Жан қуаттарының топтастырылуы



Жоспар
1. Жан қуаттарының топтары
2. Психикалық кейіп, психикалық қасиеттер, психикалық процессер
3. Жанды зерттеу әдістері
4. Байқау әдісі
5. Тәжірибе: Лабороториялық тәжірибе.
6. Табиғи экперимент. Қосалқы әдістер.
7. Қортынды.
Жан қуаттарының күрделі ағымын аңғару үшін алдымен оларды белгілі топтарға жіктеуіміз керек. Мұны жан қуаттарыньң топтастырылуы деп атайды. Бұл топтастыру бойынша, психика бір-бірімен тығыз байланысты үш топқа бөлінеді. Олардың 6ipi психикалык, процестер деп аталса, екіншілері психикалық қалып, үшіншілері психикалык, қ,асиеттер деп аталынады. Жан қуаттарының кейбірі (түйсік, қабылдау, елестету, т. б.) сыртқы дүние заттары мен құбылыстарын тікелей танып білуде, енді біреулері (ойлау, қиял т. б.) бұлардың арасындагы күрделі байланыстарды, дәнекерлі қатынастарды, өзгерістерді тереңдей бойлап білуде ерекше орын алады. Адамның сыртқы дүниемен (объективті шындықпен) үздіксіз қатынастағы белсенді байланысында оның сез!м, ерік процестері шешуші қызмет атқарады.
Психикалык, кейіп (немесе к,алып) адамның түрлі көңіл күйінің (шабыт, зерігу, үрейлену, абыржу, сергектік, белсенділік т.б.) тұрақты компоненттері. Жан қуаттарыньң осы екінші тобы ғылымда әлі де болса толық зерттелінбеген..
Психикалық, қасиеттер — бір адамды екінші бір адамнан ажыратуға негіз болатын ең маңызды, ең тұрлаулы ерекшеліктер. Бұған әрбір адамның мінезі мен темпераменті, қабілеті мен дүние танымы, сенімі мен талғамы, қызығуы жатады. Психикалық қасиеттердің қалыптасуында адамның өскен ортасымен қатар, оның кейбір таптык, ұлттық, жас өзгешелік, мамандық ерекшеліктері де бірсыдырғы орын алады.
Психикалык, процестер— сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы түрлі бейнелері. Бұлардың түрлері көп. Аспанда жұлдыздар жымыңдап, бір өшіп, бір жанып тұр. Оқтын-оқтын самал желдің ақырын ғана толқып өскен лебі денеге тиеді, шөп сыбдыры баяу ғана құлаққа шалынады,жас жусанның исі мұрын жарып түр, көлде әлсін-әлі құрбақа бақылдайды.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Авторы: Қ. Жарықбаев.
Жантану негіздері.
Алматы . 2002 ж

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жан қуаттарының топтастырылуы.
Жан қуаттарының күрделі ағымын аңғару үшін алдымен оларды белгілі
топтарға жіктеуіміз керек. Мұны жан қуаттарыньң топтастырылуы деп атайды.
Бұл топтастыру бойынша, психика бір-бірімен тығыз байланысты үш топқа
бөлінеді. Олардың 6ipi психикалык, процестер деп аталса, екіншілері
психикалық қалып, үшіншілері психикалык, қ,асиеттер деп аталынады. Жан
қуаттарының кейбірі (түйсік, қабылдау, елестету, т. б.) сыртқы дүние
заттары мен құбылыстарын тікелей танып білуде, енді біреулері (ойлау, қиял
т. б.) бұлардың арасындагы күрделі байланыстарды, дәнекерлі қатынастарды,
өзгерістерді тереңдей бойлап білуде ерекше орын алады. Адамның сыртқы
дүниемен (объективті шындықпен) үздіксіз қатынастағы белсенді байланысында
оның сез!м, ерік процестері шешуші қызмет атқарады.
Психикалык, кейіп (немесе к,алып) адамның түрлі көңіл күйінің (шабыт,
зерігу, үрейлену, абыржу, сергектік, белсенділік т.б.) тұрақты
компоненттері. Жан қуаттарыньң осы екінші тобы ғылымда әлі де болса толық
зерттелінбеген..
Психикалық, қасиеттер — бір адамды екінші бір адамнан ажыратуға негіз
болатын ең маңызды, ең тұрлаулы ерекшеліктер. Бұған әрбір адамның мінезі
мен темпераменті, қабілеті мен дүние танымы, сенімі мен талғамы, қызығуы
жатады. Психикалық қасиеттердің қалыптасуында адамның өскен ортасымен
қатар, оның кейбір таптык, ұлттық, жас өзгешелік, мамандық ерекшеліктері де
бірсыдырғы орын алады.
Психикалык, процестер— сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы
түрлі бейнелері. Бұлардың түрлері көп. Аспанда жұлдыздар жымыңдап, бір
өшіп, бір жанып тұр. Оқтын-оқтын самал желдің ақырын ғана толқып өскен лебі
денеге тиеді, шөп сыбдыры баяу ғана құлаққа шалынады,жас жусанның исі мұрын
жарып түр, көлде әлсін-әлі құрбақа бақылдайды.
Осындайларды адам түйсік, қабылдау деп аталатын процестері арқылы
сезінеді. Түйсікте сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының толып жатқан
жеке саналары сәулеленетін болса, қабылдауда олар тұтастай, біріккен
сапаларымен бейнеленеді.
Бір кезде қабылданған заттар санамыздан мүлде жойылып, өшіп кетпейді,
оларды кейін керек кезінде түрліше елестетуге болады. Мысалы, студент үйіне
хат жазып отырып, уйіндегілердің бет- пішініндегі нәрселерді кез алдына
елестете алады. Мұндай жағдайда оның басында елес процестері пайда болады.
Оған нәрселер мен заттардың образы қасында тұрғандай керінбей, жай елестеп
отырады. Студент сабаққа дайындалады. Кейін мұғалім сабақ сұрағанда студент
окыганың есіне түсіріп, айтып береді, кажетті нәрселерді есіне жинайды да
қажетсіз, қызықсыз жерлерін ұмытады. Бұл жерде ес процестері әңгіме болып
отыр.
Ғалымның тыңнан бір жаңалық ашуы, инженердің машина ойлап шығаруы,
оқушының шығарма жазуы т. б. үлкен қиялды қажет етеді. Бұрын қабылданған
нәрселерді қайтадан өңдеп, образ жасауда көрінетін психикалық процесс к,иял
деп аталады. Алдымызда тұрған мәселені шешу, заттардың себеп-салдар
байланыстарын көрсету, болмысты жалпылай және жанама түрде тану — ойлау
процесінің арқасында болып отырады. Сөйлеумен тығыз байланысты ойлау адам
танымының ең жоғары түрі. Біз айналадағы нәрселерге талғаусыз қарамаймыз.
Ісіміз оңға басса, көңіліміз толып, оған қатты қуанамыз, жаман нәрсені
көрсек ренжиміз, эділетсіз іске ашу білдіреміз. Қуаныш, қайғы, ұнату,
ұнатпау, уайым, масаттану, достық, жолдастық, адалдық, шыншылдқ т. б.
адамның сан алуан сезімдері мен эмоцияларын бейнелейтін атаулар.
Қандай болмасын, бір әрекет жасау үшін алдымен оның жоспарын ойланамыз да
алда тұрған кедергілер мен қиыншылықтарды жеңуге кірісеміз, көздеген
мақсатқа жету үшін барлық күш-жігерімізді жұмсаймыз. Мұнда адамның мақсат,
тілек, қалау, тоқтам. ерік, жігер кажыр-қайрат процестері көрінеді.
Жан қуаттарының ішінен зейін ерекше орын алады. Зейін санамыздың
барлық жақтарының (қабылдау, елес, ойлау, қиял т.б.) белгілі объектіге
бағытталып, шоғырлануы. Зейін жан қуаттарының қай-кайсысына болса да
дәнекер болады, оны күшейте де, әлсірете де алады, ерік процесі де онсыз
пәрменсіз болады. Психикалық процестердщ осы турлері бір-бірімен тығыз
байланысып жатады. Бұлар адамның даралығын көрсететін психикалық
қасиеттерімен (қабілет, мінез, темперамент, кызығу), кейбір анатомиялық-
физиологиялық тума қасиеттерімен де (нышандар) орайлас көрініп отырады.
Бұлардың әрқайсысының көрінуі нақтылы жағдайлардың әсерінен түрлі мәнге ие
болып, адам санасын әр қырынан көрсетіп жатады және бұлар бір-бірімен тығыз
байланысты болады. Бұл жөнінде Абай:

"Ақыл, қайрат, журекті бірдей үста,
Сонда толық боласың елден бөлек.
Жеке-жеке 6ipeyi жарытпайды,
Жолда жоқ жарыместі "жақсы демек", — деген еді.

Жанды зерттеу әдістері.

Бip қарағанда біздің әрқайсымызға оңай, тіпті таныс сияқты болып
көрінетін жәйт күнбе-күнгі психикалық өмірімізге мұқият үңіліп қарасақ ,
өзіне тән заңдылықтары бар аса курделі қасиет. Психикалық өмірді де атомньң
құрылысы сияқты жай кезбен қарап ажырату қиын. Адамның психологиялық
ерекшеліктерін білу үшін, осы ғылымньң зерттеу әдістерімен танысуымыз
керек. Әр ғылымның өзіндік ерекшелігіне қарай дербес зерттеу әдісі болады,
осы әдістер арқылы сол ғылымның, сан алуан заңдылықтарын зерттеуге
мүмкіндік туады. Егер ғылымда өзіне тән әдіс, яғни зерттеу әдістері
болмаса, ол нағыз ғылым болудан қалады. Басқа да ғылымдар тәрізді
психология ғылымының, да өзіне тән эдістері бар. Бұл әдістер осы ғылымның
көп жылғы даму жолында түрлі тексерулерден өтіп, сұрыпталу арқылы
қалыптасқан. Психикалық әрекетті де белгілі мақсатқа байланысты жоспарлап,
арнайы белгіленген және мұқият ұйымдастырылған әдістер арқылы зерттейді.
Зерттелінетін адамның көп рет қайталанған іс-әрекеттері мен қылықтары, сөз
саптауы мен бет пішініндегі мәнерлі қозғалыстары да, бізге оның ойлауы мен
сөйлеуінің, сезімі мен еркінің, темпераменті мен мінезінің ерекшеліктерін
білуге біршама жәрдемдеседі.
Ғылыми психология адамның, ой-өpici, сана-сезім дәрежесі ic-әрекеттен,
оның нәтижесінен жақсы байқалатынын талай рет айтқан. Сана іс-әрекеттің
бағыт-бағдарлы сипатта болуын қамтамасыз етеді. Сана мен ic-әрекет бір-
бірімен тығыз байланысты. Сананың белсенділік сипаты да, оньң мінез-құлықты
реттейтін басқарушылық функциясы да осы принципке негізделеді. Осы
айтылғанға орай психологиясын нақтылы іс-әрекет үстінде зерттеу ғылыми
психологияның ең негізгі принципі. Кейбір психологтар: "Адамның психикалық
құбылыстарын зерттеуде оның өзі берген мәліметтер шешуші орын алады,
сондықтан да өзін-өзі байқау (интроспекция) әдісінің деректерше ерекше
кеңіл бөлу қажет" дейді. Бұл шындыққа жанасымсыз пікір. Мұндай жолмен
адамның ішкі жан дүниесін білу қиын. өйткені адам өзі туралы көп
жағдайларда қателеседі, оның шынын айтқысы келмеуі де ықтимал, сондай-ақ
адам өзінің психологиялық ерекшеліктерін жете білмеуі, не оны басқа біреуге
дұрыс жеткізіп бере алмауы мүмкін. өзін-өзі байқау — адам психикасын
зерттеудің әдісі болып табылмайды, ол әркімнің өз басындағы рухани
ерекшеліктерін аңғара алуын көрсететін бір факт. Мұндай жолмен адам
психологиясының мәнін, оньң қалыптасу жолын түсіндіруге болмайтындықтан,
психиканы объективтік жолмен зерттеуде біз осы принциптен ешбір ауыт-
қымауымыз қажет. Жантануда адамның психикалық ерекшеліктерін зерттейтін
бірнеше әдістер бар. Олардьң бір тобы негізгі әдіс, екінші –тобы қосалқы
әдic деп аталынады. Осындай негізгі әдістердің біріне байқау әдici (А)
жатады

А.Байқау әдісі

Белгілі жоспар бойынша жүйелі түрде біраз уақыт бойына зерттелуші адамның
психикалық ерекшелітерін қадағалауды байкау әдісіi деп атайды. Байқау,
әдетте, табиғи жағдайда, зерттелінуші адамның әрекетіне әдейі араласпай-ак,
жүргізіледі. Осы әдіс арқылы зерттелінушінің мимикасын (бет құбылысын), сөз
реакцияларын, турлі қозғалыстарын, мінез-құлкын, жалпы әрекетін байқауға
болады. Сондай-ақ адамның ерік күші, сезім ерекшеліктері, темпераменті де
байқау әдісі арқылы ажыратылады. Мысалы; мектептегі оқушының ойлау және
сөйлеу ерекшеліктерін зерттеу керек болса, ол үшін зерттеуші оқушының әрбір
сабақ үстіндегі жеке сөздерін, сөйлемдерін стенографиялап, күнделікке
түсіреді, кейін оны тиянақты түрде талдайды да, тиісті қорытынды шығарады.
Ғылыми зерттеу жумыстарының түрлі ерекшеліктеріне қарай байқау әдiciндe
кейде аспаптар да қолданылады. Мәселен; зерттелінетін объектіні суретке
түcipy үшін фотоаппараттар, зерттелінуші адамның сөз тіркестерін жазып
алып, кейін оны пластинка бойынша қайтадан жаңғырту үшін магнитофон т.б.
пайдаланылады.
Байқау әдісінің нәтижелі болып шығуы үшін қолданылатын қажетті кейбір
шарттар:
1) Байқаудың ұзақ, уақыт бойына журпзшуш және 6ip фактінің өзі бірнеше
рет қайталанып зерттелшуін қамтамасыз ету;
2) Зерттелетін объектіні айқын белгілеу және байқаудың мақсатын түсіне
б!лу қажет. Мысалы, байқау объектісі ретінде сабаққа нашар студентті
алатын болсақ мақсатымыз — оның сабақ дайындау кезіндегі ой жұмысының
кейбір ерекшеліктерін білу;
3) Байқалған фактілерді сол сәтте жазып отыру, зерттелінушінің сөз
реакцияларын стенографиялау; кейін оған мұқият талдау жасау; басты
фактілерді іріктеп алу — осы әдіске қойылатын негізгі талаптардың
6ipi.байқауға студент алынған болса) ұстазбен бірлесе отырып, студентттің
оқу әрекетін сдан ары жақсарту үшін нақтылы шаралар белгіленеді.
Байқау әдісі арқылы оқу-тәрбие процесінің әр кезеңдерінде ұстаз
студенттердің сабақ үлгеруі мен тәртібіндегі ерекшеліктерді білуіне, кейін
оларды жақсарта tүcу жөнінді тиісті шаралар белгілей алуына болады. Бұл
әдіс адамдардың психологиялық ерекшеліктерін зеттеуде өте көп қолданылатын
әдістердің бірі.
Байқау әдісінің кейбір кемшіліктері де бар.
Біріншіден, зерттеуші мұнда езіне керек құбылыстарды әп-сәтте зерттей
алмайды да, көп уақытын жіберіп алады, екіншіден, байқауды әр уақытта
тыңғылықты, ойлағандай ұйымдастыруға жағдай болмай да қалады. Бұл әр түрлі
кездейсоқ объективтік (байқауға алынған адамның сабаққа келмей қалуы),
субъективтік (бақылаудың қиынға соғуы, зерттеушіде бақылағыштық қасиеттің
жоқтығы т.б.) себептердің кездесетіндігіне байланысты. Осы айтылғандарға
қкарай бұл әдістің ғылыми деректері кейде кемірек болады.
Байқау әдісіне қарағанда жан қуаттарын экспериментік жолмен зерттеудің
біраз артықшылығы бар. И. П. Павлов: "Байқау табиғаттың ұсынғанын жинайды,
ал тәжірибе табигаттан өзінің тілегенін алады"— деп тегін айтпаған.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ес туралы жалпы ұғым және оның түрлері
Жантану пәнi, әдiстерi және тарихы
Психология ғылымы дамуының негізгі кезеңдері
Психология саласы
Психика мен сана мәселелері
Өндірісті құрамдастыру, өндірісті мамандандыру, өндірісті кооперациялау, өндірісті шоғырландыру
Психикалық әрекетті зерттеу әдістері
Психологиядан дәрістер жинағы
Психология тарихы туралы
Психика - ми қасиеті
Пәндер