Қылмысты саралаудың теориялық мәселелері және қылмыспен күресте алатын орыны


Мазмұны

  1. Кіріспе2

ІІ. Негізгі бөлім

1- тарау. Қылмысты саралаудың теориялық мәселелері және қылмыспен күресте алатын орыны.

1. 1. Саралаудың ұғымы және қылмыстық құқық жүйесіндегі

орыны мен маңызы5

1. 2. Қылмысты саралау - құқықтық нормаларды қолданудың

ғылыми негізі ретінде9

1. 3. Қылмысты саралаудың қылмыстықпен күрестегі маңызы

14

2- тарау. Саралаудың методикалық (әдістемелік) және

құқықтық негіздері.

2. 1. Саралаудың философиялық негіздері16

2. 2. Қылмыс құрамы - саралаудың құқықтық негізі ретінде22

2. 3. Қылмыс құрамы және оның қылмысты саралаудағы

атқаратын қызметі 26

3 - тарау. Қылмыс құрамының белгілері және қылмыстардың жіктелуі. 30

3. 1. Қылмыс құрамының объективтік белгілері бойынша

жіктелуі. 35

3. 2. Қылмыс құрамының субъективтік белгілердің

ерекшеліктері 41

4 - тарау. Қылмысты саралау процесі.

4. 1. Қылмысты саралаудың кезеңдері46

4. 2. Құқықтық норманы іздеу48

4. 3. Саралаудың логикалық бағдарламасы50

4. 4. Қылмысты дұрыс саралаудың әділсоттылықты жүзеге

асырудағы маңызы 53

ІІІ. Қорытынды. 55

ІV. Пайдаланылған әдебиеттердің библиографиялық тізімі. 57

V. Нормативтік құқықтық актілер. 59

Кіріспе

1991 жылдан бастап Қазақстан Республикасы зайырлы; тәуелсіз мемлекет ретінде өзінің қалыптасуы және дамуының күрделі кезеңінен өтуде. Еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауынан мынадай жағдайды көрсетуге болады: « біз кең ауқымды әлеуметтік, саяси және экономикалық реформаларды жүргізуді бастадық. Көздеген мақсатымызға толық қолымыз жеткен жоқ, бірақ жекеленген бағыттар бойынша жағымды нәтижелер бар екенін атап өтуіміз қажет ң. Кез-келген қоғамның ілгерілеуін ұстап тұратын фактор бұл - қылмыстылық сияқты негативті әлеуметтік құбылыс екені сөзсіз.

Қылмыстылықпен күресудің Қазақстан Республикасында заңдылықты және құқықтық тәртіпті бекітуде және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауда теориялық және практикалық маңызы өте зор. Қазіргі уақытта Қазақстан республикасында азаматтардың, қоғамның және мемлекеттік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің құқықтық негізін -Қазақстан Республикасының Конституциясы, өзге де заңдар және нормативтік актілер құрайды.

Қоғамның сан-салалы өмірінде адам мүдделерін барынша қамтитын сала - заң саласы, құқық, құқықтық мемлекетке бағыт алғандығынан азаматтардың құқықтық сауатты болуы барған сайын пәрменді факторға айналуда. Барлық азаматтар бірдей құқықпен пайдаланады, олар заң алдында тең.

Бүгінгі күні заң саласы тұтқасының толық іске қосылуы үшін белгілі бір дәрежеде ғылымы мағлұматы болуы шарт. Бұл ең алдымен заңгерлерге үлкен міндет жүктейді. Қоғамның қажеттілігін өтеуде жоғары білімді заңгерлерді көптеп даярлауда. Құқық қорғау органдары саласында әйтсе де дәл бүгінгі жағдайда әрбір адам белгілі дәрежеде заңды білуі, қысқаша айтқанда, құқықтық сауатты болуға тиіс.

Қазақстан Республикасы өз дамуының тарихи кезеңінде құқықтық сауаттылықтың дәл бүгінгідей қажеттілігіне тап болған жоқ. Сондықтан адамдар санасында құқықтық мәдениет қалыптастыру, құқықтық насихат жүргізу ісі де кең өріс алуы керек. Құқықтық тәртіп, қылмысқа қарсы күрес мәселелері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес алдыңғы қатарға қойылып отырған кезеңде құқықтық сауаттылыққа деген қажеттілік, сұраным арта түсуде. Сондықтан азаматтардың құқықтық білімдерінің дәрежесін көтеру мәселесі бұқаралық ақпарат құралдардың, әрбір ұйым мен мекеменің күнделікті қызметінде маңызды орын алуы тиіс.

Азаматтарға құқықтық білім берудің қажеттігі қоғамның әлеуметтік-экономикалық табиғатынан, оның өмірінің бүкіл мазмұнынан, адамдардың құқықтық қызметінің тәжірибесінен туындаған. Қоғамның құқықтық өміріне белсене қатысу үшін елімізде жүріп жатқан құқықтық реформаның мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыттарын, одан туындайтын таядауғы міндеттер мен болашағын білу шарт. Сондықтан құқықтық насихат жұмысы мазмұны жағынан қоғамның, азаматтың, қоғамдық тәртіптің мүдделерін қамтиды.

1995 жылдың 21 маусымында Қазақстан Республикасы Президентінің « Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей құқықтық оқуды ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы ң қаулысы өз күшіне енді. Бұл Қаулының маңызы бүгінгі таңда да күн тәртібінде тұр. Азаматтардың құқықтық сауатын ашу бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі ұйымдастырғанда ғана ңәтижелі болар еді. Негізінен бұл жұмыс мектепте, оқу орындарында, мекемелерде, бұқаралық ақпарат құралдарында пәрменді ұйымдастырылуы қажет. Ал, өз бетімен білім алудың да маңызы зор, яғни өз ынтасы арқылы барлық заңдармен, кодекстермен танысу, заң мәселелеріне байланысты жарық көрген кітаптарды оқып үйрену, « Заң газеті ң , « Юридическая газета ң , « Заң және заман ң сияқты бұқаралық ақпарат құралдарын үзбей оқу, адам құқықтарын қорғау жөніндегі республикалық Комиссияның және басқа да осы саладағы қоғамдық ұйымдармен байланыс жасау - сөз жоқ, кім-кімге де пайдалы.

Сонымен құқықтық сауатты болудың ең басты шарты - азаматтың өз білімін жетілдіруіне байланысты. Заң әдебиеттерінің барлығы бүгінгі күнге жетіліп келе жатқан құқықтық білімнің қайнар көзі, екіншіден, сол арқылы адамның заңға деген құрметі, мемлекетке деген көз қарасы қалыптасады, үшіншіден, әдістемелік маңызы бар, яғни бұл заңдардың қолданылу, пайдалану, іске асыру тұтқасы түсінуіңізге септігін тигізеді. Қысқаша айтқанда, адамдардың көңілінде « заңның салтанат құратына және кез-келген құқыққа қарсы әрекеттің даусыз жазасын алатынына деген сенім ң орнықты болу үшін, азамат, сіз өзіңіз құқықты сауатты болуыңыз қажет.

  1. Тарау. Қылмысты саралаудың теориялық мәселелері және қылмыспен күресте алатын орыны. Саралаудың ұғымы және қылмыстық құқық жүйесіндегі орыны

мен маңызы.

Қылмысты саралау - әділет органының практикалық қызметінде кеңінен қолданылатын, қылмыстық құқық ғылымының ең маңызды түсініктерінің бірі болып табылады.

Саралау латын тілінен аударғанда «gualіsң- «сапаң деген мағынаны білдіреді, яғни өзінің сапалық белгілеріне және қасиеттеріне қарай белгілі-бір санатқа, түрге, категорияға жататындығын білдіреді. Құқық саласында саралау - берілген жағдайда қарастыратын керекті құқықтық норманы таңдау болып табылады.

Қылмысты саралау дегеніміз - яғни оған заңгерлік баға беру, осы қылмыстың белгілері көзделген тиісті қылмыстық -құқықтық норманы көрсету.

А. А. Герцензон былай деп жазады: «Қылмысты саралау дегеніміз бұл берілген нақты іс-әрекеттің белгілерінің Қылмыстық заңда көзделген белгілі бір қылмыс құрамына сәйкестігін анықтауң. 1

Заңдылық құжаттарда қылмысты саралау жасалған іс-әрекеттің дайын бағасы ретінде сипатталады. Бұл баға -сот, прокурор, тергеуші және анықтау органының ұзақ әрі күрделі жұмысының нәтижесінде пайда болады. Ол істің фактілі жағдайларымен терең танысуды, заң мағынасын талдауды, сәйкес норманы таңдауды және қорытынды шығаруды жобалайды.

Осыған байланысты қылмысты саралаудың екі мағынасы бар деп айтуға болады:

  1. Тұлғаның іс әрекетінен сол немесе басқа қылмыстың белгілерін анықтау процесі.
  2. Сот және прокуратура органдары қызметінің нәтижесі, яғни жасалған іс әрекеттің анықталған белгілерін соған сәйкесінше заңдық актіде ресми тану және бекіту. Қылмысты саралауды іс жүргізу ретінде және қорытынды ретінде қарастырғанда олардың бір-бірімен өзара байланысын ескеру қажет. Бұл аспектілердің айырмашылығын көрсеткеннен гөрі олардың бір-бірімен өзара байланысын көрсеткен маңызды. Бұдан мынадай анықтама шығады, яғни қылмысты саралау - бұл қылмыстық құқықтық нормада көзделген қылмыс құрамының белгілері мен жасалған іс әрекеттің белгілері арасындағы нақты сәйкестікті анықтау және заңдылық бекіту.

Келтірілген анықтама қылмысты саралауды құқықтық құбылыс ретінде сипаттайды. Бірақ саралау процесінің басқа да аспектілері бар. Олардың ішіндегі ең маңыздысы - психологиялық және логикалық.

Психологиялық тұрғысынан алғанда қылмысты саралау - бұл белгілі -бір міндетті шешуге байланысты ойлау процесі болып табылады. Бұл процестің ерекшелігі - ол көптеп кездесетін қателерден аулақ болуға және саралауды тиімді етіп жасауға көмектеседі. Саралаудың логикалық түрінің мақсаты да дәл осындай. Мұнда саралауды - логикалық ережелерге сәкес жүргізілетін белгілі бір операция ретінеде қарастыруға болады.

Қылмысты саралау бір қарағанда техникалық операция болып көргенмен негізінде ол терең саяси -әлеуметтіе мағынаны білдіреді

Қылмысты дәлдеме-дәл саралау - заңдылық саралаудың жеке түрі. Адамның әрекеті немесе әрекетсіздігі азаматтық деликт ретінде, әкімшілік құқықбұзушылық, тәртіптік теріс қылық, қылмыстық іс әрекет т. б. ретінде саралануы мүмкін. Қылмысты саралаудың міндетті шарты -қылмыстық заң нормасына сілтеме жасау болып табылады.

Адам қылмыс жасағанда белгілі-бір құқықтық қатынас пайда болады, яғни кінәліге қылмыстық жаза қолдану және осы жазаны өтеуде қылмыскерге міндет етіп жүктеу. Қылмыс жасау - бұл осы көрсетілген құқықтық қатынасты тудыратын заңдық факт болып табылады және ол кінәнің жазаны өтегеннен кейін немесе кінәлі жазадан босатқан кезде тоқтатылады.

Құқықтық тұрғыдан алғанда қылмыскерге жаза қолдану мүмкіндігі қылмыс жасалған сәттен бастап пайда болады. Бірақ тәжірибе жүзінде жазалау шарасын қолдану үшін алдымен қылмыстық құқықтық қатынасты анықтап белгілеу және осы қатынастың нақты мазмұнын (қандай қылмыстық құқықтық нормада көзделген) анықтау керек.

Кеңес дәуіріндегі қылмыстық құқық тарихында қылмыссыз жазалау және сотсыз жазалау қолданылған, бірақ әсіресе соғыстьан кейінгі жылдары қарапайым заңдылықты сақтауды көздейтін нормативтік құжаттар да кездесіп отырады. Кеңестік қылмыстық заңның жалпы мағынасы бойынша жаза тек қана сот арқылы белгілі-бір қылмыс жасағаны үшін кінәлі айыпталушыға тағайындалады. 2

Қылмысты саралау легальді және доктринальді болуы мүмкін. Нақты бір қылмыстық іс бойынша қылмысты саралауды тергеу, сот және прокуратура органдары жүргізсе ғана оның ресми сипаты және заңдық күші болады. Мұны доктринальді немесе ғылыми саралау деп айтуға болады. Алдымызда біз саралау туралы сөз қозғағанда тек қана легальді саралау, яғни анықтау, тергеу, прокуратура сот органдары арқылы жүргізілетін саралау туралы айтамыз.

  1. Қылмысты саралау - құқықтық нормаларды қолданудың ғылыми негізі ретінде.

Қылмысты саралау ұғымының мазмұнын толық ашу үшінқұқықтық нормаларды қолдану процесінде саралаудың алатын орнын анықтау қажет.

Қоғамға қауіпті әрекеттерді жасауға тиым салатын қылмыстық құқықтық нормалары осы нормаларды өз еркімен сақтаушы азаматтардың басым көпшілігі арқылы жүзеге асырылады. Осы арқылы олардың тиым салушы ұйғарымы орындалады. Осымен қылмыстық заңның мақсаты айқындалады, яғни адам мен азаматтық құқықтыарын, бостандықтар мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, меншікті, қоршаған ортаны, ҚР-ң Конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау. Сонымен қатар қылмыстық құқықтық нормалардың маңызы белгілі-бір тиым салуларды жариялаумен шектеліп қоймайды. Қылмыстық құқықтық норма тек қана тиым салушы норма емес. 3 А. Ф. Шебанов: «Кез-клген құқықтық норманың міндеттеме жүктеуші екі жақты сипаты болады ң, деп атап көрсеткен. 4

Қылмысты саралау қылмыстық құқықтық норманы іс жүргізуде қолданудың бір бөлігі болып табылады. Құқықтық норманы қолдану ұғымы мынадай түсініктерді білдіреді:

  1. шын мәнінде болған істің жағдайына талдау жасау;
  2. сәйкес келетін норманы таңдау;
  3. заңды қайнар көздің қажетті норма мазмұндалған текстің дұрыстығын куәландыру және оның күшін белгілеу;
  4. норманың мазмұнын және мағынасын анықтау;
  5. норманы талқылау;
  6. шешім қабылдау және осы шешімді бекітетін акт шығару.

Саралау процесінде осы жағдайлардың барлығы бірнеше рет қайталанып нақтыланады. Көрсетілген әрекеттер өздігінен саралау процесінің мазмұнын құрмайды, олар тек заңды дұрыс қолдануды қамтамасыз етуге қажетті жағдайларды ғана жасай алады. Қылмысты саралау құқықтық норманы қолдану процесінің тек сол бөлігі, яғни қылмыстық құқықтық норманың көзделген нақты қоғамға қауіпті іс әрекетке үкім, қаулы т. б. заңды актілердің бекітілуін қамтиды.

Тергеу. Прокуратура және сот органдары нақты бір істің және құқықтық норманың мазмұнын анықтап талдау жасағанда қылмысты саралаудың қажеттілігі болмауы да мүмкін. Мысалы: оқиға болған жерде ол адамның болмауы немесе кінәсіздігі, сондай-ақ іс әрекеттің қылмыстылығын жоққа шығаратын мән-жайлардың орын алуы немесе қылмыстық жауапкершіліктің көзделмеуі т. б.

Саралау ұғымы құқықтық норманы қолдану процесінің соңғы сатысына, яғни шешім қабылдауға және осы шешімді бекітетін акт шығаруға жақынырақ. Саралау осы сатыға кіреді, бірақ онымен толық сәйкес келе бермейді, яғни саралау қылмыстық құқықтық норманы қолдануда кінәлінің іс әрекетінде қылмыс құрамының бар жоғын анықтауда, сонымен қатар қажетті жаза қолдануда туындайтын сұрақтардың шешімін табуға көмектеседі. Қылмысты саралаумен қылмыстық нормаларын қолданудың бір этапы болып табылады. Қылмыстық іс жүргізудің әрбір сатысында, яғни қылмыстық іс қозғау, алдын-ала тергеу жүргізу, сотқа беру, сот талқылауы және үкім шығару, қылмыстық құқықтық норманы қолданумен байланысты және қылмысты саралау кезінде туындайтын сұрақтардың шешімін табады.

Қылмыстық құқық нормасы қолданудың ең маңызды актісі болып сот үкімі, яғни мемлеке атынан берілетін жаза танылады. Тек қана сот үкімі арқылы тұлға қылмыс жасағаны үшін кінәлі болып танылады және жазаға тартылады. Шын мәнінде қылмыстық құқық нормаларын анықтау органы да, тергеші де, прокурор және судья да қолданады. Бұл қызметтің сипаты, тәртәбі, көлемі, мақсаты және құқықтық салдары қылмыстық іс жүргізудің әр кезеңінде әртүрлі болып келеді. Басқа органдар, мысалы тергеуші қылмыстық құқықтық норманың санкциясын емес, тек қана диспозициясын қолданады.

Сонымен қылмыстық іс жүргізудің барлық сатыларында жасалған іс әрекетке саралау жүргізіліді. Мұнда сот та тергеуші сияқты құқық нормаларын қолданудың барлық кезеңдерін жүзеге асырады, яғни заңның мағынасын айқындау, істің фактіге негізделген жағдайларын анықтау, норманы талқылау. Осы жағдайда ғана жасалған іс әрекетке соңғы және дұрыс саралау қамтамасыз етілуі мүмкін.

Қоғам мен мемлекеттің қылмыстық заң нормаларын қолдану процесіне қатынасы жалпы саяси бағыттың көрінуі болып табылады. Қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық және басқа да әдістердің маңызы қоғамның топтық құрылымымен, экономикалық қатармен, рухани мәдениеттің деңгейімен және осы реттеудің әлеуметтік және саяси бағытын анықтайтын басқа да негізгі факторлармен анықталады.

Қылмысты дәлме-дәл саралау заңмен тиым салынған әрекеттердің белгілі-бір категориясын қарастыратын жалпы нормаларды қалыптастыруды болжайды.

Демократимялық құқықтық мемлекеттерде заңды дәлме-дәл сақтау Конституциялық қағида болып табылады. Мемлекеттік биліе органдары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, лауазымды тұлғалар мен азаматтар Конституцияны сақтауға міндетті. Жасалған қылмысты дәлме-дәл сәйкес келетін заңмен саралау және қылмыстық құқықтық нормаларды дұрыс қолдану - тергеу, сот және прокуратура органдарының басты міндеті болып табылады.

Қылмысты дұрыс саралау заңға сәйкес әділ соттылықты қалыптастырудың бір кепілі болып табылады. Саралау белгілі бір қылмыстық құқықтық қатынасты ресми тану фактісі, сонымен қатар ол осы қатынастың заңдық және саяси-әлеуметтік бағасы ретінде қарастырылады. Дұрыс саралау айыпталушы үшін өте маңызды болып табылады. Саралаудағы қате - сәйкес келмейтін жазалау шарасын тағайындау ғана емес, сонымен қатар басқа да құқықтық шектеулерді негізсіз қолдануға немесе қолданбауға әкеліп соқтырады. Заңды қолдануда кездесетін қателер сот органдарының абыройын түсіреді және соттың әділсіздігі жайлы ой туғызады.

Қылмыстық заңды дұрыс қолдану белгілі бір жағдайлар мен алғы шарттарды талап етеді. Заңды қолдану - бұл жедел процесс емес, творчествалық қызмет. Қылмысты дұрыс саралау үшін заң талаптарын дұрыс түсінетін және құқық қабілеттігі жоғары деңгейлі сауатты тергеушілер, прокурорлар және судьялар керек, сонымен қатар сот, тергеу және прокуратура органдарының тәуелсіздігін қамтамасыз ететін белгілі бір саяси-әлеуметтік жағдайлар да қажет. Қазіргі кезде біздің елімізде сот әділдігін қатаң түрде заңға сәйкес қалыптастыру түшін барлық жағдайлар жасалған. Сот ісін жүргізудің конституциялық қағидалары, соттардың тәуелсіздігін жергілікті ықпал етушілерден қорғау, олардың мәртебесін жоғарылату және басқа да шаралар заң талаптарына сәйкес қылмысты дұрыс саралау үшін толық мүмкіндік береді.

  1. Қылмысты саралаудың қылмыстылықпен күрестегі маңызы.

Әділет органдарының алдында тұрған міндеттердің табысты шешілуіне мүмкіндік туғызу үшін заңдық ғылым қылмыстылықпен күресте нақты іске асатын көмек көрсетті. Құқық салаларының жалпы мәселелерін шешудің принципті мағынасы бар, өйткені осының негізінде сот және прокуратура органары қызметінің нақты мәселелері дұрыс шешілуі мүмкін. Құқықтық принциптері мен жалпы мәселелерінің терең талқылануы сот әділдігінің қатаң түрде заңға сәйкес қалыптасуына ықпал жасайды. Қылмыстық құқықтың ерекше бөлімінде ұрлық, жеке адамға қарсы қылмыстар, лауазымдық, шаруашылық және әскри қылмыстарды саралау мәселелерін талқылаудың тек заңдық қана емес, саяси-әлеуметтік маңызы да бар.

Қылмысты саралаудың жалпы теориясы құқықтық нормаларды қолдану мәселесі шегінде де қарастырылуы мүмкін. Мысалы: Мемлекет және құқық теориясы курсындағы «құқық нормасын таңдау және талдау (істің заңдық негізін қалыптастыру) ң. «Құқық қолдану қызметің бөлімінде талданған. 5 Бұл тәсіл принциптік қарсылық шақыра алмайды. Әрине, құқық қолдану мәселелеріМемлекет және құқықтың жалпы теориясы пәніне кіреді. Бірақ басқаша сұрақ туады: бұл мәселе қылмысты саралаумен және қылмыстық құқық пәнінің бөлімімен байланысты ма, егер байланысты болса, онда нақты қайсы тараумен?

Бұл сұраққа дұрыс жауап беру керек: мемлекет және құқық теориясында сол немесе басқа мәселелерді түсіндіруді арнайы пәндерде тереңдетіп оқытады. Оқу бағдарламаларында, сонымен қатар қылмыстық құқық оқулықтарында бұл мәселе өз шешімін табады, онда қылмысты саралаудың кейбір жалпы мәселелері қарастырылады.

Қылмысты саралаудың жалпы теориясы өзінің мазмұны бойынша қылмыстық құқық теорисының жалпы бөлімінің мәселесі болып табылады және ол соның шегінде баяндалуға және оқытылуға міндетті. Қылмысты саралаудың жалпы ережелері заң нормасы болу үшін олар нақты, қысқаша және анық тұжырымдалуы керек. Ең алдымен қылмыстық және іс жүргізушілік заңдылықтың ережелері негізделетін бастапқы теориялық алғы шарттар дамыған болуы керек.

2 - Тарау. Саралаудың методикалық (әдістемелік) және құқықтық негіздері

2. 1. Саралаудың философиялық негіздері

Қылмысты саралау құқық теориясында талқыланған және заңда тұжырымдалған ережелерге негізделеді. Философия заң нормаларын дұрыс қолдану үшін ғылыми негізді қамтамасыз етеді. Ол заңдылық тәртібіне негіздемебереді. Нақты бір жағдайға құқық нормаларын қолдану процесінің гносеологиялық табиғатын сипаттайтын философиялық категориялар да аз мағына бермейді. Бұл жерде жеке және жалпы, нақты және абстракты категориялар, сонымен қатар абсолютті және салыстырмалы ақиқат маңызды роль атқарады.

Жеке және жалпы ақиқат шындықты бейнелейтін категория болып табылады.

Жеке - бұл заттың немесе құбылыстың белгілі - бір сапасын, оның жекелігін, өзгешілігін, кеңістіктегі және уақыттағы белгілерін білдіреді. Жеке құбылыстармен, яғни құқық саласындағы нақты фактілермен біз үнемі кездесіп отырамыз. Мысалы, белгісіз бір А. деген адам 1990 жылы 11тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш қаласында велосипед ұрлығын жасады. Бұл жеке құбылы, ақиқат шындықтың фактісі. Қылмыстық құқықта мұндай жеке әрекет нақты нақты қылмыс болып табылады. Жеке құбылыстың өзіне тән бірнеше қасиеттрі бар. Қылмыстық істе біз жеке қылмысты масимальді толық сипаттауға ешқашан жетпейміз. Қылмыстық істі тергеуде және оны шешуде біз көбінесе қылмыстық-құқықтық, криминологиялық, іс-жүргізушілік немесе басқа да заңдық мағынасы бар нақты әрекеттің белгілері қызықтырады. Нақты қылмыстың көптеген белгілері қылмыстық істің шегінде қалып қояды. Мысалы, қылмыскердің шашының түсі, оның ұрланған велосипедпен жүрген көшенің асфальттіе жабуының ерекшеліктері, немесе велосипедтің номері-мұның бәрі істелген қылмыстың немесе қылмыскердің жеке басының белгілері. Бірақ бұлар қылмыстық жауапкершілік туралы мәселені шешуге ешқандай ықпал жасамайды, сондықтан оның қылмыстық құқықтық мағынасы жоқ. Сонымен нақты қылмысқа байланысты төрт түрлі белгілер категориясын бөліп көрсетуге болады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН ЖӘНЕ ЖАЗАДАН БОСАТУ НЕГІЗДЕРІ
Қылмысты саралаудың теориялық негіздері және оны жүзеге асырудың практикалық мәселелері жайында
Қылмысты саралаудың теориялық негіздері және оны жүзеге асырудың практикалық мәселелері
Аяқталмаған қылмысты саралау
Қылмысты дұрыс саралаудың маңызы
Қылмыстық құқық бұзушылықтан сақтандыру - қылмыстық саясаттың құрамдас бөлігі
Қылмыс және қылмыстық құқық жайлы
Қазақстан Республикасы қылмыстық қүқығындағы қылмысты саралаудың жалпы түсінігі мен маңызы
Қатысып қылмыс жасау түсінігі, нысаны, түрлері және тарихи даму аспектілері
Ұйымдасқан қылмыстық топ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz