Эндокринді жүйе


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Дәрістің жоспары:

  1. Эндокринді жүйенің жалпы сипаттамасы
  2. Эндокринді бездердің жіктелуі
  3. Гипоталамус
  4. Гипофиздің қызметі мен
  5. Эпифиз

Эндокринді жүйенің жалпы сипаттамасы

Жүйке жүйесімен біріге отырып ішкі секреция жүйесі (организмнің) ағзаның жұмысын реттеп отырады. Әрбір жасушада оның зат алмасуының нәтижесінде көптеген метаболизм өнімдері түзіледі де, олар ұлпалық сұйықтыққа немесе қан мен лимфаға құйылады. Бұл өнімдердің кейбіреулері физиологиялық белсенділігі бар заттарға жатады, яғни олар ағзадағы процестерді тежеп не еселеп өзгертуге, кейбір мүшелердің қызметіне, өсуіне өзгерістер енгізуге қабілетті болып келеді. Бұндай биоактивті заттарды бөлетін мүшелерді эндокриндік (ішкі секреция) бездерге жатқызып, олардың бөлетін өнімдерін гормон (инкрет) деп атайды. Ішкі секреция жүйесінің құрамына маманданған бездер және жеке жатқан эндокринді жасушалар жатады. Эндокриндік бездердің шығару өзектері болмағандықтан, олардың өнімдері тікелей қанға түседі. Сондықтан бұл бездерде қан тамырлары өте жақсы дамып жетілген.

Жалпы құрылымдық принциптері:

1. Өнімдерін тікелей қанға бөледі, сондықтан шығару өзектері жоқ.

2. Осыған байланысты қанмен жақсы қамтылған.

3. Капиллярлардың фенестрленген және синусоидты түрлері болады.

4. Паренхиматозды мүшелер болып табылады, көбінесе эпителиальды тіннен құралады. Кейде басқа тіндер де басты орындарға шыға алады. Мысалы гипоталамус пен эпифизде бұл қызмет жүйке тінімен, жүректе бұлшық ет тіні, ал бүйректе ДТ атқарылады

5. Паренхима жақсы дамыған, строма аз жетілген.

6. Гормондар өндіреді, ықпалын жүзеге асыру үшін гормонның аз ғана мөлшері қажет.

Эндокринді бездердің жіктелуі

Ішкі секреция жүйесін келесі топтарға жіктеп бөлуге болады:

  1. Орталық эндокриндік мүшелер а) гипоталамус, б) гипофиз, в) эпифиз
  2. Шеткері эндокриндік мүшелер а) қалқанша безі, б) қалқанша маңы безі, в) бүйрек үсті безі
  3. Эндокриндік және эндокриндік емес қызметтерді бірге атқаратын мүшелер

а) жыныс бездері (аталық және аналық бездер), б) плацента (баланың орны, жолдасы), в) ұйқы безі

  1. Жеке жатқан гормон бөлуші жасушалар а) нейроэндокриндік жүйкелік жасушалар (APUD-жүйесі), б) жекелеген жүйкелік емес жасушалар

Иерархиялық принцип бойынша.

1. Орталық: гипоталамус, эпифиз и гипофиз

2. Шеткері: қалқанша, қалқанша маңы, бүйрек үсті.

Гипофизге бағынуына байланысты 2 топқа бөлінеді:

1) аденогипофизге тәуелді емес - қалқанша безінің кальцитониноциттері, қалқанша маңы безі, бүйрек үсті безінің милық заты, ұйқы безінің аралшығы, тимус, ДЭЖ эндокриноциттері. 2) аденогипофизге тәуелді - қалқанша безі, бүйрек үсті безінің қабықтық заты, гонадалар.

Құрылдымдық құралу деңгейіне байланысты:

1. Эндокринді мүшелер (қалқанша, қалқанша маңы, бүйрек үсті бездері, гипоталамус, эпифиз, гипофиз) .

2. Эндокриндік және эндокриндік емес қызметтерді бірге атқаратын мүшелер

а) жыныс бездері (аталық және аналық бездер), б) плацента (баланың орны, жолдасы), в) ұйқы безі

3. ДЭЖ жасушалары.

Гипоталамус.

Орталық ішкі секреция жүйесінің құрамына кіретін гипоталамус аралық мидың есебіне кіріп, таламустың астына қарай орналасқан нейросекреторлық және өткізгіш жүйкелік жасушалардан түзелген мүше. Ол ағзаның вегетативті қызметтерінің жоғарғы реттеу орталығы және жүйкелік, эндокриндік жүйелердің өзара байланысатын жері болып табылады. Гипоталамуста жүйкелік және эндокриндік қызмет біріктірілген.

Гипофиз эмбриогенездің 4-5 аптасында дами бастайды. Ұрықтың ауыз шұңқырының эктодермальдық эпителийінен гипофизарлық қалта оқшауланады да, дамып келе жатқан миға қарай орын ауыстырады. Бұл қалта аденогипофиздің бастамасы. Оның дифференцировкасы бас миының бастамасының «аралшығына» түйіскенде ғана басталады. Эпителиальдық гипофизарлық қалтаның өсуімен оның дифференцировкасы басталады. Алдыңғы қабырғасынан аденогипофиз дамиды. Артқы қабырғасынан аралық бөлігі пайда болады. Артқы гипофиз нейроглиядан түзіледі. Гипоталамус: алдыңғы, ортаңғы және артқы бөлімдерін ажыратады.

Алдыңғы бөлігінде - супраоптикалық және паравентрикулярлық ядролар орналасады. Супраоптикалық ядро ірі пептидохолинергиялық нейросекреторлық жасушалардан тұрады. Олар АДГ немесе вазопрессин гормонын бөледі. Нейросекреторлық жасушалардың аксоны гипофизарлық аяқшалар арқылы нейрогипофизге өтеді де капиллярлардың қабырғасында аксовазалды синапстарды құрайды (Херринг жинақтаушы денешіктері) . Паравентрикулярлық ядроның ортаңғы бөлігінде ірі пептидохолинергиялық нейросекреторлық жасушалар, ал шетіне қарай ұсақ адренергиялық нейросекреторлық жасушалар орналасады.

Паравентрикулярлық ядрода окситоцин гормоны түзіледі. Окситоцин қуықтың және жатырдың қабырғасындағы жазық бұлшық ет тінінің жиырылуын реттейді. АДГ зәр түзілу процессін реттейді.

Ортаңғы бөлігінде- аркуатты, вентромедиальды және дорсомедиальды ядролар орналасады (аденогипофизотропты гормондар) : либериндер- аденогипофиздің гормон бөлуін ↑ және статиндер-оны тежейді. Гормондар медиальды эминенцияда орналасқан біріншілік капиллярлар торы арқылы аденогипофизге жетеді.

Гипофиздің қызметі мен құрылысы

1. аденогипофизге тәуелді эндокринді бездердің жұмысын реттеу.

2. гипоталамустың нейрогормондарын жинақтау.

3. пигменттік және майдың алмасуы.

4. организмнің өсуін қамтамасыз ететін гормонды өндіру.

5. нейропептидтерді (эндорфиндерді) өндіру.

Гипофиз - адено- және нейрогипофизден тұрады. Аденогипофиздің 3 бөлігін ажыратады: алдыңғы, аралық және туберальды.

Аденогипофиз- эктодермадан (Ратке қалташығының эпителийінен), нейрогипофиз - нейроглиядан дамиды.

Алдыңғы бөлігі эпителиальдық созындылардан тұрады, олардың араларында синусоидты гемокапиллярлар мен борпылдақ дәнекер тінінен тұратын тосқауылдар өтеді. Эпителиальдық созындылар хромофобты және хромофильді эндокриноциттерден тұрады. Хромофобты эндокриноциттер 60% құрайды, камбиальдық қызмет атқарады. Хромофильді эндокриноциттер базофильді және оксифильді деп екіге бөлінеді.

Базофильді эндокриноциттер:

1. Тиротропоциттер -тиротропин гормонын бөледі, эндокриноциттердің пішіні үш бұрыш тәрізді, секреторлық түйіршіктері ұсақ, негізгі бояулармен боялады - қалқанша безінің гормондарының бөлінуін ↑. Егер организмде йодотирониндер жетіспесе тиротропин гормонының түзілуі күшейеді. Тиротропоциттер көлемінде ұлғаяды, ЭПТ цистерналары кеңейеді, цитоплазмасы ірі көпіршіктерден тұрады. Мұндай вакуольденген тиротропоциттер тироидэктомия жасушалары деп аталады.

2. Гонадотропоциттер- пішіні дөңгелек немесе сопақша, ядросы шетіне қарай орналасқан. Олар екі түрлі гормон бөледі:

1) Фоллитропин (ФСГ) -овогенезге, эстрогендердің түзілуіне және сперматогенезге әсер етеді.

2) Лютропин (ЛГ) -сары денешіктің дамуын, оның прогестерон гормонын бөлуін және интерстициальды (Лейдиг) жасушалардың аталық жыныс гормонын бөлуін арттырады.

- аденокортикотропты гормон бөледі (АКТГ), аденогипофиздің ортасында орналасады, пішіні созылыңқы, ядросы бөлшектенген, ЭПТ жақсы дамыған. Бүйрек үсті бездерінің қыртысты затының шоғырлы аймағының гормон бөлуін күшейтеді.

Оксифильді эндокриноциттер:

1. Соматотропоциттер -пішіні дөңгелек, ядросы ортасында орналасқан, түйіршікті ЭПТ жақсы дамыған. Бұл жасушалар соматотропин немесе өсу гормонын бөледі.

2. Лактотропоциттер - пішіні дөңгелек немесе сопақша болып келген, ядросы ортасында орналасқан, түйіршікті ЭПТ жақсы дамыған. Пролактин гормонын бөледі. Ол жүктілік кезінде сүт безінің өсуін ↑, лактацияға және сары денешіктің дамуына әсер етеді.

Аденогипофиздің аралық бөлігі

1. Меланотропоциттер-меланотропин гормонын бөледі, көздің торлы қабықшасының қараңғыда көруге бейімделуіне әсер етеді, бүйрек үсті бездерінің қыртысты затының белсенділігін арттырады.

2. Липотропоциттер -липотропин гормонын бөледі липидтердің метаболизмін арттырады.

Нейрогипофиз.

Нейрогипофиз көп өсінділі немесе ұршық тәрізді эпендималық жасушалардан - питуициттерден тұрады. Нейрогипофизде гормондар түзілмейді, мұнда гипоталамустың алдыңғы бөлігінде синтезделген антидиуретикалық және окситоцин гормондары жинақталады. Питуициттер артқы гипофиздің көлемінің 30% құрайды. Олар трофикалық, тіректік қызметтерді атқарады деп есептеледі. Сонымен қатар нейросекреттің терминальдан қанға түсуін де реттеуге қатысады. Эмбриогенезде гипоталамустың нейросекреторлық жасушаларының аксондарының миграциясын бағыттайды.

Эпифиз

Сыртынан дәнекер тіндік капсуламен қапталған, одан ішіне қарай тосқауылдар өтіп паренхимасын бөлікшелерге бөледі. Бөлікшелердің ортасында пинеалоциттер, ал шетіне қарай тіректік глиоциттер орналасады. Пинеалоциттер пішіні көп бұрышты, ядросы көпіршік тәрізді, ядрошықтары ірі.

Денесінен көптеген өсінділері шығады, олардың ұштары буылтық түрінде кеңейіп капиллярлардың қабырғасында аяқталады. Пинеалоциттердің қызметтік жағдайына байланысты ашық (цитоплазмасы ашық түсті) және күңгірт (цитоплазмасында ацидофильді, кейде базофильді қосындылары бар) түрлерін ажыратады.

Эпифиздің қызметтері

1. Тәулік мерзіміне байланысты физиологиялық белсенділіктің ритмін реттеу (серотонин және мелатонин) .

Жарық эпифиздің қызметін ↓, ал қараңғы - ↑.

( көздің торлы қабықшасы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Эндокринді жүйелер жіктелісі
Эндокриндік жүйе
Эндокриндік жүйенің қызметі
Қалқанды бездер
Эндокринді жүйенің жалпы сипаттамасы мен жіктелуі
Диффузды эндокриндік жүйе
Вегетативті жүйке жүйесі туралы түсінік
Гипоталамус-гипофиз- бүйрек үсті бездер жүйесі
Организм қызметін реттеуде гипоталамо гипофизарлы-бүйрек үсті жүйесінің жастық ерекшеліктері
Эндокриндік жүйе туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz