiп, кейде көзге көрiнбей, бiрақ өз ретiмен жүруде. Ассамблея хатшылығының жарнамалап жатпаса да, күнделiктi қажет iспен айналысып жүргенiн бiлемiз. Осы жұмыс өз нәтижесiн беруде. Соның арқасында Қазақстанның ұлтаралық қатынастар моделi, тiптi Еуропадағы Қауiпсiздiк Кеңесiнiң аз ұлттар жөнiндегi Бас комиссариаты мойындағандай үлгi ретiнде қарастырылады.

Әр даму кезеңiнiң ерешелiктерi сол кезеңнiң өзектi мәселерiмен айқындалады. Бiз iшкi тұтастықтың, татулықтың үлгiсiн көрсете бiлсек, әрi қарай осы тату-лықтың негiзi, Қазақстанның болашағы қазақ тiлi деп Елбасы көрсеткендей, қазақстандық патриотизмдi, қазақстандық ұлтаралық қатынас моделiн жаңа биiкке көтерiп, Ассамблеяның да, ұлттық мәдениет орталықтарының да, жалпы халықтың барлығының мүдделерi тоғысатын жерi тәуелсiздiгiмiздi, мемлекеттiгiмiздi нығайту екенiн iстерiмiзбен паш етуге тиiспiз.

Ералы ТОҒЖАНОВ , Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орын-басары - Хатшылық меңгерушiсi:

Елiмiздегi барлық этностар арасындағы шынайы келiсiм мен бiрлiкте тұрмыс кешуi, ең алдымен, қазақ халқының ата-дәстүрi мен табиғи кеңпейiлдiгi, ұлттық дiлiнiң кеңдiгi арқасында екендiгiне дау жоқ.

Дегенмен, Қазақстан тәуелсiздiк алған кезеңде, ел басшылығы алдында халықтың келiсiмiн сақтап қалу, қоғамның барлық күш-әлеуетiн бiр мақсатқа жұмылдыру басты назарда ұсталды. Себебi, 100-ден астам этнос өкiлдерiнiң басын бiрiктiрмесе, «бас-басына би болып», әрқайсысының «көрпенi өзiне тартуы» басталар едi. Сонымен қатар, саяси күштер бұл жағдайды өзiне қа-рай бұрып, қолдана бастар қаупi болды.

Қазақстандағы барлық этнос өкiлдерiнiң мүддесiн қамтамасыз етушi ұйым құру туралы идеяны алғаш рет Елбасы Н. Ә. Назарбаев 1992 жылдың желтоқсанында өткiзiлген Қазақстан халқының бiрiншi форумында айтты. 1995 жылғы наурыз айында Қазақстан Республикасының Президентi жанынан консультативтi-кеңестiк орган ретiнде Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды.

Қазiргi таңда, Ассамблея этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы мемлекеттiк саясатты жүзеге асырушы маңызды құралға айна-лып, елiмiзде тұрмыс кешiп отырған барлық этностардың өзара тең құқықты қатынасын қамтамасыз етушi алаң рөлiн атқаруда. Осы жылдар iшiнде аталған құрылым қоғамдағы тұрақтылықты сақтаушы құралға айналғанын уақыттың өзi дәлелдеп отыр.

Ассамблеяның негiзгi бағыты барлық этностық топтарды ортақ мақсатқа жұмылдыру болып табылады.

Людмила ХОЧИЕВА , Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесi, Парламент Мәжiлiсiнiң депутаты:

Қазақстан халқы ассамблеясы - этносаралық қатынастар үйлесiмiнiң айрықша институты. Оның республикамыздың қоғамдық-саяси көкжиегiнде пайда болуы айтулы оқиғалардың бiрi болып қалды. Қазақстан халқы ассам-блеясы көпұлтты халықтың рухани-мәдени жаңғыруының және бейбiтшiлiктiң жаңа моделi екенi мойындалды. Бұл күнде беделдi қоғамдық институттардың бiрiне айналған Ассамблеяның ел Президентiнiң ең табысты жобасының бiрi екенiн айтуымыз керек. Оның қызметi аса беделдi халықаралық ұйымдардың жоғары бағасын алды, соның iшiнде БҰҰ мен ЕҚЫҰ да бар. Алғаш қарашай-балқар мәдени орталығы құрылғанда, жер аударылған жылдары қайтыс болған әруақтарға бағыштап құран оқыттық. Сонда қарттарымыз көздерiне жас алып, толқығанын көрдiк. Дiнiмiз бен дiлiмiздi қайта жандандыру, барлық ұлт өкiлдерiнiң еңсесiн тiк ұстау тек

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЫРЫС АЛДЫ - ЫНТЫМАҚ
Араб мемлекеті
Тарихтар жеткізген тәуелсіздік
1 желтоқсан - Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні
Ертедегі ғасырлар
Экологиялық тәрбие негіздері
Ана тілі сабағында оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу
Тұманбай Молдағалиевтің өмірбаяны
Қазақ хандығы жайлы
Тәрбиенің заманауи тұжырымдамалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz