Мағжан Жұмабаевтың “Түркістан” өлеңіндегі тілдік ерекшеліктер



Мағжанға дейінгі, шамамен екі ғасырлық кезең патшалық Ресейдің Түркістан аймағын басып алу мақсатында жүргізген саясатында туған әрекетімен және Түркістан халқының оған қарсылық көрсетуімен өткен. Ғасырлар бойы кең жазира қала қанға бөгіп, ел қажып күйзеліп, халық жаны мен жүрегіне жара түскен. Ал Мағжан туған жылдары Түркістан аймағы түгелімен патшалық Ресейдің езгісінде болатын. Бірақ соған қарамастан Түркістанда қалыпты бір жүйе құрылмаған еді. Түркістан халқының патшалық Ресейдің жаулап алу саясатына қарсы жүргізген күресі енді саяси үстемдікке наразылық білдірген бітпес бас көтеруге айналды. Ал, бұл көтерілістерді патша әскерлері аяусыз басып-жаншып отырды. Мағжан Ресейдің Түркістан аймағында отаршылдық саясатын күшейту мен славян тектес көшпенділерді жаппай Түркістан территориясына қоныстандыруына қарсы Түркістан аймағының 1916 жылғы көтерілісіне де куә болды.
Түркістан өңірінің тәуелсіздігі үшін жүргізген күресі жолында халықтың қаншама қаһарман ұлының қаны төгіліп, қаншама бір туар зиялы перзенті қылқаламын найза етіп жан аямай күресті. Олардың ішінде Мағжанның алар орны ерекше. Мағжан Жұмабаев – ұзаққа созылған бодандық кезеңінде келімсек отаршылдардың халық жадынан өшіруге тырысқан рухани байлығын сақтап қалуға бүкіл ғұмыры мен әдеби күш жігерін арнаған ұлы тұлғалардың бірі. Ол жанын құрбан еткен қасиетті күрес тек оның өлімінен кейін жеңіс тапты. Келешек ұрпағына ол армандаған бақытты күндерде өмір сүру нәсіп болды. Қайсар ел перзентінің құрметке лайық өнегелі істерін мәңгі есте сақтап, ардақтау біздің қасиетті парызымыз. Мағжан өлеңдерінде әр сөз, әр сөз тіркесі, әр өлең жолы, сонымен қатар шумақтар талдауды қажет етеді. Себебі, өлеңдерінде мынадай логикалық байланысқа шығуға болады: жалпыдан жекеге, жекеден жалпыға өту. Мысалы: Түркістан – екі дүние есігі ғой, Түркістан – ер түріктің бесігі ғой.
Тамаша Түркістандай жерде туған, Түріктің Тәңір берген несібі ғой. «Түркістан – екі дүние есігі ғой» - бұл жолдағы «екі дүние» сөзі, біріншіден «дүние» сөзі полисемия, екіншіден «екі дүние» тіркесін көптеген мағынада түсінуге болады. Мүмкін ол жаңа мен ескінің арасы, мүмкін ғылым мен өнердің, мүмкін фәни мен бақилық, тіпті кешегі өмір мен бүгінгі тіршіліктің нысаны болар. «Екі дүние» сөзі метонимия, яғни мұнда ол қандай дүние екенін жасырын күйде, тек үлкен ой сала отырып берген. Ал «есік» сөзі осы сөз тіркесіне жалғана метофора болады. «Түркістан – ер түріктің бесігі ғой» деген өлең жолындағы «түрік» сөзінің этималогиясына тоқталсақ ол «ер жүрек, батыл» деген мағына береді. Бүгінде «түрік» атауы жалпылама мағынада қолданылады. Ал «бесік» сөзі кіндік қаны тамған, туған жер деген мағына үстейді. «Түркістан – екі дүние есігі ғой, Түркістан – ер түріктің бесігі ғой» деген жолдардан параллелизм әдісін көруге болады. Дәлел: біріншіден «екі дүние» сөзінде –(нің) жұрнағы жасырын, екіншіден «есік» сөзі ұлттық санамызда қалыптасқан бірнеше мағына береді. Айталық, өмірге келгенде ме, әлде үйге кіргенде ме алғаш ашылатын есік. Сол сияқты, бесік те нәрестенің дүниеге келгендегі ең алғашқы орны болып табылады. Сонымен қатар, Түркістанға назар аударту үшін, өлеңге бірден ену үшін «түрік» сөзін қайталау амалын қолданады. Бұл шумақта «т» әрппінен құралған аллитерация құбылысы кездеседі. «Тамаша Түркістандай жерде туған түріктің Тәңір берген несібі ғой» деп қара сөзбен айтсақ дұрыс болады. Мұндағы «тамаша» сөзі эпитет. Ал соңғы тармақ шумақты қорытындылайды. Мағжан бұдан кейінгі шумақтарда қысқа, бірақ нақты тарихи мәліметтер бере кетеді.
1. Ахметов З. Шаңбаев Т. Әдебиеттану терминдер сөздігі.” Ана тілі”. А., 1998
2. Асқаров Е.Батыр Баян. “Елорда”. Астана. 1999
3. Будак . Ф. Алтайдағы жүрегім. “Байут”. Анкара. 2003
4. Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. “Мектеп” А., 1974
5. Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. “Мектеп”. А., 1969
6. Қабдолов З. Әдебиет теориясының негіздері. А., 1970
7. Қазақ совет энциклопедиясы. І том, А., 1972
8. Қазақ совет энциклопедиясы. VIIІ том, А.,1976
9. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. «Ғылым». А., 1978
10. Қашқари М. Түрік сөздігі. I том, “Хант”. А., 1997
11. Түркістан халықаралық энциклопедиясы. А., 2000

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ӘОЖ 894.342

МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВТЫҢ “ТҮРКІСТАН” ӨЛЕҢІНДЕГІ ТІЛДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕР

Ф. Уәлиева, Ж.Қ. Боранбаева

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана

Мағжанға дейінгі, шамамен екі ғасырлық кезең патшалық Ресейдің
Түркістан аймағын басып алу мақсатында жүргізген саясатында туған
әрекетімен және Түркістан халқының оған қарсылық көрсетуімен өткен.
Ғасырлар бойы кең жазира қала қанға бөгіп, ел қажып күйзеліп, халық жаны
мен жүрегіне жара түскен. Ал Мағжан туған жылдары Түркістан аймағы
түгелімен патшалық Ресейдің езгісінде болатын. Бірақ соған қарамастан
Түркістанда қалыпты бір жүйе құрылмаған еді. Түркістан халқының патшалық
Ресейдің жаулап алу саясатына қарсы жүргізген күресі енді саяси үстемдікке
наразылық білдірген бітпес бас көтеруге айналды. Ал, бұл көтерілістерді
патша әскерлері аяусыз басып-жаншып отырды. Мағжан Ресейдің Түркістан
аймағында отаршылдық саясатын күшейту мен славян тектес көшпенділерді
жаппай Түркістан территориясына қоныстандыруына қарсы Түркістан аймағының
1916 жылғы көтерілісіне де куә болды.
Түркістан өңірінің тәуелсіздігі үшін жүргізген күресі жолында халықтың
қаншама қаһарман ұлының қаны төгіліп, қаншама бір туар зиялы перзенті
қылқаламын найза етіп жан аямай күресті. Олардың ішінде Мағжанның алар орны
ерекше. Мағжан Жұмабаев – ұзаққа созылған бодандық кезеңінде келімсек
отаршылдардың халық жадынан өшіруге тырысқан рухани байлығын сақтап қалуға
бүкіл ғұмыры мен әдеби күш жігерін арнаған ұлы тұлғалардың бірі. Ол жанын
құрбан еткен қасиетті күрес тек оның өлімінен кейін жеңіс тапты. Келешек
ұрпағына ол армандаған бақытты күндерде өмір сүру нәсіп болды. Қайсар ел
перзентінің құрметке лайық өнегелі істерін мәңгі есте сақтап, ардақтау
біздің қасиетті парызымыз. Мағжан өлеңдерінде әр сөз, әр сөз тіркесі, әр
өлең жолы, сонымен қатар шумақтар талдауды қажет етеді. Себебі, өлеңдерінде
мынадай логикалық байланысқа шығуға болады: жалпыдан жекеге, жекеден
жалпыға өту. Мысалы: Түркістан – екі дүние есігі ғой, Түркістан – ер
түріктің бесігі ғой.
Тамаша Түркістандай жерде туған, Түріктің Тәңір берген несібі ғой.
Түркістан – екі дүние есігі ғой - бұл жолдағы екі дүние сөзі,
біріншіден дүние сөзі полисемия, екіншіден екі дүние тіркесін көптеген
мағынада түсінуге болады. Мүмкін ол жаңа мен ескінің арасы, мүмкін ғылым
мен өнердің, мүмкін фәни мен бақилық, тіпті кешегі өмір мен бүгінгі
тіршіліктің нысаны болар. Екі дүние сөзі метонимия, яғни мұнда ол қандай
дүние екенін жасырын күйде, тек үлкен ой сала отырып берген. Ал есік сөзі
осы сөз тіркесіне жалғана метофора болады. Түркістан – ер түріктің бесігі
ғой деген өлең жолындағы түрік сөзінің этималогиясына тоқталсақ ол ер
жүрек, батыл деген мағына береді. Бүгінде түрік атауы жалпылама мағынада
қолданылады. Ал бесік сөзі кіндік қаны тамған, туған жер деген мағына
үстейді. Түркістан – екі дүние есігі ғой, Түркістан – ер түріктің бесігі
ғой деген жолдардан параллелизм әдісін көруге болады. Дәлел: біріншіден
екі дүние сөзінде –(нің) жұрнағы жасырын, екіншіден есік сөзі ұлттық
санамызда қалыптасқан бірнеше мағына береді. Айталық, өмірге келгенде ме,
әлде үйге кіргенде ме алғаш ашылатын есік. Сол сияқты, бесік те нәрестенің
дүниеге келгендегі ең алғашқы орны болып табылады. Сонымен қатар,
Түркістанға назар аударту үшін, өлеңге бірден ену үшін түрік сөзін
қайталау амалын қолданады. Бұл шумақта т әрппінен құралған аллитерация
құбылысы кездеседі. Тамаша Түркістандай жерде туған түріктің Тәңір берген
несібі ғой деп қара сөзбен айтсақ дұрыс болады. Мұндағы тамаша сөзі
эпитет. Ал соңғы тармақ шумақты қорытындылайды. Мағжан бұдан кейінгі
шумақтарда қысқа, бірақ нақты тарихи мәліметтер бере кетеді.
Мысалы: Ертеде Түркістанды Тұран дескен, Тұранда ер түрігім туып
өскен. Тұранның тарихы бар толқыламалы, Басынан көп тамаша күндер кешкен.
Бірінші тармақта Ертеде Түркістанды Тұран деген деп айтса да болады,
бірақ онда ақын ортақ мәнді беретін жұрнақты қоса отырып, халқын саналы
түрде түгелдейді, тарихын – толқымалы, күндерін – тамаша деген шынайы
эпитеттермен әсерлейді.
Тұранның тарихи бар отты желдей, Заулаған қалың өрттей аспанға өрлей.
Тұранның жері мен суы да жат, Теңіздей терең ауыр ой бергендей, -
дегендегі от сөзі, Мағжанның өлеңдеріндегі бір ерекшелік десек те болады,
зор символға ие. Бұны тағы ақынның мынадай өлең жолдарынан көруге болады:
Ерте күнде отты Күннен Гүн туған, Отты Гүннен от боп ойнап мен туғам, От
дегенің аспан ғой, Аспан жерді басқан ғой, немесе Отқа табын, Тәңір от,
Оттан басқа Тәңір жоқ. Сондай-ақ жел сөзі де Жел еш нәрсеге тең емес, Тау
да жолын бөгемес, Жерде желмін гулеген сияқты өлең жолдары туындыларында
көптеп кездеседі. Тарихымызды осы аталған символдарды қоса атап, заулаған
қалың өрттей аспанға өрлеген отты желге теңейді. Тұранның жері мен суы да
жат деген тармақта жат сөзі бөтен, басқа, бөгде деген мағынада емес.
Мағжанның қолданысында ол тамаша, керемет дегенді білдіреді [1, 216].
Ақынның теңіздей терең, теңіздей ауырға теңеген ойы – Тұранның тарихы, жері
мен суы. Мұнда Мағжан теңеуді пайдаланады. Бұл шығарманы түгел дерлік оқып
шықсақ, оның бір асып толқыған көңіл-күймен жырлаған отанға, жерге, елге,
тарихқа деген сүйіспеншілігін, зор құрметін анық байқаймыз. Ал, енді осы
жолдан ақын осының бәрін ойлай отырып, ойы сол кездегі Тұранның басынан
өтіп жатқан қиын-қыстау кезеңі, жері мен суының отарлануы жанына батады.
Жерге, суға деген қимастық сезімі сезіле, өлеңін ары қарай өлең жолдарымен
өреді.
Тұранның шегі-шексіз шөлі қандай, Теңіздей кемері жоқ көлі
қандай!Тұранның дария аталған өзендері, Тасыса шөлді басқан селі қандай!
Тұранның таулары бар аспанға асқан, Мәңгіге басын аппақ шаштар басқан.
Бауырында ерке бұлақ салады ойнақ, Жарылып таудан аққан салқан жастан. Енді
осы жерден бір қайыра талдап, аша кетсек...Төртінші шумақ түгелімен көз
алдымызға, айталық, шексіз шөл, кемері жоқ көл, өзеннің селі, махаббат пен
мақтанышқа толы сезіммен суреттеледі. Интонация – дауыс толқыны сөйлегенде
сөз мағынасын әсерлі жеткізу үшін дауыстың құбылып, жоғарылап, төмендеп
өзгеріп отыруы, сөздің мәнерімен, әр түрлі сезіммен айтылуы [2,170]. Бұл
шумақта ажар беріп, оның мағынасын толықтырып тұрған тәсіл – интонация.
Сонымен қатар, шөлі қандай, көлі қандай деген сөз тіркесіне аяқталған
жолдарда параллелизм үлгісі, яғни шумақ басындағы дыбыстың бірыңғай
қайталануы кездеседі. Алдыңғы құбылыстан соңғы құбылысты асыра асқақтата
градация тәсілін қолданған. Бесінші шумақта сол суретті жалғастырып,
аспаннан асқан тауларын, оның басын мәңгіге жапқан қарды аппақ шашқа
ауыстыру (метафора) арқылы тамаша үлгіде суреттейді. Келесі жолдары сондай
әдемі. Ол жердегі ерке бұлақ – айқындау (эпитет), таудан аққан салқын жас
сияқты сөз тіркесі бұлақтың бастау алар көзі. Бұл жолдардан жай ғана
бұлақты балаша ойнатып, бастауды тірі жандай жылатып, жандандырып адам
қылығымен ауыстыра суреттеген. Шығармада жансыз табиғат құбылысы кәдімгі
тірі кісінің қылығымен ауыстырыла суреттеледі. Құбылтудың мұндай түрі –
кейіптеу деп аталады [3,234]. Мағжан Жұмабаев кейіптеу тәсілінің керемет
үлгісін көрсеткен.
Шөлдер бар, желде жүрмес сап-сары құм, Моладай ешбір үн жоқ, мәңгі тып-
тың. Болмақ па жан-жануар шексіз шөлде, Сары құмда салар ойнақ пері мен
жын. Шексіз шөлдегі сап-сары құм деген сөз тіркесі қарапайым эпитет тәсілі
арқылы жасалған. Мәңгі тыныштық орнаған шөлде тірі жан жоқ деп оны молаға
теңейді. Ақын енді Тұран өлкесіндегі суаттарға тоқталып, оның кешегісін де
айта отырады. Тұранның теңіз дерлік көлдері бар, Шалқыған шегі шетсіз теңіз
Арал. Бір шетте қасиетті Ыстықкөлдің, Бауырыңда дүние көрген түрік көкжал.
Ертеде Оқыс, Яқсарт-Жейхун, Сейхун, Түріктер бұл екеуін дария дейтін. Киелі
сол екі су жағасында, Табасың қасиетті бабаң бейтін. Бұл шумақтарда
көлдерін теңізге (дерлік шылауын қолдана) теңей отырып, Аралды шалқытып,
Ыстықкөлдің қасиетін асырып айқындайды. Дәл осы көлде Бауырында дүние
көрген түрік көкжал дейді. Түркі халықтарында, соның ішінде қазақ
жұртшылығында бөрі тотем ретінде танылған. Ол тарихтың терең қатпарларында
қалыптасқан мифтік аңыздар мен балбал тастардың қайнауында. Сүйінбай ақын
жырлаған Бөрі басы ұраным, Бөрілі менің байрағым деп толғаған. Оқыс,
Жейхун – Амудария, Яқсарт, Сейхун – Сырдария өзендерінің атаулары. Оқыс,
Яқсарты – латындар қойса, Жейхун, Сейхун арабтар берген атау [4.355],
[5.492.] Табасың қасиетті бабаң бейтін деген жолда ақын бүкіл өлең
құрылысында айтпаған бабаң бейті ол қандай бейіт? Әрине, қасиетті Қожа
Ахмет Яссауи бабамыздың кесенесі.
Тұранның Тянь Шаньдай тауы қалдай, Пар келмес Тянь-Шаньға таулар
талай!
Еріксіз ер түрікті ойға аларсың, Көкке асқан Хантәңіріге қарай-
қарай.
Балқашты бауырына алған Тарбағатай, Жоталы жер кіндігі – Памир, Алай.

Қазығұрт қасиеті тау болмаса, Топанда Нұқ кемесі тоқтар қалай? –
деген шумақтарда Мағжан тауарларды атап көрсетеді. Ер түрікті Тянь Шаньдай
алып таудың, ең әдемі, ең биік, ақ мәрмәрдан шыңы жылтырайтын Хантәңіріне
салыстыра теңейді және шешендестіріп отыр. Балқаш бойлап орналасқан
Тарбағатайды да ұмытпайды. Келесі жолда І. Жансүгіров: Гималай көктің
кіндігі десе, М.Жұмабаев: Памир, Алай – жер кіндігі дейді және жоталы
жердің кіндігі екенін көрсетеді. Одан кейін Қазығұрттың жайын жырлайды. Осы
жерге дейін Мағжан көз алдымызға Тұран өлкесінде бейне бір географиялық
картасының суретін жырмен салды. Дәл осы жерден байқап қарасақ, ақын
алшақтығын сездірмей жағрафиядан тарихқа көшеді де халықтың жадында
жатталып қалған аңыз өлең жолдарын еске түсіреді: Басында Қазығұрттың кеме
қалған. Ол Әулие болмаса неге қалған? Жетім бота түбінде жатып алып, Ойсыл
қара жануар содан қалған [6.40]. Шумақтың басында дыбыстың қиысуы
байқалады: Балқашты бауырына, жоталы жер, Қазығұрт қасиетті
Тұранның жері де жат, елі де жат, Құйындай бастан кешкен күні де жат.
Тұранды түгелімен билеп тұрған, Ертеде ертегі хан Афрасияб.
Жоғарыда атап көрсеткендей жат сөзі бұл тамаша, керемет деген
мағанада екендігін бірінші жолда көрсетсе, енді екінші жолда олай емес
жат сөзінің тағы бір мағынасы жадылап алу, сиқырлау дегенді білдіреді
[7.500]. Басынан кешіп жатқан күнін құйынға теңейді. Яғни патшалық Ресейдің
саясаты, отарлауы, қазақ халқының басына түсірген ауыртпалығы құйындай
ұйытқып басынан кетпей тұрғанын меңзейді ақын.
Афрасияб – аңызға айналған тарихи адам, әдеби образ. Ол – ежелгі түркі
тайпаларының ел ағасы, Иран патшаларымен жауласумен даңқы шыққан көсем деп
Фирдаусидің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мағжан Жұмабаевтың кестелі өлең өрнегі
М. жұмабаевтың шығармашылығының жалпы қазақ әдебиетінде алатын орны
Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығы, Түркістан өлеңі
Мағжан Жұмабаев еңбектері
Мағжан Жұмабаев шығармашылығын мектепте оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері
МАҒЖАН ӨЛЕҢДЕРІНІҢ ТҮР ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
СОЛТҮСТІК ӨҢІРІНІҢ АҚЫН-ЖЫРАУЛАР ӨЛЕҢДЕРІНІҢ ТІЛДІК- КӨРКЕМДІК ҚЫРЛАРЫ
М. Жұмабаев
Шығарма тілін лингвистикалық талдаудың сипаты
Мағжан Жұмабаевтың еңбектері
Пәндер