Кеден ісін басқаруды ұйымдастырудың теориялық негіздері


М А З М Ұ Н Ы
Кіріспе . .
1-тарау. Кеден ісін басқаруды ұйымдастырудың теориялық негіздері.
§ 1. 1 кеден ісін басқаруды ұйымдасьтырудың мәні мен мазмұны (объектілері және субъектілері)
§ 1. 2. Кеден ісін басқарудың заңдылықтары мен принциптері
§ 1. 3. Кеден органдарындағы басқарудың функциялары мен әдістері.
§ 1. 4. Кеден ісін басқарудың құқықтық негіздері
2- тарау. Қазақстан Репсубликасында кедендік қызметті басқаруды ұйымдастыру.
§ 2. 1. Кедендік қызметті басқаруды ұйымдастырудың әлемдік тәжірбиесі …. .
§ 2. 2. Қазақстан Республикасы кеден органдарыны құрамы мен мақсатары
§2. 3. Қазақстан Республикасы кеден органы қызметкерлерінің лауазым иелерінің құықтық мәртебелері
3-тарау. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша кеден бақлау департаментіндегі басқаруды ұйымдастыру жұмысына талдау.
§ 3. 1. Оңтүстік Қазақстан Облысы бойынша Кедендік бақылау департаментіндегі басқаруды ұйымдастырудың жағдайын талдау
§ 3. 2. Басқаруды ұйымдастырудың ОҚО КБД бойынша проблемалары мен болашағы, оларды жетілдіру жолдары . .
Қорытындылар мен ұсыныстар
Қолданылған әдебиеттер
Қосымшалар .
К І Р І С П Е
Қазақстан Республикасы кеден қызметінің он бес жылдық жұмыс тәжірбиесі стратегиялық мақсаттарды нақты айқындаусыз, анық басымдықтарды тұжырымдаусыз елеулі табыстарға қол жеткізудің мүмкін еместігін көрсетті.
Қазіргі уақытта кеден қызметін Қазақстандық сыртқы сауданы мемлекеттік реттеудің нақты жұмыс істейтін құралына айналдыру үшін күш-жігер жұмсалып жатыр, бұл жаңа басқару жүйесі бар қазіргі заманғы кеден қызметін құруды, бақылау және пайдаланылып жүрген дәстүрлі кеден рәсімдерін жетілдіру саласында жаңа стратегия әзірлеуді талап етеді.
Бұл талаптардың негізгі мақсаты фискальдық саясат жүргізу, сыртқы сауданы реттеу және мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында кеден органдарының алдында тұрған міндеттерді шешудің мейлінше тиімді және ұтымды жолдарын іздеу болып табылады.
Сыртқы экономикалық байланыстардың дамуына тиімді жәрдемдесудің қажеттілігі Қазақстандық кеденнің алдына кеден ісін дамытуға жаңа тәсілдерді әзірлеу міндетін қойды.
Бұл дипломдық жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасының кеден қызметін жетілдіру тұжырымдамасы жинақталған тәжірбиені жүйелеуге және осының базасында кеден органдары қызметінің негізгі бағыттары бойынша реформалардың мейлінше ықтимал барысын алдын ала болжауға, басымдықтарды айқындауға әрекеттену болып табылады.
Дипломдық жұмыс кезінде жасалған талдау көрсетілген міндеттерді шешу қазіргі заманғы кеден қызметі үшін өзекті проблема болып табылатындығын көрсетеді. Кеден қызметінің кеңінен жетілдірудің, оны сыртқы экономикалық қызметінің өсіп келе жатқан көлемі мен көп салалығына сәйкес келтірудің, кеден қызметінің Қазақстанның сыртқы және ішкі саясатының ұдайы өзгеріп отыратын шарттары мен міндеттеріне, халықарлық кедендік практикада қабылданаған ережелерге, нормаларға, стандарттарға және рәсімдерге бейімделуінің барынша қажеттігі пісіп жетілді.
Кеден ісі саласында жетілдіру жұмыстарын табысты жүргізу үшін сөзсіз қаржыландырудың тиісті ресурстары мен көздері қажет. Дипломдық жұмыста көзделген іс-шараларды қаржыландыру мәселесі неғұрлым күрделі болып табылады. Қазақстан Республикасының кеден қызметін жетілдіруді қамтамасыз етудің қаржылық тетігі мәселесі мемелекеттік бюджеттен кеден жүйесін дамытуға көзделген қаражатты бөлуді, Республиканың кеден қызметтінің жетілдіруін жүргізуге мүдделі дүниежүзілік қаржы институттары тарапынан инвестициялар таратуды білдіреді.
Еліміздің тәуелсііздігімен қатар дүниеге келген кеден қызметі жыл өткен сайын дамып, қанатын кең жайып келеді. Еліміздің экономикалық қауіпсіздігін сақтау туралы мәселе Президентіміздің Қазақстан халқына жолдаған 2007 жылғы жолдауында нақты көрсетілген.
Сыртқы сауданы мемлекеттік реттеу жүйесінде кеден қызметінің жөні бөлек. Сондықтан, соңғы жылдары еліміздің кеден органдарының құрылымы біршама өзгерістерге ұшырады, жауапкершілік күшейтілді. Халықаралық кеден бекеттерінен заңсыз өткізілетін тауарларға тосқауыл қойыла бастады. Бұл еліміздің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын мықтап қолға алғандықтың белгісі.
Қазақстан Республикасының кеден қызметін жетілдірудің мақсаты экономикалық саясат пен мемлекеттік қауіпсіздігі стратегиясын іске асырудың тиімділігін арттыру, сыртқы сауданы дамытуға жан-жақты ықпал ету болып табылады. Бұл міндетте Қазақстан Республикасының кеден қызметін реформалау бағдарламасының негізіне алынады. Кеден қызметін реформалаудың негізгі міндеттерін шешу сыртқы экономикалық байланыстарды дамытуды СЭҚ-қа қатысушыларға қызмет етудің сапасын арттыруды және уақытын қысқартуды, бюджетке төлемдердің түсуін арттыруды, есірткелердің, қару -жарақтың, мәдени құндылықтардың контрабандасының жолын кесудің тиімділігін көтеруді, материалдық ресурстарды көлеңкелі айналымнан шығаруды, ұйымдасқан қылмыскерліктің әлсіреуін, Қазақстан Республикасының екі жақты және халықаралық шарттарда көзделген міндеттемелерінің орындалуын, Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне ықпал етуді және әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесіне біртіндеп кіруін қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі жүргізіп отырған, жаңа инвестициялық саясатпен, шаруашылық және сыртқы экономикалық қызметті құрылымдық қайта құрумен, нарықтық қатынастарды одан әрі дамытумен, халықаралық сауда мен кеден органдарына интеграциямен сипатталатын экономикалық реформалар жағдайында сыртқы экономикалық қызметі мемлекеттік реттеу шараларын әзірлеуге және іске асыруға, Қазақстан Республикасының мүддесіне кеден саясатын қалыптастыруға қатысуды, басқа да мемлекеттік органдармен қатар ұлттық экономиканы дамытуға ықпал етеді. Елдің сыртқы экономикалық, ғылыми -техникалық, азық-түлікті, экологиялық және қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді; елдің бюджетіне СЭҚ-дан кірістердің неғұрлым толық түсуін қамтамасыз етуді, тауарлардың бақылаусыз әкелінуін/әкетіліуін шектеуді; кедендік құқық бұзушылықтарға, контрабандаға, есірткілік препараттардың, халық үшін зиянды және қауіпті тауарлардың контрабандасына, заңсыз өткізілуіне қарсы тиімді күресті қамтамасыз етуді; Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саясатын әзірлеуге белсенді атсалысу жолымен бейбіт шаруашылық байланыстар жүйесіне кіруді тиімді шешуге қабілетті қазіргі заманғы кеден қызметін құрудың қажеттілігі туындап отыр.
1-ТАРАУ. КЕДЕН ІСІН БАСҚАРУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
- Кеден ісін басқаруды ұйымдастырудың мәні мен мазмұны (объектілері мен субъектілері) .
“ Басқару” түсінігі айтарлықтай кең ұғым береді және адамзат қызметінің түрлі салаларында қолданылады. Кеден қызметінің қатысы бар түрлі әлеуметтік - экономикалық жүйелерде “Басқару” ұйымы әр-түрлі мағыналарда түсіндіріледі. Айталық, классикалық менеджмент “Басқаруды”- ұйымының қалыптасуы мен мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған, жоспарлау, ұйымдастырудың және бақылаудың барысы деп таниды. Ал, басқару саласының, келесі топ ғалымдары мен мамандары “Басқару” дегеніміз - кәсіби дайындықтан өткен мамандардың ұйымдарды қалыптастырып, мақсатарды қою арқылы оған қол жеткізудің интеграциялық процессі деп есептейді. Дегенмен, кеден қызметінің теориясы мен тәжірбиесіндегі “Басқару” терминінің түсінігі “ішкі және сыртқы жағдайлардың өзгермелі кезінде қойылған мақсаттарды орындауды қамтамасыз ететін, белгіленген тәртіпте құрылған ұжым адамдардың басқарушылық шешім қабылдауларының ақпараттық процессі” болып табылады.
Сонымен, “басқару” -дегеніміз жүйенің қойылған мақсаттарды шешім қабылдау арқылы жүзеге асыру үшін, өзінің құрылымын сақтауға, оның ішкі және сырты қатынастарын тәртіпке келтіруге бағытталған, әсер ету процессінің ажырамас қасиеті.
Кеден жүйесін басқару, онымен қатынасқа түсу, оның ішкі тетіктерін ұғыну мен оларды қолдана білу қабілеттілігі болып табылады. Кеден жүйесіндегі басқарудың мәнін, тек жүйенің барлық қатынастарының қимыл-қозғалысы, элементері мен бөліктерінің байланысы терең зерттеудің обьектісі болған кезде ғана ұғынуға болады.
Біртұтастық қағидасы жүйенің қызметтік иерархиялығына алып келеді, яғни жүйенің төменнен жоғарыға дейінгі бағыныштылығы жағынан сатылығын көрсетеді. Дәлірек айтқанда бір жүйелер басқа жүйелердің элементтері болуы мүмкін, яғни жүйелер өзінің жеке жүйелерінен құралып басқа жүйе құрамына кіреді. Мысалы, кеден жүйесі сыртқы экономикалық қызметі реттейтін мемлекеттік жүйенің құрамына кіреді.
Осы қағида, кеден ісінің қасиетін ашық және анық түрде көрсетеді. Кеден ісі жүйесінің мәні-бұл кеден ісінің түрлі формаларда жүзеге асырылатын үдерістер бірлігінің ішкімазмұны. Өз кезегінде, Кеден ісінің ішкі мазмұны оның ішкі қасиеті-негізгі қызметінен көрініс табады. Сондықтан, жүйеде қалыптасқан қасиет жүйенің негізін қалайтын қызмет-бұл халықаралық алмасу процессін тәртіпке келтіру және үйлесімді реттеу қабілеттілігіне ие болу қызметі. Кеден ісінің қолданылуының өзі осыған келіп соғады.
Жоғарыда аталғандай, күрделі кеден жүйесі белгілі бір жүйелердің санынан тұрады. Оның құрамындағы әрбір жүйе өзінің жеке жүйесінен құралған. Мысалы, кеден бекетін белгіленген кеденнің жүйесіне кіреді, өз кезіндегі ол аймақтық не облыстық кеден басқармасы жүйесіне, ал облыстық кеден басқармасы өз кезіндегі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Кеден комитеті жүйесінің негізін құрайды.
Кез-келген жүйенің өзіне тиеселі шектелген құзіреттілігі, мақсаттары, қызметтері, құқықтары және т. б. бар. Мысалы кеден бекетінің жүйесі қызметкерлер ұжымынан, кеден технологияларынан, аумағынан және т. б. құралады. Бірақ, осы элементтердің әр-біреуін жеке мини-жүйе ретінде қарастыруға болады.
Жүйенің құрылымының түсінігі аталған жүйенің құрамдас бөліктерге, элементтерге бөлуге мүмкіндігіне меңзейді.
Кеден ісін тануда және оның мәнді тәжірибелік қызметін ұғынуда “объект” және “субъект” түсініктері үлкен маңызға ие. Бұл ұғымдар алғашқыда фәлсафада, кейінірек нақты-пәндік ілімдерде пайда болады.
Фәлсафалық көзқарас бойынша объект (латын тілінде objecto - алға тастамайтын, қарсы тұрамын) субъектінің қызметінде қарама-қарсы тұратын ұғым береді. Қазіргі заманғы объект түсінігі Р. Декарта береді, яғни объектінің субъектіге тікелей қарсы қойылуы немесе білімінің түпнұсқалық жағынан нақтылығын айқындау.
Субъект ұғымы (латын тіліндегі subjectus - төменде жатқан, негізін қалаушы, sub - астында, jacio - негізін қалау) фәлсафалық тұрғыда жеке тұлға қызметінің танымдық мәнін көрсетуші, белсенділік көзі, объектіге қарсы бағытталған.
Ілімінің түрлі салаларында объект және субъект түсінігі әр-түрлі мағыналарда түсіндіріліп, өзіндік ерекшеліктер мен ғылыми түсіндірмелерге ие болады.
Кеден ісіндегі бақылаудың объектісі - кеден органдары тарапынан басқару субъектісі ретіндегі басқарушылық әсер ету бағыты. Кеден органдарының басқарудың субъектісі ретінде қызметтері алдын ала құралған бағдарламалар мен көзделген мақсаттарға жетуге бағытталған белгіленген кедендік процесстерге басшылық жасаумен түсіндіріледі. Осыған байланысты басқарудың объекті және субъекті ұғымдарын бөліп қарастыруымыз қажет.
Басқарудың субъетісі дегеніміз - басқару органдары жиынтығының басқарушылық жүйесі болып табылады.
Кеден ісіндегі басқарудың объетілері мен субъектілерінің жиынтығының құрамы төмендегілерден тұратын басқару жүйесін құрайды:
- басқарудың механизмі (мақсаттары, қызметтері, қағидалары мен әдістері) ;
- басқарудың ұйымдасытыру құрылымының жиынтығы (кеден органдарының түрлері, басқарудың ұйымдастыру түрлірі, басқару деңгейлері, жеке қызметкерлер құрамы және т. б. ) ;
- кеден процесстерін механизмдер элементтері және басқару құрылымының әрекеттері мен оларды өзара қатынасы ретінде (кеден басқармалары көмегі, технологиялық схемалар, жағдайларға байланысты, туындайтын мәселелер бойынша арнайы шешімдер, жедел-құқықтық әрекеттер және т. б. ) ;
Кеден ісіндегі құқықтың объектісі - дегеніміз кеден қызметін жүзеге асыру кезінде туындайтын, реттеуші орган (ҚР МКК) мемлекет тарапынан құқықтық ретеулерден, бекітілуге немесе қорғалуға тиісті қатынас. СЭҚ-ке қатысушылардың немесе кеден шекарасынан өтуші тұлғалардың құқыққа сәйкес және міндетті әрекеттерін, кеден органдарының құқықтары мен міндетерін нормативті - құқықтық актілерді көрсете отырып, мемлекет туындайтын қатынастарда тараптары мемлекеттің мүддесіне жауап беретін қоғамдық қатынас түрлерін таңдауға итермелейді.
Кеден ісіндегі құқықтық субъектісі - бұл заң бойынша құқықтар мен заңды міндеттерді жүзеге асыруға қабілетті (құқықтық субъектілікке ие) тұлғалар (жеке және заңды), яғни жеке немесе ұжымдық субъектілер. Жекелеген юристердің пайымдауынша құқық субъектісіне құқықтық қатынас субъектісіне бөліп қарау қажет.
Осы, дипломдық жұмыста негізінен басқарудың объектілер мен субъектілері қарастырылады.
Басқарудың объектілерін зертеудің бірнеше тәсілдері белгілі. Белгілі жағдайларда “зерттеу объектісі” мен “басқару оъектісі” біртұтас түрда қарастырылады, қалған жағдайларда “зерттеу объектісі” мен “басқару объектісі” жеке зерттеледі. Менің ойымша, зерттеу объектісі кеден жүйесіне қатысты болғандықтан кең ұғымға ие болады. Өз кезегінде басқару объектісі зерттеу объектісінің бөлігі ретінде оның құрамына кіреді және оның негізінде жүйенің маңызды қызметі қалыптасады.
Кеден және басқа да экономикалық әдебиеттерінде “кеденді басқару”, “сыртқы сауда кәсіпорындарын басқару” және т. б. терминдері жиі қолданылады. Менің көзқарым бойынша, аталған терминдер дұрыс қолданылмайтын сияқты, өйткені жылжымайтын мүлікті, ғимараттарды, жолдарды және т. б. басқаруды қалай түсінуге болады. Кеден ісінің түсінігі бойынша, аталғандарды кеңістікпенен уақыт кеңістігінде басқару мен түсіндірілген болар еді. Сондықтан бұл жерде “кедендегі басқару” немесе “кеден ісін басқару” дәлірек болады.
Кеден қызметінің ақпараттық-электронды ұйымдастыру және басқару формасына көшуі басқарудың екі бағытын бірінші кезекте “басқарудың объектісін” анықтауда синтездеуге алып келеді. Бірінші бағыт дәстүрлі қалыптасқан басқаруды жалғастырумен байанысты, ал екінші бағыт дәстүрлі қалыптасқан басқаруды қайта талғап, басқарудың объектісін кибернетикалық жаңалықтармен толықтыруды көздейді.
Кеден тәжірибесі көрсетіп отырғандай кеден жүйесіндегі басқарудың негізгі объектісіне тауарлар, көлік құралдары, және Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан өтуші тұлғалар жатады. (№1 Схема) .
Тауарлар. Тауар - ұғымы басқарудың теориясы мен тәжірибесіндегі ең күрделі және көп мағыналы түсініктердің бірі.
Кеден ісінің экономикалық қызметі тұтынушылық құн мен тауарлардың құны арасында реттеу рөлін жүзеге асыру. Мұндай реттеу кеден тарифі негізінде, кедендік құнды анықтау және басқа да әдістер арқылы халықаралық тауар алмасу барысында жүзеге асырылады.
№1. Схема. Кеден жүйесіндегі басқарудың объектілері құрылымы .
Кеден ісінің ұйымдастыру-құқықтық қызметінің ұсатанымы бойынша тауарлар дегеніміз кез-келген жылжыйтын мүлік болып табылады, соның ішінде валюта, валюталық құндылықтар, электр және басқа да түрдегі энергиялар. Тауарларды кеден шекарасынан алып өтудің негізгі талабы олардың СЭҚ ТН сәйкес кодтың берілуінде.
Сонымен қатар тауарларды кеден ісінің басқа ұстанымдары жағынан қатыстыруға болады (экономикалық-құқықтық ұйымдастырылу-психологиялық және т. б. ) . айталық төмендегідей тауарлардың кеден ісіндегі негізгі белгілеріне сәйкес жіктеулерге:
- Ұлттық белгісіне сай:
- қазақстандық ;
- шетелдік;
- Кеден кеңістігіндегі қозғалысының бағыты бойынша:
- импорттық;
- экспорттық;
- транзиттік;
- Уақытша мінездемесіне сай:
- мерзімдік;
- тез бұзылатын;
- маусымдық;
- уақытша әкелінетін және шығарылатын;
- Сауда - айналымдық мақсатына сай:
- сыртқы сауда айналымында сату және сатып алуға арналған, коммерциялық мақсаттағы тауарлар;
- сауда айналымына арналмаған, коммерциялық емес тауарлар;
- Фискальды белгісі:
- кедендік салық салуға жататын тауарлар;
- салықтан босатылған тауарлар;
- Тұтынушылық мінезіне сай:
- жеке пайдалану мақсатындағы тауарлар;
- өндірістік тұтынушылық мақсатындағы тауарлар;
- Тыйым салу - шектеу шаралары:
- ҚР кеден аумағына әкелуге немесе ҚР кеден аумағынан әкетуге тыйым салынған тауарлар;
- енгізілуіне немесе шығарылуына тыйым салынған тауарлар;
- тек арнайы рұқсатпен ғана өткізілетін тауарлар;
- экономикалық саясат шаралары қолданылатын тауарлар;
- Шығарылатын еліне сай:
- шығарылған елі анықталған тауарлар;
- шығарылған елі анықталмаған тауарлар;
- Тауарларды өткізу шешімдерінің нәтижесіне сай:
- ҚР кеден шекарасынан өткізілген тауарлар;
- ҚР кеден шекарасынан өткізілмеген тауарлар;
- Арнайы бақылау белгілеріне сай:
- СЭҚ ТН сәйкес берілген кодтарына сай бақыланатын тауарлар;
- пошта - халықаралық пошта жіберілімдері;
- кеден бақылауына жатпайтын (дипломатиялық тұлғалардың, мемлекеттік қызметкерлердің қол багаждары), тауарлар;
- қол жұктері - жеке тұлғалардың өздерімен бірге алып өтетін тауарлары;
- Қауіпті деңгейіне сай:
- 1 класс - түрлі қасиеттерге ие жарылғыш материалдар;
- 2 класс - улы не улы емес газдар;
- 3 класс - тез тұтанатын сұйықтар;
- 4 класс - тез тұтанатын қатты заттар, өздігінен тұтанатын заттар, сумен қатынасқа түскен жағдайда өздігінен тұтанатын газ бөлінетін заттар;
- 5 класс - қышқылданатын заттар, органикалық перокситтер;
- 6 класс - улы және инфляциялық заттар;
- 7 класс - радиоактивті материалдар;
- 8 класс - коррозиялық заттар;
- 9 класс - 1-8 кластағы заттарға жатпайтын жүктер, яғни оларды ашық немесе су көлік құралымен тасымалданғанда қауіпті қасиеттері көрініс алатын.
Көлік құралдары. Көлік құралдарына жолаушылармен тауарларды халықаралық тасымалдау үшін қолданылатын кез-келген құралдар жатады, соның ішінде контейнерлер мен басқа да көліктік құрылымдар.
Олар төмендегідей құрамнан тұрады:
а) өндірістік және коммерциялық жүктерді тасымалдау мен айналысатын көлік құралдары.
- теміржол;
- авияциялық;
- ғарыштық;
- теңіз;
- өзен;
- автомобиль;
- құбыр;
- электро линиялар;
б) жеке мақсаттарға арналған және коммерциялық мақсаттарға арналған жүктерді тасымалдау мен айналыспайтын көлік құралдары.
Тұлғалар. “Тұлғалар” термині кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар, басқа да заңды және жеке тұлғалар ұғымын білдіреді. Кәзіргі таңда бұл термин мынандай белгілерге сәйкес жіктеледі;
- Құқықтық статус:
- жеке тұлғалар - Қазақстан заңдарына сәйкес толық көлемде құқықтық қаблеттілікпен іс-әрекет қаблеттілігіне ие азаматтар;
- заңды тұлғалар - жеке меншігінде, жедел және шаруашылық басқаруында мүлкі бар және өз міндеттеріне өзінің мүлкімен жауап беретін ұғым;
- Азаматтық елі:
- қазақстандық тұлғалар;
- шетел тұлғалары;
- мекен-жайы:
- резидент - ҚР тұрғылықты тұратын мекен-жайы бар тұлғалар жеке тұлғалар және оларға жататындар:
- ҚР тұрғылықты тұратын мекен жайы бар жеке тұлғалар, соның ішінде уақытша оның аумағынан тыс жердегілер;
- ҚР заңдарына сәйкес құралған және ҚР орналасқан заңды тұлғалар;
- ҚР аумағынан тыс жерлерде орналасқан оның дипломатиялық және ресми өкілеттіліктері;
- ҚР аумағынан тыс жерлердегі резиденттердің филиалдары мен өкілеттіліктері;
Ресми еместер - шетел азаматы, азаматтығы жоқ тұлғалар, сондай-ақ ҚР аумағынан тыс жерлерде тұрақты тұратын жеке тұлғалар мен орналасқан заңды тұлғалар.
Резидент еместерге жататындар;
● ҚР аумағынан тыс жерлерде тұрғылықты тұратын жеке тұлғалар соның ішінде ҚР уақытша тұратын;
● шетел мемлекеттерінің заңдарына сәйкес құрылған, ҚР аумағынан тыс жерлерде орналасқан заңды тұлғалар;
● ҚР аумағындағы шетел мемлекеттерінің дипломатиялық және ресми өкілеттіліктері;
- Кедендік рәсімдеуге мүдделі тұлғалар:
● деклорант-кеден шекарасынан өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарын мәлімдеуші;
● кеден тасымалдаушысы-тауарларды тасымалдаушы тұлға;
● кеден брокері немес делдалы-делдал ретінде тауарлар мен көлік құралдарын мәлімдеуші;
● кеден қоймасының иесі-кеден органының лицензиясы негізінде қойма жөніндегі қызмет көрсетуші тұлға;
● кедендік рәсімдеу жөніндегі маман - кедендік рәсімдеу жөнінде қызметтер көрсетуге құқылы тұлға;
- Арнайы құқықтық белгілер:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz