Дара организамдер экологиясы – аутэкология


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 101 бет
Таңдаулыға:
Дара организамдер экологиясы - аутэкология.
Жоспары:
1. Экологиялық факторлар және олардың жіктелуі.
2. Экологиялық заңдар мен ережелер.
Экологиялық факторлар және олардың жіктелуі. Экологиялық тұрғыдан орта дегеніміз - табиғи денелер, тау-тас, орман-көл, өзен-мұхит және жаратылыста орын алатын құбылыстар. Кейбір өсімдіктер түрінің немесе жануарлардың тіршілігіне қажетті жағдайы бар ортаны сипаттау үшін мекендеу ортасы деген терминді қолданады. Қоршаған орта және қоршаған табиғи орта деген түсініктер кеңінен пайдаланылып жүр. Қоршаған орта объектімен немесе субъектімен тікелей байланыста болатын сыртқы ортамен бірдей орта.
Тіршілік иелерін қоршаған орта сан қилы құбылыстар мен әр түрлі элементтерден тұратын, уақыт және кеңістік бойынша үнемі өзгерісте болып, ықпал ететін факторлардан құралады. Экологиялық жағдайлар ұғымы фактор терминіне алмастырылған. Табиғи ортада жүретін процестерге қозғаушы күш ретінде ықпал тигізетін күштерді немесе жағдайларды фактор деп атайды. Табиғи жағдайда организм көптеген факторлардың ықпалына ұшырап отырады.
Экологиялық факторлар - тірі организмдерге оң немесе теріс әсерін тигізетін ортаның элементтері. Экологиялық факторлар организмдегі және экожүйелердегі процестердің жылдамдығы мен бағытын реттеп отырады. Факторлар оргнизмдерге жиынтық күйде әсер етеді. Оған организмдер әртүрлі жауап береді.
Экологиялық факторлар мынадай түрлерге бөлінеді: 1) абиоталық факторлар - тіршіліксіз орта факторлары; 2) биоталық факторлар - тіршілігі бар орта факторлары; 3) антропогендік фактор - адамның шаруашылық қызмет әрекетінен тікелей немесе жанама түрде туындайтын фактор.
Абиоталық факторлар - тірі организмдерге әсер ететін ортаның бейорганикалық элементтерінің жиынтығы. Ортаның абиоталық факторлары Жердегі тіршіліктің тұрақтылық шегін анықтайды, олардың табиғаты физикалық-химиялық факторларға жатады.
Абиотикалық факторлар климаттық, эдафиялық және гидрографиялық болып бөлінеді. Климаттық фактор деп Жердің бетіне күн энергиясының келу ерекшеліктерінен, ауа массаларының айналасынан, жылу мен ылғал теңдестігінен, атмосфералық қысымның динамикасынан және басқа да метеорологиялық элементтерден тұратын факторларды айтады. Климаттық факторларға температура, ылғалдық, жарықтық режим, қысым, атмосфералық жауын-шашын және т. б. жатады. Климаттық факторлардың ішінде өте маңызды рөлі бар фактор болып - күн сәулесі (радиация) саналады. Ол биосфераның термиялық режимі мен жылулық балансын анықтайтын энергияның негізгі көзі, барлық организмдердің морфологиясы мен физиологиясы, жалпы алғанда тіршілік осы факторға тікелей байланысты.
Жарық өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігіне тікелей қатысты, әртүрлі рөл атқаратын экологиялық маңызды фактор. Жер шарында барлық тірі материяның пайда болуы жарыққа байланысты. Физикалық тұрғыдан қарайтын болсақ жарық энергия түрі, толқынды түрде сәулеленетін электромагниттік табиғаты бар фактор.
Өсімдіктер мұхиттардың түбінде, не 100-200 м-ден кейінгі тереңдікте, қараңғы үңгірлерде өспейді, себебі олардың организмдерінде жүретін, тіршіліктері үшін өте қажетті фотосинтез процесі жарықсыз жүрмейді. Биосфераның объектілерінде олардың таралуы да жарыққа байланысты. Өсімдіктер 380-нен 710 нанометр толқындар ұзындығы аралығындағы күн сәулесін қабылдайды. Сондай-ақ, жануарлар да осы аралықтағы сәулелену спектрін қабылдай алады. Оларға жарық энергия көзі ретінде емес, кеңістікте дұрыс бейімделуі мен бағыт алуына қажет.
Өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік әрекетіне (фотосинтезге, зат алмасуға, қорек тұтынуға, көбеюге, т. б. ) елеулі тікелей немесе жанама әсер тигізетін абиоталық факторлардың бірі температура. Көптеген организмдерге байланысты ақуыздардың қызмет атқаратын шегі 0 0 С-ден 50 0 С-ге дейін, 0 0 С-ден төмен мағынада ұлпадағы су қатады, ал 50 0 С жоғарыда ақуыз молекулаларының құрылысы бұзылады. Бірақ-та, ерекше төзімді ақуыздары бар түрлер де кездеседі, олар 60 - 90 0 С шамасында активтігін жоймай сақтайды, мысалы бұларға кейбір көк-жасыл балдырларды, көгеретін саңырауқұлақтар мен бактериаларды жатқызуға болады. - 12 0 С шамасында өсетін бактериялар да кездеседі. Сонымен, әртүрлі организмдердің тіршілік ету сипаты мен активтілігі тікелей Жердегі температура режиміне байланысты келетіні айқын.
Эдафикалық фактор - топырақ ерекшеліктерімен анықталатын фактор; сондықтан топырақтық фактор деп те аталады. Организм тіршілігінде топырақтық факторлар да маңызды рөл атқарады. Өсімдіктердің әр алуандығы мен түрлік құрамы топырақтың құрылымы мен және құрамымен, қасиетімен (қышқылдығы, құнарлығы, т. б. ) анықталады. Мысалы, өсімдіктердің ағаш тектес тұқымдарының (қайың, балқарағай) тамыры көп жылдық тоңы бар аймақтарда аз тереңдікте оранласады және көлденең жайылады. Ал көп жылдық тоң жоқ жерлерде осы өсімдіктердің тамыры аздау жайылып, тереңге қарай бойлайды. Көптеген дала өсімдіктері тамырлары арқылы суды үлкен тереңдіктен ала алады, ал минералды қоректену элементтерін топырақтың қарашірінді қабатынан беттік тамырлармен сіңіріп отырады. Топырақтың әр түрлі қасиетіне байланысты өсімдіктерді бірнеше экологиялық топқа бөлуге болады. Мысалы, топырақтың қышқылдығына қарай: 1) ацидофильді түрлерге - олар сутектік көрсеткіші (рН) 6, 7-ден төмен қышқылды топырақта өседі (шымтезекті ми батпақтағы өсімдіктер) ; 2) нейтрофильді - рН 6, 7 - 7, 0 топырақта өсетін өсімдіктер (мәдени өсімдіктердің көпшілігі) ; 3) базофильді - рН мәні 7-ден жоғары топырақтарда өсетіндер (ұлпа гүл) ; 4) индифферентті - рН-ы әр түрлі топырақта өсе алатындар (інжугүл) . Құрамында нитраттары көп топырақта өсуге бейімделген, мол өнім беретін өсімдік түрлерін (бидай, зығыр, күнбағыс, қалақай, таңқурай, кейбір мүктер, балдырлар, саңырауқұлақтар) нитрофильді деп атайды. Тұзды жерге бейімделіп өсетін өсімдіктер тобы галофиттерге жатады.
Гидрографиялық факторлар - су организмдерінің (гидробионаттардың) тіршілігіне, таралуына әсер ететін судың физикалық (тығыздық, жарық режимі, температура, ағыс жылдамдығы, қысым және т. б. ) және химиялық (тұздылық, қышқылдық, ластану, т. б. ) қасиеттері. Мысал ретінде физикалық факторлардың ішінде су тығыздығына тоқталайық. Су тығыздығы - суда тіршілік ететін организмдердің жылжу жағдайын және әр шамадағы тереңдіктегі қысымды анықтайтын фактор. Тазартылған судың +4 0 С-та тығыздығы 1 г/см 3 -ке тең. Еріген тұздары болатын табиғи сулардың тығыздығы жоғары, 1, 35 г/см 3 -ге дейін көтеріледі. Судағы қысым әр 10 м-ге төмендеген сайын орта есеппен 1·10 5 Па (1 атм) жоғарылап отырады. Организмнің кейбір түрлері бірнеше жүздеген атмосфералық қысымды көтере алады. Мыс., көптеген балықтар түрлері, омыртқасыз жануарлар, теңіз жұлдыздары, шаянтәрізділер 400-500 атмосфералық тығыздыққа тең қысымы бар үлкен тереңдікте кездеседі. Су тығыздығы су қабатында көптеген гидробионаттардың жүзуіне жағдай туғызады. Қалқыма, суда енжар жүзіп жүретін организмдерді ерекше экологиялық гидробионаттар тобына біріктіріп, планктон деп атайды. Бұл организмдер үшін тіршілік әрекетінде жүзуге бейімделу ең маңызды мәселе болып табылады. Олар батып кетпеу үшін денелердің массасын азайтуға немесе үйкеліс күшін арттыруға бейімделеді. Сондықтан фитопланктонда микроскоппен көрінетін бірклеткалы балдырлар басым болады.
Бос күйдегі және топырақтағы суда болатын қышқылдар, сілтілер, тұздар жануарлар дүниесі үшін қоршаған ортаның өте маңызды факторларына жатады. Өте қышқылды суы бар суқоймаларда тіршілік кездеспейді. Жануарлар дүниесіне ең бай сулары бар көздерге рН мәні бейтарап немесе шамалы сілтілі суқоймалар жатады. Қышқылды немесе сілтілі рН ≥ 9 жағдайларда жануарлар дүниесінің түрі мен саны күрт төмендейді.
Абиоталық факторларға физикалық өрістерді (гравитациялық, магниттік, электромагниттік), иондаушы, өткіш радиацияны, орта қозғалыстарын (акустикалық тербеліс, толқындар, жел, ағыс, тасу), табиғаттағы тәуліктік және маусымдық өзгерістерді жатқызуға болады.
Биоталық факторлар - организмдердің бір-біріне әсерін тигізуі. Кез-келген организм басқа организмнің өзіне тікелей немесе жанама әсерін сезеді. Биоталық факторлар - бір организм тіршілігінің екінші организм тіршілігіне, сондай-ақ өлі мекен ортасына тигізетін әсер-ықпалының жиынтығы. Биотикалық факторларға зоогенді (жануарлар әсері), фитогенді (өсімдіктер әсері), микробогенді (микроорганизмдердің әсері) факторлар жатады. Мысалы, кейбір өсімдіктер (фитонцидтер) газ тәрізді (ұшпа) заттар бөліп шығарады, ол микроорганизмдерге (бактериялар, саңырауқұлақтар) жойғыш әсер етуімен қатар табиғи ортаны сауықтырады және тұрақтандырады. Ал, әр түрлі вирустар мен микроорганизмдер өсімдіктердің жұқпалы ауруларын кең таратады. Оған мысал ретінде астық дақылдарының тат кеселі мен қаракүйесін, картоп фитофторозын, т. б. келтіруге болады. Сондай-ақ ауру малдар арқылы жануарлар арасында да жұқпалы аурудың кенеттен тарайтын жағдайлары болады. Организмдер арасындағы қарым-қатынас өте күрделі және алуан түрлі, оларды шартты түрде тікелей және жанама деп бөлуге болады. Тікелей байланыс қоректену жолымен анықталады: өзінің тіршілігіне энергияны кейбір жануарлар өсімдіктерді немесе басқа жануарларды қорек ету арқылы алады. Өз кезегінде олармен басқалар қоректенеді. Жанамалық қарым-қатынаста бір организмдер екіншілерге орта түзушілік рөл атқарады. Мысалы, ормандарға жергілікті және әлемдік орта түзуші функция тән, олар топырақты және суды қорғап отырады. Сонымен қатар, орманда ағаштардың морфологиясына байланысты пайда болатын ерекше микроклимат тікелей арнайы орман жануарларының, өсімдіктерінің, мүктің өсіп-дамуына жағдай туғызып отырады. Суқоймаларда өсетін өсімдіктер ортаға өте қажетті абиоталық фактор - оттектің негізгі көзі болып саналады. Өсімдіктер басқа организмдердің тіршілік ортасына жатады. Мысалы, ағаштардың қабығында, тамырында, жапырақтарында, жемістерінде, сабақтарында көптеген құрт-құмырсқалардың түрлері мен омыртқасыздар тіршілік етеді, ал ағаш қуыстары құстар мен сүтқоректі жануарлардың мекендейтін жері.
Антропогендік факторлар - қоршаған ортаға тигізетін адам баласы іс-әрекетінің тікелей немесе жанама әсері. Адам қоғамының қоршаған ортаға тигізетін әсері өте мол: қоршаған ауаның (атмосфераның) құрамы мен қасиетіне, өзендерге, теңіздерге, мұхиттарға, сонымен қатар жер бетіндегі топырақтарға, жай ластау емес, радиобелсенділігі бар заттармен ластау, экожүйелердің құрамы мен құрылымын бүлдіру. Соның ішінде тіпті қоғамға пайдалы көптеген жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің жойылып кетуі. Мысалы, зиянды көмірқышқыл газын жұтып, оттекті мол мөлшерде шығаратын тропиктік ормандардың жойылуы, көптеген биоценоздардың қалыпты жүйесінің бұзылуы. Көп жағдайларда әлі күнге дейін орман өрттері жиі орын алады, соңғы жылдарға дейін әлемнің әр аймақтарында, соның ішінде Қазақстанда 40 жылдан астам атом қаруын сынау полигондары.
Қазіргі кезде антропогендік факторлар әсерінің артуынан күрделі экологиялық проблемалар: көшетхана эффектісі, қышқыл жаңбыр, ормансыздандыру, ядролық қыс, озон қабатының жұқаруы мен тесілуі, шөлейттену, т. б. туындады. Антропогендік факторларға өнеркәсіп индустриясының барлық салалары, көлік, ауылшаруашылығы, орман шаруашылығы, энергетика, атом қаруын сынау, мұнай, газ және тау-кен өндіріс салалары, т. б. жатады.
Экологиялық факторларды, оның тірі организмдерге әсер ету заңдылықтарын зерттейтін ғылым факторлық экология деп аталады.
Экологиялық заңдар мен ережелер. Оптимум ережесі. Кез-келген организм үшін белгілі бір деңгейде өте қолайлы (оптимальды) диапазон шегі болады. Мұнда организм тұрақты дамиды, көбейеді, тіршілік етеді. Оптимальды зона шегінің сыртында организм дағдарысқа түседі.
Ю. Либихтың «Минимум заңы» - негізгі заң: кез-келген организм үшін белгілі бір фактор шешуші рөл атқарады, сол фактордың ең төменгі шегі оның жойылуына, өліміне әкеледі.
Ортаның кез-келген факторы папуляция санының өсуін шектейді. Егер белгілі бір жағдайда фактор популяция санына әсер етсе, оны реттеуші деп атайды. Реттеуші факторлар - ресурстар (жануарлардың қорегінің мөлшері, өсімдік топырағындағы минералды тұздардың құрамы) және жағдайлар (температура, ылғал) бола алады. Реттеуші биотикалық факторлар да бола алады. Мысалы, популяцияға жыртқыштардың немесе паразиттердің әсері.
Реттеуші факторларды анықтау көптеген зерттеушілердің негізгі мақсаты. Қандай фактор популяцияға күштірек әсер етеді және оның санын немесе биомассасын, тіршілік ету қабілеттілігін анықтайды. Қалыпты көрсеткіштен ауытқитын бұл фактор белгілі бір шекке жақындайды немесе бұл шектен шығады. Популяцияға қатты әсер ететін бұл фактор шектеуші немесе лимитті деп аталады.
Лимитті факторлар түсінігін 1840 жылы химик Ю. Либих (1803-1873) енгізді. Топырақтағы әр түрлі химиялық зат мөлшерінің өсімдіктердің өсуіне тигізетін әсерін зерттей келе, ол келесі принципті мазмұндаған: «Түсім - минималды мөлшерде кездесетін затпен басқарылады және сол зат түсімінің көлемі мен уақыт бойындағы тұрақтылығын анықтайды». Басқаша атпен бұл принцип шектеуші фактор заңы немесе минимум заңы деп аталады. Қазіргі кезде Ю. Либихтің бұл заңы анағұрлым кең мағынаға ие болып мынадай анықтама берілген: «Факторлар жиынтығының ішінде қай фактор төзімділік шегіне жақынырақ тұрса, соның ықпалы күштірек болады» . Мысалы, топырақтағы азот пен фосфордың мөлшері өсімдіктерге жеткілікті болса да темірдің, бордың немесе калийдің жеткіліксіздігін толтыра алмайды. Егерде осы элементтердің ең болмаса біреуі ғана қажетті мөлшерден топырақта аз болса, онда өсімдіктің өсуі тежеледі немесе патологиялық ауытқуларға ұшырайды.
Минимум заңы тек өсімдіктерге ғана қатысты емес тірі организмдердің бәріне қатысты, олардың ішіне адамдар да кіреді. Адам өз организміне жетіспейтін элементтерді минералды суларды немесе витаминдерді пайдалану арқылы толтырады.
Кейбір ғылыми еңбектерде ізденушілер минимум заңын келесі қағидамен толықтырғылары келеді, яғни организмге жетпейтін затты белгілі бір дәрежеде басқамен ауыстыруға болатынына немесе бір фактордың жеткіліксіздігін функционалдық немесе физикалық түрде ұқсас басқамен толтыруға болады. Бірақ-та қандай болса да бұндай мүмкіншіліктер өте шектеулі келеді. Мысалы, емшектегі балалар үшін ана сүтін жасанды қоспалармен айырбастауға болатыны белгілі, бірақ та өмірге келген бірінші күндері қолдан жасанды тамақ ішкен балалар, әдетте, диатезбен, тыныс жолдарының қабынуымен ауырады, тағы басқа аурулар түріне жиі шалдығады.
Шелфордтың төзімділік заңы (толеранттылық) - В. Шелфорд ашқан (1913) заң және ол Либихтың минимум заңын толықтырады. Бұл заңға сәйкес өркендеуді шектейтін экологиялық фактордың минимум және максимум шегі болады. Бұлардың арасындағы ауқым организмнің тап сол факторға төзімділік шамасын анықтайды.
Организмдердің тіршілігіне қолайлы әсер тигізетін әр фактордың өзіне тән белгілі шама аралығы болады. Оны оңтайлы белдем дейді. Осы өлшемнен әсер күші не жоғарылап, не төмендеп ауытқыса организмнің тіршілік қабілеті төмендейді ( пессимум белдемі ) . Егер де фактор әсері түрдің максималдық немесе минималдық тіршілік мүмкіншілігінен асып кетсе, онда организмдер өледі. Факторлардың жоюға апаратын шамаларын аумалы күй нүктесі деп атайды. Ал организмнің белгілі бір орта факторының жағымсыз әсер-ықпалына төзімділік қабілетін шыдамдылық (толеранттық) дейді. Барлық организмдер әсер-ықпал факторының экологиялық минимумымен және экологиялық максимумымен сипатталады. Осы екі шаманың арасындағы ауқым шыдамдылықтың (төзімділіктің) шектері болып табылады.
В. Шелфордтың шыдамдылық (төзімділік) заңын Ю. Одум (1975ж. ) мынадай қағидалармен толықтырды: 1) организмдер бір экологиялық фактор жөнінде кең ауқымды және басқасы жөнінде тар ауқымды төзімділікте болуы мүмкін; 2) төзімділігі кең ауқымды организмдер барлық экологиялық факторлар жағдайында, әдетте, кең таралған; 3) егер түр үшін бір экологиялық фактор бойынша жағдайлар оңтайлы болмаса, онда төзімділік ауқымы басқа факторлар жөнінде таралуы мүмкін.
В. Шелфорд заңы ашылғаннан кейін көптеген зерттеу жұмыстары жүргізіліп, өсімдіктер мен жануарлардың, сонымен қатар адамдардың да тіршілік ету шектері анықталды. Тіршілік ортаның оптимумнан шамалы ғана ауытқуларына төзе алатын организмдерді стенебионттар, ал бір-бірінен әр түрлі айырмашылығы бар орталарда тіршілік ете алатын жануарлар мен өсімдіктерді эврибионттар деп атайды. Мысалы, теңіздерде тіршілік ететін организмдердің көпшілігі судың жоғары тұздылығына бейімделген, егер судағы тұздардың мөлшерін сәл ғана төмендетсе, олар үшін апатты жағдай туады. Ал тамыраяқтылар (эврибионттар) тұщы суда да, суы ащы теңіздерде де тіршілік етеді. Өсімдіктерден қамыс пен қоғаны қарастыра алсақ, олар тұзды және тұзы аз жерлерде өсе береді.
Эврибионтты организмдер стенебионтты түрлерге қарағанда жер бетінде көп таралған және олардың кең таралуға мүмкіндігі мол. Стенебионттар шағын аймақтарда ғана таралады.
Б. Комминердің экологиялық заңдары - «Тұйық шеңбер» атты еңбегінде осы заңдарды айтып кеткен, қазіргі кезде бұл заңдар өте актуальды.
1 заңы. Табиғатта бәрі бір-бірімен байланысты.
2 заңы. Барлығы бәрібір жойылуы керек.
3 заңы. Табиғат бәрін біледі.
4 заңы. Табиғатта ештеңе тегін берілмейді.
Экологиялық корреляция заңы - экожүйеде барлық түрлер бір-біріне сәйкестікте ғана өмір сүре алады. Ортаға бірдей талап қоятын екі түр бірге тіршілік ете алмайды.
Аллен ережесі - жылықанды жануарлардың климат суыған сайын құлағы, тұмсығы, құйрығы т. б. мүшелері қысқа бола береді, салмағы үлкейеді.
Бергман ережесі - белгілі бір түрге жататын жылықанды жануарлардың дене тұрқы үлкен болып, суық облыстарда көп кездеседі.
Уоллес ережесі - солтүстіктен оңтүстікке қарай организмдердің түрлік құрамы арта түседі.
3-лекция. Популяциялық экология - демэкология.
Жоспары:
1. Популяция туралы түсінік.
2. Популяцияның статистикалық, динамикалық көрсеткіштері.
3. Популяция санының ауытқулары мен реттелуі.
Популяция туралы түсінік. Популяция (лат. рорulus - халық) белгілі бір жерде белгілі бір уақытта мекен ететін бір түрге жататын ағзалардың (организмдердің) жиынтығы.
«Популяция» терминін 1903 жылы В. Иогансен енгізді. Ч. Дарвин популяциядағы тұқымқуалайтын өзгергіштік пен бәсекелестікке сүйене отырып, эволюция процесіндегі түрдің пайда болуын түсіндірді. Қазіргі заманғы биологияда популяцияны қоршаған ортаның өзгерісіне генофондысының қайта құрылуымен жауап беретін қасиеті бар микроэволюцияның бірлігі деп қарастырады.
Популяцияларды зерттеудің маңызы зор, себебі бұл нәтижелер практикалық қолданыс табуы мүмкін, мысалы, зиянкестерді зерттегенде, табиғатты қорғау мәселелерін шешкенде т. б. жағдайларда. Папуляцияны зерттегенде олардың сол уақыттағы санына ғана емес, ең алдымен олардың орта факторларына байланысты өсуіне, сүйемелденуі мен кемуіне мән беріледі. Популяциялық экологияның бұл тарауы популяция динамикасы деп аталады.
Популяцияның жыныстық, жастық, кеңістіктік және т. б. түрлері болады. Егер популяция ішінде әр түрлі жастағы түрлердің сандары бірдей деңгейде болса, онда бұл популяцияны қалыпты популяция деп атайды. Егер популяция ішінде түрдің кәрі жастары көп болса, онда бұл популяцияны регрессивті немесе өліп бара жатқан популяция деп атайды. Жас дарақтардың саны көп популяциялар инвазиондық немесе өніп жатқан популяция деп аталады.
Популяцияның немесе жалпы түрдің тіршілік барысында кездесетін аймағын таралу аймағы немесе ареал деп атаймыз.
Популяция түрден өзгеше өзіне тән белгілерімен ерекшеленеді. Популяцияның статикалық және динамикалық көрсеткіштері бар. Статикалық көрсеткіштер - популяцияның қазіргі кездегі ерекшеліктері. Оларды анықтау үшін белгілі уақыт мерзімін күту қажет емес. Оларға популяцияның даралар саны, тығыздығы сияқты көрсеткіштер жатады. Популяцияның динамикалық көрсеткіштері - анықтау үшін белгілі уақытты қажет ететін ерекшеліктері. Мысалы, популяцияның ішіндегі көбеюі, өлімі, өсімталдығы.
Популяцияның статикалық және динамикалық көрсеткіштері. Даралар саны жыл бойы және маусым ішінде өзгеріп отырады. Ол түрдің биотикалық потенциалынан және сыртқы орта жағдайларына байланысты. Ұзақ тіршілік ететін және ұрпақ беретін түрлердің сандық мөлшері тұрақты болады. Ал даралар саны неғұрлым аз болса, популяцияның солғұрлым өрт, су тасқыны сияқты кездейсоқ себептерден саны азайып, жойылып кетуі мүмкін.
Тығыздық - кеңістіктің белгілі бір өлшем бірлігіне яғни, көлемінде немесе ауданына сәйкес келетін даралардың орташа саны.
Әр популяцияның құрылымы бойынша да ерекшеленеді. Мысалы, оның құрамындағы даралардың жасы мен жынысы, генотипі, көлемі және т. б.
Популяцияның жыныстық құрылымы - популяциядағы аталық және аналық даралар санының арақатынасы. Бірінші реттік, екінші реттік және үшінші реттік арақатынастар болады. Бірінші реттік қатынас - гаметалар түзілгенде байқалатын арақатынас әдетте ол 1:1-ге тең. Екінші реттік қатынас - жаңа туылған аталық және аналық даралар санының арақатынасы. Үшінші реттік қатынас - жыныстық жетілген аталық және аналық даралар санының арасындағы арақатынас.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz