ҚҰРМАНҒАЗЫ САҒЫРБАЙҰЛЫ (1818-1889 )



1 Шыққан тегі
2 Құрманғазының күйлері
Қазіргі Орал облысы, Жанғалы ауданының Жиделі елді мекенінде дүниеге келген. Күй атасы.
Шыққан тегі – Кіші жүз, он екі ата Байұлынан өрбіген Сұлтансиықтың Қызылқұрт бұтағы. Құрманғазының жетінші атасы Ерші деген кісі от тілді, орақ ауызды, сөз дарыған адам болыпты. Ал, нағашы жұрты – Беріш руы. Қалмақ шапқыншылығы кезінде асқан ерлігімен көзге түскен Ағатай батырдың есімі исі Берішке ұран болған. Одан берідегі Өтеміс би, Махамбет ақын, Исатай батыр бір ғана Беріш руының емес, исі қазақтың ардақты ұлдары.
Құрманғазыны күй өнеріне баулыған және оның ұстазы болған Ұзақ күйші еді. Құрманғазы жастайынан домбыра шертіп, көпшіліктің ілтипатына бөленді. Күйшінің шығармашылық табыстарға қол жеткізіп, өрлеуіне Бөкей ордасының Байжұма, Баламайсан, Байбақты, Соқыр Есжан сынды атақты күйшілері үлкен ықпал еткен. Олардан тәлім алып өскен Құрманғазы қазақ халқының ұлы сазгері атанды.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
ҚҰРМАНҒАЗЫ САҒЫРБАЙҰЛЫ
(1818-1889 )

Қазіргі Орал облысы, Жанғалы ауданының Жиделі елді мекенінде дүниеге
келген. Күй атасы.
Шыққан тегі – Кіші жүз, он екі ата Байұлынан өрбіген Сұлтансиықтың
Қызылқұрт бұтағы. Құрманғазының жетінші атасы Ерші деген кісі от тілді,
орақ ауызды, сөз дарыған адам болыпты. Ал, нағашы жұрты – Беріш руы. Қалмақ
шапқыншылығы кезінде асқан ерлігімен көзге түскен Ағатай батырдың есімі исі
Берішке ұран болған. Одан берідегі Өтеміс би, Махамбет ақын, Исатай батыр
бір ғана Беріш руының емес, исі қазақтың ардақты ұлдары.
Құрманғазыны күй өнеріне баулыған және оның ұстазы болған Ұзақ күйші
еді. Құрманғазы жастайынан домбыра шертіп, көпшіліктің ілтипатына бөленді.
Күйшінің шығармашылық табыстарға қол жеткізіп, өрлеуіне Бөкей ордасының
Байжұма, Баламайсан, Байбақты, Соқыр Есжан сынды атақты күйшілері үлкен
ықпал еткен. Олардан тәлім алып өскен Құрманғазы қазақ халқының ұлы сазгері
атанды.
Құрманғазының күйлері қазақ елі өмірінің әлеуметтік жыр-сыры,
азаткерлік рух ұраншысы іспетті, Ұлттық тарихымыздың әуен тілінде жазылған
ұлы эпопеясы деуге болатындай. Күйші шығармашылығындағы өзекті мәселелер —
халықтың азатгығы мен жеке тұлға бостандығы. Өз туындыларында XIX ғасырдың
30-жылдары Исатай Тайманұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліске ерекше назар
аударған. Құрманғазы бұл көтеріліске өзінің алғашқы туындыларының бірі
"Кішкентай" күйін арнаған. Одан кейінгі "Ақбай", "Ақсақ киік", "Түрмеден
кдшкдн", "Адай" күйлерінде ол халықтың азаттықты көксеген арманын,
әділетсіздікке қарсылықты, қоғамдық мүдделердің өзара қақтығысын білдіреді.
Құрманғазы туындыларында қоғам мен адамның арақатынасындағы айрықша
әлеуметтік-психологиялық жағдайлар бейнеленеді.
Оның "Аман бол, шешем, аман бол", "Қайран шешем", "Ертең кетем",
"Бұқтым-бұқтым" деген күйлерінде адам даусының ырғағы айқын берілген.
Құрманғазының ойнақы, мерекелік көңіл күйді білдіретін би ырғағымен
жазылған күйлері ("Балбырауын", "Әсем") де бар.
Құрманғазы Сағырбайұлы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құрманғазы күйлерінің ерекшелігі
Құрманғазы Сағырбайұлы
Құрманғазы Сағырбайұлының өмірі мен творчествосы
Қазақ поэзиясы мен музыка өнері
Халықтың музыкалық шығармашылығы
Қазақстандағы музыкалық тәрбие
XVIII ғ орта тұсымен басындағы қазақ мәдениеті
Әлемдік мәдениет тарихы
Хіх ғасырдағы қазақ ағартушылары және рухани мәдениет
Қазақ тарихының ұлы ойшылдары
Пәндер