Ойыл өзені алабының негізгі өзендерінің жылдық ағынды үлестірімін есептеу


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
География факультеті
Құрлық гидрологиясы кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
ОЙЫЛ ӨЗЕНІ АЛАБЫНЫҢ НЕГІЗГІ ӨЗЕНДЕРІНІҢ ЖЫЛДЫҚ АҒЫНДЫ ҮЛЕСТІРІМІН ЕСЕПТЕУ
Алматы 2010
РЕФЕРАТ
Бітіру жұмыстың тақырыбы: Ойыл өзені алабының негізгі өзендерінің жылдық ағынды үлестірімін есептеу.
Бітіру жұмысы : 56 беттен, 9 кестеден, 12 формуладан, 7 суреттен тұрады.
Негізгі қолданылатын сөздер: су өтімі, су деңгейі, ағынды, ағынды модулі, ағынды қабаты, ағынды көлемі, экстраполяциялау, су жинау алабы, тұстама, су айрық сызығы, сабалық кезең, өзен арнасы, бекет, қамтамасыздық қисығы, өзен аңғары, вариация коэффициенті, ассиметрия коэффициенті, корреляция, регрессия, репрезентативтік кезең, орташа квадраттық ауытқу, жылдық ағынды үлестірімі, маусымдар, кезеңдер, су тасуы, су тасқыны, ең мол ағынды, ең аз ағынды.
Зерттеу объектісі -Ойыл өзені -Алтықарасу бекеті
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Курстық жұмыс мақсаты - берілген өзен үшін жылдық ағынды үлестірімін анықтау. Ойыл өзені - Алтықарасу бекеті бойынша жылдық су өтімдері мәліметтері арқылы жылдық қалыпты ағындыны, вариация, ассиметрия коэффициенттерін анықтау, сулылығы бойынша жекелеген маусымдар және жалпы жыл үшін қамтамасыздық қисығын тұрғызу керек.
Ақтөбе облысы Қазақстанның солтүстік - батыс бөлігінде орналасқан. Оның территориясы солтүстіктен оңтүстікке қарай шамамен 700 км - ге, шығыстан батысқа қарай 800 км-ге кең ауқымында созылып жатыр және жалпы ауданы 300 мың км 2 . Солтүстігінде Ресеймен, шығысында Қостанай, Қарағанды облыстарымен, ал оңтүстігінде - Қызылорда облысымен, батысында - Атырау және Батыс Қазақстан облыстарымен шектеседі.
Облыс аумағында үш ландшафтты зона орын алған - далалы (құрғақ далалы), шөлейтті және шөлді.
1 АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ - ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Жер бедері
Облыс территориясының жер бедерінің сипатына қарай бес ауданға бөлуге болады: Мұғалжар таулары, Орал - Ембі үстірті, Торғай - Арал маңы төрткіл жазығы, Үстірт шоқысы және Каспий маңы ойпаты.
Оңтүстік Орал тауының жалғасы болып табылатын Мұғалжар тауы меридиональді бағытта 450 км-ге созылып облыстың орталық бөлігінде орналасқан. Бұл тау солтүстік және оңтүстік бөліктерден тұрады. Олар бір-бірінен кең ауқымды тау аралық ойпауыттармен бөлінген. Шамамен 50 0 с. е. аяқталатын солтүстік Мұғалжар таулары Елек пен Ырғыз өзендерінің аралығындағы ені 200 км - ге дейінгі кеңістікті алып жатыр және олар жалпы алғанда төбелі - жонды қырат ретінде көрінеді. Солтүстік Мұғалжардың шығыс қанаты (Ор - Ырғыз өзен аралығы) биіктігі теңіз деңгейінен 340 м - ге дейін жетіп Ор өзеніне қарай біртіндеп төмендейтін кең алқапты біртекті жазық ретінде сипатталады. Эрозиялық тілімденген жерлер мұнда тек өзен аңғарларының беткейлерінде ғана кездеседі.
Оңтүстік Мұғалжардың шығыс бөлігін 20 - 30 м-ге көтерілетін қырқалар мен төбелер, сирек кездестін таулы қырат ретінде көрінеді. Теңіз деңейінен 280 - 300 м биіктікте жатқан бұл таулы үстірт Ырғыз өзенінің оңтүстік салаларының тар және терең аңғарларымен бөлінген.
Орал - Ембі үстірті облыстың батыс жартысының көп бөлігін алып жатыр және ол Уил, Сағыз, Ембі алаптарының уақытша ағынсулары мен көптеген өзендердің аңғарларымен бөлініп кеткен жон төбелі жазық ретінде сипатталады. Өзендердің суайрық сызығында биіктіктер теңіз деңгейінен 400 - 500 м-ге көтеріледі. Ал батыс және оңтүстік батысқа қарай үстірт 100 м-ге дейін төмендейді, бірақ біркелкі емес.
Төбелер аралығындағы кең ауқымды ойпауыттар көбінесе барханды, құм - төбелі (Уил, Сағыз және Ембі өзендерінің аңғарларындағы құмдар) алқаптар немесе сорлар алып жатыр.
Үстірттің осы бөлігінің бетінде, сондай-ақ, көктемде іші еріген қар суымен толған тұйық қазаншұңқырлар кездеседі.
Торғай - Арал маңы төрткіл жазығы (Торғай үстірті) облыстың шығыс бөлігін алып жатыр. Жазық биіктігі батыс және солтүстік батысында (Мұғалжар тауы беткейлерінің етегінде) 280 - 320 м-ді құраса, ал оның оңтүстік - шығыс бөлігінде (Торғай, Ырғыз өзендерін және Шалқар Теңіз қазаншұңқыры ауданында) теңіз деңгейінен 50 - 70 м биіктікке жетеді. Үстірттің жер бедері үшін құрғап қалатын ағынсу аңғарлары мен және жыраларымен бөлінген құламалы ; ал кей жерлерде сатылы беткейлер мен бірнеше ондаған метрге көтерілген жекелеген төрткіл қыраттар (тау жұрнақтары) тән. Үстірт бетінде, әсіресе Торғай, Ырғыз, Ұлқаяқ (Өлкейек) және солтүстік Арал маңы сағаларында тұйық көлді шұңқырлар, сорлар және тақырлар көптеп кездеседі.
Жазықтың оңтүстік бөлігінде - Арал маңы ойпатында - биіктіктер 80-нен 150 м-ге дейін өзгереді. Мұнда көп ауданды құмды массивтер алып жатыр. Олардың ішіндегі ең ірілері Үлкен Борсық және Кіші Борсық құмдары болып табылады. Кішігірім массивтер Үстірт шоқысында, Шағрай Үстірті және Ырғыз өзенінің сағасында орналасқан.
1. 2 Геологиялық құрылымы
Ақтөбе облысының территориясында жасына қарай алуан түрлі тау жыныстары жатыр - төрттіктен орхей және протерозой кезеңіне жататын жыныстарға дейін.
Төрттік шөгінділер кең таралған және олар көптеген өзен аңғарларында кездесетін өзен аллювиясы мен (қалдық, тұнба), облыстың батыс бөлігінде дамыған көне Каспий шөгінділері мен Ембі, Уил, Ырғыз, Торғай және тағы басқа өзен алаптарындағы эолды құмды массивтермен сипатталады.
Көне төрттік шөгінділердің қуаттылығы (саздақ, құмсаз және үлкен кесекті сынық материалдардың) 1 - 70 м-ге дейін құрайды.
Неогенді шөгінділер облыстың оңтүстігінде (Үстірт шоқысы) және Ор, Ырғыз бен Торғай өзен аралық аумағында таралған. Құмды қабаттар жиынтық қуаты бойынша (Ембі өзенінің аңғарынан оң жақта 300 м-ге дейін) Елек пен Үлкен Қобда өзендерінің аралығында құмды сазды қабаттардан едәуір басым келеді.
Мұғалжар таулары мен қазақтың қатпарлы өлкесінің арасында палеоген мен бор шөгінділерінен тұратын кең палеозой фундаменті орналасқан. Шығысқа қарай бұл фундамент (іргетас) біртіндеп меридиональді бағытта қатпарладың батуы байқалады.
1. 3 Климаты
Ақтөбе облысы құрлық тереңінде, мұхиттар мен биік тау жүйелерінен алшақта орналасқан. Қыста қарастырылып отырған аумақ Сібір антициклонының әсерінде болады, жазда шөлдің жылы құрғақ субтропикалық ауа массалары оның аймағына ене кіреді. Облыс климаты үшін құрғақшылық пен континенталдық тән.
1. 3. 1 Радиациялық теңдестік.
Облыс солтүстігінде радиациялық теңдестіктің жылдық шамасы 35 ккал/см 2 , ал оңтүстігінде 40 ккал/см дайін жетеді.
Сәуірден қазан айына дейін радиацияның келуі теңдестіктің шығын бөлігінен біршама асып түседі.
Радиациялық теңдестіктің ең жоғарғы айлық шамасы - 7 ккал/см 2 дейін - маусым мен шілде айына келеді. Кері радиациялық теңдестіктің айлық шамасы (теріс мәнді) - 1 ккал/см 2 желтоқсан - ақпан айының ішінде байқалады; оның нөлдік шамасы наурыз бен қарашада көрінеді.
1. 3. 2 Ауа температурасы
Облыс айлығында орташа жылдық ауа темпереатурасы солтүстігінде 28 0 С - тан (Родниковка станциясы) оңтүстікте 7, 8 0 С - қа дейін (Ақтұмсық станциясы) өзгереді. Ауа температурасының жыл ішілік жүрісі қыста тұрақты аяздылығымен, қысқа көктемгі кезеңде жылудың қарқынды өсуімен, ал жазда аптап ыстығымен сипатталады.
Ең төменгі орташа айлық ауа температурасы (-12, 0 0 С мен -18, 0 0 С) қаңтар мен ақпан айларында байқалады. Жеке жылдары температураның абсолюттік минимумы - 48 0 С (Ақтөбе станциясы, 12 қаңтар 1940 жыл) .
Ең жылы ай шілде, осы айдың орташа ауа температурасы 20, 7 0 С - тан (Родниковка станциясы) 26, 4 0 С - қа дейін (Ақтұмсық станциясы) өзгереді. Абсолюттік максимум 44 0 С - қа жетеді (Ақтұмсық бек, 5 тамыз 1955 ж) . Осылайша ауа температурасының абсолюттік амплитуда (ауытқу) тербелісі 90 0 С - тан асады.
Көктемде орташа тәуліктік ауа температурасының 0 0 арқылы өтуі әдетте оңтүстігінде 25 - 31 наурыз және солтүстігінде 6 - 10 сәуір; күзде - сәйкесінше 1 - 10 қараша және 29 - 31 қазан.
0 0 асатын орташа тәуліктік температуралар саны шамамен 200 - ді құрайды. Аязсыз кезең орташа алғанда 130 - 140 күнге солтүстігінде, ал оңтүстігінде 150 - 160 күнге созылады.
1. 3. 3 Атмосфералық жауын-шашын
Оның шамасы облыс территориясында орташа жылдық жиынтығы 160 - тан 361 мм - ге дейін өзгереді. Жауын - шашын ең аз түсетін жері -Үстірт шоқысы болып табылады. Жеке жылдарда жауын - шашын жиынтығы оның орташаланған шамасынан едәуір ауытқуы мүмкін. Шамадан тыс жаңбырлы және мол қарлы жылдары жауын - шашын мөлшері облыс ауданының солтүстігінде 576 мм - ге (Мартук ст., 1956 жыл), ал оңтүстігінде - 371 мм ( Аяққұм бек., 1958 жыл) жетеді.
Құрғақ жылдары жауын - шашын 70 мм дейін өзгереді (Ырғыз бек., 1929 жылы 69 мм) . Жауын-шашын жыл ішінде бірқалыпсыз таралады. Оның негізгі мөлшері жылы кезеңде түседі, ал суық кезеңде жауын - шашынның жылдық шамасының шамамен 30 - 40 % түседі. Жауын - шашынның айлық максимумы көбінесе, маусымда айқын көрінбейтін максимум қазанда байқалады. Жауын - шашынның минимальды айы ақпан болып табылады.
Жауын - шашын көп болып ұзаққа жалғаспайтын және төмен қарқынды жаңбыр түрінде түседі, кейде (кейбір жағдайларда) созылмалы (ұзақ) жаңбырлар мен қатты нөсерлер болып тұрады.
Жазғы жауын-шашын жоғарғы ауа температурасында және жоғарғы ылғалдылық тапшылығы жағдайында булануға көп мөлшерде жұмсалады. Жауын - шашынның ең жоғарғы тәуліктік мөлшері 50 - 70 мм құрайды, 110 мм - ге де жетуі мүмкін (Темір бек., қыркүйек 1911 жыл ) .
Жаңбырлы жауын - шашынның қарқындылығы 1, 2 - 2, 5 мм/мин жетеді
(2, 6 мм/мин жаңбырда, 1958 жыл 14 мамыр түскен Уил бек. ауданында және
2, 1 мм/мин - жаңбырда, 3 мамыр 1955 жыл Ақтөбе қаласы ауданында байқалған) . Жаңбырсыз кезеңдер кейде ұзақтығы екі айға дейін созылады.
1. 3. 4 Қар жамылғысы
Ақтөбе облысының территориясында қардағы су қоры көктем алдындағы кезеңде жылдық жауын-шашын мөлшерінен орта шамамен 25-30% - ін құрайды. Топырақ ылғалдануына, өзендер мен көлдердің қоректенуіне және грунт суы қорларының қоректенуінде қар қорының рөлі едәуір маңызды.
Қар жамылғысына көп жылдық бақылау мәліметтері бойынша (1962 жылы болжамның орталық институты (В. Н. Тупков) жүргізген УГМС КазССР стнциясының жүйесінде қар жамылғысының түсірісі нәтижесінде) облыс аймағында қар жамылғысының пайда болуы, жиналуы факторлар, сонымен қатар орналасуы (ендігі) мен жер бедерінің әсеріне болатын белгілі бір заңдылықтарға бағынады. Бұл заңдылық, жалпы, қар биіктігі мен ондағы су қорының азаюымен, сондай-ақ, солтүстіктен оңтүстікке қарай бағытта қардың жату ұзақтығының қысқаруымен көрінеді.
Алғашқы қар территориясы солтүстігіне түседі, әдетте, қарашаның басында, оңтүстік шығыс аудандарында - қараша айының үшінші декадасының аралығында түседі, бірақ көп бөлігі тез еріп кетеді.
Тұрақты қар жамылғысы, көбінесе алғашқы қар түскеннен 10-20 күннен кейін қалыптасады, орташа алғанда қарастырылып отырған территория 20 қараша мен
20 желтоқсан аралығында қармен жамылып жатады.
Қар жамылғысының биіктігі қыс мезгілінің басында қарқынды түрде үлкейеді, ал қысқы кезеңнің екінші жартысында оның биіктеуі (өсуі) баяулайды. Облыс территориясының көп бөлігінде қар жамылғысының ең жоғарғы биіктігі, әдетте, наурыздың бірінші декадасында байқалады, ал ауданның оңтүстігінде біршама ерте - ақпанның ортасында.
Қыстың екінші жартысында антициклонды ауа - райы басым болған жағдайда қардың ең жоғарғы биіктігі ақпанда байқалуы мүмкін, кей кезде тіпті желтоқсанда болуы мүмкін.
Орташа жылдық ең жоғарғы қар биіктігі қар ерудің алдында облыс солтүстігінде 30-35см құрайды, ал оңтүстікте 15-10 см дейін төмендейді.
Қыс басында қар тығыздығы 0, 15-0, 20 г/см 3 , ал қар ерудің алдында 0, 25-0, 35 г/см 3 дейін өседі, ал солтүстіктен оңтүстікке және оңтүстік-шығысқа қарай көбейеді.
Қар еру кезінде қар тығыздығы 0, 40-0, 50 г/см жоғарылайды.
Қар қорының жиналуы облыстың оңтүстігінде, әдетте ақпанның аяғында, солтүстігінде - наурыз аяғында аяқталады.
Ең жоғарғы қар қоры көктемгі қар ерудің алдында байқалады, алайда кейбір қыстарда циклонды әрекеттің дамуына байланысты осы кезең аралығында олар қыстың ортасында болады, ал жеке аудандарда тіпті қыс басында болуы мүмкін.
Ең жоғарғы қар қорының таралуында қар биіктігінің таралуындағы заңдылықтар көрінеді.
Облыс солтүстігінде және Мұғалжар тауларының беткейлерінде қар қоры, көбінесе, 70-90 мм жетеді, орта жолақтың жазық бөлігінде -50-60 мм, ал облыстың оңтүстігінде 40-30 мм дейін азаяды.
Қарастырылып отырған территорияда қардың еруі бір уақытта болмайды. Қар жамылғысы әдетте, облыстың оңтүстік аудандарында наурыз айының ортасында, орта жолақта - наурыздың үшінші декадасында, облыс солтүстігінде және Мұғалжар беткейлерінде - сәуірдің бірінші декадасында бұзыла бастайды.
Ерте көктемде қар жамылғысының бұзылуы шамамен үш аптаға ерте байқалады, ал көктем кеш болған жылдары - орта мерзімнен екі-үш апта кейін жүреді.
Тұрақты қар жамылғысы кезеңінің ұзақтығы облыстың солтүстік бөлігінде 120 күнннен 140 күнге дейін созылады, оңтүстігінде 100-75 күнге азаяды.
Қар еру процессі күн радиациясынан келетін жылудың әсерінен күндізгі ауа температурасы теріс мәнінде жүре бастайды. Алғашқы 10-15 күн ішінде қар баяу ериді, алайда бұл кезең ішінде қар қоры 20-30%-ға дейін азаяды.
Оң ауа температурасы келген күннен бастап-ақ қар еру жылдамырақ дамиды және қар ашық участкелерде шамамен 15-7 күн ішінде жоғалып кетеді. Өзен арналарында, жыра-сайларда, жыраларда және екпе ағаш жерлерінде қардың кетуі 120-150 күн және одан да көп күнге кешігеді.
Қардың еру қарқындылығы бақылау мәліметтер бойынша орта есеппен 4-тен 7 мм-ге дейін құрайды, жеке күндері -15-120 мм/тәул.
Қарастырылып отырған аудандарда қардың қуатты қалыңдығы өзен арналары мен жыраларында туындайды.
1. 3. 5 Ауа ылғалдылығы.
Ауаның абсолюттік ылғалдылығы облыс аумағында шамамен жылына 6, 0 - 6, 5 мб құрайды. Ең жоғарғы мәніне (12-15мб) ол шілде айында жетеді. Ең төменгі мәні (1, 5-2, 5 мб) - қаңтар - ақпан айларында байқалады. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы, әдетте 25-30% жазда, 80-90%-ға дейін қыс пен көктемде өзгереді.
Жылдың жылыну кезеңі ішінде ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 30%-ға тең немесе кем болатын күндер саны 60-80 сотүстігінде және 110-125 оңтүстігінде. Ең жоғарғы құрғақшылық жылдары барлық күндер дерлік ішінде жеке айлары ылғалдылық 30%-дан аспайды (Ырғыз, Шалқар, Ембі, Ақтөбе станциялары) .
1. 4 Өсімдік жамылғысы
Облыстың өсімдік жамылғысы негізінен шабындық шөптің екі түрімен сипатталады: дәнді өсімдіктер - дала зонасында және жусан - шөл зонасында кездеседі.
Құрғақ даламен алып жатқан облыстың солтүстік бөлігінде боз бетегелі (ақ селеу) түрлі шөпті - дәнді өсімдіктер көп таралған, оның арасындағы сорларда, әдетте ақ және қара жусан өседі.
Мұғалжардың тасты беткейлері сирек кездесетін бұталармен жамылған. Терең өзен аңғарлары мен тау өзектерінде көктерек - қайыңды ағаштар кезігеді.
Шөлейтті белдемде жусанды - дәнді далалар орналасқан, оларда құрғақ далалардың ерекшелігі сияқты геоморфологиялық жағдайлармен анықталатын өсімдік жамылғысының микрокешенділігімен сипатталады. Оңтүстігінде - ең құрғақ бөлігінде шөлді өсімдік қосылыстары дамыған. Дәнді - жусанды шөлдер Ембі мен Сағыз өзендерінің алаптарында, Үлкен Борсық және осы белдемнің кейбір аудандарында дамыған. Жусанды шөлдер сортаңды шөлмен бірігіп Үстірт шоқысын, Торғай - Арал маңы жазығының оңтүстік бөлігін алып жатыр. Өсімдік жамылғысының жиынтығы мұнда не бары 40-50% құрайды. Тұзды шөлдер және өсімдігінен айырылған сорлар көп бөлігі өзен аңғарлары мен көлдердің жағалауларымен байланысты. Облыстың оңтүстік - батысында аз ауданды ақ сексеуілдер алып жатыр.
1. 5 Топырақ жамылғысы
Аумақ шегінде топырақ жамылғысының жер бедерінің әр түрлілігіне және топырақ қалыптастырушы жыныстардың литологиялық құрамының жиі ауысуына байланысты едәуір "шұбарлылығымен" ерекшеленеді. Оның территориясында төрт топырақ белдемдерін бөлуге болады: қаратопырақ, сарғылт, қанық - сарғылт және ашық - сарғылт, қоңыр және сұр - қоңыр топырақ.
Қаратопырақ облыс солтүстігінде кездеседі - олар аз гумусты, көп бөлігі тасшақпа болып келеді.
Қанық - сарғылт топырақ қара топыраққа қосылып кеткен. Мұғалжар тауларының ауданында қанық - сарғылт топырақтың қуаты аз, оның көп бөлігі таужыныстарының тасшақпа мен сынық бөлшектерінен құралған. Бұл топырақ белдемінің оңтүстік шекарасы иректелген және Мұғалжар тауының бойымен 48 0 с. е. дейін барады.
Ашық - сарғылт топырақ облыстың орталық бөлігін алып жатыр, механикалық құрамы бойынша негізінен саздақ болып келеді. Олардың құрамдық кешенінде сор және сортаңдар, тақырлар және шалғынды - сарғылт топырақтар бар. Бұлардың соңғылары терең емес табақ тәріздес ойпаңдарда, көлдер мен өзендердің террасаларында кездеседі.
Қоңыр топырақ шөлді белдемде, яғни облыс оңтүстігінде басым, ал сұр - қоңыр топырақтар Үстірт аймағында жақсы дамыған, механикалық құрамына байланысты олар саз және ауыр сазды болып келеді.
Жалпы алғанда шөл топырағы аз гумустылығымен және Үлкен тұздылығымен ерекшеленеді.
Өзен аңғарлары мен көл жағалауларында түрлі механикалық құрамдағы аллювиальді (шөгінді, тұнбалы) топырақ таралған.
Механикалық құрамы жеңіл топырақ ең жақсы болып саналады, бұған ылғалды жақсы жұтатын құмдақ пен саздақ жатады.
Топырақтың ылғалдануы, қарастырылып отырған аймақта, көктемгі және қысқы жауын - шашын әсерінен болады. Топырақтың ылғалмен қамтамасыздығы жеткіліксіз, тіпті көктемнің өзінде олар 1 метрге жуық тереңдікке сіңеді.
Облыс территориясы бойынша топырақтың механикалық құрамы мен құрылымына, температуралық раежиміне, жергілікті жер бедеріне, қар жамылғысының биіктігіне байланысты біршама өзгеше болуы мүмкін.
Батыс Қазақстан ағынды станциясы ауданында (Ащыуил өзенінің жоғарғы бөлігі) саздақ топырақтың қату тереңдігі 8 жыл бақылау ішінде 84 см-ден 150 см-ге және одан да жоғары мәнді құраған (Данилин тоң өлшегіші бойынша) . Облыстың солтүстк және орталық бөліктерінде топырақтың еруі, орта есеппен алғанда сәуірдің екінші - үшінші декадасының басында басталады, ерте күні наурыз аяғында, ал кеш күні - мамыр айының бірінші декадасына сәйкес келеді.
2 ӨЗЕН АЛАБЫ ГИДРОГРАФИЯСЫ МЕН ГИДРОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕЛГЕНДІГІ
2. 1 Гидрографиясы
Ақтөбе аймағында өзен торының және көлді бөгендердің таралуы Мұғалжар тауының негізгі су айрығының меридиональді орналасуымен және оның көп бөлігінде климаттың құрғақшылығымен байланысты болады.
Гидрологиялық жағдайлары бойынша бұл территорияны үш бөлікке бөлуге болады: Каспий теңізі алабына жататын батыс бөлігі, Торғай өзені алабының төменгі бөлігі, Шалқар - Теңіз қазаншұңқырын алып жатқан шығыс бөлігі және Арал теңізіне жататын тұйық алап - оңтүстік бөлігі. Облыстың барлық өзені дерлік, Торғай мен Өлкейек өзендерін қоспағанда, осы территория аймағынан бастау алады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz