Отбасында тұлғааралық қарым - қатынасты қабылдаудың психологиялық аспектілері


КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4

І бөлім. ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ТҰЛҒААРАЛЫҚ ҚАРЫМ.ҚАТЫНАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

1.1 Отбасында жасөспірімдерді тәрбиелеудің психологиялық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1.2 Отбасындағы жасөспірімдердің тұлғааралық қарым.қатынасының қалыптасу ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
1.3 Отбасында жасөспірімдерді тәрбиелеудің негізгі бағыттары ... ..21

2 бөлім. ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІНДЕ ЖАСӨСПІРІМДЕР ҚАРЫМ.ҚАТЫНАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫН ЭКСПЕРИМЕНТАЛЬДІ СЫНАҚТАН ӨТКІЗУ

2.1 Отбасы тәрбиесі барысында жасөспірімдердің тұлғааралық қарым.қатынасының қалыптасуын анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .36
2.2 Отбасы тәрбиесінде жасөспірімдердің тұлғааралық қарым.қатынасын түзету жаттығуларын жүйелеу және қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..45
2.3 Отбасы тәрбиесінде жасөспірімдердің тұлғааралық қарым.қатынасын зерттеу нәтижесін жинақтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...56

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .59

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...61

ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 66
КІРІСПЕ
Отбасы баланың ең жақын әлеуметтендіру ортасы. Осы ортада баланың өмірдің мақсаты, оның құндылықтары, не біліп, өзін қалай ұстау керектігі туралы алғашқы мағлұматтар меңгеріледі және онда басқалармен қарым-қатынас орнатуға дағдыланады. Сөйтіп, өзінің «кім» және «қандай» екенін, басқалардың «кім» және «қандай» екенін тәжірбиеде сынап байқап көреді. Балар отбасында әртүрлі жағдаяттар мен төтенше ахуалдарда өзін ұстаудың нормаларын, мінез-құлқын реттеудің өлшемдерін меңгереді. Отбасы психологиясын зерттеушілер А.Г.Харчев, А.Н.Антонов, З.И.Файнбург, Д.Горборинко оның функцияларын ата-ананың үгіт-насихаты, түсіндіруі, олардың үлгі-өнегесі, үйдегі ахуал, отбасының психологиялық тынысы арқылы балалардың әдеті, мінез-құлқы, жақсы-жаманды бағалау уәзіндері (критерий) қалыптасуымен бірге қандай қылықтары үшін сөгіс алып, не үшін жазаланатынын, әділдік пен адалдық үғымдарын меңгереді деген тұжырымдар жасады.
Қазақстан Республикасының Конститутциясында «балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы» деп, отбасының міндеті нақты көрсетілген.
«Қазақстан-2030» бағдарламасында балаларымызды алыс болашақта қандай сапада көруіміз керектігі айтылған. Сонымен бірге, отбасы туралы заң жоғары және орта білім тұжырымдамасында әрбір отбасына өзінің ұрпағын тәрбиелеп, қатарға қосу міндеті жүктелген.
Қазіргі заманда отбасының құрылымы өзгеріп, оның мүшелер саны азайып, бала саны да кеми түсті. Қоғамдағы әлеуметтік, мәдени экономикалық жаңғырулар, әр түрлі сипаттағы әлемдік деңгейдегі ақпарат алмасу, отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынас сипатына да өз әсерін тигізіп отыр. Қазіргі аналардың көпшілігі жұмыс жасайтын болғандықтан бала уақытының көбін пассивті тәрбиешілермен өткізеді. Бала тәрбиесі қалалық отбасына тән болып отырған келесі ерекшеліктерімен шартталған: балалардың көбісі күннен күнге ұлғайып отырған айырылысулардың нәтижесінде әкесіз немесе анасыз өседі; теледидар, жеке бөлме т.с.с. өркениеттің жетістіктері балалар мен олардың ата-аналарының арасындағы қарым-қатынас процесін қиындатады.
Қарым-қатынастың адамзат өмірінде аса маңызды роль атқарады. Қарым-қатынас нәтижесінде тұлғааралық байланыс орнығып, өзара мәміле қалыптасып дамитындығы әр жеке тұлғаның қалыптасуында жетекші факторлардың бірі болады. Қарым-қатынас барысында өзара пікір алмасу, сезім әлеміне бірлесіп ләззат алу, қайғы, қуанышта ортақтас болу арқылы адамдар арасында сенімді кең ауқымды эмоциялар арқылы екі немесе бірнеше психологиялық жүйе не бірнеше рухани әлем және ой-пікір, сана-сезім, мінез-құлық, қылық-жорықтар арасында келісім, өзара түсіністік, не болмаса қақтығыс, талас-тартыс, қарама-қайшылық тұрғысындағы мәміле үрдісі іске асады (А.В. Мудрик, А.В. Запорожец, Қ. Жарықбаев, Ж.Ы.Намазбаева, С.М. Жақыпов, М. Мұқанов ) [1, 8-9]
Отбасы ұғымына анықтама беру, оның атқаратын қызметтерін нақтылау, отбасындағы қарым-қатынас мәселерін талдау көптеген зерттеулерде орын алған. Отбасы қызметінің ортақ топтамасы немесе жіктемесі де жетік түрде толық жасалмаған. Г.М.Свердлов және В.Л.Ресенцев (1958) отбасының маңызды қызметтерін ұрпақ жалғастыру, тәрбиелеу, шаруашылық және өзара көмек көрсету түрлерін датқызған. Ата-ананың отбасылық ықпалы туралы өз еңбектерінде А.Ю.Гавит, Э.А.Тийт қарастырды, сонымен қоса некедегі сәйкестікке қатысты мәселелер де талданған [5,64-65].
Д.Горборино отбасын «адамзаттың тәжірибенің негізгі бірлігі» ретінде сипаттады [6,17]. А.Н.Антоновтың айтуынша, отбасы ата-ана бала қатынасын орнатады, ал неке болса ер азамат пен әйел адамның арасындағы қарым-қатынасты растайтын мойындау болып табылады. Ол отбасылық кеңістік аймағы үй, пәтер көңіл аударады, және де отбасының меншігі иен экономикалық негізі ата-аналар мен балалардың жалпы отбасылық іс-әрекетін болжайды [3,65].
Отбасылық қатынастар бойынша құрылған отбасы анықтамаларының ішінде А.Г.Харчевтің ұсынған анықтамасы бойынша – «отбасы - бұл жұбайлар арасындағы ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынастардың жүйесі, оның мүшелері бір-бірімен некелік және туыстық қатынаспен байланысады, ортақ тұрмыс пен өзара адамгершіліктің жауапкершілікпен, қоғамның қажеттіліктеріне шартталынған әлеуметтік тәуелділікпен сипатталады» [1,63]. «Отбасы денелік өмір мен әлеуметтік ағза өмірінің арасында байланыстырушы звено» - деп берген А.Б.Харчевтың отбасы ұғымына анықтамасы жалпылама түрде болып табылады.
Қазіргі кезде отбасы проблемаларының арасында ата-ана мен бала арасындағы қатынаста түсінбеушілік жиі орын алып, бір-біріне кешіріммен қарау процесі кешеуілдеп, психологиялық қызмет көрсету жағынан мәселе туындауда. Сондықтан отбасынды орын алған қиындықтарды шешуге көмек көрсету жолдарын жан-жақты зерттеу қажет болып отыр. Осы мәселені шешу жолдарын іздеу мақсатында зерттеу тақырыбын «Отбасында тұлғааралық қарым-қатынасты қабылдаудың психологиялық аспектілері» деп анықтадық.
Зерттеу мақсаты: отбасында тұлғааралық қарым-қатынасты қабылдаудың психологиялық аспектілерін теориядлық жағынан негіздеп және қарым-қатынаста орын алатын қақтығыс жағдайлардың теріс әсерін төмендету жолдарын анықтау.
Зерттеу обьектісі: отбасына психологиялық қызмет көрсету.
Зерттеу пәні: отбасында тұлғааралық қарым-қатынасты қабылдаудың психологиялық аспектілерінің ерекшелігін зерттеу.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер де, отбасындағы тұлғааралық қарым-қатынастың демократиялық стилі үлкендер жағынан дұрыс бағытта қолданылса, қарым-қатынастың әлеуметтік-моральдық деңгейінің ерекше түрі - құрбы-құрдастық және достық қатынас маңызды роль атқаратындығын ескеріліп, оған қолдау көрсетілсе, онда отбасында тұлғааралық қатынасты дұрыс қабылдау орын алады.
Зерттеу міндеттері
1. Отбасында тұлғааралық қарым-қатынасты қабылдаудың психологиялық ерекшеліктері туралы ғылыми - теориялық әдебиеттерге талдау.
2. Отбасында тұлғааралық қарым-қатынас ерекшеліктерін зерттеу әдістемелерін жинақтау.
3. Отбасында тұлғааралық қарым-қатынасты қабылдаудың ерекшеліктерін айқындау экспериментін жүргізу.
4. Отбасында тұлғааралық қарым-қатынасты қабылдаудың психологиялық көрсеткіштерін коррекциялау жаттығуларын пайдалану.
5. Отбасында тұлғааралық қарым-қатынасты қабылдаудың психологиялық аспектілері бойынша жүргізілген зерттеулерді қорытындылау, психологиялық ұсыныстар жасау.
Зерттеу әдістері: 1. Теориялық, әдістемелік әдебиеттерді және құжаттарды талдау әдісі. 2. Айқындау және қайта құру эксперименті. 3. Психодиагностикалық әдістемелер: «Отбасылық қобалжуды анықтау» сұрақна масы. “Ата-ана мен бала өзара қатынасы”, “Рене Жиль” әдістемесі, “Қажеттілік базасы” әдістемесі, «Отбасында эмоционалды қатынасты анықтау», ПЭА (түсіністік, эмоционалдылық және беделдік) сауалнамасы.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері - отбасы тұлғааралық қарым-қатынас қалыптасуына берілген теориялар, пікірлер мен тұжырымдар (А.Г. Харчев, Б.Г. Ананьев, В.В. Драгунова, И.С. Кон, Э.Берн және т.б.), психиканың онтогенезде дамуы мен тұлғааралық қатынас қалыптасуы жайлы Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, С.Л. Рубинштейн, З.Г. Ананьев, Д.Б. Эльконин т.б. ғалымдардың еңбектерінде қалыптасқан психикалық даму теориялары, жеткіншек жасының ерекшеліктерін зерттеген В.В Драгунова, И.С. Кон, В.В. Столин қағидалары, Э.Берннің трансактілік талдауы, С.М.Жақыповтың, Қ.Б.Жарықбаевтың бірлескен диалогты танымдық іс-әрекет тұжырымдары, жеткіншектердің психикалық даму мәселелеріне қатысты Қазақстандық зерттеулердің теориялық негізі мен мәнділігін (С.М. Жақыпов, Қ.Б.Жарықбаев, В.К.Шабельников, Ж.Ы.Намазбаева) құрайды.
Зерттеудің теориялық мәнділігі: зерттеуде отбасы құндылығы және сапалары эмоционалды, когнитивті және мінез-құлықтық деңгейде ерекшеліктері көрсетілген. Алынған мәліметтер: отбасында тұлғааралық қарым-қатынасты қабылдаудың психологиялық аспектілері, отбасындағы тұлғааралық қарым-қатынас процесіне психокоррекциялық жұмыстар жүргізу жолдары жүйелі түрде талданған.
Зерттеудің тәжірибелік мәнділігі: отбасында тұлғааралық қарым-қатынасты қабылдаудың психологиялық процесінің аспектілерін анықтауға пайдаланылатын әдістер қазақ тіліне аударылып, осы ортаға бейімделіп қолданылды, нәтиже көрсеткіштері тепе-тең деңгейде мәселені қарастыруға әкеледі. Зерттеу көрсеткіштері мен қолданылған психокоррекциялық әдістемелер психолог әрекетінің құрылымы мен стратегияларын әсерін жоғарылатуға әкеледі.
Зерттеу кезеңдері.
Зерттеу үш кезеңде жүргізілді. Бірінші кезеңде тақырып анықталып, ғылыми-әдістемелік әдебиеттер талданды, библиография тізілді, зерттеу мақсаты, міндеттері, объектісі мен пәні айқындалады. Екінші кезеңде жинақталған материалдан теориялық тұрғыдан талдау жасалынып, курстық жұмыс жазщылды, зерттеу базасында айқындау эксперименті жүргізілді және отбасына кеңес беру жұмыстары ұйымдастырылды. Үшінші кезеңде зерттеу барысында анықталған психодиогностикалық көрсеткіштерге сәйкес психокоррекциялық жұмыстар, түзету жаттығулары, тренинг сабақтары, психологиялық кеңес беру жұмыстары жүргізіліп, ұсыныстар жасалынады.
Зерттеу базасы Оңтүстік Қазақстан Облысының «Қазақстан Психологтар Қауымдастығы» ассоциациясында , 15 отбасы (бақылау тобы) мен 16 отбасы (тәжірибе тобы) балалары алынды.
Диплом жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспе, екі бөлім, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады.

Пән: Психология
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Көлемі: 57 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 900 теңге




Отбасында тұлғааралық қарым-қатынасты қабылдаудың психологиялық
аспектілері

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
І бөлім. ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ТҰЛҒААРАЛЫҚ ҚАРЫМ-
ҚАТЫНАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

1.1 Отбасында жасөспірімдерді тәрбиелеудің психологиялық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1.2 Отбасындағы жасөспірімдердің тұлғааралық қарым-қатынасының қалыптасу
ерекшеліктері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ..15
1.3 Отбасында жасөспірімдерді тәрбиелеудің негізгі бағыттары ... ..21

2 бөлім. ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІНДЕ ЖАСӨСПІРІМДЕР ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫН
ЭКСПЕРИМЕНТАЛЬДІ СЫНАҚТАН ӨТКІЗУ

2.1 Отбасы тәрбиесі барысында жасөспірімдердің тұлғааралық қарым-
қатынасының қалыптасуын анықтау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..36
2.2 Отбасы тәрбиесінде жасөспірімдердің тұлғааралық қарым-қатынасын
түзету жаттығуларын жүйелеу және қолдану
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...45
2.3 Отбасы тәрбиесінде жасөспірімдердің тұлғааралық қарым-қатынасын
зерттеу нәтижесін жинақтау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... .56

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 59

ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... 61

ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 66

КІРІСПЕ
Отбасы баланың ең жақын әлеуметтендіру ортасы. Осы ортада баланың
өмірдің мақсаты, оның құндылықтары, не біліп, өзін қалай ұстау керектігі
туралы алғашқы мағлұматтар меңгеріледі және онда басқалармен қарым-қатынас
орнатуға дағдыланады. Сөйтіп, өзінің кім және қандай екенін,
басқалардың кім және қандай екенін тәжірбиеде сынап байқап көреді.
Балар отбасында әртүрлі жағдаяттар мен төтенше ахуалдарда өзін ұстаудың
нормаларын, мінез-құлқын реттеудің өлшемдерін меңгереді. Отбасы
психологиясын зерттеушілер А.Г.Харчев, А.Н.Антонов, З.И.Файнбург,
Д.Горборинко оның функцияларын ата-ананың үгіт-насихаты, түсіндіруі,
олардың үлгі-өнегесі, үйдегі ахуал, отбасының психологиялық тынысы арқылы
балалардың әдеті, мінез-құлқы, жақсы-жаманды бағалау уәзіндері (критерий)
қалыптасуымен бірге қандай қылықтары үшін сөгіс алып, не үшін
жазаланатынын, әділдік пен адалдық үғымдарын меңгереді деген тұжырымдар
жасады.
Қазақстан Республикасының Конститутциясында балаларына қамқорлық
жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы деп,
отбасының міндеті нақты көрсетілген.
Қазақстан-2030 бағдарламасында балаларымызды алыс болашақта қандай
сапада көруіміз керектігі айтылған. Сонымен бірге, отбасы туралы заң жоғары
және орта білім тұжырымдамасында әрбір отбасына өзінің ұрпағын тәрбиелеп,
қатарға қосу міндеті жүктелген.
Қазіргі заманда отбасының құрылымы өзгеріп, оның мүшелер саны азайып,
бала саны да кеми түсті. Қоғамдағы әлеуметтік, мәдени экономикалық
жаңғырулар, әр түрлі сипаттағы әлемдік деңгейдегі ақпарат алмасу, отбасы
мүшелерінің арасындағы қарым-қатынас сипатына да өз әсерін тигізіп отыр.
Қазіргі аналардың көпшілігі жұмыс жасайтын болғандықтан бала уақытының
көбін пассивті тәрбиешілермен өткізеді. Бала тәрбиесі қалалық отбасына тән
болып отырған келесі ерекшеліктерімен шартталған: балалардың көбісі күннен
күнге ұлғайып отырған айырылысулардың нәтижесінде әкесіз немесе анасыз
өседі; теледидар, жеке бөлме т.с.с. өркениеттің жетістіктері балалар мен
олардың ата-аналарының арасындағы қарым-қатынас процесін қиындатады.
Қарым-қатынастың адамзат өмірінде аса маңызды роль атқарады. Қарым-
қатынас нәтижесінде тұлғааралық байланыс орнығып, өзара мәміле қалыптасып
дамитындығы әр жеке тұлғаның қалыптасуында жетекші факторлардың бірі
болады. Қарым-қатынас барысында өзара пікір алмасу, сезім әлеміне бірлесіп
ләззат алу, қайғы, қуанышта ортақтас болу арқылы адамдар арасында сенімді
кең ауқымды эмоциялар арқылы екі немесе бірнеше психологиялық жүйе не
бірнеше рухани әлем және ой-пікір, сана-сезім, мінез-құлық, қылық-жорықтар
арасында келісім, өзара түсіністік, не болмаса қақтығыс, талас-тартыс,
қарама-қайшылық тұрғысындағы мәміле үрдісі іске асады (А.В. Мудрик, А.В.
Запорожец, Қ. Жарықбаев, Ж.Ы.Намазбаева, С.М. Жақыпов, М. Мұқанов ) [1, 8-
9]
Отбасы ұғымына анықтама беру, оның атқаратын қызметтерін нақтылау,
отбасындағы қарым-қатынас мәселерін талдау көптеген зерттеулерде орын
алған. Отбасы қызметінің ортақ топтамасы немесе жіктемесі де жетік түрде
толық жасалмаған. Г.М.Свердлов және В.Л.Ресенцев (1958) отбасының маңызды
қызметтерін ұрпақ жалғастыру, тәрбиелеу, шаруашылық және өзара көмек
көрсету түрлерін датқызған. Ата-ананың отбасылық ықпалы туралы өз
еңбектерінде А.Ю.Гавит, Э.А.Тийт қарастырды, сонымен қоса некедегі
сәйкестікке қатысты мәселелер де талданған [5,64-65].
Д.Горборино отбасын адамзаттың тәжірибенің негізгі бірлігі ретінде
сипаттады [6,17]. А.Н.Антоновтың айтуынша, отбасы ата-ана бала қатынасын
орнатады, ал неке болса ер азамат пен әйел адамның арасындағы қарым-
қатынасты растайтын мойындау болып табылады. Ол отбасылық кеңістік аймағы
үй, пәтер көңіл аударады, және де отбасының меншігі иен экономикалық негізі
ата-аналар мен балалардың жалпы отбасылық іс-әрекетін болжайды [3,65].
Отбасылық қатынастар бойынша құрылған отбасы анықтамаларының ішінде
А.Г.Харчевтің ұсынған анықтамасы бойынша – отбасы - бұл жұбайлар
арасындағы ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынастардың жүйесі,
оның мүшелері бір-бірімен некелік және туыстық қатынаспен байланысады,
ортақ тұрмыс пен өзара адамгершіліктің жауапкершілікпен, қоғамның
қажеттіліктеріне шартталынған әлеуметтік тәуелділікпен сипатталады [1,63].
Отбасы денелік өмір мен әлеуметтік ағза өмірінің арасында байланыстырушы
звено - деп берген А.Б.Харчевтың отбасы ұғымына анықтамасы жалпылама түрде
болып табылады.
Қазіргі кезде отбасы проблемаларының арасында ата-ана мен бала
арасындағы қатынаста түсінбеушілік жиі орын алып, бір-біріне кешіріммен
қарау процесі кешеуілдеп, психологиялық қызмет көрсету жағынан мәселе
туындауда. Сондықтан отбасынды орын алған қиындықтарды шешуге көмек көрсету
жолдарын жан-жақты зерттеу қажет болып отыр. Осы мәселені шешу жолдарын
іздеу мақсатында зерттеу тақырыбын Отбасында тұлғааралық қарым-қатынасты
қабылдаудың психологиялық аспектілері деп анықтадық.
Зерттеу мақсаты: отбасында тұлғааралық қарым-қатынасты қабылдаудың
психологиялық аспектілерін теориядлық жағынан негіздеп және қарым-қатынаста
орын алатын қақтығыс жағдайлардың теріс әсерін төмендету жолдарын анықтау.
Зерттеу обьектісі: отбасына психологиялық қызмет көрсету.
Зерттеу пәні: отбасында тұлғааралық қарым-қатынасты қабылдаудың
психологиялық аспектілерінің ерекшелігін зерттеу.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер де, отбасындағы тұлғааралық қарым-
қатынастың демократиялық стилі үлкендер жағынан дұрыс бағытта қолданылса,
қарым-қатынастың әлеуметтік-моральдық деңгейінің ерекше түрі - құрбы-
құрдастық және достық қатынас маңызды роль атқаратындығын ескеріліп, оған
қолдау көрсетілсе, онда отбасында тұлғааралық қатынасты дұрыс қабылдау орын
алады.
Зерттеу міндеттері
1. Отбасында тұлғааралық қарым-қатынасты қабылдаудың психологиялық
ерекшеліктері туралы ғылыми - теориялық әдебиеттерге талдау.
2. Отбасында тұлғааралық қарым-қатынас ерекшеліктерін зерттеу
әдістемелерін жинақтау.
3. Отбасында тұлғааралық қарым-қатынасты қабылдаудың ерекшеліктерін
айқындау экспериментін жүргізу.
4. Отбасында тұлғааралық қарым-қатынасты қабылдаудың психологиялық
көрсеткіштерін коррекциялау жаттығуларын пайдалану.
5. Отбасында тұлғааралық қарым-қатынасты қабылдаудың психологиялық
аспектілері бойынша жүргізілген зерттеулерді қорытындылау, психологиялық
ұсыныстар жасау.
Зерттеу әдістері: 1. Теориялық, әдістемелік әдебиеттерді және құжаттарды
талдау әдісі. 2. Айқындау және қайта құру эксперименті. 3.
Психодиагностикалық әдістемелер: Отбасылық қобалжуды анықтау сұрақна
масы. “Ата-ана мен бала өзара қатынасы”, “Рене Жиль” әдістемесі,
“Қажеттілік базасы” әдістемесі, Отбасында эмоционалды қатынасты анықтау,
ПЭА (түсіністік, эмоционалдылық және беделдік) сауалнамасы.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері - отбасы тұлғааралық
қарым-қатынас қалыптасуына берілген теориялар, пікірлер мен тұжырымдар
(А.Г. Харчев, Б.Г. Ананьев, В.В. Драгунова, И.С. Кон, Э.Берн және т.б.),
психиканың онтогенезде дамуы мен тұлғааралық қатынас қалыптасуы жайлы
Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, С.Л. Рубинштейн, З.Г. Ананьев, Д.Б. Эльконин
т.б. ғалымдардың еңбектерінде қалыптасқан психикалық даму теориялары,
жеткіншек жасының ерекшеліктерін зерттеген В.В Драгунова, И.С. Кон, В.В.
Столин қағидалары, Э.Берннің трансактілік талдауы, С.М.Жақыповтың,
Қ.Б.Жарықбаевтың бірлескен диалогты танымдық іс-әрекет тұжырымдары,
жеткіншектердің психикалық даму мәселелеріне қатысты Қазақстандық
зерттеулердің теориялық негізі мен мәнділігін (С.М. Жақыпов, Қ.Б.Жарықбаев,
В.К.Шабельников, Ж.Ы.Намазбаева) құрайды.
Зерттеудің теориялық мәнділігі: зерттеуде отбасы құндылығы және сапалары
эмоционалды, когнитивті және мінез-құлықтық деңгейде ерекшеліктері
көрсетілген. Алынған мәліметтер: отбасында тұлғааралық қарым-қатынасты
қабылдаудың психологиялық аспектілері, отбасындағы тұлғааралық қарым-
қатынас процесіне психокоррекциялық жұмыстар жүргізу жолдары жүйелі түрде
талданған.
Зерттеудің тәжірибелік мәнділігі: отбасында тұлғааралық қарым-қатынасты
қабылдаудың психологиялық процесінің аспектілерін анықтауға пайдаланылатын
әдістер қазақ тіліне аударылып, осы ортаға бейімделіп қолданылды, нәтиже
көрсеткіштері тепе-тең деңгейде мәселені қарастыруға әкеледі. Зерттеу
көрсеткіштері мен қолданылған психокоррекциялық әдістемелер психолог
әрекетінің құрылымы мен стратегияларын әсерін жоғарылатуға әкеледі.
Зерттеу кезеңдері.
Зерттеу үш кезеңде жүргізілді. Бірінші кезеңде тақырып анықталып, ғылыми-
әдістемелік әдебиеттер талданды, библиография тізілді, зерттеу мақсаты,
міндеттері, объектісі мен пәні айқындалады. Екінші кезеңде жинақталған
материалдан теориялық тұрғыдан талдау жасалынып, курстық жұмыс жазщылды,
зерттеу базасында айқындау эксперименті жүргізілді және отбасына кеңес беру
жұмыстары ұйымдастырылды. Үшінші кезеңде зерттеу барысында анықталған
психодиогностикалық көрсеткіштерге сәйкес психокоррекциялық жұмыстар,
түзету жаттығулары, тренинг сабақтары, психологиялық кеңес беру жұмыстары
жүргізіліп, ұсыныстар жасалынады.
Зерттеу базасы Оңтүстік Қазақстан Облысының Қазақстан Психологтар
Қауымдастығы ассоциациясында , 15 отбасы (бақылау тобы) мен 16 отбасы
(тәжірибе тобы) балалары алынды.
Диплом жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспе, екі бөлім,
қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады.

І бөлім. ОТБАСЫ ПСИХОЛОГИЯСЫНДА ТҰЛҒААРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ
ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

1.1. Отбасы мәселесінің психологиялық негіздері

Отбасы - адамның эмоциясы, уайымы, көзқарасы мен қатынасынымен
байланысты емес, ол - ерекше феномен. Отбасы феноменінің бір жолы оның
құрылымын, тарихи уақыт талабына сай өзгеруін және бір отбасының өмірлік
циклын логикалық түсіндірілуі. С.И.Голод (1998) пікірінше отбасы
феноменінде құрылымдық өріс ерлі-зайыптылар және ата – ана мен бала
қатынасы деп қарастырады. Отбасы –неке негізінде немесе қан жағынан
туыстас шағын топ, олар өзара көмек көрсету, жауапкершілік алу және
тұрмыстық жалпылылықта байланысады (Эйдемиллер, Э.Г.Юстицкий В.В., 1990).
Отбасы балаға ықпал етеді, оны қоғамдық өмірге жетелейді. Отбасының тәрбие
институтты ретінде маңызы онда бала өз өмірінің маңызды бөліктерін
өткізеді және де тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ету ұзақтығы жағынан
басқа тәрбие институттарына бой бермейді деп көрсетті Шужебева А.И өз
зерттеу жұмысында [2,21].
Терең тұлға аралық қатынастарды реттеу механизмдеріне арналған
жұмыстарды талдауда шетелдік ғалым Э.Фромм және ресейлік ғалым М.И Лисина
ол өзіміздің қазақстандық ірі ғалымдардың бірі С.М.Жақыповтардың қойылған
мәселені толығымен шешуге мүмкіндік берді. Біріншіден, отбасы жағдайында
бірлескен іс-әрекетті орындау барысында жеткіншектердің құндылықты-
мағынылық құрылымдардың қалыптасу жағдайларын нақтылауға мүмкіндік
берілді.
Екіншіден, жеткіншектердің тұлғалық дамуында ауытқулардың пайда
болуының отбасы ішіндегі алғышарттарын анықтауға мүмкіндік береді.
Зерттеудің методологиялық бағытына қарай жеткіншектерге отбасы ішілік
құндылықтарды беру процесі, отбасы мүшелнрі арасындағы бірлескен әрекет
пен эмоцияның өзара байланыстардың үйлесімділік механизмдерін қолдануға
негізделеді [4,10].
А.Б.Харчев берген отбасы ұғымына түсініктеме неғұрлым жалпылама болып
табылады: Отбасы денелік өмір мен әлеуметтік ағза өмірінің арасында
байланыстырушы звено болып табылады.
Қазіргі таңда отбасы қызметінің ортақ топтамасы немесе жіктемесі жетік
түрде толық жасалмаған. Мысалға, Г.М.Свердлов және В.Л.Ресенцев (1958)
отбасының маңызды қызметтеріне ұрпақ жалғастыру, тәрбиелеу, шаруашылық
және өзара көмек көрсету қызметтерін айтады.
Э.К.Васильева (1981) өз зерттеулерінде отбасы қызметінің үш тобын
қарастырады:шаруашылық-экономикалық , генеративті тәрбиелік, мәдени,
репродукциялық. С.Д.Лаптеноктың пікірінше, (1967) отбасының маңызды
қызметтеріне шаруашылық –тұрмыстық, халықтың көбеюі, өз мүшелерінің
демалысын ұйымдастыру, тәрбиелік жатады.
70-шы жылдары басты назар отбасындағы қарым-қатынас пен оның тұлға
қалыптасу процесінде алатын орны туралы Б.П.Парыгин, А.Г.Харчев. Ол әйел
адамның кәсіби іс-әрекетімен отбасы жағдайындағы міндеттерін үйлестіре
білу сипаты және де отбасы өміріне қалай ықпал етеді деген тақырыптарда
С.Голод, З.Янкова т.б. зерттеді.
З.И.Файнбург отбасындағы эмоциялық жағдайлар, олардың отбасы ішілік
қатынастың тұрақтылығына ықпалы,отбасының тұрақтылық жағдайы туралы
Ю.Г.Юркеевич отбасы мүшелері арасында қысымның бөлу себептерін және
А.М.Уматинов және т.б. зерттеді.
70-шы жылдардың аяғына қарай отбасы мен неке психологиясында неке
жұптарындағы әлеуметтік-перцептивті үрдістерді зерттеп, анықтаған
Ю.Е.Алешина, қалалық отбасыларда некелік рольдерді бөліп беруді,
З.И.Янкова және т.б. қарастырды. Отбасы ішіндегі қарым-қатынастың даму
заңдылықтарын саналы түрде түсіну талпыныстары жасалды,зерттегендер
мысалға А.А.Бодалев, Н.Н.Обозов және т.б.
Соның қарым-қатынасындағы маңызды обьект бала. Бала қай жас ерекшелік
кезеңінде болмасын, ол әрдайым отбасының яғни ата-ананың қамқорлығын қажет
етеді.Сол кезеңнің бірі яғни бала өміріндегі толқымалы кезең жеткіншектік
кезең.Жеткіншектік кезеңді қазіргі зерттеулер оның әртүрлі аспектілерін
қамтиды: тұлға дамуының негізгі көздері мен механизмдері туралы зерттеген
ғалымдар Фельдштейн Д.Л,Кондратьев және т.б. тұлғалық жаңа құрылымдардың
ерекшеліктері туралы шетелдік ғалымдардан Кон И.С. Дубровина зерттеді,ол
жас ерекшелік дағдарысының құрылымын зерттегендер Гаврилова Г.П.,
Драгунова Т.В. және т.б, ал танымдық эмоциялық –еріктік және мінез-
құлықтың ерекшеліктерін Кучинский,жеткіншектегі өзіндік сананың құрылымы
мен қызметі туралы Баруалкина В.В.тұлғаның анамальды даму механизмдері
туралы Дозорцева Е.Г сияқты ғалымдар зерттеді. [7,5]
Жеткіншектерді зерттеуге психология ғылымындағы базалық теориялар мен
концепциялар негізге алынады. Психиканың онтогенезде дамуы мен тұлғаның
қалыптасуы жайлы Л.С Выготский мен А.Н. Леонтьевтің ғылыми мектебінде
қалыптасқан психикалық даму теориялары жеткіншек жасының ерекшеліктерін
зерттеген негізгі жұмыстар және жеткіншектердегі тұлғаның дамудағы өзіндік
сана сезімдерді зерттеген концепциялары Э.Берннің транактілік талдауы,
С.М. Жақыповтың бірлескен диалогты танымдық іс-әрекет концепциясы
зерттеудің методологиялық-теориялық негізін құрады.
Жеткіншектердің агрессиялық мінез-құлқын зерттеген жұмыстар зерттеудің
теориялық мәнділігін негіздеді. Оларға Н.Д.Левитов, Л.И.Божович және т.б.
Жеткіншектердің психикалық даму мәселелеріне қатысты Қазақстандық
жұмыстар зерттеудің теориялық негізі мен мәнділігін құрады. Жеткіншектер
жайлы қазақстандық мына ғалымдар зерттеді:С.М.Жақыпов, Қ.Б.Жарықбаев т.б.
[8,5]
Ал басқа да қазақстандық ғалымдардың зерттеулеріне үңілсек, Елубаева
С.Б. қазіргі қазақ жеткіншектердің өзіндік бағалаулары мен этностық
сәйкестік пен өзіндік бағалауларының психологиялық ерекшеліктері
зерттелінген. Бұл зерттеу нәтижесінде қазіргі замандағы жеткіншектердің
өзіндік бағалау құрылымын ересек алдыңғы толқын жеткіншектердің өзіндік
бағалауымен салыстырғанда этностық сәйкестіктің компоненттері мәнді түрде
азаяатыны анықталды,өзіндік бағалаудың жалпы құрылымында түсінуі өзін
білу және ұйымдасқандық сияқты сапалар бірінші орынға шықты.
Күнсләмова Т.К. өз зерттеу жұмысында жеткіншектердегі агрессиялық
мінез-құлықты өзіндік сана сезімдерді құрайтын негізгі компоненттері
өзіндік бағалау және өзіндік реттелу мен өзара байланыста қарастырған.
Педагогикалық-психологиялық көп қолданылатын психокорекциялық жұмыстарға
негізделген топтық оқыту әдісі,яғни психологиялық-педагогикалық тренингтер
арқылы жеткіншектердегі агрессиялық мінез-құлықты азайту мен оның өзіндік
бағалау мен өзара байланыс ерекшеліктері жан-жақты зерттелген. Зерттеу
жұмысында белгілі ғалым Э.Берннің трасактілік талдау концепциясы арқылы
жеткіншектердегі эго күйлердің белсендірудің негізінде олардағы
агрессиялық мінез-құлықты өзгертудің психологиялық ерекшеліктері
қарастырылады.Жұмыста экспериментік топтың сыналушылары полигон балалары
деп аталатын әлеуметтік статусы бар жеткіншектер болды,яғни радиациялық
былғанған аймақтардағы балалардың агрессиялық мінез-құлық ерекшеліктері
теориялық-эксперименттік зерттеу барысында зерттеледі. Зерттеуде
жеткіншектердің өзіндік бағалау, өзіндік реттелу эго күйдің
белсендендірілуі мен агрессиялықтың өзара байланысын психологиялық-
педагогикалық тренинг арқылы зерттеу және агрессиялықты азайту үшін
психокорекциялық жұмыстардың мүмкін жолдарын көрсетті [10,3].
Айдарбеков Қ.А. (Развитие диалогической структуры самосознания у
подростков во внутрисемейных взаймодествиях) зерттеу жұмысында жеткіншек
жастағы тұлғалық жекелік-вариациялық даму механизмдерін анықтауға
бағытталған. Осы мақсатта жеткіншектің өмірлік әрекетін неғұрлым
байланыстырып отыратын жаңа тұлғалық құрылымдардың кезекті психологиялық
талдауы жүргізілген. Осы байланыстағы негізгі мәнділік жеткіншек жастағы
тұлғалық жаңа құрылымдардың психологиялық мазмұнының іздестіру мен үлгісін
жасау болып табылады,ал жеткіншектерді жаңа әлеуметтік қатынастарының жаңа
деңгейге өтуін қамтамасыз етеді. Олардың пікірінше жеткіншектерде осы
тұлғалық жаңа құрылымдардың даму жағдайлары мен механизмдерінің тиімді
жолы индивид енген отбасылық жүйенің қызмет атқару ерекшеліктері назарға
алынып отыратын бағыт болып табылады [11,3] .
Шалғынбаев Т.М. мінез –құлқы дезадаптивтік жасөспірімдердің кісілік
қасиеттері мен кісіаралық қатынастар ерекшеліктері мен оларды келтіру
атты жұмысында мінез-құлқы бұзылған жасөспірімдердің кісілік
қасиеттерінің даму ерекшеліктерін және олардың кісіаралық қатынастар
жүйесінде көріністерін кешенді түрде психологиялық зерделеу,сондай-ақ
психологиянық көмек көрсету мазмұнын жасау болып табылды.Зерттелу
барысында тәрбиеленуі қиын жас өспірімдердің кісілік қасиеттерінің даму
ерекшеліктері анықталған.
М.В.Күзубаева Тұлғалық алаңдаушылықтың көріну механизмдері өзгеруіне
әр түрлі фактордың әсері атты тақырыпта кандидаттық диссетация
қорғады.Зерттеу обьектісі адамның тұлғалық алаңдаушылық деңгейінде
көрінетін эмоциялық қүйі. Зерттеу пәні реттінде тұлғалық алаңдаудың
эмоциялық күйі ретіндегі көріну ерекшелігі жас өспірім шақтан жиырма сегіз
жасқа дейін оның көріну механизмдерінің өзгеруі алынды. Жұмыстың ғылыми
жаңалығы, түңғыш рет тұлғалық алаңдаушылықтың жағымды сипаттамасы
зерттелінді.Бұл жұмыста тұлғалық алаңдаушылық бағдарлаушы іс-әрекеттің
эмоциялық құраушы екендігі көрсетілді [12,107] .
Ж.Намазбаеваның жетекшілігімен С.Ж.Өмірбекованың жас өспірімдік және
ерте балауса жас кезіндегі өзін-өзі бағалаудың ерекшеліктері атты
кандидаттық диссертациясы қорғалды. Зерттеу жұмысының мақсаты мектептегі
оқыту жағдайындағы әр түрлі факторлардың жас өспірімдік және ерте жастық
кездегі өзіндік бағалауға әсер ету ерекшеліктерін анықтау. Зерттеу
барысында өзін-өзі бағалаудың деңгейлері мен құрылымдық бөліктерінің
ерекшеліктері айқындалды. Зерттеудің ғылыми жаңалығы мынадан тұрады:өзін-
өзі бағалаудың құрылымдық құрауыштарын, оның жас өспірім кезден ерте
жастық кезге дейінгі оқушыларда қызмет етуі зерттелінді,жас өспірімдер мен
ерте жастық шақтағылардың қала мен ауылдағы әлеуметтік даму жағдайына
байланысты өзін-өзі бағалауының танымдық және эмоциялық бөліктерін
зерттеу, қала мен ауылдық оқушылардың осы жас аралықтарындағы өзін-өзі
бағалауының даму ерекшеліктеріне жыныстық факторлардың әсерін анықтаудан
тұрады. Зерттеуде келесі тұжырымдар делелденді:қала мен ауылдың жас
өспірімдер мен балаң жас кездегілердің өзін-өзі бағалау арасындағы
айырмашылықтар өзін-өзі бағалаудың эмоциялық,сондай-ақ танымдық
бөліктерінде көрінеді деп көрсетті [13,107-109] .
Қарым-қатынас стилі шет елдерде және Т.М.Д. елдерінде жоғары дәрежеде
талданған, соның шінде әлеуметтік психологияда. Ұстаздың оқушылармен қарым-
қатынас стилін дамытуда айтарлықтай зерттеу жұмысын жүргізген Ю.П.Ахзаров,
А.А.Бодалев. Н.Г.Михайлов, А.В.Петровский. А.А.Леонтьев және т.б. Олардың
тұжырымдары бойынша оқушыларға тек қана білім мен оқу-тәрбие жұмысын
жүргізу жеткіліксіз, сонымен қатар тікелей және жанама түрде қарым-қатынас
жасау қажет екендігі белгілі. Ұстаздың бастауыш сынып оқушылармен қарым-
қатынасын оқу-тәрбие үрдісінде ұйымдастыру жөнінде көптеген маңызды
зерттеулер бар. Кейінгі жылдарда мұғалім мен бастауыш сынып оқушыларының
қарым-қатынасы және оны қалыптастыру механизмін қазақстан ғалымдары да
зерттей бастады. Олар: Қ.Ж.Қарақулов, С.М.Елеусізов, С.И.Қалиева,
В.К.Шабельник және т.б.
Солардың ішінде Шолпанқұлова Г.К. гумандық қарым-қатынас адам
бойындағы адамгершілік, түсінік, сезім.және мінез-құлықтың тұтастығымен,
бірлігімен анықталады деп келтірген. Бұл зерттеу жұмысының мақсаты
бастауыш сынып мұғалімі мен оқушылардың оқыту үрдісіндегі қарым-қатынас
стилінің тәрбиелік негізін дәлелдеді [14,5] .
Шужебаева А.И. отбасы тәрбиесі жағдайында балалардың қарым-
қатынасындағы қиындықтарын психологиялық-педагогикалық зерттеу атты
жұмысында:балаларды тәрбиелеу жүйесіндегі ең түйінді мәселелердің бірі
қарым-қатынас проблемасы. Тұлға аралық қарым-қатынас сферасындағы
сәйкессіздіктер психологиялық-педагогикалық бағытта болады,ондай балалар
тобын проблемалары бар балалар деп анықтауға болады. Мектепке дейінгі және
кіші мектеп жасындағы балалардың тұлғааралық қарым-қатынасының
ерекшеліктерін анықтау, психологиялық-педагогикалық ғылымда қажетті
деңгейде.
Зерттеу жұмысында отбасы тәрбиесі жағдайында балалардың ересектермен
өзара қарым-қатынасының психологиялық-педагогикалық негіздері, бала мен
ата-ана қарым-қатынасының құрылымы зерттелінген бала мінезіндегі
қиындықтарды жеңу механизмдері жасалынып, балалар мен ересектердің қарым-
қатынасының дербес бағытталған мәдени сәйкес жүргізудің әдістері мен
тәсілдері анықталған. Зерттеу барысында толық емес отбасы жағдайындағы
балалардың қарым-қатынастары зерттелген [15,22] .
Э.Берн теориясының мәнін, қарым-қатынастағы эго күйлерді белсендіру
ерекшеліктерін,оның ішінде қарым-қатынас үшін Ересекпозициясының жағымды
болатынын түсінді. Жеткіншектердің өзіне және айналасындағыларға
жағымды,позитивті қатынасты орната білу, эго күйді белсендіру конфликтілі
адекватты шешуге, агрессияны азайтуға нақты көмек беретіні анықталды
[16,20]
Айдарбеков Қ.А. отбасындағы ішкі қарым-қатынас жүйесінде
жасөспірімдердің өзіндік санасының диологиялық құрылымдардың дамуы атты
зерттеу жұмысында жасөспірімдік кезеңдегі өзіндік сана дамуының
ерекшеліктерін және бүкіл тұлға дамуының ауытқу өзгешеліктерін тудыратын
факторларды зерттеуге арналған.
Өткізілген зерттеу жұмысының нәтижесі бойынша жасөспірімдердің дамуы
кезіндегі орталық тұлғалық жаңа құрылымы өзіндік санасының диалогиялық
құрылымдары екені туралы болжам өзінің растаулығын алып қойылған. Дәл осы
жасөспірімдердің дамуы кезіндегі тұлғалық жаңақұрамының талдауы жастағы
тапсырмаларды өнімді атқаруға қамтамасыз ететін функционалды
механизмдерінің деңгейіне жеткізілген.Ішкі жанұяның құндылықтарды өсіп
келе жатқан буынға берілуіне,дамуына және сақтандыруға бағытталған,және
отбасында белгіленген оның мүшелерінің арасындағы коммуникативтікпен
эмоционалдық қарым-қатынастардың үлгілері бойынша үйлестірілетін,
отбасындағы жүргізетін бірлескен іс-әрекет жасөспірімдерде өзіндік
санасының диологиялық құрылымдар дамуының негізгі көзі болып келеді [17,4]
.
Психологиялық ілімдер жүйесіндегі басты орынды таным үрдісі алады.
Адамдардың қарым-қатынас жасау кезінде бір-бірін тану мәселелері бойынша
ғылыми пікірталасты үйымдастырушы және оның бастамашысы А.А.Бодалев болған
еді. Оның тікелей басшылық етуімен 1970,1973 жылдары ленинград қаласында
Адамдарарасындағы қатынастар дамуы мен қарым-қатынас формаларының
әлеуметтік-психологиялық және лингвистикалық сипаттамалары және қарым-
қатынас теориялық және қолданбалы психология симпозиумдары өткізілді
[18,19] .
Отандық психологтардың көбісі мысалы: Д.Б. Эльконин, Т.В.Драгунова
жеткіншектік жастың жетекші іс-әрекеті ретінде қарым-қатынасты келтіреді.
Жеткіншек жаста қарым-қатынастың ерекше орнын дәлелдей келе, В.В.Давыдов
өз пікірін ұсынды: жеткіншектік кезең адамда қарым-қатынасты құраушы
тәртіптер мен ережелердің қалыптасу кезеңі.
Ал В.В.Бушельяның пікірі де қызықты мазмұн алады: жеткіншектік кезең
үшін бала-құрдас қатынасы жетекші орын алады,ал ересек бала қатынасы
жетекші орын алмайды (1988). Жеткіншектік жастың өзара қарым-қатынас типін
қолдай отырып, Я.Л.Коломинский және А.Березовин мынадай пікірін ұсынады:
баланың шағын ортасы негізгші екі әлеуметтік-психологиялық астарлы жүйе
бірлігінен тұрады алғашқысында бұл ересек бала қатынасындағы астарлы
жүйе, белгілі – бір кезеңде бұл жүйеге бала-бала қатынасындағы астарлы
жүйе бастапқы жүйе орын алады. Дәл осы жүйеде қарым-қатынасқа қажеттілік
пайда болып, дамуға түрткі алады,ол тұлғааралық қатынастардың негізінде
жатыр. (1977)
И.С.Кон құрдастарымен қарым-қатынасқа сілтей отырып, құрдастарымен
қарым-қатынасты бұлайша түсіндіреді.
-ақпараттардың маңызды каналы;
-бұл ерекше іс-әрекет түрлнрі мен тұлға аралық қатынастар;
-бұл эмоциялық қатынастың ерекше түрі (1980).
Л.Н.Десев (1965) жеткіншектің сынып ұжымындағы құрдастарына деген
қатынасына зерттеу жүргізді. Оның анықтауынша,жеткіншек өз құрдасының
бойындағы жоғары адамгершілік қасиеттерді жоғары бағалайды. А.В.Петровский
сонымен қатар мынаны ескертеді, жеткіншектер жақсы жолдас болуға даяр әр
бейім келетін құрдастарын бағалайды. Жомарттылық бастауыш мектеп
кезеңіндегідей,тұлға аралық таңдаудың жетекші негізі болып қала береді
(1987) [19,185] .
Жеткіншектердің бесінші бөлігі құрдастарымен қақтығыстардың болуымен
сипатталады,қақтығыстың жағдайдан дұрыс түрде шыға білмеуімен байқалады.
Құрдастарымен қарым-қатынаста ұмтылыс пен қақтығыстық жағдайлардан шыға
білмеуі арасында қарама-қарсылық туындайды деп көрсетті Шалғынбаев Т.
Дезадапциялық мінез-құлықы бар жеткіншектердің жеке тұлғалық қасиеттері
мен тұлғааралық қатынастарының ерекшеліктері және оларды реабилитациялық
жұмыста қолдану атты зерттеу жұмысында [20,21] .
Шужеваева А.И. пікірінше көптеген қақтығыстар, эмоциялық
қызбалық,шапшаңдық, агрессия мен жағымсыз жақтардың көрінуі,
мйірімсізділік арқылы пайда болатын көптеген қақтығыстар балаларды
келісімге келуге іскелік, жағымды әрі түсіне алатын бола
білуге,құрдастарымен серіктестік қарым-қатынасқа түсе білетін
іскерліктерге арнайы ққыту жағдайында шешілуі мүмкін. Баланың әлеуметтік
дамуы ата-аналармен құрылатын дамушы жағдапймен анықталады. Жас ерекшелік
құрылымдар сенімді кезкпен қалыптаспайды [21,10].
Жеткіншектердің мінез-құлқын өзіндік реттеу механизмдері танымдық іс-
әрекеттер мен байланысты, зейіннің көлемі, интенсивтілігі, орнықтылығы
арқылы зерттеу барысында мына жағдайлар анықталды:жеткіншектердегі
қалыптасқан ерік күші мінез-құлықтағы ішкі субьективті позициямен
байланысты болады және өзіндік реттелуге әсер етеді. Эмоциялық өзара
қатынас мінез-құлыққа әсер етсе де субьективті көз-қарасқа келгенде
қақтығыс екінші орынға түседі, олардың әсері сол ұстанған көз-қарасы
арқылы сындырмауы деген пікірде Күнсләмова Т.К.
Жеткіншектердегі өзіндік бағалау, өзіндік реттелу және эго күйдің
белсендірілуі мен агрессиялықтың өзара байланысын психологиялық-
педагогикалық тренинг негізінде зерттеу жұмысында [22,21].

1.2 Ата-ана мен жеткіншек арасындағы қарым-қатынастың қалыптасу
ерекшелігі
Отбасы әлеуметтенудің алғашқы сатысы, мұнда пікірлер, көзқарастар,
құндылықтар мен мінез-құлықарды меңгере бастайды. Дәстүрлі отбасылар сияқты
кеңейтілген отбасылар да әлеуметтік жүйе болып табылады, онда әрбір отбасы
мүшесі басқа мүшелеріне тікелкй және жанама түрде ықпал ете алады. Отбасы
жағымды ата-аналар бірлестігін, бір-бірін қолдаушы ата-аналар күшін құрай
алатын болса, балалар неғүрлым жақсы тұрады.
Отбасы сонымен қатар дамушы әлеуметтік жүйе болып табылады. Қоғамдық
және мәдени ортаға енетіндіктен, барлық болып жатқан жағдайлар отбасының
қызмет атқаруына ықпал етіп отырады. Отбасына әсер ететін әлеуметтік
өзгерістерге, жалғызбасты ересектердің көпшілігі, неғұрлым кеш некеге тұру;
туылудың азаюы; әйел адамдардың жұмысқа араласуы; толымсыз отбасылар және
аралас отбасылар және де кедейлік жағдайда өмір сүріп жатқан отбасылар
баршылық. [23,17]
Отбасы-нақты өмірлік құндылықтарды, түсініктерді, қоғаммен өзара
қатынаста бағыттар бірлігін білдіретін адамдар бірлестігі, мәдени
бірлестік. Дәл осы қызметтердің сипаты бірлестігі,мәдени бірлестік. Дәл осы
қызметтердің сипаты некенің мазмұны, формалары және тұрақтылық
критерийлерін болжайды. Отбасы психологиялық ерекшеліктерден тұратын шағын
топ ретінде әлеуметік психологияның зерттеу нысаны болып табылады.
Отбасы әлеуметтенудің алғашқы сатысы, мұнда пікірлер, көзқарастар,
құндылықтар мен мінез-құлықарды меңгере бастайды. Дәстүрлі отбасылар сияқты
кеңейтілген отбасылар да әлеуметтік жүйе болып табылады, онда әрбір отбасы
мүшесі басқа мүшелеріне тікелкй және жанама түрде ықпал ете алады. Отбасы
жағымды ата-аналар бірлестігін, бір-бірін қолдаушы ата-аналар күшін құрай
алатын болса, балалар неғүрлым жақсы тұрады.
Отбасы сонымен қатар дамушы әлеуметтік жүйе болып табылады. Қоғамдық
және мәдени ортаға енетіндіктен, барлық болып жатқан жағдайлар отбасының
қызмет атқаруына ықпал етіп отырады. Отбасына әсер ететін әлеуметтік
өзгерістерге, жалғызбасты ересектердің көпшілігі, неғұрлым кеш некеге тұру;
туылудың азаюы; әйел адамдардың жұмысқа араласуы; толымсыз отбасылар және
аралас отбасылар және де кедейлік жағдайда өмір сүріп жатқан отбасылар
баршылық. [23,17]
Отбасы-нақты өмірлік құндылықтарды, түсініктерді, қоғаммен өзара
қатынаста бағыттар бірлігін білдіретін адамдар бірлестігі, мәдени
бірлестік. Дәл осы қызметтердің сипаты бірлестігі,мәдени бірлестік. Дәл осы
қызметтердің сипаты некенің мазмұны, формалары және тұрақтылық
критерийлерін болжайды. Отбасы психологиялық ерекшеліктерден тұратын шағын
топ ретінде әлеуметік психологияның зерттеу нысаны болып табылады.
Шындықтың бейнелннуінің әлеуметтік психологиялық заңдылықтары адам мінез-
құлқына ғылыми негізделген түрде етудің жаңа мүмкіндіктеріне қоғам алдында
аша алады. Отбасын әлеуметтік-психологиялық зерттеу тұлғаның әлеуметтену
процесінің негізінде жатқан дәне де отбасылық бірлестіктің мүшелеріне күшті
әсер ететін заңдылықтарды білуге мүмкіндік береді [24,63].
Отбасындағы ең басты іс-әрекет ол ата-ана мен бала арасындағы қарым-
қатынас.
Қарым-қатынас – адамзат өмірінің аса маңызды және негізгі сферасы болып,
соның нәтижесіде тұлға аралық байланыс орнығып, өзара мәміле қалыптасып
дамиды. Қарым-қатынас дегеніміз өзара пікір алмасу, сезім әлемінде бірлесіп
ләззат алу, қайғы, қуанышта ортақтас болу сенімді кең ауқымды эмоция
спектрлерін қамтиды. Қарым-қатынас барысында екі не бірнеше психологиялық
жүйе, рухани әлем және ой-пікір, сана-сезім, мінез-құлық, қылық-жорықтар
арасында келісім, не өзара түсіністік тұрғысында, не болмаса қақтығыс,
талас-тартыс, қарама-қайшылық тұрғысындағы мәміле үрдіс іске асады.
Отбасы қарым-қатынасында, олардың ішінен келісім, өзара түсінстік,
бірінің екіншісіне бойсынуы, бірінің екіншісін құптауы сенімді қарым-
қатынасының қазіргі кездегі басты ерекшелігі әр тұлғаның мейлі балалары,
мейлі ересектері болсын,иағлұмат байлығы (информационное богатство)болып,
өзара қарым-қатынас осы мағлұмат алмасу кезінде өте тығыз орнығыуы ықтимал.
Өзара мағлұмат алмасу отбасы мүшелерінің рухани кемелденуіне алып келсе,
мұндай отбасының болашағы бар. Отбасы мүшелеріне қарым-қатынас арқылы
біріктіретін, өзара туысқандық байланыстарын нығайта түсетін аса маңызды
сфера мақсаты. Отбасын материалдық қамсыздандыру мақсатындағы бірлесіп
еңбек ету,нәтижесіне ортақтасу, бөлісу. Мұндай қарым-қатынас алдымен,
отбасы иелері әке мен шеше ортасында түсіністікпен орнаса, соның өзі
балаларға өнеге болатыны өмірден белгілі. Бұдан басқа әке мен ұл анасы мен
қызы, бір туғандардың бірлесіп, бір мақсатта еңбектенуі өзара түсіністікті
нығайтатын ас маңызды қарым-қатынас екені педагог, психолог ғалымдар
тарапынан дәлелденген.
Қарым-қатынас барысындағы біреудің екінші бір адамға әсерін, не болмаса
өзара қарым-қатынас нәтижесіндегі сипатта болғанымен, ішкі тетіктері
(механизмдері)адамның психикалық ахуалына, сезімі, ой-санасына, қылық
жорығы, жүріс-тұрысына тікелей, жанама, сөз арқылы әсер ету болып саналады
[25,9].
Жоғарыда айтылып кеткендей отбасындағы, бала мен ата-ана арасындағы
қарым-қатынас түрін қарастырамыз. Яғни жас ерекшелік жағынан жеткіншек пен
ата-ана арасындағы қарым-қатынас.
Жеткіншек жас кезеңі адам тұлғасының қалыптасыуында маңызды кезең болып
табылады. Дәстүрлі түрде бұл кезең тәрбиелік қатынасқа қиындықтар тудырытын
кезең болып табылады. Ғылыми білімдер жүйесінде жеткіншектерді зерттеумен
байланысты мәселелер кешеніне көп көңіл бөлінеді, мәселелер әртүрлі
деңгейде және мазмұнда болады. Осы жас кезеңдегі даму көздері, жағдайлары
және механизмдерін танып білу тұтастай дамудағы онтогенетикалық
заңдылықтарды ашуға негіз бола алады. Қазіргі кездегі зерттеулер
жеткіншектік жастың ерекшеліктері мен қасиеттері жайлы үлкен материалдар
жинақталды, ол өз кезегінде осы маңызды психикалық кезеңнің ерекшеліктерін
қазіргі қоғамның жағдайларында зерттеуге қажетті базаның пайда болуына
ықпал етті. Мәдениеттің нақты-әлеуметтік шарттарына, дәстүрлеріне сәйкес
бұл өтпелі кезең әртүрлі мазмұнда әрі, әртүрлі ұзақтықта орындалуы мүмкін.
Қазіргі таңдағы қоғам жағдайларына сәйкес бұл кезең шамамен 10-11 жастан 14-
15 жасқа дейінгі аралықты қамтиды. Жалпы, балалардың мектептегі орта буында
оқуымен сәйкес келеді.
Жеткіншектік жас кезеңнің психологиясы тақырыбы әрдайым өзекті болып
табылады. Бірақ жеткіншектердің әрбір ұрпағы осы кезеңді басынан өткізеді
және де қоғам дамуының тарихи жағдайларына сәйкес өз мәселелерін өз бетінше
орындауға тырысады. [26,3]
Жеткіншектік кезеңді М. Мұқанов баланың дамуындағы ерекше орны бар
өтпелі, бетбұрыс, қиын, сыналатын кезең деген атауларында
бейнеленген деп көрсетті. Бұл атауларда осы жастарда болатын,өмірдің бір
дәуірінен екіншісіне өтумен байланысты даму процестерінің күрделілігі мен
маңыздылығы айтылған.
Біз жеткіншектің мен деген қасиетін жете түсіну үшін оның үлкендермен
қарым-қатынастарына, әсіресе екі ортада кездесетін қайшылықтарына
тоқталсақ. Қайшылық жеткіншекшектің есейіп қалуы мен үлкендердің оған бала
деп қарауының келіспеушілігінен болған. Ал қайшылықтың нәтижесінде сол
жағдайдан қалай құтылуды білмеуді дағдарыс дейміз. Дағдарыстың жеткіншек
жасындағы бұл түрі бөбектердің дағдарыс кезеңінен әлдеқайда басым болады.
Дағдарыс дегеннің мағынасы қиын жағдайда тап болған кезді одан қалай шығуын
білмеуді білдіреді.
А.Г.Ковалев дағдарыс кезі жеткіншектің жасына орай келмейді, онымен
үлкендер арасындағы қатынастың бұзылуынан пайда болды дейді. Осылай деу
дағдарыс кезі жеткіншекте тіпті кездеспей, ол сергелдеңге ұшырамауы мүмкін.
Демек, жеткіншектің үлкендермен қатынасы жақсы болып келсе, онда дағдарыс
кезі кездеспейді. Осы пікірге түгелдей қосылу қиын: біріншіден, дағдарысқа
үшырайтын үлкендер емес, жеткіншектің өзі. Екіншіден дағдарыс үлкендердің
оған қатынасына риза болмаудан кездессе де, мұның өзі тек 11-16 жас
арасында болып отыр. Егер А.Г.Ковалевтың айтқаны дұрыс болса, дағдарысқа
ұшырау 7-10 немесе 16-18 жастарда да кездесуі ықтимал болар еді.
Жеткіншек үлкендерден өзінің есейгенімен,өзбетілігімен санасуын әр сала
бойынша талап етеді. Қыздар киім киюде, не өзін күтуде, ұл бала тиісті
міндеттерді өз еркімен,орындағысы келеді. Осыған әуелгі кезде туған-
туысқандары қарсы шығады. Бұлардың қарсы шығатын себебі, баласына сенім
білдіргісі келмегенен емес,оны бала деп бәлендей істі не тапсырманы
бүлдіріп алады ғой деуінен. Бірақ жеткіншек осыған түсінбей мені бала деп
сенбей отыр,- дейді. Егер осындай қатынас көп созылса, жеткіншек пен үлкен
адамдар арасында түсінбеушілік туып, бала ызаланып, ерегесуге, не негативті
халде болып, үлкендер не айтса да соны орындамауға тырысады.
Екі арадағы қайшылықты кім жеңеді деугенде, жеткіншектің талабы жаңа
болғандықтан, сол жеңеді деуге болады. Осындай екі арадағы түсінбеушілікті
неміс психологы К..Левин ойлық бөгет деп атаған. Мұны солай деуінің
себебі жеткіншек пен үлкендер арасында түсінбеушілік болып, бөгет салынған
соң, енді үлкендердің сөзіне құлақ аспайды. Сондықтан жеткіншекке тіл
алдыру үшін алдымен сол бөгетті жою керек, ал бөгетті жою оңай емес.
Жеткіншектің үлкендерді түсінбеуі, кейін оны жан-жалға, не сергелдеңге
апарып соғады. Мұндай оқиғалар, әсіресе қалалық жерлердегі семьяларда жиі
кездеседі. Көпшілік жұрттың мақсата үлкендердің абыройын төкпей,тіпті
осылардың өзі жауапты болғанда да,қайткенде де арашалау болып табылады.
Жалпы алғанда жеткіншектің үлкендерге қоятын талабын түгел қате деуге
болмайды: біріншіден, үлкендер өзінің өмір баяанын мысал ретнде келтіріп,
біз жас кезімізде мынадай болып едік.. деп, өзі сол кезде қандай болса,
баласы да сондай болуы тиіс десе,қателескен болар еді. Себебі үлкендердің
жас кезі мен жеткіншектің қазіргі жас кезіндегі жағдайлар мен талаптар бір
емес. Екіншіден, бір кісінің үйренген,не қиыншылықты жеңуге қолданған
тәсілдерді өзгелердің игілігіне барлық жағдайда сіңе бермейді. [27,]
Бала ересектермен қарым-қатынастың белгілі бір кезеңінде жағымды
эмоциялық қатынаста тапшылықты сезінсе немесе осындай қатынаста қандай да,
бір ауытқулар байқалса, оның дамуында тежеушілік пайда болады. Бұл
Н.М.Аксаринаның, Е.К.Когбериннің т.б. зерттеулерінде дәлелденді. [28,9]
Жеткіншекте ересектер тобына өтуге және үлкендердің балаларда жоқ кейбір
артықшылықтармен пайдалануға деген ұмтылысы болады. Алайда ересектер оны
әлі қабылдамағандықтан ол топтар арасындағы жағдайда болып шығады.
Қиыншылықтардың деңгейі мен талас-тартыстардың болуын Левин қоғамда балалар
тобы мен ересектер тобының қатаң бөлінуіне және жеткіншектер топтарының
аралығындағы жағдайда болатын кезеңнің ұзақтығына байланысты етіп қояды.
Левиннің жеткіншектің өз орнын таппауы туралы идеясын қазіргі уақытта
Д.Коулмен және басқа шетел пстхологтары дамытуда. Олар жеткіншектердің
ерекше бір суб мәдениеті бар дегенді,яғни ересектер қоғамында
жеткіншектер қоғамы бар дегенді айтады. Инфармацияның орасан зор
тасқыны,көптеген ата-аналардың бос уақытының аздығы және осының мүмкін
салдары ретінде балалардың дербестіке ерте жетуі, жолдастармен қарым-
қатынастың жедел дамуы мен жыныстық толысудың акселерациясы.
Жеткіншектердің ересектігінің дамуындағы жалпы бағыт әр түрлі және әрбір
бағыттың көптеген түрлері болуы мүмкін. Мәселен, қайсыбір интелектуал
үшін өмірде ең басты кітап пен білім болады,қалғанының бәрін де ол әлі
нәресте десе енді бір нағыз интеллектуал үйде электроника туралы
мақалаларды оқып,радиотехникамен әуестенсе де, сабақты түк бітірмейді,
модадан қалып қоймаумен төтенше шұғылданып, өмірдің мәнінен бастап ең шебер
шаштараз туралы мәселеге дейінгі барлық жайлар жөнінде әңгімелесуге
болатын ересек жасөспірімдермен сөйлескенді артық көреді:үшінші бір
интелектуалды ересектіктің сыртқы көріністері онша қызықтырмайды, бірақ
ол шешесінің сүйеніші,өзін ерлік қасиеттерге тәрбиелейді, ал қыздарға
келгенде, осы қыздардың пікірінше, өзін балаша ұстайды, галстугін
тартқылап, шаштарын үйпалап кетеді. Бір өлшем ұқсас осы үш вариантта
ересектіктің дамуы әр қилы болады да, бұл орайда мазмұны әр түрлі өмірлік
игіліктер қалыптасады: біреу үшін маңыздылық енді бірге құны жоқ.
Жеткіншектік кезеңнің маңыздылығы адамның жеке басының моральдық және
әлеуметтік негіздері қолданады және олардың қалыптасуының жалпы бағыты
белгіленеді. Жасөспірімдік шақта олардың қалыптасуы жалғасады.
Жеткіншектік кезең қиын әрі сыналатын кезең деп саналады. Бұлай бағалау,
біріншіден, осы уақытта болатын көптеген сапалық өзгерістерге байланысты,
бұл өзгерістер кейде баланың бұрынғы ерекшеліктерін, мүдделері мен қарым-
қатынастарын түбірінен өзгертетін сипатта болады, мұның өзі біршама қысқа
мерзімде болуы мүмкін, көбінесе күтпеген жерден болады да, даму процесі
секірмей,қауырт сипат алады деп көрсетті. Екіншіден, болып жатқан
өзгерістер екінің бірінде, бір жағынан, жеткіншектің өзінде әр түрлі елеулі
субьективтік қиыншылықтардың болуымен қабаттасады, ол екінші жағынан, оны
тәрбиелеудегі қиыншылықтармен ұштасады. Жеткіншек ересектердің ықпалына
көне қоймайды, онда тіл алмаудың, қарсылық пен наразылықтың әр түрлі
формалары шығады (қиқарлық, дөрекілік, қарсылық, тентектік, бүкпелік,
тұйықтық) деген түсінік берді Б.Г.Ананев.
Жеткіншектік кезеңдегі дамудың сыналу көріністерінің пайда болуында
биологиялық және әлеуметтік жайлардың ролі туралы теориялық талас жарты
ғасырдан астам уақыттан бері болып келеді.
Жеткіншектік шақтың басында балалар сырт пішінң жағынан да,мінез-құлықы
жағынан да ересектерге ұқсамйды, олар әлі де көп ойнап, көп жүгіреді,
алысып-жұлысып, тентектіктер жасайды, өз дегендерін істеп, байыз
таппайды,қызу да шамданғыш, әр түрлі салада белсенді, көбінесе ұшқалақ,
ынта білдіріп,ден қоюы да,біреуді жақсы көруі,қарым-қатынасы да тұрақсыз
басқаның ықпалына оңай көнгіш келеді болады. Алайда балалығы қаз-қалпында
болып көрінетін сырт көрініс алдамшы болады да оның сыртында жаңаның
қалыптасуының маңызды үрдістері жүріп жатады. Жеткіншектер көп жағынан әлі
бала болып жүріп, елеусіз есейеді. Ересектіктің қалыптасу үрдісі көзге
бірден түспейді. Оның көріністері мен нышандары әр сипатта және сан алуан.
Ересектіктің алғашқы өркендері оның дамыған формаларынан өте-мөте айрықша
болып,кейде жеткіншектің мінез-құлқын ересек адамға жағымсыз жаңа сәттерді
салыстырғанда жеткіншекте жаңаның көп болуының нақ өзі дамитын болады және
жеткіншектегі дамудың жаңа бағдарларын білмесе және олар ескерілмесе
тәрбиелеудің пәрменділігі аз болып шығады.ал жеке адамның қалыптасуы оның
дамуының қалыптасуы оның дамуының осы жауапты кезеңінде стихиялы түрде өтуі
мүмкін.
Жеткіншектік шаққа аяқ басқан баланың жеке басының қалыптасуындағы
түбегейлі өзгерістер сана-сезімнің дамуындағы сапалық өзгеріспен
анықталады, осының арқасында бала мен ортаның арасындағы бұрынғы қатынас
бұзылады. Жеткіншектің жеке басындағы басты және өзіне тән жаңа құрылым
оның өзі туралы енді бала емеспін дейтін түсініктің пайда болуы болады,ол
өзін ересекпін деп сезіне бастайды, ересек болуға және өзіне жұрттың осылай
деп қарауына ұмтылады. Ересектік сезімі деп аталған бұл ерекшеліктің өзіне
тән белгісі жеткіншек өзін балалар қатарынан шықтым деп санайды, бірақ
төңірегінділер менің ересек болғанымды таныса,деген қажетсіну бар
болғанымен, онда шынайы, толық ересектікті сезіну әлі болмайды. Ересектік
сезімі сана-сезімнің өзіне тән жаңа құрылымы ретінде жеке адамның өзекті
ерекшелігі, оның құрылымдық ортасы болады, өйткені ол жеткіншектің өзіне,
жұртқа және дүниеге деген жаңа өмірлік көзқарасын білдіреді,оның әлеуметтік
белсенділігінің өзіне тән бағыты мен мазмұнын, аффективтік ықпалдардың
жүйесін анықтайды.
Жеткіншектің өзіне тән әлеуметтік белсенділігі ересектер дүниесіндегі
және олардың қарым-қатынастарындағы бар нормаларды,құндылықтар мен мінез-
құлық тәсілдерін меңгеру алғырлығы болып табылады.
Жеткіншектің жаңа құқыққа ие болмақ тілегі ең алдымен ересектер мен
қарым-қатынастың бүкіл санасын қамтиды.
Жеткіншек бұрын ынталана орындайтын талаптарға қарсыласа бастайды;
өзінің дербестігін тежегенге және жалпы алғанда кішкентай бала сенімді
қамқорлық жасап, бағып-қаққанға, тіл алуды талап етіп, жазалағанға оның
мүделерімен,көзқарастарымен,пікірім ен санаспағанға, т.б. ренжіп, қарсылық
көрсетеді. Жеткіншекте өзінің қадір-қасиетін анық сезіну шығады,ол өзін
кемсітуге, дербестікке деген құқығынан айыруға болмайтын адаммын деп
ұғынады. Ересектермен қарым-қатынатың балалық кезде болған типі жеткіншек
үшін енді қолайсыз,оның өзінің ересектік дәрежесі туралы түсінігіне сәйкес
келмейтін болады. Ол ересектердің құқықтарын шектейді де,өз құқықтарын
ұлғайтады, өзінің жеке басы мен адамдық қадір қасиетін құрметтейді, сенім
білдіріп, дербестік берілуін яғни ересектермен айқын тең құқықтылықты талап
етіп, оларға мұны мойындаттыруға тырысады. Жеткіншектің қарсылығы мен
бағынбауының әр түрлі формалары ересектермен қарым-қатынастарына тән типіне
өзгерту амалы. Жеткіншектің ересектігі сезімнің және төңірегіндегілердің
оны мойындауын қажетсінуінің пайда болуы ересек пен жеткіншектің бір-
бірімен қарым-қатынастарындағы құқықтарының мүлдем жаңа мәселені туғызады.
Жеткіншектік кезеңнің маңыздылығы мен ерекше орын баланың қарым-қатынасына
тән,саналық тұрғыдан жаңа типіне өту жүзеге асады. [30,101-110]
1.3 Отбасында қарым-қатынасындағы психотерапияның негізгі бағыттары

ХХІ ғасырдың соңғы тоқсанында түрлі психикалық бұзылыстардың “отбасылық
диагностикасы” мен “отбасылық емдеу” туралы оқу пайда болды. Ресейдегі
әлемде алғаш отбасы терапиясын нағыз негізін салушы И.В.Маляревский болып
есептеледі, ол 1882 жылы Санкт-Петербургте психикалық ауру балалар мен
жасөспірімдер үшін дәрігерлік –тәрбиелік мекеменің қалаған, оның
қызметкерлері психикалық аурулардың отбасындағы өзара қатынасты анықтау мен
есі ауысқандардың сол немесе басқа көріністердің қалыптасуында
дисгормониялық тәрбмелеудің роліне көп көңіл бөлген. Ауру балалардың
туысқандары мен қазіргі отбасы терапиясының бейнесі болып таблатын
“отбасылық тәрбиелеу” өткізіледі.
2-ші әлемдік соғыс аяқталғаннан кейін 20 ғасырдың 40 жылдарынан бастап,
отбасылық терапияға деген қажеттілік өсті. Қазіргі уақытта отбасы терапияда
бірнеше бағыттарды бөледі: психодинамикалық, жүйелік және бағдарламалық,
сонымен қатарэклетикалық. “Кішкентай Ганс” оқиғасынан Фрейд талдауынан
туындаған психодинамикалық бағыт тарихи бірінші болды. Сол кезде
психодинамикалық ыңғайдың негізгі белгілерін әсіресе отбасы мүшелерінің
тарихи өткенін олардың ұғынбаған (жете түсінбеген) тілектерін,
психологиялық мәселелері мен өзара проекцияларын талдап қисынға келді.
Психотерапияның тапсырмалары (міндеттері) – инсайтқа жету, яғни өткен
өмірдегі шешілмеген мәселелердің қазіргі уақытта отбасындағы өзара
қатынасқа қалай әсер ететіндігін, мұндай бұзылған қарым-қатынастың
контекстен невротикалық белгілер мен оның кейбір мүшелерінің өмірге
бейімделуінің конструктивті емес тәсілдері қалай пайда болғандығын саналы
меңгеру. Қазіргі уақытта психотерапевтің жағынан да, отбасы мүшелері
жағынан да, көптеген күш салуды талап ететін мұндай ыңғай жоғары тиімді
болғанымен экономика аз мақсатқа бағытталған болып есептеледі.
Қазіргі уақытта отбасылық психотерапевтің жартысынан көбі жүйелік
отбасылық теропия ағымында жұмыс жұмыс істейді, төрттен бірі
психодинамикалық бағытты ұсынады. Эклетикалық бағыттың өкілдері
психотерапевтік жұмыста емдік механизмдер бойынша түрлі әдістерді: гипноз,
аутогенді жаттықтыру, медитация, қылықты модификациялау бойынша үй
тапсырмасы, өзара қатынастың талдауы мен қорытылуы, топтық дискуссия және
т.б. біріктіреді.
Шетелдік отбасы терапиясының мектептері мен бағыттары жайында.
Пало Аято мектебінің өкілі Джей Хейли “мәселені шешуші терапия” әдісінің
авторы болды. Оның көптеген әдістемелері Милтон Эриксоннан алынған.
Хейлидің пікірінше, отбасындағы қатынас отбасының басқа мүшелерін басқару
таласының нәтижесімен анықталады. Белгі – қоршағандардың қылығын басқару
тәсілдерінің бірі. Джей Хейлидің көзқарасынша, психотерапияның міндеті
адамдардың басқа әсер теу тәсілін ұсынудан тұрады. Отбасы терапиясы емдік
тиімділігі, егер терапиялық сессияда отбасының барлық мүшелері жиналса,
айталықтай артады. Отбасы терапияға ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Тұлғааралық қарым - қатынас
Педагогикалық қарым-қатынасты ұйымдастыру
Оқытушы мен студент арасындағы қарым-қатынасты қалыптастырудың психологиялық негізін анықтау
Тұлға және тұлғааралық қарым-қатынас
Отбасы-адам өміріндегі жетістіктің психологиясында тұлғааралық қарым-қатынастың қалыптасуы
Жеткіншектердің құрбы - құрдастарымен қарым - қатынас мәселелерінің психологиялық аспектілері
Түйсіну мен қабылдаудың психологиялық табиғаты
Оқушыларының қарым-қатынасты зерттеу мен қалыптастыру
Жасөспірімдердің интимді-тұлғааралық қармы-қатынастардың психологиялық ерекшеліктері
Педагогикалық іс-әрекеттің қарым-қатынасты орнатудағы маңызы
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.

Байланыс

Qazaqstan
Phone: 777 614 50 20
WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь