Әлеуметтік қорғаудың компоненттері



ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУДЫҢ КОМПОНЕНТТЕРІ

1992-1997 жж. Қазақстандағы әлеуметтік қорғау жүйесінің дамуы негізінен экономикалық құлдыраудың жоғары инфляция мен жұмыссыздықтың келеңсіз әлеуметтік – экономикалық салдарын жұмсарту жолымен жүрді. Атап, айтқанда бюджеттен тыс әлеуметтік қорлар (жұмыспен қамтылу, зейнатақы, әлеуметтік сақтандыру), әлеуметтік төлемдерді индекстеу механизмдері және азаматтардың әлеуметтік осал санаттарына қолдау көрсету жөніндегі мекемелердің желісі құрылды.
Өтпелі қоғамдарда, соның ішінде Қазақстанда да, шын мәнінде еңбекке берілетін әлеуметтік кепілдіктер, тегін білім алу және медициналық қызметтер түріндегі және т.б. халықты әлеуметтік қорғаудың ескі үлгісі бұзылып, ал қалыптасу үстіндегі әлеуметтік қорғаудың жаңа үлгісі үшін қаржылай қаражаттар ұдайы жетіспейді. Қазір қолайлы табыстар алуға, жұмыспен қамтуға, тамақ және халыққа медициналық қызмет көрсетуге байланысты өте қиын жағдай орнады.
Осы жағдайда халықты әлеуметтік қорғауды дамыған индустриялды елдердегі сияқты тек ақшалай -өтемдік деңгейде ғана жүзеге асыруға болмайды. Жаңа тәуелсіз мемлекеттердегі әлеуметтік қорғау мазмұнына әлсіріген экономика, бюждеттің төмен қаржылық әлуеттері (потенциялары) және халық арасында кедейшіліктің кеңінен таралуы елеулі түзетулер енгізеді.
Ұдайы және қатаң бюждеттік – қаржылық шектеулер жағдайларында бұрынғы социалистік өзге елдердегі сияқты Қазақстандағы халықты әлеуметтік қорғау жүйесі де «көмек көрсетуге» дейін қарапайымдалған және жүйелік белгілерді жойған. Ол қоғамдағы әлеуметтік катаклизмдерді (көпшілік тәртіпсіздігі, аштық жариялаулар және т.б.) болдырмау қолдарынан келетін халықтың жеке жіктеріне немесе еңбек ұжымдарының ақшалай-өтемдік сипаттағы шаралар қабылдауымен астасып кетті.
Қазақстан халқының әлеуметтік қорғау жүйесін дамытудың ерекшелігі әлеуметтік сақтандырудың қосалқы жүйелері мен әлеуметтік көмектің (әлеуметтік қамсыздандыру) арасында айқын меженің жоқтығы болып табылады. Мәселен, 1998 жылдан бері халықтың көптеген маргиналды (шектеуле) жіктеріне еңбек үлесін ұйғаратын зейнетақылардың орнына ақшалай жәрдемақылар бере бастады, олар соңғыларының төмен мөлшерлеріне қарай зейнетақылық төлемдерден шамалы ғана төмен болды. Осындай тәсіл әлеуметтік сақтандыру бойынша төленетін төлемдер олардың еңбек сипатының салдарынан әлеуметтік көмек бойынша төлемдерден жоғары болуы тиіс еді.
«Бюджеттік бөліс» қағидатына сәйкес әлеуметтік шығындардың ауыртпалығын барған сайын жергілікті бюждеттерге көптеп ауысуда. Халықты әлеуметтік қорғауда коммерциялық емес (бейкоммерциялық) ұйымдар да біршама (әзірге мардымсыз) роль атқарады.
ҚР халқын сақтандыру қаражаттарының есебінен әлеуметтік қорғау 1996 жылғы «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» тиісті Заң арқылы 1999 жылға дейін реттеліп келді, осы заң бойынша елдегі азаматтарға әлеуметтік кепілдіктердің мына түрлері берілетін еді: зейнетақылық қамсыздандыру, уақытша еңбекке жарамсыздыққа, екіқабаттыққа және босануға байланысты жәремақылар, сауықтыру сипатындағы қызметтер, міндетті медициналық сақтандыру, жұмыссыз болғанда әлеуметтік қолдау көрсету, бала туғанда берілетін жәрдемақы, жерлеуге бөлінетін жәрдемақы.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУДЫҢ КОМПОНЕНТТЕРІ

1992-1997 жж. Қазақстандағы әлеуметтік қорғау жүйесінің дамуы
негізінен экономикалық құлдыраудың жоғары инфляция мен жұмыссыздықтың
келеңсіз әлеуметтік – экономикалық салдарын жұмсарту жолымен жүрді. Атап,
айтқанда бюджеттен тыс әлеуметтік қорлар (жұмыспен қамтылу, зейнатақы,
әлеуметтік сақтандыру), әлеуметтік төлемдерді индекстеу механизмдері және
азаматтардың әлеуметтік осал санаттарына қолдау көрсету жөніндегі
мекемелердің желісі құрылды.
Өтпелі қоғамдарда, соның ішінде Қазақстанда да, шын мәнінде еңбекке
берілетін әлеуметтік кепілдіктер, тегін білім алу және медициналық
қызметтер түріндегі және т.б. халықты әлеуметтік қорғаудың ескі үлгісі
бұзылып, ал қалыптасу үстіндегі әлеуметтік қорғаудың жаңа үлгісі үшін
қаржылай қаражаттар ұдайы жетіспейді. Қазір қолайлы табыстар алуға,
жұмыспен қамтуға, тамақ және халыққа медициналық қызмет көрсетуге
байланысты өте қиын жағдай орнады.
Осы жағдайда халықты әлеуметтік қорғауды дамыған индустриялды
елдердегі сияқты тек ақшалай -өтемдік деңгейде ғана жүзеге асыруға
болмайды. Жаңа тәуелсіз мемлекеттердегі әлеуметтік қорғау мазмұнына
әлсіріген экономика, бюждеттің төмен қаржылық әлуеттері (потенциялары)
және халық арасында кедейшіліктің кеңінен таралуы елеулі түзетулер
енгізеді.
Ұдайы және қатаң бюждеттік – қаржылық шектеулер жағдайларында бұрынғы
социалистік өзге елдердегі сияқты Қазақстандағы халықты әлеуметтік қорғау
жүйесі де көмек көрсетуге дейін қарапайымдалған және жүйелік белгілерді
жойған. Ол қоғамдағы әлеуметтік катаклизмдерді (көпшілік тәртіпсіздігі,
аштық жариялаулар және т.б.) болдырмау қолдарынан келетін халықтың жеке
жіктеріне немесе еңбек ұжымдарының ақшалай-өтемдік сипаттағы шаралар
қабылдауымен астасып кетті.
Қазақстан халқының әлеуметтік қорғау жүйесін дамытудың ерекшелігі
әлеуметтік сақтандырудың қосалқы жүйелері мен әлеуметтік көмектің
(әлеуметтік қамсыздандыру) арасында айқын меженің жоқтығы болып табылады.
Мәселен, 1998 жылдан бері халықтың көптеген маргиналды (шектеуле) жіктеріне
еңбек үлесін ұйғаратын зейнетақылардың орнына ақшалай жәрдемақылар бере
бастады, олар соңғыларының төмен мөлшерлеріне қарай зейнетақылық
төлемдерден шамалы ғана төмен болды. Осындай тәсіл әлеуметтік сақтандыру
бойынша төленетін төлемдер олардың еңбек сипатының салдарынан әлеуметтік
көмек бойынша төлемдерден жоғары болуы тиіс еді.
Бюджеттік бөліс қағидатына сәйкес әлеуметтік шығындардың
ауыртпалығын барған сайын жергілікті бюждеттерге көптеп ауысуда. Халықты
әлеуметтік қорғауда коммерциялық емес ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жұмыссыздарды қорғау
Әлеуметтік қорғаудың компоненттері, нысандары, деңгейлері
Жеке қорғаныс құралдарының материалына койылатын талаптар
Мемлекеттік әлеуметтік саясат және оны қамтамасыз етудің нарықтық бағыттау механизмі
Үкіметтік емес ұйымдардың халықты әлеуметтік қорғаудағы рөлі
Ипотекалық несие беру деректер базасын жобалау
Аймақтық экологиялық қауіпсіздіктің теориялық негіздерін зерделеу
Экологияның қалыптасу тарихы мен кезеңдері жайлы ақпарат
Кешенді аумақтық жоспарлау қолданбалы ландшафттың маңызды саласы ретінде
Еңбек нарығының компоненттері, қызмет ету механизімі
Пәндер