Діннің анықтамасы



Жоспар:

1 Діннің анықтамасы
2 Діннің сөздік және терминдік анықтамасы
3 Діндер тарихының анықтамасы
4 Ислами түсінікте дін ұғымы
5 Ислам ғалымдарының көзқарасы бойынша Дін
Діннің анықтамасы
Діннің жүздеген анықтамасы бар. Діннің анықтамасы бір кітап боларлықтай көп. Түрлі ғылым тармақтарының ғалымдары өзінің түсінігіне сай дінге анықтама берген. Бұл анықтамалардың ешқайсысы бір байламға келмеген. Дін жан-жақты білім саласы. Сондықтан әрбір ғалым діннің бір жағына баса назар аудара отырып анықтама берген. «Дін адамның мәңгілікті түсінуін нығайтатын, ақыл-ойға жол бермейтін бір қабілет» Макс Мюллер.

«Дін, абсолюттік мойынсұну сезімінен құралады» Шлаейермахер.

«Дін, дағдыланған іс-әректтерімізді еркін орындауға кедергі келтіретін тыйымдардың жинағы»Салмон Рейна (S.Reinach).

«Дін бір сенімдер, жүріс-тұрыстар және әлеуметтік өмірдің белгілі шарттарына сәйкес жинақталған қоғамдардың жүйесі» Тиллих.

«Дін әрдайым өмір иесі бір тәңірге, яғни бір иләһи түсінік пен қалаудың әлемді билейтініне және адамзатқа байланысты этикалық қарым-қатынастардың құдіретінде екендігіне сену» Жеймс Мартино (J. Martipeau)

«Дін бір жамағаттың ортаға шығуын қамтамасыз ететін діни салт және сенімдер жүйесі» Э. Дюркгейм. Бұл анықтамаларда дін: қастерлі ұғымды, сенім, ақыл мен құндылықтар ұғымы және Тәңір секілді мәселелерге баса назар аударған. Бұл анықтамалар діннің бір жағына ғана баса назар аудара отырып жасалынғандықтан, барлығы да құптаған бір анықтама жоқ. Бұл анықтамалардағы үйлеспеушілік, бір жағынан дін мәселесінің шиеленісуінен, тағы бір жағы бұл анықтамаларды берген кісілердің субьективтік көзқарасы түйсік және өмірлік пікірлер, сонымен қатар өмір сүрген орталарының жалпы жағдайына қарай туындаған. Діннің нақты түсіндірілуі яғни барлық діндерді қамтитын анықтамасы тек қана дін терминінің шекарасы белгілі болғанда ғана жасалады. Сондықтан да дін ғылымдары тұрғысынан «дін» болуы үшін мына нәрселер қажетті: 1. Адамзаттан жоғары бір күштерге сенім (тәңірлер, періштелер, жындар т.б.) 2. Қасиетті болып, болмағандығын белгілейтін мәселелер. 3. Ғибадат, діни құлшылық және рәсімдер. 4. Иләһи бір қайнары бар қасиетті кітаптар-мәтіндер, ауызекі келген салт-дәстүрлер, мінез-құлыққа қатысты (ахлақи) заңнамалар. 5. Табиғаттан, адамнан жоғары бір күштерге қатысты діни сезімдер (қорқу, сыр, сенім, күнәһарлық, сыйыну, тәуелділік, тәубе т.б. 6. Адамзаттан тыс күштермен байланыс (уахи, илхам, пайғамбар, дұға, жалбарыну т.б.) 7. Бір әлем мен адам көзқарасы, өмір мен өлімнен кейінгі сенімі. 8. Өмір жүйесі. 9. Жамағат. 10. Түп нұсқасының болуы, жасанды болмауы. 11. Саяси мақсатпен немесе пайда табу мақсатында құрылмаған болуы, кіршіксіз таза бір жаратылысқа ие болуы тиіс.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

1 Діннің анықтамасы
2 Діннің сөздік және терминдік анықтамасы
3 Діндер тарихының анықтамасы
4 Ислами түсінікте дін ұғымы
5 Ислам ғалымдарының көзқарасы бойынша Дін

Діннің анықтамасы
Діннің жүздеген анықтамасы бар. Діннің анықтамасы бір кітап боларлықтай көп. Түрлі ғылым тармақтарының ғалымдары өзінің түсінігіне сай дінге анықтама берген. Бұл анықтамалардың ешқайсысы бір байламға келмеген. Дін жан-жақты білім саласы. Сондықтан әрбір ғалым діннің бір жағына баса назар аудара отырып анықтама берген. Дін адамның мәңгілікті түсінуін нығайтатын, ақыл-ойға жол бермейтін бір қабілет Макс Мюллер.

Дін, абсолюттік мойынсұну сезімінен құралады Шлаейермахер.

Дін, дағдыланған іс-әректтерімізді еркін орындауға кедергі келтіретін тыйымдардың жинағыСалмон Рейна (S.Reinach).

Дін бір сенімдер, жүріс-тұрыстар және әлеуметтік өмірдің белгілі шарттарына сәйкес жинақталған қоғамдардың жүйесі Тиллих.

Дін әрдайым өмір иесі бір тәңірге, яғни бір иләһи түсінік пен қалаудың әлемді билейтініне және адамзатқа байланысты этикалық қарым-қатынастардың құдіретінде екендігіне сену Жеймс Мартино (J. Martipeau)

Дін бір жамағаттың ортаға шығуын қамтамасыз ететін діни салт және сенімдер жүйесі Э. Дюркгейм. Бұл анықтамаларда дін: қастерлі ұғымды, сенім, ақыл мен құндылықтар ұғымы және Тәңір секілді мәселелерге баса назар аударған. Бұл анықтамалар діннің бір жағына ғана баса назар аудара отырып жасалынғандықтан, барлығы да құптаған бір анықтама жоқ. Бұл анықтамалардағы үйлеспеушілік, бір жағынан дін мәселесінің шиеленісуінен, тағы бір жағы бұл анықтамаларды берген кісілердің субьективтік көзқарасы түйсік және өмірлік пікірлер, сонымен қатар өмір сүрген орталарының жалпы жағдайына қарай туындаған. Діннің нақты түсіндірілуі яғни барлық діндерді қамтитын анықтамасы тек қана дін терминінің шекарасы белгілі болғанда ғана жасалады. Сондықтан да дін ғылымдары тұрғысынан дін болуы үшін мына нәрселер қажетті: 1. Адамзаттан жоғары бір күштерге сенім (тәңірлер, періштелер, жындар т.б.) 2. Қасиетті болып, болмағандығын белгілейтін мәселелер. 3. Ғибадат, діни құлшылық және рәсімдер. 4. Иләһи бір қайнары бар қасиетті кітаптар-мәтіндер, ауызекі келген салт-дәстүрлер, мінез-құлыққа қатысты (ахлақи) заңнамалар. 5. Табиғаттан, адамнан жоғары бір күштерге қатысты діни сезімдер (қорқу, сыр, сенім, күнәһарлық, сыйыну, тәуелділік, тәубе т.б. 6. Адамзаттан тыс күштермен байланыс (уахи, илхам, пайғамбар, дұға, жалбарыну т.б.) 7. Бір әлем мен адам көзқарасы, өмір мен өлімнен кейінгі сенімі. 8. Өмір жүйесі. 9. Жамағат. 10. Түп нұсқасының болуы, жасанды болмауы. 11. Саяси мақсатпен немесе пайда табу мақсатында құрылмаған болуы, кіршіксіз таза бір жаратылысқа ие болуы тиіс.

Жоғарыдағы мәселелерді қортындылар болсақ, жалпы бір дінде мына нәрселер болады. Тәңір түсінігі, сенім, ғибадат, ахлақ, қасиетті кітап, уахи-ихлам, пайғамбар, құрушы және жамағат. Бұл нәрселерге қарай отырып діндер тарихы тұрғысынан дінге мынадай анықтама беріледі. Дін бір жамағаттың болуы, қасиетті кітап, пайғамбар немесе құрушы, Тәңір ұғымы бар сенім жүйесі және бұл жүйеге қатысты жасалатын құлшылық, орындауға талпынатын этикалық құралдар жиынтығы

Қысқаша айтар болсақ діннің анықтамасы. Сенім мен іс-әрекет түрлері және адамдар арасындағы қарым-қатынасты ретке келтіретін, сонымен адамдардың ізгі істер жасауын, бейбітшілік пен тыныштық ішінде, бір жерде өмір сүруін қамтамасыз ететін құралдар жиынтығы.

Діннің сөздік және терминдік анықтамасы

Діннің сөздік және терминдік мағынасын жалпы дін логикасымен және соңғы иләһи дін Ислами көзқарас бойынша қарастырамыз.
Дін, адамзатпен бірге пайда болды, адаммен бірге тіршілік етуде және куә болғанымыздай адамзатпен бірге болмысын сақтайтын тәңірлік жүйе. Адамзат тарихына қаншалықты тереңірек үңілсеңіз де наным-сенімсіз ешқандай қауымды кездестірмейсіз. Тарихи кезеңдерде болғаны секілді б.з.д. кезеңдерде де адамзаттың кейбір діни сеніммен өмір сүргендігі ғылыми зерттеулерде кездесіп жатады. Біз бұдан қоғамның бірлігін сақтайтын негіз дін екендігін көре аламыз. Мұнымен қатар философия, құқық, этика секілді адам жайындағы білімнің қайнары дін екендігі қабыл етілуде. Тіпті Виктор Кузин Әрбір нәрсе дін төңірегінде, дін үшін, дінмен қалыптасты - дей келе діннің тақырыбы мен саласын одан әрі кеңейте түсті.

Адамзат тарихында өте маңызды орынға ие болған діннің сөздік және терминдік мағыналарына тоқталу дін ұғымының түсінікті болуына жәрдемші болады.
ДІНДЕР ТАРИХЫНЫҢ АНЫҚТАМАСЫ

Діндер тарихы діндердің шыққан жері мен уақытына қарай қарастырады. Бұл зерттеулер барысында кейде салыстырулар да жасалады. Кейбір ғалымдар діндерді тарихи бағытына қарай айна-қатесіз түсіндіру дұрыс деп тапса, енді бірі салыстырмалы зерттеуді дұрыс көреді. Екі көзқарастың жақтаушылары да діндер тарихының анықтамасында бұл екі мәселеге де назар аударуды мақсат етеді. Сондықтан да діндер тарихының анықтамасы тарихи және салыстырмалы зерттеулерге сай екі жақты жасалуы мүмкін. Екі көзқарастың жақтаушылары да діндер тарихының анықтамасында бұл мәселелерге тоқталуды мақсат етеді.

Тарихи зерттеулерге қарағанда діндер тарихы, тарих және филологиялық әдістерді қолдана отырып діндердің пайда болуы мен дамуы, сенім, ғибадат, ахлақ және осы секілді тақырыптарда, тарихи бағыты ішінде зерттейтін тәртіп. Салыстырмалы зерттеулерде діндер тарихы діндердің басқа діндермен арадағы байланысты ұқсастық, түрлі және ортақ ерекшеліктер бойынша салыстыра отырып қолға алатын бір білім саласы.

Діндер тарихы тіркесі, көпше түр қолданылуында (діндер түрінде) әр діннің тарихи бір оқиға ретінде қолға алыну саласын ишарат етеді. Дін тарихы тарихи жалғасымы ішінде дін-нің ерекшелігі мен ақиқатын зерттеу мағынасына келеді. Діндер тарихы кейбір ғалымдар тарапынан мұқияттылықпен салыстырылмалы дін және дін феноменологиясынан бөлек тұрады. Сонымен қатар жоғарыда аталып өткен екі қағидаға тоқталмай тарихи бір діннің зерттелуі қиын. Діндер тарихы өте маңызды бір білім саласы. Өйткені кейбір діннің тарихи мәліметтері, бір қортындыға бармастан бұрын, өз дәрежесінде зерттелуі керек. Бұл зерттеулер тек қана діндер тарихы саласымен ғана іске асады.
Ислами түсінікте ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АЛҒАШҚЫ ДІНИ НАНЫМДАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ МӘНІ
Діннің мәні, анықтамасы, әлеуметтік маңызы, шығу тегі, құрылымы және оның жіктелуі
Діннің мәні және оның шығу тегіне қатысты мәліметтер
Дін социологиясы пәнінен лекциялар жинағы
“ДІН СОЦИОЛОГИЯСЫ” пәні бойынша ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Зайырлылық
Дін ең көне қоғамдық форма ретінде
Дін және ғибадат
Дін анықтамалары мен құрылымы. Шығу тегі туралы тұжырымдамалар
ДІНТАНУ ПӘНІН ОҚЫТУ МЕН ЗЕРТТЕУДІҢ ӘДІСТЕРІ
Пәндер