Мағжан Жұмабаевтың кестелі өлең өрнегі
Профессор Шериаздан Елеукеновтің: «Әдебиет идеясы өмірден туындайды. Идеяны жеткізетін тіл. Ол суреткердің дүниетанымына сәйкес құйылады, саяси, философиялық, эстетикалық тұрғысына қарай өріледі. Тілі ғана пайдалы, басқасының мәні жоқ деуге келмейді. Әдебиеттің бір ғана таптың меншіктеуіне көне бермейтіні көркем идеяның тек саяси көзқарастан туындамайтындығында болса керек»,[1.б.5]-деген ойы поэзия әлемінде айрықша із қалдырған өзіндік үлкен өнер, өрнек тудырған, терең сырға, ұшқыр қиялға толы өлең дүниесін кейінгіге аманат еткен Мағжан Жұмабаев шығармаларын талдауға мұрындық болғандай.
«Мағжан өз тегін де, өз жерін де ардақтаумен өткен, өмірдегі азаматтық орнын ардақтауға ұмтылған, өлең сөзді асыл маржандай терген, сұлу жырымен оқырман жүрегін баураған, ал өзі болса, өне бойы қапаста, қайғы мен қасіретте өмір кешіп, ақырында мүлт кеткен, өзі айтатындай, соры арылмаған халқының зарлы перзенті», [2.б.135].
Сөз құдіретінің сырын ашып, өз өлеңдерінде көркемдегіш құралдарды орынды да, ұтымды пайдаланып, сөз саптау шеберлігін танытқан ақын «Әрбір ірі жазушының шеберлігінің өзгешелігі көбіне-көп оның шығармасынан көрінеді». «Көркемдік дегеніміз әрбір сөздің орынды қолданылуының ғана емес, өте қажеттілікпен, зәрулікпен қолданудың белгісі және сөз дегенің мүмкін болғанша аз жұмсалуы керек»,[1.б.65]-деген небір ғалымдардың ойын дәлелдегендей.
Мағжанның шығармаларындағы айқындауыш бейнелі сөздерге көз жүгіртсек суреткердің идеясынан туып, сөз арқылы берілген не бір ойдың көрінісін аңғарасыз. Сөздердің реңін кіргізіп, ажарлап, көркемдік жасап үйлесімге келтіруінің өзі бірнеше түрлі тәсілдер арқылы берілгендігінің куәгері боласыз. Әсіресе көркем шығармада қолданылатын көркемдегіш құралдың бірі, заттың не құбылыстың айрықша сипатын, сапасын анықтайтын бейнелі сөз– эпитетті пайдаланудағы шеберлігі оқырман көңілін еріксіз баурап әкетеді. Эпитетсіз тіпті айтарыңды анықтау, суреттеп отырған нәрсеңді нақтылау мүмкін емес екендігін төмендегі жолдар арқылы мойындатады.
Сібірдегі қаратүнек кезінде жазылған «Бостандық» атты өлеңі арқылы осынау дәуірдегі қатыгез ақиқат сырын ашына суреттеген ақын:
...Көк есігі ашылды,
Жұмақ нұры шашылды.
Келді ұшып бостандық
Ғарыш нұрлы жүзі бар,
Кәусар жібек сөзі бар,
Әдемі, алмас ақ қанат,[3.б.75]-деп көрсетіп, алайда «Жұмақтан қуылған адамзат» шамалы рахат, қызықтың өзін артық санайтындығын аңғартса. Халықтың асыға күткен таңын, бостандығын:«Ғарыш нұрлы жүзді», «Кәусар жібек сөзді», «Әдемі, алмас ақ қанат» бостандық деп бірнеше тізбектелген эпитеттер арқылы ойын нақтылай түскендігін байқатады.

1. Боранбаева Ж. Қ. Сөз зергері Мағжанның әдемі өрген өрнегі,. Астана, 2004
2. Қанарбаева Б. Жырымен жұртын оятқан,. Алматы, 1998
3. Жұмабаев М. Батыр Баян,. Астана: «Елорда», 1998
4. Қабдолов З. Сөз өнері Алматы, 1976
5. Қазақ тілі мен әдебиеті. №3, А., 1995
6. Нұрғали Р. Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры,. Астана: «Күлтегін», 2002

УДК 894.342
МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВТЫҢ КЕСТЕЛІ ӨЛЕҢ ӨРНЕГІ
А.М.Мұратбек, Ж.Қ. Боранбаева
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана
Профессор Шериаздан Елеукеновтің: Әдебиет идеясы өмірден туындайды.
Идеяны жеткізетін тіл. Ол суреткердің дүниетанымына сәйкес құйылады, саяси,
философиялық, эстетикалық тұрғысына қарай өріледі. Тілі ғана пайдалы,
басқасының мәні жоқ деуге келмейді. Әдебиеттің бір ғана таптың меншіктеуіне
көне бермейтіні көркем идеяның тек саяси көзқарастан туындамайтындығында
болса керек,[1.б.5]-деген ойы поэзия әлемінде айрықша із қалдырған өзіндік
үлкен өнер, өрнек тудырған, терең сырға, ұшқыр қиялға толы өлең дүниесін
кейінгіге аманат еткен Мағжан Жұмабаев шығармаларын талдауға мұрындық
болғандай.
Мағжан өз тегін де, өз жерін де ардақтаумен өткен, өмірдегі азаматтық
орнын ардақтауға ұмтылған, өлең сөзді асыл маржандай терген, сұлу жырымен
оқырман жүрегін баураған, ал өзі болса, өне бойы қапаста, қайғы мен
қасіретте өмір кешіп, ақырында мүлт кеткен, өзі айтатындай, соры арылмаған
халқының зарлы перзенті, [2.б.135].
Сөз құдіретінің сырын ашып, өз өлеңдерінде көркемдегіш құралдарды
орынды да, ұтымды пайдаланып, сөз саптау шеберлігін танытқан ақын Әрбір
ірі жазушының шеберлігінің өзгешелігі көбіне-көп оның шығармасынан
көрінеді. Көркемдік дегеніміз әрбір сөздің орынды қолданылуының ғана
емес, өте қажеттілікпен, зәрулікпен қолданудың белгісі және сөз дегенің
мүмкін болғанша аз жұмсалуы керек,[1.б.65]-деген небір ғалымдардың ойын
дәлелдегендей.
Мағжанның шығармаларындағы айқындауыш бейнелі сөздерге көз жүгіртсек
суреткердің идеясынан туып, сөз арқылы берілген не бір ойдың көрінісін
аңғарасыз. Сөздердің реңін кіргізіп, ажарлап, көркемдік жасап үйлесімге
келтіруінің өзі бірнеше түрлі тәсілдер арқылы берілгендігінің куәгері
боласыз. Әсіресе көркем шығармада қолданылатын көркемдегіш құралдың бірі,
заттың не құбылыстың айрықша сипатын, сапасын анықтайтын бейнелі сөз–
эпитетті пайдаланудағы шеберлігі оқырман көңілін еріксіз баурап әкетеді.
Эпитетсіз тіпті айтарыңды анықтау, суреттеп отырған нәрсеңді нақтылау
мүмкін емес екендігін төмендегі жолдар арқылы мойындатады.
Сібірдегі қаратүнек кезінде жазылған Бостандық атты өлеңі арқылы
осынау дәуірдегі қатыгез ақиқат сырын ашына суреттеген ақын:
...Көк есігі ашылды,
Жұмақ нұры шашылды.
Келді ұшып бостандық
Ғарыш нұрлы жүзі бар,
Кәусар жібек сөзі бар,
Әдемі, алмас ақ қанат,[3.б.75]-деп көрсетіп, алайда Жұмақтан
қуылған адамзат шамалы рахат, қызықтың өзін артық санайтындығын аңғартса.
Халықтың асыға күткен таңын, бостандығын:Ғарыш нұрлы жүзді, Кәусар жібек
сөзді, Әдемі, алмас ақ қанат бостандық деп бірнеше тізбектелген
эпитеттер арқылы ойын нақтылай түскендігін байқатады.
Ал, енді бірде:
Қыбырлаған қоңыздар,
Қорсылдаған доңыздар
Көктен келген қонаққа
Тілін, қолын тигізді.
Сасық сайтан дегізді
Жауыздық тағы өрледі
Ізгі елшісі жұмақтың
Қасиетті қонақтың
Ақ қанаты кірледі,[3.б.76]-деген ақын жер бетіндегі күйкі,
арамза пенделерді қыбырлаған қоңыздар мен қорсылдаған доңыздарға балап,
олардың өңбейтін жаман пиғылды іс- әрекетіне жұмақтың ізгі елшісі -
бостандық кінәлі ме?-деген сауалдарды қоя отырып, азаттық ұғымы терең
аллегориялық әрі философиялық мағынаға көшеді. Оқырман назарын бостандық
жұмақтың өзі емес, ізгі де болса елшісі ғана екеніне аудартады. Екі
аяқтылардың арасындағы имансыздардан қорлық сөз естіп, ақ қанаты
кірлеген, ізгі періште - бостандық қайта ұшуға даяр тұрғандығын ашып
көрсетеді.
Елім деп еңіреп, әділеттік жолда жалынды жырын жалау еткені үшін
тарихтың ақтаңдақ бетінен орын алған сөз шеберінің өрелі ойының терең
иірімдерінен тамаша суретті сөздер өріледі. Түркістан, Ескі Түркістан,
Орал, Көкшетау атты өлеңдері арқылы сүйікті оқырмандарын елін, жерін
сүюге баулиды. Туған ұлтын, халқын сүюі түбі бір туысқан жұртты туысқан
тартумен сабақтас құбылыс болғанын Тұранның бір бауырында, Қырғыз,
қазаққа, Еділде, Алатау атты жырларынан аңғартады.
Оның ақ нөсердей төгілген жыр жолдарында өзіндік өмір өлшемдері,
түйінді, тұғырлы таным дүниесі кестелі өрнекпен нақтыланып, даралық сипатқа
ие болып тұрады.
Көкшетау өлеңінде:
Аспанменен тірескен
Тәңіріменен тілдескен
Көкшетауым біп-биік
Қою қара көк бұлт
Жайнап, ойнап, құлпырып
Көкшетауды тұр сүйіп,[3.б.159]-делінген жолдардың бүлікке
шақырған, ел бірлігіне қас көңіл емес, шығыс, қазақ тарихына тән биік
белестерді еске алу, бұқараны рухани азаттыққа үндеу рухымен төркіндес
ниетінен туғандығын айтса. Аспанменен тірескен Көкшетау, Тәңіріменен
тілдескен Көкшетау, Қою қара көк бұлт деген айқындаулар өлең өрісін
кеңейтуде ерекше қызмет атқарып тұрғандығын көрсетеді. Өз мысалдарында
бұрыннан айтылып келе жатқан эпитеттерді қайталамай өзінше ізденіп, жаңаша
мазмұнда айқындаудың әр түрін жырларында шеберлікпен орынды қолданғандығын,
олар арқылы адамның көркем образын жасағандығын байқатады. Ақынның қиыннан
қиыстырып қолданып отырған айқындаулары өзі жырға қосып отырған объектіні,
өмір құбылыстарын бейнелі оймен бере білу жағынан басқа суреткерлерден
ерекшеленеді.
Әдеби тілге үстеме мағына беріп, оның көркіне көрік қосатын, сол
арқылы әдеби тілге үстеме мағына беріп, шығармашылық мазмұнын
құнарландырып, пішінін ажарландыратын көркемдеу құралдарының бірі – теңеуді
өз шығармасында талғампаздықпен пайдалана білген ақын Еділде атты
өлеңінде:
Бүктеліп жатқан бел,
Сүтке тойған марқадай
Бұйра қою қарағай,
Белге біткен шалқалай.
Су жеп қойған жұмыр тас
Түйір-түйір малтадай,
Арнада өзен қылықты
Қылмыңдаған қалқатай,[3.б.235]-деп келтіріп, халық тілінде
қалыптасқан, кейде балаларға қаратылып, кейде тойған қозыдай томпиып
отырсың ғой деп үлкен адамдарға да қаратып айтылатын Сүтке тойған
қозыдай деген теңеуді қолданудағы шеберлігін танытса, қазақтың ұлттық
тағамының бірі құрт болса, сол құрттың езілмейтін малта түрі су ағысымен
екшелген жұмырланған тасқа баланатындығын аңғартады. Табиғаттың манаурап
жатқан бейнесін суреттеу үшін қолданған марқадай теңеуі өзінің
тапқырлығының жемісі екендігін көрсетеді. Ал, өзеннің арнасынан асып,
бұлықсып ағуын, жігіт алдында әртүрлі ерке қылықтар көрсеткен қыздың
мінезіне балап, оқырманына өзеннің ағысын қыздың қылмыңдаған әрекетімен
ойша салыстыру мүмкіншілігін береді.
... Жазушы заттың не құбылыстың ерекше белгілерін атап көрсетпей
–ақ оны басқа затпен, құбылыспен салыстыру арқылы шығармасының мазмұнын
құнарландырып, пішінін ажарландыратын көркемдеу құралдардың бірі - теңеу,
[4.б.227]-дегендегі академик Зейнолла Қабдоловтың сөзін еріксіз еске
түсіреді.
"Адам тағдырын тәрбие шешеді, тәрбие құралы-сөз",[5.б.2]-деп
заманымыздың белгілі ақыны Олжас Сүлейменов айтқанындай жастарды
тәрбиелеуде сөздің құдіретті күшін пайдаланудың маңызы зор екендігін
сезінген ақын өнегелі, өрелі асыл сөздерін кейінгі ұрпаққа сыйлайды.
Егемен еліміздің ертеңгі қызметін атқарар лайықты тұлға - ол жастар
екенін ескеріп, Мен жастарға сенемін өлеңінде елдің қалыптасуына
жастардан үлкен үміт күтіп, аманат сенім артатындығын ағартады.
Арыстандай айбатты ,
Жолбарыстай қайратты
Қырандай күшті қанатты
Мен жастарға сенемін
Көздерінде от ойнар,
Сөздерінде жалын бар,
Жаннан қымбат оларға
Мен жастарға сенемін, [3.б.35]-деген Мағжан жастардың ерік-
жігерін, күш- қайратын аң патшасы арыстанға, қайратты жолбарысқа,
ақиық қыран құсқа балайды. Өзінің шығармасында қолданыс тапқан
теңеулердің сан түрлі болып келетіндегін
Алатау өлеңіндегі:
Көп жылдар желдей заулап есті ме екен,
Алатау өсті ме екен, өшті ме екен?!
Қияның қыранындай қайсар елдің
Басынан күңгірт көшті ме екен?
Шыңдары арысымен араласқан,
Тәңірі тақ қылғандай тарғыл тастан
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz