Мемлекеттік Авто Инспекциясының жұмысын автоматтандыру


Мемлекеттік Авто Инспекциясының жұмысын автоматтандыру

Мазмұны

Есептің қойылымы . . . 3

I Кіріспе . . . 5 1. 1 Мәліметтер базасы дегеніміз не?

II Негізгі бөлім . . . 4-27

2. 1 Мәліметтер базасын ұйымдастыру . . . 4

2. 2 Мәліметтер базасының басқару жүйесі . . . 5-6

2. 3 Мәліметтер базасын құру . . . 6-8

2. 4 Database Desktop . . . 9-20

2. 5 BD Administrator . . . 20-26

2. 6 Delphi ортасы . . . 26- 33

III Қорытынды . . . 34 3. 1 Программа листингісі . . . 35-36 3. 2 Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 37

Есептің қойылымы

Программаға арналған негізгі шарттар және орындау жолдар:

Бұл курстық жұмыстың мақсаты - деректер базасын құру және онымен жұмыс істеу. Олардың қарым - қатынас құрып, оларға қойылған талаптарды жүзеге асыру. Қатынастар құру барысында « Реляциялық алгебра » - операциясын қолдандық. Қатынастарда келесі шарттар орындалуы тиіс:

  1. Атрибуттарға есім берілуі керек және олардың құрылымы біртекті болуы тиіс;
  2. Жолдың реттілігі маңызды емес;
  3. Атрибуттардың реттілігі маңызды емес;
  4. Қайталанатын жолдары болмауы тиіс;

Жол торабында құқық бұзушылар туралы автоматтандырылған анықтаманы жасау - еліміздегі мыңдаған көлік иегерлерінің базасын кішкентай ғана компьютерлік бағдарламаға сыйғызу десе де болады. Мемлекеттік әкімшілік осыншама күрделі ақпараттарды осындай автоматтандырылған программалық қамтама арқылы реттеп отыр. Жасалынған жоба көлік жүргізушілердің қандай да бір ретпен берілген тізімінен тұрады. Жобадағы берілген деректерді пайдаланып жүргізуші жөнінде толық мағлұматтарды алуға болады.

Көлік жүргізшілерін автоматтандырудағы мақсатымыз - өте аз уақыт ішінде жүргізушілер жайлы толық, нақты мәліметтерді алу. Сонымен қатар мәліметтер қорын пайдаланып, DELPHI ортасында жұмыс жасай білу керек.

КІРІСПЕ

ЭЕМ (электронды есептеуіш машиналардың) маңызды ерекшеліктерінің

бірі- ақпараттың мол көлемін сақтау және өңдеу, сонымен бірге мәтіндік

және графикалық құжаттар (суреттер, сызулар, фотосуреттер, географиялық карталар) ғана емес, жаһандық жүйе, дыбыстық және бейнефайлдардың беттері де жинақталады. Бұл мүмкіндіктер мәліметтер базасының көмегімен іске асады.

1. 1Мәліметтер базасы (МБ) -белгілі бір арқауы ауқымға қатысты мәліметтерді баяндау, сақтау менамал-тәсілдермен ұқсата білудің жалпы принциптерін қарастыратын белгілі бір ережелер бойынша ұйымдастырылған мәліметтердің жиынтығы. Адамның қатысуы ықтимал, автоматтық құралдармен өңдеуге жарамды түрде ұсынылған ақпарат мәліметтер ретінде түсініледі.

Арқаулы ауқым ретінде нақты зерттеуші үшін қызықты нақты әлемнің бөлігі түсініледі.

Қарапайым МБ мысалы ретінде телефон анықтамалығын, поездар қозғалысы кестесін, кәсіпорын қызметкерлері туралы мәліметтерді, студенттердің сессия тапсыру қорытындылары және т. б. атуға болады.

Электронды мәліметтер базасының басты қасиеті-ақпараттықтез іздестіру мен сұрыптау, сондай-ақ берілген форма бойынша есепті қарапайым түрлендіру мүмкіндігі. Мысалы, сынақ кітапшаларының нөмерлері бойынша студенттердің аты-жөндерін оңай айыруға болады немесе жазушының аты-жөні бойынша шығармаларының тізімін жасауға болады.

Мәліметтер базасын басқару теориясы дербес пән ретінде шемемен алғанда ХХ ғасырдың 50-жылдарының басынан бері дами бастады. Осы уақыт ішінде белгілі бір іргелі ұғымдар жүйесі қалыптасты. Олардың бірқатарын келтірейік.

2. 1 Мәліметтер базасы- деп деректердің электрондық сақтаушысын айтады. Оларға қатынас бір немесе бірнеше компьютерлер көмегімен іске асады. Мәліметтер қорын басқару жүйесі деректер базасын құруға, толтыруға, жаңартқанға, жоюға арналған программалық жабдық болып табылады.

Объект деп мағлұматтары мәліметтер базасында сақталатын ақпараттық жүйесінің элементтері аталады.

Атрибут- объектінің қасиеттерін ақпараттық бейнелеу. Әрбір объект атрибуттардың кейбір жиынтығымен сипатталады.

Мәліметтердің басты элементі деп мәліметтердің басқа элементтері-нің мәндерін анықтауға мүмкіндік беретін осындай атрибут аталады.

Алғашқы кілт - объектінің(жазбаның) әрбір данасын бірегей түрде ұқсастарын атрибут(немесеатрибуттар тобы) .

Екінші ретті кілт -бірнеше жазбалар үшін мәні қайталанатын атрибут

(немесе атрибуттар тобы) . Ең алдымен, екінші реттегі кілттер жазбаларды іздестіру операцияларында қолданылады .

2. 2 Мәліметтер базасы ұғымымен мәліметтер базасын басқару жүйесінің ұғымы тығыз (МББЖ) байланысты.

МББЖ-жаңа құрылымын құруға арналған программалық құралдар кешені, оны құрамын толықтыру, құрамында барды редакциялау және ақпаратпен көрсетушілік.

База ақпаратын көрсетушілік ретінде берілген критерийге сәйкес бейнелейтін мәліметтерді іріктеу, оларды реттеу, сосын шығаратын құрылғыға беру немесе байланыс арналары бойынша беру.

Кез келген МББЖ мәліметтермен төрт қарапайым операкция орындауға мүмкіндік береді:

1 . Кестеге бір немесе бірнеше жазбаны қосу;

2 . Кестеден бір немесе бірнеще жазбаны жою;

3 . Кейбір өрістердің бір немесе бірнеше жазбаларындағы мәндерді жаңарту;

4 . Берілген шартты қанағаттандыратын бір неме, се бірнеше жазбаларды табу.

МББЖ-ның тағы бір функциясы-мәліметтерді басқару. Мәліметтердібасқару ретінде, әдетте, мәліметтерді рұқсат етілмей қол жетуден қорғау, мәліметтермен жұмыс режимін көп мәрте пайдалануды қолдау және мәліметтердің тұтастығы мен үйлесімділігін қамтамасыз ету түсініледі.

2. 3 Мәліметтер базасын құру. Мәліметтер арсындағы байланыстарды орнату әдістері бойынша ажыратылады:Реляциялық, ирархиялық және желелік МБ.

Реляциялық МБ кесте түрінде мәліметтерді ұсынудың қарапайым және әдеттегі формасы болып саналады. Көптеген теориялар ішінде кестеге қатыныс(relation) термині сәйкес келеді және ол МБ-ға осы атты берген. Ол үшін дамыған математикалық операциялар айқындалатын реляциялық есептеу мен реляциялық алгебра.

Осы типтегі МБ жасауға амкрикандық ғалым Е. Кодд елеулі үлес қосты.

Реляциялық МБ-ның жақсы қасиеті-оны қолданудың аспаптық құралдарының салыстырмалы қарапайымдылығы, кемшілігі-мәліметтер құрылымының қатаңдығы(ерікті ұзындық кестенің жолдарын берудің мүмкін еместігі) және оның жұмысы жылдамдығының мәліметтер базасы мөлшеріне тәуелділігі. Мұндай МБ-ға белгіленген көптеген операциялар үшін барлық МБ қарау қажетті болуы мүмкін.

Ирархиялық және желілік МБ қайсыбір ортақ белгісі бар мәліметтер арасындағы байланыстардың бар болуын көздейді. Ирархиялық МБ-да мұндай байланыстар ағаш-сызық жол түінде бейнеленуі мүмкін, мұнда биік шар бастан төменгі кішілеріне қарай біржақты байланыстар ғана болуы ықтимал. Егер бпрлық ықтимал сұрақтар ағаш құрылымында бейнеленсе ғана, бұл қажетті ақпаратқа жетуді тездетеді. Ақпарат алудың ешқандай басқа сұрау салулары қанағаттандырмайды.

Аты айтылған кемшілік желілік МБ-дан алып тасталды, онды(тым болмағанда, теориялық жағынан) «бәрімен барлық жағынан» байланыс болуы ықтимал еді. Іс-тәжірибе жүзінде мұны іске асыру мүмкін болмағандықтан, кейбір шектеулерге жүгінуге тура келеді.

Мәліметтердің әрбір элементі құрамында кейбір басқа элементтердің сілтемесі болуы тиіс. Сол себептен ЭЕМ оперативті және дискілік жадындағы едәуір ресурстар талап етеді.

Әр түрлі ұйымдардың табысты жұмыс жасауы үшін ақпаратты жүйені дамығанн талап етеді. Сонда сол деректермен автоматтандырылған жинауды, өңдеуді және монипуляциялауды іске асырады.

Мәліметтер қоры - ақпаратты сақтауды және де мәліметтерге

ыңғайлы, тез кіруді қамтамасыз етеді. Мәліметтер қоры өзінен белгілі бір ережелерге сай құралған деректер жиынтығын құрайды.

Мәліметтер қоры деп деректердің электрондық сақтаушысын айтады. Оларға қатынас бір немесе бірнеше компьютерлер көмегімен іске асады. Мәліметтер қорын басқару жүйесі деректер базасын құруға, толтыруға, жаңартқанға, жоюға арналған программалық жабдық болып табылады.

Delphi жүйесі деректер базасын басқару жүйесі болып табылмайды, бірақ толық МББЖ ( мәліметтер басқару жүйесі ) мүмкіндіктеріне ие. Ұсынылып отырған Delphi құралы локальдік және тораптық деректер базасын құрып және оның ішінде жұмыс істеуге және кез келген деректер базасымен жұмыс істей алатын қолданба құруға мүмкіндік береді.

Database Desktop-та құратын кестелеріме түсініктеме:

1) 1-ші кестемнің жобасы

Атауы
Моделі

Гос

номер

Туған

жылы

түсі
фамилия
аты

әке

аты

Шыққан

жылы

Атауы: Жазылуы
Моделі: Model
Госномер: Gosn
Туғанжылы: God
түсі: Color
фамилия: Fam
аты: Nam
әкеаты: Par
Шыққанжылы: Godр
Атауы: типі
Моделі: A
Госномер: A
Туғанжылы: S
түсі: A
фамилия: A
аты: A
әкеаты: A
Шыққанжылы: D

2) 2-ші кестемнің жобасы:

Атауы
Моделі
Номері
объем

Шыққан

жылы

Атауы: Жазылуы
Моделі: Model
Номері: Nоm
объем: Obem
Шыққанжылы: Godp
Атауы: типі
Моделі: A
Номері: S
объем: S
Шыққанжылы: S

2. 4 Database Desktop

Программаны орындау барысы

Осы курстық жұмыста мен әрбір көлік жүргізуші жөнінде мәліметтер қорын жасадым.

Database Desktop - ты ашып, File - New командасын таңдаған кезде мынадай менюді көреміз:

QBE Query
Визуалды сұраныстарды құру және оларды файлға жазу.
QBE Query: SQL File
Визуалды сұраныстарды құру және оларды файлға жазу.: SQL - сұраныстар жасау және оларды файлға жазу.
QBE Query: Table
Визуалды сұраныстарды құру және оларды файлға жазу.: Жаңа кесте құру.

Table алғаннан кейін бізге мынадай сұхбат терезесі ашылады. Сырғымалы тізімнен МББЖ таңдап алуға болады, содан кейін Paradox7 - ні таңдап алдым.

Жаңа кестені құру келесі команда бойынша іске асады: Пуск\Программа\Borland Delphi7\DataBase Desktop. DBD кірген мезетте жұмыс істейтін каталогты таңдап алу керек. Ол үшін DBD менюінде File\Working Directory және көрсетілген терезеден C:\Aika каталогына сілтеме жасаймыз. Менің жағдайымда МАИ кестесін құру үшін File\New\Table. DBD Create Table терезесін шығарады, оның форматын таңдап алу керек.

Жоғарыдағы кестеде программаны іске қосудың жалпы кестесі көрсетілген. Яғни ең алдымен Delphi7 Borland - Tools - Database Desktop - File - New - Table арқылы жаңа кесте құрамыз. Содан кейін келесі кестені толтырамыз. Ол үшін берілген есептің шарты бойынша керекті мәліметтерді жинаймыз.

Құрылып жатқан кестенің әрбір өрісіне бір жазба сәйкес келеді. Field Name бағанына өріс атын, Type - символ, өрісте сақталынатын мәліметтердің типін анықтайды. Size бағанына - сан қойылады, өрістің ұзындығын анықтайды, Key - “*” символы, егер бұл өріс бойынша біріншілікті кілт қою керек болса.

Әр өріске ең алдымен ат (Field Name) беріледі. Өріс идентификаторы. Ол 255 символдан тұрады. Осыдан кейін біз типін анықтаймыз.

Paradox форматының кестелері

Delphi - дің өзіндік кестелік форматы жоқ, бірақ ол Paradox кестелерімен жұмыс істей береді. Осы кестелердің әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар.

Paradox кестесі деректер базасын құруға және онымен жұмыс істегенде ыңғайлы болып табылады.

Оның негізгі артықшылықтарын атап өтейік:

1) деректердің тұтастығын;

2) әр түрлі типті деректерді ұсынуға арналған өрістік типті;

3) енгізілген деректерді тексеруді;

4) кестенің парольдық қорғанысын қамтамасыз етеді;

Төмендегі кестеде Paradox 7 кестесінің өрістік типінің тізімі берілген:

Тип
Белгіленуі
Мәннің мазмұны
Тип: Alpha
Белгіленуі: A
Мәннің мазмұны: Символдар қатары. Ұзындығы 255 символ.
Тип: Number
Белгіленуі: N
Мәннің мазмұны: Жүзбелі нүкте саны.
Тип: Money
Белгіленуі: $
Мәннің мазмұны: Ақшалық қосынды.
Тип: Short
Белгіленуі: S
Мәннің мазмұны: Бүтін сан. Диапазон -32768 . . . 32767
Тип: Longinteger
Белгіленуі: I
Мәннің мазмұны: Бүтін сан. Диапазон -2 147483648 . . . 2 147483647
Тип: BCD
Белгіленуі: #
Мәннің мазмұны: Екілік - ондық жүйедегі сан.
Тип: Date
Белгіленуі: D
Мәннің мазмұны: Күн
Тип: Time
Белгіленуі: T
Мәннің мазмұны: Уақыт
Тип: Timestamp
Белгіленуі: @
Мәннің мазмұны: Күн мен ай
Тип: Memo
Белгіленуі: M
Мәннің мазмұны: Символдар қатары. Ұзындығы шектелмеген.
Тип: Formatted
Белгіленуі: F
Мәннің мазмұны: Символдық қатар. Memo - дан айырмашылығы, қатар құрамында форматталған текст болады.
Тип: Graphic
Белгіленуі: G
Мәннің мазмұны: Графиктік көрініс. Форматтары BMP, PCX, TIF, GIF.
Тип: OLE
Белгіленуі: O
Мәннің мазмұны: OLE технологиясын қамтитын деректер форматы.
Тип: Logical
Белгіленуі: L
Мәннің мазмұны: Логикалық мән.
Тип: Autoincrement
Белгіленуі: +
Мәннің мазмұны: Автоинкрементті өріс.
Тип: Binary
Белгіленуі: B
Мәннің мазмұны: Байттар тізбегі. Ұзындығы шектелмеген.
Тип: Bytes
Белгіленуі: Y
Мәннің мазмұны: Байттық тізбек. Ұзындығы 255 символдан аспайды.

