Қаржы менеджменті банктік менеджменттің құрамдас бөлігі және аясы ретінде


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 75 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Беттер

Кіріспе _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _3

1 Тарау. Қаржы менеджменті банктік менеджменттің құрамдас бөлігі және аясы ретінде

1. 1. Банктік менеджменттің мәні, түрлері және негізгі бағыттары _ _ _ _ _ 5

1. 2. Банк қызметтерін тиімді ұйымдастыру - банк менеджментінің негізгі мақсаты _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 12

1. 3. Коммерциялық банктердегі қаржы менеджменті _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 26

2 Тарау. «Нефте-банк» АҚ - ның қаржылық менеджментін талдау

2. 1. « Нефте-банк » АҚ-ның басқару жүйесін сипаттау _ _ _ _ _ _ _ _ 37

2. 2. « Нефте-банк » АҚ-ның қаржылық менеджментін талдау _ _ _ 40

3 Тарау. «Нефте-банк» АҚ - ның қаржы менеджментін жетілдіру

3. 1. Коммерциялық банктердегі қаржы менеджментін ұйымдастырудың шетелдік тәжірибесі _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 53

3. 2. Стратегиялық банк менеджментін ұйымдастыру _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 58

3. 3. Коммерциялық банктердегі қаржы менеджментін жетілдіру жолдары 67

Қорытынды _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _72

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 74

Қосымшалар_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 75

Кіріспе

Нарықтық экономика жағдайында коммерциялық банктердің экономикаға тигізетін әсері зор. Олар нарықтық қатынастарды дамыта отырып, мемлекеттің экономикасын дамытады және жандандырады.

Сондықтан коммерциялық банктердегі менеджменттің бүкіл банктің дамуына, оның болашақтағы табысы мен алатын орнына қатысы бар.

Дамыған елдерде банктік менеджментті өндірістің тиімділігін көтерудегі маңызды факторларға жатқызады.

Шетел банктердің тәжірибесіне қарағанда, банк қызметінің алға басуын қамтамасыз ететін стратегиялық бағдарланумен қатар, олардың менеджменттік, маркетингілік белсенділігінің дәрежелерін бөлек қарау керек. Тікелей айтқанда, «Менеджмент» деген ұйымдастыру мен басқарудың оңтайлы жүйесі. Осыған байланысты банктік менеджмент деген сөз, банктің және оның ұжымының қызметтерін ұйымдастыру және басқару жүйесі деуге болады.

Қазақстан Республикасындағы банк секторының дамуы нарық механизмінің ең табысты және тұрақты элементтерінің бірі болып табылады. Біздің банк жүйеміз ТМД елдерінің ішінен алдыңғы қатарлы деп саналып, Ресейдің банк жүйесінен кейбір көрсеткіштер бойынша озып шығады. Сондықтан банк менеджментінің проблемаларын ашып көрсету өзекті болып саналады.

Банк менеджменті басқарудың ерекше ортасы ретінде тек дамыған нарықтық экономика жағдайында ғана пайда болады. Банк операцияларының өркениетті елдерде қабылданған деңгейге дейін жетуі келесі қызметтердің болуымен сипатталады. Олар бағалы қағаздармен, несиелік карточкалармен, валютамен жүргізілетін операциялар, басқа банктер мен коммерциялық құрылымдардың акцияларын тарату мен үнемдеуге көмектесу, клиенттерге олардың қаражаттарын рационалды түрде салуға, инвестициялық жобаны бағалауға көмектесу, лизинг, факторинг басқа да қызметтер. Нарықтық экономика несиелік мекемелер арасындағы қаржылық нарықтағы нақты бәсекеге негізделген, кәсіпорындарды мемлекеттік қаржыландыруға көшетін, инфляцияға әкелетін, нақты инвестициялық жобалар мен бизнес - жоспарларды нарықтық механизммен несиелендіру, жаңа тауар массасын құруға көзделген банк менеджментінсіз болуы мүмкін емес.

1991 жылы Қазақстан халқының тарихи тағдырында өзгерістер болды. Ел нарықтық экономикалық қайта құрулар жолында халық бірлігіне, әлеуметтік әділеттілігін және қоғамның барлық күштерінің бірігуінің принциптеріне негізделген тәуелсіз, егеменді мемлекет құруға бет алды. Бұл баламасы жоқ, революциялық қадам болды: социалистік әкімшіл - әміршіл басқару негізінде экономикаға пара - пар жаңа шаруашылық жүйесін құру.

14 жыл ішінде егеменді Қазақстан терең экономикалық дағдарысты және сонымен байланысты халықтың өмір сүру деңгейін елеулі төмендететін барлық қызметтер мен тауарлар бағаларының күрт өсуі, бұрын байқалмаған жұмыссыздықты басынан кешірді.

Бүгінгі таңда көптеген қиыншылықтар артта қалды деп қанағатпен айтуға болады. Реформалардың таңдалған бағыттарын тұрақты сақтаудың нәтижесінде дағдарыс бағындырылды. Соңғы жылдарда өнеркәсіптік және ауылшаруашылықтық өндіріс көлемінің өсуі байқалды; жекеленген кәсіпорындар өздерінің өндірістік күш - қуатын қайтадан қалыптастыруда; шағын және орта бизнес дамуда; басқа да өмірлік маңызы бар орталарда жұмыстар жақсартылуда. Осыған байланысты төлем балансының оң сальдосына қолымыз жетті, инфляция деңгейі біршама төмендеді, ұлттық валюта - теңгенің бағамы тұрақталынды, мемлекеттің қаржылық жағдайы жақсарды. Нарықтық инфрақұрылым жетілдірілгендіктен ақша - несие операцияларында, банктік жүйесінде банк менеджментінің қажеттілігі артты.

Бұл жұмыстың мақсаты болып дамудың қазіргі кезеңінде коммерциялық банктердегі қаржы менеджментінің дамуын көрсету болып табылады. Ал диплом жұмысының тапсырмалары - банк менеджментінің түсінігін қарастыру, шетел мемлекеттеріндегі коммерциялық банктердегі қаржы менеджментінің ұйымдастыру шарттарын анықтап, тәжірибесін үйрену, АҚ «Нефте-банк» мысалында коммерциялық банктерде қаржы менеджментін талдау ретінде қаралған.

Бірінші бөлімде банк менеджментінің мәні мен ерекшеліктері қарастырылады.

Екінші бөлімде АҚ «Нефте-банк» басқару жүйесі мен банк менеджментінің ұйымдастырылуы туралы баяндалады.

Үшінші бөлімде коммерциялық банктердегі қаржы менеджментінің шетелдік тәжірибесі зерттеледі. Сонымен қатар коммерциялық банктердегі менеджментін жетілдіруге бағытталған ұсыныстар бар.

Дипломдық жұмыс үш бөлімнен, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан құрала отырып жазылған.

1 Тарау. Қаржы менеджменті банктік менеджменттің құрамдас бөлігі және аясы ретінде

1. 1. Банктік менеджменттің мәні, түрлері және негізгі бағыттары

Қазақстанда 1996 жылдың аяғына қарай банк жүйесінің кризисі пайда болды. Банктің капиталының жеткіліктілігінің 20-25% төмен коэффициентте болды және 13 банкте теріс капитал болды. Бұл мағлұматтар банктердің пайда болған жағдайларда дұрыс бағыт таба алмағандығын және банк менеджментінің әдістерін білмегендігін көрсетеді.

Шетел банктердің тәжірибесіне қарағанда, банк қызметінің алға басуын қамтамасыз ететін стратегиялық бағдарланумен қатар, олардың менеджменттік, маркетингілік белсенділігінің дәрежелерін бөлек қарау керек. Тікелей айтқанда, «Менеджмент» деген ұйымдастыру мен басқарудың оңтайлы жүйесі. Осыған байланысты банктік менеджмент деген сөз, банктің және оның ұжымының қызметтерін ұйымдастыру және басқару жүйесі деуге болады.

Банк менеджментінің негізгі мақсаты басқарудың ең оңтайлы жүйесін қолданып, пайда табу. Бірақ, бұл банк менеджментінің жалғыз ғана мақсаты болуға тиіс емес. Пайда табуға тырысумен қатар, менеджмент қоғамдық тұтыну қажеттігін қанағаттандыруға тырысуы керек. Бұл банктің халыққа керекті тауарларды өндіру және қызметтерді көбейтуге көмек көрсетуі керек деген сөз.

Банктік менеджменттің басты бағыты, банктердің активтері мен пассивтерін, оның меншікті қаржысын басқару және де банк қызметіндегі қауіптерді азайту болып табылады. Соңғы айтылған сөйлемнің маңызы зор. Өйткені, қауіп банктің қызметімен әрқашан да қатар жүреді. Жоғарғы деңгейде пайда табу, әрқашан да, жоғарғы деңгейде тәуекелдікпен байланысты. Көп пайда табудың мүмкіншілігі өскен сайын, қауіптілік те өседі. Банк менеджменті осындай жағдайда қауіп пен пайданың өзара қатынасының ең оңтайлысын табу керек.

Банк менеджментінің негізін қалаушы жағдай - алға қойған мақсатын анықтау және де оған жетудің керекті құралын дұрыс сайлау. 1

Банк менеджменті банктік сферадағы персоналды басқару мен банк ісін басқарудың ғылыми жүйесін білдіреді. Ол банк ісін жүргізгендегі тәжірибелі ғылыми басқарудың әдістеріне негізделген. (Кесте 1)

Банк қызметі ойлаудың ерекшеліктері мен қызметкерлердің жүріс-тұрысын анықтайтын арнайы бизнес сферасын көрсетеді, ал ол міндетті түрде банк менеджментінде көрсетіледі.

Банк менеджментінің құрамы перспективті және ағымдық жоспарлаудан, талдау, реттеу және бақылаудан тұрады. Жоспарлау арқылы банктер болашақ мақсатты, сала, ауқым және қызметтің нәтижелерін қарайды, оларды құралу көздермен және шығындармен, салыстырады. Бұлардың бәрі қызметкердің жұмыс істейтін шекарасын

Кесте 1.

Банктік менеджмент мазмұны

Тапсырмалар
Шешілетін міндеттердің мазмұны
Тапсырмалар: Банктік саясат
Шешілетін міндеттердің мазмұны: 1. Басты тапсырманы қою, банктік өмірдің негізгі мақсатын ерекшелеу
Тапсырмалар: 2. Кешенді бағдарламасы және жобаны өңдеу, банктің негізгі мақсатына жетудегі жетістігін қамтамасыз ету
Тапсырмалар: 3. Банктік қызметті басқару әдістемесін өңдеу
Тапсырмалар: 4. Банктің ұйымдық құрылымын өңдеу банктік саясаттың дамуына сәйкес таңдалуы
Тапсырмалар:

5. Банк персоналын басқару стратегиясы

- персоналдың аймақты ұйымдастырылған жұмысы;

- персонал жұмысының тиімділігін анықтау аймағы;

- персоналдың мотивизация аймағы;

- персоналдың инновациялық жаңашыл потенциялы аймағы;

- персоналдың өсу аймағы.

Тапсырмалар: Банктік маркетинг
Шешілетін міндеттердің мазмұны:
  1. Банк қызметі потенциалдық рынокта қызмет етуін бекіту
Тапсырмалар:

2. Нақты рынокты таңдау және банк клиенттерінің

қажеттілігін айқындау

Тапсырмалар:

3. Ұзақ және қысқа мерзімді мақсаттардың дамуын бекіту және банктік қызметтің жаңа түрін құру

Тапсырмалар: 4. Практикаға қызмет көрсетудің жаңа түрін енгізу және банктің бағдарламасын таратуды бақылау
Тапсырмалар: Банктік өнімді құру
Шешілетін міндеттердің мазмұны: 1. Жағдайдың өзгеру әдісін қасиетін, ақшалай қаржы формасын банктік қызмет процесі кезінде өңдеу, банктің потенциалды клиенттерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру
Тапсырмалар: 2. Клиенттерді қамтамасыз етуде жаңа банктік технологияны енгізу
Тапсырмалар: Банктің клиенттік базасын қалыптастыру, сату қызметінде клиенттерге қызмет көрсету
Шешілетін міндеттердің мазмұны: 1. Нарықтық сегментте банк қызметінің қасиетін бекіту позициясы (несие, операциялық инвестиция, трасттық) назар аударатын клиент тобына (шаруашылық субъектісі, мемлекеттік мекеме, жеке тұлға)
Тапсырмалар: 2. Жаңа рынокта банктік қызметтерді жеңіп алу
Тапсырмалар: 3. Бәсекеге қабілеттіліктің жоғарылауы, банктің ресурстық базасын дамыту, қосымша табыс әкелетін ақшалай ағымды құру
Тапсырмалар: 4. Табысты алу
Тапсырмалар: Экономика және қаржы
Шешілетін міндеттердің мазмұны: 1. Қордың өсуі
Тапсырмалар: 2. Табыс пен ыдыратушылықты басқару
Тапсырмалар: 3. Басқару максимизациясын марапаттау
Тапсырмалар: 4. Банктің тұрақты дамуын қамтамасыз ету
Тапсырмалар: 5. Қаржылық шешімді тұрақтау
Тапсырмалар: 6. Банк қалдығын басқару
Тапсырмалар: Ақпараттық - аналитикалық қамтамасыз ету
Шешілетін міндеттердің мазмұны: 1. Ақпараттық - аналитикалық жоспарлау жүйесін құру және қаржылық операцияларды тарату
Тапсырмалар: Әкімшілік
Шешілетін міндеттердің мазмұны: 1. Банктің ұйымдық құрылымын құру, банктің даму стратегиясына сәйкес келетін персоналды бөлу және біліктілігін көтеру.

анықтайтын ағымды және перспективті жоспар-болжауларды құрудың көмегімен іске асырады.

Жиынтық көрсеткіштердің көмегімен банк қызметінің барлық тараптары өзара байланысады, ақша нарығындағы бәсекелестік шарттарға байланысты жаңа саланы іздеудің бағыттары мен қызметтерінің әдістері анықталады.

Банктің барлық бөлімшелерін қамтитын және банктің дамуының жалпы және локальды перспективасын анықтайтын жоспарлаудың нәтижесі банктің бизнес жоспарын құру, сонымен қатар жеке бағыттар, яғни: несиелік, депозиттік, пайыздық, кадрлық, инвестициялық және басқа саясат бойынша оперативті жоспарлар құру болып табылады.

Талдау банктің қызметтерін жалпы және жеке бағыттар бойынша бағалау үшін өткізіледі. Ол нақты орындалған нәтижелерді болжанған нәтижелермен салыстыру арқылы іске асырады. Талдаудың материалдары банктің дамуындағы кері және оң тенденцияларын, қолданбаған резервтерді, жоспардағы жетіспеушіліктерді және шешім қабылданғандағы дұрыс емес шешімдерді шығаруға көрсетеді.

Белгілі ракурста өткізілген баланстың мәндерінің талдауы банктің жиынтық аналитикалық жұмыстардың негізін құрайды. Талдаудың басты бағыттары болып табылатындар:

  • Банк қызметтерінің көлемді көрсеткіштерінің динамикасын бағалау. Оған активтер, депозиттер, банктің меншікті капиталы, несиелер, пайда жатады. Бұл бағалау басқа банктердің аналогтық көрсеткіштерімен салыстыру арқылы өткізіледі. Ол қазақстандық коммерциялық банктердің жүйесінде осы банктің қай орынды алатынын көруге мүмкіндік береді. Осындай аналитикалық жұмыстардың нәтижесі нақты банктің даму стратегиясын дайындауға көмек береді;
  • Ресурстық базаны бағалау: көлемі, құрылымы және оның құрамды бөліктерінің дамуының негізгі тенденциялары (меншікті капитал, депозиттер, банкаралық несие) . Талдау банк ресурстарының жеке баптарын классификациялау, құрылымдық көрсеткіштерді есептеу, оларды динамикада және басқа банктердің көрсеткіштерімен салыстыру негізінде жүзеге асырылады. Ресурстық базаны бағалау банктің депозиттік саясатын жасау үшін қолданады;
  • Банктің өтемпаздығын бағалау қаржылық коэффициенттерді есептеу негізінде, оларды динамикада критериалды деңгейлермен салыстыру, көрсеткіштердің деңгейінің өзгеруіне әсер еткен факторларды көру үшін жасалынады. Талдаудың материалы өтемпаздықты басқару ауданында банктің стратегиясын және тактикасын анықтауға көмек береді;
  • Банктің табыстылығын бағалау баланстың мағлұматтарын бағалау және пайда мен шығындардың есептемесі негізінде іске асырылады. Талдау кезінде банктің пайдалылығы мен табыстылығын білдіретін сандық және сапалық көрсеткіштердің жүйесі, активті қолдану тиімділігі, банктің табысы мен шығысының құрылымы есептелінеді. Осы талдаудың негізінде банктің пайдалылылығын басқару механизмі жасалынады;

Жиынтық аналитикалық көрсеткіштердің бағыттарымен қатар коммерциялық банктер жеке бағыттар бойынша банктің несиелік портфелін талдау, бағалы қағаздар портфелін талдау, клиенттің несиелік қабілетін талдау, меншікті капиталдың жеткіліктілігін талдау және т. б. аналитикалық жұмыстар жүзеге асырылады. Көрсетілген аналитикалық жұмыстардың материалдары банк тәуекелін басқару облысында саясатты жасау үшін қолданылады.

Банктік менеджмент жүйесіндегі реттеу коммерциялық банктерді мемлекеттік қадағалаумен берілген шарттардың ерекшелігімен анықталынады. Банк қызметі «өзге» ақшаларды қамтып, тәуекелі көп болатындықтан мемлекеттік реттеу банкті лицензиялауға қағидалы талаптар қатарын, олардың қызметтерінің сферасын шектеу, капитал жеткіліктілігін, өтемпаздығын міндетті резервтер құрауын қарастырады.

Осы байланыста өзін -өзі реттеу жүйесі, яғни банк ішіндегі реттеу бірінші кезекте мемлекеттік қадағалау органдарымен бекітілген міндеттер мен нормативтерді орындауға бағытталады. Банк ішінде реттеу жүйесі келесі дербес бағыттардан тұрады:

  1. Банктің ұйымдастырушылық құрылымын жаңарту, яғни банктің болашақтағы дамуын қамтамасыз ету үшін ескі бөлімшелерді жаңарту және жаңаларын ашу, мысалы, жоспарлау және маркетингтік ревизиялық және аналитикалық қызмет бөлімдері;
  2. Банктік қызметті басқару сапасын көтеретін шешім қабылдау процедурасын, нұсқаулық және әдістемелік материалдарды жасаумен жаңарту;
  3. Нақты қалыптасқан жағдайды еске ала отырып, банктік саясатты жүзеге асырудың әдістері, мақсаттары мен басымдылықтарын дұрыстау;
  4. Қызметтің жеке бағыттары бойынша тәуекелдің көлемін шектеу бойынша немесе тәуекелден қорғау үшін қосымша кепілді жүйе құрау арқылы нақты өлшемін қабылдау;
  5. Кадрлық саясатты, персоналды оқыту жүйесін, банк ішіндегі бақылауды ұйымдастыруды жаңарту;

Банктік қызметті бақылау ішкі және сыртқы болып 2-ге бөлінеді:

Сыртқы бақылау Ұлттық Банкпен және сыртқы аудиторлармен жасалынады. Банк ішіндегі бақылауды банк ұйымдастырады. Банк ішіндегі бақылау банк менеджментінің бөлігі болып табылады. Оның функцияларын менеджерлер өз өкілеттілігі бойынша және ішкі аудит органдары орындайды. Банктің жұмысындағы жетіспеушілік пен кері тенденцияларын табу үшін құрылатын жедел жүйені құру және оларды жою үшін әрекет жасау банк ішіндегі бақылаудың басты болып табылады.

Сыртқы және ішкі бақылаудың арақатынасы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің нормативтік актілерді мен заңдылықтарын, банкаралық ережелерді, сыртқы бақылаушы органдардың жазылымдарын орындаудан тұрады.

Банк менеджментінің құрамы басқару сферасының жұмысында нақты көрініс табады. Банк менеджментінің сферасы 2 блоктан тұрады: қаржылық менеджмент және персоналды басқару.

Қаржылық менеджмент ақшалай өнімдердің қозғалысын басқарудан, нақты банктің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес оны құрудан және орналастырудан тұрады. Қаржы менеджментінің негізгі бағыттары болып табылатындар:

  1. Банк қызметінің жеке сфералары бойынша нақты банктік саясатты жасау (депозиттер, несиелер, қызмет көрсетулер, инвестициялар және т. б. ) ;
  2. Банктік маркетинг;
  3. Активті басқару;
  4. Пассивті басқару;
  5. Өтімділікті басқару;
  6. Табыстылықты басқару;
  7. Меншікті капиталды басқару;
  8. Несиелік портфельдерді басқару;
  9. Банктік тәуекелді басқару.

Бірыңғай банктік жүйе шегінде банк процедурасын ұйымдастыру мен экономикалық процесстерді басқарудың біркелкілік технологиясының болмауы қаржы менеджментінің ерекшелігі болып табылады. Әр банк ақша нарығында өзінің жеке стратегиясын және тактикасын жасайды; тұрақты өзгеріп тұратын экономикалық жағдай банк ісін жүргізудегі қалыптасқан әдістерді жаңарту мен түзетуді талап етеді.

Банк менеджментінің екінші сферасы - персоналды басқару банк қызметкерлерінің тәжірибесіне және білімді оңтайлы пайдалануға бағытталынады. Ол еңбекті мотивациялаудан, кадрларды орналастырудан, қызметкерлердің еңбегін ұйымдастырудан, кадрларды дайындау мен қайта дайындау жүйесінен, еңбекті төлеу механизмінен, ынталандыру мен көтермелеу қызметі бойынша көтерілу жүйесінен, бақылау ұйымынан, ұйымда араласу қағидаларынан тұрады. Персоналды басқарудың ғылыми негізі болып психология және іскерлік этика болып табылады, олардың көмегімен әр жұмыскерге деген тәсілдемені дифференциациялауға, жұмыс карьерасын жоспарлау мен материалды және моральды ынталандыруды ұйымдастыруға болады.

Шетел тәжірибесінде банкті басқару сапасына үлкен көңіл бөлінеді, себебі оған нақты банктің және жалпы банк жүйесінің сапасы тәуелді.

Көп көңіл бұрыс менеджменттің факторларын табуға бөлінеді, оған басшылық пен қызметкерлердің жеткіліксіз құзірет әсерінен болатын басқару процесіндегі техникалық қателер, банкте қалыптасқан қиын қаржылық жағдайларды әрекетті көлегейлеу, есептемені бұрмалау, тікелей алдау мен алаяқтық жатады. Уақытында табылған бұрыс менеджменттің факторларды анықтау арқылы мемлекеттік құзірет органдары осындай банктерге әсер ете алады, тіпті басшылықты жұмыс орнынан босатуға, банкті таратуға дейін барады.

Банк менеджментінің құрамы сонымен бірге банктік ұйымдардың қағидаларын ашады. Банкті ұйымдастыру қағидаларымен оның жұмысын ұйымдастырудың бастапқы жағдайлары, олардың функциялары мен операцияларын орындаумен түсіндіріледі.

Функцияналдық қағида банкті ұйымдастырудың басты қағидасы болып табылады. Банк ірі несиелік мекеме болып табылатындықтан оның басқару аппараттарында несиелік бөлімшелер болуы керек, өйткені банк қолма-қолсыз есеп айырысумен айналысады, сонымен қатар оның құрамына операцияларды басқару кіреді. Банктің масштабы, функциялары және операциялары банктің басқару жүйесін құрауды анықтайды.

Банкті ұйымдастырудың келесі қағидасы - оның жеке бөлімшелерінің билікті өкілеттерінің иерархиясы. Биліктің 2 эшелоны бар. Бірінші эшелонға банктің Басқармасы мен Кеңесі, тексеру комиссиясы мен несиелік комитеті жатады. Тексеру комиссиясы банктің жұмысын басқарудан тұрады, мысалы, банкте және оның бөлімшелерінде шығыстар сметасының орындалуы және т. б. Несиелік комитет банктің дербес бөлімшесі болып табылмайды, оның құрамына банктің бөлімшесінің лауазымды тұлға, сонымен қатар банктің Кеңесімен бекітілген кандидатуралар кіреді. Комитет басқарушылық шешімдердің сапасының жақсаруы мен деңгейінің көтерілуіне жауап береді, несиелік операциялар сферасында стратегияны анықтайды несие саясатын іске асырады және қағидалы сұрақтар бойынша шешім қабылдайды. Комитет өз қызметінде несиелік операцияның дамуының стратегиялық және тактикалық міндеттерін анықтайды, несиелік операцияларды есептеу мен жүргізу бойынша негізгі нормативті-әдістемелік құжаттарды қарастырады, банктің филиалына қаржылай көмек беру туралы, ірі несиені беру туралы шешім қабылдайды, несиелік операциялар бойынша пайыздық мөлшерлемелердің деңгейін бекітеді.

Басқарудың оңтайлы қағидасы банктің дамуын қамтамасыз етуін білдіреді, мысалы, жаңа қызмет көрсетулерді енгізу, нарықты зерттеу, шығындарды қысқарту және т. б.

Банкті ұйымдастыру жүйесі бақылауды ұйымдастыру қағидасына сәйкес келу керек. Мұндай міндетті элементті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банктің нормаларына сәйкес операцияның заңды орындалуын бақылауды қамтамасыз ететін ішкі және сыртқы аудит болып табылады.

Банк бөлімшелерінде ішкі бақылауды қамтамасыз ету қағидасы қызметкерлердің қызметтерін регламенттеу арқылы іске асырады. Ол үшін банктердің белгілі нұсқамалары болады, мысалы, жарғы, бөлімшелер мен службалар туралы ереже, лауазымды нұсқаулықтар. Банктің барлық жұмыстары құжаттарда көрсетілген ережелерді орындауы және өз міндетін орындауы керек.

Сонымен қатар банк несиелік мекемені және тұрақты қамтамасыз етуде шешім қабылдау үшін жедел және жеткілікті ақпараты болуы керек, оны жаңа тәсілдермен өңдеуі қажет.

Дамыған мемлекеттерде менеджмент өндірістің тиімділігін көтеретін маңызды факторлардың біріне жатады. Менеджменттің негізгі мақсаты - басқарудың ең рационалды жүйесінің жолымен пайда алу.

Банктік менеджменттің белгілі-бір спецификасы бар. Банк қоғамның капиталын сақтайды және жұмсайды және иеленушінің алдында клиенттің ақша қаражатының сақталуына жауап береді және сонымен бірге өзінің жеке мүддесімен қатар қоғамның да мүддесін көрсетеді. Бұл байланыс әрқашанда банкке тән болған.

Жеке және ұжым мүдделерінің бірігуі банк менеджментінің құрамында көрінеді және банк менеджментінің мақсатының спецификасын анықтайды. Ол келесіден тұрады:

  • ақша нарығының шарттарына жауап беретін банкті шаруашылық субьект ретінде рентабельді жұмыспен қамтамасыз ету;
  • банктің балансының өтемпаздығын банктің сенімді кепілі ретінде қамтамасыз ету, кредитор мен салымшылардың мүдделерін орындау;
  • серіктестік байланыстың тұрақтылығы мен ұзақтылығын қамтамасыз ететін банктің клиенттерге қызмет көрсету көлемінде, құрылымдарында және сапасында туатын қажеттіліктерді барынша қанағаттандыру;
  • берілген ұжымның өнімдерін, коммерциялық және әлеуметтік проблемаларын табысты шешу;
  • мамандарды дайындау қайта дайындау және орындау жүйесінің тиімділігін жасау, бұл олардың потенциалды мүмкіндіктерін толық өткізуіне көмек береді.

Көрсетілген мақсаттар банктік менеджментті сандық, сапалық және әлеуметтік көрсеткіштерді орындауға бағытталады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банк менеджменті
Коммерциялық банктердегі қаржылық менеджментті жетілдіру
Банктердегі басқару процессіне сипаттама
Салықтық құқықтық нормалар
Банк менеджментін ұйымдастырудың мақсаты, міндеттері және принциптері
«ҚР-ның екінші деңгейлі банктерінде тәуекелдерді басқару жүйесі (банк мысалында)»
Қаржылық менеджменттің эволюциясы
Қаржы менеджментінің мәні
Коммерциялық банк жүйесінің белсенділігін арттырудағы каржы менеджментінің экономикалық маңызы
Банктік менеджменттің негізгі бағыттары туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz