Жүрегі жүз жыл жырлаған Менің пірім — Сүйінбай..
1 Менің пірім — Сүйінбай...
2 Албырт шақ
3 Халық мұңшысы
4 Ақын және заман
5 Жамбылдың жолбарысы
2 Албырт шақ
3 Халық мұңшысы
4 Ақын және заман
5 Жамбылдың жолбарысы
Қазақ халқы табиғатынан ақын халық. Есте жоқ ескі замандардан бергі ел тарихының көркем шежіресін жасаушылар да, оның сақтаушылары да сөз зергерлері – ақындар.
Ғасырдан ғасырға жалғасып, атадан ұрпаққа мирас болып келе жатқан қазақ сөз өнерінің айшықты бір саласын телегей-теңіз жыр тудырған жыраулар құрайды. Олар: Йоллығ-тегін, Тоныкөк, Сыпыра, Қазтуған, Шалкиіз, Ақтамберді, Бұқар, Шөже, Майкөт, Марабай. Қазақ жыраулары тарихты түптен таратып айтатын шежірешілер, миллиондаған жыр жолдарын жадында сақтай алатын ұлы даланың көшпелі академиясы еді. Байтақ қазақ даласын жырға кенелткен, осы бір теңдесі жоқ өнерді биікке көтерген, ілгері дамытқан даңғыл жыраулардың ең соңғы үздігі – Жамбыл. Ол – эпик әрі айтыс ақыны, абыз жырау, жауынгер жыршы, шын мағынасындағы заңғар поэзияны жасаушылардың ерен ұлысы. Жамбылдың құдіреті оның осындай асқан шеберлігімен ғана емес, халық поэзиясының бұтақ жайған алып бәйтерегі болуымен де, халық ақындарының жаңа көшін бастаған даралығымен де әлемді таңғалдырған.
Жамбыл Жетісудың төрінде, жырдың тұнып тұрған шағында туды. Бұл кезде Жетісу ән мен жырдың бесігінде болатын.
Жамбыл дүниеге келгенде Жетісу Қоқан хандығының қол астында еді. Құдияр ханның датқалары елге лаң салып, жұрттың аузына қақпақ, басына тоқпақ болып, қазақты оңынан да, солынан да доптай домалатты. Шапқыншылықтан, қысымнан әбден ығыр болған ел ығысып, сынаптай сырғып, жел айдаған бұлттай жөңкіліп көше берген. Үдере көшкен сондай бір боранды қыста Ұлдан ана көш-жөнекей түйе үстінде толғатып, болашақ ақын Байғара, Хан Жамбылдың етегінде, ықтырмада дүниеге келеді. Шапырашты – Екей осында қыстап, жаз Алатаудың баурайын, Құлансаз, Суықтөбені жайлаған. Ата қонысын қорғамаққа Сұраншы батыр мен Сарыбай би қол жинап, Ұзынағашта Қоқанның биі Қанатшаны талқандап, өз елін, өз жерін азат етеді. Әулиеатаны да босатып, Ұлы жүз батырларының Қоқанға қарсы соғысында Сұраншы 1864 жылдың шілдесінде Сайрамда ерлікпен қаза табады. Сарыбай аяғынан жараланып, Ташкентке дейін барады.
Сайрамнан Сұраншының сүйегін әкеліп ауылына жерлеген, жан-жаққа бытырап кеткен Екейдің басын қосып ел еткен осы Сарыбай еді. Жаугершілік заманда Екейдің бір ауылы Найман арасына, енді бірі Іле бойындағы Сарыүйсінге, біразы Албанға, бір бөлегі Ыстықкөлдегі қырғызға сіңісіп кетеді. Осыншама бытыраған Екейді біріктіріп, ел етуде Айдос баласы Сарыбай бидің орны бөлек. Өкініші, Жетісу, Оңтүстік өлкесін Қоқаннан азат еткен Сұраншының да, Сарыбай бидің де осы уақытқа дейін есімдері еленбей келеді. Мұны ескеретін мезгіл жеткен тәрізді.
Сұраншының өлімін елдің игі жақсылары түгел жиылып естіртсе керек. Сонда анасы аңырап көп жылапты деседі.
— Бәйбіше, бір күндері сауыны келген биедей едің, бұл күндері ботасы өлген түйедей болдың. Кедейбайың Сұраншыдай болмай ма? Орта құрсағың толмай ма? Кедейбай да ер жетер, көп жыласаң ел кетер, сабыр ет! – деп Бердібек шешен көпшіліктің атынан басу айтқан екен. Кедейбай бертінде болыс болған.

Жүрегі жүз жыл жырлаған
Менің пірім — Сүйінбай...
Қазақ халқы табиғатынан ақын халық. Есте жоқ ескі замандардан бергі ел
тарихының көркем шежіресін жасаушылар да, оның сақтаушылары да сөз
зергерлері – ақындар.
Ғасырдан ғасырға жалғасып, атадан ұрпаққа мирас болып келе жатқан
қазақ сөз өнерінің айшықты бір саласын телегей-теңіз жыр тудырған жыраулар
құрайды. Олар: Йоллығ-тегін, Тоныкөк, Сыпыра, Қазтуған, Шалкиіз,
Ақтамберді, Бұқар, Шөже, Майкөт, Марабай. Қазақ жыраулары тарихты түптен
таратып айтатын шежірешілер, миллиондаған жыр жолдарын жадында сақтай
алатын ұлы даланың көшпелі академиясы еді. Байтақ қазақ даласын жырға
кенелткен, осы бір теңдесі жоқ өнерді биікке көтерген, ілгері дамытқан
даңғыл жыраулардың ең соңғы үздігі – Жамбыл. Ол – эпик әрі айтыс ақыны,
абыз жырау, жауынгер жыршы, шын мағынасындағы заңғар поэзияны жасаушылардың
ерен ұлысы. Жамбылдың құдіреті оның осындай асқан шеберлігімен ғана емес,
халық поэзиясының бұтақ жайған алып бәйтерегі болуымен де, халық
ақындарының жаңа көшін бастаған даралығымен де әлемді таңғалдырған.
Жамбыл Жетісудың төрінде, жырдың тұнып тұрған шағында туды. Бұл кезде
Жетісу ән мен жырдың бесігінде болатын.
Жамбыл дүниеге келгенде Жетісу Қоқан хандығының қол астында еді.
Құдияр ханның датқалары елге лаң салып, жұрттың аузына қақпақ, басына
тоқпақ болып, қазақты оңынан да, солынан да доптай домалатты.
Шапқыншылықтан, қысымнан әбден ығыр болған ел ығысып, сынаптай сырғып, жел
айдаған бұлттай жөңкіліп көше берген. Үдере көшкен сондай бір боранды қыста
Ұлдан ана көш-жөнекей түйе үстінде толғатып, болашақ ақын Байғара, Хан
Жамбылдың етегінде, ықтырмада дүниеге келеді. Шапырашты – Екей осында
қыстап, жаз Алатаудың баурайын, Құлансаз, Суықтөбені жайлаған. Ата қонысын
қорғамаққа Сұраншы батыр мен Сарыбай би қол жинап, Ұзынағашта Қоқанның биі
Қанатшаны талқандап, өз елін, өз жерін азат етеді. Әулиеатаны да босатып,
Ұлы жүз батырларының Қоқанға қарсы соғысында Сұраншы 1864 жылдың шілдесінде
Сайрамда ерлікпен қаза табады. Сарыбай аяғынан жараланып, Ташкентке дейін
барады.
Сайрамнан Сұраншының сүйегін әкеліп ауылына жерлеген, жан-жаққа
бытырап кеткен Екейдің басын қосып ел еткен осы Сарыбай еді. Жаугершілік
заманда Екейдің бір ауылы Найман арасына, енді бірі Іле бойындағы
Сарыүйсінге, біразы Албанға, бір бөлегі Ыстықкөлдегі қырғызға сіңісіп
кетеді. Осыншама бытыраған Екейді біріктіріп, ел етуде Айдос баласы Сарыбай
бидің орны бөлек. Өкініші, Жетісу, Оңтүстік өлкесін Қоқаннан азат еткен
Сұраншының да, Сарыбай бидің де осы уақытқа дейін есімдері еленбей келеді.
Мұны ескеретін мезгіл жеткен тәрізді.
Сұраншының өлімін елдің игі жақсылары түгел жиылып естіртсе керек.
Сонда анасы аңырап көп жылапты деседі.
— Бәйбіше, бір күндері сауыны келген биедей едің, бұл күндері ботасы
өлген түйедей болдың. Кедейбайың Сұраншыдай болмай ма? Орта құрсағың толмай
ма? Кедейбай да ер жетер, көп жыласаң ел кетер, сабыр ет! – деп Бердібек
шешен көпшіліктің атынан басу айтқан екен. Кедейбай бертінде болыс болған.
Міне, Жамбыл осындай қарбалас кезеңде, аласапыран заманда, керең дүние
кедейдің үнін естімейтін кезде өмірге келген.
Өлең кірген түсіне
Жөргегінде мен болам,
– деп өзі айтқандай, Жамбыл өмірге өлең болып туған. Ылғи ақын әрі
батыр Шапыраштыдан Сүйінбайдай, Жамбылдай ақындардың туылмауы мүмкін емес
еді.
Жарық дүниеге көзін ашқанда алдында Сүйінбайдай ақынның болуы
Жамбылдың ең ұлы бақыты еді. Жамбыл батаны Сүйінбайдан алды, отыз бес жыл
ұлы ақынның өнегесін үйренді.
Менің пірім – Сүйінбай,
Сөз сөйлемен сиынбай, – деді.
Сүйінбайды пір тұтты, Сүйінбайсыз сөз бастамады. Бір ғана Жамбыл емес,
Ұлы жүз ақындарының бәрі де Сүйінбайды ұстаз тұтты.
Ұстаз өнегесін жанымен сезініп, өсиетін өзінің ақындық мұратына
айналдырған Жамбыл балалық пен даналықтың арасындағы барлық шығармаларында
ұстазы секілді халық өмірінің ақиқат шындығын, елінің асыл арманын, мұратын
жырлады, елдікті, ерлікті дәріптеді. Сөйтіп, ол Сүйінбай дәстүрін өзінің
жауһар жырларымен суарып, одан әрі дамытты, тереңдетті, жаңа биікке
көтерді. Мұның айқын мысалын ақынның айтыстарынан, “Домалақ ананы”,
“Көрұғлыны”, “Өтегенді”, “Жеті дастанды”, Сұраншыны жырлағанынан көреміз.
Сөйтіп, Сүйінбай Жамбыл өмірінде шыншылдықтың, азаматтықтың, халық мүддесі
үшін күресудің үлгісіне айналады.
Шынында да, Сүйінбай – ақындықтың асқар шыңы, айтыс өнерінің ең
үздігі, оның Қатағанмен айтысы айтыс атаулының эталоны. М.Әуезов Сүйекеңді
айтыс өнерінің алтын діңгегі деген. Сүйінбайдай ақынның болмысын, табиғатын
біз әлі аша алғанымыз жоқ. Сүйінбай – қынаптағы қылыш, аспаннан түскен
жасын, соғып тұрған құйын, ескен қызыл жел. Күніне шауып жараған,
айтысқанның басынан өлең асырып, миын шайқаған жырдың боранды ақпаны,
қияқты сұңқары. Шешендікті де, жырдағы көсемдікті де, кесіп шындықты айтуды
да, халықтың қорғаны болуды да, әділеттің туын жықпай, жоғары ұстауды да –
бәрін де Жамбыл Сүйінбайдан үйренген, сөйтіп өзі де ақындықтың ұлы
тұлғасына айналған. Ұстазының: “Шындықты айт, әділдікті жырла. Көне, тозығы
жеткен жолға түспе, жаңа, даңғыл жолға түс. Өлеңің бүкіл халық сүйсініп
тыңдайтын өлең болсын. Сенің көңіліңнің асылы патшаның қазынасынан да бай
болсын”, — деген өсиетін бұлжытпай орындады, сөйтіп ұстазының орнын басты.
Қазақта сәуегей даналар көп болған ғой. Қолын алып, сәлем берген бала
Жамбылға Бөлтірік:
— Қай баласың, атың кім, шырағым? – депті.
— Атым Жамбыл, – депті бала.
— Атың Жамбыл болса, көкірегің даңғыл болар, шырғанақтан сөз келсе,
шырқаушының өзі боларсың түбі, – деген екен Бөлтірік сонда. Қалай таныған,
не деген көрегендік, не деген даналық десеңізші! Айтқаны айнымай келді.
1936 жылы Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігінен елге
оралған Жамбылға жүзден асқан бір ақсақал:
— Жамбыл, сен аспанға мұнан ары ұшпасаң, енді түспейсің. Осыдан он бес
жыл бұрын түс көріп ем. Жібек жолымен біреу отыз жорғаны айдап барады екен,
соның ішіндегі ең әдемісіне көзім түсіп, қызығып сұрап едім, айдаушы: “Бұл
– Сүйінбайдың Жамбылға берем деген жорғалары, аманатын өзіне тапсырамын”, —
деп жүріп кетті. Сол ескі жолмен айдаған жорғалар жарықтық Сүйекеңнің
жырлары еді, ол енді сенің маржандай тізілген сөздерің, саған Сүйінбайдың
бағы қонды. Сүйінбай сияқты майталман жорғасың. Өкімет сені дәл тапты,
жолың ашылды, жаңа заманың құтты болсын, – депті.
Бір ғасырдан асқан өмірінде талай жырды естіген жарықтық әлгі қария
Жамбылдың Сүйінбайдың орнын басатындығын, алып ақынға, құбылысқа
айналатындығын дәл жорыған ғой. Айтса айтқандай, шынында да Жамбыл адам
айтса нанғысыз қиял адамындай құдіретке айналды, оның есімі әлемге аңыз
болып тарап жатты.
Жамбыл бір ғана Сүйінбайдан үйренген жоқ. Ол ел өнерінің қайнар
көзінен, мөлдір тасқынынан туған, сол өнердің бөлеуінде өскен, халық
жырауларынан үйренген. Жамбылдың өнеге мектебі – бір ғана Сүйінбай емес,
Қабан, Шөже, Майлықожа, Құлыншақ, Майкөт, Жанақ, Түбек, Бақтыбай,
Қуандықтай ақындар; Кебекбай, Ноғайбай, Байсерке, Бөлтірік, Қылышбай,
Сарыбай, Қосай секілді билер, шешендер; бұған ақындығын сайыса жүріп
шыңдаған Құлмамбет, Сарбас, Шашубай, Досмағамбет, Сара, Айкүмістерді;
кезінде жиын-тойларда бас қосқан үзеңгілес Әсет, Жүсіпбек қожа, Тілеміс,
Әлмейін, Балқыбек, Орақбай, Төребай, Балқы Базар, Нұралы, Мәулімбай, Молда
Мұса, Орынбай, Өзбек, Қарабектерді; қырғыздағы Қалмырза, Тоқтағұл,
Мұраталы, Шөйке, Сағынбай, Қара Ырчы, Төкпе, Османқұл, Алымқұл, Атай,
Халықтарды; шәкірттері Мақыш, Шүкітай, Бармақ, Кенен, Үмбетәлі, Өтеп,
Саяділ, Өмірзақ, Әбдіғалиларды қоссақ: “Жамбылдың өз айналасына келгенде
қоюланған қалың үйір, үлкен шоғыр, ордалы өлеңді көруге болады”, — деген
М.Әуезовтің сөзі расталады.
Қаздай қалқып ерінбей,
Өлең тердім жасымнан.
Майкөт ақын, Құлмамбет
Орын берді қасынан.
Майлықожа, Құлыншақ –
Пірім еді бас ұрған.
Айтқандары нұсқа еді,
Жаралған сөзі асылдан –
деп ақынның өзі айтқандай, Жамбыл олардың біразынан үйренген, қайсы
бірімен тең, қатар жүрген, кейбіріне ұстаз болған.
Жамбыл ана құрсағынан жарық дүниеге ақын болып туған, халық
әдебиетінен өнген, ел өнерінің бөлеуінде, алтын бесігінде өскен. “Қобыланды
батыр”, “Алпамыс батыр”, “Қамбар батыр”, “Ер Төстік”, “Манас”, “Шаһнама”,
“Ерназар мен Бекет”, “Шора батыр” эпостарын дамытып, өз жанынан қосқан
оқиғалармен, толғаулармен байытып, нұрландырып жырлаған. “Қыз Жібек”,
“Мұңлық-Зарлық”, “Көрұғлы”, “Ер Қосай” эпостарының сюжеттерін дамытып,
өзінше толғаған. Көлемді эпостармен қатар халық жырларын да, қара өлеңді де
жете білген. Ауыз әдебиетін көп білу, халық эпостарын бірнеше күн бойы
толғау Жамбылдың кемел ақындық өнерін қалыптастырды. Ақын эпостарды ғана
жырлап қойған жоқ, өзіне дейінгі дәуірдің, өз заманының құбылыстарын да
эпос үлгісіндегі тамаша толғау өнеріне дейін көтерді. Жадындағы асыл
үлгілерді адам таң қалғандай жатқа айтты, үнемі жаңғыртып жырлады. Кейбір
эпостарды күймен астастырып отырған. “Ақсақ құлан”, “Көрұғлы” күйлерін
тартқанда, олардың тарихына қатысты аңыздарды қара сөзбен емес, жырмен
айтады екен. “Көрұғлы” күйі мен “Көрұғлы” эпосын сабақтастырып орындайды
екен. Алма-кезек орындап отырып, эпосты да, күйді де тың сарындармен, жаңа
сюжеттік желілермен байытқан. Мәселен, “Көрұғлы сұлтанды” өмір бойы жырлап,
айтқан сайын байытып отырыпты. “Көрұғлыны” әуелі Сүйінбайдан, кейінірек
Сарыбайдың асынан соң арнайы барып Майкөттен үйреніп, толықтырады.
Жамбыл үйренуден жалықпаған. Майкөттен “Алпамысты”, “Қазықұрт”
хиқаясын, “Шаһнаманы”, “Қисса-сүл-әнбиені”, Яссауидің “Хикматын” үйренген.
“Көрұғлының” бір нұсқасын, “Қыз Жібекті”, “Тотының әнгімесін”, “Мың бір
түнді” Оңтүстікке барған сапарында Майлықожадан үйреніп қайтқан. Қай
шығарманы да кемелдендіріп, ажарландырып, жұрт қызығып, тамсанатындай
жырлаған. “Көрұғлыны” кейде он бес, кейде отыз, қырық бес күн жырлайды
екен. Қартайған шағында қайсы бірін әңгімелеуге ауысқан. Мәселен, жас
кезінде таратып жырлаған Байғара, Хан Жамбыл тауларына қатысты аңыздарды,
“Ақсақ құлан” күйін кейін жырлаудан әңгімелеуге көшкен.
Жүрегі жүз жыл жырлап өткен ақынның өмір бойғы мұрасын жинап, жазып
алып, кейінгі ұрпаққа сақтап жеткізе алғанда не болар еді? Өкінішті-ақ,
ондай бақыт бізге бұйырмады. Ал, заты қазақ жырауларының байтақ мұрасы
хатқа түсіп, сақталғанда ше? Неше том болар еді? Кітапханаларға сияр ма
еді, симас па еді? Ешқашанда орындалмайтын, орнына келмейтін бұл арманның
өкініш болып қала беретіні анық. Осындайда Әбділда Тәжібаевтың:
– Қазақ жыраулары миллиондаған жыр шумақтарын жатқа білген. Эпосты
жырлаудың алдында олар сан түрлі тақырыптарды шолып, толғанысқа түскен.
Содан соң барып эпостың өзіне көшкен. Мұны желі деп атайды. Қазақ
жырауларының желісінің өзі бірнеше күнге созылған, – деген сөзі еріксіз
еске түседі.
Жыраулық дәстүрдің осындай ғажайыптығына таң қалмасқа болмайды.
Жамбылдың өзі туып-өскен өлкедегі жеті өзеннің тарихы туралы “Жеті дастан”
деп аталатын көлемді эпикалық шығармаларының тұтасқан бір тобы болған
деседі. Сүйінбайдың Қабан жыраудың көшіне жеті күн ілесіп жүріп, бата
алғанын, оның әрбір жеті күнін, жеті түнін жырлаған екен. 1898 жылы
Сүйінбай дүниеден өткенде Жамбыл ұстазын жыл он екі ай жоқтапты.
Сүйінбайдың ата-тегі, ақындығы жайында эпосқа бергісіз байтақ дастан
айтыпты. “Домалақ ана”, “Замана ағымы”, “Патша әмірі тарылды”, “Зілді
бұйрық” деп аталатын шығармалары да оңайлықпен таусылмайтын жырлар болған
екен. Амал не, солардың қайсы бірінен жұрнақ та қалмады, кейбірінің қысқа
үзінділері ғана жетті. Халық мұрасының, ауыз әдебиетінің ежелден бергі
өкінішті тағдыры осы.
Жамбыл Сүйінбайдың отты жырларының жарқылдап туған талай сәтін көзімен
көрді, көп айтыстарының куәсі болды. Тарихи тұлғаларды, батырларды эпос
дәрежесіне көтере жырлауды да Сүйінбайдан үйренді. “Өтеген”, “Сұраншы” –
соның айғағы. Екеуін де Жамбылдан бұрын Сүйінбай жырлаған.
Задында қазақ эпостарының қай-қайсысы да батырдың қазасына арналған
жоқтау жырларынан, ерлігін дәріптеген мадақ жырларынан құралатыны мәлім.
Әдепкіде батырды оның жорығына қатысқан ақын жырлайды да, кейін сол
батырдың ерлігін неше буын жыраулар жалғастырып, әлденеше цикл жырлар
біріктіріліп, батыр жайында тұтас, байтақ эпос туған. Ал, XVІ-XVІІ
ғасырлардан бергі жерде өмір сүрген батырлар жайындағы шығармалар,
біріншіден, авторы сақталғандықтан, екіншіден, ол батырлардың өмірі
жайындағы деректер халыққа әбден таныс болғандықтан, эпосқа айналмаған,
тарихи жыр ретінде қалыптасқан. Оның үстіне эпос туу үшін ұзақ ғасырлар
керек. Осының айқын бір мысалын Сұраншы жайындағы жырлардан көреміз.
Сұраншыны өлгенде ақындар – жырында, күйшілер күйінде жоқтаған. Жас
Жамбыл сол жиынның ішінде болған. Он сегіз жасар жас ақын топ алдында
суырылып жыр төгіп, Сүйінбайдың сынынан өткен. Өкініші, батырдың азасында
айтылған не бір айтулы ақындардың жоқтау жырлары бізге жетпеген. Жеткені –
Сүйінбай жырлары ғана. Сұраншының ерлігін мадақтаған Сүйінбай жырлары кейін
желілі, тарихи дастанға айналған.
Сұраншыны кейін өмір бойы Жамбыл да жырлайды.
Ескіден есте қалғаннан,
Жасымда айтқан жырлардан
Ескерткіш еді батырға
– деп бастап, Сұраншыны эпостық батырлар деңгейіне дейін көтереді.
Топты жерге барғанда
Саулап тұрған сөз едім,
Жаулы жерге барғанда
Көкберен болат кез едім,
– деп өзі айтқандай, Жамбыл кейін айтыс өнерінің де киесіне айналады.
Оның Құлмамбетпен айтысы Жамбыл поэзиясының ғана емес, заты қазақ айтысының
озық үлгісіне айналды.
Айтыс 1881 жылы өтеді. “Құлмамбетпен айтысқанда отыз бес жаста едім,
Құлмамбетті мен жеңгенім жоқ, батыр атамыз Қарасай мен пірім Сүйінбайдың
атағы еді жеңдірген, әйтпесе, Құлмамбет қырғыз-қазаққа даңқы тегіс
жайылған, аузымен құс ілген жүйрік ақын еді ғой” – дейді екен Жәкең. Осы
айтыстан кейін Жамбылдың жолы да, бағы да ашылып, ұлы ақынға айналды.
Албырт шақ
“Менің өмірім” атты әңгімесінде он жастан өлеңге көңіл бөлгенін, он
бес – он алтыда ауыл таныған ақын болғанын, он жеті жасында биікке самғап
шыққанын айтады:
Топ десе он жетімде тартынбадым,
Семсердей майдандағы жарқылдадым.
Ақынды ауылға ермек басып озып,
Жұлдыздай көзге түсіп жалқындадым,
– демекші, Жамбыл алдымен айтыста танылады. Айкүміспен, Сарамен,
Бұрыммен айтыстарынан соң-ақ түлеп келе жатқан жыр-қыранның есімі ел ішіне
аңыз болып тарай бастайды. Әсіресе, Сарамен, Бұрыммен айтыстары жастық
дәуренінің қимас сырлы оқиғасына айналады.
Албан Бөлек батырдың қызы Сарамен ақын 1875 жылдың күзінде Қарқара
жайлауында кездеседі. Айлы түнде, алтыбақан басында Сара тамылжытып ән
айтады, Жамбылдың жас жүрегіне шоқ салып, неше алуан күйге түсіреді;
шырайлы қыздың әдемі өңі балбырап, танадай көзі оттай жанып, еріксіз
тартады. Ынтыққан Жамбыл көкірегінде жалын боп шарпыған арман барын, сол
арманның асыл еркесін осы жайлаудан, ай нұрына қосып айналасын да ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz