Бейорганикалық химия


1. Бейорганикалық химия Химиялық элементтерді жіктеу әдістері. Химиялық элементтердің табиғаттағы таралуы, жай заттарды алудың өнеркәсіптік және зертханалық әдістері. Бинарлы және көп элементті қосылыстар. Ауыспалы құрамды қосылыстар, кірістірілетін қосылыстар, аралас қосылыстар. S- және р-элементтер химиясы. Сутегі атомы құрылысының ерекшеліктері. Сутегінің табиғаттағы таралымы, жай заттарды (протий, дейтерий, тритий) алу әдістері. Атомдық және молекулалық сутегі, физикалық және химиялық қасиеттері. Гидридтер: жіктелуі, алу әдістері, химиялық және физикалық қасиеттері. Озон. Сутегінің оттегімен маңызды қосылыстары: су, сутегі пероксиді. VII топ р-элементтерінің салыстырмалы сипаттамасы. Галогендер атомдарының құрылысы. Маңызды минералдары, алу әдістері, молекула құрылысы, галогендердің физикалық және химиялық қасиеттері. Галогенсутектер: алу әдістері, тотықсыздандырғыштық қасиеттерінің салыстырмалы сипаттамасы, галогенсутек қышқылдарының термодинамикалық тұрақтылықтары және қасиеттері. Галогенидтер: негіздік, амфотерлі, қышқылдық, полимерлік. Галогендердің оттекті қосылыстары. Галогендердің оттекті қосылыстарының саны мен тұрақтылықтары өзггерістеріндегі екіншілік периодтылық. Галоген қосылыстарының өзара әрекеттесу реті. Құрамында оттегі бар галоген қышқылдары мен олардың тұздарының қышқылдық және тотықтырғыштық-тотықсыздандырғыштық қасиеттері өзгерістерінің сипаты. Интергалогенидтер. VI топ р-элементтерінің салыстырмалы сипаттамасы. Халькогендердің атом құрылысы, атомдық қасиеттері өзгерісінің сипаты. Жай заттардың өнеркәсіптік және зертханалық алу әдістері және олардың физикалық және химиялық қасиеттерінің салыстырмалы сипаттамасы. Халькогендердің сутекпен қосылыстары: молекула құрылысы, алу әдістері, термодинамикалық тұрақтылығы, тотықсыздандырғыштық және қышқылдық қасиеттері. Халькогенидтер. Оттекпен қосылыстары: элементтер (IV VI) оксидтері, молекулалар құрылысы, алу әдістері, химиялық қасиеттері. Құрамында оттегі бар халькогендер қышқылдарының жалпы сипаттамасы: молекулалар құрылысы; H 2 SO 3 - H 2 SeO 3 - H 2 TeO 3 , H 2 SO 4 - H 2 SeO 4 - H 2 TeO 4 қатарындағы қосылыстардың қышқылдық және тотықтырғыштық-тотықсыздандырғыштық қасиеттерінің өзгерісі. Орта және қышқылдық тұздар (сульфиттер, сульфаттар және түб. ) . Тиоқышқылдар және олардың тұздары. Политионды қышқылдар, политионаттар. Күкірттің пероксоқосылыстары. Күкірттің галогенидттері және оксогалогенидтері. V топ р-элементтерінің салыстырмалы сипаттамасы. Атомдар құрылысы, элементтердің атомдық қасиеттері өзгерісінің сипаты. Элементтердің табиғатта кездесетін формалары. Қазақстан фосфориттері. Жай заттарды алу әдістері, құрылысының ерекшеліктері, химиялық және физикалық қасиеттері. Сутекпен қосылыстары: молекула құрылысы, термодинамикалық тұрақтылықтарының өзгерісі, аммиак - висмутин қатарындағы реакциялық қабілеттіліктері және донорлық қасиеттері. Азоттың сутекті қосылыстарының сипаттамасы: аммиак, гидразин, гидроксиламин, азотты-сутекті қышқылдар Азот (I, II, III, IV, V), фосфор - висмут (III, V) оксидтері. Азотты, азот қышқылдары және олардың тұздары. Құрамында оттек бар фосфор қышқылдары және олардың тұздары. Қазақстан фосфориттері. Мышьяк топшасы элементтерінің гидроксидтері. V топ элементтерінің галогенидтері және басқа да бинарлы қосылыстары. ІV топ элементтерінің салыстырмалы сипаттамасы. Атом құрылысының жалпы сипаттамасы және элементтердің атомдық қасиеттері өзгерісінің сипаты, атомдардың тотығу дәрежелері және валенттіліктері. Көміртектің аллотропиялық түр өзгерістері, көміртек атомдары түзетін химиялық байланыстар ерекшеліктері. Элементтердің Э-О-Э гетеротізбек түзуге қабілеттілігі. Жай заттарды алу әдістері, физикалық және химиялық қасиеттері. Оксидтер: молекула құрылысы, тұрақтылықтарының, қышқылдық-негіздік және тотықтырғыштық-тотықсыздан-дырғыштық қасиеттерінің салыстырмалы сипаттамасы. Гидроксидтер: көмір қышқылы және оның тұздары; кремний, поликремний қышқылдары және олардың тұздары. Кремний қышқылының зольдері және гельдері, силикагель. Германий топшасы элементтерінің (II, IV) гидроксидтері - тұрақтылықтарының, қышқылдық-негіздік және тотықтырғыштық-тотықсыздандырғыштық қасиеттерінің салыс-тырмалы сипаттамасы. Катиондық және аниондық формадағы тұздар, тұздар гидролизі. Төртінші топ элементтерінің металдармен және бейметалдармен бинарлы қосылыстары. ІІІ топ элементтерінің салыстырмалы сипаттамасы. Атом құрылысының жалпы сипаттамасы және элементтердің атомдық қасиеттері өзгерісінің сипаты, атомдардың тотығу дәрежелері және валенттіліктері, төмен және жоғары тотығу дәрежелі қосылыстарының тұрақтылықтары. Атомдардың катиондық, аниондық, полимерлік форма, комплексті қосылыс түзуге бейімділігі. Жай заттарды алу әдістері, құрылысы және химиялық қасиеттері. Элементтер оксидтері мен гидроксидтерінің құрылысы мен химиялық (тұрақтылығы, қышқылдық-негіздік және тотықтырғыштық-тотықсыздандырғыштық) қасиеттері. Бор қышқылдары: құрамы, құрылысы, қышқыл күші. Бор қышқылының тұздары. Үшінші топ элементтері тұздарының салыстырмалы сипаттамасы. Бордың сутекпен қосылысы. Үшінші топ элементтерінің металдармен және бейметалдармен бинарлы қосылыстары. І-ІІ топ s-элементтерінің салыстырмалы сипаттамасы. Атом құрылысының жалпы сипаттамасы және элементтердің атомдық қасиеттері өзгерісінің сипаты, тотығу дәрежелері және валенттіліктері. І және ІІ период элементтері қасиеттерінің ерекшеліктері. Жай заттарды алу әдістерінің, физикалық және химиялық қасиеттерінің салыстырмалы сипаттамасы. Гидридтер: құрылысы, алу принципі, химиялық қасиеттері. Оксидтер, пероксидтер, надпероксидтер, озонидтер тұрақтылықтарының, тотықтырғыштық-тотықсыздандырғыштық қасиеттерінің салыстырмалы сипаттамасы. Гидроксидтер: өнеркәсіптік алу принципі, топтағы күшінің, ерігіштігінің, химиялық қасиеттерінің өзгерісі. Тұздар, құрылысы, қасиеттері, қолданылуы. Магний және бериллий тұздарының гидролизі. Су кермектілігі және оны жою әдістері. d - элементтердің жалпы сипаттамасы. d - элементтердің атом құрылысының ерекшеліктері, төртінші, бесінші және алтыншы период элементтерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары, лантаноидтық сығылу. Табиғаттағы мөлшері, Қазақстанның жер қойнауы байлықтары. ІІІ топ d - элементтері жай заттары және қосылыстарының атомдық қасиеттерінің, алу әдістері, физикалық және химиялық қасиеттерінің салыстырмалы сипаттамасы. VI-VII топ d - элементтері жай заттары мен атомдарының тотығу дәрежесі әртүрлі қосылыстарының атомдық қасиеттерінің, алу әдістері, физикалық және химиялық қасиеттерінің салыстырмалы сипаттамасы. VIIІ топ d - элементтері жай заттары мен атомдарының тотығу дәрежесі әртүрлі қосылыстарының атомдық қасиеттерінің, алу әдістері, физикалық және химиялық қасиеттерінің салыстырмалы сипаттамасы. І-II топ d - элементтері жай заттары мен атомдарының тотығу дәрежесі әртүрлі қосылыстарының атомдық қасиеттерінің, алу әдістері, физикалық және химиялық қасиеттерінің салыстырмалы сипаттамасы. f - элементтердің жалпы сипаттамасы. Қазіргі заманғы бейорганикалық химияны дамыту жолдары. Жаңа заттар синтезі және оларды қолдану болашағы. Нанотехнологиялар. Химия және экология. Бейорганикалық өнеркәсіптік қалдықтардың Шығыс Қазақстан экологиясына әсері. 2. Сапалық және сандық химиялық талдау Химиялық сапалық және сандық талдау курсы химия ғылымдарының барлық салаларында қолданылатын талдаудың негізгі түрлерінің теориялық және эксперименттік сұрақтарын, сондай-ақ, одан шығатын құрамдық бөліктердің қандай сандық қатынастарда болатындығын анықтауға мүмкіндік беретін заттарды зерттеу әдістерін меңгеруге мүмкіндік береді. Сапалық және сандық талдау пәні - теориялық негізді дамыту, заттың элементтік құрамын анықтауға мүмкіндік беретін қалыптасқан және жаңа табылған, неғұрлым заманауи әдістерді жетілдіру, анализденетін заттың сандық құрамын анықтау. Пән міндеттері: жалпы және бейорганикалық химия бойынша білімдерін бекіту және тереңдету; химиялық реагенттермен, ыдыстармен, құрылғылармен және құралғылармен жұмыс істеу біліктіліктері мен дағдыларын қалыптастыру; бақыланған құбылыс негізінде теориялық қорытынды жасай алу іскерліктерін қалыптастыру; ғылыми-зерттеу жұмыстары дағдысына ие болу; негізгі және мерзімді оқулықтармен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру; талдаудың белгілі әдістемелерімен жұмыс істеуге үйрету; зат сапасын анықтауға немесе зерттелетін қосылыс құрамына кіретін жеке элементтер немесе иондарды анықтай алуға үйрету; заттардың жеке қоспасын талдау әдістемесін жасауға үйрету (курстық жұмыс түрінде) ; барлық қажетті есептеулерді жүргізуге үйрету. Аталған міндеттер курсты оқыту ерекшеліктерінен туындайды - бұл ғылым пәні, әсіресе, тану облысы, басқа ғылымдармен байланысы және практикалық маңызы туралы нақты түсінік қалыптастырады. Сандық және сапалық талдау курсын ұсынылған көлемде оқыту химиялық талдау міндеттері мен оларды шешу әдістері туралы түсінігі бар кәсіби маман дайындауға мүмкіндік береді. Әдебиеттер1. Бейорганикалық химия НегізгіКоттон Ф., Уилкинсон Дж. Современная неорганическая химия. М. : Мир, 1979. Полинг Л. Общая химия. - М. : Мир, 1974. Соединения переменного состава/ под ред. Б. Ф. Орманта. М. -Л. : Химия
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz