Когнитивті лингвистика-жеке ғылым саласы туралы ақпарат
Жоспары: 1.Когнитивті лингвистиканың зерттеу нысаны
2. Когнитивті лингвистиканың анықтамасы
2. Когнитивті лингвистиканың анықтамасы
Кез-келген халық тілі-сол халықтың шынайы этникалық болмысының айнасы.Тіл ғалам туралы білімді сыртқа көрсетіп қана қоймайды, ғұмырнамалық тәжірибенің түпсанада бедерленіп үздіксіз сұлбалануына және оның айқындалуына , ұрпақтан-ұрпаққа жетуіне қалтқысыз қызмет етеді. Сондықтан да тілді жаңа ғасыр баспалдағында
теориялық –танымдық үрдісте зерттеудің қажеттігі туып отыр. Адамзат өзін қоршаған шындықтықты, әлемдегі сан алуан құбылыстар мен олардың сапа қасиетін сезім мүшелері арқылы сіңіріп санамен түсініп қана қоймайды , оған жауап қайырады, ақпаратты өзінше жаңғыртып, жаңа сапада қайта жасауға саналы-санасыз күйде талпынас жасайды , өңдейді , қорытады, елеп-екшейді , баға береді, тәжірибеде қолданады, бұлардың тұтас көрінісі ретінде ғаламның тілдік бейнесі жасалады.
Ал бұл этностың , оны құраушы жеке индивидтің таным деңгейінде ғана емес , генетиклық табиғатына, сол тілде сөйлеушілердің психофизиологиясына , әлеуметтік күйіне, жағрапиялық жағдайына , қысқасы, ол тыныс алатын күллі дүниеге дүниеге тікелей қатысты болады , басқаша айтқанда ,адам мен оның тілін тұтастықта зерттеудің шындық нәтижеге жетуі оны қоршаған ортадағы физио, социо, психологиялық шарттарды бірдей ескеруде мүмкін болады . Қазіргі жаһандану процесі ғылым салаларының тоғысу мен бірігуіне ғана ықпал етпей,сонымен қатар тың ғылыми салалардың салалардың қалыптасуы мен дамуына да әсер етті. Когнитивті лингвистика- тіл білімінің қоғамдық -әлеуметтік орны мен ролінің күшеюіне орай, адамзаттың ой мен тіл, сана мен сөйлеу , таным мен тілдік қарым-қатынас процестерінің бірлескен әрекеті нәтижесінде тілші- ғалымдар алдына жаңа идея , тың ізденісті қажет еткен сала . Бұл сала жалпы тіл білімі пробемаларымен де, сондай-ақ жеке тіл білімі мәселелерімен де тығыз байланысты сала.
Когнитивті лингвистика тіл арқылы қоршаған ортаны , адамзат қасиеттерін, қоғамдық құбылыстар мен жаратылысты танып –білудің ғылыми теориялық негіздерін қарастырады.

Қажетті әдебиеттер тізімі:
1.В.А. Маслова . Когнитивная лингвистика. Минск Тетра Системс 2004. Глава 1.
Теоритические основы когнитивной лингвистики
2.Рахлина Е.В. Когнитивная лингвистика :история, персонали идеи результати // Семиотика и информатика.// М 1988
Когнитивті лингвистиканың зерттелу тарихы
Жоспары:
1. Когнитивті лингвистиканың қалыптасу кезеңдері
2. Н. Хомскийдің тілдік теориясы
3. Когнитивтік антропологиялық бағыт
4. Тіл біліміндегі жаңа бағыттардың орын тебе бастауы

Пайдаланатын оқулықтар тізімі
Негізгі:
1.В.А .Маслова. Когнитивная лингвистика .Минск Тетра Системс 2004. Глава
1. Теоритические основы когнитивнои лингвистики
2.Рахлина Е.В. Когнитивная лингвистика :история, персонали идеи
результати Семиотика и информатика. М 1988
3. А.Байтұрсынов .Тіл тағылымы. Алматы,1992
4. М.Жұмабаев . Педагогика .Алматы Ана-тілі,1992
5.С.Аманжолов . Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы. А.,1994.
6.Оразбаева.Ф Тілдік қатынас негіздері: теориясы мен әдістері Алматы ,
2000ж
7.Новое в зарубежной лингвистике . Когнитивные аспекты языка. М-1988
8. Л.В.Сахарный .Введение психолингвистика. М.,1999
Глава 1 Из истории психолингвистики
9. 1.В.А .Маслова. Когнитивная лингвистика .Минск Тетра Системс 2004.
Глава 1. Теоритические основы когнитивнои лингвистики
10. Талми Л. Отношение грамматики к познанию Вестник Московск. Унта.
1999.
11.Қ.Ә. Жаманбаеваның Тіл қолданысының когнитивті негіздері Алматы.
Ғылым, 1998.
12. К. Аханов Тіл білімінің негіздері. Алматы. Санат, 1993
13.Ченки А. Современные когнетивные подходы к семантике: сходства и
различия в теориях и целях Вопросы языкознания. 1996.,№2
Қосымша
1.Лакофф Дж. Когнитивная семантика Язык и интелект. М., 1995. с.143-184.
2.Ланкагер Р.В. Модель основанная на языком употреблении Вестник М.,Ун-
та Сер. 9 Филология 1997. 4.с. 156-174
3.Ланкагер Р.В. Природа грамматической валентности Вестник Московск.
Ун-та. Сер 9. Филалогия, 1998 5 С. 73-111.
4 Лингвистический энциклопедический словарь. Гл. Ред. В. Н. Ярцева.-М.:
1990. Советская энциклопедия.
5.Новое в зарубежной лингвистике. ВыпХХІІІ: Когнитивныеаспекты языка. М .:
1988
6. Скребцова Т. Г № Американская школа когнитивной лингвистики Послесл.
Н. Л. Сухачева. СПБ., 2000
7.Василев В.С. Проблема соотношения когнитивных и коммуникативных
компонентов высказывания: Автореф. Дисс. Канд.-М.,1992.
8.Вронская Ю.В. Когнитивно- прагматические особенности высказываний с
глаголами речи в современном английском языке (в сопоставлении с
современном русским языком). Автореферат дисс. Кан..-екатеринбург, 1998.
9. Поляк О.Е. Когнитивная модель иллокутивной составляющей дискурсной
аргументативной единицы (на матирале русского политического дискурса ).
Автореферат дисс. Кан.-М., 1998.
10. Белецкая О.Д. Когнитивная- комуникативная интерпретация
вопросноответных единств. Автор. Дисс. Кан., -Тверь, 1999
Когнитивті лингвистика-жеке ғылым саласы.
Жоспары: 1.Когнитивті лингвистиканың зерттеу нысаны
2. Когнитивті лингвистиканың анықтамасы
Кез-келген халық тілі-сол халықтың шынайы этникалық болмысының
айнасы.Тіл ғалам туралы білімді сыртқа көрсетіп қана қоймайды,
ғұмырнамалық тәжірибенің түпсанада бедерленіп үздіксіз сұлбалануына
және оның айқындалуына , ұрпақтан-ұрпаққа жетуіне қалтқысыз қызмет
етеді. Сондықтан да тілді жаңа ғасыр баспалдағында
теориялық –танымдық үрдісте зерттеудің қажеттігі туып отыр. Адамзат
өзін қоршаған шындықтықты, әлемдегі сан алуан құбылыстар мен олардың
сапа қасиетін сезім мүшелері арқылы сіңіріп санамен түсініп қана
қоймайды , оған жауап қайырады, ақпаратты өзінше жаңғыртып, жаңа сапада
қайта жасауға саналы-санасыз күйде талпынас жасайды , өңдейді , қорытады,
елеп-екшейді , баға береді, тәжірибеде қолданады, бұлардың тұтас көрінісі
ретінде ғаламның тілдік бейнесі жасалады.
Ал бұл этностың , оны құраушы жеке индивидтің таным деңгейінде ғана
емес , генетиклық табиғатына, сол тілде сөйлеушілердің
психофизиологиясына , әлеуметтік күйіне, жағрапиялық жағдайына , қысқасы,
ол тыныс алатын күллі дүниеге дүниеге тікелей қатысты болады , басқаша
айтқанда ,адам мен оның тілін тұтастықта зерттеудің шындық нәтижеге
жетуі оны қоршаған ортадағы физио, социо, психологиялық шарттарды бірдей
ескеруде мүмкін болады . Қазіргі жаһандану процесі ғылым салаларының
тоғысу мен бірігуіне ғана ықпал етпей,сонымен қатар тың ғылыми салалардың
салалардың қалыптасуы мен дамуына да әсер етті. Когнитивті лингвистика-
тіл білімінің қоғамдық -әлеуметтік орны мен ролінің күшеюіне орай,
адамзаттың ой мен тіл, сана мен сөйлеу , таным мен тілдік қарым-қатынас
процестерінің бірлескен әрекеті нәтижесінде тілші- ғалымдар алдына жаңа
идея , тың ізденісті қажет еткен сала . Бұл сала жалпы тіл білімі
пробемаларымен де, сондай-ақ жеке тіл білімі мәселелерімен де тығыз
байланысты сала.
Когнитивті лингвистика тіл арқылы қоршаған ортаны , адамзат қасиеттерін,
қоғамдық құбылыстар мен жаратылысты танып –білудің ғылыми теориялық
негіздерін қарастырады.
Қажетті әдебиеттер тізімі:
1.В.А. Маслова . Когнитивная лингвистика. Минск Тетра Системс 2004. Глава
1.

Когнитивті лингвистика білім мен таным , адамдардың іс-әрекеті
прцесіндегі дүниені қабылдау туралы ғылым .Белгілі Американдық лингвист
Н.Хомский былай деп жазған Когнитивті революция ақыл мидің күйіне жатады
, және де олардың адамның мінез- құлқын, білімінің жайы, түсінігі , сенімі
сияқты когнитивті жағдайын реттейді -дейді.
Когнитивизімнің дүниеге келген күні деп , Д.Ж .Миллер ХХ-ғасырдың 50
жылдарын айтады.Ал, Бруннер алғаш рет когнитивті процесстер табиғаты
туралы оқи бастайды.
Д.Ж .Бруннер Миллермен бірге 1960 жылы Гарворд университетінде когнитивті
зерттеулер орталығын құрды.ХХ-ортасында балалардың тілді игеруін бақылау
арқылы кейбір ойлау процесстерін түсіндірудің алғы шарты пайда болды.
Осы қадағалауды қамти отырып зерттеушілер мынадай қорытындыға келді . Бұл
ереже қабылдау, түйсіну құрылымындағы іс-әрекеттердің тілсіз түрлері мен
басқаратын , кейде бақыланбайтын мінез-құлық ретінде көрінетін нәрселерге
ұқсас болып келеді.
Когнитивтік ғылым негізінен АҚШ-та , Еуропада кең таралған әдістемелік
зерттеу үрдісі.
Жалпы адам танымына деген қызығушылық ерте кезден-ақ ежелгі гректерден
басталып, ес пен ойлау, адам білімі – табиғаты төңірегіндегі
зерттеулерден, ақырында екі бағыт ұстанған ағым ретінде қызу айтысқа
созылды . Оның бірі – эмперизм –ол білім тәжірибеден пайда болды десе
,екіншісі –нативизм- бала дүниеге білім қорымен келеді деген ұстанымды
бсшылыққа алды.Философиялық айтыс уақыты көпке дейін толастамады. Тіл
философиясы төңірегіндегі зерттеулер тек 1950 жылдардың соңында ғана
басталған когнитивтік лингвистиканың бастау көзі Аристотельдің ,Платонның,
кейін Гумбольдт және оның шәкірттерінің тіл философиясы концепсияларында
жатыр .Бұл үрдістің негізгі айырым белгісі тіл туралы жаңаша
зерттеулерінде, тіпті зерттеу әдістеріне жаңа тәсілдер енгізуінде емес,
таза танымдық бағдарының жаңалығында, тілге танымдық тұрғыдан келуінде
жүйелі құрылымдық зерттеулер антропоцентристік ізденістердің ұштасуы тілді
белгілі бір ұлттың рухани – мәдени коды ретінде қарастырып, ұлт пен рухты
–тілді тұтас тануды мұрат ететін Германияда Гумбольт теориясы
,Щвейцариядағы құрылымдық жүйе өкілі Ф.де Соссюр теориясының тіл мен сөйлеу
арақатынасы туралы кең пайымдауларынан табылады.
Алғашқы когнитивтік зерттеулер этнолингвистикалық және лингвистикалық
типологияны шендестіру деңгейінде сипат алды . Сөйтіп, тілдік универсалий
құбылыстарды терең түсінуге жағдай жасауға талпыныс жасалды. Бұл туралы
қазақ тіл біліміндегі этнолингвистика саласының негізін салушы ғалым
Ә.Қайдаров ... кейінгі кезде (АҚШ-та) қалыптаса бастаған тағы бір
көзқарасты этносты Адам деген ұғыммен алмастыру арқылы
этнолингвистиканың баламасы ретінде антропология (адам туралы ғылым)
терминін қолдану үрдісі байқалып отыр,-деп көрсетеді. Әр түрлі деңгейде
антропоцентристік парадигма элементтерін қамти дамыған зерттеулердің бір-
біріне ұласып, саралануы таза теориялық – танымдық ұстанымдардың
айқындалуына , бағыт-бағдарының екшеленуіне ықпал етті.
Жаңа ғылыми парадигмаға сай тілді зерттеуде негізгі назар тілдік тұлғаға
аударылады , сонымен байланысты тілді зерттеудің жаңа мақсаттары , маңызды
ұғымдар мен тәсілдер, метатілдік теориялық негіздер қалыптаса
бастады.
Когнитивтік лингвистикалық зерттеулер Америкада-Хомски Н, Джонсон М,
Лакофф Дж., Ланкагер Р, және Ресейде –Апресян Ю.Д, Кубрякова Е.М.,
Караулов Ю.Н., т.б. еңбектерінен көрініс тапқан.
Когнитивтік антропология адам сана-сезімінің негізінде жатқан өзіне ғана
тән саналық , түпсаналық рухани болмысының тіл арқылы табуын зерттейді .
Анропоцентристік парадигманы алғашқыда интуитивитік жүйе деп атау
ұсынылғанмен , кейін антропоцентристік бағыт термині қабылданған.
Тілдік зерттеулердегі антропоцентристік бағыт ХІХ ғасырдың
бастау алып , көптеген лингвистикалық дәстүрлерден орын алған (еуропа
, үнді, араб, қытай, жапон т.б).
Антропоцентристік бағыт алғашқыда лексикография, оқу әдебиеті негізінде
тар көлемде қолданылғанымен , кейін әсіресе семантика саласында ауқымын
кеңейткен .
Когнитивтік лингвистика антропоцентристік парадигманы , яғни адам және
адам танымын құрастырушы тілді бір-бірі арқылы зерттеуді мұрат ете отырып,
бірнеше лингвистикалық (этнолингвистика, психолингвистика,
социолингвистика ) және мәдениеттану, философия, математика , психология
пәндерімен байланысады.

Когнитивті лингвистиканың қазақ тіл біліміндегі көрінісі
Жоспары:
1.А.Байтұрсыновтың таным негіздеріне қатысты ой-тұжырымдары
2. М.Жұмабаевтың тіл, ой, сана арқылы адамзаттың даму процесін сипаттауы
3. С. Аманжолов және таным процесі
4. Ұлы ағартушылардың адамзат ойы мен таным прцесі туралы көзқарастары
5. Дүниетанымның адам тәрбисіне әсері
Қазақ тілі проблемалары мен оларды оқыту үлгілеріне ерекше мән беріп,
көп еңбек сіңірген тілші –ғалымдардың ең көрнектісі, қазақ халқының
әлеуметтік өмірі мен мәдениетінде қазан реболюциясына дейін де, одан кейін
де аянбай еңбек еткен қайраткер-Ахмет Байтұрсынов. А.Байтұрсынов- қазақ
тілі білімінің қай саласында болсын өз ізін қалдырған, оқулықтар жазған,
тілдік проблемалар жөнінде өзіндік пікір айтып қана қоймай , көп жаңалықтар
ашқан әйгілі тілші.
Ғалым –сапалы оқытудың кілті іздену, тиімді әдістерді тауып, пайдалана
білу, сабақ барысында үнемі түрліше әдістерді тауып, пайдалана білу, сабақ
барысында үнемі түрліше әдістерге сүйеніп отыру керек деген ой-пікірі
кез келген әдістерге қажет.
Бұл көзқарастар , әсіресе, қазірге уақытта қазақ тілін қалай да
мемлекеттік тіл есебінде барлық осында тұратын халықтардың, ұлттардың
қарым – қатынас құралына айналдырамыз, басқа ұлт өкілдеріне жедел үйретудің
тиімді жолдарын табамыз деп сан алуан бағдарламалар, оқу құралдары,
кітапшалар шығып жатқан кезде пайдалы- ақ .Қазақ тілін талдап тануда
А.Байтұрсыновтың еңбектерінің орны ерекше.
Өзіндік кескінімен қазақ әдебиетінде орны қалған ақындарымыздың бірі
Мағжан Жұмабаев. Мағжан Жұмабаев өзінің Педогогика кітабында тіл туралы өз
танымдық көзқарасын былай көрсеткен: Тіл – жанның жайын жарыққа шығару
жолы. Жанның жайын жарыққа шығару үшін адамның екі құралы бар – біреуі ым,
біреуі – мимика, біреуі – сөз.
Мимика дегеніміз – жанның сырының дене арқылы сыртқа бөлінуі ( бас
изеу, күлу, жылау сықылды ) ым сынын әркім ұғады. Бірақ ыммен бар нәрсені
ұқтырып болмайды. Ым ішкі сезім тілі. Ым арқылы ойды жарыққа шығаруға
мүмкін емес. Ойдың тілі – сөз. Бір сөз арқылы ғана неше түрлі ойымызды
сыртқа білдіре аламыз, пәлі басқа адамдардың ойларын біле аламыз. Сөз
болмаса адамды біліп болмас еді. Атын атап, сөзбен бекітіп тастамасақ жанды
суреттер, ұғымдар тұрмас еді.
Сөз болмаса, сөзбен адамзаттың бірін-бірі ұғынуы болмаса, жер
жүзіндегі осы күнгі адамзат тұрмысы деген тұрмыс та болмас еді.
Қысқасы, жан көріністерінің ең қымбаты – ой. Ой тілі – сөз тілі.
С.Аманжолов – Қазақстандағы оқу – ағартушы қайраткерлердің бірі.
Сауатсыздықты жоюға арналған оқу құралдарынан бастап, мектептер мен
жоғарғы оқу орындарына арналған оқулықтар және программалар жасауға
тікелей қатысты, ана тілін оқытуды ғылыми жолға қоюға елеулі үлес қосты.
С.Аманжолов сөйлеу әуелгі адамның адам болған күнінен пайда болды.
Ойлау да солай. Бұл екеуі бірімен бірі егіз нәрсе сияқты. Кімде- кім сөйлей
білсе, ойлайда білгені дейді. Адам баласы сөйлеу мен ойлауда мыңдаған жыл
өмір сүру, табиғат күшіне қарсы тұрмысын жеңілдету үшін тапқан. Ойлау мен
сөйлеу адамдардың бір-бірімен өзара қатынас жасауына, ұйымдасуына, еңбекті
оңайлатуына керекті құрал ретінде пайда болды.
Сөйлегенде айтатын сөзіміз, терең неше алуан ойымыз өткір, қиялымыз,
тереңнен тартып топшылап, алыстан орап жоспармен сөйлейтін тәртіпті
сөйлемдеріміздің тізбегі толып жатқан ойлардың желісі бірден шыға қойған
жоқ..
Әр халықтың тілі өзінің сана – сезіміне, ой -өрісіне сәйкес түрде ғана
ойдың суретін, бейнесін бере алады. Сонымен сөйлемді толық тану үшін, оның
қандай ойлау сатысында екенін білу керек. Ал, ойлау сатысы дегеніміздің
өзі, шаруа, экономикамен тығыз байланысты.Өйткені қандай халық болсада тіл
– шаруа экономикасының қажетін өтейтін құралы. Соған сәйкес ғылыми, саяси,
әдеби терминдік сөздерде молайып дүние таным жолдары кеңейді.
Қажетті әдебиеттер тізімі:
1. А.Байтұрсынов .Тіл тағылымы. Алматы,1992
2. М.Жұмабаев . Педагогика .Алматы Ана-тілі,1992
3.С.Аманжолов . Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы. А.,1994.
Тіл ойлау мен таным процесі
Жоспары:
1.Ойлау және таным процестерінің байланысы
2. Тіл ойды жарыққа шығару құралы
3. Ойлау мен таным кеңістігі
Дүние тану деген не , оның негізгі формалары қандай, білмеуден білімге,
үстірт білімнен терең білімге өтудің заңдылықтары қандай, ақиқат деген не
және бұлардан басқа да көптеген философиялық мәселелерді таным теориясы
немесе гносология қарастырады.
Таным теориясының мәселелері философияның тууымен бірге пайда болды.
Таным проблемалары марксистік философияның басты мәселелерінің бірі
сналады. Матералистік
диалектика табиғи әлеуметтік шындықты танып білуге болатынына
күмәнданушы немесе оны теріске шығарушы философиялық ілімдердің
қисынсыздығын ашып көрсетеді. Бұл ілімдерді, жалпы алғанда, философиялық
(гносологиялық) скептицизм
(күмәнданушылық) деп атауға болады.Олар ертеде көбінше осылай аталған еді,
ал ХІХ ғасырдан бері агностецизм деп аталатын болды. Гносиология
-гректің gnosis-білім және logos-сөз, ілім деген сөздерінен шыққан.
Шетелдік әдебиетте бұл терминмен қатар Эпистемология (грекше epiteme-
білім деген сөз) термнині қолданылады- бұл терминмен әдетте олар ғылыми
таным дегенді білдіреді. Танымдық –теориялық концепсия ретінде агностецизм
адамның түйсіктерімен қабылдауларының және ұғымдардының мазмұнын
обьективтік шындықтан бөліп тастай отырып, философияның негізгі
мәселесінің екінші
жағын шешуде субьективтік идеализм болып табылады. Агностецизм –білімнің
өзгергіштігін салыстырмалығын дәріптейтіндігін, скепсис теріс сипатқа ие
болды.
Агностиктер білімнің салыстырмалығын , оны қайшылықтығын анықтаумен
шектеледі де, олардан обьективтік дүниенің заңдарына қарап аттап баспайды.
Субьективтік диалектиканы оьбективтік диалектикадан бөліп тастау-
агностецизмнің негізгі гносеологиялық көзі міне осында. Агностецизмнің
әлеуметтік мазмұнында бар ол қоғамдағы белгілі бір әлеуметтік топтардың
мүддесін, олардың дүниеге көз қарасында бейнелендіреді. Агностецизмді
маркцизмнің таным теориясы болып табылатын материалистік диалектиканың
негізінде ғана жеңуге болады.Маркцизм гносеологияға, оның бүкіл кейіпін
түбірінен өзгерткен екі жаңалық енгізді:
1. материалистік диалектиканы таным саласына қолданады;
2. таным теориясына білімнің ақиқаттығының негізгі және критерия ретінде
практиканы ендірді, сөйтіп сыртқы дүниенің де, адамзат ойлауында ең жалпы
қозғалыс заңдарымен ойлаудың заңдарын бір-бірінен бөлек қарамай, бірге
қарауын тепе тең қарауын қаматамасыз етеді. Сонымен, біліммен оның қозғалыс
заңдары ойлаушы басты обективтік шындықтың және оның заңдалықтарының
бейнеленуі болып табылады. Біздің біліміміздің мазмұны жағынан одан тыс
өмір сүретін обьектілерімен және процестерімен сәйкес келуі таным
процесінде жүзеге асады.

Когнитивті лингвистика және терминалогия
Жоспары:
1. Когнитивті лингвистикаға байланысты терминтанудың тіл білімінде алатын
орны
2. Терминдерді қолдану жане сараптау принциптері
3.Когнитивті лингвистиканы меңгеруде терминдерді білудің мәні маңызы
Когнитивті лингвистика пәнінің мақсаты – тіл біліміндегі танымдық
теорияның ғылыми негіздерін меңгеру , оның басты тұжырымдары мен негізгі
қағидаларын түсіндіру. Когнитивті лингвистиканы меңгеруде терминдердің
білудің мәні мен маңызы өте зор.Когнитология немесе когнитивизм деп
аталатын когнитивті ғылым оның зерттеу пәніне адамзат білімінің қызмет
етуі жатады.Ал, ол жасанды интеллект ретінде белгілі инженерлік пәннің
даму нәтижесінде қалыптасқан. Когнитивті ғылым ақпарат теориясынан ақпарат
түсінігі мен білім құрылымы, ақпаратты өңдеу мен оның есте сақтау одан
керекті мәліметтерді алудан келіп шығады.Когнитивті ғылым мына төмендегі
идеяға негізделеді , ол ойлау жоспарлар ценарилер, модельдер мен білімнің
басқа да құрылымдары типіндегі тиісті репрезентацияларды амалмен көрсетеді
білдіреді. Когнитивті ғылым терминінің өзі 70-жылдардың ортасында адамның
ақпаратты пайдалану, жинау және игеру процестерін зерттейтін саланы
белгілеу үшін қолданады. Сонымен когнитивті лингвистика парадигманың
шеңберінде, лингвистикалық зерттеулер көкжиегін айтарлықтай кеңейтуші
когнитивизм базасында пайда болады. ХХ ғасырдың аяғында тілге оның адамның
танымдық қатысуы жағынан қарауды қажет етуі жетіледі.Когниция- бұл
когнитивті лингвистиканың негізгі түсінігі, ал, олардың тілдік іске
асуындағы білім мен ойлауды қамтиды, сондықтан да когниция, когнивизм
тығыз байланысты болады. Өйткені, тіл мен мәдениет пен адамға қарағанда
адамның мінез құлқын түсінуге когнитивті ғылымның кілті болып
табылады.Когнитивті лингвистика тіл білімінің құрылымдылығын жеңуде
игеруде қалыптасты.Когнитивті лингвистика дүниенің суретін модельдеуге,
тілдік сананың құрылымын модельдеуге бағытталады. Тікелей тәжірибе
нәтижесінде алынған білім қолда бар эмперикалық тәжірибеге сәйкес санада
қалыптасады. Сонымен қатар, әлемнің нақты антологиялық фрагменттері тілде
көрініс табатын белгілер, ерекшеліктерге ие болады.Мысылы; метафраризация-
дүниені тану мен түсіндіру тәсілі негізгі ментальді операция –жаңа
білімді ескі білім арқылы белгілеу процесіне байланысты .Адам метафордың
көмегімен өзінің ойын білдіріп қана қоймайды, ол соншалықты метафорамен
ойлайды, сондықтан да олар өзін-өзі түсіндіруді қолға алады мағыналық
өріс белгілер торы, гибридтік семантика семантикалық кеңістік, түрлі
теориялардың қосылуы семантикалық өріс орталығы.Бұл түсініктердің барлығы
адамның когнитивті қызметімен тығыз байланысты, бұл арқылы адам белгілі бір
шешімге немесе біліммен байланысты.

Когнитизм және когнитология
Жоспары:
1.Ғаламның тілдік бейнесі терминінің қалыптасуы
2.Когнитивтік ғылымның зерттелуі
Когнитивтік лингвистикада ғаламның тілдік бейнесі динамикалық негізді,
уәжді және адаммен тікелей қатысты, тұтас бірліктегі дүние деп
түсінеледі. Когнитивтік лингвистиканың өзге пәндермен шектелуі де
негізінен тіл қызметі, не әдіс-тәсіл ортақтығына байланысты. Бірақ олар
нәтижелік мақсат қоюда ажырайды. Жалпы тіл білімінде жарты ғасырдан астам
уақыт даму тарихына ие когнитивтік ғылым әр деңгейлі ішкі қайшылықтарына
қарамастан бұл уақытта өз категориялық аппараты бар, зерттеу нысаны айқын
ғылым деңгейіне көтерілді. Тілдің түпсанаға әсері негізінде адам бұрын
өзі естімеген, білмейтін сөзін де шамалай ұғып жатады. Ол адамның бұған
дейінгі білімімен, сондай-ақ тілдік интуицияның көмегі арқылы жүзеге
асады. Лингвистикалық интуицияны түсіндірудің де мәні зор . Мәні бойынша
ол имплицисті білімнің көрінісі ретінде бағаланады. Тіл табиғатының бір
мезгілде биологиялық , әрі психологиялық , әрі әлеуметтік екендігі ескеріле
бермеді. Сонымен бірге қоршаған орта құбылыстарының көрінісі, туындысы
тілдің алдыңғы екеуіне қатысты кері әсерлері , ой мен тілдің анықтауыштық ,
құрауыштық функциялары ескеілмейді . Қазақ тіл білімінде конитивтік
зерттеу бағытына бетбұрыс жасаудың кейбір себептері осымен де байланысты
болуы мүмкін Жалпы қазақ тіл білімінде кейінгі 10 жылдықта ғана осы
бағытта ізденістер жасалуда Бұған дейін арнайы сөз болмаса да когнитивтік
пайымдаулар нышаны ғылыми еңбектерден өз көрінісін тапқан. Қ.Жұбанов Әр
сөз өз алдына жеке ұғым. Мысалы бор дегеннің не екенін білмек болсақ
,оның неше түрлі қасиеттерін біліп үйренеміз . Осы үйренуіміздің жинағы
ұғым предстафление болады,-деп келтіреді.Мұндағы сөз болып отырған
үйренуіміздің жинағы санадағы ғаламның тілдік бейнесі екені даусыз.
Қ.Жұбановтың одағайларға қатысты айтылған ойларында тілдің әлеуметтік
жағдайға тәуелдігі , адамның сөйлеп тұрған уақыттағы психологиялық күйіне
тікелей қатысты ескерілуі қажеттігін меңзейтіні оны Бодуэн де
Куртэненің тілдің индивидтің санасында , психикасында, жанында өмір
сүретіндігін айтқан идеяларымен сәйкес келеді.Когнитивтік лингвистика
саласы психология , философия, логика, мәдениеттану,антропология пәндермен
байланыстылығында,сабақтастығында пайда болған салалардағы ізденістердің
әрқайсысы когнитивтік лингвистикаға дереккөз.Бұл ретте , әсіресе
этнолингвистикалық зерттеулерлердің үлесі ерекше( жоғарыда когнитивтік
лингвистика әуелі этнолингвистика мен типологиялық тіл білімі шендесуі
ретінде басталғанын айтқанбыз) . Атап айтқанда еңбек еткен қазақ
ғалымдары Ә.Қайдар,Е.Жанпейісов,Ж.Манкеева,М, Копыленко,Г.Смағұлова т.б.
зерттеулері этнолингвистика үшін емес, когнитивтік зерттеулер үшін құнды
мазмұнға ие.
Жалпы алғанда , қазақ тіл біліміндегі когнитивтік зерттеулер қатарының
толысып келе жатқаны байқалады.

Тіл мен таным бірлестігі
Жоспары:
1. Тілдік сананың құрлымы
2. Гештальт теориясы
3. Ю.Н. Карауловтың тілдік құрылымдық теориясы
Таным мен тілдің ара қатысы, сайып келгенде, адам проблемасының
өзегі –дара тұлға тұжырымдамасымен шешіледі.Оның себебі мынада: таным
сыртқы дүние заттарына бағытталған тәрізді көрінгенімен, оны жүзеге асырып
отырған адам болмысы тұрғысынан бағдарласақ , айтылған процестің үнемі
ішке қарай (адамның ішкі дүниесіне қарай) бағытталғанын көреміз. Таным
процесі адамның ішкі дүниесінің күрделі құрылымдарын тудырады және соған
сәйкес сипаты да өзгеріп отырады . Осылайша, танымның жүрісін адам
баласының ішкі қажеттіліктер дәрежесі белгілейді.Күрделі терең
қажеттіліктердің біріне адамның өздігінен жетілуі кіреді. Өздігінен жетілу
– ерекше дара қасиет .Іштей құптау, өзін-өзі өзектендіру , үздіксіз ішкі
қозғалыста болу , өздігінен даму –терең беймәлім себептерден
туындайды.Ішкі терең қажеттіліктер ғана таным прцесінің қозғаушы күші
болады. Ішкі терең қажеттіліктер адам болмысының типтерін белгілейді. Адам
болмысының типі тілдік модельді анықтайды.Қажеттілік -өте күрделі
категория. Ағзаның биологиялық , психологиялық , әлеуметтік, рухани
поблемалары қажеттілік негізінде туысады. Қажеттілік – ағзаның өзін-өзі
сақтау және өзін -өзі дамыту, жетілдіру мақсатындағы әрекетін
ұйымдастырушы тетік. Адамның өздігінен даму түйсіктері ішкі қажеттілік
шамасына қарай дамып жетіледі.Жетілу таным арқылы жүреді. Ал танымның
шексіз жолы ішкі қажеттіліктердің сипатына байланысты. Қажеттіліктер әр
дәуірде санаға түсініксіз қалыпта, құрылымда туып, қайтадан жасалып,
толығып, жаңаша формада өрістеп отырады.Бұл-адам әрекетінің ішкі
құрылымының күрделеніп, дамуына орай болатын процесс.Адам баласы көбіне
қажеттіліктерді тап басып тани алмай кетеді.Себебі қажеттіліктерді
қанағаттандыру, ішкі кернеуді бәсеңдету бірден жүзеге аса салмайды, ол
түрлі жолдар мен формалар арқылы көрініс табады. Қажеттілікті
қанағаттандыру басқа бір сипаты бөлек әрекет түрімен орын алмастыру керек.
Мысалы, ұлы ақындарда өсу, жетілу қажеттілігі поэзия арқылы , жоғарғы
ритмге жету арқылы жүзеге асқан. Адам баласы көбіне белгілі бір сипаттағы
форманы, әрекет түрін ішкі таңдаумен дәл ұстай алмайды.Ішкі терең
қажеттіліктер символдар арқылы оянады. Бұл процесс санаға эмоция арқылы
белгілі болады. Енді өз кезегінде сана ішкі қажеттілікті қанағаттандыру
үшін қайтадан символдар дүниесіне жүгінеді. Сөйтіп, терең негізі бар
қажеттіліктердің сипаты символдар арқылы анықталады. Яғни сана сыртқы
факторларға таңдаулы түрдегі тәуелділігін немесе ішкі өсу , жетілу
қажеттілігін белгілі модельдің , форманың бойына жинақтау арқылы шешеді.
Дара тұлға болмысы тудырған модель, форма –тілдік сана тетігі іске
қосылғанда барып көптің қолданысына көшеді сол форманы дәлме –дәл қайталап
тұрмауы мүмкін . Мүлдем басқа сипаттағы образбен, сөзбен берілуі ғажап
емес. Ю.Н.Карауловтың еңбегінде алдымен тұлғаның нолдік деңгейі
көрсетіледі. Ол- тілдік –құрылымдық саты немесе ассоциациялық –семантикалық
саты болып есептеледі .Онда тұлға жалпы тілге тән айшықтарды меңгермек
.Дегенмен,қазақ тілі қолданысында тілдік –құрылымдық саты дегенді
қарастырсақ , оның жалпы мазмұны мынада болады. Тілді-құрылымдық сатыға
А.Байтұрсыновтың Тіл қисынында жүйеленген тіл талғау шарттары енеді:
1.Сөз дұрыстығы, сөйлем ішіндегі сөзді дұрыс есептеп, дұрыс көптеп, дұрыс
ымыраластыру . 2. Сөйлемдерді бір-біріне дұрыс орайластырып, дұрыс
құрмаластырып, дұрыс орналастыру. 3. Тіл анықтығы. Айтылған лебіз ашық
мағыналы түсінуге жеңіл , көңілді күдіктірмейтін болады. 4. Тіл дәлдігі
.Ойлаған ұғымға сөз мағынасының дұрыс айыра білу.5. Тіл көрнектігі.
Комуникативтік саналарды меңгеру де осы сатының мазмұнын толықтырады .
Тілдік саналарда тілдік қабілет мазмұнына кіретін дағдылар кешені кіреді.
Тұлғаның сөйлеу тілін, мәтін жасалымын түзуге себеп болып тұрған уәждер ,
мүдделер , мәндер мен құндылықтар сөйлеушінің тілдік моделінде көрініс
табады. Дара тұлға , эмоция , символ, тілдік сана , қажеттілік т.б. бір-
біріне гештальт құбылысы арқылы өтеді..Гештальт-образ, форма, бір сөз блуы
да мүмкін . Жалпы гештальт деген сөздің мағынасының өзі бейне , құрылым,
біртұтас форма дегенді білдіреді. Оның атқаратын қызметі –сан алуан, сан
тарапты нәрсені біртұтас күйінде қабылдату . Аталған біртұтас күйінде
қабылдату. Аталған біртұтас деген нәрседе жеке бөліктер болмайды.Ол-бір
жүйе, құрылым . Оны санамен бөлшектеп көрсету мүмкін емес.Ол тосыннан жарқ
етіп, ерекше күй арқылы келеді.

3.Оразбаева.Ф Тілдік қатынас негіздері: теориясы мен әдістері Алматы ,
2000ж
Тілдік модель . Мұң концептісі
Жоспары:
1.Эмоция .Символ
2.Мұң концепциясы
Cөз біздің мәндер дүниесіне өтуімізге көмектеседі.Адамның сөз әлемі-
оның бүкіл тағдыры .Адам кейде бір сөзді оқыс айтып қап, сол сөздің
түкпірінде жатқан энергияны еріксіз оятуы мүмкін. Ол энергия көбіне зиянды
қатерлі күш болып келеді .Олар санаға үнемі лықсып шығып отырады , тек
әдетте әлдебір формаларды бүркемеленіп өтеді.Алайда кейбір сөздің құдіреті-
сол энергияның тап өзі болып шығуында .Яғни қатерлі күштің түр жамылуының
қажеті жоқ ,ол дайын сөздің (форманың) бойына орналаса салады.Немесе сөз
-өзінің терең ішкі мәнінен апофатикалық күштерді санаға лықсытып өткізеді.
Кейде бір ауыз жаманат ,ауру шақыратыны да содан. Көп сөздердің сырлары
бізге беймәлім дүниеде жатыр. Ол сырлар санаға көтерілетін болса ,адамға
ерекше тосын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz