Ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру



ХХІ ғасыр мектебінің мұраты — жас жеткіншектерді жауапкершілігі жоғары, парасатты, адамгершілік мәдениеті қалыптасқан, өмірге икемді, прогрессивті ойлай алатын белсенді, жеке шығармашылық қабілеті бар, ұлтжанды тұлға етіп тәрбиелеу. Осыған байланысты еліміздің орта білімді дамыту тұжырымдамасында "білім беру мекемелерінің ең негізгі мақсаты: дүниетанымдылық, құзырлық, шығармашылық" деп атап көрсетілген. Ендеше қазіргі қоғамда "орындаушы" адамнан гөрі "шығармашылық" адамға деген сұраныстың көп екендігі айқындалып отыр.
Шығармашылық — бүкіл тіршілік көзі. Демек, білім беру ісіндегі басты бағдар студенттердің тек шығармашылық мүмкіндіктерін дамытып қана қоймай, олардың шынайы өмірде дара тұлға болып әзірленуіне бағытталады. Өйткені, ЖОО-да шығармашылық сабақтарды жиі өткізу оң нәтижеге бастайтыны тәжірибе жүзінде дәлелденіп келеді. Оқытушының кез келген сабағы шығармашылық сипатта өткізіліп отырса, студент дербестігінің қалыптасуы жоғары деңгейге көтеріліп, оның танымдық белсеңділігін оятуға, шығармашылық қабілеттерінің дамуына, адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына көмегін тигізеді.
«Оқытушы әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр құя алады» деп Ахмет ағамыз айтқандай, оқытушы қашанда тыным таппай, өз білігін жетілдіріп отыруы тиіс. Құзыреттілік мазмұны: жеке кәсіптік, интегралдық сипаттама ретінде мына міңдеттерді жүзеге асыра білумен анықталады: болжау, ұйымдастыру, бақылау, реттеу, белсенділігін арттыру, зерттеу.
Венн диаграммасы стратегиясында берілетін талқылама сұрақтар студенттерді шын мәнінде білімге қызықтырып, белсенділігін арттырады. Жаңа әдістерді, сонымен бірге Х.Бітібаеваның "Әдебиетті оқытудың инновациялық технологиясын" 5-6 сыныптың әдебиет сабағында қолданғанда, студенттер үнемі ізденіс үстінде болып, жаңалық ашуға талпынатыны байқалады. Мінезі тұйық Беляев Абай деген студентім ешкіммен араласпай, сабаққа құлқы болмай жүретін. Бірнеше сабақтан соң сол Абайдың бойында оң өзгеріс пайда болып, ол өз тобында пікірін еркін білдіретін және өтірік өлеңдер, жаңылтпаштар арқылы сабақ қорытындысын айтатын дәрежеге жетті. "Автор орындығы" стратегиясын қолданғанда "Кім көп айтады" ойынын ұйымдастыра отырып, студенттердің пәнге деген қызығуын оята білсек, оларды шапшандыққа, сөздік қорын молайтуға, шығармашылыққа төселдіруге болатынына өзімнің көзім жетіп келеді.
Негізі сабақ үш кезең бойынша жүзеге асырылады:
1) қызығушылығын ояту;
2) мағынаны ашу;
3) толғаныс.
Үшінші кезең — ой-толғаныс кезеңінде әр студент өз білімін көрсетуге, қаншалықты игергенін дәлелдеуге тырысады. Алған мәлімет ақпараттарын ой елегінен өткізіп, қалай қолдану қажеттілігін саралап салмақтайды. Өзін тыңдату және өзгенің пікірін мұқият тындау, бағалау, сыни тұрғыдан талқылау, ой бөлісу сияқты тиімді әрі пайдалы қажеттіліктерді үйренеді.
Тіл мен әдебиетті оқытуда озық технологиялық үрдістердің әдіс-тәсілдерін жиі қолдану студенттерді жаңаша ойға жетелеп, тақырыпты тереңірек ұғындыруға, шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге ықпал етеді. Ең бастысы, өз ұлтымызды, мемлекетімізді өркендетіп, білімді, болашақ данышпан шәкірттер тәрбиелеу үшін бірінші кезекте балалардың сезімталдығын, ойын, тілін, жалпы шығармашылық қабілетін дамытудың маңызы зор деп білемін.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
ХХІ ғасыр мектебінің мұраты — жас жеткіншектерді жауапкершілігі жоғары,
парасатты, адамгершілік мәдениеті қалыптасқан, өмірге икемді, прогрессивті
ойлай алатын белсенді, жеке шығармашылық қабілеті бар, ұлтжанды тұлға етіп
тәрбиелеу. Осыған байланысты еліміздің орта білімді дамыту тұжырымдамасында
"білім беру мекемелерінің ең негізгі мақсаты: дүниетанымдылық, құзырлық,
шығармашылық" деп атап көрсетілген. Ендеше қазіргі қоғамда "орындаушы"
адамнан гөрі "шығармашылық" адамға деген сұраныстың көп екендігі айқындалып
отыр.
Шығармашылық — бүкіл тіршілік көзі. Демек, білім беру ісіндегі басты
бағдар студенттердің тек шығармашылық мүмкіндіктерін дамытып қана қоймай,
олардың шынайы өмірде дара тұлға болып әзірленуіне бағытталады. Өйткені,
ЖОО-да шығармашылық сабақтарды жиі өткізу оң нәтижеге бастайтыны тәжірибе
жүзінде дәлелденіп келеді. Оқытушының кез келген сабағы шығармашылық
сипатта өткізіліп отырса, студент дербестігінің қалыптасуы жоғары деңгейге
көтеріліп, оның танымдық белсеңділігін оятуға, шығармашылық қабілеттерінің
дамуына, адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына көмегін тигізеді.
Оқытушы әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр құя алады деп
Ахмет ағамыз айтқандай, оқытушы қашанда тыным таппай, өз білігін жетілдіріп
отыруы тиіс. Құзыреттілік мазмұны: жеке кәсіптік, интегралдық сипаттама
ретінде мына міңдеттерді жүзеге асыра білумен анықталады: болжау,
ұйымдастыру, бақылау, реттеу, белсенділігін арттыру, зерттеу.
Венн диаграммасы стратегиясында берілетін талқылама сұрақтар
студенттерді шын мәнінде білімге қызықтырып, белсенділігін арттырады. Жаңа
әдістерді, сонымен бірге Х.Бітібаеваның "Әдебиетті оқытудың инновациялық
технологиясын" 5-6 сыныптың әдебиет сабағында қолданғанда, студенттер үнемі
ізденіс үстінде болып, жаңалық ашуға талпынатыны байқалады. Мінезі тұйық
Беляев Абай деген студентім ешкіммен араласпай, сабаққа құлқы болмай
жүретін. Бірнеше сабақтан соң сол Абайдың бойында оң өзгеріс пайда болып,
ол өз тобында пікірін еркін білдіретін және өтірік өлеңдер, жаңылтпаштар
арқылы сабақ қорытындысын айтатын дәрежеге жетті. "Автор орындығы"
стратегиясын қолданғанда "Кім көп айтады" ойынын ұйымдастыра отырып,
студенттердің пәнге деген қызығуын оята білсек, оларды шапшандыққа, сөздік
қорын молайтуға, шығармашылыққа төселдіруге болатынына өзімнің көзім жетіп
келеді.
Негізі сабақ үш кезең бойынша жүзеге асырылады:
1) қызығушылығын ояту;
2) мағынаны ашу;
3) толғаныс.
Үшінші кезең — ой-толғаныс кезеңінде әр студент өз білімін көрсетуге,
қаншалықты игергенін дәлелдеуге тырысады. Алған мәлімет ақпараттарын ой
елегінен өткізіп, қалай қолдану қажеттілігін саралап салмақтайды. Өзін
тыңдату және өзгенің пікірін мұқият тындау, бағалау, сыни тұрғыдан
талқылау, ой бөлісу сияқты тиімді әрі пайдалы қажеттіліктерді үйренеді.
Тіл мен әдебиетті оқытуда озық технологиялық үрдістердің әдіс-
тәсілдерін жиі қолдану студенттерді жаңаша ойға жетелеп, тақырыпты
тереңірек ұғындыруға, шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге ықпал етеді. Ең
бастысы, өз ұлтымызды, мемлекетімізді өркендетіп, білімді, болашақ данышпан
шәкірттер тәрбиелеу үшін бірінші кезекте балалардың сезімталдығын, ойын,
тілін, жалпы шығармашылық қабілетін дамытудың маңызы зор деп білемін.

Ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру
Қазіргі заманда білім беру әлеуметтік құрылымның маңызды
элементтерінің біріне айналды. Дүние жүзінде білімнің құны жоғары артты.
Адамның болашағы оның қазіргі алған білімінің сапасының көлеміне, ойлау
деңгейіне байланысты.
Қоғамдағы негізгі ерекше контингентті студенттерді жетілдіру - негізгі
мақсат. Бала құндылығын жетілдіру жолы бастауыштан басталады.
Жоғарғы оқу орны - бұл студент тұлғасы мен сапасының дамуы қуатты
жүретін, ерекше құнды, қайталанбайтын кезеңі. Сондықтан да Жоғарғы оқу орны
білім - үздіксіз білімнің алғашқы баспалдағы.
Бүгінгі таңда жаңа заманға сай нәтижелі білім беруді жүйелі ұйымдастыру
ЖОО-да ғылыми зерттеу жұмыстарының алғашқы қадамы маңызды жұмысы болып
отыр. Студенттердің қабілетті, дарынды, шығармашылық шеберлігі,
ізденімпаздығы, медиабілімді меңгеруі, компьютерлік графика, дизайн, жаңа
ақпараттық мәдениетті құру және дамыту зерттеу жұмысын ұйымдастырудың басты
негізі - ғылыми зерттеу жұмысы.
Оқытушының бағыт беруіне байланысты ЖОО-да дарынды студенттермен
қабілетті, қызығуы, инновациялық технологияларды меңгеруі жоғары жандармен
педагогикалық-психологиялық кеңестер жүргізіледі.
ХХ ғасыр - ақпараттық қоғам ғасыры. Бұл өркениеттің жаңа түрі десе де
болады. Жаңа әлемге үлкен дайындықпен, біліммен және ғылыми зерттеуге құлаш
ұрған ұрпақ мәселесі дұрыс бағаланып, сеніммен қалыптасуы керек. Ал бұл ең
әуелі медиа-білімге байланысты. Жас ұстаз ол үшін өз алдына мынандай
негізгі мақсат қояды.
1. ЖОО-да өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын (ата-аналарымен, жеке пән
оқытушылармен бірлесе отырып) қалыптастыру.
2. Студенттің өз пікірі бар, дара тұлға ретінде бағыттап тәрбиелеу
(қабілетіне, тума талантына сай).
3. Студентке сенімділік білдіру, пәнге деген қызығуларын арттыру, жеке
шығармашылык, деңгейін көтеру.
4. Өз білімділігіне сенімділігін, оны дамыта алатындығына бағыт беру.
5. Жоспарлау, мақсат пен міндет, ақпараттық қормен қамтамасыз ету.
Талдау, іскерлік дағдыларын, белсенділігін, өз білімін көтерудегі бағытына
бағдар жасауға жол ашу.
Студенттердің қабілетіне сай белсенділігі жоғары, шығармашылығы ғылымға
бағытталған жеке бастың "Мен" тұлғасын ұстаз ретінде мынадай сапада
талдадым:
- Студент таңдаған пәннің ғылыми саласын, жалпы ғылымның теориялық
негізін, әдістемесін, тарихи дамуын, қазіргі жетістігін бағытқа аламын;
- ғылыми жұмыстың негізін даралау (педагог ғылыми жетекші көмегімен);
- жаңа әдебиеттермен қамтимын;
- студентім таңдаған ғылыми жұмыстың мақсатын айқындаймын;
- ғылыми әдістер мен формаларына гипотеза жасаймын;
- ғылыми жұмысқа сай материал таңдайды (студент), мен педагог ретінде
бағыт-бағдар беремін;
- жаңа диагностикалық зерттеулер жүргізеді (студент педагог көмегімен);
- ғылыми жұмысқа жергілікті компонентті пайдаланады;
- дидактикалық материалдар жинайды;
- диагностикалық бақылау жүргізеді;
- сауалнама негізі ғылыми жұмыс тақырыбына сай;
- ғылыми жұмысына талдау мониторингі жұмысы ғылыми жұмысты
қорытындылайды.
Адамзат қоғамы ғылыми-техникалық прогресс жетілген XXI ғасырға қадам
басқанда білім берудің жаңа әлемдік кеңістігіне жол ашылды. Білім беру
парадигмасы өзгерді. Оқудың мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-
қатынас қалыптасты. Негізгі міндет - студенттерді өз бетінше жұмыс істеуге
үйрету, өздігінен зерттеу жұмыстарын жүргізуге баулу, қосымша пәндерді оқып-
үйренуге негізгі біліктіліктермен қаруландыру. Таңдаған пәнінің базалық
мазмұнына көңіл бөлу. Көбіне зерттеуге берілетін тақырыптар,
минизерттеулер, практикалық тұрғыдағы жұмыстар, анықталған проблеманы шешу,
қарапайым сынақ жүргізу, материалды жүйелеу, сәйкестік диаграммасын құру,
болжамды айғақтау – ЖОО-да ғылыми зерттеу жұмыстарының негізгі жолы.
Студентпен жұмыс ортақ міндет. Әрбір дарынды студент өзінің ізденістерін,
жүргізілетін зерттеу жұмыстарын белгілі жоспармен, өзіндік ізденіспен
өзгерістер енгізе отырып орындайды. Заман ағымы, уақыт өлшемі, жаһандану
үрдісі қарқын алды. Білім мен ғылым жаңа ғасыр табалдырығын әлем таныған
тәуелсіздікпен келді. Үшінші мыңжылдықта дарынды студенттер жаңа
технологияны меңгермейінше қарыштап алға басу мүмкін емес, инновациялық
белсенділік, жаңаны білсем, үйренсем деген құлшыныс студентке ауадай қажет.
Сол себептен де білім алудың жаңа парадигмасын меңгерген студент уақыт
талабына сай өз дайындығын қалыптастырады. Әлемдік бәсекеге қабілетті, жаңа
біліммен қоғамды дамытуға өз үлесін қосу барысында ғылымға инновациялық
реформалы өзгерістер мен коммуникациялық ақпараттық технологиямен жол ашты.
Студент инновациялық дайындығын қалыптастыру, білім беру философиялық
идеясын жүзеге асыру, дарынды, өмірлік бағытын қолдау, білімдер жиынтығын
қолпаштау - жоғарғы оқу орны оқытушысының алғашқы басты міндеті. Оқытушы
инновациялық дайындықты қалыптастыруда: а) педагог-новатор; ә) педагог-
инноватор; б) инноватор қызметі құнды.
Қазақстан Республикасының өркендеуіне дарынды тұлға, тума таланттардың
жаңа ойлары, өнертапқыштығы, ғылыми жетістіктері тақырыптарының өзектілігі
үнемі бағамдау, байқау, іздеу, жинақтау жұмыстары жаңа ғасыр ЖОО-да ғылыми
техниканың дарынды адам құдіретінің еңбек жемісінің айғағы. Жоғарғы оқу
орындарында ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру қоғам қажеттілігі
талабынан туындады. Адам дамуының ең жоғарғы шегіне жетіп, бір немесе
бірнеше көрнекті істерде ерекше табысқа жеткен кезде дарындылық болып
саналады.
Данышпан адамның қызметі қоғам үшін тарихи және жағымды маңызға ие
болады. Данышпандар өз дәуірінің өзгеруіне әсер ете алады. Ендеше әрбір
дарынды бала - мемлекетіміздің болашағы.
Студенттердің шығармашылық қабілетін дамыту бағыты
Қазақстанның орта білім жүйесінің алдына бүкіладамзаттық құндылықтар,
ұлттық рухани мұралар, адамгершілік пен ізгілік, елжандылық тұғырнамасында
қалыптасқан, тәні және жаны сұлу, өзіне-өзі сенімді, ғылыми-теориялық
білімділігі мен тәжірибелік қабілеттері арқылы күрделі әлемдік, өмірлік әрі
әлеуметтік кеңістікке еркін ене алатын қасиеттерге ие дарынды тұлға
тәрбиелеу міндеті қойылып отыр. Қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайда
кәсіби жетістікке жалпы және арнайы қабілеттілік, білімділік, шығармашылық
арқылы ғана жетуге болады. Сондықтан ата-аналардың, оқытушылардың алдында
жаңа міндет тұр: балалардың жеке қабілеттілігін, бейімділігін анықтау және
оны дамыту, соның негізінде олардың болашағына бағыт беру. Осы аталған
мәселенің өзектілігі соншалық, жеке тұлғаның дарындылығын дер кезінде
анықтап, оған қолдау көрсету аса дәлелдеуді қажет етпейді.
Елбасы Н.Назарбаевтың "Болашақта еңбек етіп өмір сүретіндер — бүгін ЖОО-
ның студенттері, оқытушы оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде
болады, яғни тәрбиенің түпкі мақсаты — қоғамның нарықтық қарым-қатынасқа
көшу кезінде саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарында жеңіп шыға
алатын, ізгілігімен XXI ғасырды құрушы, іскер, өмірге икемделген жан-жақты
мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру " деп тұжырым жасағаны
бекерден бекер емес. XIX ғасырда қазақ халық ағартушылары да халықты
сауаттандыру, жеке тұлғаның қабілетін дамыту мәселелерін көтере бастады.
Ағартушы Ы.Алтынсарин "Табиғи ақыл өзін қоршағанды ғана құшағына ала алса,
оны дамытып, өзі көрмегенді де танып білуге мүмкіндік жасайтын тек қана
өркениетке жетелейтін озық (светское) білім " дейді. Ш.Уәлиханов
шығармаларында жеке тұлға тәрбиесіндегі білім мен тәрбиенің шешуші рөлі
көрсетілген. Оның жалпы қазақ халқының ақыл-ой қабілеттілігі жөніндегі
пікірі мынандай: "Қазақтар табиғатынан ақыл-ой жүйріктігімен, таңқаларлық
көңілшектілігімен ерекшеленеді". Ш.Уәлиханов тәрбиеге үлкен маңыз бере
отырып, адам қабілетінің дамуына оның табиғи бейімділігінің мәні зор
екендігін алға тартады. А.Құнанбаев адамды қоршаған орта табиғаттың бір
бөлігі дей келе, табиғаттың адам баласына берген керемет сыйы туылғаннан
бастап білуге, түсінуге деген ұмтылысы деп есептейді. Бірақ, бала өсе келе
осы қасиетті біртіндеп жоғалта бастайды.
Жеке тұлғаның рухани өсуі дегеніміз — кісілік қасиетін, шығармашылық
қасиетін, дүниетанымын кеңейту. Біреулер айналадағы құбылысқа тандана,
тамашалай қарайды, ал енді біреулер сын көзімен қарап, ой қорытуы, сыни
пікірлер айтуы мүмкін. Тандана, тамашалай қараған баладан шығармашылық
қасиетті тани білу — оқытушы парызы.
Психологтердің зерттеуінше, әрбір жаста шығармашылыққа баулуға өзек
болардай өзіндік қабілет, бейімділік болады. Сондықтан жүйелі түрде
шығармашылыққа баулып, ақыл-ойын, икемділігін дамыту қажет. Орта буынның
шығармашылық мүмкіндігі зор, өйткені, олар шығармашылықпен тұрақты,
белсенді айналысуға икемді келеді.
Шығармашылық қызығуы қалыптасқан студенттердің мынандай ерекшеліктері
болады:
— балалардың өзіндік ойлау ерекшеліктері басым, түрлі болжамдар жасауға
қабілетті, қиялы ұшқыр, өзін танытуға құштар;
— шығармашылықпен айналысуға ұмтылып тұрады, шығармашылық күшін сынауға
тырысады;
— қиялдары жүйрік, бейнелер сомдауға шебер, жан дуниесі нәзік, лирик
болып келеді, болмыстары поэзиядан құралады;
— бұл жастағылар ақыл-ой қабілеттілігін тек өзін қызықтырған іске
бағыттайды, ал қызықтырмаған істе қалыпты білік-дағдыларымен шектеледі;
— студенттер мазмұндама, мінездеме жазудан гөрі әңгіме, өлең, ертегі
жазуға бейім.
Студенттерді шығармашылыққа баулу үшін тағы бір қажеттілік баланы
психологиялық дайындықтан өткізу. Психологиялық дайындық, яғни, педагогтің
психологиялық әсері шығармашылық кезеңде баланың шабытын оятып,
құлшындырып, еліктіріп отырады. Шығармашылық шеберлік үшін студентке
оқытушының берер психологиялық әсері мынандай болмақ:
— "сенің қолыңнан бәрі келеді", "сен қабілеттісің", "жаз", "үйрен" деп,
баланың еркін билеп, сенім білдіру;
— студенттің кішкентай жетістігі болса да жоғары бағалап, мадақтап,
көтермелеу, студенттер басылымында өлең, әңгімелерінің жарық көруіне
көмектесу;
— шығармашылық сәтте студентке құптаушылық көзқарас білдіру, сезім
күйін бақылау, қамқорлық таныту;
— ақын-жазушылардың, өнер адамдарының шығармашылық дәстүрінен
қызғылықты оқиғаларды әңгіме ету;
— студенттер үшін педагог өзін қарапайым жан есебінде таныта білу,
оқиға, сюжет, образ жасауда оларға сенім білдіру;
— студенттің қойған сұрақтарына пейілімен дұрыс жауап беру, олардың
психологиялық еркіндігін қамтамасыз ету.
Шығармашылық студентке шын ләззат, қуаныш сезімін әкелуі тиіс. Жаңаны
жасау, өзі жасаған тың дүниеден алған жан ләззаты студент үшін шабыт
баспалдағы саналады. Ғылыми жұмыс жаза білген студенттің сұлулық пен
әсемдік туралы түсінігі мол болады. Шығармашылық — студент үшін сұлулық пен
әсемдіктің мектебі. Студенттерге алуан түрлі тапсырмалар беру, ойындар
ұсыну студент назарын шығармашылық арнаға бұрады. Ұшқырлық, өткірлік,
қиялға, ойға жүйріктік, ой жүйесіндегі дәлдік, философиялық түйін табу,
сөзді сүю, оның мән-мағынасына түсіну, әдемі, жүйелі сөйлей білуге үйрету
қажеттілігі ЖОО-да тіл тәрбиесін жүргізудің сан алуан формасын меңгеруді
керек етеді. Шығармашылықтың түрлері көп. Солардың ішіндегі ерекшесі — сөз
өнері саласы. Олай болса, студенттерге сөз өнерін меңгерту оқытушының
алдына қойған негізгі мақсаттарының бірі болуы тиіс.
Шығармашылық қызығуы қалыптасқан балаларды іздеу, оларды тәрбиелеу
қоғам үшін өте қажет, себебі дарынды адам басқа адамдарға қарағанда көп
пайда алып келеді. Сол себепті студентті зерттеу, бейімдеу, ынталандыру
жұмыстары көптеп жүргізілуі қажет.
Студенттердің өзіндік жұмысты орындау барысыңда тек жалпы пән бойынша
білім, білік пен дағдыны алып қана қоймайды, сонымен қатар мақсатты көздеу,
жоспарлау, талдау, рефлексия, өз оқу әрекетіне өзіндік бақылау жасай алатын
интеллектуалды ой-өрісі бар шығармашыл тұлға қалыптастыру іске асады.
Оқытушының басшылығымен жүргізілетін студенттің өз бетінше жұмысы 2
қызметті атқарады: кеңесшілік және бақылаушылық.
Студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыруға қойылатын педагогикалық
талаптар жүйесі

Мақсат- міндетіҰстанымдары Педагогикалық Формалары Әдіс-
шарты тәсілдері

— студенттің — жүйелілік; — аудиториялық — жеке; — әңгіме;
өздігінен — белсенділік;және өзіндік — ұжымдық; — әңгімелесу;
білім алуын, " — жұмыс көлемінің — топтық. — пікірталас;
ізденісін түсініктілік, өзара -
қамтамасыз ету;— көрнекілік. үйлесімділігі; педагогикалық
— студенттің — студенттің тренинг;
шығармашылық дербес қабілетін — миға шабуыл;
қабілетін есепке алу; -
дамыту; — әдістемелік педагогикалық
— студенттің өз тұрғыдан ринг.
жұмысын бағалай қамтамасыз
алуы, өзіне-өзі етілуі;
баға беруі; — тапсырманың
— болашак ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жоғарғы және орта оқу орындарында оқу тәрбие працесін басқарудағы мұғалім шеберлігі таңдаған мативацияны күшейту
Кредиттік оқыту бойынша студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру әдістемесі
Студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстары жайлы
Мектепке дейінгі мекемелерде зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру ерекшеліктері
Білімгердің өзіндік жұмысын басқару
Ғылыми іс- әрекет (ғылыми процесс ретінде) туралы ақпарат
БІЛІМГЕРЛЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге байланысты құзырлықтарын қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Жастарға білім беру және тәрбиелеу саласында тарихи кезеңнің ерекшеліктері
Бастауыш мектеп оқушыларының ғылыми - зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың маңызы
Пәндер