Ескерту!

DataBase Desktop программалық ортасында жұмыс істегенде Graphic, Binary, Memo және OLE өрістік типінің мәні көрсетілмейді.

Paradox кестесінде өріс аты әріптен басталып, әріптер мен сандар құрылуы тиіс. өріс атының максимал ұзындығы 25 символдан аспауы керек.

Өрістің атын бергенде “пробел”, “#”, “$” символдарын қолдануға болады.

Бірақ, “. ”, “!”, “” символдарын қолдануға болмайды. Себебі, бұл символдар DELPHI - де басқа мақсаттарда қолданылады.

DELPHI - дің өзіндік деректер базасының кестелік форматы болмаса да, әр түрлі МББЖ қамтамасыз етеді. Деректер базасымен жұмыс істеуге арналған DELPHI құралын екіге бөлуге болады:

1) Аспаптық құрал;

2) Компоненттер;

Аспаптық құралдарға арнайы программалар мен пакеттер жатады. Олар деректер базасына қызмет етуді қамтамасыз етеді.

Компоненттер , деректер базасымен операция жасайтын қолданбаларды құруға арналған. Біз солардың компоненттерін қарастырайық.

Кестенің қасиетін беру

Validity Checks - бұл қасиет кесте мәндерінің дұрыстығын тексереді. Бұл бөлімнің оң жақ терезесі төмендегі кестеде көрсетілген және өрістік типіне қарай өзгеріп отыруы мүмкін:

Required Field
Бұл идентификаторда әрбір жазбада керекті жолдар белгілену керек.
Required Field: Minimum
Бұл идентификаторда әрбір жазбада керекті жолдар белгілену керек.: Мәннің минимумы. Бұл қасиетті сандық өріске берген тиімді.
Required Field: Maximum
Бұл идентификаторда әрбір жазбада керекті жолдар белгілену керек.: Мәннің максимумы. Бұл қасиетті сандық өріске берген тиімді.
Required Field: Default
Бұл идентификаторда әрбір жазбада керекті жолдар белгілену керек.: Бұл қасиетті сандық және логикалық өрістерге, ал кейбір жағдайда символдыққа қолдану тиімді.
Required Field: Picture
Бұл идентификаторда әрбір жазбада керекті жолдар белгілену керек.: Енгізілетін мәннің түрін көрсетуге болады. Мысалы, телефон номерінің шаблоны (##-##-##) .
Required Field: Assist
Бұл идентификаторда әрбір жазбада керекті жолдар белгілену керек.: Бұл батырма Picture түрін құруға көмектесетін диалогтық терезені шақырады.

Table Lookup - бұл бөлім берілген кестенің өрісін басқа көрсетіліп отырған кестенің өрісімен байланысын көрсетеді. Table Lookup - ті таңдағаннан кейін Define - анықтау батырмасы шығады. Бұл батырманы басқанда көру диалогтық терезесі ашылады. Бұл терезеде драйверлер мен псевдонимдерді қолдана аламыз.

Drive (or Alias) сырғымалы тізіміне Browse . . . батырмасын басу арқылы қосымша кесте орналасқан папканы іздеп табамыз. Менің жұмысымда екі кестедегі топтарды байланыстырамыз. Ол стрелка арқылы жүзеге асады. Осыдан кейін ОК кнопкасын басамыз.

Secondary Index - бұл бөлім ары қарай жұмыс барысында керекті екінші индекс құруға мүмкіндік береді.

Жаңа индекс құру үшін Define - анықтау батырмасын басу керек. Бұл батырманы басқанда көру диалогтық терезесі ашылады. Оның сол жақ терезесінде Fields қатынау өрістерінің тізімі көрсетілген, ал оң жақ терезесінде Indexed Fields екінші индекс болатын өрістер көрсетіледі.

Index Options радиобатырма панелі келесідей қасиеттерді құруға мүмкіндік береді:

Unique
Бұл опция екінші индекс болатын өрісті болдырмайды, егер кестеде бір - біріне ұқсас өрістер болса.
Unique: Descending
Бұл опция екінші индекс болатын өрісті болдырмайды, егер кестеде бір - біріне ұқсас өрістер болса.: Бұл опция кестені кему бойынша реттейді.
Unique: Case Sensitive
Бұл опция екінші индекс болатын өрісті болдырмайды, егер кестеде бір - біріне ұқсас өрістер болса.: Бұл опция енгізілген символдардың регистріне назар аударады.
Unique: Maintained
Бұл опция екінші индекс болатын өрісті болдырмайды, егер кестеде бір - біріне ұқсас өрістер болса.: Егер бұл опция тұрса, онда кестеде өзгерістерден кейін индекс ауысып тұрады.

Индексі таңдалғаннан кейін, оның индексін беретін терезе ашылады.

Referential Integrity - бұл бөлім әр түрлі кестелердің арасында бүтін сілтеме байланыстарды қамтамасыз ету үшін қолданылады. Егер екі кестенің арасында сілтеме байланыс көрсетілсе, оның біреуі - бас, ал екіншісі - қосымша кестелер, онда қосымша кестеде бас кестеден алатын мәннің өрісі көрсетіледі. Сонымен қатар, бас кестеден кілттік өрістің өзгерістеріне қосымша кестенің өзгеруін қамтамасыз ететін операция көрсетуге болады. Бұндай бүтін сілтеме деңгейі барлық кестелерге тән емес, бірақ Paradox 7 - де барлығы қарастырылған.

Fields панелінен керек деген өрісті таңдап аламыз. Стрелкасы бар батырма арқылы сол өрісті Child Fields қосымша кестелер тізіміне қосамыз. Осыдан кейін ОК батырмасын басамыз. Нәтижесінде төмендегі суретте көрсетілген терезе ашылады. Сілтеме деңгейіндегі бүтінділік сақталады.

Update rule - радиобатырмалар тобы егер бас кестеде кілттік өрісті өшіргенде қосымша кестеде болатын өзгерістерді анықтайды. Егер Prohibit - Cascade опциясы тұрса, онда кілттік өрісі бар бас кестеде өзгеріс болса, онда қосымша кестеде де өзгеріс болады. Ал егер сіз бас кестеде кілт өрісі бар жазбаны өшірсеңіз, онда қосымша кестеде сол кілттік өрісі бар жазба автоматты түрде өшеді.

Strict Referential индекаторын орнатқанда Paradox - тың алғашқы версияларына (соның ішінде Paradox for DOS) кестелердің ашылуын және бұзылуына жол бермейді.

Барлық операциялар біткеннен кейін құрылған сілтеме атын беру керек.

Password Security бөлімі Paradox - та құрылған кестелерге және оның әр өріс жазбасына пароль қоюға мүмкіндік береді. Бұл үшін Define батырмасын басу керек, сонда диалогтық терезе шығады. Диалогтық терезеде басты парольді (Master password терезесі) қоюға және сол парольді мақұлдауға (Verify master password) мүмкіндік аламыз. Егер Auxiliary Password (қосымша парольдар) батырмасын бассақ, қосымша парольдарды тағайындауға және өрістерге қатынаудың ережесін көрсетуге болады.

Current Password (ағымдағы пароль) терезесінде сіз парольді көрсетесіз (ол сіз кірген парольге ұқсас болуға тиісті емес), бұл пароль арқылы сіз қатынау ережесін құрасыз. Table Rights (кестеге қатынау құқығы) радиобатырмалар тобында кестеге жалпы қатынау құқығын анықтауға болады.

All
Барлық операциялар қабылданады, кестені өшіру, құрылымын өзгерту, парольдерді өзгерту және өшіру.
All: Insert & Delete
Барлық операциялар қабылданады, кестені өшіру, құрылымын өзгерту, парольдерді өзгерту және өшіру.: Кестедегі жазбаларға барлық операциялар қолданылады (редактілеу, қою, өшіру), бірақ кестенің құрамын өзгертуге және жоюға тиім салынады.
All: Data Entry
Барлық операциялар қабылданады, кестені өшіру, құрылымын өзгерту, парольдерді өзгерту және өшіру.: Мәліметтерді редактерлеуге және жазбаларды қоюға болады, бірақ оларды өшіруге және кестенің құрылымын өзгертуге, өшіруге тиім салынады.
All: Update
Барлық операциялар қабылданады, кестені өшіру, құрылымын өзгерту, парольдерді өзгерту және өшіру.: Кестені көруге және кілті жоқ өрістерді өзгертуге береді.
All: Read Only
Барлық операциялар қабылданады, кестені өшіру, құрылымын өзгерту, парольдерді өзгерту және өшіру.: Тек кестені көруге болады.

Table Language - бұл бөлім BDE Administrator арқылы кестенің тілін көрсетуге (егер көрсетілмесе) немесе анықтауға (Modify батырмасы) мүмкіндік береді.

Dependent Tables - бұл бөлім Referential Integrity сілтемелі деңгейіндегі кестелерді көруге мүмкіндік береді.

Барлық керекті құрылымдық мәліметтер кестеге енгізілгеннен кейін Save As батырмасын басу керек, сол кезде Windows - тағы стандартты сақтау терезе шығады. Кәдімгі терезеден айырмашылығы Alias тізімнің болуында. Бұл тізімде әр түрлі мәліметтер базасының псевдонимді таңдап, кестені сақтайсыз.

2. 5 BDE Administrator

DELPHI қолданбасы деректер базасына қатынауды BDE (Borland DataBase Engine - Borland фирмасының деректер базасының процессоры) арқылы жүзеге асырады. BDE өзінен деректерге қатынайтын динамикалық кітапханалар және драйвер жиынтығын құрайды. BDE деректер базасымен жұмыс істейтін барлық компьютерлерге орнатылуы тиіс. Деректер базасына BDE арқылы жіберілген сұраныс, қолданушы сұратқан деректерді алады.

Жергілікті деректер базасы және онымен жұмыс істейтін қолданба бір компьютерде орналасады. Бұл жағдайда ақпараттық жүйе жергілікті сәулетке ие.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Салық инспекциясында заңды тұлғада салық төлемдерін қабылдау ақпараттық жүйесі
Мемлекеттік Авто Инспекциясының жұмысын жеңілдету
САЛЫҚ ЕСЕПТІ АВТОМАТТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІН ҚҰРУ ПРИНЦИПТЕРІ
Салық инспекциясының ақпараттық жүйесі
Мемлекеттік мекемелердегі бюджеттік есеп
Салық декларациясы папкасы
Электронды құжат айналым жүйесін жасау. БҚО «Салық комитеті»
«iс жүргiзу корреспонденциясы» пәні бойынша бақылау жұмысын орындауға арналған әдістемелік нұсқау
Реляциялық мәліметтер қоры
Жобалау сатысы - Жерге орналастыру жобасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz