«Қозы көрпеш-Баян сұлу» жырындағы Баян образының жасалуы



«Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» жырының тарихымыздың қай дәуірінде пайда болғандығы жөнінде ғалымдар әр тарау пікір айтады.
Ғалымдардың бір тобы жырдың пайда болу кезеңін Жошы дәуіріне тіресе, енді бір тобы Ноғайлы дәуіріне телиді. Үшінші топтағы ғалымдар қазақ хандығымен байланыстырады.
Қалай десек те, қазақ елі 2002 жылы фольклорлық мұраның 1500 жылдық тарихын атап өтті.
«Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» дастанының кейбір деректерде 33 нұсқасының бары көрсетіледі [1,11] Қазақ арасында әріден келе жатқан бұл жырды Сыбанбай, Бекбау, Жанақ, Шөже, Арыстанбай, т.б ақындар өздерінше жырлаған. Ең көп тарағаны әрі толымдысы Жанақ нұсқасы. Туыстас түркі тілдерінде де жырдың мазмұндас-сарындас түрлері сақталған.
Осыншама ұланғайыр дүниені жинап, жариялауда, зерттеуде халқымыздың төл перзенттері Ш.Уәлихановтан бастап Мәшһүр Жүсіп Көпеев, М.Әуезов, Ә.Марғұлан, Ә: Қоңыратбаев, Ы.Дүйсенбаев, Е.Жұбанов, Р.Бердібай өлшеусіз зор еңбек сіңірді.
“Қозы Көрпеш-Баян Сұлу” жыры-халқымыздың көне тарихынан жеткен асыл мұра, әлемдік мәдени-тарихи құбылыс. Жыр тақырыбы- халқының әдебиеті, мәдениеті, тұтастай алғанда, руханияты төңірегінде тынымсыз ізденістерге бастайтын аса маңызды, мәңгі ескірмейтін тақырып.
Поэманың тақырыбы- екі жастың бір- біріне деген адал сүйіспеншілігі. Сезімнің жоғарғы шыңы- махаббаттың жолындағы бөгет көбіне дәрменсіз екендігі өмір шындығы. Шығарманың негізгі кейіпкерлері Қозы мен Баян заманның қаталдығын, озбырлығын, мейірімсіздігін жеңіп, кездесті, азғантай уақыт болса да ойнап- күліп бақытты өмір сүрді.
Поэмадағы бас қаһарман Қозы жастайынан мейірімді де ақылды, ізгі ниетті адамдар арасында еркін өсіп, жан- жақты тәрбие көрген адал, ісі әділ, қайырымды, қайратты, намысқой, адал махаббат иесі ретінде ауыз әдебиетіндегі ескі варианттар ізінен бұрылып, келешек ұрпаққа үлгі боларлық тәлімі бар, қимылы, ісі нанымды бейне ретінде, қарапайым адам қалпында, шындық болмысқа сай алғыр азамат ретінде суреттелген.
Оның бойында әкеден жалғасқан намысшылдықтың, игі дәстүрдің арнасы бар. Әкесінің бастаған ісін аяқтау, әкесі өлгеннен кейін бұзылған заңдылықты қалпына келтіруді өзіне перзенттік парыз санаған Қозының бейнесі жырда сұлу Баянмен толыға түседі.
Баян Қозыға ғашық болып, оны өзіне жар тұтады. Халықтық салт аясында өскен Баян Қозының жеке басын қадірлейді. Оқырман қауымға кеңінен таңылған Жанақ ақын жырлаған вариантындада кейіпкерлердің ерекше жағдайда дүниеге келу мотиві ұшырасады. Жырда:
Қодар қыз әкесі Қарабайдың өз аузынан:
Сен шөлдетпей малымды алып өтсең,
Ақ Баянды беремін, саған Қодар,- деген уәдесін алады.
1. С. А. Қасқабасов. “Қозы Көрпеш- Баян Сұлу ” жыры және түркі эпостық дәстүрі (мақала).
“Қозы Көрпеш- Баян Сұлу” эпосы және түркі әлемі”
“Қозы Көрпеш- Баян Сұлу” жырының 1500 жылдығына арналған халықаралық ғылыми- теориялық конференция материалдары. /11- бет/ Алматы “Интерпринт” 2003.
2. Қазақ фольклористикасының тарихы /42 бет.
3. Қозы Көрпеш- Баян Сұлу Алматы “Жалын 1985”

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ӘОК 894.342

ҚОЗЫ КӨРПЕШ-БАЯН СҰЛУ ЖЫРЫНДАҒЫ БАЯН ОБРАЗЫНЫҢ ЖАСАЛУЫ

А. Көбетаева
Бауыржан Момышұлы атындағы № 45 қазақ классикалық гимназиясы, Тараз қ.

Қозы Көрпеш-Баян Сұлу жырының тарихымыздың қай дәуірінде
пайда болғандығы жөнінде ғалымдар әр тарау пікір айтады.
Ғалымдардың бір тобы жырдың пайда болу кезеңін Жошы дәуіріне
тіресе, енді бір тобы Ноғайлы дәуіріне телиді. Үшінші топтағы
ғалымдар қазақ хандығымен байланыстырады.
Қалай десек те, қазақ елі 2002 жылы фольклорлық мұраның 1500
жылдық тарихын атап өтті.
Қозы Көрпеш-Баян Сұлу дастанының кейбір деректерде 33
нұсқасының бары көрсетіледі [1,11] Қазақ арасында әріден келе жатқан
бұл жырды Сыбанбай, Бекбау, Жанақ, Шөже, Арыстанбай, т.б ақындар
өздерінше жырлаған. Ең көп тарағаны әрі толымдысы Жанақ нұсқасы.
Туыстас түркі тілдерінде де жырдың мазмұндас-сарындас түрлері
сақталған.
Осыншама ұланғайыр дүниені жинап, жариялауда, зерттеуде
халқымыздың төл перзенттері Ш.Уәлихановтан бастап Мәшһүр Жүсіп
Көпеев, М.Әуезов, Ә.Марғұлан, Ә: Қоңыратбаев, Ы.Дүйсенбаев, Е.Жұбанов,
Р.Бердібай өлшеусіз зор еңбек сіңірді.
“Қозы Көрпеш-Баян Сұлу” жыры-халқымыздың көне тарихынан жеткен асыл
мұра, әлемдік мәдени-тарихи құбылыс. Жыр тақырыбы- халқының әдебиеті,
мәдениеті, тұтастай алғанда, руханияты төңірегінде тынымсыз ізденістерге
бастайтын аса маңызды, мәңгі ескірмейтін тақырып.
Поэманың тақырыбы- екі жастың бір- біріне деген адал сүйіспеншілігі.
Сезімнің жоғарғы шыңы- махаббаттың жолындағы бөгет көбіне дәрменсіз
екендігі өмір шындығы. Шығарманың негізгі кейіпкерлері Қозы мен Баян
заманның қаталдығын, озбырлығын, мейірімсіздігін жеңіп, кездесті,
азғантай уақыт болса да ойнап- күліп бақытты өмір сүрді.
Поэмадағы бас қаһарман Қозы жастайынан мейірімді де ақылды, ізгі
ниетті адамдар арасында еркін өсіп, жан- жақты тәрбие көрген адал, ісі
әділ, қайырымды, қайратты, намысқой, адал махаббат иесі ретінде ауыз
әдебиетіндегі ескі варианттар ізінен бұрылып, келешек ұрпаққа үлгі боларлық
тәлімі бар, қимылы, ісі нанымды бейне ретінде, қарапайым адам қалпында,
шындық болмысқа сай алғыр азамат ретінде суреттелген.
Оның бойында әкеден жалғасқан намысшылдықтың, игі дәстүрдің арнасы
бар. Әкесінің бастаған ісін аяқтау, әкесі өлгеннен кейін бұзылған
заңдылықты қалпына келтіруді өзіне перзенттік парыз санаған Қозының бейнесі
жырда сұлу Баянмен толыға түседі.
Баян Қозыға ғашық болып, оны өзіне жар тұтады. Халықтық салт аясында
өскен Баян Қозының жеке басын қадірлейді. Оқырман қауымға кеңінен таңылған
Жанақ ақын жырлаған вариантындада кейіпкерлердің ерекше жағдайда дүниеге
келу мотиві ұшырасады. Жырда:
Қодар қыз әкесі Қарабайдың өз аузынан:
Сен шөлдетпей малымды алып өтсең,
Ақ Баянды беремін, саған Қодар,- деген уәдесін алады.
Жыршы поэмада Қодар мен Баянның портреттерін қарама қарсы, қоя
суреттеу арқылы Баянның оқырманына сүйкімділігін арттыра түседі. Жырда
Қодар:
Өзінің денесінің молын қара,
Сыңар ғана жұдырығы қол ағаштай,- деп суреттелсе, Баянның суреті:
Бұралған тал шыбықтай ол Баян қыз,
Тым сұлу көркемдігі жұртқа аян қыз,- деп беріледі.
Жырда Баянның жасы он төртте деп беріледі. Тал бойында бір міні жоқ,
қолаң шашты, меруерт тісті, аузынан сөйлесе, гүл төгілген Баянның көңіл-
күйін “Аңда- санда болмаса сөйлеспейді, жалғыз жатып Қозы үшін қылады зар”
деп суреттеудегі себеп- сүйгенін сарыла күткен Баянға берілген осы баға
басқа кейіпкерлердің сөздерімен де, Қозының өз көзімен де , Баянның өзінің
іс- әрекеттерімен де расталады. Оның сыртқы сұлулығына ішкі жан дүниесі де,
мінез- құлқы да, қимылы да сай. Баян өте ақылды, байсалды, төзімді, сабырлы
қыз. Құдай қосқан жарын сарғая күтіп, зор шыдамдылықтың үлгісін көрсетеді.
Өзін іздеп келген Айбасқа сыр бермей, оны байқап, бақылап нағыз Қозыдан
келгенін білгенге дейін байсалды мінез танытады, өзінің сырын ашпайды.
Баян сұлу- өз заманындағы қазақ қызының идеалы. Жыршылар арудың бойына
қазақ әйелінде болуға тиісті барлық асыл қасиетті жинақтаған. Ол- сұлу қыз,
адал қалыңдық, қамқор әйел.
Қарабай елінде тазша кейпін киіп, қойшылықта жүрген Сарыбайдың еркесін
таныған Баянның сүйгенін көруге тағат таппай, қуаныш пен ынтызарлықтан бір
жерде дамыл таба алмай дегбірсізденуін сыртқы іс- әрекет, қыздың мазасыз
қимыл- қозғалысы арқылы береді.
Бата алмай оятуға Қозекеңді,
Түнде үш келіп, үйіне үш тоқтайды. [2, 66]
Осы жолдарда қанша сезім арпалысы, ішкі толқулар бар!
Баян бейнесін сомдауда- заттық әлем мен киім де өзіндік қызмет
атқарады. Шығармада қолданылып, көркемдік кеңістікті құрайтын заттың
жиынтығы арқылы тарихи кезеңнің өзіндік болмысын, дәуір сипатын, ұғым-
түсінігін тануға мүмкіндік береді. Тарихи шығармаларда өмір шындығының
дәлдігі, нақтылығы, кейіпкерлердің тұрмысы, киім киісі, ұстанған заттары,
т. б. арқылы танылатындықтан, сол кезеңмен сәйкес болуы ерекше
қадағаланады.
“Қозы Көрпеш- Баян Сұлу ” эпосында да заттар әлемі өзіндік өрнекпен
ерекше бейнеленген. Әсіресе, заттар әлемінің поэтикасы терең мән- мағынаға
ие. Мысалы, Айбас батырдың:
-Балталы, Бағаналы елден келдім.
Бақалы, балдырғанды көлден келдім.
Сіздерге күмән шығар,- өзіме аян,
Елімнен іздеп келген келінім- Баян,- деп Баян ауылына барып келуін
дәлелдейтін заттардың жеке- жеке баяндалуы- соның айқын айғағы. Жырдағы:
Сәлем де ініңізге іздеп келсін,
Келмесе, сорлы Баян дегені өлсін,
Көңілім кетті Қозыға, жаным мұнда.
Айтқанды тон, жүзігім белгі болсын,- деп жырланатын жолдар қазақ
қоғамындағы сүйгеніне қосылу үшін ата жолының қатал заңына қарсы шығып,
қайсарлығымен, өжеттігімен көрінген жаңашыл қыздардың бейнесін береді
десек, “айтқанды тон, жүзік, тоғыз”- сол кезеңнің тұрмыс- салтына тән
дәстүр, сый, сияпат. Сол кезеңнің сипатын танытатын заттық, көркемдік
детальдар. Ал Баян бейнесін бұл құбылыстан бөлек алып суреттеу тіпті де
мүмкін емес.
Бұл дәстүрдің санаға сіңіп, таным – түсінікке әбден тереңдей еніп,
қалыптасқаны сонша, ер- азамат Қозы да сол әшекей заттарды сұрап, Айбастан
куәлікке керек етеді.
Бұл заттық детальдар тұрмыстық қажеттілікке жарайтын қарапайым
қызметті емес, қыз сезімін танытар символдық көркемдік міндетін атқарып
тұр.
Қарапайым заттарға эстетикалық , көркемдік құндылық дарытып,
оларды ел – халық тарихында топонимикалық аңызға айналдыру, т.б. секілді
құбылыс ақындық шеберлік болып табылады. Айбас алып келе жатқан сәлемдеме
– заттардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚ ЭПОСЫНДАҒЫ ӘЙЕЛ ОБРАЗЫНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ
ДАСТАНДАРДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР ОБРАЗЫ
Фархад-Шырын жыры
«Қыз Жібек» эпосының орындалу ерекшеліктерін бірнеше орындаушылық нұсқаларды салыстыра зерттеу
Лиро- эпостық және батырлар жырындағы салт- дәстүрлерді оқыту
Айман - шолпан жырының типологиясы
Махаббаттың мәңгілік ескерткіші
Қозы Көрпеш-Баян Сұлу мазары-сәулет өнерінің ескерткіші
Қажым Жұмалиев – эпостық жанрдың түрлерін зерттеуші ғалым
Әдебиетті ізгілендіру жолдары
Пәндер